айгүл усахоВа
Облыстық «Самал» балалар мен
жасөспірімдер газетінің
Ақжайық ауданындағы меншікті тілшісі
№3 (211) 17.02.2015 ж.
6
Я помню! Я горжусь!
Я хотел бы поделиться с вами историей
своего прадедушки. Эту историю мне
рассказала моя прабабушка, которая
является
ветераном
трудового
фронта, ей сейчас 90 лет.
Моего прадедушку звали Батраков
Пётр Степанович. Родилсяон в городе
Фрунзе в 1917 году.В первый раз
он призвался в армию в 1938 году.
Участвовал в Советско-финской войне,
которая продолжалась с 1939 по 1940
годы. Принимал непосредственное участие в прорыве
линии Маннергейма. Был ранен. После окончания
войны был демобилизован.Пробыл дома всего 3 месяца,
и в 41-ом был опять призван в армию. Пораспределению
попал вПанфиловскую дивизию, которая в то время
формировалась в городе Талгар Алматинскойобласти.
Дивизия была отправлена в Москву. Прадедушка мой
служил в разведывательной роте. В октябре 1941 года, в
результате продолжительных боёв, был серьёзно ранен,
пуля прошла на вылет рядом с сердцем. Полгода лечился в
госпитале: сначала в Москве, затем в Красногорске, потом
был перевезён в Ташкент. По результатам комиссии, был
признан негодным к строевой службе, и егонаправили
служить во внутренние войска. Во внутренних войсках
получил звание старшего сержанта и прослужил до 1960
года.После окончания службы стал работать в милиции,
где проработал до выхода на пенсию. 20 октября 1993
года прадедушки не стало.
За время службы он был награждён множествами орденов
и медалей. Особое место, среди которых занимают
«Орден Отечественной Войны 2
степени», «Медаль за отвагу»,
«Медаль за боевые заслуги».
История его боевого пути отмечена
в книге в честь 60-летия Победы
в ВОВ, которая была выпущена
вгороде Актобе.
К большому сожалению, я не увидел
прадедушку живым. Но я горжусь
тем, что он, как и множество других
Ветеранов войны, внес свой вклад
в Победу в Великой Отечественной
войне.
охрименко никита
5 «г» классе общеобразовательной школы
№4 5 «г» класс г.Аксай Бурлинского район
Менің атам
Менің атамның аты – Серікқалый. Ол өте мейірімді, мінезі жұмсақ,
ақ қөніл адам. Ол көп жыл бойы мал дарігері болып қызмет атқарды.
Қазір ол Чувашка ауылда тұрады. Ауыл адамдары атамды құрметтейді.
Атам өте көп оқыған адам, ол өзінің білгендерін, ақылын бізге үйретіп
отырады.
Бірінші сыныптан бастап атам мені мектепке өзі апарады. Мен атамды
қатты жақсы көремін, ол да мені жақсы көреді, еркелетеді. Демалыс
күндерде мені саябакта, ойын сауықтарда қыдыртады. Бар сырымды
мен атама айтамын.
Мен өскенде атам сияқты ел құрметтейтін азамат болғым келеді. Жетінші
ақпанда атам 63 жасқа толады, бұйырса құрметті демалысқа шығады.
Атама мен зор денсаулық тілеймін, ұзақ өмір сүрсін, әрдайым арамызда
жүре берсін! Атамның маған айтқан сенімін ақтауға тырысамын. Мен
осындай сыйлы адамның немересі болғанымды мақтан тұтамын!
ернар измаГамбетоВ
А.Тайманов атындағы
№34 мектеп-гимназиясының, 4 «б» оқушысы
Батыр
қыз
Мәншүк
Мәметова,
ол біздің Орал қаласында
дүниеге келген. Ол Ұлы
Отан соғысында ержүрек,
өте батыл, қайсар қыз
болған. Мәншүк апамыз
қаза тапқан соң, батырлығы
үшін Совет Одағының
батыры атағы берілген.
Орал қаласында Мәншүк Мәметованың ескерткіші
мен мұражайы бар.
айгерім утеноВа
Қызылтал ЖОББМ-нің
4 «ә» сынып оқушысы
Қызылтал ауылы, Бөрлі ауданы
Менің атам
жауынгер
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан
әскерлері
Қызыл
Әскер
қатарында
фашистермен соғысты. Соның ішінде менің
атамда болды. Атамның аты – Айтбай.
Атам соғыста өзінің ерлігін көрсетіп орден-
медальдарымен
марапатталды.
Осы
медальдарды жүз мыңнан астам жауынгер
алды. Атам ауылына келгенде ауыл
тұрғындары көріп атамды құттықтады.
Сонда атамның қуанышында шек болмады.
Өкінішке орай мен атамды көре алмадым.
Қазақстан әскерінде қызмет ету әрбір ер
азаматтың құрметті міндеті және қасиетті
борышы.
раушан ізімғали
№6 ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы
Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы
Ардагерлер сіздерге мың тағзым
Соғыс мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы басталды.әрбір
ардагерлердің мақсаты қазақ халқының абыройына нұқсан келтірмеу еді.
Олар соғысқа дайындалды. Бәрінің арманы жеңіске жетіп, тәуелсіздік
күнін алу еді. Ардагерлердің ішінде Б.Момышұлы да болды. Айлар өтті,
жылдар өтті. Қаншама ардагерлер жанын беріп, қанын төкті. Соғыс мың
тоғыз жүз қырық бесінші жылы аяқталды.
Ардагерлер жеңіспен оралды. Барлығы «біз ешкімге бағынышты
емеспіз» деп айқайлады. Бұл жеңістің айқайы еді. Он алтыншы желтоқсан
тәуелсіздік алған күніміз. Қазақ халқы осы ардагерлердің батырлығын
ұмытпайық!
перизат мҰҚат
Подстепный №1 мектептің 4 «а» сынып оқушысы
Аман жүріңіздерші аяулы
ардагерлер
«Ер есімі, ел есінде»,- деп халқымыз тегін
айтпаған. Сол бір біз көрмеген соғысқа менің арғы
атам - Құсман ата да қатысыпты. Оның ерлігін
әжемізден естіп, мақтан етеміз. Ол жауынгерлік
қызметін адал атқарған. Фото - суреттен бірнеше
медальмен мадақталғанын көрдім. Жауынгер
атамның ұрпақтары көп. Бәріміз Құсман атамның
ерлігін әңгімелегенде қуанып риза боламыз.
Біздің мектебімізде де ұлы жеңістің 70 жылдығына
арналған шаралар басталып та кетті. Ардагерлерді
ортамызға алып олар айтқан отты жылдарды ести
отырып, енді ондай күн болмасын деп тілейміз. Мың
тағзым, аяулы ардагерлер аз қаласаңыздар да аман
жүріңіздерші.
алдияр ахмет жаноВ
№6 ЖОББМ-нің 3 «а» сынып оқушысы
Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы
Ұлы Отан»
Ұлы Отаным туған жерім байлығым,
Алтын бесік, алтын нұрлы айбыным
Бейбіт таңның атқанына 70 жыл,
Туған жерім, бақыт, байлық, айдыным.
Жеңіс бізге оңайлықпен келмеді,
Есіл ерлер осы күнді көрмеді.
Барша халық, үлкен-кіші аянбай
Ұлы Отан жеңісі үшін терледі.
Қанша адам қыршынынан қиылды,
Жеңіс үшін, маңдайдан тер құйылды
Жаса қазақ, жаса ұлы Отаным,
Құдай қолдап, жеңіс бізге бұйырды.
Қазақстан Ұлы Отан мекенім,
Әрқашанда сені аялап өтемін.
Жүрегімде Қазақстан тұрады,
Қазағым» деп жүрек мәңгі соғады.
Қуанышпен қарсы ала бер әр күнді,
Ғарышқа да жеткіземіз даңқыңды.
Ел қорғаған ағалар мен апалар
Сыйлап бізге бейбіт өмір, ақ таңды.
Жеңіс тойы құтты болсын барша жұрт
Көк аспаннан сейілді ғой қара бұлт.
Көк аспанда желбіресін байрағым
Мәңгі жаса «Қазақ» деген ғажап ұлт.
назерке мағзом
Жайық негізгі мектебінің
7- сынып оқушысы
Ақжайық ауданы
Қыран тұлға
қырандарым
Қырғын соғыс, қиындық жүк артуда,
Шегінбек жоқ, елі тұр ұлы артында
Жеңісті жақындатқан ардагерлер
Мен үшін әрқайсысың қыран тұлға.
Сендерсіз келер ұрпақ біз қайтер ек,
Сұм соғыс десе журек сыздап кенет.
Халқыма қиын күнде қорған болған
Мен үшін әрқайсысың бір бәйтерек.
Жау оғын қайтармаса білекке сын,
Аналар тек жеңіске тілектесім.
Соғыс сұм, ана жесір, бала жетім
Мен үшін әрқайсысың жүректесің.
Жыр жазсам 70 жылдық тойыңда шын,
Бар әлем бұл қазақты мойындасын
Өтсе де қанша қыс пен қанша көктем
Мен үшін әрқайсысың ойымдасың.
Көрсе де сол соғыстың алапатын
Бірақ та жеңіліске келіспеді.
Ерлігі әр бірінің ұлы қорған
Қақпасы тек ашылған жеңіс болды.
Жеңісім тар шеңберді ағытып ең,
Елбасым озық ойлы, жаны терең.
Бұл жеңіс жылдан жылға жалғасады
Өмірде «Нұрлы жолдың» бағытымен
орынбек кеңес
Талап ЖОББМБ-ның 8-сынып оқушысы
Ақжайық ауданы
әли серік, Тегісшіл
НЖОББМ-нің оқушысы,
Жәнібек ауданы
Ержүрек қыз
Мәншүк апа соғысты
Отаны үшін жан беріп.
Ұмытпаймыз ерлігін
Бас иеміз мәңгілік.
ернар саФарГалиеВ
Қызылтал ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушысы
Қызылтал ауылы, Бөрлі ауданы
Жеңіс
күні
Ұлы Жеңіс күніне
Тілеймін шаттық береке.
Ата-әже сіздерге:
Тілеймін ұзақ өмір, мереке.
Тыныштық болсын елімде,
Қазақстан жерінде.
Құтты болсын Жеңіске
Жетпіс жылдық мереке!
ерайым жаҚибаЙ
Қызылтал ЖОББМ-нің 4 «ә» сынып оқушысы
Қызылтал ауылы, Бөрлі ауданы
Ардагерлерге мың тағзым
№3 (211) 17.02.2015 ж.
7
«Ақын көзі жұмылмас, жырдың көзі жұмылмай»
кӨркем әдебиет
-жан азығы
Мен Мәстексай ауылында тұрамын. Өзім 4
сыныпта оқимын.
Менің ұстазым - Дүйсенғазиева Күләш апай.
Мектепте бос уақытымда кітапханаға барып қызықты
әңгімелер, ертегілер алып оқимын. Жақында мен
«Балдырған» журналы мен Ә.Тәжібаевтың «Аққу»
деген кітабын оқыдым. Өте тартымдыМен кітап
оқығанды ұнатамын
.Өте тартымды жазылған шығарма
екен. Маған ұнады.
жанарыс маҚсотоВ
С.Меңдешев атындағы ЖОББМ-нің
4- сынып оқушысы, Мәстексай ауылы,
Жаңақала ауданы
«Қадыр, негізінен, ұлттық ақын.
Ұлттық ақын болғанда, қазақ халқының
ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі
өмірі, тіршілігі туралы жазған өлеңдері
өте көп. Сол өлеңдерінің барлығын
жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірінің
көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды
тарихы деуге болады», - деп Әбділхамит
Нарымбетов айтып кеткендей сонау
алпысыншы жылдары туған әдебиетке
жаңа бір қуатты толқын басталып, өнер
мұхитының көкжиегін кеңейтіп сала берген
еді. Сол дарын иелерінің бірі – Қадыр
мырза Әли.
5 қаңтар – ақын, Жазушылар
одағының мүшесі, Қазақстан Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, Қазақстанның
халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің
туғанына 80 жыл. Осы үлкен мерейтойға
орай ЖББ Аралтөбе орта мектебінде «Ақын
көзі жұмылмас, жырдың көзі жұмылмай»
атты шара өтті. Мектебіміздің тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары К.Қуанышқалиева
шараны ашып, оқушыларға жақсы тілектерін
айтып, жылы лебізін білдірді. Шараның
мақсаты – Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен
шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру,
оның шығармаларын дәріптеу, өзіндік
ерекшеліктерін анықтау, ақынның туған
жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.
Шара барысында ақын туралы көптеген
мағлұмат айтылды. Оқушылар ақынның
өлеңдерін жатқа айтып, сұрақтарға жауап
беріп, бір-біріне сұрақтар қойып, өздерін
басқа қырларынан көрсете білді. «Кәрі
қыран», «Бірінші рет балға ұстаған балаға»,
«Бір үзім нан», «Қысылу» сияқты өлеңдері
оқылып, талқыланды. Шара соңында
3-сынып оқушылары М.Сағынғалиев мен
М.Мергеновтың орындауында «Қазақтарды
шетелдік қонақтарға таныстыру» әнімен
керемет аяқтап, мақтау қағаздарымен
марапатталды.
«Жүректен
шықпаса,
жүрекке
жетпейді», - деп Қадыр ақынның өзі
айтқандай, поэзия алқабында ақын мен
оқушының жүрегі қосыла сыр шертеді.
з.нҰрғалиеВа
Аралтөбе орта мектебінің
кітапханашысы
Сырым ауданы
«Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер ме, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы»
деп ақын өзі жырлағандай, жарық дүниедегі
аз ғұмырының мәңгілікпен жалғасатынын
ақынның сезімтал жүрегі сезген сияқты. Ол
туралы естеліктер жазылып жатыр, еске
алып та жатырмыз.
Біздің мектебімізде ақынның туған күні
қарсаңында пән мұғалімдері: Г.Иркегулова,
Л.Исатаеваның ұйымдастыруымен «Өзіңсің
поэзия пайғамбары» атты әдеби кеш оздырылды. Кеш үш бөлімнен өтті. І бөлімде:
Ақынның өмір жолынан мәлімет берілсе, ІІ бөлімде «Өзіңсің поэзия пайғамбары» атты
пресс – конференция, ІІІ бөлімде «Мұқағали – ақиық ақын» поэзиясынан мәнерлеп оқудан
әр оқушы өлеңдерін жатқа айтып, көрермендердің көңілінен шықты.
«Менің анкетам» атты өлеңі бойынша емханада ем алу сәтінен көрініс қойылды. Бұл
көріністе оқушылар Дәрігер мен Мұқағали рөлін өте тамаша сомдады. Кештен біздер
жақсы әсер алдық.
шамшырақ есенғалиеВВа
Ұзынкөл орта мектебінің
5 – сынып оқушысы
Ұзынкөл ауылы,Жәнібек ауданы
Қадыр ақын
Қаршы орта жалпы білім беретін мектеп кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы,
Қазақ ССР мемлекеттік Сыйлығының лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қадыр
Мырза Әлінің 80 жылдығына арналған «Қазақтың Қадыры» атты әдеби - музыкалық кеш өтті. Кеш
барысында кітапхана активінің мүшесі интерактивті тақтамен слайд түрінде жазушының өмірі мен
шығармашылығына шолу жасап, ақынның жанды дауысында «Ауылда болған бұл жерде» өлеңін
тыңдатты. «Өмірбаян орнына», «Туған жерге арналған толғау», «Жақсылар», «Ел сәлемі», «Ана»,
«Не жетеді» сынды Қадыр ақынның әртүрлі тақырыптағы өлеңдері оқылды. Мектебіміздің 7 сынып
оқушысы Балғабаева Ақбаян өз шығармашылығынан «Қадыр ақын» өлеңін оқып, көрермендерді
тәнті етті.
Ақбаян-мектебіміздің үздік оқушысы. Өлең жазатын өнері бар. Кітапқұмар. Мектепішілік шараларға үнемі
қатысады. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша облыстық пән олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Шәкіртімізге «Биіктерден биікке өрлей бер»,- дегңм келеді.
нази тлесоВа
Қаршы ОЖББМ-нің кітапханашысы
Лбішін ауылы,Ақжайық ауданы
Кітап – өлшеусіз қазына,
өрісі кең әлем!
Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін,
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін
Мұзафар Әлімбаев.
Досыңның шексіз болғаны қандай жақсы! Қандай бақыт! Ол кім
дейсіз ғой?Жоқ.Оның жаны жоқ ,бірақ жаны жоқ болса да ол –бір
күні одан теріс айналып,жалғызсыратып тастап кетсең де саған
өкпелемейтін, сені еш алдамайтын дүние,сенің рухани байлығың кітап .Кішкентай ғана
данышпан!
Кітап тек досың ғана емес,ұстазың , кеңесшің, ақылшың!Рухани жан дүниеңе демеу
беріп,адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап,осыдан барып кітапсыз
өмірімізді елестету де қиын екенін түсінеміз.
Сонау сан ғасырлық тарихымыз кітап арқылы жеткені ақиқат.
Кітап –біздің рухани құндылығымыз.Теңдесіз байлығымыз.Өткен замандардан
тұңғиық сыр шертетін тарихты да, әдебиетті
де,басқа да ғылым кереметтерін кітаптан табамыз.
«Білімдінің жүзі жарық,білімсіздің жүзі шарық» деп ата-бабамыз бекер айтпаған.
Кітапты үзбей оқып,өзімізге сенімді дос ретінде қабылдайық.Кітап өмірімізге бағыт
сілтеп тұратын шамшырағымыз деп білейік.Кітаптың ұлы қасиетін бағалап,құрметтеп
жүрейік.
айдана адембаеВа,
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
6-сынып оқушысы, Долиный ауылы, теректі ауданы
Кітап – білім көзі
Мен кітапханаға бардым. Ертегілер оқыдым.
Кітап менің досым. Кітапты сүйіп оқимын.
Кітапты таза ұстау керек, жыртып тастауға
болмайды. Кітаптан білім аламыз және кітап
жақсы дос. Көп оқыған адам көп біледі. Барлық
білім кітапта.
Кітап - білім көзі. Кітапты оқысақ біліміміз артады. Оқудың
пайдасы зор. Көп оқып, бәрін білуге болады. Кітапта мақалдар,
жұмбақтар болады. Біз мақалдарды өмірде қолданамыз,
жұмбақты шешеміз, бір-бірімізге жасырамыз. Мысалы, «Кітап -
алтын қазына» деген мақал бар. Бұл мақал арқылы біз кітаптың
қымбат екенін түсінеміз. Кітап арқылы оқуды, жазуды үйренеміз.
Кітаптың арқасында білімді, тәрбиелі бала болып өсеміз. Біз өте
бақыттымыз, себебі бәрін білеміз.
аяулым ҚизатоВа
Аққозы ЖОББМБ-ның
2 – сынып оқушысы
Аққозы ауылы, Қаратөбе ауданы
кітапханаға саяхат
Қазіргі экономикалық дамыған заманда балалардың кітап оқуға
деген жалпы кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру үлкен
мәселе болып отыр. Елімізде кітаптың мәртебесін және кітап оқу
деңгейін көтеру мақсатында түрлі бағдарламалар қабылданып, оны
мемлекет басшысы өзі қолға алуда.
«Кітап – білім бұлағы» дегендей, кітап - білімнің бастамасы.
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды
мектепке дейінгі шақта бастаған дұрыс деп ойлаймыз. Сондықтан
ата – аналар, мектепке дейінгі ұйым бірлесе жұмыстанса ғана
еңбегіміз нәтижелі болады. Осы мәселе бойынша №29 «Балауса»
мектепке дейінгі ұйымында түрлі шаралар жоспарланып, іске асуда.Оның бір жарқын көрінісі таяудағы
балабақшамыздың «Капелька» және «Гүлдер» ересек топ балаларының Урдинский көшесінде орналасқан
балалар кітанханасына саяхаттауы. Кітапханада балалар түрлі кітап абонементтері мен оқырмандар
залымен танысты. Кітап, білім туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтып берді. Кітапхана қызметкерлерінің
ұйымдастыруымен ойындар да ойнап, саяхаттан балалар жақсы әсермен оралды. Балғындардың білімін
ғана емес мәдениеті мен рухани дүниетанымын кеңейту мақсатында іс-шаралар әлі де жалғасын табады
деген ойдамыз.
ә.зҰлҚашеВа
№29 «Балауса» мектепке дейінгі ұйым әдіскері
Өзіңсің поэзия пайғамбары
№3 (211) 17.02.2015 ж.
8
Сыныбым
Мен А.Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім
беретін мектебінің 3
ғ
сыныбында оқимын. Біздің сыныпта 25
оқушы бар, оның 14-і ұл және 11-і қыз. Біздің сынып жетекшіміз
– Қайдалиева Айнұр Бекжанқызы. Сыныбымның оқушылары
тату әрі ұйымшыл. Сынып жетекшіміздің бастауымен әр
түрлі қоғамдық іс-шараларға белсенді араласамыз. Мысалы:
сыныптағы кейбір қыздар би үйірмесіне, ұлдарымыз спорт
шараларына қатысады. Мен өз сыныбымды жақсы көремін,
бәріміз бір үйдің балаларындай болып кеттік. Әрқашан өз
мейірімін сыйлаған сынып жетекшіміз ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке және өз қабілетімді көрсете білуге үйретті.
Мен өз сыныбымды және ұлағатты ұстазымды мақтан
тұтамын.
Гүлнұр кәрім
№10 ЖОББМ-нің 3 «ғ» сынып оқушысы
Ұстазым – мақтанышым
«Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға» – деген Абай өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз – әрдайым құрметті. Сондай ұстаздардың
бірі – Асхат Сағынтайұлы. Базаров Асхат Сағынтайұлы 1990-1997 жылдар арасында Тайпақ орта мектебінде,
1997-2000 жылдар аралығында Орал қаласындағы №11 мектеп лицейінде білім алады.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің математика-физика мамандығы бойынша оқуға
түсіп, 2004жылы оқуды ойдағыдай аяқтайды. Сол жылдан бастап күні бүгінге дейін Бударин орта жалпы білім
беретін мектеп-балабақшасында физика пәнінің мұғалімі болып келеді.
Асхат Сағынтайұлы білікті маман, білімді ұстаз, қамқор әке, өзінің бойындағы ұстаздық мейірімін, білімін,
тәжірибесін алдындағы шәкірттерін беріп, олардың рухани дүниесін байытуда алдына жан салмайтын
ұстаздардың бірі. Әр сабағын ерекше қызықты өткізуге бар күшін салатын ізденімпаз ұстаз. Оқушылардың физика
пәніне деген құштарлығын ояту мақсатында әртүрлі шаралар өткізе отырып, оқушылардың білімін арттырып
қана қоймай, өмірлік, сабақ береді. Сабақ үстінде өзінің зілді, астарлы қалжыңымен де оқушылардың жүрегіне
жылу сыйлай біледі. Мектепте өтетін пән апталықтарының ішінде ең қызықтысы, әрі әсерлісі физика апталығы.
Онда түрлі физикалық заңдылыққа байланысты әр түрлі фокустар көрсетіліп, оқушыларға естен кетпес әсер
сыйлайды.
Шәкірттерінің жеңісі, ұстаздың жұлдызының жанғаны. Өз маманының хас шебері Асхат Сағынтайұлы бар
білгенін шәкірттеріне үйретуден, жалықпаған. Соның дәлелінің бірі Астана қаласындағы Л. Гумилев атындағы
университетінің шәкірттері Нұрлан Құсайнов, Рабиға Маубасова, Батыс Қазақстан аграрлық техникалық
университетінің шәкірттері Сапаров, Гүлназ
Болатова, аудандық «Апельсин» физика –техникалық турнирінің Үздік физик-эрудит туры бойынша жүлдегер
атанған Зиба Жалмурзина ұстаздың сүйікті шәкірттерінің бірі.
Асхат Сағынтайұлы шәкірттерінің беделін арттырып қана қоймай өзі де биік белестерден көрініп жүр. Атап
айтар болсақ, 2009 жылы «Жыл мұғалімі -2009» аймақтық байқауында жүлделі І орынды иеленді. 2010 жылы
Ақжайық аудандық құрмет грамотасымен марапатталды. Асхат Сағынтайұлына алдағы уақытта көптеген биік
белестерден көрініп, шәкірттерінің жеңісімен қуана берсін дегім келеді. Отбасылық бақыт, шығармашылық
табылс тілеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |