Шұғыла малаева күн кешкірді тағы да



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата12.03.2017
өлшемі7,97 Mb.
#9263
1   2   3

ЖҮСІПТІҢ  ӨМІРІНЕН

Құраған Эльвира ҚАҺАРМАН

Суретін салған  Виктория ДУНАЕВА

ШАР

АПА

Т  4/2010

18


Сөзжұмбақты шеш, сан ретімен 

боялған торкөздегі әріптерді жазып 

шық, сонда сен Құдайдың досы 

болған адамның атын білесің.

АЯТТЫ ОҚЫ!

АЯТТЫ ОҚЫ!

КІТАПТАРДЫҢ КІТАБЫН ПАРАҚТАЙ ОТЫРЫП

Құраған 

Назерке 

РАМАЗАН

Құраған 

Шұғыла МАЛАЕВА

(Иш. 41:10)



Суретін салған  Виктория ДУНАЕВА

19

ШАР



АПА

Т  4/2010

СӨЗЖҰМБАҚ

СӨЗЖҰМБАҚ

Көлденеңінен:

1. Зебедейдің ұлы, Жоханның бауыры

(Мат. 4:21). 

7. Бабылды жаулап алған Парсы

 патшасы, тұтқындағы иудейлерге

Құдысқа қайтуға рұқсат берді және

ғибадатхананы қайта тұрғызуға қаражат

бөлді (Ездра 1:6). 

8. Ажар мен Ыбырайымның ұлы 

 (Жар. баст. 16:15). 

9. Иерихондағы салық жинаушылардың

бастығы әрі бай адам (Лұқа 19:1–10). 

10. Күшінің сыры шашына байланысты

болған пайғамбар 

 (Билер 4:17–21; Евр. 11:32). 

11.  Адам-ата мен Хауа-ананың тұңғыш

ұлы, жер жыртушы (Жар. баст. 4:1–25).

 Тігінен: 

1.  Сегіз жасында таққа отырған Амонның

ұлы (2Шеж. 33:24–35:27). 

2.  Дәрігер және ізгі хабарды уағыздаушы. 

3. Жүсіптің есімі (Жар. баст. 41:45). 

4. Пауылдың досы, Прискилланың күйеуі

(Рим 16:3). 

5. Адам-ата мен Хауа-ананың екінші ұлы

(Жар. баст. 4:1–25). 

6. Кітаптардың кітабы.

1 = А

2 = Ә


с. с.

Киелі кітапта мысырлықтар туралы 

алғаш рет Жаратылыстың басталуы 

кітабының он екінші тарауында 

айтылады. Яһуди халқының әкесі 

Ыбырайым Құдайдың өзіне көрсетуге 

уәде еткен жеріне сапарында 

Мысырға да келді. Содан соң бұл 

елге Ыбырайымның шөбересі, Мысыр 

елінің әміршісі болған Жүсіп те келді. 

Жер бетін ашаршылық жайлаған 

жылдары Яһуди халқы Жүсіптің 

арқасында аман қалды. Мысырда 

болған уақытында Жақыптың отбасы 

Исраил халқына айналды. Осы 

елде исраилдықтар сол уақыттарда 

тек мысырлықтарда ғана болған 

мәдениеттің жоғарғы түрлерімен 

танысты. Бірақ мысырлықтар Исраил 

халқын құлға айналдырғаннан кейін, 

Құдайдың Өзі оларды Мысырдан алып 

шығудың қамын жасады.

МЫСЫРЛЫҚТАР

МЫСЫРЛЫҚТАР

К И Е Л І   К І ТА П   Х А Л Қ Ы

Ежелгі Мысырдың пирамидалары бүгінгі күнге 

дейін сақталған.

Мысыр  Африка  құрлығының  солтүстік-

батыс бөлігінде орналасқан. Оның жерінің көп 

бөлігін шөлді аймақтар алып жатыр. Ніл өзені 

оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  бүкіл  елдің 

аумағын басып өтеді. Оның бойы аса құнарлы. 

ШАР

АПА

Т  4/2010

20

А Ф Р И К А



Е У Р О П А

М

Ы

С

Ы

Р

Ж Е РОР

ТА   ТЕҢ

І З І

МЫСЫР ЖАЙЫНДА ҚЫСҚАША ТАРИХ

Мысыр  –  мәдениет  пен  өнердің  өте  көне 

ескерткіштері  сақталып  қалған  ел.  Көне  заман-

да  оның  аумағында  Жоғарғы  және  Төменгі  Мы-

сыр болып бөлінетін екі ірі мемлекет болды. Біздің 

эрамызға  дейінгі  3000  жылда-

ры Менес патша екі мемлекетті 

біріктіріп, оның астанасы – Мем-

фис  қаласын  салғызды.  Бұл 

қала Хет-ка-Птах деп те атала-

ды,  ол  грекше  «Айгюптос»  бо-

лып  айтылады.  Египет  деген 

атау  осыдан  шыққан.  Тағы  бір 

«Мицраим»  деген  атауын  бұл 

ел Нұхтың немересі Хам атынан алған. 

Біздің  эрамызға  дейінгі  Мысырдың  тарихы  үш 

кезеңге бөлінеді: Көне, Орта және Жаңа патшалық. 

Бұл  патшалықтардың  дәуір  құрған  кезінде  оларды 

күзетіп тұрғанға ұқсайтын басы адам, денесі арыс-

тан  бейнесіндегі  алып  мүсіндері  бар  таңғажайып 

перғауындар  пирамидалары  (ол  әлемнің  жеті 

кереметінің  бірі),  қалалар,  су  құбырлары,  ғажайып 

ғибадатханалар  мен  перғауындардың  әскери 

жеңістерін бейнелейтін бедерлермен әшекейленген 

салтанатты сарайлар салынды. 

Бірақ Мысырдың дәуірі құлдыраған кезінде алды-

мен оны парсылар, содан кейін Александр Маке-

донский  жаулап  алды.  Ол  Ніл  өзенінің  басынан 

жаңа астана салып, оны өз атымен – Александрия 

деп  атады.  Осы  жерде  әлемнің  жеті  кереметінің 

тағы бірі болып саналатын, сол уақыттағы ең алып 

мұнара салынды. Ал Александрия кітапханасының 

даңқы  бүкіл  әлемге  жайылды.  Бұл  жерде  Көне 

Өсиет  грек  тіліне  аударылды.  Содан  соң  Мысыр 

тағы да шапқыншылыққа ұшырап, біздің эрамызға 

дейінгі 640-жылға дейін Римнің қол астында бол-

ды. Мәсіхшілік Мысырға сол кезеңдерде таралды. 

Бірақ арабтардың келуімен ислам діні мәсіхшілікті 

ығыстырып шығарды. Мысыр араб тілі мен жазба-

сын қолданатын араб мемлекетіне айналды.



ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ, 

ТЕХНИКАСЫ МЕН ҒЫЛЫМЫ

Мысыр тілі Ніл аймағын мекендеген ха-

лықтар: кушиттер, берберлер және т. б. 

тілдер арқылы біртіндеп қалыптасты. 

Қазіргі уақытта көне мысыр тілінде тек 

коптар ғана сөйлейді. Олар мәсіхшілер. 

Жазуды бірінші болып мысырлықтар 

қолданды. Жазуда олар иероглифтарды 

пайдаланды. Бұл өте қиын жазба 

болатын. Кейін оны жеңіл түріне 

алмастырды. Жазуды, оқу мен есептеуді 

балалар бес жасынан он бес жасқа 

дейін оқып үйренді. Мектептер перғауын 

сарайының жанынан құрылды. Онда 

өзін жақсы ұстау мәнерін де үйрететін. 

Ғибадатханалардағы мектептерде 

балалар діни білімді оқыды. Бұған қоса, 

оларды дәрігерлікке, жұлдыздарды 

зерттеу ғылымына және жұлдыздарға 

қарап жорамал жасау әдістеріне үйретті. 

Жоғары тап өкілдерінің балалары 

әскери білім алды. Мысырлықтар 

тамаша математиктер, инженерлер, 

дәрігерлер мен саулетшілер болды. 

Мысырлықтардың түрлі салалардағы 

тамаша білімі, олардың жоғары мәде-

ниеті перғауын сарайында көптеген 

шетелдік жастардың тәрбиеленуіне 

әсерін тигізді. Мұса секілді, олардың 

бәрі де тамаша білім алып шықты. 

Ежелгі мысырлықтар планеталарға, 

табиғат күштеріне табынды. Перғауын 

Құдайдың жердегі орынбасары және 

елдің басты абызы болып саналды. 

Мысырлықтар өлгеннен кейін Осирис 

құдайдың патшалығында өмір сүреміз 

деп сенді. Олар өлген адамдардың 

денелерін мумия күйінде сақтап қоятын. 

Мысырлықтар кейбір жануарларға да 

табынды. Ондай жануарларды өлтіруге 

болмайтын. Мысалы, олар мысықтың 

өліміне баласы өлгеннен артық қайғы-

ратын. Бірақ, осындай дөрекі түрде 

пұтқа табынатындықтарына қарамастан, 

олар рухтың өлмейтіні, адамның өз 

ісі үшін жауап беретіні, келешекте 

болатын сыйлық пен жазалау туралы 

шындықтарды білетін. 



Аңыз бойынша,

осы жануарға 

сиынатындықтары-

ның кесірінен бір жо-

лы мысыр әскері 

соғыста үлкен 

жеңіліске ұшырайды. 

Парсылық (б. э. 

б. 525 ж) алдыңғы 

қатардағы  жауын-

герлер мысықтарды 

қалқан орнына ұстап

алады. Мысырлық 

әскерлер мысықтар-

ды өлтіріп алудан 

қорқып, садақтан 

тоқтатуларын тоқ

татады. Сөйтіп, пар-

сылар жеңіске жетеді.

21

ШАР



АПА

Т  4/2010

Есенгүл САРАЙ.

МЫСЫРЛЫҚТАРДЫҢ ДІНІ

Қатігез халық

Көне  аңыздардың  біріне  сәйкес,  өте  ерте  за-

манда жер бетінде тіршілік еткен мақұлықтардың 

бірінің  жебесі  айға  барып  тиеді.  Сол  кезде 

айдың  қаны  жерге  тамшылай  бастайды.  Жерге 

тамшылаған қан алғашқы адамдар – яномамоларға 

айналады. Сондықтан да олар өздерін жабайы бо-

лу үшін жаралғанбыз деп есептейді және өздерін 

«қатігез  халық»  немесе  «айдың  балаларымыз» 

деп атайды.

Яномамолар  аттарына  сай  әрекет  етеді:  үнемі 

олардың  бір  деревнялары  екіншісімен  соғысып 

жатады  және  олардың  арасындағы  жанжал  бір 

толастамайды.  Басқа  деревняға  шабуыл  жасауға 

дайындалған яномамолық еркектер беттеріне күйе 

жағады және жебелерінің ұшына кураре деп атала-

тын уды жағып алады. 

Қорқыныш

Бірақ,  өздерінің  қатігездіктеріне  қарамастан, 

қорқынышты  бастарынан  жиі  өткізеді.  Жаулары-

ның  алдындағы  қорқыныш.  Жаман  рухтардың 

алдындағы қорқыныш. Яномамолардың түсінікте-

рі бойынша, өздерін жаралау үшін немесе ауруға 

шалдықтыру  үшін  жаман  рухтарды  олардың 

дұшпандары  жібереді.  Олар  ормандарда,  су-

да,  қараңғылықта  рухтардан  қорқады.  Орманда 

тіршілік ететін ягуардан қорқады. Олар, тіпті, ай-

ды саусақтарымен көрсетуден де қорқады, себебі, 

олай етсек саусақтарымыз шіріп, түсіп қалады деп 

есептейді. 

Егер  де  біреу  ауырып  қалса  немесе  оған 

өзіне  әлдекім  жаман  рухтарды  жібергендей  бо-

лып  көрінсе,  онда  тәуіп-сиқыршы  өзге  рухтарды 

көмекке шақырады. Олар ауруды деревнядан басқа 

деревняға аударғысы келген жағдайда да  рухтар-

ды шақырады. 

Бір кішкентай қыздың тарихы

Қыз  жүріп  үйренген  кезден  бастап-ақ  оны 

шешесімен  бірге  отын  жинауға  жібере  баста-

ды. Бұл үшін қыздың арқасына кішкентай себетті 

байлап  қоятын.  Қыз  қатты  шаршап,  аяқтары  та-

лып  кететін.  Бірақ  бұл  ешкімді  мазаламайтын. 

Кішкентай  қыздарда  құн  болмайды!  Олардың 

кейбіреулерін сәби кезінде-ақ өлтіріп тастайды. 

Бірде, көрші деревняның бір еркегі жасы небәрі 

төрт  жастағы  қызды  оның  әкесінен  өзіне  беруін 

сұрады. Қызды әйел етіп алғысы келді. Оның ор-

нына  ол  қыздың  әкесіне  өзінің  итін  берді.  Енді 

қыз ауыр жұмыстар атқаруға тиіс болды және жиі 

аштықтың  зардабын  шекті.  Кішкентай  қыздарда 

құн болмайды!

Деревнядағы тіршілік

Әр екі-үш жылда яномамолар шабано деп ата-

латын  жаңа  үй  салады.  Шабано  үлкен,  ашық 

алаңқайды  айнала  салынады.  Әрбір  отбасы  ор-

маннан  ағаштар,  сабан  әкеліп,  үйдің  өздеріне 

тиісті  бөлігінің  шатырын  жабады.  Осындай 

әрбір  отбасылық  секцияда  аула  болып  санала-

тын орталық бөлікке шығатын ашық жері болады. 

Секциялардың арасында қабырға болмайды. Оның 

сыртқы,  жалғыз  қабырғасы  деревняны  орманнан 

бөліп тұрады. Олар деревнядан сыртқа шығу үшін 

әлгі қабырғадан шағын ойықтар жасап қояды. 

ЯНОМАМО

ЯНОМАМО


АЙ БАЛАЛАРЫ

Яномамо тайпасы 

Амазонка 

жағалауындағы 

ылғалды тропикалық 

ормандарды мекен 

етеді. Олардың 

15 мыңға жуығы 

Венесуэланың 

оңтүстігінде, 

ал шамамен 

үш мыңдайы – 

шекараның келесі 

бетінде, Бразилияда 

тұрады.  

ШАР

АПА

Т  4/2010

22


ЯНОМАМОЛАР ҮШІН МІНӘЖАТ ЕТ

Деревня  сыртында  олар  банан,  асқабақ,  тәтті 

картоп  егуге  орын  дайындау  үшін  ағаштарды  ке-

сумен айналысады. Әйелдер жерді өңдеумен айна-

лысып  жатқан  кезде  еркектер  тамақтарына  жара-

ту үшін жабайы шошқалар, тапирлер, армадилдер 

мен маймылдарды аулайды.

 

Оларды жайына қалдыру керек пе, 



әлде, жоқ па? 

Венесуэлада  яномамолар  тұратын  жерді  осы 

тайпа  үшін  арнайы  қоныстанатын  территория 

жасап  қойды.  Кейбіреулер:  «Яномамолар  бұрын 

қалай болса, сол күйлерінде қалуға тиіс. Олардың 

бұрынғысынша  тіршілік  етуге  құқылары  бар.  Біз 

Ізгі  хабар  таратушы  мәсіхшілердің  немесе  өзге 

біреулердің  келіп,  оларды  өз  өмірлерін  өзгертуге 

мәжбүр етулерін қаламаймыз. Олардың өз наным-

дары бар», – деп есептейді. 

1950  жылы  «Жаңа  тайпалар  Миссиясының» 

қызметкерлері яномамолардың арасында мәсіхшілік 

уағыздаушылар қызметін ұйымдастырды. Уағыздау-

шылар деревняның науқас тұрғындарына көмектесті, 

олар  үшін  мінәжат  етіп,  олар  туралы  барынша 

көбірек  білуге  тырысты.  Уағыздаушылар  яномамо 

халқына  жазбашылық  өнерін  енгізу  үшін  олардың 

тілдерін мұқият тыңдады. Бұл оңай шаруа емес еді. 

Бұл халықтың көпшілігі өздерін жақсы көретін Ұлы 

Рух – Жаратқан Ие туралы естігілері келмейтін. 



Иеміз Иса!

1. Сенуші  яномамоларға  оларды  қорқыныш 

пен  жаман  рухтардың  билігінен  азат  ете 

алатыныңды көрсет.

2. Олардың бір-бірлерімен ұдайы соғыс жүргіз-

бей, өзара тату өмір сүрулеріне көмектес.

3. Яномамолық әйелдер мен қыздарға олардың 

Өзің  үшін  қымбат  екендіктерін  сезінулеріне 

көмегіңді тигіз.

4. Киелі Рух сенуші яномамоларға Сенің еркіңе 

сай  өмір  сүрулеріне  көмектесіп,  оларды 

өздерінің ескі өмір салттарына қайтып оралу-

дан сақтасын.

5. Сенуші  яномамолардың  Өзіңді  танығаны 

үшін қуана білулеріне көмектес. Олардың өз 

тайпалары арасында Өзің туралы куәлік ету-

ге деген ниеттерін оят.

6. Яномамолардың  тіліне  аударылған  Жаңа 

Өсиет  үшін  Саған  алғысымды  айтамын. 

Сенуші  яномамолардың  оқып  және  жа-

зып  үйренулеріне,  олардың  Сенің  Сөзіңді 

өз  беттерінше  оқуына,  сондай-ақ,  өздерінің 

мәдени  мұраларын  жазып  қалдыруларына 

көмектес.

7. Сенуші  яномамоларға  олардың  өз  тайпа-

ластарын  оқытып  үйрете  алулары  үшін 

бақташылар мен Ізгі хабаршылар  болулары-

на көмектес.  



Суретін салған  Елена МИХАЙЛОВА-РОДИНА

23

ШАР



АПА

Т  4/2010

Бірақ  Құдай  олардың  әрқайсысымен  жұмыс 

істеп,  олардың  өмірін  өзгертуде.  1988  жылы  Ве-

несуэлада шамамен 300-дей сенуші яномама бол-

ды.  Ал  Бразилияда  олардың  саны  бұдан  да  көп 

дәрежеге жетті. Малоко секілді, олардың кейбірлері 

Иса  туралы  өзгелерге  куәлік  еткілері  келеді.  Ма-

локо  Исамен  өзінің  Досы  ретінде  танысқан  кез-

де,  оның  жасы  бар-жоғы  сегізде  ғана  болатын. 

«Мені  кішкентай  деп  күлмеңдер,  –  дейтін  ол.  – 

Мен  сендерге  Құдай  сөзі  туралы  айтқым  келеді. 

Мен әркімге Исаға сенім артуы тиіс екендігін ай-

та бермекпін».

Дафнэ СПРАГГЕТ

СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?

Соңғы  жылдары заңсыз алтын іздеушілер-

дің  өзендерді  қорғасынмен  ластауының  кесі-

рінен  мыңдаған  яномамолар  қайтыс  болды. 

Яномамолардың көпшілігі «ақ түсті адамдар» 

әкелген аурулардың зардабынан қаза болуда.


Ол Тутиге олардың да дәл өзі се-

кілді  бұғының  балалары  екенін, 

олардың да аздап сескеніп тұрға-

нын,  бірақ  қорқыныштарын  жеңіп, 

бір-бірлерімен  танысып  жатқанын 

айтты. Ал, Тути алған бетінен қайт-

пады.  Ол  басын  шайқап,  енесінің 

бауырына  одан  әрмен  тығыла 

түсті. 

Бір  кезде  «қуаласпақ»  ойнап 



жүрген балалардың тобынан бір 

кішкентай  бұғы  баласы  бөлініп 

келіп,  оған:  «Жүр,  ойнайық. 

Бізбен бірге өте көңілді!» – деді. 

«Егер мен сендерге барсам, он-

да  біз  «тығылмақ»  ойнайтын 

боламыз»,  –  деді  Тути  басын 

тәкаппарлана көтеріп. 

Жоқ, біздің «қуаласпақ» ойнағымыз келеді. Егер «қуаласпақ» ойна-

ғың келсе, онда бізге кел». Сендердің іш пыстыратын «қуаласпақ»

ойындарыңды ойнағым келмейді деп, Тути теріс айналды. «Өр кеу- 

де!» – деді кішкентай бұғы баласы оның артынан айқайлап. Сөйтті 

де Ол достарына қарай жүгіріп кетті, ал Тути көңілсіздене мүк үстіне 

барып жатты. Оның тіпті жайылғысы да келмеді. Сөлді ягель дәмі 

жағымсыз, әрі ащы, ал жерге шуағын төгіп тұрған күн сәулесі – жан 

төзгісіз ыссы болып көрінді. «Өмір мүлде анам айтатындай тамаша 

емес», – деп қамыға ойлады Тути.

Бұл  күнге  дейін  Тути  басқа 

бұғы балаларымен танысуды, 

олармен  қуаласпақ  ойнау-

ды армандап, өзіне ну орман-

да  жайылатын  басқа  үлкен 

бұғылар  тиіспес  пе  екен  деп 

уайымдаумен болатын.  

Есейіп қалған 

бұғының баласы 

енесімен бірге 

ну орманға 

шықты. Баласы 

әлі жас болған 

кезде енесі 

оны ну орманға 

шығармай, 

ағашы сирек 

орманның 

ішінде ұстаған 

болатын. Міне, 

енді оның басқа 

бұғылардың 

балаларымен 

танысатын 

уақыты келді.



    

Ләйлә ШЫНТАЙ

ШАР

АПА

Т  4/2010

24

Міне,  ақыры  сол  күн  де  келіп 



жетті.  Тути  ну  орманда!  Кенет, 

оның армандарының бәрі ғайып 

болды.  Ол  енесінің  бауырына 

тығылып, сол жерден шығуға еш 

талаптанбай  қойды.  Енесі  оны 

бауырынан шығып, басқалармен 

танысуға көндіруге талпынды.


Баласына қарап енесі де жабығып 

қалды.  Ол  баласына  өзге  бұғы 

балаларымен  достасу  керектігін 

соншалықты 

үйреткісі 

келді. 


Өйткені  Ол  мына  қатал  өмірде 

бұғының жалғыз өмір сүре алмай-

тынын түсінетін. 

Бұғылар  тек  бірге  болғанда  ғана 

ұзақ  қыс  бойында  кездесетін 

қиындықтардан  аман  шыға  ала-

ды.  Бірақ  Тути  енесінің  оны  өзге 

бұғылармен  таныстырмақ  болған 

талпынысына  бой  бермеді.  «Мен 

оларсыз  да  өмір  сүремін!»  –  деді 

ол қырсығып.

Тути жұмсақ мүктің үстінде біраз 



уақыт жатты, содан соң енесінің 

тәтті сүтінен еміп алғаннан кейін 

өзін едәуір жақсы сезініп қалды. 

Ол енесінің алыс кетіп қалмауын 

бақылай жүріп, ақырындап жа-

йыла бастады.

Сонымен  бірге  Тути  барлық  бұ-

ғылардан  үлкен,  әрі  күшті  бо-

лып өсіп, бұғылардың көсемі бо-

латынын,  сонда  олардың  қазіргі 

көсем Нанның артынан еріп жүр-

геніндей, бір кездері өзінің арты-

нан  еретінін  армандаумен  бол-

ды. 


Егер  де  отарға  енесі  айтқандай 

қасқырлар  шабуыл  жасайтын 

болса, онда мен оларды өзімнің 

дәу  мүйіздеріммен  жан  жаққа 

лақтырып  тастасам  деп  арман-

дады. Сонда олардың бәрі мұны 

мақтан ететін болады...

Мына мақтаншақ бұғы балалары

мұның  ойлап  тапқан  ойынын 

ойнауға  мәжбүр  болады.  Ал  бұл 

оларға: «Мен кішкентай болған кез-

де сендер мен айтқан ойынды ой-

намай  қойғансыңдар,  енді  менің 

сендермен  ойнағым  келмейді!» 

–  дейді  де,  олардан  маңғаздана 

бөлініп кетеді. 

Енесі баласының әдеттен тыс қиялшыл болып кеткенін байқап, 

мазасыздана бастады. Тути барған сайын жайбарақат, бейқам 

күйге ене бастады, енесінің шақыруына да көп кешеуілдеп жа-

уап қайыратын болды. Ну орман – бұл қатал жер, ол қателікті 

кешірмейді.  Енесі  бейқамдығының  кесірінен  Тутидің  бір  күні 

өмірімен қоштасуы мүмкін екенін білетін. Тути әлі күнге дейін 

қасқырдың не екенін көрген жоқ, себебі, олар бұғылардың та-

бынына әзірше тиісе қоймаған еді. 

Ал  қасқырлар  осындай  кездер-

де  шабуыл  жасағанды  ұнатады, 

өйткені  әлі  жетіле  қоймаған 

бұғының  балалары  оларға  оңай 

жем болатын. Ақыры оның енесі 

Тутидің  әкесімен  сөйлесіп,  одан 

баласына ақылын айтуын өтінуге 

бел байлады.

Тутидің  әкесінің,  мүйіздері 

25

ШАР



АПА

Т  4/2010

тарам-тарам  үлкен  бұғы  бо-

латын.  Ол  баланың  енесінің 

айтқандарын үнсіз тыңдап, оны-

мен қалай сөйлесу туралы ойла-

нуға  уәде  берді.  Баланың  әкесі 

мен  енесінің  сөйлескен  кезінен 

бері бір аптадай уақыт өтті. 

Мара өте мазасызданып жүрді, оған 

баланың  әкесі  онымен  сөйлесуді 

өте  кешеуілдетіп  жүргендей  бо-

лып көрінді, өйткені, қасқырлардың 

кез  келген  уақытта  шабуыл  жа-

сауы  мүмкін  болатын.  Қасқырлар 

шабуылдаған  кезде  Тутидің  ойға 

батып,  енесінің  шақыруын  естімей 

қалуы  мүмкін  ғой...  Бірақ  әкесі 

әлденені күтумен болды.

Бірде  әкесі  Тутидің  екі  бала 

бұғының  әңгімелеріне  мұқият 

құлақ  салып  тыңдап  тұрғанын 

байқады.  Бір  кездері  Тутиді 

ойнауға  шақырған  кішкентай 

бұғы  баласы  өзінің  досына 

жақындап келді де, тұяқтарымен 

ашулана  жерді  тарпып:  «Жүр, 

ойнайық!» – деді.

«Менен аулақ жүр, уақытым жоқ, 

неге маған жабысып қалдың?» – 

«Мен саған жабысып қалған 

жоқпын, тек, ойнайық деп ұсы-

ныс жасадым ғой!» – деген бұғы-

ның  кішкентай  баласы  ренжи 

бұрылып  кетті.  Әкесі Тутидің жа-

нына  жақындап  келді  де,  одан: 

«Сен  қалай  ойлайсың,  ұлым,  Мик 

досына  тағы  да  барып  өтініш  жа-

сай ма?» – «Жоқ, олай етпейді ғой 

деп  ойлаймын!»  –  «Неліктен?»  – 

«Оның  жабысқақ  деген  сөзді  тағы 

да  естігісі  келе  қоймас!»  –  «Дұрыс 

айтасың, ұлым. Егер де Транк тағы 

да  бірнеше  досын  осылай  қарсы 

алса, онда ол жалғыз қалады». 

«Бірақ  Транктің  көңіл-күйі  бол-

май  тұрды  ғой,  сондықтан  да 

оның  ешкімді  көргісі  келмеді». 

–  «Достаса  білу  –  бұл  дұрыс 

қарым-қатынас  жасай  білу  және 

қателіктерден сабақ алу.

Достасу – бұл оңай нәрсе емес. 

Бірақ достың көмегі өте жиі қажет 

болады,  тіпті,  күшті  бұғылардың 

өзіне  де!»  –  «Саған  да  сон-

дай  көмек  қажет  бола  ма?»  – 

«Әрине!  Тіпті,  көсемнің  өзіне 

ұдайы көмек қажет».

«Мүмкін  емес!»  –  Тутидің  таңданысында  шек  болмады.  Үлкен  бұғы 

рахаттана  күліп  жіберді:  «Сен  шынымен-ақ  бұғылардың  көсемінің 

қасқырлар үйіріне шамасы жетеді деп ойлайсың ба?» – «Әрине! Ол 

ең күшті бұғы ғой!» – «Егер күшті бұғы топтан тым алыстап кетсе, он-

да одан да күштілер табылады». Тути ойланып қалды: «Әке, ал сен 

неге көсем болмайсың, сен жақсы жайылымдардың бәрінің қай жер-

де екенін жатқа білесің, оның үстіне, күштісің?»

ШАР

АПА

Т  4/2010

26


«Сірә,  оның  уақыты  әлі  ке-

ле  қоймаған  болар.  Мен  бүкіл 

табынның  өмірі  мен  қауіпсіздік  

жауапкершілігін  мойныма  алуға 

әлі  дайын  емеспін».  –  «Сон-

да,  көсем  бәрі  үшін  жауап  бере 

ме?» – «Иә!» – «Ал менің көсем 

болғым келеді!» – деді Тути өзінің 

арманын айтып. 

«Бұл  жақсы  арман.  Бірақ,  оны 

іске  асыру  үшін  көп  еңбектену 

қажет. Тіпті, ну орманның ішінде 

аман  өмір  сүру  үшін  де  көп 

еңбектенуге  тура  келеді.  Ал, 

көсем  болу  үшін  бұдан  екі  есе 

артық  төзімділік  пен  даналыққа 

ие болу керек».

«Сен  маған  көмектесе  аласың 

ба?»  –  «Қуана  көмектесемін!» 

Сол күні Тути алғаш рет өзге ба-

лалармен  ойнай  бастады.  Әкесі 

жақын маңнан сырттай бақылап, 

көздерімен  көмек  беріп  тұрды. 

Әкесі  Тутиді  өзге  балалардың 

«әкесінің  ерке  баласы»  дегенін 

қаламады.

Ол баласының өзін еркін сезінуіне 

көмектесіп,  қиын  сәттерде  әрқа-

шан да көмекке келуге дайын еке-

нін есіне салды. Тути де достасып 

үйренуге  талпыныс  жасады.  Ол 

нағыз достарға ие болу үшін қан-

шалықты  төзімділік  пен  сүйіспен-

шіліктің  қажет  болатынын  түсінді.

Тути әкесінің: «Егер достарыңның болғанын қаласаң, өзің де дос пейілді 

бол», – деген сөздерін біржолата есінде сақтап қалды. Ұзақ та суық қыс-

тың  күндерінде  бұғылар  бір  жайылымнан  екіншісіне  ауысып  жүрді.  Ең 

тәжірибелі және ең күшті көсем қар астынан құнарлы жайылымдарды та-

уып отырды, бүкіл табын сол жердегі мүктерді жеп болғаннан кейін алға 

қарай жылжитын. Тути қазір қасқырлардың қандай болатынын жақсы біледі, 

өйткені бала ауру және әлсіз немесе өздеріне өте сенімді болып, табыннан  

алшақтап  кеткен  бұғыларды  олардың  қалай  бөліп  әкеткенінің  талай  рет 

куәсі болды. Ол әкесі мен енесінің айтқан ақылдарының бағасын күн са-

нап біле бастады. Енді Тути олардың әрбір сөзін зейін қойып тыңдайды. 

Бірде көсем үлкен алаңқайдағы мүктер бітпей жатып алға жылжуға бел 

байлады. Бұғылар тұяқтарымен қарды аударып, оның остындағы мүктерді 

жеп, жайбарақат жайылып жүрген. Көсем қатты дауыстап табынды алға 

жүруге  шақырды,  бірақ  ешкім  де  орнынан  қозғалмады.  Бұрындары 

мұндай сәттерде көсем табын әбден тойынғанша шыдамдылықпен күтіп 

тұратын, бірақ бүгін ол шақыруын тағы да қайталады. 

Тағы да ешкім орнынан қозғалма-

ды. Сол кезде көсем алып мүйізді 

басын маңғазадан жоғары көте-

ріп,  алға  қарай  жүріп  кетті. 

Кейбір  бұғылар  бастарын  жер-

ден  көтеріп,  оны  кейін  қайтуға 

шақырды,  бірақ  ол  алға  қарай 

жүруін жалғастыра берді.

27

ШАР

АПА

Т  4/2010


Тути өзі бұрын ешқашан істемеген 

нәрсені  жасауға  мәжбүр  болды: 

ол  дауыстап  көсемді  шақырды. 

Көсем  өзін  шақыруға  батылы 

жеткен жас бұғыға тәкаппарлана 

бұрылып  қарады  да,  жақтырмай 

бір пысқырынып, әрі қарай жүре 

берді.  Ол  Тути  көрсеткен  жаққа 

назар аударған да жоқ.

Көсем қарсы беттен шыққан қас-

қырды  байқағанда  ғана  есін  жи-

ды.  Табынға  қарай  ұмтылған  ол 

кері қайтар жолдың жабық екенін 

көрді. 


Көсем қасқырды айналып, табынның 

келесі  жағынан  келіп  қосылуға  ұм-

тылды. Бірақ бұғыға қарағанда сал-

мағы  жеңілірек  қасқырдың  аяқтары 

қарға  кіріп  кетпейтін,  сондықтан  да 

ол жылдам жүгірді... Үлкен аңшылық 

басталды...

Қасқырлардың  саны  көп  болып  шықты,  осылайша,  тәкаппар  және  күшті 

бұғы бүкіл табынның көз алдында қаза тапты... Есі шыққан табын бет ал-

дына бытырай қашты. Жемтігіне айналған қасқырлар алыста қалып қойды. 

Қорқыныштары басылған кезде бұғылар қайтадан бір жерге жиналды.

Көсемдерінен айырылған олардың көпшілігі енді не істерлерін білмей дағда-

рып қалды. Сол кезде Тутидің әкесі алға шықты: «Мен біздің барар жолымыз-

ды және жақсы жайылымдардың қайда екенін

білемін, табынды мен бастап жүрейін», – деді. 

Жас бұғылардың кейбірі басшылыққа 

таласуға  талпынды.  Жаңа  көсемнің 

күш қолданып, оларды өз орындарына 

қоюына тура келді. Тутидің әкесі жас 

бұғылардың табынға қажеттінің бәрін 

таба алмайтынын, оларды тек басшы 

болсам деген менмен тілек жетелеп 

тұрғанын білді. 

Ол жас бұғылардың өзімшіл армандары үшін бүкіл табынның өмірін 

қатерге  тіге  алмады.  Табын  тағы  да  алға  қарай  жылжыды.  Жол-

да  әлі  талай  қиындықтар  кездеседі,  олар  тек  бірге  болғанда  ғана 

қиыншылықтарды жеңе алады... Ал бұрынғы көсемнің қайғылы қазасы 

ата-аналардың  балаларына  ұдайы  айтып  отыратын:  «Тәкаппарлық 

өлімге  бастайды...»,  –  деген  сөздердің  даналығына  бәрінің  көзін 

жеткізді.



ШАР

АПА

Т  4/2010

28

Табын  мен  көсемнің  ара  қашықтығы 



біртіндеп  алшақтай  берді.  Тути  бұғы-

лардың көпшілігінің мазасыздана бас-

тағанын  байқады,  ол  да  өзін  жайсыз 

сезінді. Кенет, Тути дәу бір қасқырдың 

серуенге  шыққандай  жайбарақат 

жүріспен көсемнің артқа қайтар жолын 

кесіп  тастауға  беттеп  бара  жатқанын 

байқады. 



Суретін салған Юлия ПРАВДОХИНА

Сіз  бұған  қатты  таңырқадыңыз  ба?  Өзінің  ерекше  таңғажайып  болмысы-

мен  назарыңызды  өзіне  баурап  алған  да  болар?  Нәзік  күлгін,  ашық  көгілдір, 

қызыл сары, апельсин түстес, неше түрлі түске құбылған теңіз толқыны іспетті 

ақша қардай... Осынша мол түсті бояулардың жиынтығы сізді таңдандырды ма? 

Кішкене көгал? Мүмкін. Бұл теңіз түбіндегі шөбі жайқалған кішкене көгал ма бұл? 

Мейлі,  солай-ақ  дейік.Теңіз  астындағы  гүлдер  патшалығы  ма  екен?  Жоқ!  Олай 

деп тіпті де ойламаңыз! Мұндай гүл шоғына әсте қызықпаңыз! Өйткені, сіз оған 

қол тигізсеңіз, сіздің өміріңізге үлкен қатер төнетіні жайлы ескертпеді деп айтып 

жүрерсіз. Уа! Мені, әрине, әр түрлі ашық түсті таңғажайып гүлдермен шатасты-

рып алу әбден мүмкін. Әуелі мені адамдар орман, тау гүлдерінің атымен атай-

ды. Бірақ мен сізге бір құпияны ашайын. Тыңдаңыз! Мен... Мен.. өсімдік емеспін, 

мен – тірі жәндікпін!

Қатерлі  деген  ескерту  сөзге  қайта  оралайын.  Сіз  менің  сүйкімді 

«сабақтарым»  деп  ойлаған  нәрсеңіз  менің  аузымның  айналасында 

орналасқан  улы  қармалауыштарым.  Менің  қармалауыштарымның  өн 

бойында  атылатын  улы  клеткалар  орналасқан.  Осы  клеткада  ширақ 

оралған жіптей күшті улар бар, ал әр клетканың сыртында тікірейген, 

өте сезімтал шаш бар. Сол шашты кішкентай теңіз шаяны немесе ұсақ 

шабақ балық жанап өткен кезде, улы жіп атылады да, менің олжамды 

естен тандырып тастайды. Сонан кейін қармалауыштарымның көмегімен 

менің  ертеңгі  немесе  түскі  ас  қорыту  жүйеме  келіп  түседі.  Міне,осымен 

менің жыртқыш екеніме көздерің жеткен болар. 

Бірақ  мені  осыншама  қанішер,  қатігез  деп  ойлап  қалмау  керек. 

Әуелі  достаса  да  білемін!  Сіз  «симбиоз»  деген  сөзді  естіп  пе  едіңіз? 

Жануарлардың  өзара  бір-біріне  тигізетін  жәрдемін  адамдар  осы  атау-

мен  атайды!  Міне,  осылай,  менің  бір  досымды  сайқымазақ  балық  деп 

атайды.  Сайқымазақ  балық  «Немоны  іздестіру»  мультфильміндегі  «Не-

мо» деген есімімен сіздерге жақсы таныс екенін білемін. Ойлаңыздаршы, 

осы  бір  құйтақандай  ғана  қызыл  балықтар  менен  қорықпайды.  Олар 

өздерінің  жауларынан  менің  улы  қарамалауыштарымның  арасына 

келіп  жасырынады.  Ғалымдар  осы  сайқымазақ  балықты  менің  улы 

қармалауыштарымның уынан денесін жауып тұрған қоймалжың сілекей 

қорғайды деп топшылайды. Қалай болғанда да, біз бір-бірімізбен олжа-  

ларымызбен бөлісеміз. Мінекей, біз осындай достармыз!

Сонан  кейін  мен  қаңғыбас  шаянды  өзімнің  достарым  деп  са-

наймын.  Бұл  шаяндар  өздерінің  жұмсақ  денелерін  неше  түрлі 

теңіз  ұлуларының  бас  қайықтарына  жасырынып  сақтайды  да, 

тістеуіктерін  сыртта  қалдырып  қояды.  Осы  қорғанысына  өзінің 

көңілі  толмағандықтан  ба,  мені  және  мен  тектестерді  өзінің 

бос  қабықтарына  қоныстануға  шақырады.  Себебі,  біздің  улы 

қармалауыштарымыз оған қорғаушы қызметін атқарады. Сол 

үшін  ол  алғыс  ретінде  бізбен  өзінің  олжасымен  бөліседі, 

бірге саяхатқа шақырады. 

Енді, менің кім екенімді түсінгендеріңізге көзім                                                      

жетті! 

Дұрыс, теңіз түбінде оқшау өсетін



теңіз бұтасы деп есептейді.

  Өзімді таныстыруға рұқ-

сат етіңіз: немесе те-

ңіз анемоны

   

             



29

ШАР

АПА

Т  4/2010

Актиния

Суретін салған   Юлия   ПРАВДОХИНА

СЕН – ТӘҢІРДІҢ БІР ҒАЖАП 

ЖАРАТЫЛЫСЫСЫҢ!

СЕН – ТӘҢІРДІҢ БІР ҒАЖАП 

ЖАРАТЫЛЫСЫСЫҢ!

Ұлтуар МАРАТОВА


Су

ре

тін с

алған Вик

тория ДУНАЕВ

А

Құраған Э

львира 

ҚАҺАР

МАН



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет