Астана, Ақорда, 2016 жылғы 2 ақпан. №187
қайта ұйымдастырылуына байланысты əзірленді.
жарғысы, Тəртіптік жарғы жаңа редакцияда жазылды.
зымды адамдардың міндеттерін айқындайды.
гарнизон бастықтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтілген.
қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді.
үздіксіз қолдауда.
деп аяқтау қажет.
қызы бар.
қажет, деп атап өтті.
көкке жетті, дейді ол.
www.egemen.kz
3
4 ақпан 2016 жыл
ЎЛЫМ ДЕГЕН ЕЛІ БАРДА,
ЕЛІМ ДЕГЕН ЎЛЫ БАР
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Кенді Алтай өңірінде қаржылық дағ-
дарыс қыспағына қарамай құрылыс қар-
қынды жүргізіліп келеді. Ілгерілеген іл-
кімді салалардың біріне, əсіресе, тұрғын
үй құрылысын жатқызуға болады. Бүгінде
Ақ Ертістің сол жағалауына ерекше кел-
бет берген жаңа шағын аудан облыс
орталығының заманауи көркіне балана-
ды. Қазірдің өзінде 19-шағын ауданда
пайдалануға берілген əсем əрі еңселі үйлер
мен олардың етегін баса мойны сорайған
алып крандардың қозғалысы мен жүк
көліктерінің толассыз ағынын, əрине, ең
бастысы, құрылысшылардың қажырлы
қолымен əп-сəтте жаңа баспаналардың пай-
да болатынын көріп, отандық экономикада
дағдарыс болып жатыр дегенге əсте сенгің
келмейді.
Өңірдің ірі қалаларының бірі Семейде
де тұтас шағын аудандар салынуда.
Таяуда Семей қаласының əкімі Ермак
Сəлімов аумағы 147 гектарды құрайтын
«Қарағайлы» аталатын жаңа шағын ау-
данда жалпы көлемі 541 мың шаршы
метр тұрғын үй бой көтеретінін айтқан
болатын. Бұл ауданда қазір жер телімдері
бөлініп, қажетті коммуникация көздерін
тартуға қаражат көздері қарастырылып
жатыр. «Қарағайлы» шағын ауданында 720
орындық физика-математика бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебі салыну-
да. Оның жанында 120 орындық шағын
жатақхана бой көтермек. Сондай-ақ, меди-
цина университетінің əкімшілік ғимараты
мен жеті жатақханасы, қазақ-түрік лицейі,
балаларға арналған оңалту орталығы жəне
240 орындық балабақша аталған ауданда
орналасатын болады. Өткен жылы Семейде
11 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа
берілсе, жыл соңына дейін тағы екі үйдің
құрылысы аяқталмақ. Жалпы алғанда, 2015
жылы бұл шаһарда 80 мың шаршы метр
баспана тапсырылыпты.
Жыл басында ғана Глубокое ауданының
орталығында «Қолжетімді баспана-2020»
бағдарламасы аясында 100 пəтерлі тұрғын
үй пайдалануға берілді. Бұл – Глубокое
кентінде соңғы 20 жылда алғаш бой кө-
терген көппəтерлі тұрғын үй екен. Облыс-
тағы тұрғын үй құрылысының жақсаруы
қарапайым тұрғындарға, əсіресе, жетім
жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қал-
ған балалар мен əлеуметтік жағдайы төмен
отбасылар, мелекеттік қызметшілер жəне
жас мамандардың баспаналы болуына даң-
ғыл жол ашып отыр.
– Мен балалар үйінен кейін бұл пəтерді
8 жыл күттім. Ер жетіп қалған екі балам
бар. Солардың бағына орай, кең əрі жарық
үш бөл мелі пəтерге қол жеткіздім, – дейді
үйлі бол ған жандардың бірі Наталья
Шпиль кина.
Баспана – басты мəселе. Бүгінгідей ал-
мағайып заманда тоқтаусыз жүріп жатқан
тұрғын үй құрылысы Мемлекет басшысы
Нұрсұлтан Назарбаевтың халықтың əл-
ауқатын арттыру бағытында кейінге шегер-
меген маңызды əлеуметтік міндеттерінің
бірі екені анық. Осылай деген глубокоелік
көпбалалы ана Лина Матаева баспаналы
болған қуанышымен бөлісіп, Елбасына
жергілікті тұрғындардың атынан алғыс
айтады.
– Бұл құрылыстың барлығы Президент
Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде шы-
ғысқазақстандықтардың əл-ауқатын арт-
тыру бағытында салынуда. Біз халықтың
игілігі үшін сапалы əрі қажетті нысандарды
құруға тырысамыз, – дейді облыстық құры-
лыс, сəулет жəне қала құрылысы басқар-
масының басшысы Мəди Отарбаев.
Айта кеткен абзал, шығыс өңірінде
өткен жылы 64 əлеуметтік-мəдени маңызы
бар нысан құрылысы жүргізілді. 12,6 млрд.
теңге қаржыға жүргізілген нысандардың
46-сы пайдалануға берілді. Оның ішінде 25
білім беру, 12 денсаулық сақтау, 3 спорттық
жəне 3 мəдени нысан бар. Биыл қалған 18
нысанның құрылысы жалғасады. Облыс
көлемінде құрылысы ұзаққа созылған
нысандардың мəселесі толығымен шешілді.
Шығыс Қазақстан облысы.
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Жалпы жұртқа белгілі ма қал-
ды аздап өзгертуімізде мəн бар.
Тұрғын үй құрылыс жинақ бан кі
биылдан бастап жаңа бағдар ла-
маны қолға алды. Ол «Өз үйім»
деп аталады. Бағдарламаның аты
айтып тұрғандай, банк қолже тім-
ді, ағайынның қалтасына ар тық
салмақ салмайтын тұрғын үй лер
сала бастайды. Ал жаңа бағ дар-
лама бойынша ең алғашқы үй
Қызылорда қаласында басталды.
Аталған жоба аясында Қызыл-
орда қаласында 40 мың шаршы
метрді құрайтын 12 көпқабатты
тұрғын үй салынатын болады.
Жаңа бағдарламаны бірлесіп жү-
зеге асыру мақсатында Қызылорда
облысының əкімі Қырымбек Кө-
шер баев пен Тұрғын үй құрылыс
жи нақ банкінің басшысы Айбатыр
Жұмағұлов меморандумға қол
қойды.
Осы келісім негізінде қаладағы
«Сырдария» шағын ауданынан
100 пəтерлі 2 көпқабатты тұрғын
үйдің алғашқы іргетасы қаланды.
Ал қалған 500 пəтерді құрайтын
10 көпқабатты тұрғын үй жаңадан
бой көтеретін «Арай-3» шағын
ауданында салынады. Бұл жыл
ішінде «Өз үйім» бағдарламасы
арқылы 600 қызылордалық баспа-
налы болады деген сөз.
– Жаңа бағдарлама біздің
өңірден бастау алып отыр. Сон-
дық тан, Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкінің басшылығына алғыс айт-
қым келеді. Өткен жылы облыс ор-
талығында тұрғын үй құрылысы
8 есеге артты. Биыл да бұл
жұмыстар жалғасын табатын бо-
лады. Атқарылған жұмыстардың
нəти жесін халық көріп отыр. Тек
қана 2015 жылдың өзінде біз осы
сала ға 22 миллиард теңге инвес-
тиция тарттық. Биыл да бұл көр-
сеткіш кем болмайды,– деді аймақ
басшысы.
– Тұрғын үй құрылыс жинақ
банкі арқылы тұрғын үй салу көр-
сеткіші бойынша Қызылорда об-
лысы үздік 3 аймақтың ішінде. «Өз
үйім» бағдарламасын осы аймақ-
тан бастауымыздың да себебі
бар. Жергілікті басшылар құры-
лыс жүргізу үшін қажетті инфра-
құ рылымды дайындап, барлық
жағдайды жасап отыр. Сонымен
қа тар, үйлердің сапасын да ұдайы
бақы лауда ұстайтын боламыз, –
дей ді Тұрғын үй құрылыс жинақ
бан кінің басшысы Айбатыр Жұма-
ғұлов.
Мұнан басқа дəл осы күні
«Өңір лерді дамыту» мемлекеттік
бағ дарламасы аясында «Бəйтерек»
ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-
тың қаржыландыруымен «Сəулет»
шағын ауданында 350 пəтерді
құрайтын 7 көпқабатты тұрғын
үйдің іргетасы қаланды. Жобаның
жалпы құны 2 миллиард 940
миллион теңге. Облыс басшысы
мердігер мекемеге құрылыстың
сапасына мəн беруді тапсырды.
Қорыта айтқанда, жыл басының
өзінде Қызылордада 19 көпқабатты
тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Облыс басшылығы биыл да 2
мыңнан астам сырбойылық баспа-
налы болады деп жоспарлап отыр.
Қызылорда облысы.
Заѕгер еді,
зоотехник болды
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһан-
дық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты Жол-
дауындағы «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді
болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен
сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің
шыңына жете білсеңдер мамандықтың бəрі жақсы»,
деген сөздері жас маман Петр Водовозовқа арналып
айтылғандай көрінеді бізге. Өйткені, қазақы мінезді
ауыл жігітінің жүріс-тұрысы, қарапайымдылығы,
мақсаткерлігі, табандылығы Қызылегіс ауылының
тұрғындарына жақсы таныс.
Қазақы ауылдың қазақы мінезі болады ғой. Петр
Қызылегіс орта мектебін қазақ тілінде бітірді. Ма-
ман дық таңдап көп ойланған да жоқ. Ел ішінде беделі
биік адам болуы керек. Оған жету үшін бірден алысқа
шапқылап, аты дардай университеттерді жағалаудың
қажеті жоқ деп шешті. Көңілге қонымдысы – сатылай
оқу. Сөйтіп жүріп, Астанадағы «Тұран» колледжін мем-
лекеттік тілде тəп-тəуір бітірді. Орысша мен қазақшаға
судай, ағылшын тіліне де ептеп икемі бар жігітті
елорданың өзінде жұмысқа шақырушылар табылды.
Əйткенмен, Петр Водовозовтың заңгерлік қызметі бес
айдан аспады.
Өмір арнасының өзгеше ағысы болатыны байқалды.
Əскер қатарына шақырылды. Азаматтық борышын
абыроймен атқарып келген оның көңілі қалаға кетуге
шаппады. Себеп, отбасы жағдайының қоңырқай күйі
мен ауыл тұрмысының ауырлай бастауы еді. Жасы
ұлғайған əке-шешенің «қолыңды қақпаймыз» дегеніне
қарамастан, іргедегі Мəлік Ғабдуллин атындағы ау-
ылда жаңадан салынып жатқан «Щучье сүт зауы-
ты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ірі қара
бордақылау кешеніне күзетші болып орналасты. Еш ар-
ланбай алға ұмтылды. Кезекшілігінен босаған сəттерде
қора маңынан көбірек табылатын болды.
Бұрнағы жылдың көктемінде зоотехниктің орны
біршама бос тұрды. Сырттан маман шақырудың да
реті келе қоймағандай. Бұл мал өрісін кеңітер жауапты
шақ. ЖШС басшылығы осы тұста батылдық жасады.
Бұл міндетті атқаруды Петр Водовозовқа тапсырды.
Бұрынғы заңгер, қазіргі мал маманы білімін
жетілдіруге айрықша көңіл бөледі. Олай етпесе де бол-
майды. Алғашында бордақылау кешеніне жергілікті
малшыларды оқытуға келген америкалық ғалымнан
дəріс алды. Көп ұзамай Ресейдің Екатеринбург қала-
сындағы арнайы курсты тəмамдады. Қазір АҚШ-
тағы кəсіби курсқа жолдаманы күтіп жүрген көрінеді.
Сондай-ақ, жоғары оқу орнына түсіп, зоотехник
мамандығын алу ниетінде.
Ақмола облысы,
Зеренді ауданы.
Талай аласапыран заманды ба-
старынан өткізген қазақ халқының
Тəуелсіздік алғанына 25 жылға аяқ ба-
сты. Осы дү бірлі мерейтойымызға орай
«25 қайы рымды іс акциясы» жобасын
іске асы ру аясында Мағжан Жұмабаев
атын дағы Ақмола облыстық əмбебап
ғылы ми кітапханасының ақпараттық
библио графиялық бөлімі жəне мерзімді
басылымдар залы мен негізгі қорды
сақтау бөлімдері қаланың №21 орта
мектебіне барып, тұрмысы төмен
отбасының балаларына арнап шағын
сыйлықтар ұсынды.
Мақсаты, қоғамдағы көмекке мұқтаж
жандарға қолұшын беру жəне оқушыларды
мейірімділікке, ізгілікке шақыру.
Іс-шара барысында оқушыларға
тəуелсіздік туралы мағлұмат беріліп,
оқушылардың пікірлерін тыңдап,
сұрақтар ұйымдастырылды. Балаларға
арналған əртүрлі танымдық журнал-
дардан көрме қойылды. Оқушылар мен
мұғалімдер жақсы əсер алып, кітапхана
қызметкерлеріне өз алғыстарын біл дірді.
Алдағы уақытта бұл акция Көкшетау
қаласындағы əртүрлі мекемелерде өз
жалғасын табатын болады. Қазіргі кез-
де мұндай қайырымдылық акциясының
көбейгені жаныңды жұбатады, жүрегіңді
қуантады. Сара Алпысқызы айтпақшы,
«Адам баласы өзінің жан дүниесін
қайырымдылық пен қайғыны түсіне білу
қасиеттерімен нығайтып, шынайы өмір
сүре білу керек». Аялы алақанымызды,
қолұшымызды созып, қайырымдылық
жасап, көмек қолын күткен əрбір жанның
жүрегіне жылылық ұялату өмірге деген
көзқарасымызды өзгертетіні сөзсіз.
Əлкен ҚАНАТҚЫЗЫ,
М.Жұмабаев атындағы Ақмола
облыстық əмбебап
ғылыми кітапханасының
библиографы.
Ќаѕќылдатып
ќўс баќќан
Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Нұрболат Қобдықовтың
негізгі кəсібі – жүргізушілік. Бірақ, мемлекеттің қолдауына ие
болып, кəсіпкерлікті қолға алуға ниет еткен ол өткен жылдан
бастап құс өсіруге бет бұрды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы
аясында 3 млн. теңге несиелік қаражат алған Н.Қобдықов 500
қаз, 500 үйрек, 100 тауықтың балапандарын өткен көктем
айында қала орталығынан сатып алса, бүгінде оның жемісін
де көріп отыр.
Бағымға алған құстарын баптайтын екі адамды жұмыспен
қамтып отырған құс өсіруші Н.Қобдықов қыс айы келісімен
бағымдағы семірткен үйректерін 1500-2000 теңгеден,
тауықтарын 500 теңгеден тұрғындарға сатуға шығарып, едəуір
пайдаға да қол жеткізді.
Қазірде жеке кəсіпкер Нұрболат Қобдықовтың ауласында
100-ге жуық қаз бағылуда.
Келешекте, қолға алған кəсібін кеңейтіп, құстарды
көбейтуді мақсат етіп отырған Н.Қобдықов инкубаторлық
аппарат сатып алуды да жоспарына енгізген. Кəсіпкерлікті
дамытуға қолдау көрсетіп отырған мемлекетімізге рахмет,
біз де Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қоса береміз,
дейді Нұрболат Қобдықов.
Мүсірбек АЙТАШЕВ.
Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы.
Ќўрылыс ќарымы ќарќынды
«Ґз їйім» – ґлеѕ тґсегіѕ
Жаңаөзен қаласының тұрғыны Татьяна Солоницына
«Даму» қорының «Бизнестің жол картасы-2020» бағ дар-
ламасының қатысушысы болды жəне мемлекеттік қол-
даудың кепілдендіру жəне субсидиялау тəрізді жеңіл-
діктерін пайдаланды. Бүгінде Татьяна табысты кəсіп кер-
лердің бірі. Ол 3-5 жас аралығындағы 24 баладан тұратын
балабақшаның иесі.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласында мек-
тепке дейінгі балаларды тəрбиелеу білім орындарының
жетіспеушілігі байқалады, осыған байланысты Татьяна өз
кəсібін кеңейтіп, тағыда 25 баладан тұратын бір топты ашуға
шешім қабылдады. Осыған орай кəсіпкер ғимарат сатып алу
мақсатында банкке несие алу үші өтінім білдірді. Жобаның
өзектілігін назарға ала отырып Татьянаның бұл өтінімін
аймақтық үйлестіру кеңесінің мүшелері мақұлдады, осылай-
ша субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды.
Енді оның 14%-дан тұратын несиесінің 10%-ын мемлекет
өтейтін болды, ал Татьяна бар болғаны несиенің 4%-ын ғана
өтейді. Бұдан басқа «Даму» қоры Татьянаның кепілдігінің
жетіспеуіне байланысты кепілдікпен қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда «Золотой ключик» балабақшасы үлкен
жетістікке ие, екінші бөлімі толық жөндеуден өткі-
зіліп, барлық қажетті жабдықтар алынған. Топта, жо ба-
ланғанындай 25 бала тəрбиеленуде.
– «Мен балаларды əрқашан жақсы көргенмін жəне
өзімнің айналысып жатқан жұмысымды қатты ұнатамын.
Менің жобамды мақұлдаған, маған жəне менің кəсібіме
қолдау көрсеткен еліме жəне жергілікті билікке үлкен
рахметімді айтамын», дейді Татьяна Солоницына.
Мереке ТАҢАТАРОВ.
Маңғыстау облысы.
Мемлекеттік баєдарлама аясында
25 бїлдіршін балабаќшаєа барды
Аз ќамтамасыз етілген балаларєа кґмек