Тема : К.И. Чуковского «Телефон»
Цели : познакомить учащихся с произведением К.И. Чуковского «Телефон», учить плавному слоговому чтению.
Развивать навыки грамотного, выразительного чтения.
Воспитывать способность сопереживать, желание помогать ,чувство любви, добра и радости на основе произведений К.И.
Чуковского.
Оборудование: учебник, интерактивная доска
Ход урока
1.Организационный момент.
Вот опять звенит звонок,
Начинается урок!
Ученики: (хором)
На уроке я тружусь
Не зеваю, не ленюсь.
Руку быстро поднимаю,
Четко все я отвечаю
И пятерки получаю.
Психологический настрой
Если вы добры-улыбнитесь, если вы дружны-возьмитесь за
руки и улыбнитесь.
2.Речевая разминка
- Для чего мы ее проводим?
Иии аааа ауаоэиу
- Прочитайте хором слоги и придумайте рифму.
Ру-ры-ра- начинается (игра)
Ба-бо-бы на дворе стоят (столбы)
До-ду-да-будем веселы (всегда)
3.Проверка домашнего задания стр118-119
4.Постановка цели урока.
Солнце садится. Все меркнет и ночь наступает.
Снова на Землю спускается время чудес
Словно Чуковские сказки во сне оживают
Грезит фантазией весь этот мир до небес.
5.Биография К. И. Чуковского. Выступление библиотекаря. (слайд №2 - Портрет)
Вы видите портрет детского писателя К. И. Чуковского. Недалеко от Москвы, в поселке Переделкино, среди берез и сосен. В
небольшом доме жил высокий седой человек, с ним были знакомы дети Москвы и дети всей нашей страны. Малышам он
казался, наверное великаном и волшебником из самой настоящей сказки. Они гордились знакомством с ним и называли его
ласково – Чукоша. А настоящее имя мальчика было Николай Корнейчуков, но когда он подрос и занялся журналистикой,
новое имя навсегда за ним осталось.
А сегодня мы не только будем читать его произведения , но и совершим экскурсию в Дом – музей, где жил писатель и
сочинял для нас эти замечательные стихи, сказки (слайд №3 Дом-музей)
6. Викторина «Вспомни сказку»
Спешим друзья, летим вперед
Корней Чуковский нас зовет
1)Веселится народ -
Муха замуж идёт
За лихого, удалого
Молодого …(Комара, « Муха-Цокотуха»)
2)Нет-нет! Соловей
Не поёт для свиней
Позови-ка ты лучше ворону. (« Телефон»)
3)И мне не надо
Ни мармелада, ни шоколада,
А только маленьких,
Ну очень маленьких… (Детей, «Бармалей»)
4)Лечит маленьких детей,
Лечит птичек и зверей,
Сквозь очки свои глядит
79
Добрый доктор …(Айболит, «Айболит»)
5)Только вдруг из-за кусточка
Из-за синего лесочка,
Из далёких из полей
Прилетает Воробей. («Тараканище»)
6)А посуда вперёд и вперёд
По полям, по болотам идёт.
И чайник шепнул утюгу:
« Я дальше идти не могу». («Федорино горе»)
7)А за ними-то народ
И поёт, и орёт:
- Вот урод, так урод!
Что за нос, что за рот!
И откуда такое чудовище? ( «Крокодил»)
8)Солнце по небу гуляло
И за тучку забежало.
Глянул заинька в окно,
Стало заиньке темно. ( «Краденое солнце»)
7.Беседа по выставке книг писателя
8.Знакомство с темой урока
Я знаю, что вы очень любите отгадывать загадки. И я приготовила для вас одну загадку. Вот послушайте
Через поле и лесок
Подается голосок.
Он бежит по проводам,
скажешь тут, а слышно там.(телефон)
-Для чего человек создал телефон?
-А сейчас мы познакомимся с отрывком произведения «Телефон»
9.Работа над произведением «Телефон»
Просмотр мультфильма
10.Первоначальный разбор
-Какой жанр того произведения? -Почему вы утверждаете, что это сказка?
-Как записана это сказка?-У этой сказки есть автор? Как называются сказки, у которого есть автор?
11.Словарная работа. Дюжина-12штук Пуд- русская мера веса 16кг
12.Чтение трудных слов по слогам
За-зво-нил при-шлешь
По-зво-ни-ли по-жа-луй-ста
13.Чтение стихотворения «цепочкой» стр120
14.Беседа по прочитанному материалу
-Кто первым позвонил, обратился за помощью? -Что попросил крокодил?
-Зачем нужна дюжина калош? -Что попросили зайчатки? -С какой просьбой обратились мартышки?
-Что попросил медведь? -Все ли животные соблюдают правила телефонного разговора? Какие правила знаете вы?
15.Чтение по ролям. 16.Работа в паре.(соедините стрелками)
Слон калоши
Крокодил перчатки
Зайчатки книжки
Мартышки шоколад
17.Рефлексия.
Посмотрите на выставку книг К.И. Чуковского
Хорошие книги писал дед Корней
Воспитывал взрослых он и детей
Будут и внуки наши и дети
Сказки читать веселые дети.
18.Домашнее задание. Выучить отрывок из стихотворения «Телефон»
* * * * *
Карагандинская облысы, Жанааркинский район
общеобразовательная школа №132
Учитель начальных классов Мельник Елена Сергеевна
Русский язык в 4 классе. Тема: Типы текста. Словарный диктант.
Цель: продолжить формирование понятий о типах текста и их особенностях, развивать навыки монологической речи,
память, логическое мышление, творческое воображение. Воспитывать интерес к предмету.
Ход урока.
1. Орг.момент. Психологический настрой.
Руки - на месте. Локти – у края. Ноги - на месте. Спина – прямая. Голова – умная, приумная.
2. Оформление тетради. Минутка чистописания.
-Прописываем букву Б б.(заглавную и сторочную)
Вот посмотрите-кто такой,
Загородив дорогу,
Стоит с протянутой рукой,
Согнув баранкой ногу.
- Охарактерезуйте букву Б.(согл, парн, звонкая.)
3. Работа по теме.
-Перед вами, ребята, две записи. Прочитайте их.
- Что интересного заметили и что можете сказать?
80
- Можете ли вы, сказать, что перед вами два текста?
( Если да, почему?)
( Если нет, почему?)
-Текстом является только вторая запись, так как предложение там связаны по смыслу и имеют общую тему).
- Что интересного вы узнали о китах?
- Сегодня мы с вами будем работать с текстом и с типами текста.
4. Актуализация и обобщение знаний учащимися о тексте.
- Повторение о тексте.
- Что вы уже знаете о тексте?
- Какие типы текста вы знаете?
В тексте – описании даются признаки предмета, его отличительные черты. К нему ставят вопрос (какой?)
Текст – рассуждение объясняет причину каких – нибудь событий, явлений, доказывает что-либо. К нему ставят вопросы
(почему? зачем?) Типы текста- повествование содержит рассказ о чём – нибудь. К нему ставятся вопрос: что случилось?)
5. Работа с текстом. - Определите тип текста(описание). - Списать. - Давайте, разберём предложение.
Вода выльется, а рачки и мелкие ребёшки останутся.
- Какое это предложение повествовательное, простое или сложное?
- Верно ребята, это сложное предложение и имеет две грамматические основы.
6. Работа по книги: стр. 282 упр.728. Коллективная работа.
- Прочитай.( самостоятельно, потом вслух)
Язык- Причёска- Характер - Уши болтал- Наблюдательность- (Подставь нужные слова по смыслу)
7. Словарный диктант. Воробей, ворона, газета, город, горох, девочка, дежурный, дорога, директор, заяц, картофель,
комната, орех, морковь, пшеница.
8. Рефлексия: Чем мы занимались сегодня на уроке?
9. Задание на дом: Составить текст.
1ряд- повест.
2ряд- описание. 3 ряд- рассуждение.
Словесное оценивание учащихся.
Спасибо за урок.
* * * * *
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы
«№132 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Мустафина Жанагул Картаевна
Әдебиеттік оқу. Сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіров «Малта»
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға ақын І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы туралы
айта отырып, өлеңнің негізгі идеясы ұлттық тағамның бірі малтаның жасалуы, оның пайдасы
жөнінде мағлұмат беру.
2) Сөздік қорын молайту, ой-өрісін кеңейту. Сауатты, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
3) Ұлттық асымыз малтаны /құртты/ бағалай білуге, «Қыс азығын жаз жина» мақалының мағынасын
ұғындыра отырып, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсінік беру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, оқулықпен жұмыс
Көрнекілігі: слайдтар(І.Жансүгіров суреті, сюжетті сурет), сөзжұмбақ, тірек сөздер, мақал-мәтелдер, оқулық.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық ахуал /Сәттілік тілеу/
II Үй тапсырмасын сұрау. -Үйге қандай тапсырма берілді?
-Ғ.Қайырбеков «Комбайншы» өлеңің жатқа айту, орыс жазушысы В.Сухомлинскийдің «Қатқан нан» мәтінінің мазмұнын
айту (сахналап көрсету)
III Жаңа сабақ Мотивациялық – бағдарлау кезеңі
Мақал-мәтелдегі жасырын сөзді тап.
1............ кеме – білім теңіз (мектеп)
2.Ашу дұшпан ........ дос, (ақыл)
Ақылыңа ақыл қос.
3. ........... қымбат. білу қиын. (білім)
4. Ырыс алды - .......... . (ынтымақ)
5. Ас атасы - ........ (нан)
м
е
к
т
е
п
а
қ
ы
л
б
і
л
і
м
ы
н
т
ы
м
а
қ
н
а
н
-Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы: І.Жансүгіровтің «Малта» өлеңі.
- Сабақтың мақсаты өлеңді сауатты, мәнерлеп оқыту арқылы өлеңнің өзекті ойын меңгерту, ұлттық асымыз МАЛТА туралы
түсінігімізді кеңейту, дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.
Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазып қойыңдар.
*Ақын өмірі мен еңбегі туралы мағлұмат беру /интерактивті тақта арқылы/.
81
1894 жылы қазіргі Алматы облысы Ақсу ауылында туған. Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын,аудармашы
/А.С.Пушкиннің.М.Лермонтовтың, М.Горькийдің,Н.А.Некрасовтың, В.В.Маяковскийдің көптеген шығармаларын қазақ
тіліне аударды.\ “Күй”,”Дала”,”Күйші”,”Құлагер”сияқты он беске жуық поэмалар
жазды.Қандай тақырыпқа қалам тербесе де ел қамы, халық тағдыры, ұлттың болмыс – қасиеті-оның шығармаларының
алтын арқауы.
IY.Операциялық- орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс.
а) өлеңді мұғалімнің оқып беруі.
ә) сөздік жұмыс.
Жұмыршақ – кедір-бұдыры жоқ, жұп-жұмыр.
Сөре – бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын.
Өре – құрт,ірімшік, жеміс-жидек, т.б. тағамдар кептіруге арналған
шиден тоқылған сөре.
Шым-шым су – ыстық су.
Сыбану – жеңін түру.
б) оқушыларға кезекпен мәнерлеп оқыту
в) Малта туралы түсінік беру /мәтін бойынша/
г) Тірек сөздерге сүйене отырып малтаны жасалу кезеңдеріне байланысты сөйлем құрастыру/пісті, қайнатты, сүзіп
қойды, кептірді, құрттың жібін бөккені/
Дәптермен жұмыс.
Малта - езілген кұрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жүмсақ, әрі сүйкімді ас саналады.Ұзақ сапарларда ауызға
салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Тақтамен жұмыс.
34.
Сүтті қайдан аламыз?
35.
Төрт түлік малдан.
36.
Сонда сүттен қандай тағамдар жасалады?
(Оқушылар тағам түрлерін атап отырып,тақтаға жазып көрсетеді)
* Сүттен қымыз, шұбат, айран, қатық, сарымай, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан
түрлі тағам әзірлейді. «Ағы бардың — бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген.
Y. Қорытынды. Құрттың пайдасы: Құрт - өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға, асқазанға ем саналған.
Қүрттың сары суын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу
үшін малма жасайды. Адам денсаулығына аса пайдалылығының дәлелі, құрт – кальцийдің көзі және ақуызға өте бай.
Сондықтан ол құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Оның құрамында А, В, С, Д дәрумендері, мыс , мырыш, күміс, темір,
кремний, магний, калций, аллюминий микроэлементтері жетерлік. Сондай-ақ кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау,
сүйегі берік болады» - дейді дәрігерлер.
Сондықтан, адамның күні-бойы қуаттылығын өтей алатын тағам болып саналады.
- «Қыс азығын жаз жина» деген мақалдың осы өлеңге қатысы бар ма?
(Оқушылар пікірін тыңдау, толықтыру)
YI. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сурет бойынша әңгіме жазып келу.
YII. Бағалау.
* * * * *
ҚАЗАҚТЫҢ БАЙЫРҒЫ ҚАРА ЕСЕПТЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылы, С. Қожанов атындағы
жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Асқар Жанерке Жомартқызы
Жетекшісі: Мұртазаева Жанар Жаппарбекқызы
Кіріспе
Замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, көк шыбықтай майысқақ, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының
пернесі - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, ұсынып отырмыз. Оның өз қыры мен сыры бар. Әр ғасырда
өмірге келіп, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, философиялық күрмеуін,
қазақ халқының тәлімінің сыр-сипатын бейнелейді. Осыдан да оның өз үні, өз лебі, өз көзжасы, өз лебі бар.Қалай болғанда
да екшеліп, бізге жеткен. Бүгінгі күннің ой-өрісін де көрсетіп, қысқа орам, иіріммен қайыратын қағидалар келешекте де
кәдеге жарайтын асыл тас. Керек тастың ауырлығы жоқ дейді халық.
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шегесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген
түймесін табу-есепті шешудің алтын балдағы. Алтын балдақ-қарашық біреу емес. Ол көп. Із кессең табасың. Есеп осыдан да
сан қилы жауап табады. Ол қазақ халқының ауызекі тараған есебінің кемшілігі емес - артықшылығы. Қазақ халқының
математикалық білімінің қолданыс жағы басымдау. Ол осынысымен құнды. Осылай десек те қазақтың білімінің тамыры
терең. Олар қазіргі тілмен алғанда санаудың әр түрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық пайдаланған. Бұрынғы қара
есептерді қазіргі есептеу құралдарымен де шешуге болады. Зекет есебі, құмалақ есебі-өз алдына әңгіме. Ол туралы
қосымшада мәлімет береміз. Алдағы уақытта қазақтың байырғы есептерін қарастыра отырып, олардың кейбіреулеріне
сипаттама береміз.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
82
Зерттеу міндеті: ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол
тұлға қалыптастыру.
Қазіргі заман өзектілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Зерттеу барысында мынадай гипотеза ұсынылды: оқу процесінде қазақтың байырғы математикасын, есептер жүйесін
қолдану математикаға оқып үйренудің тиімділігін арттырады.
Зерттеу обьектісі: байырғы қара есептердің қолданымдары.
Жоғарыдағы гипотезаны дәлелдеу үшін жекелеген бірқатар мәселелерді тұжырымдау қажет:
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: Логикалық ойлау қабілетін арттыру, оқуға саналы сезімге, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері: Ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, шығармашылығы дамыған, шешен, адамгершілігі мол
тұлға қалыптастыру.
> Байырғы қара есептердің математика курсында алатын орнын анықтау.
> Тақырыпқа сәйкес есептерді іріктеу және оларды шешу әдістерін қарастыру.
> Қосымша мағлұмат қарастыру.
Күтілетін нәтиже: Осы жобада анықталған зерттеулер мен жинақтар математикадан қосымша сабақтарда кеңінен
қолданылса, оқушыларды логикалық ой-өрістері кеңінен дамыған, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиеленген тұлға
қалыптасады.
Алтынның сыры кетпес,
Сыры кетсе де сыны кетпес.
Алтын қазына. Бұл бөлімде оқушының ой-өрісін, ізденімпаздығын дамытуға арналған логикалық есептер қарастырылған.
Логикалық есептер оқушының тереңнен ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын
арттырады.
«Ескісіз жаңа болмайды» есебі.
Екі сегіз - он алты. Және сегіз және алты. Жандап жүрген бір алты. Барлығы қанша?
Ескісіз жаңа болмайды,
Есепсіз дана болмайды. Бүл есептің ауызша айтқанда жауабы түрліше болады, себебі екпінді түрліше түсіруге болады.
Жазбаша келтірілген есеп соның бір жағдайы ғана, яғни
1) 2*8+8+6+6 =36.
Бұдан басқа есептің бірінші буынында мынандай жағдай болуы мүмкін:
2) 2+8+10+6= 26, демек 26+8+6+6= 46;
3) 2+8+16= 26, демек 26+8+6+6 =46;
4) 2*8+10+6= 32, демек 32+8+6+6= 52;
5) 2*8+16 =32, демек 32+8+6+6= 52;
6) 2+80+6 =88, демек 88+8+6+6= 108.
Бүл қарастырғанымыз есептің бірінші буыны өзгеріп, екінші және үшінші буыны өзгермегендегі жағдайлар. Есептің бірінші
және үшінші буыны өзгеретін болса не болады?
Үшінші буында екі жағдай болады:
7) бір алты, демек 6, мұны талдадық.
8) Бір және алты, демек 7.
Сегізінші жағдайды бірінші буыннан шыққан алты жағдаймен әрекеттестіреміз. Сөйтіп мына жауаптарды аламыз:
1) 2*8+8+6+7 =37,
2) 26+8+6+7 =47,
3) 32+8+6+7 =53,
4) 88+8+6+7 =109.
Сонымен, есептің бірінші және үшінші буындарының өзгерісіне сай мына жауаптарды аламыз: 36, 46, 52, 108, 37, 47, 53,
109.
«Үнді шәйі» есебі. Сәске кез болатын. Анам кесеге шәйді толтырып қоя салды. Кенже інім қолындағы қантын сол кесеге
түсіріп алды. Алайда қант құп-құрғақ күйінде қалды. Неліктен деп ойлайсың?
Бұта түбі кеуегі,
Кеуегінде көжегі.
Бұлай деп айтуы есепті шешуге болатындығын, әрі ол өзіне таныс нәрседен басталады дегенге тіреледі.
Жауабы: қант құрғақ шай үстіне түсті.
«Бәрін бірге ойлап қой» есебі.
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос-қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой,
Бәрін бірге ойлап қой.
Бұл есеп Қырық бір түйір құмалақ, өтірік айтпай, шынын айт, - түйіндеуімен бітеді де қазақ даласында да құмалақшының да
өз есебі бар екендігі, оның құрмет пен сенімге ие болғанына құмалақшы да бірлікке шақырғанына күмәнданбаймыз.
Жауабы: 19 бас мал.
«Нар түйеден жүк ауыспас» есебі.
Әр түйе төрт қанар жүк көтерсе, жиырма екі қанар жүкті Шалқардан Жармолға дейін жеткізу үшін, Ыбырай оқушысы
Медресінге неше түйе керек болар еді?- дейді баласы Емберген Тереков.
Нар түйеден жүк ауыспас.
Жауабы. 6 түйе.
«Жыл қайыру» есебі.
83
- Нешедесің?- деді ақсақалға жігіт ағасы
. -4 жылқы, тоқтымын, - деді Тәттімбет күйші.
Тәттімбет неше жаста? Дананың сөзі асыл тас.
Жауабы.Тәттімбет 4 жылқы деу арқылы өзіне төрт мүшел толғандығын айтты және тоқты деу арқылы 2 жас қос деді, яғни
49+2=51
«Бесжиырма мен бесжақсы» есебі.
Ең бай қазақ баласының қалыңына шектен шықпай бесжиырма мен бесжақсы берді. Бір жылқысы орта есеппен 20 сом
тұрса, бай баласының қалыңына қанша жылқы берді деп ойлайсың?
Бесжақсы, бесжиырма деген не?
Бірінші байлық - денсаулық, Екінші байлық - ақжаулық.
Жауабы.бесжиырманың мағынасы 50 жылқы. Бұл жерде 50 жылқы ішімен есептеліп отырғандықтан, небәрі 100 бас болады.
Бесжиырма да 100 деген сөз. Ал бесжиырма қалыңдық сәукелесіне арнап, күйеу беретін кәде. Бесжақсы үшін 500-600 сом
береді. Есепте «шектен шықпас» деген тіркеске жүгінсек 600 сом берген болады. Бір жылқы 20 сом тұратындықтан
бесжақсы үшін 30 жылқы бергені. Сонда небәрі 80 жылқы қалыңмалға берілген.
«Қораға қамалған қой» есебі.
99 қой 15 қораға қамалған. Неліктен ең болмағанда қораның біреуінде қойдың саны тақ болады?
Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды.
Жауабы. Егер әрбір қорада жұтан қой қамалса, онда олардың қосындысы жүл сан болады. Ал 99-тақ сан. Демек, ең
болмағанда қораның біреуіне тақ санды қой қамасақ, қана, тақ сан шығады.
«Қасқыр, ешкі және қырықбуын» есебі.
Шаруа өзеннен қасқыр, ешкі және шөпті алып өту керек. Қайыққа шаруаның өзі мінеді. Одан соң не қасқырды, не ешкіні, не
шөпті алуына болады. Егер шаруа жағаға ешкі мен қасқарды қалдырып, шөпті алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды.
Ал егер қасқырды алып, ешкі мен шөпті қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды. Шаруа өз жүгін қалай өзеннен аман-сау
алып өтеді?
Жауабы: әуелі ешкіні алып келіп жағада қалдырып, қайтып келіп қасқырды алып кетеді. Бірақ қайтарында ешкіні қайта ала
кетеді. Енді шөпті тиеп, ешкіні қалдырып кетеді. Қайтып келіп, шаруа ешкіні алып кетеді.
«Ерте, ерте, ертеде» есебі.
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі құйрығы келте де.
Қырғауыл деген қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен.
Бір шал мен оның кемпірінің үш баласы болыпты. Ағайындылар жұмыртқа теріп ну қамысты Шалқар көліне барыпты.
Жұмыртқа қызығына түсіп, оны тере беріпті, тере беріпті. Ақыры олар адасып кетіпті. Үлкені басқаларын күте-күте қарны
ашып, шәйнекке су толтырып, жұмыртқаны толтыра салып, астына от жағып, бойы жылыған соң қисайып ұйықтап кетіпті.
әлден уақыттан соң ортаншысы келіп, жұмыртқаның үштен бірін жеп, ұйықтап қалады. Мұны білмеген кенже інісі де қалған
жұмыртқаның үштен бірін жеп, қисая кетті. Бір кезде үлкен ағасы оянып, қалған жұмыртқаның үштен бірін жейді. Сонда
қалған сегіз жұмыртқаны кімнің сыбағасы?
Жауабы. Небәрі 27 жұмыртқа. Ортаншысы оның үштен бірін, яғни 9 жұмыртқасын жейді. Сонда қалған 18 жұмыртқаның
үштен бірін кішісі жейді. Яғни 6 жұмыртқа. Ендігі қалған жұмыртқаның үштен бірі 4 жұмыртқаны үлкені жейді. Қалған 8
жұмыртқаны үлкені 5, ал кішісі 3 жұмыртқадан бөліседі. Себебі, ортаншысы 9 жұмыртқа жеді.
«Түлкі мен ешкі» есебі.
Жорытып келе жатқан түлкі байқамай терең апанға түсіп кетіпті.апаннан шыға алмай тұрғанда, су іздеген ешкі түлкіні көріп:
-Әй, түлкі, негып тұрсың?-депті. Түлкі:
- Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұнық суы бар. Соны ішіп, жаным Райс тауып
түр, -деді. Жан рахатына түскісі келген ешкі апанға секіріп түскенде, қу түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан екі қарыс
мүйізіне шығып, мүйізінен сондай жердегі далаға шығып, жөніне кетті. Апан тереңдігін анықта. Ешкі нешеде?
Жауабы. Апан тереңдігі 2 метрдей, себебі 1 қарыс= 21см. Ешкі мүйізі 2 қарыс болғандықтан, ешкі мүйізі қазіргі есеп
бойынша 42 см шамалас жэне сондай жерде дала. Олай болса, 84 см-дей жерде апан ернеуі. Апан тереңдігін табу үшін,
бүған ешкі бойын қосамыз. Ешкі бойы шамамен 70 см, онда апан тереңдігі 1 м 54 см болады. Ал ешкі жасын оның
мүйізіндегі бунақтар саны көрсетеді.
«Жиренше шешен және піскен қаз» есебі.
Қарашаш сұлу, жұртқа белгілі данышпан болған соң, заманындағы хан күндеп, Жиреншемен қас болады. Бір күні ханның
көңілі шапқан соң асбашылар алдына бір қаз пісіріп алып келіп қойысты. Жиренше қасында отыр екен. Хан оған бұйырды: -
Бұл қазды өзіме, ханымға, екі балама және өзіңе, біріңе артық, бірімізге кем жібермей бөліп бер. Егер біреуімізге бір мысқал
артық-кем болса, өзіңді қатты жазалаймын, - деп. Хан қаһарынан сақтағай, бір алла өзің жәрдемші! Білікті бірді жығады,
білімді мыңды жығады.
Жауабы. Жиренше қолына пышақ алып, әуелі қаздың басын кесіп ханға береді. - Тақсыр, сіз біздің басымыз ең, міне, сізге
бас, - деді. Хан ханымсыз болмас, ханым хансыз болмас, құс мұрынсыз болмас, олай болса, ханым сіздің мойыныңыз деп,
оған қаздың кеңірдегін кесіп алдына қойды.
- мынау екі балаңыз - сіздің екі қанатыңыз, оларға міне қанат деп, қаздың екі қанатын екі баласына кесіп қойды.
- Мен өзім, тақсыр, бас та емес, аяқ та емес, орташа ғана адаммын, мынау құстың орта денесі маған лайық, - деп қаздың
қалған денесін өз алдына қойды. Сөз тапқанға-қолқа жоқ.
« Төрт тентек » есебі.
Мөңке би бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып, еру ауылдың жанында асық ойнап жүрген бір топ
балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітіпті. Оған бай ашуланып, әлгі баланы куалайды. Байдың мінгені асау
тай екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі үшып кетеді. Байтал одан
бетер тулап, байды жығып кетеді, бай қаза табады. Содан кейін байдың тумалары және елінің игі жақсылары жиналып келіп,
балалардың елінен құн сұрайды. Екі ел келісе алмай кеңес бірнеше күнге созылады. Мөңке сол ауылдың баласы екен,
84
жиналған көпке келіп, былай депті: «Ия, ағалар-билер, сіздер бұл кеңесті ұзаққа создыңыздар ғой және бір шешімге келе
алмадыңыздар. Осының билігін маған берсеңізер, мен тез бітірер едім», -депті. Көпшілік баланың ықыласына риза болып
бір ауыздан: «Билікті бердік, ал айта ғой», -депті. Сонда мөңкенің айтқаны: «Бұл шалдың өліміне кінәлі ел емес, тентек. Ал,
мұнда тентек төртеу. Менімше сол төрт тентек құнды бөліп төлесін және ердің құны жүз жылқы болсын!»-дерті. Бұл билікке
екі жағы да түсіне алмай: «тентек кімдер?»-деп сауал қойыпты. Мөңке жұртқа түсіндіріпті. Ақыры, екі жағы да осы билікке
разы болып, балалардың ауылы кұнның төрттен бірін жиырма бес жылқы төлеп құтылыпты. Мөңке баланың би болуына
осы билік себеп болыпты. Мөңке-қырғыз Қайдауыл батырдың жиені екеніне де көңіл аударамыз.
Жауабы. Мөңке бала тұжырымы. «Бірінші, мың жылқыдан бір жуас таба алмағандай, асау байталға мінген және елде адам
құрығындай асық ойнаған балалардан жөн сұраған бай тентек; екінші, адам көрмегендей, баладан үркіп тулап байды жығып
өлтірген байтал тентек; ұшып түскен бөрік тентек; төртінші байталды үркіткен бала тентек.
Достарыңызбен бөлісу: |