Использованная литература
1. Силкина Н.В. Инновационная деятельность как системообразующий элемент
образования, науки, техники и производства /Сб.науч.трудов «Профессиональное образование:
тенденции и перспективы развития». Новосибирск, 2005. С. 78-84.
2. Шумпетер Й. Теории экономического развития. М.: Прогресс, 1982. 455с.
3. Румянцева З.П., Саломатин Н.А., Акбердин Р.З. и др. Менеджмент организации. М.:
ИНФРА-М, 1995. 432с.
4. Научно-технический прогресс. Словарь. М.,1987. 364с.
Жаңабекова М.А., Кенжеканова К.К.
«БАЗАЛЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІ» САБАҒЫНДА ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕР НЕГІЗІНДЕ
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ
Заман талабына сай жас ұрпақтарымыз әлемдік білім жүйесіндегі озық
технологияларды кеңінен қолданып білім алуда. Жоғары оқу орындары білім берудің негізгі
орталығы болғандықтан, білім беру жүйесінің қай-қай саласы болмасын, осы
технологияларды кеңінен қолдануда көптеген сапалы нәтижелерге жетуде. Сол себепті
еліміздің жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы білім беру орталықтары оқу үдерісінде
студенттердің дәстүрлі әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын замануи
әдістер арқылы білім алып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру жолында аянбай еңбек
етуде. Себебі, студенттердің өздері таңдаған мамандық пәндерін меңгеруде дәстүрлі және
замануи әдістерді қолдану арқылы шығармашылық белсенділіктерінің жоғары деңгейде
болуы сапалы білім алудың қайнар көзі, ажырамас бөлігі дегіміз келеді.
Барлық деңгейдегі білім берудің басты мақсаты негізінен отандық азаматтарға шетел
тілін үйрету кезінде Қазақстан Республикасының және тілі оқытылатын елдердің қоғамдық-
саяси ахуалымен, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріндегі тың ақпараттарымен, ғылыми
және инновациялық қызмет саласындағы жетістіктерімен, оқу – білім және тәрбие берудегі оң
қадамдарымен салыстыра және салғастыра таныстыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда,
бұл мақсат әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы Білім беру бағдарламасы негізінде
құрастырылған мемлекеттік міндетті, жеке тұлғаны қалыптастыру модульдері, базалық
кәсіби пәндер, міндетті компоненттер, пәнаралық және элективті пәндер бойынша және
әрбір модуль пәндері бойынша өзіндік оқуға берілетін пән бөліктерінің материалдары
негізінде іске асады.
Бұл мақсатқа жету үшін осы кезге дейін жоғары оқу орындарына арналып білім беру
бағдарламасының стандарты бойынша тек сабақ өту арқылы бекітілген оқыту формалары
(дәрістік, практикалық, зертханалық)
жеткіліксіз, себебі қазіргі кездегі білім беру саласындағы
мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы заман талабына сай инновациялық оқыту
технологиялары мен оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын қолдану арқылы келер
ұрпаққа сапалы білім беру. Заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында
орын алып дамуы бүгінгі күннің талабы болғандықтан, осы технологияларға негізделіп білім
беру құжаттары түбегейлі өзгеруде, білімгерлердің қызығушылығын тудырып, шығармашылық
белсенділігін арттыратын жаңа оқу-құралдары жазылып, қолданысқа енуде.
Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар:
сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым
визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.
Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б;
аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм,
телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық
кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе [1. 19]
Олай болса, «Базалық шетел тілі» сабағында дәстүрлі және ақпараттық технологияға
негізделген білім беру мақсатындағы сабақ түрлері мен сабақ барысында оқытушы мен
180
білімгерлер тарапынан көрініс табатын шығармашылық белсенділіктің әр түрлі деңгейдегі
жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдерін, осы тақырыпқа қатысты ғалымдар және маман
оқытушылар тарапынан жарыққа шыққан тұжырымдарға, сонымен қатар өз тәжірбиеміз бен
пайымдауымызға сүйеніп қарастыруға тырыстық.
Негізгі оқу жоспарындағы базалық кәсіби пән болып саналатын «Базалық шетел тілі»
модулі бойынша А1,А2 және В1, В2 деңгейлері оқытылады. Бұл деңгейлердің мақсат-
міндеттері мен тақырып мазмұндары бірдей емес, дегенмен олар бір-бірін толықтырып,
жалғасып жатады.
Қазіргі таңда университеттің барлық мамандықтарында алғашқы курстан бастап
«Базалық шетел тілінің» бір тармағы болып саналатын «Кәсіби бағдарлы шетел тілі» пәнін
оқытылады. Бұл пәнді өз деңгейінде игеру үшін пәннің аты айтып тұрғандай, әрбір студент
мектеп табалдырығынан шетел тілін жақсы оқып, жоғары оқу орнына оқуға түскенде өзі
таңдаған мамандығын, демек кәсібіне қатысты негізгі пәндердің мазмұнын ағылшын тілінде
игеріп, жалғастыра алатындай дәрежеде қалыптасуы керек деген сөз. Біздің бір байқағанымыз,
студенттерді тестік тапсырмалар арқылы тіл денгейлеріне бөлгенде, жоғарыдағы аталмыш
деңгейлердің ішінен А2 және В1 деңгейлері басым болады. Бұл шетел тілін меңгеріп келетін
студенттердің білім деңгейлері әлі де «Кәсіби бағдарлы шетел тілі» пәнін жеткілікті дәрежеде
оқуға дайын емес дегенді білдіреді. Сондықтан болашақ мектеп түлектері жоғары оқу орнына
дейін ең жоқ дегенде шетел тілінен алған білімдерін В2 деңгейінде көрсетулері керек. Ал шетел
тілі білімдері С1 және С2 деңгейлерімен келген студенттермен «Кәсіби бағдарлы шетел тілі»
пәнін оқыту, мазмұны кәсіптік лексикамен, ақпараттық - ғылыми мәтіндермен, замануи
технологияларға негізделген оқу-құралдарымен жұмыс істеу аса қиындық туғызбайды,
керісінше осындай топтар оқытушының тарапынан да кәсіби пәндерге деген қызығушылығын
арттырады. А1,А2 деңгейлі тіл топтарында шетел тілін оқыту жоғары оқу орнына дейінгі
мектеп бағдарламасын қайта өту болып табылады. Бұл, әрине күн тәртібіндегі аса өзекті
мәселелердің бірі болғанымен, болашақта оң шешімін тауып, жақсы нәтиже берері сөзсіз деген
ойдамыз. Себебі, қазір балабақшадан бастап үлкен кішіге дейін ағылшын тілін жаңа
технологиялық құралдардың көмегімен тың әдіс-тәсілдерге негізделген бағдарламалар арқылы
өз бетінше немесе тіл курстарына қатысып үйренушілер саны көбейуде.
«Базалық шетел тілі» пәні бойынша студенттердің басым көпшілігі ағылшын тілі пәнін
В1 деңгейіне дейін меңгеріп келеді. Біз осы деңгейдегі студенттермен бакалавриатта «5В021000
– Шетел филологиясы» мамандығы бойынша білім беру-кәсіби бағдарламасының
маманданымына сәйкес әзірленген негізгі оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып курстың
мақсат міндеттеріне сәйкес тілдік материалдармен қоса шығармашылық белсенділіктерін
арттыру мақсатында үш үлкен тақырып аясындағы мәтіндер негізінде жұмыс жасаймыз. Олар:
а) қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық аясы; б)қарым-қатынастың әлеуметтік-
мәдени аясы және с) оқу-кәсіптік аясы.
А) Қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық аясы
Өзара түсінісу. Бейресми/ ресми қарым-қатынас (отбасында/ жұмыста).
Сөйлеу этикеті. Жеке сұхбаттасу. Әр түрлі мәдениеттегі қарым-қатынас аспектлері.
Жыл мезгілдері. Демалыс. Бос уақыт. Жыл мезгілдерін сипаттау. Менің сүйікті мезгілім.
Қысқы және жазғы демалысты өткізу. Бос уақытты өткізу. Ойын-сауық.
Сыртқы келбетті сипаттау. Фотосуреттерді салыстыру. Әр түрлі жастағы адамдардың
сыртқы келбеті мен дене мүшелерін сипаттайтын сын есімдерді қолдану. Адамның бет-
әлпетіндегі ым, қимылдарды сипаттайтын сөздерді қолдану.
Диета. Азық-түліктер. Тамақтану тәртібі. Әр түрлі елдердің тағамдарын сипаттау.
Тамақтану кезіндегі тәртіп.
Б) Қарым-қатынастың әлеуметтік-мәдени аясы
Қалалар мен елдер – Географиялық орналасу, өз қаласының әсем орындары. Оқитын тіл
елі/елдері, ол елдің мәдени әсем орындары. Өз еліне және шет елге саяхат жасау, оны
жоспарлау және ұйымдастыру, туристердің тқрғылықты орны, тұрмыс жағдайы, ірі қалалардың
әсем орындарын аралау.
Мерекелер, салт-дәстүрлер – Отбасылық салт-дәстүрлер. Туған күнді мерекелеу. Өз
еліндегі оқитын тіл еліндегі дәстүрлі мерекелер. Әр түрлі таптағы адамдардың мәдениеті мен
өнері.
С) Оқу-кәсіптік аясы
181
Болашақ маманның кәсіби қабілеттері. Мамандықтың заманауи әлемі. Өз елінде және
шет елде білімін жалғастыру мүмкіндігі. Халықаралық қарым-қатынас тілі және оның қазіргі
заманда мамандық таңдаудағы ролі. Түрлі елдердегі және оқу жүйесіндегі мамандар дайындау
ісі. Өз елімізде және оқитын тіл елінде жоғары білім алу жолдары. Академиялық ұтқырлық.
Осы жоспарлы тақырыптарды меңгерту жолында жүзеге асып жатқан білім алу
формаларын 3 деңгейге бөліп, оның 3 ші деңгейін білімгерлердің кәсіби тұлға болып
қалыптасуда көрініс беретін таза шығармашылық белсенділікті дамытудың тиімділгін және
жұмыс түрлерін айқындаймыз.
Алдымен, білімгерлердің шығармашылық белсенділік танытуындағы 1-ші деңгейін
қарастыралық:
Деңгей
Сабақ түрлері
Әрекет
Әдіс
Технология
I
деңгей
Семинар
Танымдық
Баяндау,
жобалау-
бағыттау
Проектор,
Swat Podium
Практикалық+тәжірбиелік
Танысу
Жобалау -
бағыттау
Проектор,
магнттофон
Зертханалық
Алмасу
Ізденушілік
Мультимедийный
кабинет
Осы уақытқа дейін жоғары оқу орындарында теориялық пәндер шетел тілін арнайы
мамандық ретінде оқитын білімгерлерге ғана базалық цикл бөлімінде дәріс ретінде оқытылып
келсе, соңғы заман талабының үдерістері нәтижесінде, біршама оқу орындарында әрбір
мамандықтың кейбір негізі пәндері шетел тілін білетін студенттерден құралған топтарда таза
шетел тілінде дәріс не практикалық сабақ ретінде оқытылуда.
Сабақ формасы бойынша берілген жаңа материалдарды бекіту алдымен оқытушының
белсенділік танытуымен бірде тапсырманы, яғни оқу материалдарын « мен айтайын» деген
білімгерлер тарапынан талас тудыратын ұстанымдармен орындалып, әрбір жауап бағаланады,
өйткені кредиттік жүйедегі рейтинг талабы бойынша білімгерлер уақтылы бал жинауы керек.
Әрине, бұл пассивті түрде өтетін білім деңгейін бағалау, яғни оқытушы мен білімгер
тарапынан орындалатын « қалыпты белсенділік» дегіміз келеміз.
Егер оқытушы білімгерлердің тақырыпты терең меңгеруін, оған қатысты қосымша
тапсырмаларды орындауын бірнеше әдістермен ұйымдастырса, қазіргі технологиялар
мүмкіндіктерін ескере отырып жобалау, бағыт беру (проектно-ориентированный) әдісін
кеңінен қолданып, өзі де белсенділік танытса, онда білімгерлер де кез-келген тапсырманы
орындауда жан-жақты ізденіп, жаңа оқу құралдарын қолдануға бағытталған белсенділік,
яғни « шығармашылық белсенділік» танытады, оқытушы мен білімгерлер арасында
шығармашылық байланыс орнайды, тың ойлау әрекеттері бастау алады.
Бұл жағдайда білімгерлер тақырып аясындағы тапсырмалар бойынша үш командалық
топқа өздері бөледі, бірнеше білімгерлерден тұратын топтарға бөлінеді, өздері қалаған
тақырыптарды таңдайды да, қызығушылықтары артады, бір-бірімен ақылдасып, оқытушыдан
кеңес алады, белсенділік танытады, тіпті үлгерімі төмен студенттердің өздерін де топтық
тақырыптарға нәтижелі тартуға болады, олар да топтың жеңіске жетуі үшін, тілдік
материалдарды еске түсіруге тырысады және серіктестері айтып жатқан ақпараттарды есте
сақтап қалады, әрі өздеріне ұнайтын тақырыптарды ағылшын тілінде меңгеруге қалыптасады,
себебі оқытушы өзінің дайындаған оқу материалдары арқылы тақырыпты барлық деңгейдегі
студенттерге толық ашып бере алмайды, себебі сабақ кестесі бойынша белгіленген дәріс
уақыты шектеулі, сондықтан оқытушы тақырыпқа қатысты қосымша әдебиет көздерімен
жұмыс жасауды, таңдаған тақырып аясында бір-бірін тыңдап, сұрақ қоюды міндетті түрде
талап етуі қажет, сонда ғана олардың жауапкершілігі артады. Өздері таңдаған тақырыпты
қызықты етіп орындау үшін жан-жақты ізденеді, тақырыптың бұлыңғыр, өзекті түстарын
зерттейді, түрлі бейне кестелер, бейнематериалдар, бейнеклиптер және аимациялар арқылы
тақырыпты ашу үшін компьютерлік технологияның мүмкіндігін пайдаланып ( Power Point,
Photo Shop т.б. бағдарламалар арқылы) слайдтар жасайды, соның нәтижесінде ізденушілік
ынталары оянады, тыңдарман тарапынан қойылатын сұрақтарға жауап беру мақсатында
қосымша материалдармен танысады, яғни «шығармашылық белсенділік» ұстанымы көрініс
беріп өзі оқиды, серіктерін оқытады, өзгені де оқуға ынталандырады. Жақсы өткен сабақ
182
қойылымы (презентация) бір-біріне және басқа топтарға үлгі болып, әрбір білімгерге
бағытталған-бағдарланған оқыту әдісі жүзеге асырылады деген тұжырым жасаймыз.
Жоғарыда көрсетілген а) қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық аясы; б)қарым-
қатынастың әлеуметтік-мәдени аясы және с) оқу-кәсіптік аясындаға тақырыптардың
барлық тақырыпшалары негізінде аралық бақылау аптасынның қорытындысы бойынша 14
студенттен құралған үш командалық топ студенттерінің білім деңгейлерін сарауларда мынадай
нәтижелерге қол жеткіздік:
Тақырып
В1деңгейі
(14 студент)
а) қарым-қатынастың
әлеуметтік-тұрмыстық
аясы
б)қарым-қатынастың
әлеуметтік-мәдени
аясы
с)оқу-кәсіптік
аясы
Бастапқы -3
20 пайыз
Орта -4
30 пайыз 50
пайыз
Жалғастырушы-7
Д. Ш. Матрос пікірі бойынша, кез келген әдіс пен технология ақпараттық технология деп
танылады. Сондықтан біздің топтық жұмыс әдісті қолдануымыз жеке тұлғаның білімін
шыңдап, үлгерімі төмен, орта студенттерді жалғастырушы топ қатарына қосуға, оларды
үздіксіз білім алып отыруға шыңдауға, бір-бірінен қалмай оқып қалыптасуға әсерін тигізді деп
ойлаймыз.
Олай болса, жоғарыда аталған екі ұстаным да білімгерлердің үздіксіз білім алуын
жетілдіруге бағытталған десек те, «қарапайым белсенділік» негізінен оқытушыдан дәріс
кезінде тыңдаған білімді жай қайталаумен, үй тапсырмасын бұлжытпай орындаумен ғана
шектеледі. Сондай-ақ, шет тілін оқытатын базалық, кәсіби және элективті пәндер бойынша
аудиторияда өтілетін практикалық және зертханалық сабақтар да білімгерлердің дара
ерекшеліктері мен қабілеттерін дамытуға, тақырыпты толықтай меңгертуге, танымдық
әрекеттерін арттыруға жеткілікті мүмкіндіктер бере алмайды.
Сол себепті, оқу үдерісінің барлық формаларында, яғни әрбір білімгердің жеке өз
бойында өз орнын табатын өзіндік жұмыс (СӨЖ) негізінде олардың шығармашылық
қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады. Алайда екі ұстанымда да өздік жұмыс оқу
үдерісінің екінші деңгейінде көрініс алғанымен, ол «шығармашылық белсенділік»
ұстанымында білімгерлердің жас ерекшеліктеріне, ойлау қабілеттерінің даму дәрежесіне
қарай әр түрлі деңгейде өрбиді, әртүрлі әрекет етеді, сондықтан өздік жұмысты (СОӨЖ және
СӨЖ) орындауға қойылатын шарттар мен талаптар да әртүрлі болуы тиіс. Дегенмен,
профессор Р. Лемберг СӨЖ –ді ұйымдастырудың мына шарттарын ұсынады:
студенттің атқаратын жұмысының мақсатын айқын түсінуі;
жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
жұмысты студенттердің өз еркімен, қалауымен орындауы.
Сонымен қатар СӨЖ –ді ұйымдастыруға төмендегі талаптарды жатқызады:
студенттердің бұл жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;
студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;
өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабар-
ларды енгізу.
Ғалым Р. Лембергтің СӨЖ туралы пікірімен кейінгі толқын ғалымдар пікірлері де
үндесіп жатыр. Мысалы, Ж. Абсеметова студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудағы негізгі
міндеттер туралы былай дейді: «Өздік жұмыстың тапсырмалары мен оны орындауға қажетті
талаптардың нақтылануы қажет және методикалық нұсқаулар нақты және түсінікті болуы тиіс»
[2, 22 б.].
Ал М. Жаңабекова болса, «өздік жұмыстың бірінші түрі болып табылатын СОӨЖ
оқытушымен бірге орындалатын студент жұмысының аудиториядан тыс орындалатын
тапсырмасы, соңғы оқу жылдары СОӨЖ жалпы оқу кестесіне кірмей, бөлек кесте бойынша
жүргізіліп келеді дей келе, бұл сабақтың түрін ұйымдастыру практикалық сабақ барысында оқу
материалдарын толық түсінбей қалған студенттермен жеке жұмыс жасауға, осы тақырып
бойынша интранетке салынған тапсырманың орындалуын талап етуге, даярлық деңгейі әр
түрлі студенттермен әр түрлі жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Бұл үшін әрбір кәсіби тіл
183
маманына « кеңсе уақытында» білім алушымен өздік жұмыс өткізуге жағдай жасалған « жұмыс
бұрышы» ауадай қажет, ол әзірге қолжетімсіз мәселе» - деп қорытынды жасайды. [3. ]
Жоғары оқу орындарында оқыту жұмысын тек сабақ арқылы немесе өздік жұмыс
арқылы ұйымдастыру да соңғы оқу үдерісіндегі өзгерістерге, заман ағымының талаптарына,
өскелең ұрпақтың жоғары оқу орындарына дейінгі оқу тәрбие жұмыстарының деңгейінің
талаптарының артуына орай, ақыл-ойлары дамып, жеке тұлға ретінде бұрынғы білімгерлерге
қарағанда қалыптасын келген жастардың танымдық әрекетін одан әрі жетілдіру, оны
толықтыру, олардың шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында
оқыту жұмысын ұйымдастырудың « қосымша» түрлері ауадай қажет, сондықтан оқытушы
өзгені оқыту үшін өзі де жаңа білім үлгісімен қаруланып, үнемі ізденіп оқумен қатар,
шығармашылық белсенділігін арттыру жолында кәсіби білімін шыңдап отыруы қажет деп
ойлаймыз. Неміс философы Зиммель «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға
болатынын білетін адам» деген екен.
Мына кесте арқылы білімгерлердің шығармашылық белсенділігін арттырудағы оқыту
жұмысын ұйымдастырудың түрлерін бейнеледік:
Кредиттік технология бойынша оқытудың оқу үдерісін ұйымдастыру кезінде оқу пәнінің
көлемі 3 кредиттен кем болмайтын өлшеммен бағаланып жатқандықтан, оқу бағдарламасына
сәйкес әрбір тақырыптық блоктағы оқу материалдарын, студенттің өз бетінше жұмысы (СӨЖ)
және оқытушы жетекшілігімен орындалатын жұмысы (СОӨЖ) арқылы сабақ түрлерін жаңаша
ұйымдастыра отырып, қосымша жұмыс түрлерін де игертуге тура келеді.
Сондықтан осы білімгерлердің өзі орындайтын өздік жұмысын (СӨЖ) « қашықтық»
деңгейде «интранет» арқылы нақты тапсырмалар беріп, уақтылы орындалуын қадағалау
кезінде кейбір білім деңгейі жоғары білімгерлердің қосымша тапсырмаларды орындаудағы
«шығармашылық белсенділіктерін» анықтадық. Әсіресе үлгі ретінде берілген тапсырмаларды,
ереже бағандарын басшылыққа ала отырып, тың тапсырмаларды өздігінен орындауы ағылшын
тіліндегі сөздерді дұрыс оқуға, сөйлеуге талпынған студенттердердің тіл үйренуге деген
қызығушылығын арттырды. Олай болса, өз кәсібін жетік меңгерген маман дайындау үшін
жоғары оқу орнындағы алғашқы курстардан бастап білім алушыны өз бетінше көп жұмыс істеп
ізденуге баулу қажет. Демек, «шығармашылық белсенділіктің кілті – өздік жұмыс, соның
ішінде өзіндік жұмыс» деген тұжырымға келеміз.
Қорыта айтқанда, шет тілі сабағында мәтіндерде кездесетін жаңа сөздер мен сөз
тіркестерінің баламасын электронды сөздіктерді қолданып , жылдам әрі тез табуға және
елтану материалдары мен білім деңгейін өлшейтін ойлау қабілетін бақылау мен жазбаша
түрдегі сынамаларды орындауда интернет ресурстарын пайдалану қолжетімді болғанымен,
электронды кітапханаларды жүйелі пайдалану, интерактивті тақтаны тиімді қолдану
белсенділігі төмен студенттер баршылық. Сондыктан, студенттердің шетел тілдерін меңгеру
үдерісінде дәстүрлі әдістерді жаңашаландыру арқылы қазіргі технологияларды кеңінен
қолданып, шығармашылык белсенділігін дамыту, білім деңгейін жетілдіруге көмек беру,
жобалық бағыт-бағдар көрсету —оқытушының негізгі міндеті болып табылады.
Қорыта айтқанда, еліміздегі білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты шетелдік білім
бағдарламаларымен салғастыру жолымен әлемдік білім беру кеңістігіне енетін үздіксіз білім
берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру аясында талап етілітін басты қағидалар, атап айтқанда,
әртүрлі деңгейдегі оқу орындарда шетел тілінде оқытуда қолданылатын қазіргі инновациялық
Деңгей
Өздік
жұмыс
Әрекет
Белсенділік
Технология
II
деңгей
СОӨЖ
өткен
материалды
жалпылау,
қайталау
конспект жасау, шығарма
шығармашылық,
ізденушілік
Проектор,
Swat Podium
СӨЖ
ғылыми баяндама, реферат,
рецензия, пікір, тезис
аннотация жазу
шығармашылық,
проблемалық
баяндау
Проектор,
магнттофон
III
деңгей
Қосымша
скайф конференция, желілік
білім, олимпиада, пәндік
үйірме,танымжорық
жобалық
ұйымдастыру,
шығармашылық
Мультимедийный
кабинет
184
технологияларды қолдану, ауызша және жазбаша аударма машығының жалпылингвистикалық
және жалпытехникалық аударма терминологиясының дағдысын меңгеру, маманның қазіргі
көзқарасын қалыптастыратын әлеуметтік-гуманитарлық жалпыкәсіби және жаратылыстану
ғылымдары аясындағы жүйелі білімді толыққанды қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |