Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#9076
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
Мысалдары 
Дұрыс 
 
Бұрыс 
 
Өлең жанры 
 
 

лирика 
 
 

поэма 
 
 
 
Кейіпкері 
 
 

ақынның өзі 
 
 

ақын қиялындағы бейне 
 
 
 
Ақын не дейді? 
 
 

Өзін мадақтайды 
 
 

Өзін сынайды 
 
 
 
Көркемдеу тәсілдері 
 
 

аллегория 
 
 

метафора 
 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен
 
 
26 

Шеберлігіңді шыңда!   
Төмендегі сызба бойынша өлең жолдарын құрастыр. 
  
          ______
________________балаң 
 
          
_____________________далам 
 
          _______________________ 
 
          
______________________Мағжан 
 
Есіңе сақта 
М. Жұмабаев өзін айбатты арыстанмен, жүйрік тұлпармен, жарысқан желмен, 
түпсіз  терең  теңізбен,  нұрын  шашқан  күнмен,  жалындаған  отпен  теңеген  өршіл 
ақын. Ақынның өмірге деген құлшынысын, өр тұлғасын өзіңе үлгі етуге тырыс [5]. 
«Ғылыми жаңалықтар мен технология» бөлімінен ұсынылып отырған сабақтың 
қысқа мерзімді жоспарында мәтінмен жұмыс түрі көрсетілген. 
 
Тақырыбы: Ұялы телефон туралы не білесің? 
Сабақ  мақсаты:  Қосымша  ақпарат  көздерінен  алынған  мәліметтердегі  негізгі 
ойды күнделікті өмірмен байланыстырады.  
Кілт  сөздер:  сым,  өнертапқыштар,  байланыс,  жалғыз  нүкте,  қолданыс  аясы, 
көмекші. 
 
Мәтінмен танысып төмендегі тапсырмаларды орында! 
1875  жылдың  2  маусымында  Бостон  университетінің  Шешендік  өнер 
мектебінің  профессоры  Грехем  Белл  ең  алғаш  рет  байланыстырушы  сымдардың 
көмегімен  өз  көмекшісінің  даусын  естиді.  Өнертапқыш  шотландтықтың  бұл 
жаңалығы  тарих бетінде  телефон  деген  атпен  қалды.  Бір қызығы,  өнертапқыштың 
есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді. 
Арада  бір  ғасырға  жуық  уақыт  өткенде  ең  алғашқы  ұялы  телефондар  пайда 
болды.  Иллинойс  технологиялық  институтының  түлегі  Мартин  Купердің 
өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті 
қолданып отыр. 
Ұялы  телефонмен  жасалған  алғашқы  нағыз  байланыстың  тарихы                    
1973  жылдың  3  сәуірінен  басталады.  Ұялы  байланыс  компаниясының  қызметкері 
Мартин  Купердің  зерттеулер  бөлімінің  басшысы  Белл  Лабзға  Нью-Йорк 
көшелерінде  серуендеп  жүріп  соққан  қоңырауы  ұялы  телефонмен  алғашқы 
байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының 
негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы 
ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын. 
Сол  уақыттары  Нью-Йорк  әлемдегі  ұялы  байланыстың  базалық  станциялары 
орнатылған  әлемдегі  жалғыз  нүкте  болды,  төрт  жылдан  соң  Чикагода                       
2000  абоненттік  тәжірибелік  ұялы  желі  құрылды.  Ал  1979  жылы  бұл 
өнертапқыштық  жаңалыққа  Күншығыс  елі  зор  қызығушылық  білдіріп,  88  базалық 
станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады. 
27 

Қазір  әлемде  ұялы  телефондардың  қолданыс  аясы  өзінің  байланыс  орнату 
шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. 
Ұялы телефон қазіргі заманда адамның ажырамас көмекшісіне айналды. 
 
1-
тапсырма.  
Төмендегі суретке (2-сурет) қарап, телефондардың ерекшеліктерін жазыңдар. 
 
 
 
 
 
 
 
______________________    ________________________ 
______________________    ________________________ 
______________________    ________________________ 
______________________    ________________________ 
 
2-
сурет – 1-тапсырма. 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
2-
тапсырма Жабық тест тапсырмасын өз пікірлерімен толықтырып орындаңдар 
(2-
кесте). 
 
2-
кесте – Жабық тест. 
 
№  Сұрақтар 
Жауаптар 

Ұялы  телефонды  алғаш  рет 
ойлап тапқан кім? 
 

Телефондардың  пайда  болуына 
қай ел қызығушылық танытты? 
 

Ұялы  телефондардың  тарихы 
қай уақыттан басталады? 
 

Қазіргі  телефондардың  қолдану 
аясы қандай? 
 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
3-
тапсырма. Өмірлеріңізді ұялы телефонсыз елестетіп көріңіздерші 
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ 
28 

4-
тапсырма Ұялы телефонның зияны мен пайдасын жазыңыздар(3-кесте). 
 
3-
кесте – Ұялы телефонның зияны мен пайдасын жазыңыз
 
Пайдасы 
Зияны 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
5-
тапсырма. Ұялы телефондарды сән, әлде қажеттілік үшін қолдана ма? 
 
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________ 
 
Шеберлігіңді шыңда! 
 
Телефонмен сөйлесудің 10 әдебін жазыңыздар.  
1._________________  4.______________________ 7._______________________ 
2._________________  5.______________________ 8._______________________ 
3._________________  6.______________________ 9._______________________ 
10.________________ 
Білгенге маржан! 
SAR (Specific Absorprtion Rate) — 
қарапайым  тілмен  айтқанда,  мобильді 
телефонның  қауіпсіздік  көрсеткіші.  Яғни,  бір  килограмм  миға  әсер  ететін  ватт 
өлшеміндегі қуаттың сәулелену көрсеткіші. Аталған көрсеткіштің өлшем бірлігі — 
Вт/кг.  Ғалымдар  мобильді  телефонның  қауіпсіздігін  осы  көрсеткішпен 
байланыстырады.  Неғұрлым  SAR  көрсеткіші  аз  болса,  соғұрлым  телефоныңыздың 
зиянды  сәуле  бөлу  деңгейі  де  төмен.  Мәселен,  кейбір  ұялы  телефон  түрлеріне 
тоқталсақ: Nokia 3130 — 1.24 Вт/кг.,  Nokia 6210 — 1,19 Вт/кг. 
Есіңе сақтаңыз! 
Ұялы телефондар жүйке жүйесіне әсер ететіндіктен балалардың ұялы телефон 
қолдану жастары кешіктірілуі керек. /18 жастан бұрын қолдану ұсынылмайды/.Ұялы 
телефон  құлаққап  арқылы  қолданылуы  тиіс.  Осылайша  ұялы  телефонның  мидан 
алыс болуы  қамдалуы  керек.Ұялы  телефон  арқылы қысқа сөйлесу  әдетке айналуы 
керек,  қысқаша  мағлұмат  берілетін  кезде   SMS  жүйесі  қолданылуы  керек.  Ұялы 
телефондардың ең көп радиация тарататын кезі —телефон шырылдаған кез және сіз 
терген  нөмірге  байланыс  құрған  кезі.  Сол  кездерде  телефонды  басыңыздан  алыс 
ұстауыңыз  керек.  Телефонды  ашқаннан                      1-2  секундтан  кейін  құлаққа 
жақындатқан дұрыс [6]. 
29 

Келесі  «Су,  оның  музыкада,  әдебиетте  және  визуалды  өнерде  бейнеленуі» 
бөлімінен  сабақтың  қысқа  мерзімді  жоспарында  қазақ  тілі  сабағының  физика 
пәнімен кіріктірілу мысалы берілген. 
Сабақтың тақырыбы: Су–тіршілік көзі 
Сабақтың  мақсаты:  Тәжірибелік  жұмыс  орындау  арқылы  судың  қасиеттерін 
анықтайсыз,  айтылым  барысында  өз  ойыңызды  дәлелдейсіз.  Аудио  материалдағы 
сөйлеушінің сөйлеу мәнерін түсініп сұраққа жауап бересіз 
Кілт  сөздер:    Араластыру,  мөлдір,  дәм,  ащы,  тұщы,  еру,  құм  қиыршықтар, 
шөгеді, еру, жабысу, жұғу, ағу, түссіз, сұйық. 
1-
тапсырма: «Дубайдағы субұрқақ» бейнебаяны бойынша өз ойыңызды білдіре 
отырып сабаққа болжам жасаңыз. 
2-
тапсырма:  «Кім  көп  біледі?»  ойыны.  «Судың  адам  өміріндегі  маңызы 
қандай?» деген сұраққа 1,5 минут ішінде көптеген айғақтар табыңыз. Қай топ көп 
жазғандығын анықтаңыз. 
3-
тапсырма.  «Судың  қасиеттері»  тәжірибелік  жұмыс.  Берілген  заттарды 
қолдана отырып судың түсін, пішінін, дәмін, күйін, иісін анықтап, өз ойларыңызды 
практикалық жұмыс арқылы дәлелдеңіздер. 
 
4-
кесте – Тәжірибелік жұмыс парағы.  
 
 
Іс - әрекет 
нәтиже 
1-
практикалық жұмыс 
 
 
2-
практикалық жұмыс 
 
 
3-
практикалық жұмыс 
 
 
4-
практикалық жұмыс 
 
 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
Қажетті  заттар:  Әр  топқа  шыны  ыдыс  су,  сүт,  қасық,  қант,  топырақ,  тұз 
беріледі. 
 
Білгенге-маржан!  
Жапон  елінің  ғалымы  Эмотто  Масарудың   мынадай  тәжірибесіне  көңіл 
аударайық.  Ыдыстарға  күріш  салып  оның  үстіне  су  құйып  бір  ай  бойы  бірінші 
ыдыстағы  суға  «Рақмет!»,екінші  ыдыстағы  суға  «Сен  ақымақсың!»,  ал  үшінші 
ыдысқа  тіпті  көңіл  бөлмейді.Бір  айдан  соң  қараса  бірінші  ыдыстағы  күріш                    
бөртіп, судан жағымды иіс шығады. Ал екінші ыдыстағы күріш қарайып кеткен, ал 
үшінші ыдыстағы күріш те, су да көгеріп кеткен. Бұдан біз судың жақсы сөз, көңіл 
бөлуді ұнататынын байқауға болады. 
Шеберлігіңді шыңда! 
Иерусалимдегі  мұз  қалашық  туралы  аудиожазбаны  тыңдап,  сұрақтарға 
жауап беріңіз. 
1. 
Көрмеде мұздан жасалған қандай ескерткіштер болды? 
2. 
Мұздан жасалған ескерткіштерді кімдер жасаған? 
3. 
Көрмеге келген көрерменге арнайы не беріледі? 
4. Мұз қаласына саяхаттауды неден бастайды? 
30 

5. Саяхаттың соңында не беріледі? 
6. 
Мұз көрмесін өткізу қайдан және қай жылы басталды?  
7. Астанада қай жылдан бері мұз қалашығы жасалып келеді? 
8.  Қалай  ойлайсың  осы  мұз  қалашықты  тұрғызу  қажет  пе?Өз  пікіріңді                
3 сөйлеммен дәлелде 
Өзара тексеру 
Тапсырманы  орындап  болған  соң  қолдарындағы  жауап  парағын  жәшікке 
салыңыз.  Мұғалім  жәшікті  араластырып  енді  әр  оқушы  қолына  кез  келген  жауап 
парағын алып дескриптор бойынша бірі-бірін тексереді. 
Есіңе сақта! 
Жер  бетін  қанша  шарласаңыз  да,  су  сияқты  мөлдір,  әрі  иіңізге  көне  беретін 
жұмсақ  зат  таппайсыз.  Бірақ  су,  өз  жолында  қандай  қатты,  әрі  берік  зат болса  да, 
егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез-келген 
қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. 
Мұны  барлығы  біледі,  бірақ  осылай  әрекет  етуге  ешкімнің  де  жүрегі           
дауаламайды [7]. Лао–Цзы  
 
 
Тақырыбы: Ғарышқа ұшқан алғашқы жәндіктер мен жануарлар. 
Сабақтың  мақсаты:  Оқушылар  ғарышқа  ұшқан  жәндіктер  мен  жануарлардың 
түрлерімен танысады. 
Кілт сөздер: жәндіктер, аспан әлемі, ұшырылды, тұншығып, аман-есен, сапар, 
барып қайту. 
Мәтінмен танысып төмендегі тапсырмаларды орында! 
Ғалымдар  1946  жылдың  шілде  айында  дрозофила  шыбынын  америкалық  V2  
ракетасына жүгерімен қосып, ұшырған болатын. Сол арқылы жоғары қабаттардағы 
радиацияның  қаншалықты  әсер  ететінін  білгісі  келіпті.  Кішкене  дрозофилдер 
зерттеу әлемінің сүйіктілері болып табылады. Адамда кездестін  аурудың төрттен-
үш  бөлігі  осы  жәндіктердің  генінде  де  кездеседі.  Және  олар  түн  бойына 
ұйықтайды.Кішкене  дрозофилдерден  кейін,  аспан  әлеміне  қына  мен  маймылдар 
жіберілді. 
Ғарышқа барған ең алғашқы маймылдың аты Альберт II болатын. 1949 жылы 
осынау  примат-ғарышкер  134  км  биіктікке  дейін  жете  алған.  Ал  тағы  да  бір 
ғарышкер Альберт I-де 1 жыл бұрын 100 км биіктікке жете  алмай, тұншығып өлген. 
(Өкінішке орай, Альберт II-де жерге түсу кезінде парашюты ашылмай қалады. Тек 
1951  жылы  Альберт  VI ғарыш  әлеміне  аман-есен  барып  келді.  Ол  сол  жолы  11-ге 
жуық тышқанмен бірге ұшқан. Алайда, Альберт VI да екі-ақ жыл ғұмыр жасады. 
Орыстар  американдықтар  сияқты  маймылдарды  емес,  көбіне  иттерді 
араластырған. 1957 жылы «Спутник 2» ғарыш айлағынан Лайка атты итті ұшырған. 
Ұшу  жолында  әлгі  ит  қатты  ыстықтан  өліп  кеткен.  Ал  1961  жылы  Ю.  Гагарин 
ұшқанға дейін, онға жуық ит армансыз аспан әлеміне барып қайтқан. 
1968 жылы орыстар жануарларды алыс ғарышқа жіберді. Солардың бірі тасбақа 
болатын.  Ол  бүкіл  ай  бетін  толық  айналып  өткен  (әлемдегі  ең  жылдам  тасбақа 
ретінде).  Сонымен  бірге,  ғарышқа  барып  қайтқандар:  шимпанзе,  теңіз  шошқасы, 
құрбақа,  мысық,   жәндіктер,  өрмекшілер,  және  сирек  кездесетін  фундолиюс  атты 
балық  түрі.  (Олардың  бәрі  де  аман-есен  оралған.)  Жапондарда  ең  алғаш  ғарышқа 
барып қайтқан  жануар - 10 шақты тритон еді. 
31 

1
-
тапсырма Төмендегі суреттерден ғарышқа алғаш болып ұшқан жануарлар мен 
жәндіктердің ретін көрсетіңіз (3-сурет).. /1,2,3 
 
 
 
 
 
 
  
____________             _______________               _______________ 
 
3-
сурет – Жануарлар мен жәндіктердің ретін көрсетіңіз. 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
2-
тапсырма Мәтіннен алынған сандардың мәнін жазыңыз (5-кесте). 
 
5-
кесте – Сандардың мәнін жазыңыз.  
 
1961 жыл   
1946 жыл   
1951 жыл   
1949 жыл   
100 км 
 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
3-
тапсырма.  Жануарлар  мен  жәндіктердің  ғарышқа  ұшырылуы  дұрыс  па? 
Өзіңіздің пікіріңізді жазыңыз. 
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ 
 
4-
тапсырма. Неліктен адамдар жануарлар мен жәндіктерді ғарышқа ұшыртқан?  
Өз көзқарасыңызды жазыңыз. 
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_______________________________________________________________ 
 
 
5-
тапсырма.  Төмендегі  сөздердің  синонимдерін  тауып,  мәтіндегі  ақпаратпен 
сәйкестендіріңіздер(6-кесте ).  
 
 
32 

6-
кесте – Мәтіндегі ақпаратпен сәйкестендіріңіздер  
 
№  Синоним сөздер 
Сөйлемдер   

Барлық 
 

Ғұмыр 
 

Ең бірінші 
 

Ықпал жасау 
 
Дереккөзі: Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесінен 
 
Шеберлігіңді шыңда! Өз ойыңды жалғастыр 
1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты.  
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
_________________________________________________________ 
 
Білгенге маржан! 
Ғарышқа  ұшырарда  ғалымдар  тек  маймылдың  ғана  тапсырманы  екі  айда 
меңгеріп,  адамдардан  гөрі  тез  істейтінін  дәлелдеген.  Мысалы  жылдамдықты 
тексеруде «нысананы өшіруде» маймылға 19 минут, ал адамға бір сағат қажет екені 
анықталды. 
Есіңе сақтаңыз! 
1957  жылдан  бері  "Байқоңыр"  әлемдегі  тұңғыш  және  көлемді  ғарыш  айлағы 
болып келеді [7]. 
 
Сабақтың тақырыбы: «Тағам және сусын» 
Оқу мақсаты:  
Т4 Мәтіндердің түрлерін және стильдік ерекшелктерін айыра алады 
Т6  Әңгіменің тақырыбына  қарап мазмұнын болжайды. 
О5 Оқу түрлерінің стартегиялары. 
 
Сабақтың мақсаты:
  
Барлық оқушылар жасай алады: 
Сөз бен сөйлемдерді интонация арқылы ажырата алады . 
Оқушылардың көбі жасай алады: 
қарапайым сөздерді және сөйлемдерді фонемалық  
білімдерін пайдаланып оқиды және жиі қолданылатын 
сөздерді тани біледі. 
Оқушылардың кейбірі жасай алады: 
қарапайым мәтіндер мен суретті кітаптарға жауап ретінде 
комментарий айта біледі, сұрақ қоя біледі. 
 
Тілдік мақсат:
  
33 

Негізгі терминдер мен сөз тіркестер: 
Ата, әже, немере, ит, мысық, тышқан, тартады, тарта алалмайды. 
Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл: 
Талқылау үшін сұрақтар: 
Содан кейін кім келеді? 
Кімді шақырады? 
Кімнің соңынан кім тартады? 
Шалқан қандай болады? 
 
І. Ұйымдастыру  кезеңі «Шаттық шеңбері» 
Оқушылардың көңіл-күйлерін бақылау. 
«Еуропа қалашығына саяхат» жасау 
1 шапалақ – қол алысып амандасады 
2 шапалақ – құлақтарымен амандасады 
3 шапалақ – арқаларымен амандасу 
4 шапалақ құшақтасып амандасу. 
 
Жаңа сабақ тақырыбын ашу мақсатымен сұрақтар қою: 
1. Сүт қандай? (сұйық ) 
2. Сүтті пісіріп, ашытқы қосып әдейі ашытып жасалатын тағам (айран) 
3. Тұз қосып кептірілген, сүттен жасалған тағам. (құрт) 
4. Сиыр бұзаулағанда алғашқы сүт (уыз) 
5. Сүтке майдың сары суын қосып, ұзақ уақыт қайнатып жасалған 
жұмсақ, сарғыш тағам (ірімшік) 
6. Айранды ұйытып ............ жасайды. (қатық) 
7. Сиырдың сүтін қандай ыдысқа сауып аламыз? (шелек) 
 
«Сүт қалай ұйықтады?» ертегісін бейне таспадан көрсету 
Ендеше біз бүгін сендермен Тағам және сусын тарауы бойынша  
«Сыныпта дәмхана құру» тақырыбын өтеміз. 
Дәмхана адамдар неге барады? 
Дәмхана қандай тағамдар мен сусындар болады? 
Дәмханада кімдер жұмыс жасайды? 
Даяшының қызметі жайында кім айтып береді? 
(Б) Оқушыларға рөлдік ойын ойналатын жерді көрсету. Заттарды қалай қолдану 
керектігін түсіндіру. Оқушыларға қалай тапсырыс беріп,  қалай тапсырыс қабылдау 
керектігін көрсету.   
(Т) Қарапайым тағам әзірлеу үшін оқушылар сол тағамның рецептіне қарайды, 
қандай ыдыстардың қажет екендігін шешеді. Ингредиенттерді өлшеп салып, келесі 
қадамдарды орындайды.    
3) Мағынаны тану 
Мәтінмен жұмыс «Сүт қалай ұйықтады?» өлең-ертегімен оқып танысу 
Жаңа сабақты түсінгендерін байқау. Ой - толғаныс 
1. Сұрақтар қою: 

Ертегіде ненің әрекеті суреттелген? 

Ертегіде қандай нақыл сөз келтірілген? 

Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап. 
34 

2. Мәтінмен жұмыс. а) іштей оқу, б) дауыстап тізбектеле оқу 
3) Суретпен жұмыс: 

Суретке қарап ертегідегі сүттің іс-әрекетін қарасөзбен әңгімелеу 
4) Дәптермен жұмыс.  
Топтастыру.  
а) Сүт тағамдары: айран, қатық, сүзбе, ірімшік, уыз, құрт. 
ә) « Дұрыс сөз тіркесін тап» Дұрыс тіркесті тауып дәптерге жазу: 
балдай ,тәтті, құрт, тұздалған, қышқыл 
туралған, айран, кепкен,қара, ашыған 
сүт, жайылған 
б) Ұйқас сөз табу. 
Мысалы: 
Тоқты, -------------- Бота, 
Тепті допты. ----- Үйренді нота. 
Айран, 
Қалдым қайран. 
Осы сияқты айран, сүзбе, құрт, уыз сөздерімен ұйқас құрастыруды тапсыру.. 
4) Қарама-қайшы пікірлер 
Ұйқының пайдасы 
Ұйқы  адамның  күш-қайратын  қалпына  келтіреді.  Адам  ұйықтағанда  жұмысқа 
уақытылы бара алмайды. 
Ұйқының зияны 
Көп ұйықтаған адам енжар болады. 
Ештеңе  жасағысы  келмейді.  Сабаққа,  тынығады.  Ертеңінде  сергек  болып 
тұрады. Еріншек, жалқау болады. 
Сергіту сәті:  «Қара жорға » музыкалық жаттығу 
(ТЖ) Ертегіні топтарда көрініс ретінде қойғызу.  
1-
топ ертегінің басын сахналайды. 
2-
топ ертегінің ортасын  сахналайды. 
3-
топ ертегінің соңын сахналайды. 
4-
топ ертегіні өздерінше жалғастыруы керек. 
Сабақтың бекіту кезеңі 

Оспанхан Әубәкіровтің ертегісінің негізгі ойы не? Автор балаларға қандай ой 
тастайды? 

Ертегі сендерге ұнады ма? 

Өздерің қалай ойлайсыңдар «ұйқы» адамға қажет пе? 
Оқушылардың білімін бағалау 
Үйге тапсырма: Ертегіні мәнерлеп оқу, өз сөзімен әңгімелеп айта білу. 
Бағалау: өзін-өзі бағалау.  
Не қиын болды? Не оңай болды? 
Шығарманың негізгі желісі оқушылардың есінде қалғандығын айтқызу[8]. 
Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым және достарым» 
Өмірбаянды жоспарлау» 
Оқу мақсаты:  
Ж1Мәтіннің  түрлерін  ажырату  және  өз  ойынан  мәтін  құрап  жазу.  Қарапайым 
мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады. 
Ж3Жоспар құру. Өз бетінше мәтінге жоспар құрады, тақырып қояды. 
35 

А  4.Астарлы  мағынаны  анықтау.  Сөйлеу  қабілетін  дамытады  және  көп 
мағыналы сөздерді қолдана бастайды. 
 
Сабақтың мақсаты:
  
Барлық оқушылар білуге тиісті: 
Мәтін жазып, өз ойларын айту. 
 
Оқушылардың көпшілігі: 
Сөйлеу барысында көркем және күрделі сөздерді қолдана алады. 
 
Кейбір оқушылар: 
Пікірталастарға қатыса алады 
 
Кіріспе 
А)  Шаттық  шеңберіне  тұрып  оқушылар  сол  жағында  тұрған  досына  мақтау 
сөздерін айтады ал келесі бала оған рахметін білдіріп, өзінен кейінгі оқушыға айту 
арқылы жалғастырады.  
Балалар, бүгін біз сендермен болашаққа саяхат жасаймыз. Қазір біз осы шеңбер 
ішінде  бір-біріміздің  қолымыздан  ұстап,  «Болашақ  көлігіне»  отырып,  көзімізді 
жұмып, саяхатқа аттанайық. (1 минут тыныштық) 
Негізгі бөлім 
(Ж) Оқушылар көзін ашады. Ашқан кезде шеңбер ортасында әртүрлі мамандық 
иесінің суреттері жатады.   
 
 
 
Әр оқушы өзінің арманындағы мамандықты таңдайды. Таңдаған мамандықтары 
бойынша сұрақтарға жауап береді. 
Бұл мамандықты таңдаған себебім___________________________________ 
 
Осы мамандықпен өз болашағыңды қалай елестетесің___________________ 
Арманыңа жету үшін не істер едің? 
Болашақты елестету қажет пе? 
36 

(Т) «Менің арманымды тап» ойынын ойнайды.  
Қалаулары бойынша әр топтан оқушылар шығып, өз армандарын сурет немесе 
қимыл арқылы көрсетеді, қалған оқушылар тауып айтады.  
(Ж): «Болашағымның айнасы»  
Әр  оқушыға  кестедегі  адам  өмірінің  3  кезеңі  беріледі,  әр  кезең  тұсына  өз 
болашақ өмірі туралы жазып шығады. 
 
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
(Ж):  Дәптермен  жұмыс:  Әр  оқушы  2  етістіктен  таңдап  алып,  келер  шақта 
сөйлем  құрастырады.  Қасындағы  досына  сөйлемін  оқып  береді,  бір-бірін  тыңдап, 
қатесі болса түзетеді. 
Қорытынды 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет