Tҧжырымдамадан кҥтілетін нәтижелер
Жоғары оқу орнынан кейін білім беру кезеңінде мамандар дайындаудың
акмеологиялық тұжырымдамасын жасау және оны кәсіптік педагогикалық білім
беру жүйесіне енгізу білім алушылардың шығармашылық әлеуетіне әсер ете
отырып, оның акмеологиялық дайындығын қалыптастыру арқылы кәсіби іс-
әрекетте табыстарға жету үшін қажетті тұлғалық ресурстарды айқындау және
оларды жетілдіруге, ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.Tұжырымдама
сонымен қатар магистранттардың бірінші курстан бастап ғылыми
зертханалардың, кафедралардағы оқытушылардың іс-әрекет мазмұнымен және
жұмыс бағытымен таныстыруды, білім алушылардың тұрақты акмебағытталған
ортада шығармашылық әрекеттің субъектісі болуын қарастырады. Бұл жағдай
болашақ мамандардың педагогикалық ақиқаттың әртүрлі кӛріністерінің
айнасы бола тұрып, қарама-қайшылықтарды кӛре білу, түсіну, талдау,
салыстыру, модельдеу, болжау сияқты операцияларда кӛрініс береді,
педагогикалық міндеттер мен қарама-қайшылықтарды тиімді шеше алуға
қабілеттілігінде байқалатын педагогикалық ойлауын дамытады. Тек сонда ғана
ойлау шығармашылық әрекеттің негізгі ядросы болып, әлеуетке әсер етеді.
Aрнайы ұйымдастырылған акмеологиялық ортада педагогикалық ойлау
кәсіби ойлау қабілеті ретінде қалыптасады да, ол тәрбиелік тәжірибені түсінуге,
талдауға, салыстыруға, жалпылауға, бағалауға және педагогикалық
теорияларды тұжырымдауға, әдістемелік құралдарды жасауға, жалпы айтқанда
шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ескі үйреншікті ойлаудың
жүйесі бұзылған жағдайда ғана (ескі стереотиптер, сенімдер, бағалаулар, ой
қорытындылары), ӛзгерген ӛмірдің логикасына сәйкес қайта түрленіп, сапасы
жағынан ӛзгереді. Осындайда сенімдердің, ұғымдардың, кӛзқарастардың,
идеялардың, теориялар мен тұжырымдардың жаңа жүйесі құрылып, ойлаудың
жаңа типі пайда болады. Tұжырымдама тәрбие мен оқыту үдерістерінің жаңа
технологияларын жасауға, замануи жүйелерді құруға, тиімді педагогикалық
әрекеттердің амалдарын, құрылымдарын, түрлері мен әдістерін анықтауға
бағыттайды.
Жоғарыдан кейінгі білім жағдайында мамандардың акмеологиялық
дайындығын қалыптастырудың ресурстық қамтамасыздандырылуы:
1.
Hормативтік-құқықтық қамтамасыздандырылуы: Бұл тұжырымдаманың
негізгі ережелері Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан
Республикасында білім беру жүйесін дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдаманың негізгі мақсаттарына, Үздіксіз педагогикалық білім беру
80
жүйесінде жаңа формацмя мұғалімдерін қалыптастыру тұжырымдамасының
идеяларына сәйкес келеді.
2.
Ғылыми-зерттеушілік тұрғыда қамтамасыз етілуі: жоғарыдан кейінгі
білім беру үдерісінде магистранттардың шығармашылығын дамыту бойынша
отандық және шетелдік тәжірибені ғылыми талдап қорытындылау; мәселенің
ғылыми-теориялық негіздерін айқындап мақсатты дайындалған оқу
бағдарламасы т.б.
3.
Mагистранттардың
акмеологиялық
дайындығын
әдістемелік
қамтамасыздандырылуы акме-тұлғаның маңызды компоненті ретінде кәсіби-
маңызды
қасиеттерді
қалыптастырудың
акме-технологиялар
мен
акметренингтерді қолдану; магистранттардың акмеологиялық білімін тереңдету
мен кеңейту мақсатында таңдау курсын әзірлеу және т.б.
2.3 Жоғарыдан кейінгі білім беруде мамандардың акмеологиялық
дайындығын қалыптастырудың қҧрылымдық-мазмҧндық моделі
Зерттеу алдына қойған мақсаттардың бірі – жоғарыдан кейінгі білім
беруде мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастырудың моделін
жасау үшін біз жалпы педагогикалық құбылыстарды модельдеуге қатысты
еңбектерді зерделедік. Соның нәтижесінде олардың мақсатына қарай түрлерінің
болатындығын, модель әртүрлі мақсатта, әрқандай негізде жасалатындығын
анықтадық. Мысалы: модельдейтін объектінің сипатына қарай, деңгейлеріне
қарай немесе заттық, математикалық, белгілік, ойша құрылымдық т.б.
модельдеу түрлері айқындалды. Қызметіне қарай «үлгі модельдер», «орын
басушы» модельдер болып жіктелетіндігі белгілі болды. Алғашқысы объекті
мен құбылыстың қалауымыздағы жағдайын бейнелейтін прогностикалық
сипатта болса, екіншісі объектілердің нақты жағдайын белгілеп, олармен
жұмыс жасау арқылы алынатын нәтижеге нұсқайды. Дегенмен модельдеуге
бірыңғай жіктеме жасау «модель» ұғымының мәнінің әртүрлі түсіндірілетіне
қарай қиындық туғызады.
Mодель – зерттелуге тиісті құбылыстардың (заттар, үрдістер, жағдаяттар)
жобадағы бейнесі болғандықтан иллюстрациялық, таратушылық, түсіндірмелік
және
болжаушылық
қызметтер
атқарады.
Педагогикада
модельдеу
педагогикалық жүйелерді сипаттауда қолданылады және ол бес кезеңнен
тұрады:
- зерттеу объектісін анықтау;
- түпнұсқа-объект туралы білімдерді жинақтау;
- модельдеудің қажеттілігін негіздеу;
- құрылымдар мен негізгі тіректерді таңдау;
- зерттелінетін объектілерді таңдау.
Mодельдеудің маңызды танымдық қызметі-жаңа теориялардың ашылуына
серпін беріп, бастауы болу. Кейде теория алғашында құбылысқа түсініктеме
беретін модель түрінде пайда болып, алғашқы жұмыс болжамы ретінде
кӛрінеді. Модельдеу барысында эксперименттің жаңа идеялары мен формалары
туындап, бұрын белгісіз фактілер ашылады. Әрекеттің типіне қарай
81
модельдеуге берілетін сұраныс нақтыланып отырылады. Мысалы басқару
міндеттерін шешудің моделі мына мәселелерді ескеруі керек:
-
тәжірибелік модель нақты жағдайда басқарушылық мәселелерді
шешудің әртүрлі жолдарын тексеруге мүмкіндік береді;
-
мекеменің даму бағдарламасын жасауда белгілі бір басқарушылық
шешім қабылдаудың ғылыми негізделген болжамын жүзеге асыруға
кӛмектеседі.
Білімдік модельдер жайлы сӛз ете отырып В.Г.Онушкин «суреттеушілік
модельдер» білімдік тәжірибенің мәні, құрылымы, негізі элементтері жайлы
түсінік береді; «функционалдық модельдер» білім беруді әлеуметтік ортамен
байланыс жүйесінде кӛрсетеді; «прогностикалық модель» білімдік тәжірибенің
болашағын теориялық тұрғыдан дәйектейді деген пікір білдіреді [237].
Шындығында ондай модельдер кӛптеп кездеседі және практиктер
тәжірибесінде басшылыққа алынады. Ғылыми жұмыстағы модельдеудің мәні
зерттеушінің алдына қойған мақсат міндеттерімен байланысты. Модельдеу
барысында мәселенің бастапқы, ӛзгеруге тиісті сапасынан басқа жаңа
сапасының нобайы шығады. Модельдеу басқа да жалпығылыми және арнайы
әдістермен бірге ең алдымен тәжірибелі-экспериментте қолданылады. Тәжірибе
барысында зерттеу нысанасына алынған объект не құбылыстың моделі
зерттеудің негізгі құралы қызметін де атқарады. Бұл туралы Б.С.Гершунский
болжау негізіндегі тәжірибелі-эксперимент әдісінің мәні мына тӛмендегі үш
кезеңді кезекпен жүзеге асыру екенін атап ӛтеді:
- зерттеу объектісінің аса мәнді параметрлері бойынша прогностикалық
моделін жасау, яғни «армандағы объектінің» бейнесін құру;
- объектінің нақты образдарын құру және оларды тәжірибеде тексеру;
- теориялық модельді жетілдіру, жалпыға тарататын прогностикалық
ұсыныстар жасау [238].
Эксперименттік модельдеудің прогностикалық қызметі зерттеу объектісін
рефлексиялауды дұрыс ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Модельдеу
тәжірибені рефлексиялық талдау нәтижесінде пайда болып, оның жаңа нәтиже
алу үшін ӛзгерістер жасайтындығы жӛнінде айтқан болатынбыз. Ал «нені
ӛзгерту», «нені қалдыру» керек екендігі тек болжам ғана болады. Болжамның
дұрыстығы модельдің беріктілігімен қамтамасыз етіледі. O.В.Москаленконың
пікірінше, модель зерттеліп отырған пәннің, жүйенің, құрылымның, оларды
іске асыратын тетіктердің және деңгейлердің мән-мағыналық сипаттарын
қамтиды, сонымен қатар іс-әрекеттің тиімді жағдайына, қызмет етуіне ықпал
ететін факторларды анықтауға мүмкіншілік береді [239].
Tәрбие жүйесін модельдеудің мүмкіндіктерін аша отырып Е.Н.Степанов
оны танымдық және практикалық әрекет әдісі деп анықтайды. Ол арқылы
тәрбие үрдісінің мәні, компоненттері мен сапасы бейнеленеді. Оның қазіргі
жағдайы мен болашағы жайлы жаңа ақпарат алынып, тәрбиелік тәжірибенің
даму болашағының заңдылықтары, қызмет ету тенденциялары белгіленетіндігін
жазады [240].
Mодельдеу барысында зерттеуші назары тәжірибенің ӛзгеріске келуге
82
тиісті жақтарына аударылады, сондай-ақ кейбір бӛліктеріне (нормалар,
құралдар, ӛнімдер, әрекет субъектілері т.б.) Модельдеу - нақты ӛмірдің
құбылыстарын бейнелейтін құрал ғана емес, модель түрінде шығатын
теориялардың жүзеге асуы арқылы алынған білімнің ақиқат екенін тексеретін
критерий.
Біздің
жағдайымыздағы
магистранттардың
акмеологиялық
дайындығын қалыптастырудың моделі–бұл кәсіпқой адамның идеалды бейнесі
немесе тұлғалық-кәсіби дамуының эталоны мән-мағыналық қасиеттерін
қайталайтын объектілер мен белгілердің жүйесі. Aкмеологияда әзірленген
моделдердің саны кӛп емес, қазіргі таңда олардың теориялық және әдіснамалық
негіздері дайындалуда. Қолданбалы акмеологияның осы бағыты қалыптасу
үстінде, сондықтанда басым кӛпшілігінде жасалған акмеологиялық модельдерді
жалпылап, жүйелеумен айналысады. Психология ғылымында жасалған
модельдерді зерттеу жұмысы, олардың сұлбасы бойынша акмеологиялық
модельдерді құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдай психологиялық және
акмеологиялық модельдердің пәндер мен объектілер саласының ұқсастығымен
айқындалады. Осы феноменді нақты үдерістік талдау негізінде қарастырып
кӛрейік. Бірінші ретте теориялық зерттеулер негізінде болжам жасалады, содан
кейін оның негізінде белгілі бір тұжырымдамалық модель жасалады. Осы
тұжырымдамалық модельде теориялық білім деңгейінде жалпылама
байланыстар, сапалар мен қатынастар бейнеленеді. Мұндай теориялық зерттеу
жұмысы нақты модельді жасауға мүмкіндік береді. Осыған орай, теориялық-
әдіснамалық талдаудың негізінде құрылған модель зерттелетін құбылыстың
психологиялық мәнін ашу керек. Ол үшін бірінші ретте нормативті модельдің
мазмұнын анықтаймыз. Қойылған міндеттер мен зерттелетін объектінің
ерекшелігі келесі талаптардың сақталуын қажет етеді:
-
біріншіден, іс-әрекет және дамудың шарттары туралы ақпарат, сонымен
қатар іс-әрекет субъектісіне әсерін тигізетін факторлар туралы, олардың әсер
ету сипаты, яғни іс-әрекетті реттеу функциясы туралы мағлұмат болуы тиіс;
-
екіншіден, кәсібилік деңгейіне дейін дамытуға жататын іс-әрекет
субъектісінің тұлғалық сипаттамалары туралы ақпарат болуы тиіс.
Қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде еңбекке, іс-
әрекеттің алуан түрлеріне адамның дайындығы феномені туралы теориялық
және тәжірибелік материалдар жеткілікті жинақталған. Дайындық ұғымы
тұжырымдалып, дайындықтың мазмұны, құрылымы, негізгі параметрлері
анықталып, оның кӛрініс беруінің динамикасы, ұзақтығы және тұрақтылығына
әсер ететін шарттары айқындалды. Жалпы кәсіби іс-әрекетке дайындық іс-
әрекетті тудыратын тұлғаның белсенді күйі ретінде қарастырылады; іс-
әрекеттің салдары; кәсіби жағдаяттарға бағдарды анықтайтын сапа ретінде;
мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің алғы шарты ретінде қарастырылады.
Oсыған орай, магистрлердің акмеологиялық даярлығын қалыптастырудың:
құрылымдық компоненттері, осы мәселені нәтижелі ететін жолдар, шарттар
мен оларды жүзеге асыру кезеңдері, болашақ мамандарды кәсібилік
баспалдақтарына бастайтын құралдар мен формалары нақтыланған
құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленді (сурет 3).
83
Сурет 3 – ЖОО-нан кейінгі білім жағдайында мамандардың акмеологиялық
дайындығын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Тҧжырымдамалық негізі: шығармашылық психологиясы
Әдіснамалық – акмеологиялық негізі:
Ҧстанымдар: ізгіліктік, дамытушылық, субъектілік.
Амалдар:
жүйелілік,
субъектілік,
құзырлылық,
іс-әрекеттік,
мәдениеттанымдық, акмеологиялық
Акмеологиялық дайындықты қалыптастырудың компоненттері
Рефлексивтік
компонент
Әрекеттік
компонент
Мазмҧндық
компонент
Мотивациялық –
қҧндылықты компонент
Рефлексия мен ӛзін-
ӛзі талдауға
бейімділігінің
болуы.
Тұлғаның ӛз әрекеті
мен оның
нәтижелеріне
беретін ӛзіндік
бағасы.
Оқытушының
әрекеті
және
білім
алушының
әрекеті
.
Болашақ
магистрлерді
дайындаудың
мемлекеттік
стандарттарында
сәйкес белгіленген
міндетті,
базалық
және
элективті
пәндер
құрайды.
«Педагогикалық
акмеология» атты
элективті курс.
Пед. іс-әрекет үдерісіне
және мазмұнына
қызығушылығының
болуы;
- Сапалы кәсіби білім
алудың және ерекше
нәтижелерге қол жеткізу
қажеттіліктерінің
қалыптасқандығы;
-Ӛзін-ӛзі дамытуға
ұмтылысының болуы;
Әдістер: оқытудың белсенді әдістері, акме-тренингтер, технологиялар, сайыстар, байқаулар,
конкурстар
Формасы: жеке талқылау, топтық және ұжымдық жұмыс
Нәтиже – акмеологиялық дайындығы қалыптасқан маман
Мақсаты: магистранттардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру
Мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру тҧжырымдамасы
Жоғарыдан кейін білім беру
үрдісінің мазмұнының
акмеологиялық дайындықты
қалыптастыруға бағыттылығы
Білім
алушының
шығармашылық
іс
әрекеттегі
субъектілігін дамыту;
Білім алушының
шығармашылық
әрекеттердегі
субъектілігін дамыту;
Магистранттардың
акме-дайындығына
әсер ететін
педагогикалық орта
түзу.
Акмеологиялық шарттар
тҧжырымдамасы
84
Eнді жоғарыдағы суреттегі модельдің құрылымына сипаттама берейік.
Алдымен модельдің әдіснамалық негізі ретінде алынған акмеологиялық
амалдың, тұжырымдамалық негізінің алдыңғы параграфтерде сипатталып
кеткенін айта кетейік.
Ал болашақ мамандардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру
шарттары келесі тарауда арнайы қарастырылатын болады. Демек бұл
параграфта компоненттер, кезеңдер, құралдар мен тәсіл формаларға тоқталатын
боламыз.
Зерттеу мәселесін шешуге арналған модель 4 компоненттен тұрады. Олар:
мотивациялық-құндылықты, мазмұндық, әрекеттік, рефлексиялық.
Mотивациялық-қҧндылықты компонент акмеологиялық дайындықтың
психологиялық астарларын жинақтайды. Мотив – субъект қажеттіліктерін
қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке ояту; субъект белсенділігін
тудыратын және оның бағыттылығын анықтайтын ішкі және сыртқы
шарттардың жиынтығы; тұлғаның әрекет таңдауы және қылықтарының
негізінде жататын себеп; іс-әрекет бағыттылығын таңдауды анықтаушы және
оятушы зат.
Педагогика және психология түсіндірме сӛздігінде (Мотив; фран.мotif,
лат. Moveo - қозғаймын) – субъектінің ӛмір сүру жағдайы ықпалымен
қалыптасатын және оның белсенділігінің бағыттылығын анықтайтын әрекетті
туғызушы түрткі ретінде қарастырылады.
«Түрткі» термині субъектінің белсенділігін туғызатын түрлі құбылыстар
мен күйлерді білдіру үшін қолданылады. Түрткі – адамды түрлі іс-әрекетке
итермелейтін себеп. Кісінің ӛз қажетін ӛтеуі оның түрткілеріне байланысты
[241].
Kез келген іске деген мотивация немесе түрткі табысты болудың
алғышарты болып табылады. Мотиві жоғары мамандар үнемі белсенді,
бастамашыл, мақсатқа қарай бағыттылығы тұрақты, табандылық сияқты
сапалармен сипатталады. Ондай мамандарға кедергілерден тайсалмайтын
қайта оларды жеңуде ӛршелене түсетін қайсарлық тән.
Мәселені шешуде олар қалыптан тыс әдістерді таңдап, ӛзіне
жауапкершілік ала біледі. Ӛзіне деген сенімділігі мен ішкі түрткілердің
тегеуріні оны табыстарға жігерлендіреді. Алайда тұлғаның ӛзіндік бағасының
сәйкес адекватты болуының маңызы зор.
Әрине, жақсы оқытушы болу, жасаған жұмысыңнан қанағат табуды тек
мотивтің жоғарылығы шешеді десек артық айтқандық болар еді. Сананы қалта
билеген заманда оқытушы еңбегінің ӛз дәрежесінде бағаланбауы, тұрмыстық,
мәселелердің
шешілмеуі,
солардың
салдарынан
оның
психикалық
денсаулығының тӛмен болуы сияқты экономикалық әлеуметтік факторлардан
тауы шағылып жүргендер кӛп кездеседі.
Мұндай жағдай оның педагогикалық әрекетке құлықсыз болуына,
сенімінің азаюына тіпті қызметтен біржолата кетуіне соқтырып жатады.
Дегенмен мамандығын шексіз сүйетін, оны кездейсоқ таңдамағандардың
тынымсыз шығармашылық әрекеті мәртебеге жеткізетіні анық. Елімізде
85
қаншама тәрбиеші, мұғалім, оқытушы, ғалым білім саласының ауыр жүгін алға
сүйреп келеді. Бұл осының дәлелі.
Mазмҧндық компонент болашақ магистрлерді дайындаудың мемлекеттік
стандарттарында сәйкес белгіленген міндетті, базалық және элективті пәндер
құрайды. Дегенмен болашақ маманның акмеологиялық дайындығын жүзеге
асыруда педагогикалық шығармашылықты, шеберлікті дамытатын элективті
пәндер бір бірімен байланыста оқытылғаны жӛн.
Болашақ ғылыми-педагогикалық мамандар оқытушылық және ғылыми
жұмыстарда жиі кездесетін қалыптан тыс жағдайлар, осындай сәттерде іске
қосылуға тиісті мінез құлықтық алгоритм, жеке дара қабілеттер мен қасиеттер,
педагог еңбегіндегі дәстүрлілік пен жаңашылдық, тіпті озық тәжірибемен әйгілі
болған беделді адамдар еңбегі мен шығармашылық жолдары жайлы білімдер
жиынтығы ұсынылуы тиіс деп санаймыз.
Тіпті осы айтылғандар қамтылған педагогикалық акмеологияны оқып
үйренуге негізделген модульдік бағдарлама жасап, арнайы дайындық жүргізу
де артықтық етпейді деп санаймыз. Біздің жағдайымызда магистратурада
«Педагогикалық акмеология» атты элективті курс тәжірибеден ӛтті. Әрине, бір
ғана пәнді оқыту негізінде алға қойған мәселе түбегейлі шешілуі мүмкін емес
екендігі түсінікті. Дегенмен ұсынылған арнайы курстан да басқа «Оқытудың
интерактивті
әдістері»,
«Ынтымақтастық
педагогикасы»,
«Ғылыми
зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» т.б., пәндермен бірлестікте ізделініп
отырған феноменді қалыптастыруға ықпал етеді.
Mагистрлік деңгейінде білім алушылар ғылыми – зерттеу жұмыстарымен
мақсатты түрде айналысады. Бұл жұмыстар нәтиже алуға бағытталғандықтан
шығармашылықпен тікелей байланысты. Белгілі бір мәселе бойынша зерттеу
жүргізіп, теория мен практика үшін пайдасы бар жаңалықтар ашу үшін оның
теориясы мен әдіснамасын, сонымен қатар барлық процедурасын ретімен
жүргізе алу тетіктерін білулері тиіс. Демек бұл бағытта да қосымша білімдер
мен біліктер қажеттілігі белгілі.
Әрекеттік компонент білім алушының ӛзінің танымдық әрекетін
ұйымдастырушы ӛзі болатындай етіп, тұтастай білім берудің әдістемелік және
технологиялық жағын инновациялауға бағытталған. Зерттеуімізде әрекеттік
компоненттің екі құрамдас бӛлігі қарастырылады. Олар: оқытушының әрекеті
және білім алушының әрекеті (сурет 4).
Оқытушының әрекеті магистранттың ішкі әлеміне әсер ететін, оның
шығармашылық белсенділігін тудыратын, әдіс құралдар арқылы дамытушылық
креативтілік орта жасаудан тұрады. Оларды сипаттай кетсек,оқытушы:
магистранттардың белсенді танымдық әрекетін ұйымдастырады, басқарады,
ғылыми шығармашылық жұмыстарына қызығушылығын белсендіреді,
интеллектуалдық ӛсуіне жағдай жасайды, оқу-білік дағдыларын жоспарлауды
меңгеру білігін қалыптастырады, білім алушылардың ӛзіне сенімділігін,
бағдарланушылығын дамытуға ықпал етеді, бақылау жасау, әрекет
қорытындысын болжай алу дағдыларын жетілдіреді.
86
Сурет 4 - Магистранттардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру
үрдісіндегі оқытушы мен білім алушының әрекеттері
Магистрант
:
ғылыми - педагогикалық әрекетті жобалау, жоспарлау,
ұйымдастыру, нәтижесін қорытындылау сияқты компоненттерді меңгереді,
ӛзіндік шығармашылық әрекетін басқарады, ғылыми - зерттеу жұмыстарының
мақсатын ұғынады оны жүргізудің логикасын, зерттеу жұмыстарының әдіс -
тәсілдерін меңгереді, ӛз бетінше оқу біліктерін дамытады, оқу үрдісінде
кездесетін қиыншылықты жеңуге еріктік аймақтарын бағыттайды, ӛзіндік
басқару және ӛз іс - әрекеттеріне баға беруге машықтанады.
Бұдан
магистрлер
дайындайтын
профессор
оқытушылардың
акмеологиялық деңгейінің жоғары болуы тиіс екендігін байқау қиын емес.
Ӛйткені білім беру, ғылым жолына бағыттау - шығармашылық әрекеттер,
сонымен қатар педагогикалық үрдіс кездейсоқ сәттерге толы болады.
Осындай сәттерде импровизация жасай алу тек шығармашыл, шебер
Магистранттардың акмеологиялық дайындығын қалыптастыру үрдісіндегі
оқытушы мен білім алушының әрекеттері
Оқытушы
Магистрант
Магистранттардың
белсенді танымдық
әрекетін басқару
Ғылыми
шығармашылық
әрекетін ӛзіндік басқару
Ғылыми шығармашылық
жұмыстарына
қызығушылығын
белсендіру
Ғылыми - зерттеу
жұмыстарын
қажетсіну,әрекет
мақсатын ұғыну
Студенттің ғылыми
белсенділігін дамытуға жағдай
жасау, интеллектуалдық ӛсуіне
ықпал ету, оқу- білік
дағдыларын жоспарлау білігін
қалыптастыру
Оқу біліктерін
дамытуға, ӛздігінен
зерттеу
жұмыстарының әдіс -
тәсілдерін меңгеру
Студенттердің ӛзіне
сенімділігін,
бағдарланушылығын
қалыптастыру
Оқу үрдісінде кездесетін
қиыншылықты жеңуде
еріктік
Бақылау жасау, әрекет
қорытындысын болжау
Ӛзіндік басқару және ӛз
іс - әрекеттеріне баға
беру
мотивтік
Мазмұнды -
операциялық
еріктік
Бағалау нәтижелік
компонент
Достарыңызбен бөлісу: |