3. Алдын ала сараптама жасау
7. Алдына ала сараптама жасау барысында өтінім мазмұны, қажетті құжаттардың болуы
тексеріледі, олардың толықтығы анықталады және ұсынылған құжаттар мен оларда қамтылған
мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі анықталады. Осы
Қағидалардың 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес сараптама жасау ұйымының көрсеткен
қызметі үшін төлемақының болуы тексеріледі. Тауарлардың және қызмет көрсетулердің
тізбесін тексеру мен түзету ТҚХС-ның қолданыстағы редакциясына сәйкес жүргізіледі.
Алдын ала сараптама жасау өтінім сараптама жасау ұйымына келіп түскен күннен
бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Өтінім берушіге сұрау жіберілген кезде бұл мерзім
сәйкесінше ұзартылады. Өтінім факсимильді байланыс не электрондық пошта арқылы келіп
түскен кезде алдын ала сараптама жасау мерзімі өтінімнің түпнұсқасы келіп түскен күннен
бастап есептеледі.
Алдын ала сараптама жасаудың нәтижелері бойынша оның аяқталған сәтінен бастап он
күн ішінде өтінім беруші өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы, не өтінімді қарауға
қабылдаудан бас тарту туралы хабардар етіледі.
8. Өтінім осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген талаптарға толық сәйкес болған
жағдайда өтінімді қарауға қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Онда мынадай деректер
қамтылуы тиіс:
өтінімнің нөмірі, оның берілген күні;
өтінім берушінің атауы немесе ТАӘ;
өтінім берушінің мекен-жайы;
мәлімделген белгінің бейнесі;
ТҚХС сыныптарын көрсету және оның тізбесі;
сондай-ақ басымдық сұратылған кезде - басымдық күні, конвенциялық басымдық
сұратылған өтінімдер үшін бірінші өтінімнің нөмірі, оның берілген күні мен ДСМҰ ST.3
стандарты бойынша елдің коды.
9. Мәлімделетін кескіндемені тіркеуге және тауарлар мен қызмет көрсетулер
тізбесін, өтінім берушінің аты-жөнін/атауын көрсете отырып, тауар таңбасын тіркеу туралы
өтінімнің келіп түскен күні немесе олар бір уақытта берілмеген болмаса, соңғысының келіп
түскен күні бойынша тауар таңбасын тіркеуге өтінім беру күні белгіленеді.
10. Егер алдын ала сараптама жасау кезеңінде өтінім осы Қағидаларда белгіленген
оның құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып ресімделгені анықталса, өтінім
берушіге бұзушылықтар көрсетілген және жеткіліксіз немесе түзетілген мәліметтерді
және/немесе құжаттарды сұрау жіберілген күннен бастап үш ай ішінде беру жөнінде сұрау
жіберіледі.
11. Сараптаманың сұрауына жауап оның жіберілген күнінен бастап үш айдан
кешіктірілмей ұсынылуы тиіс. Бұл мерзім өтінім берушінің өтініші бойынша алты айдан
аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Егер ұсынылған сұратылған құжаттар және/немесе
мәліметтер сараптама талаптарына қанағаттандырмаса, өтінім берушіге қайтадан сұрау
жіберіледі. Сұрауға жауап алынғанға дейін өтінімді алдын ала қарау тоқтатыла тұрады.
Сұратылған мәліметтер және (немесе) сараптаманың талаптарын қанағаттандыратын
құжаттар дер кезінде ұсынылған жағдайда, өтінім берушіге өтінімнің берілген күнін
белгілей отырып, өтінімнің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
12. Сараптаманың сұрауына жауап немесе сұрауға жауаптың мерзімін ұзарту туралы
қолдаухат болмаған кезде, өтінім беруші жауапты берудің белгіленген мерзімін бұзған
кезде өтінім қайтарылып алынған деп есептеледі. Ол туралы өтінім берушіге белгіленген
мерзімдер өткен күннен бастап бес ай ішінде немесе ұзартылған мерзім (қалпына келтіруге
берілген мерзімді есепке ала отырып) өткеннен кейін хабарлама жіберіледі.
13. Өтінімде осы Қағидаларда көзделген мәліметтер мен өтінімге қоса берілетін
құжаттар болмаған жағдайда, сондай-ақ сұрауды жіберген күннен бастап үш ай ішінде
сұратылған мәліметтер және/немесе құжаттар ұсынылмаған жағдайда, сонымен қатар тауар
таңбасын тіркеу үшін өтінімге сараптама жүргізу үшін төленетін төлем ақыны растайтын
құжатпен іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізетін жағдайда, сенімхатты сараптама жасау ұйымы
өтінім берушіге өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
14. Электронды өтінімді беру e-gov электрондық үкімет порталы арқылы немесе
kazpatent.kz. сайтында жүзеге асырылады (Заңның 8 бабының 3 тармағын талдау).
4. Толық сараптама
14. Өтінім берілген белгіге толық сараптама қарауға алынған өтінімдерге алдын-ала
сараптама аяқталған соң іске асырылады.
15. Толық сараптама өтім берілген белгінің Заңның 6-7 баптарында келтiрiлген
талаптарға сәйкестiгiн, алдын-ала сараптама барысында тексеру іске асатын құжаттарды
санамағанда, өтінім материалдарының аталған Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген өтінім
және оған қоса берілген құжаттарды ресімдеуге және оның құрамына қатысты қойылатын
талаптарға сәйкестігі анықталады.
Толық сараптама берiлген күннен бастап тоғыз ай iшiнде жүргiзiледi.
Өтінім берушіге сұрау салу кезінде жауап келгенше өтінім сараптамасы тоқтатылады.
Егер өтінім берілген белгіге сараптама барысында ұқсас және біртектес белгі
анықталса және оның ертерек басымдығы болса, өтінім бойынша іс жүргізу ертерек
басымдықпен түскен өтінім бойынша шешім шығарылғанша тоқтатылады.
Толық сараптама қорытындысы бойынша сараптамалық ұйым тауар таңбасын тіркеу
туралы немесе тіркеуден бас тарту туралы сараптама қорытындысын шығарады.
Егер сараптама қорытындысы бойынша белгі Заңның 6-7 баптарында көрсетілген
талаптардың біріне сай келсе тауар таңбасын тіркеуден алдын ала бас тарту туралы
сараптама қорытындысы шығарылады.
Сараптама қорытындысының негізінде уәкілетті орган толық сараптама аяқталған
күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өтінім берілген белгіні тауар таңбасы ретінде
тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
16. Өтінім берілген белгі Заңның 6-7 баптарында көрсетілген талаптарға сай
келмеген жағдайда сараптамалық ұйым тауар таңбасын тіркеу туралы сараптама қорытындысын
шығарады.
Егер өтінім берілген белгі тауарлар тізімінде ұсынылған бөлімі бекітілген
талаптарға сай келсе тауар таңбасының сол бөліміне қатысты тіркеу туралы қорытынды
шығарылады.
Егер тауар таңбасы Заңның 6-бабы 1-тармағында көрсетілген белгі болса және олар
басымдық жағдайда болмаса, қорытынды жеке құқықтық қорғау берілмейтін элементтерді
көрсетіп – дискламациямен шығарылады.
Дискламациямен тіркеу туралы сараптама қорытындысы келесі мәліметтерді қамтиды:
тауар таңбасы ретінде тіркеліп жатқан белгі;
тауар таңбасының иесінің атауы немесе аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)
және оның мекен жайы, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды;
өтінім нөмірі;
өтінім берілген күні;
өтiнiмнiң конвенциялық басымдық мәлiметтерi - тиiстi нөмiрi, уақыты, өтiнiм
берiлген ел коды;
егер сұралған жағдайда көрмелік басымдық мерзімін;
ТҚХК таптары бойынша жинақталған тауар және қызметтер тізімі;
қорғаудан шығарылған элементтер;
тауар таңбасы ұжымдық болған жағдайда оның ұжымдық тауар таңбасы екенін көрсету;
егер тауар таңбасы түс ретінде тіркеліп жатса түс немесе түстер үйлесімділігін
көрсету.
Сараптама қорытындылары осы Қағидалардың № 4, 5, 6 және 7 қосымшалардағы формаға
сәйкес құрастырылады.
Халықаралық өтінімдерге сараптама қорытындылары Халықаралық бюро формаларына
сәйкес ресімделеді.
Дискламациямен/жартылай тіркеу туралы сараптама қорытындысы және алдын ала бас
тарту Халықаралық бюроның формаларына сәйкес өтінім берушіге Халықаралық бюро арқылы
жолданатын алдын ала бас тарту қорытындылары болып табылады.
17. Бас тарту туралы алдын ала қорытындыға, дискламациямен тіркеу туралы, жартылай
тіркеу туралы сараптама қорытындыларына қарсылықтарды өтінім беруші олар жолданған
уақыттан үш ай мерзімде ұсынады. Қарсылықты ұсыну мерзімі өтінім берушінің өтінішхаты
бойынша алты айдан артық емес мерзімге ұзартылады.
18. Толық сараптаманың алдын ала бас тартуына қарсылық қаралған соң уәкілетті
орган тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
19. Тауар таңбасын тіркеуді болдырмайтын абсолютті негіздер бойынша тексеру
Заңның 6-бабы негізінде іске асырылады.
20. Тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе
жаңылыстыруы мүмкiн белгiлер болып тұтынушының санасында шындыққа жанаспайтын тауардың
белгілі бір сапасы, тауар шығарушы немесе шығарылған жерге қатысты көрініс тудыратын
белгілер болып табылады.
Егер белгінің бір элементі жалған немесе жаңылыстыратын болған жағдайда ол белгі
жалған немесе жаңылыстыратын болып танылады.
21. Тауар таңбасы ретінде географиялық атаулар немесе өтінім берушінің орналасқан
жеріне байланысты тұтынушыны жаңылыстыруы мүмкін және атаудың бір адамның атына тіркелуі
үшінші тұлғалардың құқығын шектеген жағдайда тіркелмейді.
Тауар шығарылған немесе өндірілген жерді және тауар шығарушының орналасқан жерін
көрсетуші болып танылатын тек қана географиялық атаулардан тұратын атаулар тіркелмейді.
Егер географиялық атау тауар шығарылған жерді көрсетуші болып және өтінім
берілген белгінің құрамына кірсе, оны қорғалмайтын элемент ретінде көрсетіп тіркейді.
Егер тіркеуге тауар шығарылған немесе өндірілген жерді және тауар шығарушының
орналасқан жерін көрсетуші болып танылатын атауы таныла қоймаған географиялық атау
берілсе, бірақ ақпараттық дереккөздерде ол жайында мәліметтер болмаса, ол географиялық
атауға құқықтық қорғау беріледі.
22. Өзiнiң мазмұны жөнiнен қоғамдық мүдделерге, адамгершiлiк пен iзгiлiк
принциптерiне қайшы келетiн белгiлер болып адамгершілікке қарсы түрдегі адамдық намысты,
ұлттық немесе діни сезімдерді қорлайтын ерсі белгілер болып табылады.
Егер өтінім берілген белгі өз құрамында элементі ретінде 22, 23, тармақтарда және
осы Қағидалардың тармақтарының 1 бөлігінде немесе тек Заңның 6-бабы 1-тармағында
көрсетілген белгілерден тұратын болса, сараптама оның тауар таңбасы ретінде тіркелуі
мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарады.
Заңның 6-бабы 2-тармағында көрсетілген белгілер егер тауар таңбасында басымдық
жағдайда болмаса, сәйкес құзыретті органдар мен иелерінің келісімімен тауар таңбасында
қорғалмайтын элементтер ретінде қолданылады.
23. Белгіні зияткерлік меншік объектілеріне ертерек басымдықпен құқығы бар
иеленушімен ұқсас және біртектестікке тексеру Заңның 7-бабы 1-2-тармақтарының негізінде
іске асырылады.
Барлық элементтері сәйкес келетін белгілер біртектес болып табылады.
24. Сараптама белгілердің айырғысыз дәрежеге дейін ұқсастыққа және біртектестіке
іздеу нәтижесі бойынша жүргізіледі.
Іздеу:
Қазақстан Республикасында ертерек тiркелген тауар таңбалары және ертерек
басымдықпен тауар таңбасы ретінде тіркеуге өтінім берілген белгілер арасында;
жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбалары арасында;
ертерек тiркелген және ертерек басымдықпен тауар шығарылған жерлердің атаулары
ретінде тіркеуге өтінім берілген белгілер арасында;
ертерек тiркелген және ертерек басымдықпен сараптамалық ұйымға үшінші тұлғаның
атына тіркеуге өтінім берілген өнеркәсіптік үлгілер арасында іске асырылады.
Іздеу кезінде халықаралық келісімшарттарға сәйкес тіркелмеген Қазақстан
Республикасында қорғалатын үшінші тұлғалардың тауар таңбалары ескеріледі.
25. Ұқсастыққа және біртектестіке іздеу кезінде келесі әрекеттер іске асырылады:
ұқсас және біртектес белгілерге іздеу жүргізіледі;
өтінім берілген және табылған белгілердің ұқсастық дәрежесі анықталады;
табылған тіркелген ұқсас және біртектес тауардарға қатысты өтінім берілген
тауарлардың біртектілігі анықталады.
Соның ішінде Заңның 17-бабына сәйкес тіркеу әрекеті тоқтаған күннен бір жылдық
уақыт өтпеген ұқсас және біртектес тауар таңбалары, сондай-ақ тіркеуден бас тартылған
және шешімге қарсы дауласу мерзімі өтпеген тауар таңбалары да назарға алынады.
Біріктірілген белгілер ұқсастыққа біріктірілген белгілермен жалпы және
біріктірілген белгілердің құрамына кіретін түрлерімен қоса зерттеледі.
Сөздік белгілердің ұқсастығы:
сөздік белгілермен;
құрамына сөздік элементтер кіретін біріктірілген белгілермен салыстыру арқыла
анықталады;
Сөздік белгілердің ұқсастығы олардың фонетикасы (дыбыстық ұқсастық), графикасы
(визуалдық ұқсастық) және семантикасы (мағынасының ұқсастығы) бойынша анықталады.
Дыбыстық ұқсастық (фонетикалық) ұқсастық мына белгілер негізінде анықталады:
буындар саны;
дыбысталуы ұқсас және әріптер мен дыбыстардың үйлесуінің болуы;
белгіні құрайтын дыбыстар ұқсастығы;
буындар мен олардың орналасуының бірдей болуы;
белгінің құрамындағы дыбыстар тіркесінің бірдей жері;
дауыстылар құрамының ұқсастығы;
дауыссыздар құрамының ұқсастығы;
белгінің ұқсас бөліктерінің сипаты;
бір белгінің екінші белгіге кірігуі;
екпін және басқалар.
Осы айырмашылықтар жекелей және дыбыстық қалып құру кезіндегі және тұтынушының
қабылдауына байланысты түрлі тіркестерде ескеріледі.
Сөздік белгілердің графикалық (визуалдық) ұқсастығы келесілердің негізінде
анықталады:
жалпы көру әсерінен;
шрифт түрінен;
жазылу тәсілі, соның ішінде әріптер мен алфавиттің орналасуы;
түс және түс үйлесімі.
Іздеу сөздік кейпі бар сөздік және графикалық белгілер арасында іске асырылады.
Мағыналық (семантикалық) ұқсастық қазақстандық тұтынушылардың мына белгілер
бойынша қабылдауын ескере анықталады:
түсінігі, идеясының ұқсастығы;
түсінігі, идеясының қайшылығы;
Белгінің логикалық екпін түсетін және жеке мағынасы бар бір элементінің ұқсастығы
ескеріледі.
Бейнелік және көлемді белгілердің ұқсастығы келесідей анықталады:
сыртқы пішін;
симметрияның болуы немесе болмауы;
бейнелердің түрі және сипаты;
түс үйлесімі.
26. Түс және түс үйлесімділігі тауар таңбасының жалғыз белгісі болып табылмайды,
тек оның елеулі қосымша белгісі болып есептеледі.
27. Тауарлардың біртектілігін анықтау тұтынушының тауарлардың бір өндірушіге
жататындығы туралы ой болу мүмкіндігін анықтау мақсатында іске асырылады.
Біркелі тауарлар ұқсас немесе біртектес таңбалармен бірге белгіленгенде
тұтынушыда олардың бір өндірушіге жататындығы туралы ой тудыратын, бір түрге жататын
бірдей қызметті атқаратын тауарлар болып табылады.
Тауарлардың біртектілігі мына белгілер бойынша анықталады: түрі, мақсаты, өндіру
жағдайы, тұтынушылар аясы.
Тауарлардың біртектілігін анықтау барысында өтінімдегі тауарлар тізімін тіркелген
немесе өтінім берілген ұқсас немесе біртектес тауар таңбаларына қатысты тауарлар
тізімімен салыстыру жүргізіледі.
Тауарлар ТҚХК-ның бір табына тиістілігінің негізінде ұқсас деп таныла алмайды, ал
түрлі таптарға тиістілігі олардың біртекті еместігінің дәлелі бола алмайды.
Белгіні біртекті тауарлар және/немесе қызметтерге қатысты тауар таңбасы ретінде
Заңның 7-бабы 1-тармағы 1, 2, 3-тармақшаларында көрсетілген тауар таңбасымен айырғысыз
түрде ұқсас болған жағдайда тауар таңбасы иесінің рұқсатымен ғана тіркеледі.
28. Сараптама жүргізу барысында ұсынылған белгі немесе оның элементі келесі
көшірмелер болып табылмайтындығын анықтау мақсатында өтінім берушіге сұрау салынады:
өтiнiм берiлген күнi бұрын алынған авторлық құқықтарды бұзушылықпен Қазақстан
Республикасында белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының атаулары, белгiлi өнер
туындылары мен олардың фрагменттерi;
адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес
құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан
таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл
белгiлер Қазақстан Республикасы тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса;
Сұрау салуға жауап болмаған жағдайда сараптама ұсынылған белгіні тауар таңбасы
ретінде тіркеу мүмкін еместігі туралы қорытынды шығарады.
Белгінің Заңның 7-бабының 2-тармағының 3)-4) тармақшаларының талаптарына
сәйкестігін тексеру сараптама жүргізу кезінде жалпыға қолжетімді болып табылатын
мәліметтер көлемінен шыға отырып іске асырылады.
29. Авторлық және сабақтас құқықтар объектілері, жалпыға танымал тұлғалардың және
басқалардың есiмдерi, тектерi, бүркеншiк аттары, портреттерi тауар таңбасында олардың не
мирасқорларының жазбаша келісімімен қолданылады.
Егер ол белгілер Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып
табылса, тауар таңбасы ретінде тіркеу үшін тиiстi құзыреттi органның рұқсаты міндетті
түрде болуы керек.
Тауар таңбасы ретінде текті пайдалану кезінде ол тектің телефон анықтамасында 20
реттен артық қайталануы жеке мүлікті емес құқықты бұзу болып есептелмейді.
30. Өнеркәсіптік үлгі болып табылатын белгілер, егерде Қазақстан Республикасында
үшінші тұлғалардың атына өнеркәсіптік белгі ретінде тіркелген болса, не сараптамалық
ұйымға үшінші тұлғаның атынан өнеркәсіптік үлгіге ертерек басымдықпен ұқсас өтінім
берілсе тауар таңбасы ретінде тіркеле алмайды.
Іздеу Қазақстан Республикасында тіркелген және өтінім берілген өнеркәсіптік
үлгілер қоры бойынша жүргізіледі.
31. Іздеу Қазақстан Республикасында тіркелген тауар шығарылған жерлердің атауының
қоры бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасында үшінші тұлғалардың атына тіркелген
тауар шығарылған жерлердің атауларымен біртектес не айырғысыз ұқсас белгілер кез келген
тауар табына қатысты тіркелмейді.
32. Сертификатталған таңбалар, сапа сәйкестігінің таңбалары тауар таңбалары
ретінде тіркелмейді.
33. Сәйкес әрекеттердің төлемін тексеру алдын ала және толық сараптама жүргізу
кезеңінде іске асырылады:
төлемді растайтын құжаттың болуын тексеру;
төлем сомасын тексеру;
құжаттағы төлемді растайтын реквизиттер дұрыстығын тексеру.
Толық сараптама жүргізгені үшін төлемді растайтын құжат өтінімді қарауға алғаны
туралы хабарлама күнінен екі ай уақыттан кем емес мерзімді ұсынылады.
Белгіленген уақытта төлемді растайтын құжаттың болмауы өтінімнің кері қайтарылғаны
болып саналады, ол туралы өтінім берушіге жазбаша түрде хабарланады.
Өтінім берілгені үшін төленген сомада жетіспеушіліктер анықталған жағдайда өтінім
берушіге қосымша төлем жасау туралы ұсыныспен сұрау салынады.
5. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеу
34. Тауар таңбасын тіркеу туралы шешім негізінде және мемлекеттік бажды
төлегендігін растағанда тауар таңбасы Қазақстан Республикасының қорғалатын тауар
таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атауларының Мемлекеттік
тізілімінде (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) тауар таңбасы реттік нөмірімен (бұдан әрі
– тіркеу нөмірі) және мәлімет енгізілген күн көрсетуімен тіркеледі.
Тауар таңбасын Мемлекеттік тізілімге тіркеу барысында келесі мәліметтер
енгізіледі:
- тауар таңбасының тiркеу нөмiрi мен мерзімі;
- тауар таңбасының бейнесi;
- ТҚХК индексі;
- тауар таңбасының иесінің атауы немесе аты, тегі, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және оның мекен-жайы немесе орналасқан жерін көрсету;
- өтінімнің нөмірі және оның сараптамалық ұйымға берілген мерзімі;
- тауар таңбасына қатысты тiркелген тауарлардың және қызметтердiң тiзімi;
- егер конвенциялық басымдық белгiленген болса, алғашқы өтiнiмнің нөмiрi, берiлген
күнi және елі;
- хат алмасу мекен жайы;
- өкіл туралы мәліметтер (патенттік сенім білдірген өкілдер);
- куәлік берілгені туралы мәліметті жариялау мерзімі және ресми бюллетень нөмірі;
- тауар таңбасын тіркеуге қатысты басқа да мәліметтер.
Көрсетілген мәліметтерді енгізу олардың алдында ИНИД кодын (БЗМҰ стандарты
бойынша) қою арқылы жүргізіледі және жариялау кезінде қолданылады. Мемлекет коды ДЗМҰ
стандартына сәйкес қойылады.
35. Сараптамалық ұйым Мемлекеттік тізілімге уәкілетті органның, апелляциялық
кеңестің, сот органдарының шешімдері және иеленушілердің (олардың құқықтық
мирасқорларының немесе өкілдерінің) өтінішхаттары (өтініштері) негізінде тауар таңбасын
тіркеудің құқықтық мәртебесінің кейінгі өзгерістері мен толықтырулары туралы келесі
өзгерістерді енгізеді:
- қорғалатын тауар таңбасына құқық беру туралы тіркелген шарт туралы;
- тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы тіркелген лицензиялық шарт туралы;
- тауар таңбасының толық және/немесе жартылый тіркеуге жарамсыз деп танылуы
туралы;
- ашық лицензияға құқықтың ұсынылуы туралы;
- тауар таңбасының тіркеу әрекетінің тоқтатылуы туралы;
- иесінің бастамасы бойынша тауар таңбасының тіркеу әрекетінің тоқтатылуы туралы;
- тауар таңбасын тіркеу әрекеті мерзімінің ұзартылуы туралы;
- иесінің атауының оның қайта құрылуына (құқықтық мирасқорлығына) байланысты
өзгертілуі туралы және/немесе оның тұратын жерінің мекен-жайы өзгертілуі туралы;
- иесінің тегінің, атының, әкесінің атының өзгеруі туралы және/немесе тұрғылықты
жерінің мекен-жайы өзгертілуі туралы;
- хат алмасуға арналған мекен-жайдың өзгертілуі туралы;
- анық және техникалық қателіктердің түзетілуі туралы, сондай-ақ тауар таңбасын
тіркеуге қатысты басқа да өзгерістер туралы;
36. Тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінен үзінді тауар таңбасының
тіркелгенін растайды және осы Қағидалардың №№ 2 және 3 қосымшаларына сәйкес ұсынылады.
Үзіндіде келесі мәліметтер көрсетіледі:
тіркеудің реттік нөмірі;
тіркелген күні;
тауар таңбасының бейнесі;
түстерді көрсету;
тауар таңбасының иесінің атауын және мекен жайын көрсету;
өтінім нөмірі;
өтінім берілген күні;
тауар таңбасына қатысты тіркелген тауарлар мен қызметтер тізімі;
өтiнiмнiң конвенциялық басымдық мәлiметтерi - тиiстi нөмiрi, уақыты, өтiнiм
берiлген ел коды;
жариялау үшін тауар таңбасын тіркеу туралы мәліметтер;
37. Тауар таңбасының мемлекеттік тізіліміне атауына және/немесе иесінің
орналасқан мекен жайына – заңды тұлғаның, иесі тегін, атын (бар болған жағдайда -
әкесінің атын) өзгерткен жағдайда – жеке тұлғаның және/немесе иесінің тұрғылықты мекен
жайына қатысты өзгерістер енгізіледі.
Өзгерістер тіркеудің нөмірін, заңды тұлғаның ресми атауын, тегін, аты мен
әкесінің атын (бар болған жағдайда), орналасқан мекен жайы және/немесе тұратын мекен
жайын көрсете отырып, өзгерістерді енгізу туралы өтінішхат беру арқылы іске асырылады.
Заңды тұлғаның қайта құрылуына немесе жойылуына байланысты иесінің атауына
өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтінішхат беріліп, қол
қойылады. Сонымен қатар мүдделі тұлға өзгерістерді растайтын (қайта құрылу кезінде),
немесе заңды тұлғаның жойылуын және тиісті құқықтарды беру фактілері жоғын дәлелдейтін
құжаттарды ұсынады.
Шетелдік өтінім берушілердің (иелерінің) өкілдері ұсынатын ресми документтер, сол
мемлекеттің апостилімен куәландырылады.
Егер құжаттары жоқ болса немесе ұсынылған құжаттар талаптарға сай келмесе иесіне
сұрау салынған күннен бастап екі ай ішінде соларды ұсынуға уақыт беріледі.
Белгіленген уақытта сұратылған құжаттар ұсынылмаса, өтінішхат берілмеген болып
есептеледі және өзгерістер енгізілмейді, ол туралы тауар таңбасының иесіне хабарланады.
Егер тауар таңбасына құқық басқа тұлғаға өтуіне байланысты өзгерістер енгізілетін
болса (тауар таңбасын құқығын беруден басқа), тауар таңбасының тіркеу нөмірі көрсетілген
мирасқордың өтінішхаты бойынша өңделеді. Өтінішхатта мирасқор туралы мәліметтер және
тауар таңбасына құқықтың ауысуы туралы куәландырылған құжаттардың көшірмелері
көрсетіледі.
Тауарт таңбасына құқықты өзгеге беруге байланысты өзгерістер енгізу Қазақстан
Рестубликасының заңнамасына сәйкес іске асады.
Тауар таңбасының тіркеу мерзімі әрекеті кезінде сараптамалық ұйымға иесінің
өтінішхаты бойынша тауар таңбасынның тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін ұлттық тіркеу
халықаралық тіркеуге ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырылғаннан кейін ұлттық тіркеудің күші
жойылады.
38. Өтінім құрамында немесе Мемлекеттік тізілімде орын алған тауар таңбасының
иесі ұсынған құжаттардағы, бюллетеньде жарияланған мәліметтердегі қателерді түзету тауар
таңбасы иесінің өтінішхаты арқылы іске асырылады.
39. Мемлекеттік тізілімге енгізілген тауар таңбасының тіркеуіне қатысты
мәліметтер, сонымен қатар одан кейінгі түзетулер бюллетеньде жарияланады.
40. Мүдделі тұлғалардың өтінішхаттары бойынша сараптамалық ұйым Мемлекеттік
тізілімнен мәліметтер ұсынады.
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 1-қосымша
Нысан
Келіп түскен күні
Берілген күні
өтінім №
Тауар таңбасын тіркеуге
Ө Т І Н І М
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық
зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік
кәсіпорнына
Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету таңбасы)
ретiнде ұсынылған белгiнiң тiркелуi сұралады
ұжымдық тауар таңбасы
Ұйымдастыру-құқықтық
нысанын белгiлеп, өтiнiш
берушiнiң толық атауы (егер
өтiнiш берушi - жеке тұлға
болса, аты-жөнi және
әкесiнiң аты)
ДЗМҰ ST.3 Стандарт бойынша елдiң коды (егер белгiлi болса)
Жеке кәсiпкер немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелуi туралы мәлiметтер (Қазақстан
Республикасының өтiнiш берушiлерi үшін)
Өтiнiш берушiнiң мекен-жайы**, телефоны, телефаксi, E-mail
Патенттік сенiмдi өкiлi немесе басқа өкiлi
Хат алмасуға мекен-жайы (адресаттың белгiлеп, толық пошталық мекен-жайы), телефоны,
телефаксi, E-mail
Ертерек берiлген өтiнiм (өтiнiмдер) бойынша конвенциялық басымдығы сұралады
Бiрiншi өтiнiм нөмiрi
Сұралатын басымдық күнi
ST.3 стандарт бойынша елдiң коды
көрмелiк басымдығы
сұралады
Ашық көрсетiлiмнiң басталу күнi
Мәлiмденген белгi:
Стандартты шрифтпен орындалған тауар таңбасы
Транслитерациясы
Аудармасы
Көлемдi тауар таңбасы
Түстiк орындаудағы тауар белгiсi
Түстердi атау
* Қазақстан Республикасының өтінiш берушiлерiне қазақ және орыс тiлдерiнде толтырылады
Шетел өтiнiш берушiлерi үшiн латын әрiптерiмен қазақ (немесе орыс) транслитерациясында,
** шетел өтiнiш берушiлерiне латын әрiптерiмен керегiн белгiлеу керек
ТҚХС сыныптары бойынша топталған, тауар белгiсiн қорғауға сұралатын, тауарлар мен
қызметтер
Мәлiмденген белгi Қазақстанда бұдан ерте тiркеуден өткен.
Тiркеу N _______ ____________________________________________________
Қосымша құжаттар тiзбесi:
Қазақстан Республикасында жеке кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк тiркеуiн растайтын құжат
Мәлiмденген белгiнiң кескiнi: ақ-қара ____ данасында, түстi _____ данасында
Белгiнi суреттеу
Тауарлардың/қызметтердің тiзбесi (егер бланкiге сыймаса)
Өтiнiш берушiлер тiзбесi (егер бiрнешеу болса)
Төлем туралы құжат: шоты/төлем қағазы N _________ жылғы
Сенiмхат
Ертерек берiлген өтiнiмнiң (дердің) куәландырылған көшiрмесi
Ертерек берiлген өтiнiмнiң көшiрмесi
Ұжымдық белгi туралы келiсiм
басқа да құжаттар (атап өту), соның iшiнде белгiленбегендер ____
барлығы ________________________________________________________
________________________________________________________________
Осымен, мәлiмденген белгiнi тiркеуге беру кезінде басқа тұлғалардың
зияткерлiк меншiк құқықтарын бұзбайтынын растаймын.
Қолы
Лауазымы (Аты-жөні)
М.О
Күнi
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 2-қосымша
Нысан
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 3-қосымша
Нысан
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 4-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
_____________________________________________________________________
Хат алмасу және электрондық мекен-жай Адрес для переписки и электронный адрес
Ұсынылған белгі
Хат-хабар алмасу мекен жайы:
БЕКІТЕМІН/УТВЕРЖДАЮ «ҰЗМИ» РМК Директоры
______________________
«____»____________г.
Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) (біріктірілген, сөздік,
бейнелеу, әріптік, сандық және т.б.) тіркеу туралы сараптамалық
қорытынды (түпкілікті)
(210) Өтінім нөмірі:
(220) Беру күні:
(300) Басымдылық:
(730) Өтініш беруші:
Заңды мекен жайы:
Келесі тауарлар мен қызметтерге қатысты:
(511)(510) (ТҚХС тауарлар мен қызметтер тізімі)
Түстерді көрсету:
Қорғалмайтын элементер:
Басқарма бастығы
Сарапшы
Примечание:
При обнаружении Вами в тексте экспертного заключения каких-либо ошибок/опечаток, просим
сообщить об этом для дальнейшего исправления.
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 5-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
_____________________________________________________________________
Хат алмасу және электрондық мекен-жай Адрес для переписки и электронный адрес
Ұсынылған белгі
Хат-хабар алмасу мекен жайы:
БЕКІТЕМІН/УТВЕРЖДАЮ «ҰЗМИ» РМК Директоры
______________________
«____»____________г.
Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) (біріктірілген, сөздік,
бейнелеу, әріптік, сандық және т.б.) тіркеу туралы сараптамалық
қорытынды (түпкілікті)
(210) Өтінім нөмірі:
(220) Беру күні:
(300) Басымдылық:
(730) Өтініш беруші:
Заңды мекен жайы:
Келесі тауарлар мен қызметтерге қатысты:
(511)(510) (ТҚХС тауарлар мен қызметтер тізімі)
Түстерді көрсету:
Қорғалмайтын элементер:
Басқарма бастығы
Сарапшы
Примечание:
При обнаружении Вами в тексте экспертного заключения каких-либо ошибок/опечаток, просим
сообщить об этом для дальнейшего исправления.
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 6-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
_____________________________________________________________________
Хат алмасу және электрондық мекен-жай Адрес для переписки и электронный адрес
Ұсынылған белгі
Хат-хабар алмасу мекен жайы:
БЕКІТЕМІН/УТВЕРЖДАЮ «ҰЗМИ» РМК Директоры
______________________
«____»____________г.
Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) (біріктірілген, сөздік,
бейнелеу, әріптік, сандық және т.б.) тіркеу туралы сараптамалық
қорытынды (түпкілікті)
(210) Өтінім нөмірі:
(220) Беру күні:
(300) Басымдылық:
(730) Өтініш беруші:
Заңды мекен жайы:
Келесі тауарлар мен қызметтерге қатысты:
(511)(510) (ТҚХС тауарлар мен қызметтер тізімі)
Түстерді көрсету:
Қорғалмайтын элементер:
Басқарма бастығы
Сарапшы
Примечание:
При обнаружении Вами в тексте экспертного заключения каких-либо ошибок/опечаток, просим
сообщить об этом для дальнейшего исправления.
Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау,
ресiмдеу және қарау қағидаларына
№ 7-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
«ҰЛТТЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
ИНСТИТУТЫ»
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ
ҚҰКЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ
_____________________________________________________________________
Хат алмасу және электрондық мекен-жай Адрес для переписки и электронный адрес
Ұсынылған белгі
Хат-хабар алмасу мекен жайы:
БЕКІТЕМІН/УТВЕРЖДАЮ «ҰЗМИ» РМК Директоры
______________________
«____»____________г.
Тауар таңбасын (қызмет көрсету таңбасын) (біріктірілген, сөздік,
бейнелеу, әріптік, сандық және т.б.) тіркеу туралы сараптамалық
қорытынды (түпкілікті)
(210) Өтінім нөмірі:
(220) Беру күні:
(300) Басымдылық:
(730) Өтініш беруші:
Заңды мекен жайы:
Келесі тауарлар мен қызметтерге қатысты:
(511)(510) (ТҚХС тауарлар мен қызметтер тізімі)
Түстерді көрсету:
Қорғалмайтын элементер:
Басқарма бастығы
Сарапшы
Примечание:
При обнаружении Вами в тексте экспертного заключения каких-либо ошибок/опечаток, просим
сообщить об этом для дальнейшего исправления.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ
РМК
Document Outline - 1. Мыналар:
- 1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнер табыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже;
- 2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі ереже;
- 3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау ережесі бекітілсін.
- 2. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6234 тіркелген, Қа...
- 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті:
- 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
- 2) мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауды қамтамасыз етсін. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.06.2015 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өтк...
- 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидалар
- 1. Жалпы ережелер
- 2. Өнертабысқа өтінім жасау және ресімдеу тәртібі
- 3. Өнертабысқа өтінімді қарау тәртібі
- 4. Мәліметтерді Қазақстан Республикасының өнертабыстарының мемлекеттік тізіліміне енгізу және қорғау құжатын беру тәртібі
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 1-қосымша
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 2-қосымша
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 3-қосымша
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 4-қосымша
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 5-қосымша
- Өнертабысқа өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасы өнертабыстарының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 6-қосымша
- Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидалар
- 1. Жалпы ережелер
- 2. Пайдалы модельге өтінімді жасау және рәсімдеу тәртібі
- 3. Пайдалы модельге патент беруге өтінімдерді қарау
- 4. Қазақстан Республикасы пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізіліміне мәліметтер енгізу және қорғау құжатын беру тәртібі
- Пайдалы модельге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру жөніндегі қағидаларға 1-қосымша
- Тауар таңбаларына арналған өтінімді құрастыру, ресімдеу және қарау жөніндегі қағидалар
- 1. Жалпы ережелер
- 2. Тауар, қызмет көрсету таңбасына арналған өтінімді жасау және беру
- 3. Алдын ала сараптама жасау
- 4. Толық сараптама
- 5. Тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын тіркеу
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 1-қосымша
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 2-қосымша
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 3-қосымша
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 4-қосымша
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 5-қосымша
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 6-қосымша
- Тауар таңбасына өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау қағидаларына № 7-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |