Қазақстан республикасы білім және ғылым


  Дірілдік-сейсмикалық  модульдің  массивпен  ӛзара  әрекеттесу



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата15.03.2017
өлшемі11,93 Mb.
#9285
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

7  Дірілдік-сейсмикалық  модульдің  массивпен  ӛзара  әрекеттесу 
параметрлерін бекіту бойынша компьютерлік эксперимент   
 
Кӛмір  жынысты  массивке  бейімдік  әсер  ету  әдісін  жасау  жӛнінде 
аналитикалық,  кешенді  және  эксперименттік  зерттеулер,  пульсациялық 
гидравликалық  орындаушы  органдарының  ішкі  параметрлері  мен  шығыс 
кӛрсеткіштерін және олардың массивпен ӛзара әрекет ету параметрлерін бекіту 
нәтижесінде  табиғи  мәндеріне  сәйкестігі  тексерілуге  тиіс  аналитикалық 
тәуелділіктер  мен  олардың  графикалық  интерпретациясы  бекітілді. 
Эксперименттік зерттеулерді шахта жағдайларында жүргізу айтарлықтай және 
кейде ӛндірістік тұрғыдан ақталатын қиындықтарға байланысты болуына қарай 
компьютерлік  эксперимент  жүргізіледі.  Түрлі  ӛнеркәсіп  салалары  үшін  жаңа 
техника мен технологиялар жасау кезінде осындай тәсіл жаңалық емес [181]. 
Зерттеулер мәні тӛмендігімен шектеледі.   
Теориялық  жолмен    алынған    нәтижелерді  эксперименттік  тексеру  үшін  
ANSYS  қолданбалы  компьютерлік  программалардың  лицензиялық  пакеті 
пайдаланылды.  Теориялық  түрде,  сондай-ақ  эксперименттік  түрде  де 
зерттелген  негізгі  элементтердің  ӛзара  әрекеттесуінің  динамикалық 
процестерін  ұқсатып  модельдеу    қымбат  тұратын  эксперименттерсіз  есептік 
жолмен «модуль-массив-бұзылу» динамикалық жүйесінің оңтайлы және тиімді 
параметрлерін анықтауда кӛрнекті мүмкіндік беруді ӛзінің мақсаты етіп қояды.   
 
7.1 Эксперименттер жүргізу талаптары және әдістемесі   
 
Лицензиялық қолданбалы ANSYS  программасына,  препроцессор, қатты 
денелі  модельдеу,  беріктік,  жылулық,  магниттік,  гидравликалық  және  аралас 
есептеу  түрлері,  нәтижелерді  процессорлық  ӛңдеу,  графикалық  мүмкіндіктер 
сияқты  кӛптеген  үлкен  мүмкіндіктер  кіреді  [182,  183].  Модель  туралы 
деректер (геометрияны сипаттау, соңғы элементтік бӛлу, материалдарды және 
т.б.  қосқанда)  ANSYS  препроцессорының  кӛмегімен  деректер  базасына 
жазылады.  Программа  шешуші  деректер  базасында  сақталатын  ақпаратпен 
тікелей  жұмыс  істейді  және  нәтижелерді  сол  деректер  базасына  жазады. 
Препроцессорлық  кезең  уақытында  есептеуге  қажетті  барлық  деректер 
беріледі.    Соңғы  элемент  типін  таңдау,  материал  қасиеттерін  белгілеу,  қатты 
денелі  модельдер  жасау  және  оларды  элементтерге  бӛлу,  сонымен  қатар 
қажетті шекаралық шарттар белгілеу мүмкіндігі бар.   
Модель  салынғаннан  кейін,  қажетті  талдау  типі  мен  параметрлері, 
жүктеме және оның опциялары белгіленеді.  Аталған талдау типі, шешімін алу 
үшін қандай теңдеулер пайдаланылатынын кӛрсетеді. Процессорлық ӛңдеуден 
кейінгі фаза уақытында, шешілім кезінде алынған нәтижелері бар операциялар 
орындалады.  Оларға  орын  ауыстыру,  температура,  кернеу,  деформациялар, 
жылдамдықтар  және  т.б.  кіреді.  Нәтижелерін графикалық түрде немесе кесте 
түрінде  алуға  болады.  ANSYS  программасында  геометриялық  модельдеудің  
қуатты  бағыныңқы  жүйесі  болады,  ол  соңғы  элементтік  кестесіне  тәуелсіз  
тетік немесе конструкция геометриясын құрайды.  

 
 197 
 
Берілген  бағыныңқы  жүйе  кӛмегімен  модель  аймағы,  беттермен, 
сызықтармен  және  нүктелермен  қоршалған  кӛлем  ретінде  беріледі.  Модельді 
белгіленгеннен кейін оны соңғы элементтік тормен бӛлуге болады.   
Шекаралық шарттар мен жүктемелер қатты денелі модельге де, сондай-ақ 
тікелей соңғы элементтік кестеге де салынуы мүмкін.   
Келесі  адымда  модель  кеңістіктік  геометриялық  конструкция  ретінде 
беріледі.  Бұл  үшін    SOLID95  элементін  –  үш-үштен  бос  дәрежесі  болатын 
жиырма  түйіні  бар  кӛлемді  элементті  пайдалану  ұсынылады:  түйіндік 
координаталар  жүйесінің  X,  Y,  Z  осьтерінің  орын  ауыстыруы.  Элементтің 
біріккен  орын  ауыстыру  түрлері  бар,  қисайған  шекаралары  бар  модельдерді 
сипаттауға  қабілетті  және  тордың  ретсіз  түрін,  дәлдігін  жоғалтпастан, 
пайдалануға мүмкіндік береді (7.1-сурет). 
 
 
 
 7.1-сурет –   SOLID95 элементінің геометриясы 
 
Массив  моделі  үшін  SHELL93  қабықтық  элементті  пайдалану 
ұсынылады.  Динамикалық  талдауда  модульді  модельдеу  үшін  -  SOLID168 
элементі, ал бұзылу модулі үшін SHELL163 элементі пайдаланылады.   
Осы талдаудан массивте максимум кернеулер аймағы және оның ӛзгеруі 
мен түйіні анықталады, ол үшін одан әрі зерттеу мақсатында кӛлемді модель 
салынады. Қатты денелі модельдеу негізінде массив түйінін салу материалдың 
сызықтық  еместігін,  жарықшақ  тәріздес  ақаулардың  болуын  есепке  алуға 
мүмкіндік  береді  және  кернеу  мен  деформацияның  шындыққа  жуық  таралу 
картинасын  береді.  Бұл  жағдайда  екі  ӛлшемдік  модельдеу  үшін  PLANE82 
элементін және үш ӛлшемдік модельдеу үшін SOLID95 пайдалану ұсынылады.   
Автоматтандырылған  талдау  нәтижесінде  массивте  кернеудің  таралуын 
нақтылау, оның сейсмикалық толқын есебінен ӛзгеруін, бұзылудан шағылған 
толқындар талдауы жүзеге асырылады.   
Таңдап  алынған  ANSYS  программасында  массив  қасиеттерін  сипаттау 
кезінде  массивтің  физика-механикалық  қасиеттерін,  модульдің  және  басқару 
Тетраэдр 
опциясы 
Пирамида 
опциясы 
Призма 
опциясы 

 
 198 
 
органының шығыс кӛрсеткіштерін белгілеу талап етіледі. Бұл шамалар қажет 
болғанда сызықтық немесе сызықтық емес болуы мүмкін.   
Кейбір сызықтық емес қасиеттер кернеу белгілі бір деңгейге жеткен кезде 
байқалады, басқалары деформация уақытына, жылдамдығына тәуелді.   
Дискреттік  модельді  әзірлеу  сатысында  негізгі  мақсат  түйіндер  мен 
элементтерден  тұратын  барабар  соңғы-элементтік  модель  жасау  болып 
табылады.  Соңғы-элементтік тор құру кезінде мыналар ескерілді.   
-  кернеулер  немесе  деформацияларды  анықтау  талап  етілген  аймақтарда, 
орын  ауыстыруды  анықтау  аймақтарына  жататын  тормен  салыстырғанда 
анағұрлым ұсақ тор пайдаланылды; 
-  сызықтық  еместікті  есепке  алу  кезінде,  торды  сызықтық  емес  әсерлер 
байқала  алатындай  етіп  салады,  иілімділігін  есепке  алу  интеграциялау 
нүктелерінің  санын  саналы  ұлғайтуды  және  осыған  орай,  иілімді 
деформациялардың жоғары градиентті аймақтарында жиі торды талап етеді.  
Модульдің  қабылданған  зерттеу  сұлбасына  сәйкес  массивпен  және 
бұзылумен ӛзара әрекеттесу параметрлерін есептеу іс-шараларының алгоритмі 
әзірленді: 
1)
 
Модульмен  генерацияланатын  сейсмикалық  толқынның  массивте 
таралу түрін анықтау.  
2)
 
Толқынның бұзылумен ӛзара әрекеттесу параметрлерін бекіту.   
3)
 
Бұзылудан  шағылған  толқындардың  таралу  тәуелділіктерін  алу  үшін 
нәтижелерді ӛңдеу.   
4)
 
Жалғыз және кезектесетін импульстерге тән диаграммалар алу.   
5)
 
Массивте  мәжбүрлі  тербелістерді  және  бұзылуда  жеке  тербелістерді 
салу кезінде соғу әсерін зерттеу.  
6)
 
Шағылған  толқындар  жазбасының  нәтижелерін  ӛңдеу  және  тіркеуші 
аппаратура үшін ұсыныстар жасау.   
 
7.2 Қарағанды кӛмір бассейнінің кӛмір жынысты массивінің геология-
геофизикалық модельдері   
 
 
 
Кӛмір  мен  сыйдырушы  тау  жыныстарының  акустикалық  және  тығыздық 
қасиеттерін,  сонымен  қатар  кӛмір  сыйдырушы  қалыңдықтың  қатпарлылық 
сипатын  және  литологиялық  құрамын  зерттеу  нәтижелері  Қарағанды 
бассейнінің  кӛмір  жынысты  массивінің  сейсмогеологиялық  моделін  жасауға 
мүмкіндік  берді  [184,  185,  186].  Зерттеулер  нәтижесі,  кӛмір  сыйдырушы 
қалыңдықтың  күрделі  және  алуан  түрлі  сипатына  қарамастан  онда  кейбір 
заңдылықтар  байқалатынын  кӛрсетті.  Қарағанды  бассейні  үшін  кӛмір 
сыйдырушы  қалыңдықтың    геологиялық  модельдерінің  үш  типі  тән:  жарты 
кеңістік (I тип), бір қабат - жарты кеңістік  (2 тип), екі қабат - жарты кеңістік (3 
тип).  Кӛмір  қатының  тӛбесінде  де  және  топырағында  да  сыйдырушы  тау 
жыныстары  қабаттарының  литологиялық  құрамын  талдау,  бірінші  қабат  - 
кӛбінесе,  сазтаспен,  екіншісі  құмайттаспен  немесе  құмтаспен  берілгенін 

 
 199 
 
кӛрсетеді.  Жарты  кеңістік  тең  дәрежеде  сазтаспен,  құмайттаспен  немесе 
құмтаспен берілуі мүмкін. Бассейн кӛмірі мен  тау жыныстарының акустикалық 
және  тығыздық  қасиеттері  7.2-суретте  кӛрсетілген  [190].  Кӛмірдің 
петрографиялық  айырмаларын,  акустикалық  қасиеттері  бойынша  айтарлықтай 
ерекшеленетін  екі  топқа  біріктіруге  болады.  Бірінші  топқа  -  жылтыр  және 
жартылай жылтыр  (

  =  1301  кг/м
3
;    V
S
  =  1012  м/с;  V
p
  =  1817  м/с),  екіншіге  – 
күңгірт және жартылай күңгірт (

  = 1437 кг/м
3
,  V
S
 =  1262 м/с,  Vp   =  2242 
м/с) кӛмір жатады. 
 
 
1 – құмтас; 2 – құмайттас; 3 – сазтас; 4 – кӛмір 
  7.2-сурет – Қарағанды бассейнінің кӛмірі мен тау жыныстарының акустикалық 
және тығыздық қасиеттері   
 
Қуаты  (Н
пл.
  =  3,0  м)  орташа  қаттар  үшін  канал  толқындарының  бірінші 
(іргелі)  модасының  кинематикалық  және  динамикалық  қасиеттерін  зерделеуге 
негізгі [186] әсер бӛлінді. Осыған орай модель ретінде І және ІІ топ кӛмірінен 
құрылған  біртекті  қат  қабылданды.    Мұндай  модель  кӛмірдің,  оның  ішінде 
қуатты қаттарының, петрографиялық құрылысының ерекшеліктерін ескермейді. 
Сондықтан  осы  фактордың  канал  толқындарының  бірінші,  сондай-ақ  жоғары 

 
 200 
 
(екінші) модаларының кинематикалық және динамикалық параметрлерге әсерін 
зерттеу қажет.   
Негізгі кӛмір қаттарының құрылысы мен қуаты, біртіндеп ӛзгере отырып, 
үлкен  алаңда  ұсталады.  [191]  сәйкес  Қарағанды  бассейнінің  кӛмірі  4 
петрографиялық  типтермен  берілген:  жылтыр,  жартылай  жылтыр,  жартылай 
күңгірт және күңгірт кӛмір. Бассейннің кӛптеген қаттары, олардың құрылысына 
қатысатын петрографиялық кӛмір типтерінің саны бойынша күрделіге жатады 
және  3-4  типтермен  берілген.  Қаттардың  тек  шағын  кӛлемі  ғана,  ережеге  сай, 
Долинка  қабаттары  қарапайымдарға  жатады,  кӛмірдің  бір  немесе  екі 
типтерімен  берілген.  Бұл  қаттардың  қалыптасуында  белгілі  бір  циклділік 
байқалатынымен түсіндіріледі.    
Қарағанды  қат  қабаттары  үшін  қалыптасудың  екі-үш  және  одан  кӛп 
циклдері тән. Олар кӛбінесе жартылай жылтыр, аз дәрежеде жартылай күңгірт 
және күңгірт литотиптермен берілген. Жылтыр кӛмір болмашы пайыз құрайды, 
бірақ  жоғарғы қат қабат  астында  олар  басым  болып  табылады.  Тұтас  алғанда, 
Қарағанды  қат  қабаттары  үшін  жартылай  жылтыр  кӛмір  кӛлемін  заңды  түрде 
азайту  және  кӛмірдің  жартылай  күңгірт  типтерін  кӛбейту  бекітілді.  Бұл 
оңтүстік-шығыс  бағытта  Шерубай  Нұра  синклиналі  және  оңтүстік-батыс 
бағытта  Қарағанды  синклиналі  шектерінде  жүреді.  Сонымен  қатар,  қаттың 
қимасында  оның  қуатының  артуына  қарай  жартылай  күңгірт  және  күңгірт 
кӛмірдің кӛбеюі байқалады [191]. 
Долинка  қат  қабаттары  үшін  бір-екі  қалыптасу  циклі  тән.  Олар  кӛбінесе 
жартылай жылтыр кӛмір түрінде берілген, ал күңгірт кӛмір болмашы кӛлемде 
қатысады.  Қаттардың  құрамында  жартылай  күңгірт  кӛмірдің  қатысуы  шығыс 
бағытта  Тентек  ауданынан  бастап  Қарағандыға  қарай  (Дубов  мульдасы) 
біртіндеп ұлғаяды.   
Геологиялық  материалдардың    үлкен  кӛлемін  талдау  [192,  193]  қуатты 
кӛмір  қаттарының құрылыс ерекшеліктерін анықтауға  мүмкіндік  берді,  оларға 
Қарағанды  кӛмір    қабаттарының  к
12,
  к
10
  қаттары  және  Долинканың  д
6
  қаты 
жатады.   
  к
12
  қаты  Қарағанды  кӛмір  қабатында  ең  қуатты  және  кӛп  жатқан  (7.3-
сурет).  Қаттың жалпы қуаты 5-10  м шектерінде құбылады. Жұмыс қуатының 
құрамына,  қат  тӛбесіне  орайласқан  және  жұмыс  бӛлігінен  қуаты  0,1-0,2  м  
сазтас қатпарымен  бӛлінген 1-2 жұқа кӛмір будалары кіреді.   
  к
12
  қатының  құрылысы  күрделі.  Ол  15-16  кӛмір  қатынан  тұрады.    Қат 
құрылысында, кӛмірдің петрографиялық құрамы мен сапасы бойынша әр түрлі 
құралған  екі  қабат  айтарлықтай  айқын  бӛлінеді.  Жоғарғы  қабаты 
салыстырмалы  түрде  күлді  қиын  байытылатын  кӛмірден  құралған.  Жоғарғы 
қабатының қуаты қаттың 1/3 бӛлігін құрайды. Қабат, кӛмірлі сазтастың немесе 
қуаты  0,05  м, кейде  0,2-0,3  м дейін  сазтастың  қатпарларымен бӛлектенген  3-6 
кӛмір  қаттарымен  берілген.  Тӛменгі  қабаттың  жалпы  қуаты  3-6  м,  жоғары 
қабаттан  сазтаспен  немесе  қуаты    0,05-1,30  м  кӛмірлі  тау  жыныстарымен  
бӛлінген.  Тӛменгі  қабаты,  кӛбінесе  кӛмірлі  сазтас  пен  құмайттастың  жұқа 
қатпарларымен  бӛлінген  күлі  аз  кӛмірдің  8-10  будасымен  берілген.  Қат 
топырағында қуаты 0,2 м дейін кӛмірлі сазтастың будасы байқалады.   

 
 201 
 
Жалпы қуаты  3-6 м шегінде құбылатын k
10
 қатының (7.4-сурет) құрылысы 
күрделі. Оның құрылысына жұқа тау жынысы қатпарларымен бӛлінген 10 – 18 
дейін кӛмір будалары қатысады. Қат екі қабатқа айқын бӛлінеді.    
Қуаты 0,2-0,6 м жоғарғы қабаты, негізгі тӛменгі қабаттан қуаты  0,1-0,6 м 
тау жынысы қатпарларымен бӛлінген күлділігі жоғары кӛмірден немесе қуаты 
бойынша  кондициялық  емес  кӛмір  және  кӛмірлі  жыныстардың  будаларынан 
құралған.  Құрылысының,  қуатының  және  күлділігінің  тӛзімсіздігіне 
байланысты    ол  жұмыс  бӛлігіне  кірмейді.  Тӛменгі  қабаты  жұмысшы  болып 
табылады.  Ол, қуаты қаттың жоғарғы бӛлігінде 0,1 м жете отырып, 0,01-0,05 м 
шектерінде болатын  сазтастың жұқа қатпарларымен бӛлінген, қуаты 0,2-1,6 м  
күлділігі  аз  кӛмір  будаларымен  берілген.  Қаттың  ортаншы  бӛлігінде 
айтарлықтай  ауданда  сақталатын  қатпарларының  ӛзіне  тән  жұптасып 
орналасуы болады.   
 д
6
  қаты  қуатты  және  күрделі  (3-6  буда),  бірақ  жинақты  болып  табылады.   
Қатты орташа қуаты 5,0 м (4 бастап 5,6 м дейін тербелістері кезінде). Оңтүстік 
бӛлігінде  қаттың  қуаты  4,8  бастап  6,8  м  дейін,  орташа  алғанда  5,6  м  ӛзгереді 
(7.5-сурет).    
Қаттағы жыныс қатпарлары, ережеге сай, жұқа (0,05-0,15м), тӛзімсіз және 
кӛбінесе  кӛмірлі  айырмалармен  берілген.  Анағұрлым  қуатты  (0,15  -  0,25  м) 
және  біршама    тӛзімді  қатпар  оның  жоғарғы  бӛлігіне  орайластырылған  (7.6-
сурет). 
Қат  морфологиясы  айтарлықтай  дәрежеде  шайылуға  және  ыдырауға 
түсетінімен  күрделенеді.  Қаттың  ыдырауы,  белгілі  бір  стратиграфиялық 
горизонт  бойынша  ыдырайтын,  ӛз  параметрлерін  қандай  да  бір  бағытта  және 
айтарлықтай  ауданда  заңды  түрде  ӛзгертетін  басқа  (д
1,
  д
3
,  т,  т
3
)  қаттарға 
қарағанда,  мүлдем  басқаша  сипатқа  ие.  д
6
  қатта  олардың  жасы  әр  түрлі  және  
ерекшеленген аудандарда және әркез қаттың түрлі бӛліктерінде байқалады.   
Ыдырау амплитудасы әр түрлі.  Жыныспен бӛлінген қат бӛліктері бірнеше 
метрден  бастап  бір  жарым,  екі  ондаған  метрлерге  дейін  қашықтыққа 
алшақтайды.  Қаттың  барлық  ыдырау  жағдайлары  оның  немесе  ыдырау 
аймағында немесе жанама аудандарда шайылуымен қатар жүреді.    
Жоғарыда  айтылғандардан,  Қарағанды  бассейнінің  қуатты  қаттарының 
құрылысында кӛмірдің петрографиялық құрамы  мен сапасы бойынша әр түрлі 
құралған екі қабат бӛлінеді.   
Сондықтан қуатты қаттардың базалық сейсмологиялық моделі ретінде, үш 
будадан  (қабаттан)  тұратын  қуаты  6,0  м  қат  алынды.  Жоғарғы  және  тӛменгі 
будаларды қуаты мен құрамы бойынша әр түрлі кӛмір қабаттарын модельдейді.  
Ортаншы буда, әдетте кӛмір қатының жоғарғы және тӛменгі қабаттарын бӛліп 
тұратын, қуаты 0,5 м сазтас қатпарын модельдейді.   
 

 
 202 
 
 
 
 
1 - сазтастар; 2 – кӛмірлі сазтастар; 3 – нашар кӛмірлі сазтастар; 4 – кӛмір; 5 – алымында 
– қаттың жалпы қуаты, (м); бӛлімінде – сол жақта жоғарғы қабат қуаты, оң жақта – тӛменгі 
қабаттікі, (м) 
  7.3-сурет – к
12
 кӛмір қатының құрылысы 
 
жоғарғы 
қабат 
жоғарғы 
қабат 
тӛменгі 
қабат 
тӛменгі 
қабат 

 
 203 
 
 
 
1 - сазтастар; 2 – кӛмірлі сазтастар; 3 - нашар кӛмірлі сазтастар; 4 – кӛмір; 5 – алымында 
– қаттың жалпы қуаты, (м); бӛлімінде – қаттың жұмыс бӛлігінің қуаты, (м), 6 -қаттың жұмыс 
бӛлігі 
  7.4-сурет – к
10 
 кӛмір қатының құрылысы 
  
 
 
 7.5-сурет –  д
6
 кӛмір қаты қуатының графикалық сипаттары (
y

осі бойынша – 
бағыныңқы қима кӛлемі, %;
х

осі бойынша – қат қуаты, м) 

 
 204 
 

 
 
1 - сазтастар; 2 – кӛмірлі сазтастар; 3 - нашар кӛмірлі сазтастар; 4 – кӛмір; 5 – алымында 
– қаттың жалпы қуаты, (м); бӛлімінде – қаттың жұмыс бӛлігінің қуаты, (м), 6 -қаттың жұмыс 
бӛлігі 
  7.6-сурет – д

кӛмір қатының құрылысы (В.И. Ленин атындағы шахта)   
 
  [184]  кӛрсетілгендей,  кӛмір  сыйдырушы  қалыңдық  сейсмогеологиялық 
модельдердің  үш  типімен  берілуі  мүмкін.  Кӛмір  сыйдырушы  қалыңдықтың 
базалық  модельдерін  әзірлеу  үшін  канал  толқынының  түрлі  модаларының 
параметрлеріне  сыйдырушы  тау  жыныстарының  қуатымен  әсер    етуін  зерттеу 
қажет.  Екі  жағдай  қарастырылды:  жылдамдығы  тӛмен  ортадағы  (сазтас) 
жылдамдығы  жоғары  қабат  (құмтас)  және  керісінше  –  құмтастағы  сазтас 
қабаты. Қат моделі қуаты 6,0 м біртекті қат болып табылады. Қабылдағыш пен 
шығу  кӛзі  оның  топырағынан  қат  қуатының  ширек  қашықтығында  (1,5) 
орналасқан.  Канал  толқындары  түрлі  модаларының  параметрлерін  салыстыру 
екі шекаралы модельдерге қатысты жүргізілді.     
Бірінші модельде қабат қуаты - нольге (Н
сл
 = 0), ал екіншіде – шексіздікке 
(Н
сл
  = 

)    тең.  Қуаттары  алуан  түрлі  модалар  мен  қабаттар  үшін  модельдеу 
нәтижелерін  сан  жағынан  салыстыру  үшін  канал  толқындары  параметрлерін, 
100%  ретінде  қабылданған  шекаралық  модельдерде  (Н
сл
  =  0  и  Н
сл
  = 

)  осы 
параметрлердің ӛзгеру шамасына қатысты нормалау жүргізілді.   
 

 
 205 
 
                                 
%
100
0
0






Э
Э
Э
ЭНсл
Э
V
V
V
V
V
,                                             (7.1) 
 
мұнда 
о
Э
және 

Э
V
– Эйри фазасының (V
Э
), Н
сл
 = 0 және Н
сл
 = ∞ сәйкес келетін 
шекаралық  модельдердегі  жылдамдығы; 
сл
ЭН
V
  -  қуаты  Н
сл
  қабатты  модельдегі  
Эйри фазасының (V
Э
) жылдамдығы. 
Ұқсас түрде Эйри фазасына (

f
Э
), спектр максимумы жиілігіне (

f
m
) және 
амплитудасына (

A
m
) нормалау жүргізілді.   
  7.7-суретте    Лява  канал  толқынының  I  модасы  (1  қисық)  мен  2 
модасының (2 қисық) нормаланған параметрлерінің Н
сл
/ Н
y
 қатынасына ӛзгеріс 
тәуелділігі  кӛрсетілген.  Талдаудан,  қабат  қуатын  арттыру  кезінде  канал 
толқынының  1 және 2  модаларының параметрлері  Н
сл
 = 

 шекаралық моделі 
үшін  осы  параметрлердің  мәндеріне  ұмтылады.  Осыған  орай  олар  қабат 
қуатының түрлі мәндері (Н
сл
): 1-мода үшін -  Н
сл
 

1,5 – 2,0 Н
пл
 (Н
пл
 – қат қуаты), 
2-мода үшін  Н
сл
 

0,5 – 1,0 Н
пл
 кезінде осы мәндерге жетеді. Осылайша 2-мода 
параметрлері  үшін  қат  қуаты  шектерінде  тӛбесі  мен  топырағында  орналасқан 
сыйдырушы  жыныстар  әсер етеді,  ал 1-мода параметрлеріне  қаттың  екі  қуаты 
шектерінде әсер етеді. Сондықтан ІІ және ІІІ типтер модельдерінде сыйдырушы 
ортаның  әсерін  зерттеу  кезінде  тау  жыныстары  қабаттарының  қосынды  қуаты 
қаттың жартылай қуатынан аспайды.    
Жоғарыда  айтылғандар  негізінде  7.1-кестеде  Қарағанды  бассейнінің 
қуатты  кӛмір  қаттарының  сейсмологиялық  модельдері  келтірілген.    Олар  Ляв 
канал  толқындарының  ақпараттық  параметрлерін  анықтау  кезінде  базалық 
ретінде қабылданды.   
 
 7.1-кесте – Қарағанды бассейнінің қуатты кӛмір қаттарының базалық 
сейсмологиялық модельдері   
 
Модель типі 
  
Модель құрылысы 
Сипаты  
Модель параметрлері 
 
қуаты 
Vp 
Vs 
Ρ 

құмтас 
 
3810 
2239 
2550 
қат 
6,0 
1817 
1012 
1300 
құмтас 
 
3810 
2239 
2550 
II 
құмтас 
∞ 
3810 
2239 
2550 
сазтас 
1,5 
2953 
1682 
2410 
кӛмір 
6,0 
1817 
1012 
1300 
сазтас 
1,5 
2953 
1682 
2410 
құмтас 
∞ 
3810 
2239 
2550 
III 
құмтас 
∞ 
3810 
2239 
2550 
құмайттас 
1,0 
3535 
2016 
2510 
сазтас 
1,0 
2953 
1682 
2410 
кӛмір 
6,0 
1817 
1012 
1300 
құмтас 
1,0 
2953 
1682 
2410 
құмайттас 
1,0 
3535 
2016 
2510 
құмтас 
∞ 
3810 
2239 
2550 

 
 206 
 
 
 
 
 
 

A
m
 , 

f
m
 –
 ор
ап
 ӛт
уші 
м
ак
си
м
ум
ын
ың
 а
м
пли
туда
сы м
ен
 жи
ілі
гі


V
э
 , 

f
э 
– 
Эй
ри
 фаз
ас
ын
ың
 жылда
м
дығы
 м
ен
 жи
ілі
гі
 
7
.7
-су
рет
 –
  
Ляв
а ка
нал 
то
лқ
ы
ны
 1 
жән
е 2 мо
да п
ар
амет
рл
ер
ін
ің
 с
ы
йд
ы
ру
ш
ы
 т
ау
 жы
ны
ста
ры
 қу
ат
ы
нан
 (
Н
сл) 
ӛзге
рі
сі
  
р 

 
 207 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет