● Оймақтай ой Талпыныс тəжі – табандылық. Əбу Насыр Əл-фараби


 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық



Pdf көрінісі
бет22/39
Дата01.01.2017
өлшемі5,72 Mb.
#889
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тəртібін сипаттау

6.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  процесіне  қатысатын  көрсетілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) АФ-ның хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкері;

2) АФ басшылығы;

3) АФ-ның жауапты бөлімшесінің басшысы;

4) АФ-ның жауапты бөлімшесінің уəкілетті қызметкерлері;

5) АФ-ның маман - заң кеңесшісі.

7.  АФ-да  мемлекеттік  қызметті  көрсету  кезінде  əрбір  рəсімнің  (іс-қимылдың)  ұзақтығын  көрсете  отырып, 

рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында 

келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тəртібінің сипаты 

8.  Мемлекеттік  қызмет  портал  арқылы  көрсетілген  кезде  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жəне  көрсетілетін 

қызметті алушының өтініш беру тəртібінің жəне рəсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты: 

1)  көрсетілетін  қызметті  алушы  порталда  тіркеуді  көрсетілетін  қызметті  алушы  компьютерінің  интернет-

браузерінде  сақталатын  өзінің  электрондық  цифрлық  қолтаңбасы  (бұдан  əрі – ЭЦҚ)  тіркеу  куəлігінің  көмегімен 

жүзеге асырады;

2) 1-рəсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (жеке 

сəйкестендіру нөмірі не бизнес сəйкестендіру нөмірі) жəне пароль арқылы тексеру; 

4) 2-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген 

мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға 

шығару жəне көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды тол-

тыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру; 

5) 3-рəсім – мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу, 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төленген ақы туралы ақпарат порталған түседі;

6) 2-талап – полрталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу фактісін тексеру;

7) 3-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куəландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

8) 1-рəсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

9) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын 

логин мен пароль арқылы тексеру; 

10) 2-рəсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу жəне оны порталда өңдеу;

11) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талап-

тарына сəйкес келуі тұрғысынан тексеру;

12) 3-рəсім – мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін қалыптастыру;

13) 4-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттерінің 

диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бизнес-процестерінің  анықтамалығы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

регламентіне 3-қосымшада берілген.

«Уəкiлетті ұйымдарға қолма-қол шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойын-

ша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша

АФ-да мемлекеттік қызметті көрсету кезінде əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, 

рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

блок-схеманың жалғасы



«Уəкiлетті ұйымдарға қолма-қол шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойын-

ша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің 

функционалдық өзара іс-əрекеттерінің диаграммасы

Шартты белгілер

«Уəкiлетті ұйымдарға қолма-қол шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша 

қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

бизнес-процесстер анықтамалығының жалғасы



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 қаулысына 54-қосымша

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының 

(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет регламенті 

1. Жалпы ережелер

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық 

кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан əрі – мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан əрі – көрсетілетін қызметті 

беруші) көрсетеді. 

Өтініштерді қабылдау жəне мемлекеттік қызмет көрсету нəтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті беруші;

«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан əрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) жəне (немесе) қағаз түрінде 

көрсетеді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде: көрсетілетін қызметті 

берушіден салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қағаз жеткізгіште алу;

2)  портал  арқылы  өтініш  жасаған  кезде:  көрсетілетін  қызметті  берушіден  салымшылардың  (алушылардың) 

зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен 

куəландырылған электрондық құжат нысанында алу. 

Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда 

нəтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады жəне көрсетілетін қызметті беруші басшысының 

қойылған қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің 

уəкілетті  адамы  электрондық  цифрлық  қолтаңбасымен  куəландырылған  электрондық  құжат  нысанында  «жеке 

кабинетке» жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тəртібін сипаттау

4.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  бойынша  рəсімнің  (іс-қимылдың)  басталуына  негіз:  көрсетілетін  қызметті 

алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 

№ 11534 тіркелген 2015 жылғы 30 сəуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген бекітілген Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы 

жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет стандартының (бұдан əрі – стандарт) 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген. 

6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау 

ұзақтығы, сондай-ақ келесі рəсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету 

бойынша рəсімнің (іс-қимылдың) нəтижесі:

1) ұсынылған салымшының (алушының), заңды өкілінің, сенім білдірілген адамының жеке басын куəландыратын 

құжаттың түпнұсқасын ұсынылған құжаттың қолданылу мерзіміне тексеру;

2) сенім білдірілген адам өтініш жасаған кезде нотариат куəландырған құжаттардың дұрыс ресімделуін жəне 

мазмұнын тексеру;

сенім білдірілген адамының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алуға берілген сенімхаттың 

түпнұсқасында не нотариат куəландырған көшірмесінде көрсетілген өкілеттіктері;

деректердің: сенім білдірілген адамының сенімхаттың түпнұсқасында не нотариат куəландырған көшірмесінде 

көрсетілген тегінің, атының, əкесінің атының (бар болса) сенім білдірілген адамының жеке басын куəландыратын 

құжатында көрсетілген тегіне, атына, əкесінің атына (бар болса) сəйкес келуі;

3) заңды өкілі өтініш жасаған кезде оның жеке басын куəландыратын құжатында көрсетілген тегі, аты, əкесінің 

аты (бар болса) жөніндегі деректердің туу туралы куəлігінде, қамқоршыны (қорғаншыны) тағайындау туралы құжатта, 

баланы патронатқа тəрбиелеуге беру туралы шартта көрсетілген тегі, аты, əкесінің аты (бар болса) жөніндегі де-

ректерге сəйкес келуін тексеру. 

4)  салымшының  (алушының)  деректемелерінің  (тегі,  аты,  əкесінің  аты  (бар  болса),  туған  күні  жəне  жеке 

сəйкестендіру нөмірі (бұдан əрі – ЖСН), жеке басын куəландыратын құжатының (түпнұсқасы) көрсетілетін қызметті 

берушінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (бұдан əрі – ААЖ) деректерімен сəйкес келуін тексеру;

5) деректер сəйкес келген, ААШЖ-да ашық (қолданыстағы) жеке зейнетақы шоты (бұдан əрі – ЖЗШ) болған 

жағдайда, ААШЖ арқылы қалыптастырылған ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені басып шығару, оған бұрыштама қою жəне 

«ЖЗШ үзінді көшірмелері үшін» деген дөңгелек мөрмен куəландыру;

6)  ЖЗШ-ның  үзінді  көшірмесін  салымшыларға  (алушыларға)  берілген  жеке  зейнетақы  шотының  үзінді 

көшірмелерін тіркеу журналында барлық көзделген бағандарды толтырып жəне салымшының (алушының) заңды 

өкілінің, сенім білдірілген адамының қолдарын қойдыра отырып тіркеу; 

7) салымшыға (алушыға), заңды өкіліне, сенім білдірілген адамына ЖЗШ-ның үзінді көшірмесін беру.



3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тəртібін сипаттау

7.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  процесіне  қатысатын  көрсетілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің филиалдары;

2) көрсетілетін қызметті берушінің дербес құрылымдық бөлімшелері.

8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезінде əрбір рəсімнің (іс-

қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тəртібінің сипаты 

 9. Халыққа қызмет көрсету орталығына жəне (немесе) басқа көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш беру 

тəртібінің сипаты, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеу ұзақтығы: көрсетілмейді.

 10. Мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесін Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы алу процессінің сипаты, 

оның ұзақтығы: көрсетілмейді.

11. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жəне көрсетілетін 

қызметті алушының өтініш беру тəртібінің жəне рəсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты: 

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді жүзеге асырады;

2) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі «Электрондық құжат жəне электрондық 

цифрлық  қолтаңба  туралы»  Қазақстан  Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы  заңына  сəйкес  «Қазақстан 

Республикасының Ұлттық куəландыру орталығы» ақпараттық жүйесін (бұдан əрі – ҰКО АЖ) тұтынушының ЭЦҚ-сын 

қалыптастыру жəне тексеру процесін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана 

отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куəландырылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті 

берушіге берілген сұрау салудың негізінде беріледі;

3) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушыны авторизациялау жүзеге асырылады;

4) 2- процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авто-

ризациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

 5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсетуге 

арналған сұрау салу нысанын экранға шығару жəне көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық 

талаптарын ескере отырып нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрау 

салуды куəландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ кілтін таңдауы;

 6) 4-процесс - сəйкестендіру деректеріне жəне көрсетілетін қызметті алушының «ҰКО» АЖ-дағы ЭЦҚ тіркеу 

куəлігінің қолданылу мерзімі туралы деректерге сұрау салу;

7) 1-талап – ЭЦҚ тіркеу куəлігінің қолданылу мерзімін жəне қайтарып алынған (жойылған) тіркеу куəліктерінің 

тізімінде болмауын, тіркеу куəлігінде Ұлттық куəландыру орталығының тиісті қажетті саясаттардыі болуын, сондай-

ақ сəйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН, тегі, аты, əкесінің аты жəне ЭЦҚ тіркеу куəлігінде 

көрсетілген ЖСН, тегі, аты, əкесінің аты арасындағы) сəйкестігін тексеру; 

8) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сы түпнұсқалылығының расталмауына немесе деректердің 

сəйкес келмеуіне байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

9) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қызмет көрсету үшін сұрау салуды куəландыру 

(қол қою);

10) 7-процесс – ҰКО АЖ-дан жəне ААЖ-дан қажетті деректерге сұрау салу;

11) 2-талап – электрондық  құжатты  ЭЦҚ-тың  дұрыстығына,  сондай-ақ  ҰКО  АЖ-дан  жəне  ААЖ-дан  түскен 

деректерді тексеру;

12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сұратылған деректерінің ААЖ-да болмауына жəне (немесе) 

сəйкес келмеуіне байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

13) 9-процесс – көрсетілетін  қызметті  алушының  ААЖ-да  қалыптастырылған  қызметті  көрсету  нəтижесін 

алуы.  Электрондық  құжат  көрсетілетін  қызметті  берушінің  уəкілетті  тұлғасының  ЭЦҚ-сын  қолдана  отырып 

қалыптастырылады. 

12. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық 

өзара іс-əрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

13.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бизнес-процестерінің  анықтамалығы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

регламентіне 3-қосымшада берілген.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының 

(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке өтініш жасаған кезде рəсімдердің 

(іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

ескерту:


мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында көрсетілген.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының 

(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде тартылған ақпараттық жүйелердің 

функционалдық өзара іс-əрекеттерінің диаграммасы

 

Шартты белгілер



 «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының 

(инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы 29 мамырдағы № 96 қаулысына 55-қосымша

«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін 

ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Жалпы ережелер

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ 

микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан əрі 

– мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» 

веб-порталы: www.egov.kz (бұдан əрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нəтижесі: Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 

11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сəуірдегі № 71 қаулысымен 

бекітілген«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ 

микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін стандарттың (бұдан əрі 

– стандарт) 1 жəне 2-қосымшаларына сəйкес нысан бойынша қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға 

қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім 

беру (бұдан əрі - келісім) не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жəне негіздер бойынша мемлекеттік 

қызметті көрсетуден бас тарту (бұдан əрі – бас тарту) туралы дəлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда 

нəтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады жəне көрсетілетін қызметті беруші басшысының 

қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нəтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің 

уəкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат нысанында «жеке 

кабинетке» жіберіледі.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тəртібін сипаттау

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рəсімдерді (іс-қимыл) бастау үшін негіздеме: көрсетілетін қызметті 

алушының мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау 

ұзақтығы, сондай-ақ келесі рəсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету 

бойынша рəсімнің (іс-қимылдың) нəтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды 

қабылдауы жəне тіркеуі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қарауы үшін құжаттарды беруі 

– көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды алу күні;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының құжаттарды қарауы, бұрыштамасын қоюы, құжаттарды 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 

(бұдан əрі – ҚҚТҚҚД) жіберу - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды алу күні;

3) ҚҚТҚҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уəкілетті қызметкерді белгілеуі – көрсетілетін қызметті берушінің 

құжаттарды алу күні;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған  құжаттардың  толық  болмау  фактісі  белгіленген  жағдайда,  ҚҚТҚҚД-ның  уəкілетті  қызметкерінің 

өтінішті одан əрі қараудан жазбаша дəлелді бас тартуды (бұдан əрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, 

өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, ҚҚТҚҚД-ның 

уəкілетті қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – күнтізбелік 4 (төрт) 

күннің ішінде (бірақ көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайды); 

құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда оларды стандарттың талаптарына сəйкес келу мəніне қарау 

жəне көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды ҚҚТҚҚД-ның уəкілетті қызметкерінің Қазақстан Республикасы 

Ұлттық Банкі Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан əрі – ҚҚД) жіберуі – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

5)  ҚҚД-ның  басшылығының  құжаттарды  қарауы,  уəкілетті  қызметкерді  айқындауы  жəне  құжаттарды  оған 

орындауға беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

6) ҚҚД-ның уəкілетті қызметкерінің құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сəйкес 

келуіне қарауы – күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде;

7) ҚҚТҚҚД-ның уəкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін бланкке ресімдеуі, Қазақстан 

Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға жіберуі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

8) мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына қол қоюға 

беру – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

9) ҚҚТҚҚД-ның уəкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсетудің нəтижесін көрсетілетін қызметті алушының 

мекенжайына  немесе  тікелей  көрсетілетін  қызметті  алушыға  поштамен  жіберуі  не  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында белгіленген тəртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уəкілетті өкіліне беруі – мемлекеттік 

қызметті көрсету нəтижесіне қол қойылған күн.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тəртібін сипаттау

6.  Мемлекеттік  қызметті  көрсету  процесіне  қатысатын  көрсетілетін  қызметті  берушінің  құрылымдық 

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға жəне тіркеуге уəкілетті қызметкер;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) ҚҚТҚҚД-ның басшылығы; 

4) ҚҚТҚҚД-ның уəкілетті қызметкері; 

5) ҚҚД басшылығы;

6) ҚҚД.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде əрбір рəсімнің (іс-қимылдың) 



ұзақтығын көрсете отырып рəсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет 

регламентіне 1-қосымшада келтірілген.



4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тəртібінің сипаты 

8.  Мемлекеттік  қызмет  портал  арқылы  көрсетілген  кезде  көрсетілетін  қызметті  берушінің  жəне  көрсетілетін 

қызметті алушының өтініш беру тəртібінің жəне рəсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты: 

1)  көрсетілетін  қызметті  алушы  порталда  тіркеуді  көрсетілетін  қызметті  алушы  компьютерінің  интернет-

браузерінде  сақталатын  өзінің  электрондық  цифрлық  қолтаңбасы  (бұдан  əрі – ЭЦҚ)  тіркеу  куəлігінің  көмегімен 

жүзеге асырады;

2) 1-рəсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді логин (жеке сəйкестендіру нөмірі 

не бизнес сəйкестендіру нөмірі) жəне пароль арқылы тексеру;

4) 2-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген 

мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға 

шығару жəне көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды тол-

тыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куəландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рəсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын 

логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рəсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу жəне оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талап-

тарына сəйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рəсім – мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін қалыптастыру;

11) 4-рəсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нəтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-əрекеттерінің 

диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бизнес-процестерінің  анықтамалығы  осы  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет 

регламентіне 3-қосымшада берілген.



«Қаржы ұйымының қаржы қызметтерін тұтынушыларға қаржы өнімдерін ұсынуы үшін келісім беру, 

сондай-ақ микроқаржы ұйымының микрокредиттер ұсынуы үшін келісім беру» 

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет