ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Инновациялық Еуразия Университеті
Магистратура
«Журналистика және қазақ филология » кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
6N0205
« Қазақ филологиясы »
Аффрикаттық қызметтегі дыбыстар
Орындаушысы:
Сабирова Д.С.
(күні, қолы)
Ғылыми жетекшісі:
Сағындықұлы Бекен,
(күні, қолы )
филология ғылымының
докторы, профессор
Қорғауға жіберілді
Журналистика және қазақ
филология кафедрасының
меңгерушісі, филология
ғылымының кандидаты,
профессор
Резуанова Ғ.Қ.
(күні, қолы)
Павлодар – 2006
АННОТАЦИЯ
Берілген жұмыста аффрикаттардың қазақ әдеби тілінде
және говорларда қолданылу мәселесі қарастырылады.
Дауыссыз дыбыстар жүйесінің тарихи ерекшелігі айқындалады.
Қазақ тіліне басқа тілдерден аффрикаттардың ену себептері
келтіріледі. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі түркі тектес
халықтардың және орыс тілдерінің дауыссыз дыбыс жүйесімен
салыстырылады. Аффрикатардың буын жігіне ықпалы,
тасымалға қатысы, сөздіктерде орналасуы, аффрикаттардың
тілдегі қызметі туралы айтылады.
В данной работе рассмаривается вопрос употребления
аффрикатов в литературном казахском языке и в разговорной
речи. Определяется историческая особенность фонемного
состава. Приводятся примеры заимствования аффрикатов в
казахском языке из других языков. Фонемный состав
казахского языка сравнивается с фонемным составом
тюркоязычных народов и русского языка. Рассказывается о
влиянии аффрикатов на слогоделение и перенос слов, а также
о их расположении в словарях, о функции аффрикатов в языке.
The usage of affricates in literary kazakh language and colloquial speech is
examined in this work. The historical peculiarity of the phonemic structure is
determined in the work. Interesting examples of borrowing affricates in kazakh
2
language from other languages are given here. The phonemic structure of kazakh
language is compared to the phonemic structure of Turkic language nations and
Russian language. The author tells about the influence of affricates on syllable –
division and word transforming and its position in the dictionaries and functions in
the language.
МАЗМҰНДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Көкейкестілігі: Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне жаңа теориялық теорема
енгізеді, дыбыстардың қос қызметтілігін ашады;
Мақсаты: Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының қосар қызметін анықтау;
Негізгі міндеттер: Дыбыс түрлерінің сандық қызметін анықтау, дауыссыз
дыбыс жүйесінің тарихи ерекшелігін айқындау;
Теориялық маңыздылығы: Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тіркесім,
олардың сөз шені, морфема жігінде орналасу тәртібін тиянақтау;
Жаңашылдығы: Дыбыс тіркесімдеріне тән теорияны қалыптастырады;
Тәжірибелік маңыздылығы: Дыбыстардың айтылым рөлін арттыру, буынға
жіктеудегі ерекшелік, тасымалға қатысы;
Алғашқы мәліметтер: Қазақ тілінің емле, айтылым сөздігіндегі сөздердің
орналасуы;
Зерттеулердің әдістемесі: Жинақтау, сұрыптау, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру;
3
Нәтижелер: Тілдік дыбыстардың сандық құрамы мен тіркесім қабілеті
алынады;
Басылымдар: Рефераттық, бақылау және курстық жұмыс, сондай-ақ ғылыми
мақалалар мен магистрлік диссертация.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ БӨЛІМ 5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 8 – 49
1. Тілдік дыбыстардың теориялық негіздері 8 - 14
1.1 Дыбыстарға тән ғылыми ізденістер 8
1.2 Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамы мен
айтылым ерекшелігі 11
1.3 Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың құрамы мен
айтылым ерекшелігі 13
2. Тілдегі дыбыстардың қосар қызметі 15 - 49
2.1 Тілдегі дифтонгтік және дифтонгойдтың қызметі 15
2.2 Тілдегі аффрикат қызметтегі дыбыстар 17
2.2.1 Орыс тіліндегі аффрикат қызметтегі дыбыстар 17
2.2.2 Түркі тілдеріндегі аффрикат қызметтегі дыбыстар 22
2.2.3 Қазақ тіліндегі аффрикат қызметтегі дыбыстар 24
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 50
4
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 54
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне жаңа
теориялық теорема енгізу, дыбыстардың қос қызметтілігін ашу.
Ең алдымен кіріспе ретінде дыбыстарға тән ғылыми ізденістерді
қарастырамын. Қазақ тілінің дыбыстық құрамына байланысты, алғашқы
зерттеулер, жіктеулер жөнінде ғалымдардың пікірлерін салыстырамын. Зерттеу
жұмысында аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың қосар қызметін
анықтаймын, осыған байланысты жиналған материал мен мысалдарға сүйене
отырып, қазақ тіліндегі дыбыстардың жіктелісі мен сандық құрамына жаңа
теориялық теорема енгізуге тырысамын.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарының қосар қызметін
анықтау.
Қазақ тіліндегі қосар дыбыстардың қызметін анықтау мақсатымен,
дифтонг немесе дифтонгойд дыбыстардың қос қызметтілігін қарастырамын.
Дифтонг дыбыстардың жіктелісін, ғалымдардың дифтонгтар төңірегіндегі
пікірлерін келтіремін. Қай кезде и мен у дауысты дыбыстар, қай кезде қосынды
дыбыстардың таңбасы екенін қарастырамын.
Орыс тіліндегі ц аффрикатының т мен с, д мен з дыбыстарының
қосындысынан тұратынын, ч аффрикатының т мен ш, д мен ж дыбыстарының
5
қосындысынан тұратынын қарастырамын. Қазақ тіліндегі ж аффрикатының д
мен ж-ның, ц аффрикатының т мен с, ч аффрикатының т мен ш
дыбыстарының қосындысынан тұратынын қарастырамын, осыған байланысты
мысалдар да келтіріледі.
Негізгі міндеттер: Дыбыс түрлерінің сандық қызметін анықтау, дауыссыз
дыбыс жүйесінің тарихи ерекшелігін айқындау.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан ғалымдар қалай
жіктегендігін, түрколог ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, бұрын ата-
бабаларымыз сөйлеулерінде қандай аффрикаттық дыбыстарды қолданғанын
қарастырамын. Сонымен бірге диалектолог ғалымдардың пікірлеріне сүйене
отырып, қай аймақта қандай аффрикаттық дыбыстар қолданылатынын
қарастырамын. Қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстардың жіктелісін қарастырамын
да, бұрынғы кездегі дыбыстық құраммен салыстырамын.
Теориялық маңыздылығы: Дауыссыз дыбыстар жүйесіндегі тіркесім,
олардың сөз шені, морфема жігінде орналасу тәртібін тиянақтау.
Ж, ц, ч аффрикаттарының сөз басында, сөз ортасында қосар қызметі. Қай
кезде аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың өзінің қосар қызметінен
айырылатынын қарастырамын .
Жаңашылдығы: Дыбыс тіркесімдеріне тән теорияны қалыптастыру.
Аффрикаттық дыбыстардың ызың мен шұғыл дауыссыз дыбыстарының
қасиетін бірдей жинақтағанын, аффрикаттық дыбыстардың айтылым
ерекшелігін қарастырамын.
Тәжірибелік маңыздылығы: Дыбыстардың айтылым рөлін арттыру,
буынға жіктеудегі ерекшелік, тасымалға қатысы.
Кірме сөздер арқылы қазақ тіліне енген аффрикаттардың буын
құрамының, буын құрамындағы дыбыс санын өзгеруіне септігін тигізгенін,
қазақ тілінде осыған байланысты бес, алты буындардың пайда болуын,
сонымен бірге екі-үш дауыссыздан басталып, үш дауыссызға аяқталуының
етене құбылысқа айналуын қарастырамын.
6
Алғашқы мәліметтер: Қазақ тілінің емле, айтылым сөздігіндегі сөздердің
орналасуы.
Қазақ тілінің диалектология, аймақтық, орфографиялық, орфоэпиялық,
түсіндірме сөздіктердегі аффрикаттық дыбыстардан басталатын сөздердің
орналасуын, олардың санын, қай беттерде орналасқанын қарастырамын.
Сонымен бірге сөздіктерден сөздің ортасында аффрикаттық қызметтегі
дыбыстары бар сөздерді де қарастырамын.
Зерттеулердің әдістемесі: Жинақтау, сұрыптау, талдау, сұрақ-жауап,
түсіндіру.
Жұмыста сонымен бірге орыс ғалымдарының пікірлерін келтіремін, орыс
тілінде қандай аффрикаттық қызметтегі дыбыстар бар екенін қарастырамын да,
қазақ тілімен салыстырамыз. Берілген ғалымдардың пікірлерін талдаймыз.
Аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың әр түрлі диссимиляция, диэреза,
редукция сияты фонетикалық процестерге араласуын қарастырамын.
Сөздіктердегі аффрикаттардан басталатын сөздерді теру және оны талдау,
мысал келтіру, дәлелдеу, яғни ғылыми жұмысты жазу барысында әр түрлі әдіс-
тәсілдерді пайдаланамын.
Нәтижелер: Тілдік дыбыстардың сандық құрамы мен тіркесім қабілеті
алынады.
Аффрикаттық қызметтегі дыбыстардың сөз басында немесе сөз ортасында
орналасуына қарай бірде қосар қызметін атқаруы, бірде аффрикаттық
қызметінің жойылуына байланысты қазақ тіліндегі дыбыстық санын өзгеру
мүмкіндігі қарастырылады.
7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Тілдік дыбыстардың теориялық негіздері:
1.1 Дыбыстарға тән ғылыми ізденістер:
ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін қазақ әдеби тілін жазуда араб алфавиті
қолданылды. Бірақ қазақ тіліне өмірдегі өзгерістерге байланысты кірме сөздер
және советизмдер көп ене бастады, сондықтан қазақ тіліндегі таңбалауы жоқ
әріптердің саны көбейді. Сол себептерден 30 жылдардың басында қазақ тілінің
таңбалауы латын графикасына көшті, ал 40 жылдарда кирилицаны қабылдады.
Ғалым Сарыбаев Ш. пікірінше, 20 – 30 жылдарда қазақ әдеби тілінің
дамуына алғашқыда араб алфавиті, одан кейін латын алфавиті белгілі бір
дәрежеде кедергі жасады:
“ 1930-шы, әсіресе, 1920-шы жылдарда жазу тұрақтылығы, орфографиялық
ережелер көңілдегідей емес еді. Араб алфавиті қаншама реформаланса да, қазақ
тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне үйлесімсіз, қонымсыз болды. Араб
алфавитінің бір таңбасы қазақ тілінің бірнеше дыбыстарын таңбалауға
арналғандықтан көптеген сөздердің оқылуын қиындатты. 1929 жылы қазақ
8
халқы араб алфавитінен әлдеқайда оралымды латын алфавитін қабылдады. Бұл
алфавит жазылуды оңайлатып, орфографиялық жетілуіне көп септігін тигізді.
Бірақ бұл алфавит те ғылым мен мәдениетіміздің өркендеп дамуына ілесе
алмады. Мұнда ч, ю, ц, щ, э таңбалары болмағандықтан, орыс тілі арқылы енген
интернационалдық терминдер мен советизмдердің дұрыс жазылуын
қамтамасыз ете алмадық, адам аттарын дұрыс жаза алмайтын болдық.
Сондықтан 1940 жылы қазақ жазуының орыс графикасына көшірілуі - әдеби
тіліміздің бұдан әрі қарай дамуына көп әсер етті. Әсіресе орыс тілінен енген
сөздердің бірде олай, бірде былай айтылуына себепші болған латын алфавитінің
кемшілігінен арылып, лексика саласында жалпыға бірдей сөйлеу нормасын
қалыптастыру, бір ізге келтіру мәселесін шындап қолға алуға мүмкіндік берді.
Осы кезден бастап орыс тілінен енген сөздердің жазылуы бір қалыпқа түсіп,
олардың айтылуы, дыбысталу нормасы да тұрақтала бастады ” [1, 17;].
Ғалымның пікірінше, қазақ тілі алфавитінің кирилицаға көшуі қазақ тілі
таңбалауындағы көптеген мәселелерді шешті.
Тіліміздің дыбыс жүйесі туралы алғаш пікір айтушылар еңбектеріне көз
салсақ, Н. И. Ильминский қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар десе,
В.В. Радлов л дыбысының жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын вариантын
дербес дыбысқа есептеп, дауыссыздар санын 20-ға жеткізеді.
П. М. Мелиоранский де осы пікірді қайталайды. Ол жергілікті
ерекшеліктерге байланысты ш орнына ч, дж аффрикатын жалпы қазаққа тән
дыбыс деп, қазақ тілінде 21 дыбыс бар екенін айтқан.
Қ. Жұбанов жалпы қазаққа тән дыбыс пен оның жергілікті ерекшеліктерге
байланысты қолданылуы туралы жалаң атап өтумен шектелмей, диалектілік ең-
таңбалардың қазақ тілінің қай-қай салаларынан көрініс беретінін басын ашып
таныған, саралап және дәл көрсеткен.
Қазақ тілінің грамматикалық құрылымын және фонетикалық жүйесін
зерттеуде айрықша үлес қосқан аса көрнекті түркологтардың бірі
9
П.М. Мелиоранский (3) қазақ тіліндегі дыбыстардың құрамына тоқтала келіп,
вокализм жүйесі 9 дауыстыдан
(а, а, е, о, о, у, і, и, й), ал консонантизм
саласы 21 дауыссыздан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, к, г, ч, 1,
қ, ғ, ң, й, дж) тұрады деп жазған. Бұл дауыссыздар орыс тіліндегідей
айтылады.
П.М. Мелиоранскийдің пікірінше, ч тек қана қырғыз тілінде кездеседі.
Қазақ фонетикасының негізгі мәселелерін арнайы сөз еткен аса көрнекті
шығыстанушысы В.В. Радлов қазақ тілінің дыбыс құрамын талдай отырып,
оның 9 дауысты
(а, а, е, о, о, у, і, и, й) және 20 дауыссыз екенін
көрсетеді:
“ Қатаң – қ, к, т, п, с, ш – q, k, t, p, s, s;
Ұяң – ғ, г, д, б, з, ж – y, q, d, b, z, z;
Үнді – н, ң, м, р, л, л – п, т, η, r, 1, 1;
Аралық – д(w) – w, j ”
2, 8
.
С.Е . Малов “Язык желтых уйгуров” атты еңбегінде а, ә, б, в,
ғ, г, д, е, дж, ж, з, і, й, қ, к, л, ль, м, н, ң, о, ө, п, р, р, с, т, у, ұ, ф,
х, ц, ч, ш, ы, э әріптерін көрсетеді. Сонда С.Е.Маловтың
пікірінше, дауыстылардың саны 10, ал дауыссыздардың саны
25 болады.
10
1.2 Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамы мен айтылым
ерекшелігі:
Томанов М. “Қазақ тілінің тарихи грамматикасында” дауысты
дыбыстардың құрамы мен жіктелуін былай көрсетеді:
“ 1. Ашық дауыстылар
: а, е;
Қысаң дауыстылар: ы, і, у, ү;
Жартылай ашық дауыстылар:
о, у.
2. Жасалу орнына қарай:
Жуан дауыстылар: а, у, о, ы;
Жіңішке дауыстылар: е, ө, ү, і.
3.Ерін қатысына қарай:
Езу дауыстылары
: а, е, ы, і;
11
Ерін дауыстылары: о, ө, у, ү сияқты топтарға жіктелген ” [4, 35].
Кеңесбаев І. 11 дауысты, 25 дауыссыз, барлығы 36 дыбыс бар екендігін
көрсетеді. С. Мырзабеков “Қазақ тілінің фонетикасы” атты еңбегінде
а, ә, е,
ё, и, о, ө, у, ү, ұ, ы, і, э, ю, я дыбыстарын көрсетеді, ё, э, ю, я
орыс тілінен енген дыбыстар дейді ғалым.
Әбуханов Ғ. пікірінше, қазіргі қазақ тілінің дыбыс жүйесінде қолданылатын
дауысты дыбыстар саны – 12, олар
а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, у, э, и.
Ж. Аралбаев : “ Қазақ тілінде 10 монофтонг; а, ә, о, ө, е, ы,
і, ұ, ү, э қалғаны дифтонг дауыстылар: и, у ”
6, 12
.
Сонда ғалымның пікірінше, қазақ тілінде қазақ тілінде 10
дауысты дыбыс, 2 дифтонгойд дыбыс бар.
Термин түрінде дауыстылар жүйесін
вокализм деп атайды.
Қазіргі қазақ тілінде дауысты дыбыстар былай жіктелініп
жүр:
1. Тілдің күрек тіске қарай алға жылжуынан жіңішке
дауыстылар жасалады, кейде жіңішке дауыстыларды тіл
алды дауыстылар деп те атайды. Тілдің жұмсақ таңдайға
қарай артқа жылжуынан жуан дауысты дыбыс жасалады,
кейде жуан дауыстылар тіл арты дауыстылары деп те
аталады.
Жасалу орнына қарай: Жуан: а, о, ы, ұ, ( у,и );
Жіңішке: ә, е, і, ө, ү, ( у,и ).
2. Иектің жоғары, төмен түсуіне байланысты ашық, қысаң
болып бөлінеді.
Жасалу жолына қарай: Ашық: а, ә, ө, е, о;
Қысаң: ы, і, ү, ұ, ( у, и ).
3. Еріннің дөңгеленуі, сүйірленуі, дыбысты айтатын кезде
ерінге күш түсу арқылы еріндік, езулік дыбыстар
жасалады.
12
Ерін мен езудің қатысына қарай: Еріндік: о, ө, ү, ұ, у;
Езулік: а, ә, е, ы, і, и.
1.3 Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың құрамы мен айтылым
ерекшелігі:
Томанов М. “Қазақ тілінің тарихи грамматикасында” дауыссыз
дыбыстардың құрамы мен жіктелуін былай көрсетеді:
“Көне түркі тілінде 16 дауыссыз фонема болған. Олар мыналар
: б, п, д,
т, к - қ, г - ғ, й, ч, с, ш, з, м, н, ң, п, р, қ - к, ғ - г дыбыстары
дербес фонемалық қызмет атқармаған, қ жуан дауыстылармен
айтылса, к жіңішке дауыстылармен айтылған, сол сияқты ғ жуан
13
дауыстылармен айтылатын к дыбысының ұяң варианты ретінде ғана
қолданылған. Қысқасы, 4 дыбыс екі дауыссыз фонеманың көрінісі болған ” [4,
35].
Термин түрінде дауыссыз дыбыстар жүйесін
консонантизм деп
атайды.
І. Кеңесбаевше, қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар саны 25.
Олар: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, (у), ш, қ, ғ, ң, һ, в, ф, х,
ц, ч.
Ғалымның пікірінше, мұндағы у фонемасы әрі дауысты, әрі дауыссыз
фонема. Мұның
ішінде в, ф, х, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген.
Қазіргі қазақ тілінде дауыссыз дыбыстардың жіктелісі
мынадай:
1. Дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай жүйеленуі:
үнсіз және үнді дауыссыздар.Үнсіз дауыссыздарға: қатаң
және ұяң дауыссыздары жатады.
Қатаң: п, ф, с, ш, к, қ, т, һ, ч, ц, х, щ;
Ұяң: б, в, з, ж, ғ, г, д.
Үнді дауыссыздарға: ауыз жолды және мұрын жолды
дауыссыздары жатады.
Ауыз жолды: р, л, й, у;
Мұрын жолды: м, н, ң.
2. Дауыссыз дыбыстардың жасалу тәсіліне немесе
айтылуына қарай жіктелуі:
шұғыл, ызың, діріл
дауыссыздар.
Ж. Аралбаевтың пікірінше, шұғыл дауыссыздары үнді
шұғыл және үнсіз шұғыл дауыссыздары болып бөлінеді.
Үнді шұғыл дауыссыздары: м, н, ң;
Үнсіз шұғыл дауыссыздары: б, п, д, т, ғ, к, қ.
14
Ызың дауыссызы: в, ф, с, з, ғ, ж, ш, х. Ызың
дауыссыздарды фрикатив дауыссыздар деп атайды. Тілде
шұғыл және ызың дауыссыздардың қасиетін бірдей
жинақтаған дауыссыз дыбыстар бар. Оларды аффрикат
дауыссыздар деп атайды. Қазақ тілінде 3 аффрикат бар.
Олар: ж, ц, ч.
Діріл дауыссызы: р.
3. Дауыссыз дыбыстардың жасалу орнына қарай жүйеленуі:
Ерін дауыссызы: п, б, м, у;
Тіс пен ерін дауыссызы: ф, в;
Тіс дауыссызы: т, д, с, з, ц, щ;
Тіл ұшы дауыссызы: н, л, ч;
Тіл алды дауыссызы: р, ш, ж, й;
Тіл ортасы: к, г;
Тіл арты: қ, ғ, ң, х, т;
Көмей дауыссызы: һ.
15
Достарыңызбен бөлісу: |