Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#9076
түріМетодическое пособие
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

 
 
 
 
 
 
 
 
 
120 


«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқушылардың  білімдерін 
бағалау 
 
Бағалау – оқытудың тиімділігін арттыратын ықпалды шаралардың бірі.  
Бағалау  мақсаты:  білім  алушылардың  оқу  уәждемесі  мен  оқу  дербестігін 
арттыру;  білім  алушылардың  теориялық  және  практикалық  білімнің,  олардың  оқу 
жоспарының  міндетті  компонент  пәндері  бойынша  білігі  мен  дағдысының  нақты 
деңгейін белгілеу; білім алушылардың білім сапасын арттыру.  
Білім берудің жаңартылған мазмұндағы стандарты тек білім мазмұнын саралау 
принциптеріне ғана емес, білім алушылардың білімін бағалау жүйесіне де әсер етті. 
Білім  беру  стандартында  көрсетілген  маңызды  ережелердің  бірі  бағалаудың 
әділдігін  арттыру  қызметі  болып  табылады.  Қазіргі  мектепте  білім  алушылардың 
жұмысын бағалаудың критериалды тәсілі кеңінен танылған, себебі осындай тәсіл ең 
алдымен  процеске  қатысушылардың  барлығына  зерделенген  материалды  меңгеру 
деңгейін  түсінуге  мүмкіндік  беретін  кері  байланысты  жүзеге  асыруға  көмектеседі. 
Кері байланыс мазмұнды болған сайын, оған реакция конструктивті болуы мүмкін. 
Критериалды  бағалау  –  бұл  өлшемшарттар  бойынша  бағалау,  яғни  оқушылардың 
оқу-танымдық  құзыреттілігін  дамытудың  әр  түрлі  бағыты  бойынша  олардың 
жетістігін көрсететін баға құраушылардан (өлшемшарттардан) құрылады.  
Критериалды бағалау жүйесі білім беру процесіне қатысушылардың барлығына 
әр оқушының оқудағы жетістіктерін қадағалап отыруға, сонымен қатар мұғалімге: 
-
 
 
сапалы нәтижелер алуға жағдай жасайтын критерийлер әзірлеуге; 
-
 
 
өз іс-әрекетін жоспарлау және талдау үшін қажетті ақпаратты меңгеруіне; 
-
 
 
оқыту сапасын жақсартуына; 
-
 
 
әр  оқушының  тұлғалық  қабілеттері  мен  ерекшеліктерін  ескере  отырып 
оқытудың тұлғалық траекториясын құруына; 
-
 
 
бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануына; 
-
 
 
оқу  бағдарламасын  жетілдіру  бойынша  өз  ұсыныстарын  жасауға  мүмкіндік 
береді. 
Білім алушыларға: 
-
 
оқудың  түрлі  әдістерін,  ойлау  әрекетінің  түрлерін  және  өз  түсінігін  айту 
қабілеттерін дамытуына; 
-
 
өзінің оқу нәтижелерін және жетістіктерін болжау және түзету үшін бағалау 
критерийлерін білуі және түсінуіне; 
-
 
өзін және достарын бағалай отырып рефлексияға қатысуына; 
-
 
білімін  нақты  мәселелерді  шешуге  қолдануына,  өзінің  түрлі  көзқарастарын 
айтуына, сыни ойлауына жағдай жасайды. 
Ата-аналарға: 
-
 
өз баласының білім деңгейінің нақты дәлелдерін алуларына; 
-
 
бала оқуының үдерісін қадағалауына; 
-
 
оқу үдерісі барысында балаға қолдау көрсетуіне; 
-
 
мұғаліммен және мектеп әкімшілігімен кері байланыс жасауларына; 
-
 
баласының  мектепте  және  сыныпта  өзін  жайлы  сезінетіне  сенімді  болуына 
мүмкіндік береді. 
Оқу мақсаттарына жеткендікті бағалау үшін бағалаудың формативтік және ішкі 
суммативтік түрлері қолданылады.  
Формативтік  бағалау  –  ағымдағы  бағалау,  оны  оқу  бағдарламалары  мен  оқу 
121 

жоспарларының мақсаттарына сәйкес мұғалім жүргізеді және бағалаудың бұл түрі 
оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. 
Формативті бағалауды жүргізу алдында оқушыларды оқу мақсаттарымен және 
жетістік критерийлерімен таныстырып отыру өте маңызды. Мысалы, егер «Әр түрлі 
тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын 
келтіру,  жинақтау,  қосу  және  біріктіру»  мақсатын  қолданатын  болса,  онда  бұл 
мақсатқа жету жетістік критерийлері келесідей болуы мүмкін: 
-
 
 
табиғи  материалдарды  анықтай,  іріктей,  топтастыра  алу,  қолданылу  аясын 
білу, 
-
 
 
олардың қасиеттерін білу т.б. 
Бастауыш  сынып  оқушыларына  түсінікті  болу  үшін  мұғалім  жетістік 
критерийлерін  және  жұмыс  істеу  барысында  нелерге  аса  көңіл  аудару  қажеттігін 
түсіндіруі тиіс. 
«Көркем  еңбек»  пәнінің  бағдарламасы  оқушылардың  түсінуін,  өз 
қобалжуларының  мәнін  түсінулерін  дамытуды  басты  мақсат  ретінде  қарастырады. 
Аталған  бағдарлама  бойынша  жұмыс  істейтін  мұғалімдер  балалардың  суреттерін, 
қолдан  жасаған  бұйымдарын  бағалау  барысында  баланың  туа  біткен  тұлғалық 
қасиетін  көрсететін  қоршаған  ортамен  байланысын  көрсететін  шығармашылығы 
ретінде  қарайды.  Бір  мұғалімдер  баланың  жұмысын  бағалауда  бейнелеу 
сауаттылығы  негізіне  қараса,  басқалары  –  баланың  қоршаған  әлемге  қатынасы 
бойынша авторлық негізіне көңіл аударады. 
Оқушылардың  сабақтағы  көркем-шығармашылық  іс-әрекеттерін  бағалаудың 
проблемалы  маңызды  аспектілерінің  бірі  қолданыста  жүрген  бағалау  жүйесі. 
Қолданыстағы  бағалау  жүйесінде  оқушылардың  сабақтағы  танымдық  әрекеттері 
есепке  алынбайды,  тек  соңғы  нәтиже  ретінде  дайын  сурет  немесе  бұйым 
бағаланады.  
Сондықтан  да  оқушылардың  көркем  шығармашылық  жетістіктерін  бағалау 
жүйесін  қайта  қарау  мәселесі  туындап  отыр.  Баланың  шығармашылық 
мүмкіндіктерінің дамуы, сондай-ақ оның өз бетінше еңбек ету белсенділігін арттыру 
(өз бетінше бақылау-бағалау іс-әрекеттері элементтерінің қалыптасуы және дамуы) 
туралы  мәселелер  туындайды,  бұл  оның  есеюінің  негізгі  белгісі  болып  табылады. 
Бұл қолданыстағы «Технология және өнер» білім саласының міндеттерін түбегейлі 
өзгертуге  әкеледі.  Жалпы  сауаттылық  пен  түзетуді  қалыптастыру  және 
оқушылардың табиғи қасиеттерінің дамуы мәселелерінің арасында, соңғысы басым 
болып табыла. Әрине бұл мұғалімнің бақылау-бағалау әрекетіндегі рөліне жаңаша 
көзқарас тудырады. 
Көркем  еңбек  сабақтарында  осындай  бағалау  жүйесін  қолдану,  қажеттілігі 
туындайды,  ол  өзінің  бойында  бақылау  мен  диагностиканы  үйлестіреді,  яғни 
мұғалім,  мектеп  әкімшілігі,  ата-аналар  тарапынан  болатын  бақылауды 
шеткерілетпей,  керісінше  оқушының  өздігінен  бақылау  және  өзін-өзі  бағалауын 
күшейтер еді.  
Жоғарыда  айтылғандардың  негізінде  бастауыш  сыныптардың  мұғалімі 
«Көркем  еңбек»  пәнінен  оқушылардың  көркем  шығармашылық  жетістіктерін 
бағалау  жүйесін  алдын  ала  анықтаулары  тиіс.  Заманауи  білім  беру  жағдайында 
бағалау жүйесі келесі құрылымнан шығуы тиіс: 
-
 
 
нені бағалау керек (нақты нені бағалау керек); 
-
 
 
қалай  бағалау  керек  (бағаланатын  нәтиже  қандай  құралдармен  және  қандай 
122 

критерийлер бойынша бағалануы тиіс); 
-
 
 
қандай жағдайда бағалау керек (бағалау дегеніміз не және қандай кезеңдерден 
тұрады).  
Сабақта оқушының көркем еңбекке қатысты арнайы қабілеттерін ғана бағалап 
қоймай,  оның  шығармашылығын  да  бағалау  қажет.  Әсіресе  өнердің  өмірмен 
байланысын  есепке  алатын  болсақ,  онда  оқушының  мектептен  тыс  танымдық 
әрекетін  де  бағалауды  назардан  тыс  қалдырмау  керек.  Оқушы  үй  тапсырмасын 
орындау  барысында  іздеу-зерттеушілік  қызметпен  айналысуы  мүмкін  немесе 
шығармашылық жұмыстың өз үлгісін көрсетуі де мүмкін. 
Оқушылардың  көркем  шығармашылығын  бағалаумен  қатар,  олардың 
шығармашылық  интеллектуалдық  бастамаларын:  оқушының  қойған  сұрақтарының 
бірегейлігі,  қосымша  материалды  өз  бетінше  іздеуі,  оқушы  тарапынан  айтылған 
қызықты көзқарастар және т.б. бағалау өте маңызды 
Бағалаудың  бұл  жүйесі  бойынша  жұмыс  істеу  барысында,  мұғалімнің 
оқушылармен бірлесе отырып шығармашылық жұмыстың орындалу критерийлерін 
талқылауы  маңызды  болып  табылады.  Танымдық-шығармашылық  жетістіктерді 
ағымдық  бағалау  жоғарыда  айтылған,  яғни  оқушының  өзін-өзі  бағалауына,  оның 
өздігінен дамуына ерекше назар аударылатын әдіспен жүзеге асырылады. 
Оқушының  сабақтағы  барлық  танымдық  және  жасампаз  қызметін  төрт 
критерий бойынша бағалау ұсынылады:   

мұғаліммен серіктестікке дайындығы; 

балалардың  көркем  шығармашылықта  көрінетін  (оның  ішінде  өзін-өзі 
текксеруде) қарым-қатынасы, қызығушылығы, қабілеті; 

балалар  еңбегінің  сапасын  есепке  алумен  шеберлігі(шығармашылық  әрекет 
тәсілдері); 

нәтиженің  мәнін  оқушыларды  және  айналадағыларды  дамыту  ретінде 
қарастыратын оқушылардың көркем еңбек нәтижесінің қоғамдық-пайдалы мәні.  
Мұғаліммен 
серіктестікке 
дайындық 
критерийі 
қажетті 
көркем 
материалдардың,  орындалған  үй  тапсырмасының  көпдеңгейлі  көлемінің, 
ізденушілік-зерттеушілік қабілетінің  бар болуын айқындайды. 
Екінші критерий – қарым-қатынас, қызығушылық – оқушылардың деңгейлерді 
анықтау арқылы жұмыстағы қабылданған және бейнеленген құбылыстарға өздерінің 
көзқарастарын  білдіруге  әуесқойлығы,  шабыттануы  мен  ынталылық  деңгейін 
бейнелейді:  

қабылданған  және  бейнеленген  құбылыстарға  (әрекет  мотиві,  олардың 
өзгерісі, егер балалардың жұмыстары сүйсінуге және өз нәтижелеріне қанағаттануға 
мүмкіндік беретін болса) эмоциялық қарым-қатынасы; 

шығармашылық ойларын (жаңа шығарма шешімін іздеудегі табандылығы мен 
қайсарлылығы)  тәжірибеде  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ететін  тұлғаның  еркітілік 
қасиеті; 
Үшінші  критерий  –  шеберлік  (шығармашылық  әрекет  тәсілдері)  – 
оқушылардың  сызықтар  мен  шектерден  тұратын  форманы  беру  арқылы  бейнелік 
сауаттылыққа қатысты көркемдік қабілеті мен суреттің және осы форманы берудегі 
кескіннің  бейнелік  құралын  қолдану  мен  қажетті  дағдыларды    меңгеру  деңгейін 
анықтауға арналған. 
Төртінші  критерий  –  оқушылардың  көркем  еңбек  нәтижесінің    қоғамдық 
пайдалы мәні – төмендегілерді құрайды: 
123 


балалар  жұмысының  тақырыпқа,  белгілі  бір  идеяға  (егер  тақырып  пен  идея 
берілген  болса)  сәйкестігі,  танымдық  және  жасампаздық  қызметте  (оқушылар 
бағаланады) қолданылған көркем-шығармашылық жетістіктерге талдау; 

оқушылардың  өзін-өзі  бағалауын  мұғалімнің  бағалауымен  салыстыру  (осы 
құрамдас бөлік мұғаліммен бағаланады). 
Осы  критерий  бойынша  бағалау  оқушының  тұлғалық  жетістігі,  оның  көркем-
шығармашылық  дамуы,  орындалған  жұмысының  әртүрлі  деңгейдегі  көрмелерге 
қатысу  мүмкіндігі  арқылы  жүргізіледі.  Ол  қорытынды  болып  табылады,  балалар 
жұмысының  (оның  құндылығы)  мәні  туралы,  олардың  сол  немесе  басқа  да 
көрмелерге қатысу мүмкіндігі жөнінде толық түсінік береді, онсыз шығармашылық 
қызмет толық емес, яғни аяқталмаған деп саналады. 
Сонымен  қатар,  балалардың  көрмелерге  қатысуы  балалар  ұжымының 
(студиялар,  үйірмелер,  көркемөнер  мектептері)  шығармашылық  қызметін  бағалау 
критерийлерінің    міндетті  шарты  болып  табылады.  Оның  бейнелеу  әрекеті  (сурет 
салуға,  телехабар  көруге,  мұражайға  және  т.б.  баруға  кететін  уақыт  көлемі) 
саласындағы  әуестігі  көрсетілетін  «оқушылардың  жеке  жетістіктерінің  портфелін» 
енгізу. «Портфель» жеке жұмыстар жиынтығын көрсетеді.  
Сонымен,  осы  критерийлерді  қолдану  жиынтығы  оқушының  танымдық  және 
жасампаздық әрекетін бағалауға мүмкіндік беретін болады, яғни орындаушының өзі 
емес, орындаған жұмысы бағаланады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
124 

Қорытынды 
 
Ұлағатты  ұстаз  Ахмет  Байтұрсыновтың  «Мұғалім  қандай  болса
,
мектеп  те 
сондай»  деген  сөзінде  терең  мағына  жатыр.  Сол  үшін  де  қазіргі  ұстаз  –  ертеңгі 
болашақтың  кепілі.  Ұстаздарға  үлкен  жауапкершілік  туын  бекем  ұстап,  өздерінің 
білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр.
  
Ұстазға қойылатын басты талап – ақпараттандырған жан-жақты, дүниетанымы 
кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу. Сапалы білімге жету жолында ұстаздың 
аянбай  еңбек  етуі  керек.  Оқытудың  тиімді  әдіс-тәсілдерін,  қазіргі  заманауи 
инновациялық технологияларды меңгеруі шарт.  
Жаңартылған  білім  мазмұны  негізінде  білім  жүйесінің  жаңа  болмысы 
қалыптасуда.  Білім  берудің  әдіс-тәсілдері  түбегейлі  өзгеруіне  байланысты 
инновациялық  процестің  қарқындылығы  артуда.  Бүгінгі  күннің  талабы –  ұстаздық 
әрекеттің жеке тұлға дамуына жағдай туғызуы. Осыған орай білім беру жүйесінде 
әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген,  алдыңғы  қатарлы  оқыту  әдіс-тәсілдері 
арасында кіріктірілген оқытуға негізделген әдіс-тәсіл кең таралып отыр.  
Қазіргі  кезде  ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейі  әрбір  оқушының  сапалы 
және  терең  білім  мен  іскерліктің  болуын,  олардың  шығармашылықпен  жұмыс 
істеуін,  ойлауға  қабілетті  болуын  талап  етеді.  Осындай  ерекше  мәнге  ие  болып 
отырған  кезде  бүгінгі  мектеп  алдында  оқушыларға  білім  берумен  қатар,  олардың 
ақыл-ой  белсенділігін,  шығармашылық  іс-әрекетін  дамыту  мәселесі  тұр. 
Оқушылардың  шығармашылық  іс-әрекеті  мен  ізденімпаздық  дағдыларын 
қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, 
жалпылай  алу,  дедуктивті  ойлау,  логикалық  икемдіктер  -  салыстыру,  талдау, 
жинақтау, жүйеге келтіру пәнді оқытуды өн бойында жүзеге асыруға болады.
 
«Бәсекеге  қабілетті  Қазақстан  үшін,  бәсекеге  қабілетті  экономика  үшін, 
бәсекеге  қабілетті  халық  үшін!»  жолдауында:  «Білім  берудегі  жаңалық  – 
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 
аса маңызды құралдың бірі» - делінген. Немесе бұл орынды пікірді Елбасымыздың 
тағы  бір:  «Терең  білім  –  тәуелсіздігіміздің  тірегі,  ақыл-ой  –  азаттығымыздың 
алдаспаны» - деген пікірімен жалғауға болады. ХХІ ғасыр бой жарыстыратын емес, 
ой жарыстыратын ғасыр екендігін ескерсек, сол ғасырда  үздік оқытудың үлгісі бола 
алатын  көшбасшы,  ұлттың  зияткерлік  әлеуетін  арттыратын  ұрпақ  тәрбиелеуді 
мақсат  тұтатын  жаңартылған  білім  мазмұны  мәнмәтініндегі  кіріктірілген  оқу  
бағдарламалары бірден-бір тиімді құрал болып табылады. Жалпы кіріктірілген білім 
бағдарламасы,  ондағы  оқушыларды  критериалды  бағалау  -  заман  талабына  сай 
шәкірт білімін дәл айқындауға мүмкіндік беретін әмбебап бақылау жүйесі. 
Әдістемелік  құралдың  міндеті  мұғалімдердің  кіріктірілген  пәндерді  оқыту 
процесінде  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді,  сондай-ақ  тарауларда  келтірілген 
негіздерді нұсқаулық ретінде пайдалана білулеріне көмектесу.  
Қорыта  келе,  мектептегі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  оқу-
тәрбиелік  процесті  ұйымдастыру  жаңа  көзқарас  мәселесі  қазіргі  күн  талабына 
сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен 
мән  беріліп  отырған  көкейтесті  тақырып.  Қазіргі  қоғам  алдындағы  қойылып 
отырған міндеттердің ең өзектісі – бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, әлемдік 
деңгейге  сәйкес  келетін  оқыту  мазмұнын  жаңарту.  Оқушыларға  лайықты  мазмұн 
мен  оны  оқытудың  әдісін  саралау,  бала  жанына  жақын  қарым-қатынас  арқылы 
125 

оларды  дамыту  мәселесін  ғылыми  жолға  қою  оңай  мәселе  емес  екендігіне,  оқу-
тәрбие  процесінің  небір  қиын  проблемаларына  тап  болып,  оны  шешу  жолындағы 
басқару  әрекеттерін  дұрыс  ұйымдастыра  білгенде  ғана  жұмысымыз  нәтижелі 
болмақ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
126 

Пайдаланған әдебиеттер  
 
1  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2014-2018  жылдарға 
арналған  стратегиялық  жоспары.  1-стратегиялық  бағыт.  Сапалы  білімге 
қолжетімділікті қамтамасыз ету.  
2  Роль  интегрированных  уроков  в  обучении  английскому  языку.
 
http://ext.spb.ru/2011-03-29-09-03-14/110-foreignlang/7523-2015-04-05-10-32-06.html 
3  «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  «Кіріктірілген  Қазақ  тілі  мен 
әдебиеті»пәні бойынша оқу бағдарламасы (екінші тіл ретінде – Т2) Негізгі мектеп; 
Астана 2015.  
4 «Кіріктірілген Қазақ тілі мен әдебиеті»пәні бойынша оқу бағдарламасы (екінші тіл 
ретінде – Т2).Негізгі мектеп Астана 2014.  
5  Астана  қаласындағы  физика-математикалық  бағыттағы  НЗМ  қазақ  тілі  мұғалімі 
К.М.Барманбекова.,қысқа мерзімді жоспары. 

Павлодар  қаласындағы  химия-биологиялық  бағыттағы  НЗМ  қазақ  тілі  мұғалімі 
Ә.О. Досмағамбетова., қысқа мерзімді жоспары.  
7  НЗМ  қазақ  тілі  мұғалімдері:Хасенова  А.Т.,  Сүлейменова  М.М.,  қысқа  мерзімді 
жоспары.  
8  Көкшетау  қаласындағы  Назарбаев  Зияткерлік  мектебінің  мұғалімі.  Шамиганова 
Р.М., қысқа мерзімді жоспары. 
9 Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі. Сабитова С.С., 
қысқа мерзімді жоспары. 
10 
Талдықорған    қаласындағы  физика-математика  бағытындағы  Назарбаев 
Зияткерлік мектебінің мұғалімдері: Бердібаева А.М., Кушерова Л.Қ., қысқа мерзімді 
жоспарлары. 
11 
Аницибор М.М.Активные формы и методы обучения.-Тула, 2002.  
12  http://www.so.orley-kost.kz/ 
Қазақ  тілі  сабағында  Блум  таксономиясын  қолдану 
әдістері.
 
13  https://szh.kz/student/1202/ 
«Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясы» RWCT стратегиялары  
14 
http://u-s.kz/publ/9205 

«Сыныптағы  диалогтік  оқыту  -  Кембридж 
бағдарламасының тиімді әдісі» 
15 
Лизинский В.М. Приемы и формы учебной деятельности. - М., 2004. 
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілін оқыту 
16  Атырау  қаласындағы  Назарбаев  зияткерлік  мектебі  Қойшыбаева  Нұргүл 
Оңғарқызы - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі izdenis.kz/ критериалды бағалау – 
сапалы білім өлшемі. 
17 
Көркем еңбек. Оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). 
Бастауыш білім беру (1-4 сыныптар). Наурыз 2016 ж. 
18 
Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық – Алматы: «Нұр-пресс», 
2005 – 
228 бет. 
19 http://bauka.kz/index.php/2011-08-20-05-59-56/2 
20 http://kk.convdocs.org/docs/index-60633.html?page=8 
21 http://bigox.kz/moduldik-okytu-texnologiyasy/ 
 
 
 
127 

Мазмұны  
 
Кіріспе  

1 «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)» кіріктірілген пәндерін оқыту кезіндегі 
тәсілдер мен принциптер 

2 «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)» кіріктірілген пәндері бойынша оқу 
жұмыстарын ұйымдастыру формасы  
18 
3 «Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)» кіріктірілген пәндері бойынша оқытудың 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары  
40 
4  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  (Т2)»  кіріктірілген  пәндері  бойынша 
оқушылардың білімдерін бағалау  
59 
5 «Көркем еңбек» кіріктірілген пәндерін оқыту кезіндегі тәсілдер мен 
принциптер  
82 
6  «Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастыру формасы  
95 
7 «Көркем еңбек» кіріктірілген пәндері бойынша оқытудың қазіргі заманғы 
педагогикалық технологиялары  
111 

«Көркем еңбек» кіріктірілген пәндері бойынша оқушылардың білімдерін 
бағалау  
121 
Қорытынды  
125 
Пайдаланған әдебиеттер  
127 
 
 
 
128 

Введение  
 
Инновационные  процессы,  идущие  сегодня  в  системе  педагогического 
образования, наиболее остро ставят вопрос о поисках резервов совершенствования 
подготовки  высокообразованной,  интеллектуально  развитой  личности.  Введение 
интеграции  предметов  в  систему  образования  позволит  решить  задачи, 
поставленные  в  настоящее  время  перед  школой,  а  именно,  всестороннее  развитие 
личности 
учащихся, 
формирование, 
закрепление, 
углубление 
знаний. 
Интегрированное  обучение  влияет  на  развитие  творческого  мышления  учащихся, 
оно 
способствует 
систематизации, 
активизации 
учебно-познавательной 
деятельности.  
 
Интеграция предметов в современной школе – одно из направлений активных 
поисков  новых  педагогических  решений,  способствующих  улучшению  качества 
знаний,  развитию  творческих  потенциалов  учащихся.  Интеграция  –  не  только 
средство  достижения  общих  целей  обучения,  всестороннего  развития  личности 
школьника,  но  и  один  из  необходимых  факторов  формирования  конкретных 
педагогических  задач,  определения  общепредметных  систем  знаний,  умений. 
Проведение  интегрированных  уроков  считается  одной  из  новинок  современной 
методики. Эта педагогическая технология смело вторгается в школьные программы 
и связывает, казалось бы, несовместимые предметы.  
Для  эффективного  обучения  русскому  языку  и  литературе  необходимо 
осмыслить  систему  языка  в  функциональном  ключе,  что  возможно  лишь  при 
обращении  к  тексту.  Через  текст  устанавливаются  взаимосвязи  между  всеми 
филологическими  дисциплинами  и  прежде  всего  –  между  русским  языком  и 
литературой.  Обращение  к интеграции  предметов  «Русский  язык» и  «Литература» 
позволяет  выстроить  интегративную  системность  филологического  знания,  под 
которой  мы  подразумеваем  «множество  закономерно  связанных  друг  с  другом 
элементов  (предметов,  явлений,  взглядов,  принципов,  знаний  и  др.), 
представляющее собой определенное целостное образование, единство» [1].  
 
Интегрированным  называется  урок,  в  ходе  которого  реализуется  взаимосвязь 
(от минимальной до максимальной) смежных учебных дисциплин, в результате чего 
образуется  неразрывное  целое,  обусловленное  разумным  взаимодополнением 
знаний по разным предметам.  
В школьном образовании можно выделить следующие типы интегрированных 
уроков русского языка и литературы:  
1)
 
интегрированный  урок  на  уровне  межпредметных  связей  (реализует 
минимальное  содержательное  интегративное  взаимодействие  родственных 
филологических  дисциплин;  на  таком  уроке  параллельно  используются  лин-
гвистические и литературоведческие понятия, определения);  
2)  интегрированный  урок  развития  связной  речи  на  основе  работы  с 
художественным  текстом  (реализует  средний  интегративный  уровень  –  уровень 
дидактического  синтеза  русского  языка  и  литературы).  На  среднем  уровне 
проводится  объединение  необходимого  учебного  материала  русского  языка  и 
литературы  в  общей  для  них  области  развития  связной  речи  учащихся  [1];  урок 
словесности  (реализует  максимальную  интеграцию  содержания  филологических 
дисциплин – уровень целостности).  
 
Сами предметы «Русский язык» и «Литература» являются интегрированными. 
129 

Они  пронизаны  межпредметными  связями  и предлагают учащимся  знания  многих 
областей науки, искусства, культуры, реальной повседневной жизни.  
 
Проблема  обучения  русскому  языку  на  интегрированной  основе  в  классах  с 
казахским  языком  обучения  важна  и  своевременна  как  с  теоретической,  так  и  с 
практической  точек  зрения.  Её  актуальность  продиктована  новыми  социальными 
запросами,  предъявляемыми  к  школе,  и  обусловлена  изменениями  в  языковой 
политике  республики.  Современная  система  образования  направлена  на 
формирование  высокообразованной,  интеллектуально  развитой  личности  с 
целостным представлением картины мира. А изучение языка вне литературы не дает 
полного  представления  не  только  о  всей  системе  языка,  но  и  культуре  народа 
изучаемого  языка.  Изучение  русского  языка  без  взаимосвязи  с  художественным 
текстом  порождают  серьёзные  трудности  в  формировании  у  учащихся  целостной 
картины  мира,  препятствуют  органичному  восприятию  материальной  и  духовной 
культуры русского народа, создателя изучаемого языка.  
 
Интегрированные  уроки  русского  языка  и  литературы  будут  способствовать 
формированию  целостной  картины  мира  у  учащихся,  пониманию  связей  между 
явлениями  в  природе,  развитию  и  совершенствованию  коммуникативной 
компетенции.  
 
При  освоении  второго  языка  обучение  является  первичным  и  основным,  а 
извлечение  и  участие  в  естественной  коммуникации  по  временной 
последовательности  и  по  целеполаганию  вторично,  следует  за  обучением. 
Овладение языком есть формирование его языкового сознания, которое составляют 
языковые и неязыковые знания.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет