намыс яки соғыс толғауы. Діндар дәуірдің жырларында
кәпірлермен соғысқанда әскерге қайрат беру үшін намысын
қоздырып, қанын қыздыруға айтылған намыс толғауда да дін
әсері төмендегі сөздерден көрінеді.
Жүсіп, Ақмет жырында Ғашырбек қырық жігітке қайрау сөз
айтқанда, былай толғайды:
Ойран етіп тау-тасты,
Қанға бояп көз жасты,
Шүлдірлетіп қызыл басты,
Сайлап шаншар күндер бүгін.
Асыл алмас пышақтары,
Тығырадан шашақтары,
Ақыметжанның қожақтары
Жаннан кешер күндер бүгін.
Ғашырбектің сол озары,
Құрылсын мақшардың базары.
Бек Жүсіптің қошқарлары
Қаннан кешер күндер бүгін.
Ат құлағын теңестіріп,
Бір-біріңе кеңестіріп,
Кәпірлерді қойша қырып,
Майдан кешер күндер бүгін.
Марқайыс толғауы. Діндар дәуірдің марқайыс толғауында
да дін әсері болғанын мына сөздерден байқауға болады.
Байтұрсын, Ақтас деген жақын ағалары 15 жыл каторгі-
де болып, қайтып келіп тұрған қуанышының үстінде айтқан
Қарпық ақынның марқайыс толғауында мынадай сөздер бар:
Кәпірге қылыш сілтеп қарысқаным!
Дүниеде теңін тауып жарысқаным!
Тәніңнен, дұшпан көрсең, түгің шыққан,
Лайық заманыңа арыстаным!
320
Нашарды сырт дұшпаннан арашалап,
Қам ойлап, қарашыға болысқаным!
Үлгімен әр орында тұра берген
Ақылға Аплатондай данышпаным!
Достардан қасірет отын қалас ойлап,
Қайырлы сағатында қауышқаным.
Шұбалаң, Қарақоға, Жыланшықпен
Дені сау түсінікті болыстарың.
Бұл күнде сіздер үшін дұғада тұр
Атқарып жолдас болған орыстарың
6
.
...............................................................
Діндарлықтың әсері жоқтауларда да бар. Бұрынғы жоқтау-
ларда өлген адамның батырлығы, байлығы, істеген ерлігі,
мырзалығы айтылып жоқталғанда, діндар дәуір турасындағы
жоқтаулар дін жайын жақсы білетінін айтып жоқтайды.
М ы с а л ы:
Бисмилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған
Дүние деген осы ма?
Көңілден қайғы босатсам,
Келе ме көздің жасына?
Жыламай неғып шыдайсың
Кешегі өткен асылға?
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым
Адастырды жолымнан.
Отыз төртке келгенде
Ұядан үшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын!
Мезгілсіз келді кезегім
Қызығыңа қанбадым,
Кәлам шәріп хат оқып,
Ислам жолын аңдадың,
Жан тәсілім болғанша
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп, ойладың
Құданың назар салғанын.
6
Кәпірге жолдас болды деп тиген сөзі (А.Байтұрсынұлы түсініктемесі).
321
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен.
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артыңда қалған біз нашар
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шамшырақ
Орнына қайтып жанар ма?
Дүние-дәулет болса да,
Енді дәурен болар ма?
9. терме. Діндар дәуір термесі мен ауыз әдебиет түрінің
термесі бірдей. Жалғыз-ақ діндар дәуір дін сөзін көбірек
қатыстырумен айрылады. Мысал үшін діндар әдебиет термесі-
нен алып қарайық.
Шортанбай термелері:
Атамыз Адам Пайғамбар
Топырақтан жаралды.
Мұсылман, кәпір халайық
Сол Адамнан таралды.
Мұсылманға бұйырған
Көкірегіне қадалды.
Ұрлық пенен қарлықтан
Бойыңды тартып, тек жүрсең,
Көрмессің деген залалды.
Белгілі деген бейістің
Жазғы салқын самал-ды.
Тарихы деген тамұқтың
Қысқы суық амал-ды.
Ауыл малы бұралқы
Ақылы жоқ жаманға.
Атасын алдар баласы
Үшбу ақыр заманда.
Жақсылықтан айырым жоқ
Жамандық асқан заманда.
Малынан зекет бермеген,
Аузына Құдай кірмеген
Қайыры жоқ сараң да.
322
Алақандай ай мен күн
Ғаламның ортақ жарығы.
Жаппардың екі болмайды
Әмір қылған жарлығы.
Құбылаға бас қоймақ
Мұсылманның парызы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы.
Жапалық пен жалғыздық
Жалғанның жаман тарлығы.
Түшіркенген ұйқы жоқ,
Қайғының асқан зарлығы.
............................................
2) Әбубәкір термелері:
Ауру болып азамат,
Қойылса, басың жастыққа.
Достарменен сөйлесіп,
Жарамайсың достыққа.
Көңілің жүрмес хоштыққа,
Өзіңнен бақыт кеткен күн
Айналар достық қастыққа.
Не қылмайды адамзат
Әурешілік жастықта.
Дүние қуған мастыққа.
Әбдірахман, Әбуиет,
Адасып, жолдан астық па?
Шүкірлік қылмай тастық па?!
Ғибадат бізден болса да,
Тауфық сізден білемін.
Рақметті патшамсың,
Кешіре гөр, күнәйім!
Өзің пендем демесең,
Пайдаға аспас құр уайым.
Тауфық берсең, нұрланар
Ықылас пенен дін уайым.
Зор сүйініш етемін
Мұсылман болып туғанға.
Ләпбайка деп рухым,
Хаққа мойынсұнғанға.
Шүкір қылғын, жарандар,
323
Жақсы мал шалып құрбанға.
Дәрет алып, намаз қыл,
Суды құйып құманға.
Зекет беріп, қажыға бар,
Айналмаңыз құр малға.
Дүниеге айналып,
Тәңірі берген дәулеттен
Мақшар күні құр қалма!
Көңілге иман бекітіп,
Үйретіңіз туғанға.
Ісләмнің бес парызы
Жанған оттан құтқарар
Хақ таразы құрғанда.
Шапағат қылар бес намаз
Әзірейіл жетісіп,
Жаныңды қабыр қылғанда.
Бұл дүниенің қызығы
Ұқсайды, білсең, жарандар,
Көзіңді ашып жұмғанға.
..................................................
(Діндар дәуір әдебиет нұсқаларын нұсқалықтың
131, 165-інші нөмірлерінен қара).
сынДАр ДәУір
Сындар дәуір деп – қазақ әдебиетінің сынды болған яғни сын
арқылы шығып, әдеміленген мағыналы сөз: бір мағынасы сыны
бар деген сөз болады да, екінші мағынасы мінсіз, толғаулы, си-
патты деген болады.
Бұл сөздің екі мағынасының екеуі де қазақ әдебиетінің соңғы
кездегі жаңа дәуірін дұрыс сипаттайды. Сын тез құрылмай,
әдебиет сөзі сындар болып (мінсіз болып) шыға алмайды.
Қазақтың ауыз әдебиетін алсақ та, діндар дәуіріндегі әдебиетін
алсақ та, қандай жақсы болғанмен, мінсіз сұлу болмайды. Бір
жерінде сұлулығы қандай зор болса, екінші жерінде міні де
сондай үлкен болады. Ақындығы қандай күшті болғанмен,
айтылған екі дәуірдің ақындарының сөздерінде әдемілігінің
жанында ат сүрінгендей міні тұрады. Олай болатынының түп
себебі қазақтың ол кездегі ақындары асыл сөз немен асыл бо-
латынын ақындық сезімімен сезсе де, анық біліп жетпеген.
324
Сондықтан сөзін мінсіз етіп шығара алмаған, тыңдаушысының
да асыл сөз турасындағы білімі ақындардыкіндей болып, олар
да ақын созін тексеріп, сынға сала алмаған. Асыл тас, асыл
темір, асыл бұйым несімен асыл болатынын білмеген адам
тастың, темірдің, бұйымның жақсысын тауып алуды білмейді.
Сындар дәуірге дейін қазақ ақындары да, ақын сөзін тыңдайтын
әлеуметі де сөз несімен асыл болатынын білмегендіктен, сөз
бағасын көтере алмай, нарқын кеміткен.
Адамға өз бойындағы үйреншікті міні мін болып көрінбей,
өз үйіндегі кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді. Жұртқа
да солай: салтындағы, қалпындағы, ғұрыптағы жаман әдет
жамандық болып көрінбейді. Бойдағы мін бойында міні жоқ,
біреуді көргенде байқалады, үйдегі кемшілік кемшілігі жоқ
үйді көргеннен кейін көзге түседі. Жұрттағы жаман әдет басқа
жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді.
Сондай-ақ, қазақ ақындарының өздерінің де, сөздерінің де
міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз Европа жұрты-
ның сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып, көзге түскен.
Сонан кейін ғана Европа әдебиетінен тұқым алып, қазақ
әдебиетінің сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзеушілер шыға
бастаған. Қазақ әдебиетінің асылдануына әсіресе әсері күшті
болған Абай сөздері. Абаймен қатар басқалар да шыққанмен,
олар асыл сөздін жаңа сипатын Абайдай айқын көзге түсерлік
етіп көрсете алғанжоқ. Сондықтан қазақ әдебиетінің сындар
дәуірі Абай сөздерінен басталады.
Жоғарыда айтылған «сын арқылы шығып, әдеміленген»
деген сөзді шығарған сөз біреудің сынына салынып, со-
нан кейін шыққан сөздер деп ұқпасқа керек. «Сын арқылы
шығып» дегеніміз – шығарушы өзі жазушы, өзі сыншы болған
уақытта шыққан деген мағынадағы сөз. Европа әдебиетімен
танысқаннан кейін қазақ ақындары сөздің асыл болатын сырын
біле бастайды. Сөздің ондай сырын білу – сын білу болады.
Атсейіс аттың жүйрік болатын сырларын білгеннен кейін сын-
дарын біліп сынайтын болады. Сондай-ақ, сөздің асыл бола-
тын сырын білген адам сөзді сынай біледі. Сынай білетін адам
жаза да білетін ақын болса, оның ақындық жағынан шығатын
сөзі сеністік (сыншылық) жағының сынына түсіп, сын арқылы
шығып отырады.
325
Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты, асыл сөзде де бел-
гілі сипаттар болады. Сөз сол сипаттарын дұрыс көрсетумен
асыл болып шығады. Мұнан асыл сөзді білетін адамның бәрі де
сөз шығаратын ақын болады деп ойламасқа керек.
Асыл сөздің сипаттарын білумен адам ақын болмайды, бірақ
ақын адам сөздің асыл болатын сипаттарын білсе, сөзін таза,
мінсіз шығарады. Асыл сөздің сипаттарын білу тыңдаушыға да
қажет. Абайдан кейін сөзге талғау кіреді. Айтушы да, тыңдаушы
да сөзді талғайтын боды, олай болғаны – Абай асыл сөздің
айқындап нұсқаларын көрсеткеннің үстіне, аз да болса асыл сөз
сипаттарын айтып та жұртты хабардар қылды. Абайдың «Өлең
– сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңінде жақсы өлеңнің
сипаттары да, қазақ ақындары мен тыңдаушылардың жоғарыда
айтылған асыл сөзді танымайтын надандықтары да айтылып, аз
да болса мағлұмат берілген (Абайдың сол өлеңін оқу), сүйтіп,
асыл сөздің сипаттарын білу жалғыз ақындарға емес, әр адамға
керек. Жақсы сөздің сипаттарын білген адам сынай білмекші,
сынай білуден сөз талғауы күшеймекші. Солай болған соң,
асыл сөздің басты-басты сипаттарын білу сөйлеу жүйесінің ең
керек бөлімінің бірі болады.
Қазақтың жазу әдебиеті басқалардікі сияқты айтылуынша
бөлінеді деген едік, бірақ ол салалардың қандай тарау, тармақ
иә бұтақтарға бөлінетінін айтқанымыз жоқ еді.
Енді сол айтылған үш салаға қоятын тарау, тармақ, бұтақтар
сияқты, сөздердің түрлерін көрсетіп, әрқайсысын керек орнын-
да белгілі сипаттарымен әліптеп өтейік.
Ескерту: қазақтың сындар әдебиеті Европа үлгісімен келе
жатыр және сол бетімен баратындығы да байқалады. Евро-
па әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ.
Бірақ қазір болмағанмен, ілгеріде болуға ықтимал. Сондықтан
сындар дәуірдегі сөз түрлерін жүйелеп тәртіптегенде, Европа
әдебиетінің бізге келіп жетпеген түрлерін де өзіне тиісті орын-
дарында атап отеміз. Солай еткенде дарынды сөз табына жата-
тын сөздің түрлері мынау болмақ.
і. әуезе яки әңгіме түрлі сөздер:
1) Ертегі жыр, 2) тарихи жыр, 3) әуезе жыр, 4) ұлы әңгіме
(роман), 5) ұзақ сөз, 6) аңыз өлең және әңгіме, 7) көңілді сөз,
8) мысал, 9) ұсақ әңгімелер.
326
іі. толғау табына қарайтын сөздер:
Толғау түрлері де толып жатыр, оның ішіндегі негізгі түрлері
мыналар:
1) Сап толғау, 2) марқайыс, 3) налыс (мұңайыс), 4) на-
мыстаныс, 5) сұқтаныс, 6) ойламалдау.
Ойламалдау түрі көп, ойламалдаудан бөлініп: 1) сөгіс
толғауы яки даттау, 2) күліс толғауы яки күлкілеу, 3) масқаралау
шығады.
Күлкілеудің өзі үш түрге бөлінеді: а) мазақ, ә) мысқыл,
б) қулық.
Қулық та екі түрлі: бірі – сықақ, екіншісі – әзіл.
ііі. Айтыс-тартыс табына қарайтын сөздер:
Айтыс-тартыс табына кіретін сөздер түрі де толып жатыр.
Оның ішінде негізгі басты түрлері мыналар:
1) Айтыс сөз, 2) тартыс сөз.
Тартыстың өзі басты-басты үш тарау болып бөлінеді:
1) мерт яки әлектекті тартыс (трагедия), 2) сергелдең яки азап-
ты тартыс (драма), 3) арамтер яки әурешілік (комедия).
Тартыс күйге ән-күй қосылса, тартыс зауықты деп атала-
ды. Тартыс сөз қу тілді болса, қулықты деп аталады; қисыны
қызық болса, күлдіргі тартыс болады; сиқыр мазмұнды тартыс
сиқырлы деп аталады.
Қазақ әдебиетінде бұл түрлердің кейі бар, кейі жоқ. Кейі
жеттікпеген, шалалау, балалау түрде. Бар түрлері төменде
қазақ әдебиетінің жаңа дәуірінен басталып, тиісті сипаттары-
мен көрсетілмекші.
і. әуезе түрлері
1. ертегі жыр. Ертегі жыр деп өлеңмен айтылған ертегі
айтылады. Сындар дәуірдің ертегісі бұрынғының ертегісінен
сындарлығымен айрылады. Ақындар ескі ертегіні ажарлап,
ертегі жыр етіп шығарады яки өз тақырыбымен, өз қиялынан
шығарады. Жаңа дәуірдің ертегі жырлары Мағжан жазған
Сыздық батыр турасындағы ертек, Пушкиннен аударылған
«Балықшы мен балық», «Алтын әтеш» сияқты ертегілері бо-
лады.
327
2. Ұлы әңгіме яки роман. Ұлы әңгіме яки роман деп тұрмыс
сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп
көрсететін шығармаларды айтамыз.
Ұлы әңгіме шығарушылар (романшылар) роман жазғанда,
тақырыпты не өз заманындағы тұрмыс сарынынан алады,
не өткен замандағы тұрмыс сарынынан алып жазады неме-
се алдағы заманның сарынын болжап жазады. Роман алған
замандағы тұрмыс сарынын көрсеткенде, сондағы адамдардың
үлкені-кішісі бар, жақсы-жаманы бар, байы-кедейі, төресі-
қарасы бар, жасы-кәрісі бар не істейді, не іздейді, не тілейді,
неге сүйініп, неге күйінеді, неден именеді, неден күйзеледі, нені
жақтырады, неден жиренеді, неге құмар, неге сұлық қысқасы,
иә бүтін бір жұрттың яки жұрттың бүтін бір табының сыр-си-
патын сөзбен суреттеп, алдыңнан өткізеді.
Ертек жыр, тарихи жыр сияқты шығармалар зор уақиғалар-
дан қара көрінім асқан адамдардың ғана істерін сөз қылады.
Жалпы, қалыпты жай адамдардың істеріне, өздеріне онша на-
зар салмайды. Ұлы әңгіменің мақсаты көптің өмір сарынын
суреттеп көрсету болғандықтан, бұл туралы шығармаларда
адамның да, уақиғаның да ұлысына, ұсағына бірдей назар са-
лынады. Өмір сарынын көрсететін хаттан асқан, сирек болатын
үлкен уақиғалар, ұлы адамдардың істері емес, құмырсқадай
қыбырлап, түрлі жол, түрлі жөнмен тіршілік етіп, тырбанып
жатқан көптің амалы. Адам өміріндегі істің ұсағы көп, ірісі аз
болады. Ұсақ уақиғаның адамға күнінде оны душар болғанда,
ірі уақиғаның өмір бойы душар келмеске ықтимал. Адам басы-
нан кешетін көбіне ұсақ уақиға, ұсақ іс, жеңіл сүйініш, жеңіл
күйініш. Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалармен болмай, ұсақ
істерден де өнеге көрсетуге тырысады. Оның олай етуінде екі
түрлі мәніс бар:
а) Ұсақ уақиға мың қырланып, мың түрленіп қайта айналып
тұрады. Қайта-қайта болатын уақиға қалыпқа айналады.
Адам тұрмысының тағдырын күн сайын құбылып, қайта-
қайта келіп тұрған ұсақ уақиғалар шешеді. Бір рет өтірік
айтсаң, ол зор бәле: өтірікші, сырғиға, сенімсіз болсаң, онан
тіршілігіңе келетін кесапат көп. Адам бірден өтірікші, бұзық,
ұры-қары болмайды, бірден түзік, әділ, адал, ізгі де болмайды;
бір істегенін қайта істеп қалыптанумен бірте-бірте барып бо-
лады.
328
ә) Ұсақ уақиғаның бірден-ақ ұлы уақиғаға себеп болатын
жерлері де бар. Үлкен үйге кішкене кілт жол ашатыны сияқты,
үлкен іске көбіне кіші іс кілт болады. Кіп-кішкене ұшқыннан үп-
үлкен өрт шығады, аз нараздық көңілден үлкен ұрыс, төбелес,
соғыс шығып кетеді. Сол сияқты адам қателескен бір ғана ісінен
өмірлік тұрмысын ауырлатып алуы ықтимал. Бір дұрыс істеген
ісінен жөнін түзеп, тұрмысын жеңілдетіп алуы ықтимал. Ұсақ
уақиғадан ұлы уақиға тууы ықтимал болғандықтан ұсақ істің
бәрін ұсақсыну керек емес. Ол ұсақ іс бәлки, зор шарапатқа иә
зор кесапатқа кілт болатын ұсақ істің бірі шығар. Олай болса,
ұлы уақиғамен қатар, ұсақ уақиғаларды қатарға алу, түрін тану
керек болады. Күн сайын істеліп жататын ұсақ істің ұлы іске
ұласарлығы да, ұласпастығы да бар. Тіршілік ісі біріне-бірі
оралып, шиеленісіп, байланып жатады. Тіршілік ісінің парқын,
абырой-мәнісін білу ұйысқан жіптің ұштарын табу сияқты,
қайдан басталып, қайдан тоқтайтынын, бірте-бірте арасын
ашып, шешімін шешіп барып таппасаң, бірден таба алмайсың.
Ұсақ іс ұсақ іспен шиеленісіп, байланысып тұрса, оны қатарға
алмасаң да келер-кетері аз, ұсақ іс ұлы іске байласып тұрғанда
қатарға алмасаң, қамтама қаласың. Биік мақсат, зор үміт, ұлы
пікір жоқ өмір хайуан өміріне ұқсас, бірақ ұсақ істердің ішінде,
ұсақсынып байқамай өтсең, опық жегізіп, өкіндіретіндері де көп
болады. Тіршілік жолында жүзеге шығарайын деген ісіңе бөгет
болатын көбінесе үлкен істер емес, ұсақ істер, ұсақ нәрселер;
олардың бөгетшілік күші үлкендігінде емес, көптігінде.
Олардың бөгетшілігін бұзуға көп күш, үлкен іс керек емес,
ұсақ ғамал, жиі жеделдік керек. Тіршілік ғамалы – заманның
заңын, тұрмыстың сарынын тану ғылымы, адамның іздеген,
көздеген мақсаттарын білу, мақсаттарына жетуге жүретін жол-
дарымен танысу. Тұрмыс ғылымын жақсы білгеннің ісі – ұсақ
істерге айналып, ұлы істерді де ұмытып кетпеу, ұсақ істерді
ұсақсынып, қатарға алмай, қазыққа сүрінгендей болып құлап
та жатпау.
Ұлы әңгіме тұрмыс тілі, өмір жүзіндегі ұлы-кіші ғамалдар,
ұлы-кіші уақиғалар қалай бір-біріне оралып, шиеленісіп,
байланысып, ұйысып, ұшы қайдан басталып, қайдан барып
тоқтайтынын мысалмен көрсеткен секілдендіріп алдыңа әкеліп,
түрлі жолмен, бағытпен байланыстырады, шиеленістіреді. ІІІи-
еленістіре барып, немен тынатындығын көзге көрсетеді.
329
Тұрмысқа сарын жасайтын адамның ғамалы, ғамалға өң бе-
ретін адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс төңірегі.
Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген
ісінен білінеді. Адамның тысқа шыққан пікірінде, көңілінің
күйінде, еткен ғамалында мінезінің қай түрі көбірек көрінсе, сол
адам сол мінезді болмақ. Мінез іштен туады, бірақ шынығып
жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады.
Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп,
тұрмысындағы төңірек. Өмірінде қандай тұрмыс көрсе, нендей
адамдармен кездессе, жолдас болса, істес болса, солардан өнеге
көріп, үлгі алмақ. Өнер, ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін
төңірегінен алады.
Өнер, ғылым бар жұрттар, адамдар тәрбиені ата-анадан да,
төңірегінен де, мектептен де, әдебиеттен де алады. Сүйтіп,
адам мінезіне өң беретін үй іші, мектеп, төңірек болып шығады.
Бұлардың өзі де, адамдар түрлі болып туғандықтан, түрлі
тәрбие алғандықтан, түрлі болады. Сондықтан олардан тәрбие
алған адамдар да түрлі мінезді, түрлі құлықты болмақ, бірақ
адам көп, мінез түрі аз болғандықтан, көп адамдар мінездес
яғни бір мінезді болады. Мінездері ұқсас бірыңғай, бір кейіпті
адамдарды кейіптес дейміз. Мінездің белгілі бір түріне кейіп
беретін адамдарды кейіпкер дейміз. Жомарттық, сараңдық,
батырлық, қорқақтық, түзіктік, бұзықтық – бұлар қай жұртта
да болатын мінездердің жалпы кейіптері. Сондықтан мұндай
мінезді адамдар жалпы кейіпкерлер болады.
Қазақтың арамза атқа мінерлері, қазақтың есерсоқ салдары,
түйені түгімен жүтып қоятын болыстары – бұлар ұлтындағы,
заманындағы кейіпкерлер болады. Ұлы әңгімешілер тұрмыс
сарынын сүгіреттегенде, сарынға кейіп беретін, өң беретін
таптардың кейіпкерлерін алып суреттейді. Жазушы кейіпкер-
лерін неғұрлым дұрыс алса, соғұрлым ұлы әңгіме тұрмыс са-
рынын дұрыс суреттеп, қалыпқа сәйкес, шынға жақын болып
шықпақ. Бірақ сарындаушы өз заманындағы бар тұрмысты
ғана сүгіреттеп қоймайды, өнеге үшін жоқ тұрмысты да алып
суреттейді. Тұрмыс жағдайын өз ойлаған түрінше өзгертсе,
өмір сарыны өзге жөнмен де кетуге мүмкіндігін көрсететін са-
рындаулар да болады. Ұлы әңгімеге жан беретін адамның ісі
болғандықтан, мінезіне кейіп беретін тәрбие болғандықтан
тұрмысқа сарын беретін ұлы, кіші адамдардың ірі-уақты істері
болатындықтан, ол істер біріне-бірі ұласып, біріне-бірі ора-
330
лып, байланысып, шиеленісіп жататындықтан, осының бәрін
суреттеп шығару оңай емес. Мұны келістіріп, дұрыс пікірлеп,
дұрыс суреттеп, уақиғаларды жақсы қиыстырып, сыйыстырып
шығару көп жазушылардың қолынан келе бермейді. Ұлы әңгіме
жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс – барша түрін де
жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек.
Ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп
аталады. Онан да шағындау түрі ұсақ әңгіме деп аталады.
Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-
кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәр-бәрінде де бір, айтылу
аудандарында айырма бар: Ұлы әңгіме сөзін алыстан айдаған
аттарша жайыла бастайды. Ұзақ әңгіме жақыннан айдаған ат-
тарша жайыла бастайды; ұсақ әңгіме мүше алып оралып келе
коятын аттарша бастайды.
Ұлы әңгіме түрде қазақ тілінде басылған шығарма әлі жоқ.
Міржақыптың «Бақытсыз Жамалына» роман (ұлы әңгіме)
деп ат қойылса да өресі мен өрісі шағын болғандықтан, о
да ұлы емес, ұзақ әңгімеге жақын. Мұхтардың «Оқыған аза-
мат», Ысмағұлдың «Қалайша кооперация ашылды» деген
әңгімелері ұсақ әңгімеден гөрі ұзақ әңгіме түріне жақын бола-
ды. Нағыз ұсақ әңгіме болатындар Ысмағұлдың «Автономия-
сы», Міржақыптың «Қызыл қашары», Бейімбеттің «Айт күні»
сияқты әңгімелер.
3. әуезе жыры. Қазақтың ерте заманда ерлік қылған
адамдарының ерлігін, батырлығын жыр қылып шығарған сөзде
ертек жыр деп аталатыны жоғарыда анайы әдебиет туралы сөз
болғанда айтылып еді. Нақ сондай болмағанмен, соған ұқсас
сөздер ділмар әдебиетте де болады. Ұлт өмірінде болған, ұлт
тарихына жазылған яки халық аузында әуезе болып айтылып
жүрген уақиғаны алып яки уақиғада халықтың өткен қайратын,
азаматтың көрсеткен өнерін, жігерін, ерлігін, намысқорлығын
яки адамшылығын әдемі түрде әсерлі сөзбен жыр қылып шығару
бар. Сыпайы әдебиеттің сол сияқты шығармалары әуезе жыр
деп аталады. Мұнда қара күші мол батырлардың орнына басқа
түрлі ерлер, басқа түрлі қайраткерлер уақиғаның ортасында
жүреді. Ертек жырда күші көп батырлардың ісі өнеге болса,
әуезе жырда өнер, білім, қайрат, жігер сияқты сипаттарымен
көзге түскен адамдардың ғамалдары өнеге болады. Мұнда да
уақиғадағы істерге өзінше өң бере, көркейте айту бар, бірақ өте
көпіртіп дәріптеу жоқ. Әуезе жырдағы көркейтуге уақиғаның
331
да, адамның да жақсы жағын алуға болады. Онда да уақиғасы
да, адамы да көркейтуді көтергенше ғана көркейтіледі. Әуезе
жыр ақын тарапынан ұлттың ұлы адамына сөзден жасалған
жәдігер есебіндегі нәрсе.
Әуезе жыр мен тарихи жырдың арасындағы айырмасы
сол, тарихи жырдағы адамдар, уақиғалар турасында сөйлеген
сөздер тарихтағы мағлұматтардың арнасынан аса алмайды.
Олай етпесе, тарихшылар тарихты білмегендіктен иә қате
түсінгендіктен, тарих мағлұматын бұзып отыр деп кінәлайды.
Әуезе жырды шығарушының қиялы еркін болады. Тарих
мағлұматы сияқты арнасынан шығармай қайырып, иіріп оты-
ратын мұнда бөгет жоқ. Бұған қоятын шек жалғыз-ақ, алған
уақиға мен адам көркейтуді көтеру, көтермеуі. Көркейтуді
көтермейтін уақиғамен адамды көркейтіп жіберсе, өтірік бо-
лып шығады.
Әуезе жыр әдемі сөздің түрі болғандықтан, әдемілеу әдісінің
бәрі де істеледі. Көріктеу, меңзеу, әсерлеу түрлерінің бәрі де
жұмсалады.
Әуезе жыр мысалдары: Мұқамбетжанның «Топжарғаны»,
Шәкәрімнің «Жолсыз жазасы», «Қалқаман–Мамыры», Мағ-
жанның «Баян батыры» сияқты сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |