Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы



Pdf көрінісі
бет1/28
Дата02.01.2017
өлшемі3,27 Mb.
#979
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
45minut.kz – 45minut.org 
Ұстаздарға арналған басылым редакциясы
«БІЛІМ БОЛАШАҚҚА 
ЖЕТКІЗЕТІН НҰРЛЫ ЖОЛ» 
VIІІ ЖИНАҚ
Ұстаз шығармашылығы  45minut.org топтамасы
Шығармашылық еңбектердің іс-тәжірибелік жинағы
Алматы, 2015
1

УДК 37.0 
ББК 74.00
Б   94     «БІЛІМ   БОЛАШАҚҚА   ЖЕТКІЗЕТІН   НҰРЛЫ   ЖОЛ»  VIІІ   жинақ.   45minut.org 
топтамасы:   Шығармашылық   еңбектердің   іс-тәжірибелік   жинағы/Редактор   І.   Б.   Нағиев   – 
Алматы, 2015. – 170 б.
         ISBN 978-601-7579-13-5
«Нұрлы жол» - «Мәңгілік елге» бастау алған сара жол, болашақтың басты бағдары, жаңа 
істер   бастамасы.   Бұл   тіркестің   өзінде   терең   ассоциациялық   мән   бар.   Бұл дағдары с 
кезеңінен   шығу   жолы,   инфрақұрылымдардың   дамуы,   жаңа   жолдардың 
салынуы,экономикалық серпілістің жалғасы, әлеуметтік әл-қуаттың артуы. 
Жер бетінде қанша ел болса, әр елдің мәдениеті, салт - дәстүрі мен білім беру жүйесі 
болады.  Біздің  мемлекетіміздің  де  білім  беру  саласына  көптеген  өзгерістер
енгізілуде.   Жаңа   заман   –   қай   кәсіпте   болмасын   жаңашылдықты   талап   етеді.   Басты  
мақсат   –   жас   ұрпақтың   сапалы   білімді   игеруі.   Оқушыларды   таңдандыру,   қызықтыру 
үшінәрбір   сабақ   жаңалық   болуы   керек.   Сондықтан,   мұғалім   үнемі   ізденісте,   жаңашыл 
жәнеәрқашан білімін жетілдіріп, жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеруге тиіс.
Білім   саласы   мен   кәсіпорын   мамандары   арасындағы   байланыс   ғылым,   білім   және 
өндіріс ықпалдастығының арта түсуіне қызмет етеді. Ал басты басымдылық   ретінде адам 
капиталы,  тәжірибелік  білім  мен  біліктілікке  инвестиция  салынатын  болады.
Өйткені,   заманауи   маманға   оның   білімі,   кәсібилігі,   оқып-білуге   деген   қабілеттілігі 
құнды қасиетке баланады.
УДК 37.0 
ББК 74.00
               ISBN 978-601-7579-13-5
© Нагиев И.Б., 2015
2

КӨРКЕМ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ
Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта 
мектебі МДШО» КММ-нің психологы Мусабекова Шакизат Дуанбаевна
       Бала дүниеге пәк болып келеді. Егер, ата-анасы жақсы тәрбиелесе, жақсы мінез-құлықтармен безендірсе парасатты,  
адамгершілігі мол болып өседі. Ал егер, жақсы тәрбие көрмей, жаман мінез-құлықтарға бой алдырса, онда одан жақсы іс-
әрекет,   адамгершілік   күтуге   болмайды.   Денеміздегі   әр   түрлі   аурулар   дәрі-дәрмекпен   қалай   емделсе,   жаман   мінез-
құлықтардан арылып, жақсы мінез-құлықтардың орнығуы арқылы рухымыз да емделеді.  Сүйікті Пайғамбарымыз: «Мінез-
құлықтарыңды дұрыстаңдар» дей отырып, жаман мінез-құлықтың түзелетінін айтқан. Жұқпалы ауруы бар адаммен бірге  
отырып, бірге тұратын адам дәл сондай кеселге ұшырауы мүмкін. Мінез-құлқы жаман адамдармен жолдас болған адамдар 
да уақыт өте келе өздерінің жақсы мінез-құлықтарынан айырылып, жаман мінезге түсіп кетеді. Сол себепті өз мінезін сақтау  
үшін, жақсы тәлім-тәрбиесі бар адамдармен араласуы керек, ал әдепсіз адамдардан ұзақ болуы тиіс. Біздің міндетіміз болса  
жора – жолдас таңдағанда абай болу, жақсы және білімді адамдармен дос болу, олардың сөз және іс-әрекеттерінен жақсы 
өнеге алу, жаман адамдардан қашық болу. Бірақ оларды сол жаман іс-әрекеттерінен құтқару мақсатында олармен жақсы  
араласып, адамгершілікке, парасаттылыққа тарту қажет.
1)
Ешкімге зиян тигізбеу
 
 : Адамдардың бас-бостандығына, мал-дүниесіне, ар-намысына қол сұғу дінімізде харам 
етілген. Бұлар адамдардың жеке басының хақы. Басқалардың құқығына құрмет көрсетіп, адамдарға зиянды іс-әрекеттерден 
аулақ болуға міндеттіміз.
2)
 Басқаларға жәрдем көрсету: адамдарға жылы сөйлеп, жылы шыраймен қарау, кедейлерге жәрдем ету, ешкімі 
жоқтарға қамқорлық көрсету, құлағанды сүйеп, адасқандарға жол көрсету – міндетіміз, саналы өмірдің көрсеткіші. 
3)
Үлкенге құрмет, кішіге қамқор болу
 
 : Ата-анамызға,  ұстаздарымыз бен өзімізден үлкендерге құрмет көрсету, 
өзімізден кішілерге қамқор болу, маңызды адамгершілік қағидасы, парасаттылықтың белгісі. 
4)
Жаманшылық жасағандарды кешіру
 
 : Парасатты адам өзіне жасаған жамандықтарды кешіреді. Тіпті кешірумен ғана 
шектелмей, жамандыққа қарсы жақсылықпен жауап береді. Бұл ең тамаша қасиет. 
Сүйікті Пайғамбарымыз: «Үш тамаша мінез кімде болса, Аллаһ Тағала сол адамды мейірімімен жәннатқа кіргізеді»,-дейді. 
Одан:
1.
Ол қандай мінездер? – деп сұрағанда:
2.
Саған бермегенге сен бер,
3.
Саған келмегенге сен бар,
4.
Саған зұлымдық жасағанды кешір, - деп жауап берген.
Көркем мінез-құлыққа жете білген адамның ерекшелігі:
5.
Ішімдік, құмар ойындар, ұрлық және алдау арбау сияқты жаман нәрселерден бойын аулақ ұстайды.
6.
Өтірік айтпайды, өтірік куәлік етпейді, өтірік ант етпестен, ешкімді жамандамайды.
7.
Қолмен де, тілмен де ешкімді ренжітпейді.
8.
Берген сөзінде тұрады, аманатқа қиянат жасамайды.
9.
Адамдарды бір-біріне айдап салатын сөз және іс-әрекеттен бойын аулақ ұстап, ренжіскендерді татуластырады.
10.
Екі жүзділіктен аулақ болып, сөзі мен ісі бір-біріне сай және шыншыл, адал болады.
11.
Ата-анасын құрметтеп, оларды ренжітпейді.
12.
Кішкентайларға қамқор болып, үлкенге құрмет көрсетеді.
13.
Біреуге әділетсіздік жасаса кешірім өтінеді.
14.
Өзіне жамандық жасағандарды кешіреді.
15.
Ешкімді мазақ етпейді, өзінен төменгілерді кемітпейді, кем көрмейді барлық адаммен тату-тәтті өмір сүріп, 
кішіпейіл болады.
* * * * *
Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта  мектебі 
МДШО» КММ. тарих пәні мұғалімі Уразбаева Орынгуль Нурымбетовна
Қазақстан тарихы
Уразбаева О.Н
Сабақтың тақырыбы
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сілтемелер
Ж.Қасымбаев, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаева   оқулық Слайдтар, сызба.
Жалпы мақсаты:
Реформаның қазақ жеріне тигізген пайдасы мен зардабын білу, мазмұнын, мәнін ашып, тиімді 
және тиімсіз жақтарын табуға үйрету.
Оқу нәтижежесі:
*Реформаның денсаулық және жер саласына тигізген әсері, қазақ жерінде болған өзгерістер 
туралы ұғынады.
*Өз пікірін еркін айтуға дағдыланады.
Негізгі идея
Реформаның басқа қабылданған реформалардан айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ашып 
көрсету.
Күтілетін нәтиже
Бүкіл қазақ жерінің Ресей жеріне өтуі,қабылданған реформаның Қазақстанның әлеуметтік дамуы 
мен кері әсерін білу
3

Дереккөздер
Қосымша тарихи кітаптар,интернет матералдары
Тапсырмалар 
1. Оқулықпен жұмыс
2. Ой шақыру
3. «Білім қоржыны» сұрақтары
4. Салыстырмалы талдау
5. Тиімді және тиімсіз жақтарын ашу
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әркеті
3 минут
7  минут
2 минут
13 мин
2 минут
5 минут
3 минут
5 минут
5 минут
I. Ұйымдастыру кезеңі:
А.Оқушылармен сәлемдесу
Ә. Бүгінгі күнге тілек жазылған конфеттер  арқылы топтарға бөлу
I топ    Түркістан тобы
II топ    Батыс Сібір тобы
III топ   Орынбор тобы
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
 
«Білім» қоржыны. 

ХІХ ғасырдың басында халық арасынан шыққан ақындар 
кімдер?

 Махамбет Өтемісұлы тұралы не білесің?

Махамбет өз өлеңдерінде не туралы жырлады?

Дулат Бабатайұлы 

Шернияз Жарылқасұлы   

Шөже Қаржаубайұлы

Сұйінбай Аронұлы

ХІХ ғасырдағы музыка мәдениетінің дамуы

Қазақ халқының материалдық мәдениеті
III. Жаңа сабақ
Қағазға жазылған сөздер арқылы жаңа тақырыпты анықтау
Ой ша ыру: 
қ
3 топ  үш сөздің мағынасын ашу
 Империя, отар, реформа сөздерінің мәнін ашу
Сабақтың тақырыбы: 
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Кескін сызбамен жұмыс.
Кескін сызбаны қорғау
1. 1867-1868 жылдардағы реформаны дайындау және сол бойынша 
әкімшілік аймақтық бөлініс
2. 1867-1868 жылдардағы реформаның мазмұны мен қамтыған негізгі 
салалары
3. 1867-1868 жылдардағы реформаның отаршылдық сипаты
Сандардың мағынасын тап
3
6
5
Сергіту сәті.
Тақырыпқа байланысты видеоролик көрсету
Картамен жумыс
Оқушылар картадан 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша 
әкімшілік- аймақтық бөліністерді көрсетеді?
5)
Батыс Сібір генерал губернаторлығы
6)
Орынбор генерал губернаторлығы
7)
Түркістан генерал губернаторлығы
Салыстырмалы талдау
Бекіту
Мұғаліммен сәлемдесу.
Оқушылар қағаздар бойынша 
топқа бөлініп орындарына 
отыру.
Сұрақтарға жауап беру
«миға шабуыл» әдісі арқылы 
тақырыпты ашу
Кескін сызбамен жұмыс.
Кескін сызбаны қорғау
Тақырып бойынша сандардың 
мағынасын ашады
Видеоролик көру арқылы өз 
түсініктерін қалыптастыру
Картамен жұмыс
Топтар 1822ж- 1824жылғы 
және 
1867-1868 жылдардағы 
реформаға салыстырмалы 
талдау жасайды
Реформаның тиімді және 
4

2 минут
2 минут
1 минут
1867-1868 жылдардағы реформаның тиімді және тиімсіз жақтары
Білімдерін бағалау
 Бағалау парақшасы арқылы оқушылар бірін бірі және өз өздерін 
бағалайды
Үйге тапсырма  & 24 оқу. Ойтолғау жазу
Жаңа тақырыпқа қатысты 1867-1868 жылдардағы реформаның Қазақстан 
жеріне тигізген зардаптары 
Рефлексия
«Екі жұлдыз бір тілек» 
Стикерге  сабақтан алған әсері туралы  жазуды тапсыру
тиімсіз жақтарын ашып 
көрсету
Бірін   бірі   бағалауға   және 
өздерін-өздері
 
бағалауға 
үйрену
Тақырыпты оқып 
шығармашылық тапсырма 
орындау
Стикерге  сабақтан алған әсері 
туралы  жазуды тапсыру
Алматы облысы Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ  
орта мектебі МДШО» КММ. Бастауыш сынып мұғалімі Урманова Жақсыгул 
Сабақтың тақырыбы: "Туған ел" С. Сейфуллин
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға С. Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын 
ашу
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру.
Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге 
тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер   Сабақтың типі: Жаңа білім енгізу  Түрі: дәстүрлі
Әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, түсіндіру. Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру Психологиялық тренинг
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.
Көк аспанда күн күлсін!
Бізде бірге  күдеміз,
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып, күннен алған шуақты жүрегімізбен сезініп сабағымызды бастайық
- Осындай жылы тілектерді бойымызға қабылдай отырып, сабағымызды бастайық.
IІ. Жаңа сабақ
Біз қандай тарауларды  өттік? Бүгінгі  тарау  қандай  тарау?
... Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың 
тілі - музыка, ол ақын, жазушылардың тілі - сөз.
- Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері – Сәкен Сейфуллин.
Сұрақ: С. Сейфуллин кім? 
Сәкен тағлымына, Сәкен еңбегіне, Сәкен шығармашылығына, тіпті, Сәкеннің сұлулығына бас имеген қазақ кем де кем. 
Оның күллі қазаққа ортақ, күллі түркі дүниесіне ортақ мұрасына тамсана, бас шайқай қарап, сырттай құмар болу бір басқа 
да, оны терең түсініп, Сәкенше сезініп, Сәкенше бойлау бір басқа.
Сәкен маңдайы жарқырап туған, елім деген, жерім деген 
қазақтың марқасқа ұлдарының бірі емес, бірегейі болатын.Қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған, елі үшін еңіреп 
тұған ер, қайтпас қайсар күрескер ақын.
Туындаған  сұрақ Сәкен  Сейфуллин  кім?
(Сәкен Сейфуллиннің суреті, өмірбаяны.)
Оқушылар  үйден  дайындап  келген  деректемелерді  оқиды.Сәкен Сейфуллиннің  өмірбаяны, шығармашылығы.
Жаңа сабаққа дайындық.
 Жаңа сабақтың  тақырыбын анықтап  алу  үшін  өрнектің мәнін  өсу  ретімен  қой.
12+2=14 Т        6*6=36  Н       5*5=25 Ғ      13+17=30 А              3*8=24 У
48:6=8 Л                 45:9=5Е
Күн  ретін  жазамыз.
 Дәптермен жұмыс. Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқып, мазмұнын 
түсіндіремін. 
Біздің туып өскен жеріміз - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің 
еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер 
өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, 
батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да 
мақтан тұтамыз.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық 
– нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші 
міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең  
(Туған жер, табиғат туралы сурет)
2. Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу, абзац бойынша оқу.   3. Өлең мазмұнын ашу
Сұрақтар қою:
а) Ақын туған даласын кімге теңейді?
5

IV. Дәптермен жұмыс. ә) Туған ел туралы 2 - 3 сөйлеммен шағын әңгіме құрастыру.
V. Сергіту сәті  Тау ішінде әнін тыңдату.   VI. Поэзия минуты. (Өлең құрастыру)
VII. Суретпен жұмыс: - Суреттен не көріп тұрмыз? - Елік, гүл, бұлт, шөп, көбелек, ағаш.
VIII. Ойын: Мақал  мәтел  айту
Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай 
білейік.
IX. Бекіту.  - Сәкен кім?  С ә к е н Жазушы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері, драматург, педагог, сазгер
- Қандай өлеңмен таныстық?  - Өлеңде не туралы айтылған?
X. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау,  мақал жазу.
XІ. Бағалау.
* * * * *
Алматы обл, Қарасай ауданы, Тұрар ауылы «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі
шағын орталықпен» КММ. Ргебекова Кымбат Аманбековна,  информатика пән мұғалімі
  
Сабақтың тақырыбы:  Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.
Сабақтың мақсаты: WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру.
Күтілетін нәтиже: WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы білетін болады. Мәтін теру ережелерінің атқаратын 
қызметін өзара ажырата білуді үйренеді.
Негізгі идеялар:  Мәтінмен жұмыс істегенде кейде оларды біріктіруге, кейде фрагменттерді әр құжаттардан алып, оның 
жаңасын құруға тура келеді. Егер барлық құжаттарды әртүрлі ережелер бойынша құратын болсақ, тырнақшалары, 
жақшаларды мәтіннен кенет бөліп қалмайтындай етіп қойып шығу, осының бәрі маңызды.
Тапсырмалар:  Топтық жұмыс « Ақпарат алу»
Жеке жұмыс: «Деңгейлік тапсырманы орындау»  Жеке жұмыс: «Құзырлылық тапсырма»
Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
1.1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.«Шаттық шеңбері»
1.2.Топқа бөлу. ( «W-O-R-D-Pa-d” , «М-Ә-ТІ-Н-Д-І-К» әрітердің қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөлінеді)
(3 минут)
І топ «WordPad» , ІІ топ: «Мәтіндік  » болып оқушылар топтарға бөлінеді. 
ІІ. Үй тапсырмасы: «Тауға шығу» сұрақ –жауап арқылы (7 минут)
1. WordPad қандай редактор?
2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?
3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?
4. WordPad-ты қалай іске қосамыз?
5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?
6. Мәтінді не арқылы тереміз?
7. WordPad мәтіндік редакторының парақ өлшемі?
8. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?
9. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?
10. WordPad-та жызылған мәтін баспаға шыға ма?
IІІ.Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі) (8 минут)
Топтар оқулықтағы мәтінмен және компьютер арқылы электронды оқулықтан
І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін»
ІІ топ: «Мәтін бойынша жылжыту» туралы танысып шығады.
Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген 
рөлдің міндеттерін атқарады.
Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топта өз жұмысын қорғап шығады.
Топтардың өзара бағалауы (критерийлер арқылы) (2 минут)
Бағалау критерийлері І-топтың жұмысы
ІІ-топтың бағалау жүргізуі
1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы 
2.Ақпараттардың нақтылығы 
3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі 
Сергіту сәті (1 минут)
ІV. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)
А-деңгейі  Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы – кәдімгі.(обычный)
В-деңгейі: Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)
С-деңгейі  Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге 
көмектесіңдер. (Оқушылар қате жазылған мәтіндердің қатесіп тауып жазады)
Өзін-өзі бағалау (бағдаршам арқылы) (1 минут)
V.Жеке жұмыс: Құзырлылық тапсырма. (4 минут)
Менің арманым... ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуальды ойнын мен үнемі Ел арна телеарнасынан тамашалаймын.
Менің де арманым, сабақты жақсы оқып, осы аталған телеойынға қатысу
Тұжырымдамалар Иә және Жоқ
А) Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Иә және Жоқ
6

Б) Келесі сөзді жазу үшін Enter пернесін басамыз. Иә және Жоқ
С) Сөйлемнің келесі абзацына түсу үшін бос орын пернесін басамыз. Иә және Жоқ
VІ.Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы» (5 минут)
«Блум таксономиясы»
Білу: WordPad қандай редактор?
Түсіну: WordPad –тың негізгі мүмкіндіктерін атап түсіндіріңіз?
Қолдану: WordPad мәтіндік редакторының терезе элементін реттілігімен сәйкестендіріңіз?
1. Жолақ  2. Сызғыш  3. Жай-күй жолы  4. WordPad батырмасы   5. Жылдам қолжеткізу тақтасы
Талдау: WordPad пен PAINT-тың айырмашылығын салыстырыңыз?
Жинақтау: Бүгінгі сабақтан алған әсерім (эссе жазу)
Бағалау: WordPad не үшін керек?
VIІ. Кері байланыс. Рефлексия. (2минут)  Маған ұнады Қиын болды Тілегім
Үйге тапсырма: §20. Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. (158-161 бет)
Кейінгі оқу WordPad мәтіндік редакторында «Бүгінгі сабақтан алған әерім» тақырыбында эссе жазып, А4 қағазына 
шығырып алып келу. 
* * * * *                                           
     Батыс Қазақстан облысы
Теректі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері
Аманғалиева Жемис Ғалымжановна
Қазақ тілі.     8-сынып   Сабақтың тақырыбы: Сәлемдесу . Салалас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты: І.Білімділік:Оқушыларды мақалды, мәтінді түсініп оқуғаүйрету.Сәлемдесудің әдептілікке жататынын 
түсіндіру.
ІІ.Дамытушылық:Амандасудың түрлерімен таныстыру.Топпен және жұппен жұмыс істеуге дағдыландыру.Рөлдік ойындарға 
бейімдеу.
ІІІ.Тәрбиелік: Алған білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге, өз пікірін еркін айтуға,өзгенің пікірін тыңдауға баулу; 
адамгершілігін арттыру, еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.
Оқыту әдістері: аударма, жаттығу, тыңдап түсіну, ойландыру, сұрақ-жауап, ойын, түсіндірмелі – иллюстративті.
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,
 
слайдтар, видеороликтер, дыбыс жазбалар, жаңылтпаштар, мақалдар, кесте, сурет, 
ойын, үлестірмелі парақшалар, бағалау парақшасы.
Сабақтың  барысы:  1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып , түгелдеу.
 2.Ғажайыпстанға саяхат ( Үй тапсырмасы сұралады.)
Мұғалім сынып оқушыларын саяхатқа ертіп шығады.Олар желаяқ мінеді де,сынып оқушыларын «Әдеп»,«Парыз» , «Өнеге» 
деп 3 топқа бөлінеді.
Бірінші аялдама «Әдептілік» аялдамасы.
Балалар, енді жаңылтпаш пен мақал айтайық.
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті .
Сәлем беру де — парыз,
Сәлем алу да – парыз.
Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді 
Жақсы, жаман қасиеттер туралы әңгімелесіп,бірінші аялдамадан өтеміз. Желаяққа мініп әрі қарай саяхаттаймыз.
           Жаңа сабақ: Сәлемдесу.  Екінші аялдама «Амандасу» аялдамасы.
 Мұғалім: Балалар, бүгін біз ата дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын, сәлем беру, сәлем алу сияқты 
қасиетті сөздермен танысамыз.  Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.
   Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуаныш- қа бөленуі. Бір-біріне аман-саулық тілеп 
тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.
Әрбір адам «қайырлы таң»,«қайырлы күн»,«қайырлы кеш» деген сөздер- мен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын 
көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін- де де бір-бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.
Амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
Амандасқан адам қазақ салтында оң алақаның жүрегінің үстіне қойып, басын изейді. Не болмаса қол беріп амандасады.
«Сізді шын жүректен құрметтеп, амандағынызды тілеп, өзіңізге бас иемін» деген мағынаны білдіреді.
Сәлемдесу түрлері:
- Сәлеметсіз бе?
- Сәлеметте болыңыз!
- Аман-саусыз ба?
- Аман-сау болыңыз!
- Аман-есенсіз бе?
- Бала-шағаңыз, мал жаныңыз аман ба?
Әсіресе араб тілінен енген
- Ассағлаумалейкум
- Уаалейкум салам!
Яғни,
- Сізге амандық тілеймін! - - Сізге де амандық тілеймін,- деген сәлемдесу түрлеріқолданылады.
Оны тілінің дыбыстық үйлесіміне қарай халық: - Ассалаумағалейкум! - Уғалейкумассалам! – деп айтып жүр.
Сәлем беруде кездесушілер бір-біріне «сәлем» деп қолмен ишарат етсе, ол қазақ халқының әдептілік ишаратына сәйкес 
7

келмейді. Ондай сәлемдесу көбінесе еуропа халықтарында кездеседі.
Үлкен адамға сәлем беру – кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария 
сәлем береді» деген әдеп бар. Жасының үлкен екендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш ат басын 
тіреген адамға жасының үлкендігіне қарамай үлкен адамдарға өздері сәлем береді.
Алыстан келген адамға сәлем беру тәртібі, жасқа, үлкен-кішіге байланыс- ты емес.
Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, ақ шашты әжені – жалпы үлкенді сыйлап алдынан қия өтпеу – ата 
дәстүріміз. Қазақтарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама мейірім, қамқорлық, әдемі жарастық жатыр.
Үшінші аялдамасы «Қамқорлық» аялдамасы.
1.Топ мүшелері берілген мәтіннің бөлімдерін өз беттерінше оқиды.
2.Мәтіннің мазмұнын топта талқылайды.
3.Мәтін мазмұны бойынша көріністер көрсетеді
Әр топ өз мәтіндеріне байланысты көріністер көрсетеді.
Мәтіндегі амандасу сөзіне байланысты ,сөйлемдерді толықтыр:
Мұсылман халқында амандасу “………………………. …………………..” деген сөзден 
басталады.Ол“Сізге…………………………………….” деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын 
ұсынып,алдымен сәлем береді.Ал сәлем алушы“……………………………….”деп оң қолын
береді.Ол“…………………………………….” дегені екен.
Аяжанның сұрағы: Білімпаз ата, басқа елдердің амандасу түрлері туралы білгіміз келеді.
Білімпаз ата:- Жарайды ,менің кішкентай білім құмарларым, тыңдаңдар.

Күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып,басын шұлғып, белін бүгіп жымия күледі.

Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе, тибеттіктерде тіпті қызық, бір- бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін 
алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.

Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.Бұл «Басымыз аман болсын» дегені.

Ертедегі қытайлар өз қолын қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па?» деп сұрайды.

Сызбаны толтыр.
Амандасу түрлері
Кімдерге арналған?
Ассалаумағалейкүм!Сәлеметсіз бе?
Сәлем!
Сәлем бердік!
Сәлеметсіңдер ме?
Тапсырмалар. 4- тапсырма.Көшіріп жазып, есте сақтаңдар. 5-тапсырма.  Мәтінді оқып, шағын мазмұндама жазыңдар
Сабақты қорытындылау, бекіту. Білім бағалау.
Үйге тапсырма: 1, 6-тапсырма,10-бет, диалог құру.
* * * * *
Алагөзова Ардақ Жарылғапқызы.  Орыс тілі пәнінің мұғалімі
Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы «№7 орта мектеп КММ»
Внеклассная работа. Литературно-музыкальный час.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет