2.2
Жоғарыдан
кейінгі
білім
жағдайында
мамандардың
акмеологиялық дайындығын қалыптастыру тҧжырымдамасы
Жоғары
деңгейдегі ғылыми-педагогикалық мамандарды дайындау
еліміздің индустриалды - экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге
асырудың негізгі тетігі болып табылады. Әсіресе педагогикалық мамандар
дайындаудың сапасын арттыру арқылы барлық саладағы білім беруді әлемдік
стандарттар деңгейіне кӛтеруге болады. Сондықтан болашақ білім саласы
72
мамандарының кәсібилік, шеберлік, шығармашылық қабілеттерін оқу
орынында білім алу барысында алдын ала, оза дамыту мен белгілі бір
деңгейде қалыптастыру қазіргі педагогика мен психология ғылымдарындағы
ӛткір мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикада кӛтеріліп жатқан тың
тақырып болғандықтан оны тиімді шешу үшін теориялық негіздер айқындалып,
тұжырымдамалық, әдістемелік базалар әзірленуі тиіс.
Oсыған орай диссертациялық зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің бірі
жоғарыдан кейінгі білім жағдайында мамандардың акмеологиялық
дайындығын қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау болғандықтан бұдан
әрі қарай осы бағыттағы жұмысымыздың сипаттамасына кӛшеміз.
«Tұжырымдама» ұғымының ( сonceptio) латын тілінен аудармасы түсінік,
мағына, кӛзқарас дегенді білдіреді [215]. Нақтылайтын болсақ тұжырымдама –
белгілі бір құбылыстарды түсінуге, мағынасын ашуға қатысты жеке кӛзқарас,
белгілі бір үрдістерді жүйелеуге байланысты жетекші идея. Педагогикалық
тұжырымдама – бұл (жеке немесе ӛзгеден алынған) кәсіби идеялардың
сипатталған және негізделген құрылымдалған жиынтығы ретінде
қарастырылады.
Белгiлi бiр әрекеттiң тұжырымдамалық негiзiн жасау оны нобайлау
үрдiсiндегi күрделi мәселелердiң бiрi. Сондықтан қарастырып отырған мәселеге
қатысты авторлық тұжырымдаманың сипаттамасын беру алдында жалпы
педагогикалық тұжырымдама жасаудың кейбір тәсілдеріне талдау жасап кетуді
орынды деп есептейміз.
Tұжырымдамалаудың ӛзi бұл ретте әртүрлi қызмет атқарады және оның
кӛрiнiсi тӛмендегiдей болуы мүмкiн: 1) эмпирикалық жинақталып жатқан
тәжiрибенiң тұжырымдамалық негіздемесі; 2) даму бағытындағы әрекеттiң
үлгi жобасын фактілерге тірек етілмеген априорлық тұжырымдалуы; 3)
тұжырымдамалық жобалар мен әрекеттiң даму моделiн салыстыруға ықпал
ететiн абстрактiлi негiздемелер.
Oсыған сәйкес тәжірибеде бар педагогикалық тұжырымдамаларды талдау
мен жасауда әртүрлі тәсілдердің қолданылғанына кӛз жеткіздік. Оларға
мыналар жатады:
- аспектiлiк тәсiл - сипатталатын объектiдегi белгiлi бiр аспектiлердi
бӛлiп алып, оларды критериалдық-теориялық тұрғыдан безендiру;
- жүйелiлiк тәсiл – объект басынан бастап жүйе түрiнде қабылданып,
оның тұжырымдамалық сипаттамасының жүйелiлiк талдау логикасына
сәйкестендiрiлуi;
- генетикалық тәсiл – бұл тәсiл аясында тұжырымдама объектiнiң
генезисiн, оның iшiне енетiн процессуалдық бейненi сипаттау болып
табылады.
Бізге дейінгі жасалған тұжырымдама авторлары мұндай әрекеттің ӛзіндік
қиындықтарының бар екендігіне тоқталады. Оларға тұжырымдама жасаудың
технологиясы, құралдары мен тәсiлдерiнiң болмауы, оның әдiснамалық
қамтамасыз етiлуi мен ӛзiнiң негiзделуiн бағалаудың ӛлшемдерінің болмауы
т.б. жатады.
73
Біздің зерттеу жұмысымыздың аясында болашақ мамандардың жоғары
кәсібилік жағдайында еңбек етуге дайындаудың тұжырымдамасын жасауда
магистранттардың
акмеологиялық
дайындығын
қалыптастырудың
тұжырымдамасын жасаудың ғылыми алғы шарттарын айқындау міндеті
тұрды. Оларды мамандарды дайындау теорияларының акмеологиялық
заңдылықтары; жүйелілік, іс-әрекеттік, тұлғаға бағдарланған білім беру
әдіснамасы, субъектілік, акмеологиялық амалдар құрайды.
Tеориялық акмеология акмеологиялық заңдар мен заңдылықтардың
сипаттамасын жасайды. Қазіргі таңда акмеологиялық заңдар мен
заңдылықтардың түрлері туралы кӛптеген дискуссиялар болуда, осындайда
психологиялық заңдар мен заңдылықтармен салыстырылып, ұқсатылады.
Расында олардың арасында біраз ұқсастықтар бар болғанымен де, олардың
айырмашылықтарын да кӛрсету маңызды болып табылады.
Біріншіден, акмеологиялық заңдылықтар объективті тұрақты байланыстар
және қатынастармен анықталынады. Мысалға, тұлғаның дарындылығы мен
оның кәсібилікке қарай жылжуы арасындағы байланыстар мен қатынастар.
Сонымен қатар, тұлғаның ӛзін-ӛзі басқару деңгейі мен кәсібилікке қарай
жылжудың динамикасы арасындағы тұрақты байланыс. Бұл жерде байланыс
пропорционалды болып табылады. Осындай тұрақты байланыстар мен
қатынастар кӛптеп кездеседі.
Eкіншіден, акмеологиялық заңдылықтар объективті және субъективті
болып
табылады.
Олардың
объективтілігі
әрекеттегі
шарттармен
анықталынады: кәсібилікке және кәсіпқой адамдарға қатысты болатын
қоғамдағы құндылықтар, стандарттар.
Yшіншіден,
тұрақтылық
қасиетімен
сипатталатын
заңдылықтар
қайталанушылықпен ерекшеленеді. Тұрақтылық пен қайталанушылық,
мысалға кәсібилікті дамытумен байланысты акмеологиялық әдістер мен
технологиялардың кӛптүрлілігін сипаттайды.
Tӛртіншіден,
акмеологиялық
заңдылықтар
психологиялық
заңдылықтармен ұқсас болып келеді (Б.Ф. Ломовтың жіктемесі бойынша), адам
психикасы дамуының үдерістеріне қатыстылығымен анықталынады [216].
Бесіншіден, акмеологиялық заңдылықтар «басылымдықтар-заңдары»
жіктемесіне жатады.
Aлтыншыдан,
психологиялық
заңдылықтармен
салыстырғанда
акмеологиялық заңдылықтар вариативті болып келеді. Мысалы, іс-әрекет
кәсібилігі жоғары нәтижелігінің тұрақтылығымен сипатталынады, ал тұлға
кәсібилігі «қатаң» стандарттар мен мінез-құлықтың тұлғалық нормалармен
ерекшеленеді, әрине бұл заңдылықтардың вариативтілігін тӛмендетеді.
Cонымен қатар, стандартталған акмеологиялық технологияларды қолдану
тұлғалық даму үрдісін анықтайды.
Зерттеу
тақырыбына
орай
талданған
теориялық-әдіснамалық
әдебиеттердегі түйінді ойларды қорыту жоғары оқу орынының магистратура
деңгейінде білім алушылардың акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың
авторлық тұжырымдамасын жасауға негіз болды. Себебі мұндай тұжырымдама
тәжірибеде әлі болған жоқ.
74
Tұжырымдаманың негіздемесі
Зaмaнaуи қoғaмдa мaмaндapдың кәciби дeңгeйiнe, ӛндipic пeн әлeумeттiк
caлaдaғы ғылымдapдың жeтicтiктepiнe жәнe пpoгpeccивтi тexнoлoгияны eнгiзу
мepзiмiнiң қыcқapтылуынa қoйылaтын тaлaптap күшeюдe . Eуpoпaлық жoғapы
бiлiм бepу aймaғынa eнудi кӛздeйтiн Бoлoн пpoцeciнe қocылу туpaлы шeшiмнiң
қaбылдaнуы дa aйpықшa мәндi шapa. Бұл oқиғaны бiлiм бepу жүйeciндe
кӛpiнic aлғaн eлeулi тapиxи oқиғa дece бoлaды.Бoлoн пpoцeciнiң шeшiмi
жoғapы бiлiм бepу caлacы қызмeткepлepiнiң aлдынa бipқaтap мәceлeлepдi,
coның iшiндe жaңa қoғaмның бәceкeгe қaбiлeттi мaмaндapдapды қaлыптacтыpу,
яғни зaмaнaуи aқпapaттық тexнoлoгияны мeңгepгeн бoлaшaқ мaмaндapды
дaяpлaу мәceлeciн қoйып oтыp.
Mагистратура – жоғары мектептің болашақ оқытушысына қажетті
психологиялық-педагогикалық сауаттылықты және жалпы гуманитарлық ӛй
ӛрісті дамытумен байланысты зерттеушілік және іргелі пәндік құзіреттіліктерді
орындау үшін ғылыми-педагогикалық кадрлардың мәселесін шешеді. Онда
білім алушылардың оқу, ғылыми-кәсіптік іс-әрекеттерге тартылуы, басқа да
болашақ мамандығының қыр - сырларын жетік меңгеруге бағытталған іс -
шараларға қатысулары олардың кәсіби маңызды қасиеттері мен сана –
сезімдерінің дамуын, түрлі құзіреттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді
Aкмеологиялық тұжырымдаманы әзірлеу және қазіргі таңдағы жоғарыдан
кейінгі білім беру жүйесіне оны ендіру магистранттардың кәсіби және ғылыми
тұрғыдағы шығармашылығының дамуына ықпал ететін, соның негізінде
олардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыра отырып ғылыми-кәсіби іс-
әрекетте жетістікке қол жеткізу үшін тұлғалық ресурстарын пайдалануға
мүмкіндік беретін маңызды фактор болып табылады. Ұсынылып отырған
жоғары оқу орнынан кейінгі білім жағдайында мамандарды дайындаудың
акмеологиялық тұжырымдамасы кәсіби іс-әрекетті жетістікпен жүзеге асыруға
ЖОО-ның болашақ оқытушысының субъективті (жасай аламын) және
объективті (жасай алады) дайындығын қамтамасыз ететін ұстанымдар мен
заңдылықтарды ашатын әдіснамалық, теориялық және әдістемелік сипаттағы
негізгі ережелердің сипаттамасын қамтиды.
Oсыған орай, жоғарыдан кейінгі білім жағдайында мамандар дайындаудың
акмеологиялық тұжырымдамасын жасаудың мақсаты – тұлғаның негізгі
қасиеті және оның кәсібилігінің маңызды кӛрсеткіші ретіндегі акмеологиялық
дайындығын қалыптастыруға бағытталған акмеологиялық-педагогикалық
ықпал етудің жолдары мен шарттарын айқындау.
Бұл тұжырымдама магистратураның дамушы жүйе ретiндегi «iшкi
құрылымын» сыртқы әлеуеметтік сұраныстарға қарай ӛзгертіп, оның зерттеп
отырған мәселені шешудегі мүмкiндiктерiн толық пайдалануды кӛздейді.
Tұжырымдаманың жетекші идеясы – мына тӛмендегі тірек түсініктерге
негізделеді:
- шығармашылық-тұлғаның ӛмір сүру тәсілі;
-
кәсібилік,
шеберлік
-
болашақ
маманның
педагогикалық
шығармашылықтың биігіне шығудың нақты жолдарының бірі;
75
- жоғарыдан кейінгі білім жағдайында магистранттардың акмеологиялық
дайындығын қалыптастыру білім мазмұнының шығармашылыққа бағытталуы,
шығармашылық іс әрекеттерге қатысу барысында субъектілік танытуы білімдік
ортаның акмеологиялануына тікелей байланысты.
Tұжырымдаманың теориялық негіздері:
Бұл тұжырымдаманы жасауда тӛмендегі кеңестік, отандық ғалымдар
еңбектері басшылыққа алынды.
Eң алдымен адамды басты құндылық деп есептеп, оның даралығын сақтау,
оқыту барысында ӛзін - ӛзі іске қосатындай жағдай жасаудың қажеттілігіне
баса кӛңіл бӛлетін гуманистік бағыттағы педагогиканың ұстанымдары негізге
алынды. (Ш.А.Амонашвили [217], О.С.Газман [218], В.А.Сухомлинский [219],
Ы.Алтынсарин [220], А.А.Бейсенбаева [221]т.б.).
Eкіншіден
оқыту философиясындағы әр адамның «мені» мен
«әлеуметтенуі» арасындағы үйлесімділік идеясының нәтижесінде жасалып
жатқан жалпы педагогикалық және дидактикалық теориялардағы жеке
тұлғаның дамуы жайлы тұжырымдамалық идеялар ескерілді. (В.И.Андреев
[222], Д.Б.Богоявленская [223], А.М.Матюшкин [2224], Б.П.Никитин [225] т.б.)
Yшіншіден қазіргі білім беруде қалыптасып келе жатқан, білімдік үрдіске
қатысушылардың барлығының субъектілігін жүзеге асыратын дамыта оқыту,
тұлғалық-бағдарлы оқыту, сыни ойлауды дамыту т.б. жүйелердің ғылыми-
теориялық қорытындылары назарға алынды. (В.В.Давыдов [226], Л.В.Занков
[227], В.В.Сериков[228], Д.Б.Эльконин [229], И.С.Якиманская[230], Д.Дьюи
[231] т.б.).
Tӛртіншіден жеке тұлғаның дамуына қолайлы әсер ететін дамытушылық
орта жасау жайлы ғалымдардың ой-пікірлері басшылыққа алынды.
(В.И.Слабодчиков [ 232], В. Мануйлов [233] т.б.).
Бесіншіден жоғары оқу орындары мен дипломнан кейінгі білім жүйесіндегі
оқыту үрдісінің әртүрлі дидактикалық аспектілерін қарастырған зерттеулердің
негізі ұстанымдары пайдаланылды. (В.Г Рындак [234], М.Ә. Құдайқұлов [235]
т.б. ).Бұл идеялар қазақстан қоғамының барлық саласын инновациялық
тұрғыда жаңғырту идеясына сәйкес адам капиталын дамытуға бағыттайтын
білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес келеді.
Tұжырымдаманың әдіснамалық негізі ретінде алынған акмеологиялық
амал білім алушылардың тұлғалық және іс-әрекеттік кәсібилігін дамытуға және
моделдеуге әрі ішкі әлеуетін жүзеге асырып, жоғары жетістікке жетуге,
акмеологиялық дайындығын қалыптастыруға қызмет етеді. Бұл амал
педагогикалық үдерісті білім алушыларды оқыту мен дамытуда шыңына
шығуға, ӛзін іс жүзінде кӛрсетуге талпыныс, жетістікке сұраныс сияқты
факторларды
ескере
отырып,
ұйымдастыруды
құрылымдайды.
Aкмеологиялық амалдың жүзеге асуы болашақ маманның акмеологиялық
дайындығы мазмұнындағы, деңгейіндегі және оның теориялық-әдіснамалық
және тәжірибелік кәсіби даярлығының деңгейіндегі үдемелі ӛзгерістердің
айқындалуын қамтамасыз етеді, ал амеологиялық білім адамдарға тұлғалық
және кәсіби тұрғыдан ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға кӛмектеседі. Сондықтанда,
76
акмеологияның ең маңызды міндеті – тұлғаның үдемелі дамуына ықпал ететін
жалпы және ерекше шарттар мен факторларды анықтау. Басқаша айтқанда,
акмеология зерттейтін және әзірлейтін барлық құбылыстар, оның дамуын және
қатынастарын үйлесімді ету үшін нақты тұлғаның пайдасына бағытталған.
Білім алушылардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру бойынша
педагогтың іс-әрекеті оқу үдерісін құру және оны басқарудың теориялық
амалдары ашып кӛрсетілетін базалық ұстанымдарға сүйенуді талап етеді.
Оларға тӛмендегілер жатады:
-
Iзгілендіру ұстанымы әрбір жеке тұлғаның құндылығы мен бірегейлігін
мойындауға, оған сыйласымды қатынас жасауға назар аударыды.
-
Жеке тұлғаның әлеуетін дамыту ұстанымы адам және оның әлеуеттік
мүмкіндіктерінің болашақтағы дамуының, ӛзінің кәсіби дамуы мен
шығармашылыққа қол жеткізуінің объективті заңдылықтарын кӛрсететді.
-
Cубъектілік белсенділік ұстанымы тұлғаны белсенді субъект, бастамашы
ретінде қарастырады.
-
Aдам психикасы дамуының психологиялық заңдылықтарын ескеру
ұстанымы (жас және жеке дара ерекшеліктері, жеке тұлғаның әлеуеттік
мүмкіндіктері).
-
Pефлексиялық басқару және ӛзін-ӛзі басқару ұстанымы білім беру
үдерісіндегі әрбір субъектінің ӛз әрекетін ұйымдастыруын және ӛзгелермен
қарым-қатынасын қалыптастыруын, ӛзіндік талдау жасауын жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
-
Ӛз әрекетін ұйымдастыру ұстанымы субъектінің ӛз мүмкіндігінен
бастап, бірлескен әрекетке дейін және дербестікке қажеттілік сипатына ие,
болашығын талдауға белсенді қатысуын болжамдайды.
-
Жалпы дидактикалық ұстанымдар ғылымилық, жүйелілік, реттілік,
кӛрнекілік, қолжетімділік, беріктік, оқытудың практикамен байланысы,
тұлғаның акмеологиялық дайындығын қалыптастыруға бағытталған, білімді
жүйелілікпен меңгеру және оның тәжірибелік сипаттағы міндеттерді шешу
үшін қолдану қажеттілігін айқындайды.
-
Бірлескен шығармашылық іс-әрекет ұстанымы білімалушылардың
әрекетіндегі кәсіби-шығармашылық бастауына, олардың ӛзін іс-жүзінде акмеге
қарай жылжуына бағдарланған екі жақты (педагогтар мен магистранттар)
міндетті іс-әрекет барысында педагогикалық үдеріс субъектілірінің ӛзара
әрекеттестігін ойластырады. Eнді акмеологиялық тұжырымдаманың мазмұнына
тоқталатын болсақ, ол жоғары оқу орнының болашақ оқытушысы ӛзінің кәсіби
іс-әрекетін табысты жүзеге асыруға субъективті және объективті дайындығын
қамтамасыз
ететін
ұстанымдарды,
құрылымды,
детерминанттарды,
заңдылықтарды ашып кӛрсететін әдіснамалық, теориялық және әдістемелік
сипаттағы негізгі қағидалар жиынтығы болып табылады.
Біздің жұмысымыз болашақ маманның акмеологиялық дайындығын
қалыптастыруды зерттеумен байланысты болғандықтан, болашақ маман
тұлғасының кәсібилігін дамыту жолдарын іздестіруді мақсат етеміз. Осы
тұрғыдан, субъектілік ұстанымына ерекше назар аударамыз.
Aкмеологиялық зерттеулердің ерекшеліктеріне сәйкес А.С. Огневтың
77
пікірінше, болашақ маман тұлғасы субъектілігінің мынадай сипаттарын
қарастыра аламыз [236]:
-
жаңа жағдайда немесе материалда белсенді түрде бағдарлану;
-
саналы түрде ұғыну (ӛз іс-әрекетінің құрылымын, тұлғалық қасиеттерін,
ӛмірлік жолының кезеңдерін);
-
инициатива, ӛзбетінше мақсатқоюшылық, жоспарлау мен болжаушылық;
-
ӛзін-ӛзі реттеуге ұмтылу (ӛзін-ӛзі басқару, ӛзін-ӛзі түзету), ӛзін-ӛзі
басқарудың жолдарын білу;
-
ӛз дамуының қарама қайшылықтарын ұғыну, оларды жою, баланс пен
үйлесімдікті орнату;
-
ӛзін-ӛзі дамытуға және ӛзгертуге үнемі бағытталушылық;
-
ӛзін-ӛзі жүзеге асыруға және шығармашылық тұрғыдан жаңаруға
ұмтылушылық;
-
ӛз кәсіби жолын интеграциялау, ӛзінің және ӛзгелердің кәсіби
тәжірибесін құрылымдау.
Aкмеологиялық тұжырымдамада біз болашақ ғылыми-педагогикалық
мамандардың акмеологиялық дайындығын олардың рухани-адамгершілік
жауапкершілік сияқты құндылықтары және деонтологиялық сапалары ретінде
қарастырамыз. Деонтология - парыз, міндет мәселелерімен айналысатын
этиканың бір бӛлігі бола тұрып әлеуметтік-тарихи, мәдени дәстүрлерге қажетті
адамдардың мінез-құлқын зерттейді. Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын
адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар кез келген адам
бойында болуға тиіс сапалар. Pухани - адамгершілік құндылықтармен білім
жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор,
маңызды бағыт. Ол ӛз қадірін ӛзі білуге, ӛзін сыйлауға, ӛзін - ӛзі жетілдіруге,
рухани ӛмірде және қоршаған ӛмір жағдайларында ӛзінің бағыт - бағдарының
болуына, ӛз бетінше шешім қабылдай алуына және ӛз сӛзі мен әрекеттері,
қабылдаған шешімі мен оның нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіне білу деп
түсініледі.Pухани – адамгершілік қасиет адамға ӛмірдің мәні, сүйіспеншілік,
бақыт, сыйластық, бірлік, тӛзімділік сынды құндылықтарды дарыту және соның
негізінде адамның қоғамда ӛз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла
түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді ӛмір сүруіне қызмет
етеді. Рухани - адамгершілік ӛзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке
тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам ӛмірінің нормалары мен дәстүрлерімен
келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды
болжайды. Болашақ педагогика саласының маманы кәсіби әрекетте қандай
биіктіктерге жетпесін ең алдымен рухын жоғары ұстап, адами қалпын сақтауы
тиіс.
Жауапкершілік — адам бойындағы белгілі бір істі, ӛзіне тапсырылған
міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет;
тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, ӛнегелі және
кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес ӛз қызметін
бақылау қабілеттілігі. Ӛсіп келе жатқан адамда жауапкершілікті тәрбиелеу үшін
мұғалімнің ӛзінде де жауапкершілік болуы тиіс. Әр адам ерік-жігеріне, қайраты
78
мен табандылығына қарай Жауапкершілікті әрқалай сезінеді. Жүктелген
міндетіне жауапкершілікпен қарайтын адам туған-туыстары, жора-жолдастары,
ұжымдағы қызметтестері, жалпы әлеумет алдында жоғары бағаланып, оған
жауапты да күрделі істерді атқаруға сенім артады. Адамның мақсатына жетуі,
ісінің сәтті болуы, кӛбінесе, оның жауапкершілікті сезінуіне тікелей
байланысты болып келеді. Біздің зерттеу жұмысымыздың аясында болашақ
ғылыми педагогикалық мамандардың қоғам алдындағы азаматтық борышын
атқарумен бірге, ӛзіне жүктелген жауапкершілікті орындап шығуы оның кісілік
беделін қалыптастырып, іскерлігін шыңдайды. Осы факторлар олардың акме
жағдайға кӛтерілуінің негізі.
Tҧжырымдаманы жҥзеге асыру шарттары:
1.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін: білім берудегі акмеологиялық
ұстанымдарға сүйену; білім алушылардың тұлғасының мотивациялық – мінез
құлықтық, когнитивтік және эмоционалдық-бағалаушылық салаларын бағытты,
акмеологияға бағдарлай отырып дамытуды жүзеге асыру; білім алушыларға
және олардың жеке іс-әрекетіне қарай оқытушының позициясының ӛзгеруі;
жоғары оқу орындарында акмеологиялық тұжырымдаманың жүзеге асыратын
ғылыми педагогикалық кадрларды мақсатқа бағыттай отырып даярлауды
ұйымдастыру.
2.
Педагогикалық мамандықтарда білім алушылардың педагогикалық және
психологиялық, әдістемелік, технологиялық циклдар бойынша пәндерінің
мазмұндарын акмеологиялық идеялар тұрғысынан қайта қарап, жаңғырту.
Оларды оқытушының еңбегінің мәні мен ерекшелігін, оның тұлғалық
сапаларына қойылатын талаптары, кәсіби педагогикалық ӛсудің, педагогикалық
шеберлік пен кәсібилікке жетуге бағдарланған жетілдірудің теориялық
заңдылықтары мен тиімді жолдары бейнелеуі тиіс.
3.Жоғары оқу орнынан кейін білім беру деңгейінде кәсіпқойлықты
дамытудың әдістемелік негіздерін жетілдіру. Жоғары оқу орындарындағы оқу
үдерісінде білім алушыларды ақпараттарды пайдаланушы позициясынан ӛзінің
білімін және ӛзінің әлеуетін шығармашылықпен пайдаланушы позициясына
(оның ішінде қимылдар мен іс-әрекетті реттеу құралы ретінде ақпараттар
кӛмегімен) ӛткізуді жүзеге асыруда дәстүрлі дидактиканы жаңғырту талап
етіледі. Іскерік ойындар, педагогикалық және психологиялық тренингтер, жеке
оқу шығармашылықты ӛнімдерді презентациялау сияқты практикалық
сабақтардың формаларын пайдалану.
4.Шығармашылықты қабілеттерді, сыни ойлау қабілеттерді дамыту
технологияларын, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы дәрістер оқытудың заманауи формаларын, оқытудың белсенді әдістерін
пайдалану. Ізденушілік, пікірталастық, жеке және топтық семинарларды
ұйымдастыру, магистранттарды ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан
қаржыландырылатын және университет ішілік ғылыми жобаларды орындауға
тарту.
5.Білім алушылардың жетістіктері бағалаудың жаңа формасы ретіндегі
магистрант портфолиосын құру. Оның барлық оқылатын пәндер шеңберінде
79
жүзеге асырылуын қадағалау.
6.Kафедра
ғалым-педагогтарының ғылыми мектебін құру, оған
қызығушылықтарына қарай магистранттар мен докторанттардың қатысуын іске
асыру.
7.Oқу үдерісін шығармашылықпен құру және білім алушылармен тиімді
ӛзара әрекеттестікті ұйымдастыру біліктерін қамтитын оқытушылық құрамның
кәсібилігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |