Кейбір өнеркәсіптік меншік объектілеріне өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау,
мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша
тиісті мемлекеттік тізілімдеріне енгізу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі
ережелерді бекіту және "Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың
кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23
сәуірдегі № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 89 Бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7517 тіркелді
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-
бабының 4-тармағына, 18-бабының 4-тармағына және «Тауар таңбалары, қызмет көрсету
таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы
Заңының 9-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және
қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнер табыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу
және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк
тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу
және қарау ережесі бекітілсін.
2. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығының
(нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6234 тіркелген,
Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының
актілер жинағында, 2010 жылғы, № 16 жарияланған) 1-тармағының 2), 3) және 4)
тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы
департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауды
қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015
№ 364
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің
жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі Б. Имашев
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 89 бұйрығына 1-қосымша
Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi
Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидалар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 364
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан
Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын
беру жөніндегі қағидалар «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» Қазақстан
Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 17-бабының 4-
тармағының негізінде әзірленді және өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау,
мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу,
қорғау құжатын беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бюллетень – «Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншігі» бюллетені (бұдан
әрі - Бюллетень);
2) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы – зияткерлік меншік саласында халықаралық
саясатты және елдердің ынтымақтастығын қамтамасыз ететін және реттейтін халықаралық ұйым
(бұдан әрі - ДЗМҰ);
3) еуразиялық өтінім - 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына
сәйкес берілген өтінім;
4) еуразиялық патент – 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына
сәйкес берілген патент;
5) конвенциялық өтінім - 1883 жылғы 20 наурыздағы Өнеркәсіптік
меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес берілген өтінім;
6) өнертабыс авторы – оны шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлға;
7) өтінім - өнертабысқа патент беруге өтінім (бұдан әрі - өтінім);
8) өнертабысқа патент беруге өтінімге сараптама - формалдық сараптама және
өнертабыстың мәні бойынша сараптама;
9) сараптама жасау ұйымы - мемлекеттік монополияға жататын салалардағы
(өнертабыстарды, пайдалы модельдерді, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет
көрсету) қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;
10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
11) халықаралық өтінім - 1970 жылғы 19 маусымдағы Патент кооперациясы (Patent
Cooperation Treaty, бұдан әрі - РСТ) туралы шартқа сәйкес берілген өтінім.
2. Өнертабысқа өтінім жасау және ресімдеу тәртібі
3. Өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
1) өнертабыс авторлары және өнертабысқа патент сұратылып отырған тұлғалардың атын
көрсете отырып, патент беру туралы өтінім (бұдан әрі – өтінім), сондай-ақ олардың
тұрғылықты жері немесе орналасқан орны;
2) тиісті білім саласында маманмен жүзеге асырылатын өнертабыстың жеткілікті толық
ашылған сипаттамасы;
3) оның мәнін білдіретін және өнертабыс объектісін анықтайтын өнертабыс формуласы.
Өнертабыс формуласы анық, нақты болуы керек және сипаттамаға негізделеді;
4) егер өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса сызбалар мен өзге де материалдар;
5) реферат;
6) сенімхат.
4. Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды
бекіту туралы» (бұдан әрі - бағалар) 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 тіркелген) сәйкес
өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжат.
Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектер, мүгедектер жалпы білім беру мектеп,
кәсіптік техникалық училище, техникалық орта оқу орындарының оқушылары, жоғарғы оқу
орнындарының студенттері, Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпкерлік
субъектілері төлемді растайтын құжаттан басқа, бағаларға сәйкес оның мөлшерін азайту
негізін растайтын құжат тапсырылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім
түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылады. Аталған мерзім ұзартылады, бірақ екі айдан
аспауға тиіс;
2) алғашқы өтінімнің көшірмесі өтінімге конвенциялық басымдығын сұратумен
тіркеледі және ол конвенциялық өтінім сараптама ұйымына түскен күннен бастап алты айдан
кешіктірілмей ұсынылады. Егер алғашқы өтінімдер бірнешеу болса, осы өтінімдердің
барлығының көшірмелері тіркеледі.
Конвенциялық өтінімді басқа өтінім беруші берген жағдайда басымдық құқығын
пайдалануға алғашқы өтінімге өтінім берушінің рұқсаты қоса беріледі.
Алғашқы өтінім берілген күннен бастап он екі ай мерзім өткен соң, бірақ он екі
айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешіктірмей түскен өтінім бойынша конвенциялық
басымдық сұрату кезінде өтінімге, көрсетілген он екі айлық мерзімде өтінім беруге
кедергі болған өтінім берушіге қатысты емес жағдайлар көрсетілген құжат және осы
жағдайлардың болғанын растайтын құжат, олар сараптама ұйымына белгілі деген негіз
болмаса, қоса беріледі.
Конвенциялық басымдықты анықтау туралы өтінім өтінім беру кезінде (өнертабысқа
патент беру туралы ӨН-1П өтініштің тиісті бағанында келтіріледі) немесе өтінім сараптама
жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін;
3) сақтауға беру туралы құжат, ресми уәкілетті коллекция-депозитарийде
микроорганизмнің жаңа штаммына, өсімдіктер немесе жануарлардың жасушаларын көбейтуге
жататын өнертабысқа берілген өтінімге қоса беріледі. Бұл құжат (сақтауға беру туралы
төлқұжаттың расталған көшірмесі) өтініммен бір мезгілде немесе өтінім сараптама ұйымына
түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тапсырылады. Сақтауға беру күні өнертабыс
басымдығы күнінен алда болуға тиіс;
4) нуклеотидтер мен/немесе аминқышқылдар тізбегінің тізілімі бар өтінімге
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.25 стандарты талаптарын
қанағаттандыратын, сол тізбек тізілімінің көшірмесі жазылған машина оқитын ақпарат
тасымалдаушы (дискета) және машина оқитын нысанда берілген ақпараттың қағазға басылған
нысанға сәйкестігіне қатысты өтінім берушінің қолы қойылған өтінім беріледі;
5) жазбаша түрде өтінім беру электронды тасымалдаушыдағы оның көшірмелері қоса
беріледі. Бұл ретте өтінім беруші мәтіннің баспа түрі мен электронды тасымалдаушыдағы
сәйкестігі туралы декларация береді.
5. Қазақстан Республикасының өнертабысына патент беру туралы өтініш (бұдан әрі –
өтініш) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда қазақ немесе орыс тілінде
тапсырылады. Өтініш құжаттары қазақ, орыс немесе басқа тілдерде тапсырылады. Егер
құжаттар басқа тілде тапсырылса, өтінімге олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі
аудармасы қоса беріледі. Сараптама ұйымына құжаттары басқа тілдегі өтінім түскен соң,
екі ай ішінде аударманы тапсырады. Тиісті төлемді жасаған кезде мерзім ұзартылады, бірақ
екі айдан аспауы керек. Аударма берілмесе, өтінім берілмеген болып танылады.
6. Өтініш келесідей толтырылады:
1) Мәліметтерді тиісті бағандарға толық орналастыру мүмкін болмаған кезде, оларды
қосымша парақта өтінімнің тиісті бағанында көрсете отырып, сол нысанда келтіреді:
«өтінімге Қосымшаны қараңыз» («Тіркелген құжаттар тізімі» бағанының тиісті ұяшығына «Х»
таңбасы қойылады);
2) 21, 22, 85 кодтар астындағы бағандарын өтінім түскеннен кейін сараптама ұйымы
толтыру үшін арналған және өтінім берушімен толтырылмайды;
3) 86 және 87 кодтар астындағы бағандар Қазақстан Республикасының нұсқауын
қамтитын халықаралық өтінімдер Қазақстан Республикасының ұлттық фазасына ауыстырылған
жағдайда, ал 96 және 97 кодтар астындағы бағандар еуразиялық өтінім Қазақстан
Республикасының ұлттық өтініміне айналдырылған жағдайда өтінім берушімен толтырылады.
86-код астындағы бағандағы тиісті торға «Х» белгісі қойылады және алатын
ведомствомен белгіленген халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі, халықаралық берілу күні
келтіріледі.
87-код астындағы бағанда халықаралық өтінімнің халықаралық жарияланған күні мен
нөмірі көрсетіледі.
96-код астындағы бағанда еуразиялық өтінімнің тіркеу нөмірі мен алатын
ведомствомен белгіленген беру күні көрсетіледі;
97-код астындағы бағанда евразиялық өтінімнің жарияланған күні мен нөмірі
көрсетіледі;
4) нертабысқа патент беру туралы өтінім білдірілген 71-кодты бағанда «өтінім
берушінің (өтінім берушілердің) атына» деген сөзден кейін патент сұратылып отырған
өтінім беруші (өтінім берушілер) туралы мәліметтер келтіріледі: жеке тұлғаның тегі, аты
және әкесінің аты (бар болған кезде) және де тегі атының алдында көрсетіледі немесе
ресми тіркеу туралы құжатқа сәйкес (Қазақстан Республикасының резиденттері үшін құжаттың
көшірмесі қоса беріледі) заңды тұлғаның толық ресми атауы, сондай-ақ елдің ресми атауы
мен толық пошта мекен-жайын қоса отырып, тиісінше олардың тұрғылықты жері, орналасқан
орны туралы мәліметтер келтіріледі. Шетелдік аттар және заңды тұлғалардың атаулары,
сондай-ақ қазақ немесе орыс тілдеріндегі транслитерациямен көрсетіледі. Өнертабыстар
авторлары болып табылатын өтінім берушілердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер
өтінімнің екінші бетіндегі 72-кодтың астындағы бағанда келтіріледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болатын немесе тұратын аттарына өнертабысқа
патент сұратылатын шетелдік заңды және жеке тұлғалар үшін елінің коды ДЗМҰ SТ.3
стандарты бойынша (егер ол белгіленсе) көрсетіледі.
Егер өтінім берушілер бірнешеу болса, көрсетілген мәліметтер олардың әрқайсысы
үшін келтіріледі;
5) басымдықты белгілеуге арналған баған сараптама ұйымына өтінім берілген күнге
қарағанда бұрынырақ басымдық сұратылған кезде ғана толтырылады. Тиісті торларда «Х»
белгісін қоюмен тиісті торда басымдық сұратуға негіздер белгіленеді және басымдық
сұратылып отырған өтінім нөмірі және басымдық сұратылған күні (өтінім берілген күн
немесе оған қосымша материалдар) көрсетіледі.
Басымдық бірнеше өтінімдер негізінде сұратылған кезде, барлық өтінімдердің
нөмірлері және сұратылған басымдық күні көрсетіледі. Конвенциялық басымдық сұратылған
жағдайда ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша алғашқы өтінімді берген елдің коды көрсетіледі;
6) 54-кодтың астындағы бағанда өтінім берілген өнертабыстың (өнертабыс тобының)
атауы келтіріледі, бұл өнертабыс сипаттамасында келтірілген атаумен сәйкес келуге тиіс;
7) «хат-хабар жазысуға арналған мекен жай» бағанында Қазақстан Республикасы
аумағындағы толық пошта мекен жайы және адресаттың аты немесе атауы келтіріледі, олар
почталық тез жеткізілімнің қарапайым талаптарын қанағаттандыру керек. Хат-хабар
жазысатын мекен-жай ретінде Қазақстан Республикасында тұратын жеке тұлғаның - өтінім
берушінің (өтінім берушілердің бірінің) тұрғылықты жеріндегі мекен-жайы немесе Қазақстан
Республикасындағы заңды тұлғаның – өтініш берушінің тұратын жерінің мекен жайы не өтінім
беруші (өтінім берушілер) өкілі тұратын жерінің мекен жайы немесе Қазақстан Республикасы
аумағындағы өзге мекен-жайы көрсетіледі;
8) 74-кодтың астындағы бағанда өтінім берушінің (өтінім берушілердің) өкілдері,
оның ішінде патенттік сенім білдірілген өкіл (патенттік сенім білдірілген өкілдер)
туралы мәліметтер келтіріледі. Патенттік сенім білдірілген өкілдің өтінім берілгенге
дейін тағайындалған жағдайда оның тегі, аты және әкесінің аты (егер бар болса),
уәкілетті органда тіркелген нөмірі, тұрғылықты мекен жайы, телефон, факс нөмірі (бар
болса) көрсетіледі. Өкіл тағайындалған жағдайда жеке тұлға үшін тегі, аты және әкесінің
аты (бар болса) және заңды тұлға үшін Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекен-жайы,
телефон, факс нөмірі және электрондық пошта мекен жайы (e-mail) (ол бар болса)
көрсетіледі.
9) өтінімнің екінші бетіндегі «Қоса беріліп отырған құжаттардың тізімі» бағаны
тиісті торына «Х» белгісін қою жолымен және даналар саны мен тіркелген құжаттардың әр
данасындағы парақтар саны көрсетіле отырып толтырылады. Түрлері өтінім нысанында
қарастырылмаған («басқа құжат») қоса берілетін құжаттардың нақты мақсаты көрсетіледі;
10) 72 кодтың астындағы бағанда автор (авторлар) туралы мәліметтер: ТАЖ, 72 кодтың
астындағы бағанның жанындағы бағанға тұрғылықты жерінің толық пошталық мекен жайы
келтіріледі, шетелдіктер үшін ДЗМҰ SТ.3. стандарты бойынша елдің коды көрсетіледі;
11) 72-кодтың астындағы бағанның оң жағына орналасқан бағанда автор беруші болған
жағдайда автордың қолы мен күні қойылады.
Өтінім берілгенге дейін автор қайтыс болған жағдайда күні мен мұрагердің қолы
қойылады. Өтінім беру кезеңінде мұрагерлік құқықты растайтын қандай да болмасын ресми
құжаттар талап етілмейді;
12) 72 кодтың бағаны астындағы баған автор (авторлар) патентке беру туралы
мәліметтер жарияланымы кезінде өзін (өздерін) осылай атамауды өтінген жағдайда ғана
толтырылады. Мұндай жағдайда жарияланым кезінде атамауды өтінген авторлардың
әрқайсысының ТАЖ және олардың қолдары келтіріледі;
13) Қағидалардың осы тармағының 10)-11) тармақшаларында көрсетілген өтінім бағанын
толтыру осы бағанмен қарастырылған мәліметтер мен қолдары бар құжаттарды өтініммен бір
мезгілде тапсырумен алмастырылуы мүмкін;
14) егер өтінім беруші ретінде автор болып табылмайтын тұлға көрсетілсе, өтінімнің
«Қолы» деген соңғы бағанын толтыру міндетті. Өтінімге заңды тұлғаның атынан ұйымның
басшысы немесе, заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен оған уәкілетті адам лауазымын
көрсете отырып қолын қояды, қолы осы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі. Егер өтінім
берушілер бірнешеу болса, өтінімге өтінім берушілердің әрқайсысы қол қояды.
Өтінім патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген кезде өтінімге патенттік
сенім білдірілген өкіл қол қояды.
15) Қағидалардың осы тармағының 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген өтінім
бағанындағы қолдарды қойған адамдардың тегі мен аты-жөні ашып көрсетіледі;
16) өтінімге қатысты кез келген өзге мәліметтер ұсынылған әрбір қосымша параққа
(өтінімге қосымша) осындай тәртіппен қол қойылады;
17) өтінім мен оның қосымшаларында түзетулер мен өшірулер болмауға тиіс. Аталған
кемшіліктер болған жағдайда өтінімді немесе оған қосымшаны дұрыс рәсімдеу талап етіледі.
7. Өнертабысқа өтінім өнімге жататын тәсілге кез келген саладағы техникалық
шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді
белгілі бағытта қолдануға берілуі мүмкін.
Өнертабыс объектісі ретінде өнім болып табылатындар, атап айтқанда, құрылғы, зат,
биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроорганизмнің штаммы, өсімдіктер мен жануарлар
жасушаларын көбейтуге, оларға:
1) өнертабыс объектісі ретінде құрылғыларға конструкциялар мен бұйымдар жатады.
Құрылғыларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы;
элементтер арасындағы байланыстың бар болуы;
элементтердің өзара орналасуы;
элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны;
элементтердің параметрлері мен басқа да сипаттамалары және олардың арасындағы
өзара байланыс;
элемент (элементтер) немесе толықтай құрылғы жасалған материал;
элемент қызметін атқаратын орта;
2) өнертабыс нысаны ретіндегі заттарға жататындар:
химиялық қосылыстар;
композициялар (құрамдар, қоспалар);
ядролық айналу өнімдері жатады.
Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады:
құрылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы (нақты
элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны), атомдар
арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың молекулада өзара
орналасуы;
құрылымы белгіленген жоғары молекулярлық қосылыстар үшін - макромолекула
элементарлық тізбегінің құрылымдық формуласы, макромолекуланың тұтас құрылымы (желілік,
тарамдалған), қарапайым тізбектердің саны немесе молекулярлық масса, молекулярлық-
массалық бөлу, макромолекуланың геометриясы және стереометриясы, олардың шеттік және
бүйірлік топтары, полимерлестер үшін - қосымша мономерлес топтардың арақатысы және
олардың мерзімділігі;
құрылымы анықталмаған қосылыстар үшін - осы қосылысты басқалардан ажыратуға
қажетті физика-химиялық және өзге де сипаттар (оның ішінде алу тәсілі белгілері).
Композицияны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
сапалық құрам (ингредиенттердің бар болуы);
сандық құрам (ингредиенттердің мазмұны);
композиция құрылымы;
ингредиенттер құрылымы.
Құрылымы анықталмаған композицияны сипаттау үшін олардың физика-химиялық,
физикалық және пайдалы көрсеткіштері мен алу тәсілі белгілері пайдаланылады.
Ядроға айналдыру жолымен алынған заттарды сипаттау үшін келесі белгілер
пайдаланылады:
сапалық (элемент изотопы (изотоптары) және сандық (протондар мен нейтрондар саны)
құрамдары;
негізгі ядролық сипаттамалар: жартылай ыдырау кезеңі, сәулелендірудің үлгісі мен
энергиясы (радиоактивті изотоптар үшін).
3) өнертабыс нысаны ретіндегі биотехнологиялық өнімдерге табиғи қоршаған ортадан
шыққан немесе басқа тәсілдермен алынған өнімдер жатады.
Өнертабыстың объектісі ретінде биотехнологиялық өнімдерге келесілер жатады:
тірі нысандар, атап айтқанда, өсімдіктер, жануарлар, Заңның 2-бабының 2-тармағында
және 6-бабының 3-тармағында көрсетілгендерден басқа және микроорганизмдер, өсімдіктер
мен жануарлардың жасушасы және өсімдіктер мен жануарлардың ағзасынан бөлінген немесе
басқа тәсілдермен алынған басқа элементтер, микроорганизмдердің штаммы, өсімдіктер мен
жануарлардың жасушасы;
тірі емес нысандар, атап айтқанда, өсімдіктерден, жануарлардан не
микроорганизмдерден немесе басқа тәсілмен алынған гормондар, цитокиндер, ферменттер,
антигендер, антиденелер, нуклеин қышқылдарының тізбегі, плазамидтер, векторлар, т.б.
тұрады.
Өсімдіктер мен жануарларды сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
мақсаты;
шығу тегі және алу тәсілі;
таксономикалық тәнділігі;
пайдалы қасиеті;
генотип және/немесе фенотиптің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың генетикалық конструкция ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануардың құрылымдық элементтерінің ерекшеліктері;
өсімдік немесе жануарды продуцирует пайдалы зат туралы мәліметтер және өнімділік
деңгейі;
көбею ерекшеліктері;
пайдалы қасиетті сақтау тұрақтылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |