1
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан
Республикасының кодексі жобасының тҧжырымдамасы
1. Заң жобасының атауы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан
Республикасының кодексі (бұдан әрі – «Кодекс»).
2. Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі
Кодекс
жобасының
тұжырымдамасы
Қазақстан
Республикасының
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1399-4
тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ ел Президентінің «Қазақстан жолы
- 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына
(Астана қ., 2014 жылғы 17 қаңтар) сәйкес дайындалды. Жолдауда былай деп атап
ӛтіледі: «Бізге дәстүрлі ӛндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар –
біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының
экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, ӛндіру және кӛмірсутектерді
ӛңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ ӛндірудің ықтимал
сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың
ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық
және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып,
оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет. Қазақстан геологиялық барлау саласы
бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл
салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жӛн.».
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен
ӛткен 2013 жылғы 23 қаңтардағы № 01-7.1 отырыс хаттамасына сәйкес, 2013
жылғы 7 ақпанда № 20-19/04-85//01-7.1 бекітілген «Қазақстан Республикасының
2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және
«Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру міндеттері туралы» Қазақстан
Республикасының Үкіметіне берілген тапсырмаларды орындау бойынша іс-
шаралар жоспарының 7-тармағында Қазақстан Республикасының Инвестициялар
және даму министрлігіне (бұрын - Қазақстан Республикасының Индустия және
жаңа технологиялар министрлігі) Қазақстан Республикасының Энергетика
министрлігімен (бұрын - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
министрлігі), Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, «Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп
халықаралық нормаларға сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы барлауға
құқықтарды ресімдеу рәсімдерін заңнамалық жеңілдету, сондай-ақ жер қойнауын
алып сатарлықты және тиімсіз пайдалануды болдырмау бойынша ұсыныстар
енгізу тапсырылған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентіндегі «Қазақстан Республикасының 2012
жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері және «Қазақстан-2050»
Стратегиясын іске асыру жӛніндегі міндеттер туралы» 2013 жылғы 23 қаңтардағы
№ 01-7.12013 отырысының 2013 жылғы 7 ақпанда № 20-19/04-85//01-7.1
бекітілген хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне берілген
тапсырмаларды орындау жӛніндегі іс-шаралар жоспарының 7-тармағында
2
Қазақстан Республикасының Индустрия және даму министрлігіне (бұған дейін
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі)
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен (бұған дейін Қазақстан
Республикасының Мұнай және газ министрлігі), Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігімен, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ және басқа да мемлекеттік
органдармен бірлесе отырып халықаралық нормаларға сәйкес жер қойнауын
пайдалану саласындағы барлауға құқықтарды ресімдеу рәсімдерін заңнамалық
тұрғыдан оңайлату, сондай-ақ алыпсатарлықты және жер қойнауын тиімсіз
пайдалануды болдырмау бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Дүниежүзілік банктің және Данди Университетінің (Ұлыбритания)
сарапшылары жүргізген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»
2010 жылғы 24 маусымдағы қолданыстағы (кодталмаған) Заңды тәуелсіз талдау
инвестициялық
тартымдылық
жағынан
алып
қарасақ,
Қазақстан
Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы ағымдағы заңнамасы
бытыраңқы, кӛптеген анық еместіктерді қамтиды, жиі ӛзгерістерге ұшырайды,
инвесторлардың түсінуі үшін күрделі, тиімсіз және шамадан тыс реттелгендігін
кӛрсетті. Бұл ең алдымен республикамыздың жер қойнауы және жер қойнауын
пайдалану туралы заңнамасы ӛзінің ӛткен ғасырдың 90 жылдарының басында
туындаған кезінен бастап осы уақытқа дейін ұзақмерзімдік емес, қысқа мерзімдік
сала қызығушылықтарын негізге ала отырып таза эмпирикалық деңгейдегі
қоғамдық қатынастардың тиісті саласын құқықтық реттеу нәтижелерін білдіреді.
Жер қойнауы туралы Заң бұрындары ашылған кен орындарын үдемелі игеру
және қатты пайдалы қазбалар мен кӛмірсутектерді барлау мен ӛндіруді жалпы
реттеу жүйесін қалыптастыру бойынша оған жүктелген миссияны толығымен
орындап, бүгінде жаңа анағұрлым прогрессивті заңнамалық актімен ауыстыруды
қажет ететіндігін атап ӛту керек.
Сапалы жаңа деңгейде жер қойнауын пайдалану саласын реттеуді қайта
түрлендіруге қабілеті бар әсерлі ықпал ететін құрал кодтау болып табылады, яғни
кодекс түріндегі заңнамалық актіні әзірлеу және қабылдау. Негізгі салалық
кодталған акті ретінде әзірлеу және қабылдау қажеттігі заңнаманың табиғи
ресурстарды пайдалану туралы (жер, орман және су) ӛзге де барлық салалары
дерлік тиісті кодекстермен реттелгендігімен расталады. Осылайша Кодексті
қабылдау жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың жеке
саласын қалыптастырудың табиғи процесін аяқтайды.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213
Заңға сәйкес кодекс дегеніміз бiртектес аса маңызды оғамдық қатынастарды
реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң. Әзірлеушінің
пікірі бойынша алдағы Кодекс кодталған заңның барлық белгілеріне сәйкес
келетін болады. Біріншіден, Кодекс жер қойнауын пайдаланумен байланысты
қалыптасатын қоғамдық қатынастарды тікелей реттейтін түрлі құқықтық
нормалардың бірлық кешенін қамтитын болады. Екіншіден, жер қойнауын
пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастардың біртектілігі мынада жатыр, яғни
3
аталған қатынастар солай немесе ӛзгеше жер қойнауына байланысты және оларды
бірыңғай құрал ретінде пайдалану салдарынан туындайды және әрекет етеді, яғни
бір белгімен біріктірілген, сондықтан олардың біртектілігі сӛзсіз. Республиканың
жетпістен астам ЖІӚ жер қойнауын пайдалану есебінен қалыптасатындығын
ескеретін болсақ, жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар
маңыздылығы анық.
Сонымен қатар, Жер қойнауы туралы қолданыстағы Заң жер қойнауын
пайдаланудың, геологиялық барлаудың және пайдалы қазбаларды ӛндірудің
барлық ерекшеліктерін және сәйкесінше осыған байланысты туындайтын
қатынастардың барлық кӛп түрлілігін толық кӛлемде ескермейтіндігін атап ӛту
керек. Осылайша кӛмірсутектеріне, қатты пайдалы қазбаларға, геотермалдық
суларға, жерасты кеңістіктеріне (табиғи және техногендік), кең таралған пайдалы
қазбаларға және пайдалы қазбалардың басқа да түрлеріне қатысты жер қойнауын
пайдалануды реттеу оларға қатысты жүргізілетін операциялардың ерекшеліктерін
ескере отырып анағұрлым анық саралауды және регламенттеуді қажет етеді.
Сонымен, заң түріндегі заңнамалық акті әдеттегідей анағұрлым тар бағыттылыққа
ие екендігін назарға алатын болсақ, заңнаманы кодтау заңнаманың жер қойнауын
пайдалану сияқты кешенді саласын реттеудің анағұрлым дұрыс шешімі болып
табылады.
Ақыр аяғында, Кодексті қабылдау жер қойнауын қорғау және пайдалану
туралы заңнаманы табиғи ресурстарды пайдалану туралы және қоршаған ортаны
қорғау туралы басқа да заңнамалармен теңестіре отырып, оның саласының заңдық
мәртебесін арттыратын болады. Кодексті қабылдау жиі ӛзгерістер мен
толықтырулардан шектей отырып жер қойнауын пайдалану саласын белгілі бір
тұрақтылықпен қамтамасы етуге кӛмектеседі (ӛйткені «Нормативтік құқықтық
актілер туралы» Заңға сәйкес кодекстерге ӛзгерістер мен толықтырулар Қазақстан
Республикасы Парламенті Палаталарының бӛлек отырыстарында ӛз кезегімен
қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады).
Кодексті әзірлеу мынадай негізгі міндеттерді орындауды ескере отырып
жүргізілетін болады:
1) жер қойнауын геологиялық зерделеуге мемлекеттік инвестициялармен
үйлесімде жер қойнауын пайдалану саласына инвестицияларды (шетелдік және
ішкі) тарту арқылы республиканың минералдық-шикізат базасын молайту жағына
мемлекеттік басқау және реттеу жүйесін қайта бағдарлау;
2) жер қойнауы ресурстарына қатысты қызметті және ӛзге де осыған
байланысты жұмыстарды жүзеге асыру кезінде экологиялық және ӛнеркәсіптік
қауіпсіздік басымдығын максималды сақтау;
3) жетекші ӛндіруші елдердің тәжірибесі негізінде жаңа құқықтық
институттар мен құралдарды ендіру;
4) мемлекет тарапынан бірқатар түрлі рұқсаттар мен келісулерді
оңтайландыру және мүмкіндігінше жою;
5) жер қӛойнауын пайдалану бойынша операциялардың экономикалық
орындылығы мен тиімділігі мәселелерін сала субъектілері жер қойнауын
рационалды және кешенді пайдалану, қауіпсіздік талаптарын ескере отырып
дербес айқындайтын реттеудің нарықтық тетіктерін ендіру.
4
6) әрекет етуге тәсіл ретінде ынталандыру әдістеріне басымдық және жер
қойнауын пайдаланушылардың сол немесе ӛзге қызметін мемлекеттік қолдау түрі
мәжбүрлеу нысанында емес, таңдауды ұсына отырып жүзеге асырылатын және
тек экономикалық сипатқа ие болатын болады.
Осылайша Кодексте саладағы инвестициялық климатты жақсарту үшін
негізгі мәнге ие үлкен мәселелер блогын реттеу болжанады, атап айтқанда
мыналарды кӛрсету ұсынылады.
Бірінші. Қазіргі кезде жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық
реттеу қағидаттары Жер қойнауы туралы Заңда бекітілген. Алайда олардың саны
мен мазмұны толықтыруды қажет етеді. Негізгі нормативтік құқықтық актіде
сияқты Кодексте жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланумен байланысты
қатынастарды құқықтық реттеу оның субъектілерінің мемлекетпен ӛзара әрекет
етуі жүзеге асырылатын қағидаттар жүйелендіріліп, бекітілетін болады.
Сонымен, құқықтық реттеудің:
1) жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;
2) жер қойнауын пайдаланудың ақылылығы сияқты қолданыстағы
қағидаттарына қосымша, сонымен қатар:
3) жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланумен байланысты қатынастар
қатысушыларының азалдығы презумпциясы;
4) жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттің мүдделері теңгерімі;
және
5) жер қойнауын пайдалану саласындағы ӛзін ӛзі реттеуді дамыту
қағидаттары да кӛзделген.
Бұл ретте Заңда кӛзделген жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды
жүргізудің жариялылық қағидаты «мемлекеттік органдардың қызметі мӛлдірлілігі
және ақпараттың қолжетімділігі» қағидатымен алмастырылатын болады. Аталған
қағидатты іске асыру мемлекеттік органдардың кез келген мүдделі адамның
кедергісіз, оның ішінде тиісті Интернет-ресурстары арқылы қол жеткізуін
қамтамасыз ету міндетін қарастыратын болады:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар ӛткізу шарттары
туралы ақпаратқа және олардың нәтижелері туралы шешімнің мазмұнына;
2) жасалған келісімшарттар бойынша конкурс шарттарының орындалуы
туралы ақпаратқа;
3) мемлекеттік органдардың жер қойнауын пайдалану құқығын беруге,
ӛзгертуге және тоқтатуға қатысты шешімдеріне;
4) негізінде жер қойнауын пайдалану құқығы туындайтын құжаттарға;
5) құпия болып табылмайтын геологиялық ақпаратқа; және
6) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық және лицензиялық
талаптарды орындағаны туралы есептерге.
Реттеудің құқықтық қағидаттары арасында жер қойнауын рационалды,
кешенді және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету қағидаты және оның
Кодекстегі мәндік түзетілуі бӛлек назар саларлық. Аталған қағидаттың негізгі
аспектілерінің бірі сол немесе ӛзге пайдалы қазбаны ӛндірудің экономикалық
мақсаттылығы болады. Бұл ретте аталған орындылылықты жер қойнауын
пайдаланушы ғана тиісті мемлекеттік органдар, комитеттер немесе комиссиялар
5
тарапынан ұсынымдар, ұйғарымдар және келісімдер алу қажеттігін алып тастай
отырып заңдар мен нарық талаптары негізінде айқындайтын болады. Бұған қоса,
пайдалы қазбаларды тиімді ӛндіруге мүмкіндік беретін озық технологияларды
міндетті түрде пайдалану, жер қойнауын игеру бойынша жұмыстардың тиісті
жалпы жұрт таныған және беделді әлемдік салалық институттар мен
қауымдастықтар ұсынған кен орындарын дайындау практикасына сәйкестігі,
сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті, адамдардың ӛмірі мен денсаулығы
қауіпсіздігін сӛзсіз қамтамасыз ету жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне
бұлжымас талаптар болуға тиіс.
Жоғарыда санамаланған қағидаттар кӛзделген нормалар шеңберінде
Кодексте іске асырылатын болады.
Екінші. Жоғарыда кӛрсетілген қағидаттарға сүйене отырып, Кодексте
мемлекеттік әкімшілендірудің жаңа тетіктерін, қағидаттарын және әдістерін
салаларға бекіту болжанады. Мысалы, саланы реттеуге қатысатын мемлекеттік
органдардың, былайша айтқанда, «дискрециялықты» (яғни құқық лауазымды
адамның қалауы негізінде қолдану мүмкіндігі) қаншалықты мүмкін болғанда
алып тастауға толық ӛкілеттіктері мен міндеттері кӛзделеді. Ӛз құқығын іске
асыруға ниеті бар адам белгіленген талаптарды орындағанда мемлекеттік
органдардың шешім қабылдауы немесе іс-әрекетті жүзеге асыруы міндетті
болады. Осыған ұқсас тәсіл адамдар ӛзіне кӛзделген міндеттерді бұзған жағдайда
да қолданылады. Бұл ретте мемлекеттік органдардың шешім қабылдауы немесе
іс-әрекетті жүзеге асыруы үшін шекті мерзімдер кӛзделетін болады. Мемлекеттік
органдардың белгіленген мерзімдерді сақтамауы «Рұқсаттар және хабарламалар
туралы» Заңда белгіленген тәртіпке ұқсас, тиісті келісуді немесе пікірді білдіретін
болады.
Жоғарыда баяндалған әдіске қосымша ретінде «тиімділік кӛрсеткіштері
базасында регламенттеу» әдісін кӛздеу және ендіру болжанады. Аталған әдістің
мәні жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау
жер қойнауын пайдаланушы сәйкес келуі тиіс рет-ретімен жасалатын процестерге
назар аударылмайды, алайда жер қойнауын пайдаланушының белгілі бір нәтижеге
қол жеткізуін кӛздейді. Мұндай тәсіл жер қойнауын пайдаланушыларға
технологиялық және әдіснамалық шешімдерді қабылдауда еркіндік береді. Жер
қойнауын пайдаланушы мемлекет тарапынан қосымша келісімдерсіз, пікірлерсіз
және ұйғарымдарсыз, ӛз қызметін қалай жүзеге асыратынын және белгіленген
кӛрсеткіштерге қол жеткізу үшін қандай технологияларды, техникаларды және
әдістерді пайдаланатынын дербес шеше алады. Аталған әдісті ендіру Қазақстанда
бұрын қолданылмаған, жаңа тиімді әрі қауіпсіз технологиялардың трансфертіне,
оларды жасауға және пайдалануға ықпал етеді деп болжанады.
Ҥшінші. Жер қойнауын басқару тәртібін ретке келтіру мақсатында Кодекс
шеңберінде жер қойнауы учаскелерін пайдалануға беру рәсімдерін
жүйелендіруге, инвестициялық әлеуеттің болуы тұрғысынан учаскелерді бӛлу
негізінде жер қойнауын геологиялық зерделеу басымдықтарын айқындауға
бағытталған тетікті кӛздеу жоспарлануда.
6
Осы мақсаттар үшін жер қойнауын зерделеу және пайдалану саласындағы
уәкілетті органға жер қойнауын геологиялық зерделеу, жер қойнауының
перспективалы учаскелеріне, сондай-ақ инвестициялық әлеуеті айқындалмаған
учаскелерге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттары бекітілетін жер қойнауын басқару бағдарламасын
әзірлеу және қабылдау бойынша ӛкілеттіктер беру ұсынылады.
Жер қойнауын басқару мақсаттары үшін Кодексте перспективалы, аз
зерттелген учаскелер және инвестициялық әлеуеті айқындалмаған учаскелерге
бӛле отырып, инвестициялық әлеуеттің болуы бойынша аумақтарды (жер
қойнауы учаскелерін) саралау кӛзделеді. Жер қойнауының перспективасы бар
учаскелеріне (пайдалы қазбалардың кен орындарын айқындаудың ықтимал
мүмкіндігін кӛрсететін геологиялық ақпараттың жеткілікті кӛлемі бар жер
қойнауы учаскелері) қатысты осындай учаскелерді конкурс тәсілдерімен беруге
бағытталған саясатты жүргізу ұсынылады. Аз зерделенген учаскелер және
инвестициялық әлеуеті айқындалмаған учаскелер (геологиялық ақпараттың
қажетті кӛлемі жоқ не қолдағы бар геологиялық ақпарат пайдалы қазбалардың
коммерциялық жағынан рентабельді кен орындарын айқындау мүмкіндігінің
тӛмендігін кӛрсететін) үшін «бірінші ӛтінім» қағидатын іске асыру, жер қойнауын
геологиялық зерделеуін, осындай жер қойнауын учаскелерінде геологиялық
ақпараттағы олқылықтың орнын толтыру мақсатында алдын ала барлау жүргізу
мүмкіндігін беру арқылы инвестицияларды тартуды ынталандыру саясатын
жүргізу ұсынылады. Геологиялық деректердің алынуына қарай бұл учаскелер бір
санаттан екінші санатқа ауыстырылатын болады.
Одан басқа, қатты пайдалы қазбаларды және кӛмірсутекті барлауға жер
қойнауын пайдалану құқығын беру процесін жеңілдету, сондай-ақ жер қойнауы
учаскесін идентификациялау үшін республиканың бүкіл аумағы блоктарға
бӛлінеді деп болжануда. Геологиялық барлау үшін берілетін жер қойнауы
учаскесі блоктардың белгілі бір санынан тұрады. Бір келісімшарт немесе
лицензия шеңберінде блоктардың барынша кӛп саны шектеулі болады. Сонымен
қатар, Кодексте жер қойнауын пайдалануға арналған жекелеген келісімшарттар,
лицензиялар шеңберінде жер қойнауы учаскелерін бӛлу және біріктіру мүмкіндігі
мен тетігі, сондай-ақ геологиялық барлау жүргізу кезеңінде келісімшарттық
аумақты (лицензиялық учаскені) қайтарудың әмбебап тәртібі кӛзделеді.
Тӛртінші. Кодексте жер қойнауын геологиялық зерделеуге жеке
инвестицияларды тартуға бағытталған тетік кӛзделеді. Қазіргі уақытта жер
қойнауын геологиялық зерделеуге инвестициялар ағыны үшін кедергі тәуекел
үшін қандай да бір сыйақы алу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Қазір
қолданылып жүрген барлық тәуекелді мемлекет ӛз мойнына алатын тәуекелсіз
сервистік келісімшартпен қатар жер қойнауын геологиялық зерделеу мақсаттары
үшін тәуекелі бар сервистік келісімшартты жасау мүмкіндігін кӛздеу керек.
Әлемде, негізінен, геологиялық зерделеу кезеңінде тәуекелі бар келісімшарттың
екі нысаны қолданылады. Бірінші нысанға сәйкес, жер қойнауын геологиялық
зерделеуге қаражат салатын инвесторға алынған геологиялық ақпаратты әлеуетті
инвесторларға құпиялылықтың қолданыс мерзімі (3-5 жыл) ішінде іске асыруды
эксклюзивті негізде жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі не инвестордың шығындары
7
жер қойнауы учаскелерін пайдалануға беру кезінде геологиялық ақпарат үшін
тӛлем құрамына кіреді.
Геологиялық зерделеуге инвестицияларды тартудың екінші нысаны
геологиялық зерделеу нәтижесінде мемлекетке бүкіл алынған геологиялық
ақпаратты берген жағдайда, одан әрі барлау үшін блоктардың белгілі бір санын
таңдау құқығын алу мүмкіндігі болып табылады. Бұл тәсіл Қазақстанда бұрын
Солтүстік Каспий консорциумы шеңберінде сынамаланған.
Кодекс шеңберінде жер қойнауын геологиялық зерделеуге жеке
инвестицияларды тартудың екі нысанын да іске асыру мүмкіндігін кӛздеу
болжанады.
Бесінші. Алдыңғы қатарлы ӛндіруші елдер мысалында, Кодексте жер
қойнауын пайдаланудың қолданыстағы негізгі шарттарын ӛзгерту ұсынылады.
Бұл ӛзгерістер, бір жағынан, жер қойнауын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді,
ал екінші жағынан, жер қойнауын пайдаланушыларға геологиялық барлау
жұмыстарын жүргізу, пайдалы қазбаларды ӛндіру операцияларын жүргізу
әдістерін, технологияларын және тәсілдерін пайдалануда белгілі бір икемділік пен
еркіндік береді.
1) Алдын ала
барлау
Аз
зерделенген
жер
қойнауы
учаскелеріне
және
анықталмаған
инвестициялық әлеуеті бар учаскелерде геологиялық барлауға инвестициялар
тарту бойынша шаралардың бірі ретінде Кодексте кез келген қатты пайдалы
қазбалар мен кӛмірсутектерге қатысты алдын ала барлау (жер қойнауы
учаскелерін іздеу және оның перспективтілігін бағалау жұмыстары) жүргізу
мүмкіндігін кӛздеу ұсынылады. Осы жұмыстарды жүргізу шарттары барынша
оңайлатылған.
Алдын ала барлау жүргізуге құқық «бірінші ӛтінім» қағидаты бойынша
берілетін болады деп кӛзделуде. Алдын ала барлауға жекелеген құқық енгізудің
негізгі мақсаты алдын ала барлау барысында алынатын геологиялық ақпаратты
жинау және талдау бойынша, одан кейінгі барлауға инвестицияларды жалғастыру
туралы шешім қабылдау үшін инвесторларға барынша ауыртпалықсыз және
қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Алдын ала барлауға жекелеген құқық
алу міндетті болып табылмайтынын атап ӛту қажет, яғни инвестор алдын ала
барлауға жүгінетәндәгән не белгілі бір учаскеге қатысты толық ауқымды
барлауға жүгінетіндігін таңдай алады. Яғни, перспективасы бар учаскелер
санатына
жатпайтын
учаскелерге
қатысты
әлеуетті
жер
қойнауын
пайдаланушылар салыстырмалы кішігірім учаскеде аса қарапайым және
ауыртпалықсыз жағдайларда (барлаумен салыстырғанда) алдын ала барлау мен
міндеттері жоғары деңгейдегі мӛлшері бойынша аса елеулі аудандарда барлаудың
арасында таңдау жасай алады.
Кодексте қатты пайдалы қазбаларды және кӛмірсутектерді алдын ала барлау
құқықтарының мынадай шамалас талаптарын кӛздеу болжанады:
1) Учаскенің жалпы алаңы белгіленген шектен аспауға тиіс;
2) алдын ала барлау жүргізу үшін берілетін учаскенің ең жоғары алаңы
барлау үшін берілетін учаскенің ең жоғары алаңынан тӛмен болады;
8
3) учаске аумағын қайтару жер қойнауын пайдаланушының қалауы
бойынша жүргізілетін болады;
4) жол берілетін жұмыстардың шектелген ауқымы: кӛмірсутектерін
іздестіру кезінде геофизикалық және геохимиялық жұмыстар, ал қатты пайдалы
қазбаларды іздестіру кезінде геологиялық-түсіру маршруттары, карта және жеңіл
бұрғылау бойынша және арықтар жасау бойынша қосымша жұмыстарға рұқсат
етілетін болады;
5) жұмыс бағдарламасы жұмыс түрлері бойынша талаптарды негізге ала
отырып ӛтінімге сәйкес («бірінші ӛтінім» қағидаты бойынша) қалыптастыруға
жатады;
6) шектелген санда сынамалар алу, оларды талдау және зертханалық
зерттеулер мүмкіндігі (оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде);
7) берілген құқықты иеліктен алып қоюға және ауыртпалыққа тиым салу;
8) құқықтың қолданылу кезеңі үш ретті жылдан аспауға тиіс және
ұзартылуға жатпайды;
9) берілген жер қойнауы учаскесіне ерекше құқықтар кӛзделеді;
10) ӛңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға, жергілікті кадрларды
үйретуге, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға
шығыстар бойынша міндеттемелерден босату; және
11) іздестіру учаскесі шегінде барлауға құқықты алуға кепілдік.
2) Барлау кезеңі
Кодексте пайдалы қазбаларды барлауға мынадай шамалас талаптарды
қарастыру ұсынылады:
1) барлау пайдалы қазбаның нақты кӛрсетілген түрін негізге ала отырып
жүргізілетін уранды, жерасты суларын, емдік балшықтарды қоспағанда,
келісімшартқа-лицензияға сәйкес негізгі топтар (кӛмірсутектер, қатты пайдалы
қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар) шегінде пайдалы қазбалардың кез
келген түрін барлау;
2) учаскенің жалпы алаңы белгіленген шектен аспауға тиіс;
3) учаске аумақтарын қайтарудың негізгі кезеңдері Кодексте кӛзделетін
болады (учаскенің бастапқы алаңына пайыздық қатынаста);
4) жыл сайын ӛсіп отыратын бір блокқа қатысты ставкалармен (мүмкін
жоғары кезеңділікпен) арендалық тӛлемдерді тӛлеу міндеті;
5) геологиялық барлау жұмыстарының шектелмеген ауқымы;
6) конкурс жүргізу нәтижесінде ӛтінішке (конкурссыз негізде жер қойнауын
пайдалану құқығын берген кезде) сәйкес жұмыс бағдарламасын қалыптастыруға
жатады;
7) шектелген санда сынамалар алу, оларды талдау және зертханалық
зерттеулер мүмкіндігі (оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде);
8) барлауға құқықтарды және олармен байланысты құқықтарды иеліктен
шығару құзыретті органның (немесе облыстың, астананың, республикалық
маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының) рұқсатын және басым
9
құқықты жүзеге асырудан мемлекеттік бас тартуын алғанда ғана жүзеге
асырылуға тиіс;
9) теңіздегі және күрделі геологиялық құрылысы бар учаскелерде барлауды
жүргізу кезінде барлауға құқықтық қолданылуы кезеңі (анықтау болмаған
жағдайларда) екі жылға ұзарту мүмкіндігімен алты ретті жылды және қосымша
екі жылды құрайды және ұзартылуға жатпайды;
10)
ұзақтығы үш жылды құрайтын анықтауға қатысты бағалау
жұмыстарының кезеңі үшін жеке мерзім;
11) бағалау кезеңіне жалпы барлау бойынша жұмыстарды ауыстыруға тыйым
салу;
12) Сынамалы пайдалану және тәжірибелік-ӛнеркәсіптік ӛндірудің кӛлемі
мен мерзіміне біріздендірілген лимит;
13) Ӛңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға, жергілікті кадрларды
үйретуге, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға
шығыстар бойынша міндеттемелерден босату; және
14) Ӛндіру кезеңіне ауысуға кепілдік.
3) Ӛндіру кезеңі
Кодексте пайдалы қазбаларды ӛндіру құқығының мынадай шамалас
талаптарын қарастыру ұсынылады:
1) ӛндіру пайдалы қазбаның нақты кӛрсетілген түрін негізге ала отырып
жүргізілетін уранды, жерасты суларын, емдік балшықтарды қоспағанда, негізгі
топтар (кӛмірсутектер, қатты пайдалы қазбалар, кең таралған пайдалы қазбалар)
шегінде пайдалы қазбалардың кез келген түрін алу;
2) қолданылу мерзімі – жиырма бес жылға дейін немесе бірегей кен
орындары үшін қырық бес жылға дейін;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды жалпы қағидалар бойынша ӛндіру
кезінде жыл сайын ӛсіп отыратын бір блокқа қатысты ставкалармен (мүмкін
жоғары кезеңділікпен) арендалық тӛлемдерді тӛлеу міндеті
4) тіркелген жобалау кӛрсеткіштерін орындаған кезде ғана мерзімді міндетті
түрде ұзарту;
5) жерасты суларын қоспағанда, ӛндіру кӛлемі мен лимиті бойынша (кен
орындарын дайындаудың озық әлемдік практиканы негізге ала отырып)
талаптарды алып тастау; және
6) ӛндіру кезеңінде туындайтын міндеттемелер, оның ішінде ӛңірді
әлеуметтік-экономикалық дамытуға, жергілікті кадрларды үйретуге, ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға шығыстар бойынша
міндеттемелер Кодексте немесе заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде
белгіленуі және алдын ала белгілі болуға тиіс.
4) «Ұстап қалу мәртебесі»
Кодексте барлық кен орындарына немесе барлауды аяқтау (қорлар контурын
айқындау) кезінде оның бір бӛлігіне немесе барлау (ӛндіру) кезеңінде
10
қолданылатын «ұстап қалу мәртебесі» сияқты құқықтық институтты қарастыру
ұсынылады. Аталған институт ОАР-да және Австралияда қолданылады және жер
қойнауын пайдаланушыларға белгілі бір учаскеге қатысты, бұл ретте белгілі бір
уақыт кезеңінде ӛндіру бойынша операциялар жүргізбестен ӛздеріне жер
қойнауын пайдалану құқығын сақтап қалуға мүмкіндік береді. «Ұстап қалу
мәртебесі» нарықтық, технологиялық, экологиялық немесе ӛзге де объективті
себептермен кен орындарын дайындау мүмкін болмаған жағдайда қолданылады.
Кен орындарына қатысты аталған мәртебені (немесе оның бӛлігін) алу және
қолдану үшін жер қойнауын пайдаланушы оның қажеттігін негіздеуге тиіс.
Аталған «Ұстап қалу мәртебесін» алған жағдайда жер қойнауын пайдалану
құқығының қолданылу мерзімі тоқтатыла тұрады, тиісінше барлық кен
орындарына немесе оның бӛлігіне қатысты да тоқтатыла тұрады.
Аталған институтты мынадай талаптармен қарастыру ұсынылады:
1) барлық кен орындарына немесе оның бӛлігіне қатысты қолдану
мүмкіндігін;
2) нәтижелері кен орнының контурларын айқындауға мүмкіндік беретін
барлау жұмыстарын аяқтағаннан кейін және дайындау кезеңінде қолдану
мүмкіндігін;
3) аталған мәртебе үшін жүгінуге негіздерді: объективті нарықты,,
технологиялық және/немесе экологиялық себептерден кен орындарын
дайындаудың мүмкін еместігі;
4) аталған мәртебені бергені үшін міндетті талапты – аталған мәртебе үшін
жүгіну қажеттігін туындатқан себептердің жойылатындығы;
5) жұмыс бағдарламасы – аталған мәртебенің қолданылу кезеңіне жеке
жұмыс бағдарламасы жасалуы тиіс, оған сәйкес жер қойнауын пайдаланушы кен
орындарын (кен орындарының бір бӛлігін) дайындауды бастау немесе жаңарту
үшін мүмкіндіктерді іздестіру бойынша жұмыстар мен ӛзге де іс-қимылдарды
орындайтын болады.
6) Аталған мәртебені қолдану кезеңінде кен орны (кен орнының бір бӛлігі)
уақытша консервациялауға жатады;
7) «ұстап қалу мәртебесінің» максималды қолданылу мерзімі – қатарынан
бес;
8) Бір кен орнына (кен орнының бӛлігіне) қатысты аталған мәртебені бірнеше
рет қолдануға болады.
5) Осы тармақшада қазғалмаған жер қойнауын пайдаланудың қалған
талаптары Кодексті әзірлеу процесінде сонымен қатар қайта қаралып, реттеу
қағидаттарына сәйкестікке келтірілуі мүмкін екендігін атап ӛтеміз (3 беттегі
«Бірінші» тармақшаны қарау). Одан басқа, Кодексте пайдалы қазбаларды ынталы
ӛндіру, ғылыми, мәдени, эстетикалық, санитариялық-сауықтыру және ӛзге де
маңызы бар ерекше қорғалатын геологиялық объектілердің (ғылыми және оқу
полигондары, геологиялық қорықтар, қаумалдар, табиғат ескерткіштері, үңгірлер
және басқа да жерасты қуыстары) түзілуі, сондай-ақ минералогиялық,
палеонтологиялық және басқа да геологиялық топтамалық материалдарды жинау
саласындағы қатынастар реттелуге жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |