Хабаршы вестник bulletin «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы»



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата12.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#9205
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

 
 
Резюме 
 
Сабырбаева Н.К. - ст.преподаватель КазНУ им.Аль-Фараби,nazik_sab@mail.ru 
Баймуратова И.А. - ст. преподаватель КазНУ им.Аль-Фараби,irash_bay@mail.ru 
Гумарова Ш.Б. - ст. преподаватель КазНУ им.Аль-Фараби,sholpan5619@mail.ru 
 
Некоторые вопросы обучения в составлении текста на английском языке 
 
В  этой  статье  рассматривается  составление  связного  тексте  и  сложных  предложений  в  английском  языке  для 
учебной цели. Одна из основных целей обучения иностранному языку является обучения студентов к составлению 
связной  речи,  текста,  а  также  правильно  изложить  свою  мысль,  точку  зрения  в  правильной  логической 
последовательности . Для этого студентов надо обучить освоению способы связи в тексте в целом а также простых 
предложении  в составе сложных  предложений.  Сушествуют способы  связи  в  пределах одного текста  и   сложных 
предложений  или  выражения  в  правильной  последовательности  высказываемой    мысли  в  предложении.  Поэтому 
следует  обучать  студентов  правильно  и  по  значению  уметь  использовать  средства  связи  в  письменной  речи,  в 
частности в составлении текстов или при переводе текстов из родного языка на английский язык. С такой целью в 
статье рассматривается на что обратить внимание при составлении текстов в письменной речи и использования той 
или иной способы связи в тексте, сложных предложениях. 
Ключевие  слова:  обучение  к  иностранному  языку,  союзы  в  английском  языке,  использование,  применение, 
связная  речь,  составление  текстов,    изложить  мысли,  типичные  ошибки,  уметь  правильно  испозьзовать, 
последавательность мысли. 
 
Summary 
 
Sabyrbayeva N.K. – a senior teacher of Al-Farabi Kazakh National University, nazik_sab@mail.ru 
Baimuratova I.A. – a senior teacher of  Al-Farabi Kazakh National University, irash_bay@mail.ru 
Gumarova Sh.B. – a senior teacher of Al-Farabi Kazakh National University,sholpan5619@mail.ru 
 
Some problems in teaching drafting texts in English 
The article devoted to coherence and cohesion of texts. As it is known one of the aims of teaching foreign language is to 
be able to express his or her own ideas and point of view by connected speech. There are different devices of making  a text or 
a  connected  speech  more  cohesive.  So  it  is  important  to  teach  students  to  compose  a  text,  to  use  means  of  coherence  and 
cohesion in a correct way to show logical link of ideas and their sequence in a text. Choosing correct and еру right connection 
in a text and between complex sentences helps the reader to understand the  main sense of a written text and it makes their 
writing more cohesive and in consequence it helps the reader infer the nature of the relationship. 
Key words: teaching  foreign language, to  use conjunctions, sequence of ideas, cohesion, coherence, reader,  writing, to 
infer, devices, correct, connected speech.                                                       
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
112 
 
 
УДК 81'367 
 
ҚАПАН САТЫБАЛДИННІҢ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 
ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ 
 
Шакирова Қ.М. 
– 
Ы.Алтынсарин атындағы  
Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы katira_1971@mail.ru 
 
Мақалада  жазушы  –  драматург  Қапан  Сатыбалдиннің  прозалық  шығармаларындағы  фразеологизмдердің 
стильдік  ерекшелігі,  эмоциялық  реңкті  кӛрсетудегі  қызметі,  семантикалық  жүйесі,  мағыналық  –  тақырыптық 
топтары  қарастырылған.  Жазушының  кӛркемдік қуаты мен стилистикалық  әсері  күшті фразеологизмдерді талдап, 
таңдап қолданудағы, кейіпкердің бейнесін сомдауда, мінез ашу, портрет жасау, шығарманың идеялық – кӛркемдік 
жақтарын  жетілдірудегі  ӛзіндік  дара  қолтаңбасы,  кӛркемдік  әлемі  айқындалды.  Сонымен  қатар  автордың  жалпы 
халықтық  тілдің  фразеологиялық  құрамынан  қажеттісін  ала  отырып,  оларды  мүмкіндігінше  түрлендіргендігі, 
фразеологизмдерді кӛріктеу  құралы ретінде ғана емес, ӛзіндік  кӛзқарасын,  идеясын, суреттейтін кейіпкерінің  ішкі 
жан дүниесін, болмысын таныту мақсатында қолданғандығы айқындалды. 
Қапан Сатыбалдин шығармаларындағы кестелі тіркестер тіршіліктің лебімен тыныстап жататыны, автордың сӛз 
қадірін білген, халық тілінің байлығын меңгерген, тілдік қабаты қалың суреткер екендігі сараланады. 
Жазушының  тіл  кестесі,  қарапайым  да  қуатты  сӛз  оралымдары  мол  екендігі,  әсіресе  жазушы  тілі  үздік  теңеу, 
салыстыру,  астастыруға  бейім  келіп  отыратындығын  және  кейіпкерлер  тілімен  сол  кезең  кӛрінісін  бейнелеуде 
лексикалық басқа да бірліктермен қатар фразеологизмдерді де кеңінен қолданғандығы талданды. 
Фразеологизмдердің қаламгер шығармасындағы қолданысынан эмоционалдық, экспрессивтік талғамына, тілдік 
қорына  жазушының  шеберлігіне  және  сӛз  саптау  мәнеріне  тікелей  байланысты  екендігі  байқалды.  Халық  тілінің 
кестелі  сӛз  айшықтарын  ӛз  туындыларында  дәл,  нақты,  айқын  бір  ұтқырлықпен  қолдана  отырып,  ӛзіне  тән  стиль 
жасағандығы сараланды. 
Автордың  жалпы  сӛз  қолданыс  жүйесін  талдау  негізінде  фразеологизмдердің  табиғатына  тән  қасиеттер  анық 
аңғарылатындығына кӛз жеткіздік. 
Тҥйін  сӛздер:  фразеология,  стиль,  кӛркемдік,  сӛздік  қор,  лексика  –  семантикалық  мағына,  образдылық, 
прагмастилистикалық қызмет, бейнелі сӛз, тілдік табиғат. 
 
Қазақ  тілінің  бай,  қолданылу  мүмкіншілігі  кең  екендігі  тілдің  сӛз  байлығынан  кӛрініс  табады. 
Тіліміздің сӛздік қорын байытуда әдеби тіл дамуы кезеңдерінің ӛзіндік ерекшелігін айқындайтын, тілдің 
ажырамас бір бӛлігі болып табылатын фразеологизмдердің алатын орны ерекше. 
Барлық  тілдерге  тән  құбылыс  болғандықтан  осы  бейнелі  сӛз  орамдары  әлем  тілдерінде  кеңінен 
зерттеліп келеді. Соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тұрақты тіркестер І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ә.Қайдар, 
Р.Сыздық,  К.Аханов,  Р.Әмір,  С.Исаев,  Ӛ.Айтбаев,  Х.Қожахметова,  С.Сәтенова,  Г.Смағұлова, 
Д.Әлкебаева,  Х.Әділбекова,  т.б.  ғалымдардың  зерттеулері  негізінде  жан-жақты  қарастырылып,  бұл 
құбылыстың  лексика  –  семантикалық  мағыналары,  синтаксистік  қызметі  жайында  біраз  пікірлер 
айтылғанымен, олардың ӛзіне тән тілдік табиғаты, кӛркемдік қуаты әлі де нақтылауды қажет етеді.  
Фразеологизмдер – сӛйлеу және жазба тілде жиі қолданылатын, жазу және сӛйлеу тілін ажарланды-
рып, кӛңілдегі кӛрікті ойды бейнелеп, астарлап, ӛзіндік бояу-нақышымен жеткізетін, кӛркем сӛз қазына-
сында  қорланып,  қолдануға  дайын,  халық  тілі  байлығының  ауқымды  бӛлігін  құрайтын  тұрақты  сӛз 
тіркестері.  
Зерттеуші  А.А.  Қорабаева:  «Фразеологизмдердің  образдылық  қасиеті,  экспрессивті  –  эмоционалдық 
бояуы,  компоненттерінің  бірлігі  контекст  арқылы  айқындалып  отырады,  сондықтан  бұларды  контекст 
аясында  қарастырған  жӛн»  [1,134  б.],  –  десе,  Р.У.  Асильбеков:  «Фразеологиялық  тіркестер  кӛркем 
әдебиетте эмоционалды – экспрессивті әрі прагма-стилистикалық қызмет атқарады. Ол логикалық мәнге 
ие болып, ойды ұтымды жеткізуге әрі тұрақты тіркестің астарлы мағынасы арқылы автор ой мен сезімнің 
тоғысуын ең тиімді тілдік тәсіл, яғни фразеологизммен жеткізуді мақсат етеді» [2, 151 б.], - деп тұжырым 
жасайды. 
Ғалым  Х.Кәрімовтің  «Әдебиетте  шығарма  тілін  кӛркемдеп,  жандандырып,  нәр  беруші  амалдардың 
бірі  –  халық  тіліндегі  тұрақты  фразеологиялық  тіркестер.  Олар  тілдегі  бейнелі  экспрессивті-эмоциялы 
бояуы  қанық  амалдардың  қатарынан  орын  алады.  Олар  –  ұлттық  психикалық  ӛзгешелігінің  негізінде 
қалыптасқан  образды  ойлау  тілінің  үлгілері,  халықтық  даналыққа  суарылған  ӛткір  құралдар»  [3,134  б.] 
деген тұжырымы жоғарыда айтылған ойды дәлелдеп тұрғандай.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
113 
 
Фразеологизмдердің  кӛркем  әдебиеттегі  қолданысы  жӛнінде  ғалым  Д.Әлкебаева:  «Фразеологиялық 
тіркестерді  қолдану  әр  жазушының  халықтық  тіл  байлығын  пайдаланудағы  ӛзіндік  қолтаңбасына 
байланысты  болса,  екіншіден,  сол  дәуір,  қоғамдық  орта,  адамдардың  әлеуметтік  жағдайына  үйлестіре, 
соның  әлеуметтік  тынысын  кӛрсетуімен  жиі  қолданысқа  түседі.  Кӛркем  әдебиет  –  ӛз  дәуірінің  айнасы, 
сол  дәуір  тынысын  адамдардың  жан  –  дүниесінің  нәзік  қатарларын  беруде  фразеологиялық  тіркестер 
ерекше  рӛл  атқарады»  [4,  139  б.],  -  деп  кӛрсетсе,  «Фразеологизмдердің  кӛркем  шығармада  атқаратын 
функциясы образ жасау, кейіпкерге тілдік мінездеме беруде, кейіпкерді мінездеу, белгілі бір ситуацияға 
қорытынды  жасауда  күлдіргі-ажуа  т.б.  қызметінде  жиі  жұмсалады»  [5,56  б.],  -  дейді  ғалым 
Х.Қожахметова.  Жоғарыда  айтылған  пікірлерге  сүйене  отырып,  фразеологизмдердің  поэтикалық  құрал 
есебінде  жазушының  шығармашылық  даралығын,  дүниетанымын,  кӛркемдік  әлемін  кӛрсететіндігін, 
кӛркемдік қуаты мол, стилистикалық әсері күшті тілдік тәсіл болғандықтан кез келген мәтінде стилисти-
калық категориялардың жиынтығын құрайтындығын, сӛзді жандандырып,  тілге ӛткірлік сипат беретін-
дігін  жазушы  –  драматург  Қапан  Сатыбалдиннің  прозалық  туындылары  тіліне  талдау  жасау  арқылы 
анықтауды  мақсат  еттік.  Жазушының  «Қараторғай»  повесі  мен  «Сырдария  тасыған  шақ»  лирикалық 
повесіндегі фразеологизмдерді қызметіне, қолданылу ерекшелігіне қарай тӛмендегідей топтастырдық. 
Жазушы  шығармасында  кейіпкердің  психологиялық  сезім  күйін  суреттеуде  қолданылған  фразео-
логизмдер: Ол мұнымен бұрыннан ашу араздығы бар адамдай қабағынан қар жауып, дұрыс амандасқан 
жоқ[6,9 б.]. Не деп отырсың? – деді Айгүл қара кӛзі шоқтай жайнап [6,11б.]. Кӛргенсізденбей жайыңа 
отыр!  –  деп  шал  оған  тіксіне  қарады  [6,11].  Шал  да,  Айгүл  де  ұйып  тыңдап,  селт  етпей  құлақ  тіге 
қалды[6,10 б.]. Сол сол – ақ екен, кӛңілі алай – түлей Тойбазар бұларды оқты кӛзімен атып, бірдеңе деп 
бұрқылдап, атына қарай томпаңдай жӛнелді [6,19 б.]. Жай келмейді, кекете, іштей айызы қанып табалай 
келеді [6,20 б.]. Ол ағалы болды, мен балалы болдым, - деп Нұрекең ӛңі кіріп, отырған орнынан шалша 
шойырылмай ұшып тұрды [6,25 б.]. Бұйымтайым Айгүлдің әні, – деп, Досай қасында тұрған қызға қарап 
езу  тартты  [6,9  б.  ].  Ендігі  бар  демеуім,  бар  алданышым  Айгүлжаным  ғана,  –  дегенде  шал  кәрі  кӛзі 
жасаурап, ӛңі сына қалды, содан бойын тез жинап, сӛзін сабақтап әкетті [6,25 б.]. Шал да Тойбазардың 
жасына  жетпей  шар  тарта  бастағанын  Досайдың  байқап  қалғанына  мәз  болып  езу  тартты  [6,19  б.]. 
Нұрекең сырын бүкпей ағынан жарылып отыр [6,26 б.]. Данакең дегенде атарға оғы жоқ [6,66 б.]. 
Кейіпкерді мінездеу мақсатында қолданылған фразеологизмдер: Іші оттай күйген Тойбазар тӛсегінде 
тиыш жата алмады [6,14 б.]. Әнеукүні әкесін Тойбазар қонаққа шақырып, асты – үстіне түсті [6,15 б.]. – 
Қарағым Досай, жүзі игіден түңілме деген ғой бұрынғылар [6,25 б.]. Досай қыз лебізін  қолы – қолына 
жұқпай  қапыл  –  құпыл  қағазға  түсіре  бастады  [6,17  б.].  Ӛзі  жастайынан  жер  еміп  ӛскен  адам, 
диханшылық кәсібіне сондай қанық [6,62 б.]. 
Мәнерлегіштік-кӛркемдік  бояуы  айшықты  экспрессивті-эмоционалды  фразеологизмдер:  Жаңа  ғана 
кәрі кӛзі ұшқын атқан Нұралы жанары сӛніп, жарқын жүзі күзгі шӛптей қурап қалды [6,28 б.]. Сеңсең бас 
қызды кӛзімен ішіп – жей бастады [6,50 б.]. Әбден титығына жетіп болдырғандай әлсін – әлсін сүріне 
береді [6,7 б.]. Оңашада болса жаңағыдай сӛздері үшін Тойбазардың кӛкесін кӛзіне кӛрсетер еді [6,11 б.]. 
Екінші  жылға  кеткен  қырғын  соғыстан  ығыр  болып,  әбден  ыңыршағы  шыққан  жүдеубас  жандар,  ұзақ 
жолды кӛбіне ұйұымен алып келеді [6,61 б.]. Әзірге Сазанды қарасын кӛрсететін емес [6,63 б.]. Поезд 
бір ӛкіріп, бір бақырып, ен даланы басына кӛшіріп тартып келеді [6,63 б.]. 
Адамның әртүрлі жай-күйіне, тіршілігіне байланысты қолданылған фразеологизмдер:  Жаман айтпай 
жақсы жоқертең олай – бұлай болып кетсем, ӛзің кӛзіңнің қырын сал [6,27 б.]. Тап бүгін түнде қаңғырған 
әртістің Айгүлмен кӛңіл қосуына мүмкіндік бермеуім керек, аңдуым керек [6,13 б.]. Тойбазардың шешесі 
әнеукүні құдалық турасында құлаққағыс қылды [6,16 б.]. Ауданда ӛткен әуесқойлар байқауында сондағы 
жюрилердің  аузын  алып,  облысқа  жіберткізбей  қойды  [6,13  б.].  Содан  Юрий  екеуміздің  ӛңіміз  қаша 
бастағанын кӛріп, дереу бойын жинап ала қойды [6,66 б.]. 
Уақыт,  мезгіл  ӛлшемдеріне  байланысты  фразеологизмдер:  Егде  тартып  қалғаны  болмаса,  үстіне 
погонсыз сұр шинель киген Данакең қазірдің ӛзінде солдат секілді, жүріс – тұрысы жастан ширақ [6,62 б.]. 
Аумалы – тӛкпелі аласапыран уақытта не бір шытырманға кірген Данакеңнің онан бері де ойлы, шолақ 
белсенділерімен белдескен кездері одан да қызық [6,62]. Әлдеқашан кӛз байланған [6,66 б.]. 
Фразеологиялық түйдектер, мақал–мәтелдердің кейіпкер тілінде қолданылуы: Жаман айтпай жақсы 
жоқ,  ертең олай – бұлай  болып кетсем, ӛзің кӛзіңнің қырын сал [6,27 б.]. Сонда да  талапты ерге нұр 
жауар деген [6,22]. 
Біздің талқылауымызға негіз болған «Қараторғай» және «Сырдария тасыған шақ» повестерінде кезең 
кӛрінісін, ұлттық бояу мен болмысты бейнелеуде фразеологизмдердің молынан қолданылғандығын, оның 
стильдік ерекшелікті, эмоциялық реңкті кӛрсетуде айрықша қызмет атқарғандығын байқадық. Шығарма-

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
114 
 
дағы  кейіпкер  тілінің  мақал  –  мәтелдерге,  теңеулерге,  кӛркемдегіш  құралдарға  бай  екендігі  қазақтың 
тұрмыс салтының ұлттық ерекшелігін, жазушы шығармашылығының ӛзіндік стилін кӛрсетеді. 
Қорыта келгенде, жазушының сӛз қолданыс жүйесін талдау нәтижесінде автордың фразеологизмдерді 
ерекше  талғаммен  қолданғандығы,  ӛзіне  тән  стилі,  қаламгерлік  дара  қолтаңбасы,  ӛзіндік  жазу  машығы 
анықталды.  
 
1. Қорабаева А.А. Кӛркем аудармадағы идиоэтникалық фразеологизмдердің берілу тәсілдері (Ә.Нұрпейісовтің 
«Қан мен тер» трилогиясының материалдарынан) // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 
№8(116). –  Алматы, 2008. – 232-236 б. 
2.  Асильбеков  Р.У.  Кӛркем  мәтіндегі  диалектілік  тұрақты  тіркестердің  ерекшеліктері  //  Әл  –  Фараби 
атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №8(116).  – Алматы, 2008. – 151-155 б. 
3. Кәрімов Х. Қанатты тіл. – Алматы, 1995. – 144 б.  
4.Әлкебаева Д. А. Қазақ тілі стилистикасының прагматикасы.Филол. Ғыл. Докт. Дис. – Алматы, 2006. – 270 б. 
5. Қожахметова Х. Фразеологизмдердің кӛркем әдебиетте қолданылуы. – Алматы, 1972. – 112 б.  
6. Сатыбалдин Қ. Қараторғай: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1968. – 364 б. 
 
Резюме 
Шакирова Қ.М. - Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының 
аға оқытушысы katira_1971@mail.ru 
 
Қапан Сатыбалдиннің прозалық шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы 
В статье рассматриваются стилистические особенности фразеологизмов в прозаических произведениях писателя, 
драматурга Капана Сатыбалдина, исследуются также функции их эмоциональных оттенков, семантическая нагрузка, 
их  тематико  –  содержательные  группы.  Анализ  фразеологизмов  выявляет  особенности  стилистики  и 
художественных  средств  писателя  создании  образов  героев,  описании  портретов,  в  совершенствовании  идейно  – 
художественных  сторон  произведения,  в  создании  своего  художественного  мира.  Автор  не  только  использует 
фразеологизмы  народного  языка,  различные  виды  их,  с  помощью  он  выявляет  свои  мировосприятие,  идеи, 
внутренний мир героев. 
Автор  знакомит  с  разнообразием  словосочетаний  в  произведениях  К.Сатыбалдина,  показывая  виртуозное 
владение художником богатством народного языка, разных языковых пластов. 
Произведен  глубокий  анализ  языковой  системы  писателя,  подчеркивается  богатство  оборотов  речи,  в 
особенности  –  мастерское  умение  писателя  в  использовании  сравнений,  эпитетов,  сопоставлений,  созвучий, 
показано различие использования фразеологизмов в речи автора и героев. 
Фразеологизмы  в  творчестве  Сатыбалдина  показаны  в  различных  сферах  использования:  образной, 
эмоциональной,  экспрессивной,  отмечены  связь  мастерства  писателя  с  манерой  говорить.  Исследовано  влияние 
нарадного языка на стиль Сатыбалдина. Используя орнаментализм народной речи в своих произведениях, показа их 
содержательность, писатель создал свой оригинальный стиль. 
Автор проанализировал специфику фразеологизмов в произведениях К.Сатыбалдина. 
Ключевые  слова:  фразеология,  художественность,  лексический  запас,  лексико-семантическое  содержание, 
образный, прагмастические функции, образное слово, характер языка. 
 
Resume 
Shakirova K.M-senior teacher  at Arkalyk State Pedagogical Institute, katira_1971@mail.ru 
 
The usage of phraseologisms in kapan satybaldin’s prose 
The article deals with the stylistic features of phraseology in the prose works of the writer, playwright Kapan Satybaldin. 
A  function  of  their  emotional  nuances,  the  semantic  load  of  thematic  and  meaningful  group  is  investigated  in  his  works. 
Analysis  of  phraseology  reveals  the  writer's  particular  style  and  artistic  media  in  creating  the  image  of  the  characters,  the 
description of the portraits in the improvement of the ideological and artistic sides of the work, in the forming of  his artistic 
world. The author not only uses the idioms of popular language, different kinds of them, but also with their help, he reveals his 
perception of the world, ideas, inner world of characters. 
The  author  introduces  the  variety  of  phrases  in  the  works  of  K.  Satybaldin  featuring  virtuoso  artist  wealth  of  popular 
language, different language layers. 
Made the depth analysis of the linguistic system of the writer, emphasized the richness of turns of speech, in particular - a 
masterful using of comparisons, epithets, comparisons, harmonies, shows the difference in the use of phraseology speech of 
the author and heroes. 
Phraseology  in  the  Satybaldin‘s  works  shown  in  the  various  fields  of  use:  imaginative,  emotional,  expressive  marked 
relationship  with  the  writer's  skill  manner  of  speaking.  The  effect  of  the  national  language  on  the  style  of  Satybaldin‘s  is 
investigated.  Using  ornamentalism  people's  speech  in  his  works  that  shows  their  meaningfulness,  the  writer  created  his 
original style. 
The author analyzed the specifics of phraseology in the works of K. Satybaldin. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
115 
 
Key  words:  Lexical  and  semantic  content,  fiction,  vocabulary  stock,  image,  pragmatic  functions,  characterising  word, 
character language of nature 
УДК 398:821:512.122.09 
 
Сахитжанова З. – филология ғылымдарының кандитаты,  
Сәрсенбаева А.
 –
 магистрант, ХҚТУ, Түркістан, Қазақстан 
 
«КӚРҦҒЛЫ» ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
«Кӛрұғлы» жырының түркі тілдес халықтарға танымал нұсқаларының ӛзара ұқсастықтарына қарамастан, әр елдің 
фольклорына  тән  даралығы  да  байқалып  отырады.  Сол  себепті  оларды  әр  елдің  ӛзіндік  эпикалық  мұрасы  ретінде 
қабылдаймыз. Эпоста баяндалған оқиғалар жырланған ортасының сұраныстарына сай түрлі ұлттық бояуға қаныға 
берген.  Жыр  ӛзінің  туу,  даму  жолдары,  идеялық  тереңдігі,  эстетикалық  сипаты,  кӛркемдік  қуаты  және  вариант-
версияларының  молдығымен  кӛптеген  зерттеушілердің  назарын  аударып  келеді.  Жыр  сюжетінің  кең  таралған-
дығына орай эпос туралы жазылған зерттеулер де кӛптеп саналады. 
«Кӛрұғлы» жырының еларалық нұсқалары әр елдің ғалымдары тарапынан кӛптен зерттеліп келеді. 
XIX  ғасырдың  бірінші  жартысында  поляк  шығыстанушысы  Александр  Ходзько  тарапынан  жазылып  алынған 
жыр нұсқасы ағылшын тілінде 1842 жылы жарияланған, ал орыс тіліндегі мәтін 1856 жылы баспадан шыққан. Осы 
басылымдар тұңғыш рет ғылыми оралымға түсірілді. 
Белгілі ғалым И.Н. Березин Кӛрұғлы жайындағы ӛлеңді XIX ғасырдың орта шенінде жазып алып, ӛзі бастырған 
хрестоматияға  енгізген.  Академик  В.В.  Радлов  жариялаған  кӛп  томдыққа  жырдың  түрік  тіліндегі  бір  нұсқасы 
енгізілген.  Сондай-ақ  ол  жырдың  сібір  татарларындағы  вариантын  да  жариялаған.  Сібір  татарларының  арасынан 
жазылып  алынған  тағы  бір  аңыздау  А.Володин  еңбегінің  ішінде  жарық  кӛрді.  Н.Марр  Кӛрұғлының  Ғират  атты 
тұлпарын Хамзаның ұрлайтыны жӛніндегі эпизодты жазып алып, бастырып шығарған. 
Тҥйін сӛздерКӛрұғлы, түркі тілдес халықтар, фольклор, жыр, жыр сюжеті, қазақ фольклортану ғылымы 
 
 «Кӛрұғлы»  жырының  түркі  тілдес  халықтарға  танымал  нұсқаларының  ӛзара  ұқсастықтарына 
қарамастан,  әр  елдің  фольклорына  тән  даралығы  да  байқалып  отырады.  Сол  себепті  оларды  әр  елдің 
ӛзіндік  эпикалық  мұрасы  ретінде  қабылдаймыз.  Эпоста  баяндалған  оқиғалар  жырланған  ортасының 
сұраныстарына сай түрлі ұлттық бояуға қаныға берген. Жыр ӛзінің туу, даму жолдары, идеялық тереңдігі, 
эстетикалық  сипаты,  кӛркемдік  қуаты  және  вариант-версияларының  молдығымен  кӛптеген  зерттеуші-
лердің  назарын  аударып  келеді.  Жыр  сюжетінің  кең  таралғандығына  орай  эпос  туралы  жазылған 
зерттеулер де кӛптеп саналады. 
«Кӛрұғлы»  жырының  еларалық  нұсқалары  әр  елдің  ғалымдары  тарапынан  кӛптен  зерттеліп  келеді. 
Қазақ  фольклортану  ғылымында  жырға  қатысты  ой-пікірлер  қалдьрған  зерттеушілер  санатында 
М.Ғұмарова, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, Б.Әзібаева есімдерін атауға болады. 
«Кӛрұғлы»  жырының  қазақ  варианттарына  қатысты  мәліметтерді  Қазан  тӛңкерісіне  дейінгі 
басылымдардан  кездестіруге  болады.  1905  жылы  В.Мощенский  «Бозай  батыр  және  оның  баласы 
Кӛрұғлы»  деген  аңызды  орыс  тілінде  бастырса,  1906  жылы  В.Карлсон  Қазақпай  есімді  ақынның 
«Кӛрұғлыны» жырлағаны туралы мәлімет береді. Хасан Мирбаба жазып алған «Хикаят Кӛрұғлы» атты 
нұсқа  1885  жылы  Қазан  университеті  баспасынан  жарыққа  шыққан.  Жырдың  осы  нұсқасы  Қазан, 
Ташкент қалаларында 1890, 1895, 1902, 1909, 1911,1915, 1916 жылдары дүркін-дүркін жарияланған. 
1973 жылы жарық кӛрген  «Кӛрұғлы» жинағына Рахмет Мәзқожаев («Кӛрұғлы»), Ерғали Есенжолов 
(«Қисса  Кӛрұғлы»),  Қошанов  («Қисса  Ғауазхан»),  Қалижан  Ӛтешов  («Түрікмен  Қасымхан»)  жеткізген 
жыр варианттары енген.  Бұл жинақ 1989 жылы толықтырылып, қайта басылды. Оған Тәжібайұлы тап-
сырған «Кӛрұғлы мен Безерген» және Қазанда жарық кӛрген «Хикаят Кӛрұғлы» жырлары енгізілді [1]. 
Жырдың  қазақ  варианттары  алғаш  1960  жылы  жарық  кӛрген  «Қазақ  әдебиетінің  тарихы»  басылы-
мының  1-кітабында  «Бұрын  зерттелмеген  жырлар»  деген  атаумен  қарастырылған-ды.  Онда  жырдың 
Мұрын, Жамбыл, Нұрпейістер жырлаған бірнеше нұсқаларының сюжеттік желісі баяндалған болатын. 
«Кӛрұғлы»  жырының  1973  және  1989  жылғы  басылымдарының  алғы  сӛзі  мен  ғылыми  түсініктерін 
жазған М.Ғұмарова. 1989 жылғы жинақтың алғы сӛзі де біршама толықтырылған. М.Ғұмарова жырдың 
зерттелу тарихына шолу жасап, ұлттық нұсқалар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық мәселелеріне, 
сол сияқты жырдың қазақ нұсқаларын жырлаушыларға кеңінен тоқталған. 
«Кӛрұғлы» жырына қатысты кезекті зерттеу Ә.Қоңыратбаевтың «Қазақ эпосы және түркология» атты 
монографиясында  жарияланған  [2,  128-138-6.].  Онда  зерттеуші  жырдың  генезисіне  қатысты  ғылыми 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
116 
 
тұжырымдар  сабақтаған.  Қазақ  эпосындағы  тарихи  типология  мәселелері  тұсында  жырды  Р.Бердібай, 
қаһармандық жырлардың поэтикасы тұсында Ш.Ыбыраев та арнайы қарастырған. Б.Әзібаева «Кӛрұғлыға 
арналған қазақ дастандары хақында» атты мақаласында жырдың қазақ нұсқаларына қатысты тың ойлар 
сабақтаған.  Ол  «Кӛрұғлы»  жырының  жиналу,  хатқа  түсу,  зерттелу  тарихын  кең  кӛлемде  қарастыра 
отырып,  жырдың  генезисіне  қатысты  ойлы  пікірлер  айтқан.  Жырдың  қазақ  және  түрлі  ұлттық  нұсқа-
ларындағы  сюжеттік  ерекшеліктерін  салыстырмалы  негізде  анықтаған.  Жырдағы  мотивтер  жүйесіне 
талдаулар жасап, бірқатар антропологиялық атаулардың этимологиясына терең бойлаған. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  М.О.  Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  ӛнер  институтының 
дайындауымен «Бабалар сӛзі» атты жүз томдық ғылыми серияның 48-ші [3] және 49-томдары «Кӛрұғлы» 
жырына арналған, олар 2008 жылы жарық кӛрді. Бұл екі томда жырдың 16 нұсқасы жарияланды. 
Сонымен қатар «Кӛрұғлы» жырының шетел ғалымдары тарапынан зерттелу тарихы да қарастырылды. 
XIX ғасырдың 30-жылдары саяхатшы И.Шопен Оңтүстік Әзірбайжанда, болып, түркітілдес айтушының 
аузынан  «Кӛрұғлы»  жырының  бір  нұсқасын  армян  аудармашының  кӛмегімен  жазып  алып,  оны  «татар 
аңызы»  ретінде  жариялаған.  Автор  аңыз  мәтінімен  бірге  Кӛрұғлы  ӛмір  сүрген  қамалды  суреттеп, 
дастанның тарихилығына ерекше ой бӛлген. 
XIX ғасырдың бірінші жартысында поляк шығыстанушысы Александр Ходзько тарапынан жазылып 
алынған жыр нұсқасы ағылшын тілінде 1842 жылы жарияланған [4], ал орыс тіліндегі мәтін 1856 жылы 
баспадан шыққан. Осы басылымдар тұңғыш рет ғылыми оралымға түсірілді. 
Белгілі ғалым И.Н. Березин Кӛрұғлы жайындағы ӛлеңді XIX ғасырдың орта шенінде жазып алып, ӛзі 
бастырған  хрестоматияға  енгізген.  Академик  В.В.  Радлов  жариялаған  кӛп  томдыққа  жырдың  түрік 
тіліндегі бір нұсқасы енгізілген. Сондай-ақ ол жырдың сібір татарларындағы вариантын да жариялаған. 
Сібір  татарларының  арасынан  жазылып  алынған  тағы  бір  аңыздау  А.Володин  еңбегінің  ішінде  жарық 
кӛрді. Н.Марр Кӛрұғлының Ғират атты тұлпарын Хамзаның ұрлайтыны жӛніндегі эпизодты жазып алып, 
бастырып шығарған [5]. 
Жырдың  еларалық  нұсқаларының  кӛпшілігі  Кеңес  дәуірінде  жарияланған.  Мысалы,  жырдың 
әзірбайжан версиясын 1939 - жылы М.Рафили мен О.Арифтер прозалық мәтін түрінде, ал 1940 - жылы 
жеке  кітап  етіп  бастырған.  В.В.Радловтан  кейін  түрік  версиясына  жататын  тағы  бір  нұсқа  1931  жылы 
Түркияда  басылым  кӛрген  [6].  Тәжік  версиясына  жататын  8  вариант  1941    және  1942  жылдары 
жарияланды.  Түрікмен  версиясының  толық  емес  нұсқасы  да  осы  тұста  баспадан  шықса,  1958  -  жылы 
Н.Ашировтың құрастыруымен түрікмен нұсқасы жарияланған. 
«Кӛрұғлы»  жырының  басымдау  жазылып,  біршама  жарияланған  версиясы  -  ӛзбек  нұсқалары. 
Ӛзбекстан Ғылым академиясында Кӛрұғлы жайында қырықтан астам дастандар сақтаулы. Жырдың ӛзбек 
версиясына тән нұсқалар Қазан тӛңкерісіне дейін-ақ кітап түрінде кең тараған. Белгілі ӛзбек дастаншысы 
Пулкан  шайырдан  жазылып  алынған  «Кӛрұғлының  туылуы»  деген  вариант  алғаш  рет  1941-жылы 
баспадан шыққан. Эргаш Жуманбулбулулы жырлаған «Құндыз бен Жұлдыз», «Далли», «Равшан», Фазыл 
Юлдашев  жырлаған  «Малика  аер»,  «Балагардан»  деген  варианттары  да  жарық  кӛрді.  Олар  циклдану 
процесіне түскен «Кӛрұғлы» жырының жеке салалары болып табылады. 
Жырдың  Қырым  татарларындағы  варианты  алғаш  Кеңес  заманында  жазылып  алынған.  Керим 
Джаманақлы жырлауында хатқа түскен бұл вариант кезінде «Эдебият ве культура» журналында басылып, 
кейін  Қырым  татарлары  дастандарының  жинағына,  одан  соң  хрестоматиялық  оқу  құралына  енген. 
«Кӛрұғлы» жырының армян тіліндегі версиясы да 1941 жылы басылып шыққан. 
Жырдың  тәжік  нұсқалары  туралы  И.С.  Брагинский  де  ұтымды  ойлар  сабақтаған.  Ғалым  «Кӛрұғлы» 
жырына  еларалық  шығармашылық  байланыс  тұрғысынан  ой  бӛле  отырып,  кӛркемдік  ерекшеліктерін 
талдаған [7]. 
И.Шопен  мен  А.Ходзько  пікірлерінен  кейін  «Кӛрұғлы»  жырына  арналған  еңбектердің  кӛбі  Қазан 
тӛңкерісінен  кейін  жазылған.  А.Болдырев  жырдың  тәжік  версиясы  туралы  жан-жақты  мәліметтер 
келтіріп,  «Кӛрұғлы»  жырының  тәжіктерге  түркілерден  ауысып  келгендігін  атап  кӛрсеткен.  Ғалымның 
тәжік  халқының  эпикалық  дәстүрі,  жырдың  тәжік  версиясы,  оның  ӛлең  ӛлшеміне  қатысты  пікірлері  де 
бар. А.Хамидов та жырдың тәжік нұсқасы тӛңірегінде тартымды ойлар сабақтаған. 
В.И.  Жирмунский  мен  Х.Т.  Зарифовтың  «Узбекский  народный  героический  эпос»  атты  зерттеу 
еңбегінің бір тарауы «Кӛрұғлы циклі» деп аталған [8]. Онда авторлар Э.Жуманбулбулулы, Ф.Юлдашев, 
Пулкан шайыр нұсқалары мен қолжазба түріндегі ӛзбек варианттарының мазмұнына тоқталып, оларды 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
117 
 
ӛзге нұсқалармен салыстырған, жырдың типологиялық белгілерін кӛрсеткен. Жырдың түрлі варианттары 
тұтас топтаманың жекелеген салалары ретінде қарастырылып, образдар жүйесіне талдаулар жасалған. 
Б.А.  Каррыев  ӛзінің  «Кӛрұғлы»  эпосына  арналған  зерттеуінде  жырдың  түркі  халықтарының 
фольклорынан  алатын  орнын  кӛрсетсе,  Л.Климович  пен  Х.Короглы  мақалаларында  жырдың  жаңа 
нұсқалары, олардың кӛркемдік сипаты туралы пікірлер айтылған. 
Зерттеу барысында жырдың қарақалпақ  нұсқалары да назарға алынды. Айталық қарақалпақ бақшы-
лары М.Наметуллаев (1941), А.Тариқов (1959), М.Матжанов (1960), Б.Жұманиязовтардан (1961) жазылып 
алынған  жыр  варианттары  Ӛзбекстан  Республикасы  Ғылым  академиясының  Қарақалпақстан  бӛлімінің 
қолжазбалар қорында сақтаулы. Осылардың ішінен эпикалық айналымға түскендері  - М.Матжанов пен 
Б.Жұманиязов варианттары ғана. Оларға қатысты қарақалпақ ғалымдары Қ.Мақсетов пен А.Тәжімұратов 
қалам тартып, кӛркемдік сипатына талдау жасаған [9]. 
«Кӛрұғлы»  жырына  қатысты  түрік  ғалымдарының  ізденістері  де  мұқият  ескерілді.  Мысалы,  Доктор 
Гулчин  Чандакоглы  ӛзінің  «Түрік  дастандарының  қаһармандары»  атты  еңбегінде  «Кӛрұғлы»  жырына 
тоқталған.  1973  жылы  Бехчет  Маһир  деген  кісіден  жазылып  алынған  түрік  варианты  Анкарада 
жарияланып,  жинақтың  алғы  сӛзін  М.Каплан,  М.Акалын,  М.Валилер  жазған.  Стамбулда  жарық  кӛрген 
«Ислам  энциклопедиясында»  П.Н.Боратов  жариялаған  «Кӛрұғлы»  атты  мақала  бар.  Түрік  нұсқасын 
У.Еберһард  та  талдаған.  Али  Берат  Алыптекиннің  1997  жылы  Анкара  қаласында  жарық  кӛрген  «Наlк 
һікауеlегіnіn  Моtіf  уарısı»  атты  зерттеу  еңбегінің  бірінші  бӛлімінің  кӛп  бӛлігі  «Кӛрұғлы»  жырына 
арналған.  Автор  жырды  мотивтік  негізде  жіктеген.  Ахмет  Ӛздемирдің  зерттеу  еңбегінде  «Кӛрұғлы» 
жырының  образдық  жүйесіне  талдау  жасалған.  Жас  зерттеуші  Ахмет  Аляз  жариялаған  мақалада  түрік 
варианттарындағы  образдар  әлемінің  типологиялық  мәселелері  сӛз  болады.  Неміс  профессоры  Карл 
Райхлдың 2002 жылы түрік тіліне аударылған «Түрік тайпаларының дастандары» атты монографиясында 
«Кӛрұғлы»  жырының  бірқатар  нұсқаларындағы  қаһармандық  эпосқа  тән  сипаттар  кӛрсетілген.  Осы 
еңбектердің барлығы «Кӛрұғлы» жырының сырт елдерде зерттелу деңгейін анықтайды. 
 
 
1
 
Ғұмарова  М.  «Кӛрұғлы»  эпосы  //  Қазақ  халық  әдебиеті:  кӛптомдық  батырлар  жыры:  4  т.    Алматы: 
Жазушы, 1986. – 4006. 
2
 
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы жэне түркология.  Алматы: Ғылым, 1987. – 258 б. 
3
 
Бабалар  сӛзі:  Жүз  томдық.  48-том.  Кӛрұғлы.  Томды  қүрастырып,  ғылыми  түсініктемесін  жазғандар: 
Әзібаева Б., Ақан А. Алғы сӛзін жазған Әзібаева Б.  Астана: Фолиант, 2006.  536 б. 
4
 
Chodzko A. Popular poetry of Persia as Found in the Adventures and Improvisations of Koroglu, the bandit- Minstrel 
of Northern Persia, and in the Songs of the People Inhabiting the Stories of the Caspian Sea.- London, 1842. – 345р. 
5
 
Марр  Н.  Житие  святого  Григория  Хандзийского  с  дневником  поездки  в  Шевышию  и  Кларджию.    СПб., 
1911.- С.61. 
6
 
Кѐр-Оглы.  Азербайджанский  народный  эпос.  /  Составил  Г.  Ализаде.  Pertev  Naili.  Koroglu  destan//  Stanbul, 
1931. 
7
 
Брагинский   И.С.   О   таджикском   эпосе   «Гуругли»   и   его художественных особенностях // Вопросы 
изучения эпоса народов СССР.  М., 1958. – С.126-148. 
8
 
Узбекский народный героический эпос. – М.: ОГИЗ, 1947. – С. 164-279. 
9
 
Мақсетов Қ.М., Тажимуратов А. Қарақалпақ фольклоры. – Нӛкис, 1979. – 256-258 б. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет