Г.Қ. ҚуАНЫШБеКОвА, м.т. БАлПАНБАевА, Қ.К. БуРуНБетОвА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ШыҒыС ҚАЗАҚСТАНдА КеЗдеСеТіН ЖАПыРАҚ ЖеГіШ
(COLEOPTERA, CHRySOMELiDAE) ҚОңыЗдАР
ТҰҚыМдАСыНың ФАУНАСыНА
Жапырақжегілер – өсімдікқоректі қоңыздардың үлкен тұқымдасы, қазіргі кезде
әлем фаунасында шамамен 50000 түрмен сипатталған. Қазақстанның барлық табиғи
аймақтарында кең таралған. Олардың арасында ересек қоңыздар немесе дернәсілдері-
нің ауылшылық дақылдардың, екпе ағаштар мен бұталардың, дәрілік және жайылым-
дық өсімдіктердің залалды зиянкестері болып табылатын түрлері аз емес.
түйін сөздер: жәндіктер, қаттықанаттылар, жапырақ жегіш қоңыздар, зиянкестер,
түр, туыс, тұқымдас.
К ФАУНе СеМейСТВА ЖУКОВ лИСТОедОВ
(COLEOPTERA, CHRySOMELiDAE), ВСТРеЧАЮЩИХСЯ
В ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНе
листоеды – крупное семейство растительноядных жуков, насчитывающее в на-
стоящее время почти 50000 видов в мировой фауне. Многочисленны и широко представ-
лены во всех природных зонах Казахстана. Среди них немало видов, у которых жуки и
личинки иногда становятся первостепенными вредителями сельскохозяйственных куль-
тур, древесно-кустарниковых насаждений, лекарственных и пастбищных растений.
Ключевые слова: насекомые, жесткокрылые, жуки листоеды, вредители, вид,
род, семейство.
TO THE FAUNA OF LEAF BEETLE BEETLE FAMiLiES
(COLEOPTERA, CHRySOMELiDAE) MET
iN EAST KAZAKHSTAN
Leaf beetles – a large family of herbivorous beetles, now has almost 50000 species
of fauna in the world. Numerous and widely represented in all natural zones of Kazakhstan.
Among them there are many species in which the beetles and larvae are sometimes paramount
pests of crops, trees and plantings kustarinokovyh, medicinal and pasture plants.
Keywords: insects, beetles, beetles, leaf beetles, insects, species, genus, family.
Жапырақ жегіш қоңыздар (Chrysomelidae) тұқымдасы – қатты қанаттылар
(Coleptera) отрядының ішіндегі ең ірісі. Олардың көпшілігі жабайы және мәдени
өсімдіктердің қауіпті зиянкесі болып саналады. Бұлардың түрлері өте көп. Ор-
ман өсімдіктеріне, жеміс-жидектерге, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян
келтіретін бұл жәндіктермен күресу шараларын ұйымдастыруды бастамас
бұрын, ең алдымен, олардың биологиялық ерекшеліктерін, өсіп-өну кезеңдерін,
ЖАРАТылыСТАНУ ҒылыМдАРы ЖӘНе МедИЦИНА
157
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
тіршілік стадиясы мен фаунасын немесе түр құрамын білу қажет. Жапырақ
жемірлері жаппай көбейген кезде ауыл шаруашылығы, жеміс-жидектер мен ор-
ман шаруашылығы көп зиян шегеді. Жапырақ жемірлерінің көпшілік түрлері
шалғындар мен жайылымдарда тіршілік етеді. Олардың бірсыпырасы өте көп
мөлшерде ауық-ауық немесе үнемі кездесіп, әсіресе жаппай көбейген жылда-
ры жайылымдық өсімдіктерге қатты зиян тигізеді. Шығыс Қазақстан аймағында
тал, қызыл қанатты терек, көк жиде, қарағаш жапырақ жемірлері, қызылшаның
қылқан қанатты және астықтың жолақ бүрге қоңыздары көбірек ұшырасады [1,
2].
Әдеби деректер мен далалық тәжірибе кезінде жинақталған материалдарға
сүйене отырып Шығыс Қазақстан аймағында Chrysomelidae тұқымдасының 11
тұқымдас тармағы, 54 туыс, 160 түр кездесетіндігі анықталды.
Zeugophorinae тұқымдас тармағынан Zeugophora туысы барлығы 40 түрді
біріктірсе, Қазақстанда тек 2 түрі кездеседі, соның бірі Шығыс Қазақстанда
тіршілік етеді – Zeugophora scutellaris Suffr.
Donaciinae тұқымдас тармағының – Қазақстанда 2 туысы кездеседі.
Олардың бірі – Donacia F туысы бірнеше түрлерді қамтиды. D. Clavipes F. –
Шығыс Қазақстанда Зайсан өңірінде кездеседі. D. dentata Hop. – Зайсан өңірінде
кездеседі. D. іmpressa Payk, D. кirgizkaisaka Jcbs. – ертіс, Бұқтырма өзендерінде
маңында, D. bactriana Wse, D. bactriana sahlbergi Jcbs. түрлері Зайсан өңірінде,
D. vulgaris Zschach, D. tomentosa Ahr. ертіс өзенінің маңында маусым, тамыз ай-
ларында кездеседі. Plateumaris Thoms. туысының – Қазақстанда 2 түрі тіршілік
етсе, соның бірі P. sericea L. – Зайсан ойпатындағы Шілікті жазығында таралған
[3, 4].
Шығыс Қазақстан аймағында жиі кездесетін тұқымдас тармақтарының
бірі Criocerinae тұқымдас тармағы бірнеше түрлерді қамтиды. Олардың бірі –
Oulema Gze. туысы – 10 түрді біріктіреді. Қазақстанда 3 түрі, оның екеуі Шығыс
Қазақстан аймағында кездеседі. O. lichenis voet, O. tristis Hbst. –Алтай тауларын
мекен етеді. Lema F. тусы – кең таралған, Қазақстанда 3 түрі кездессе, солардың
екеуі Шығыс Қазақстанға тиесілі. L. decempunctata Gebl. және L. cyanella L.
Жоғарыда аталып кеткен тұқымдас тармағына жататын туыстың бірі – Crioceris
Mull. туысы кеңінен таралған, Қазақстанда 5 түрі тіршілік етсе, екеуі Шығыс
Қазақстан аймағында кездеседі C. quatuordecimpunctata Scop және C. oschanini
Dohrn. Lilioceris Reitt. туысы бір түрді қамтиды – L. merdigera L. Қалбы қыратында
жиі кезедеседі.
Шығыс Қазақстан аумағында кездесетін ауқымды тұқымдас тармақтары-
ның бірі – Clytrinae тұқымдас тармағы, оларға 5 туыс кіреді. Labidostomis Germ.
туысы бірнеше түрлерді қамтиды L. longimana L, L. Tridentata L, L. sibirica Germ.,
L. sibirica transitoria Jabs., L. cyanicornis Germ. L. metallica Lef., L. metallica steppen-
Г.Қ. ҚУАНыШБеКОВА, М.Т. БАлПАНБАеВА, Қ.К. БУРУНБеТОВА. 1 (65) 2015. Б. 156-162 iSSN 1683-1667
158
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
sis L. Medv. – Қалбы қыратында таралған түрлер. Chilotoma Redtb. туысына 1 түр
жатады, Ch. Musciformis Goeze. Smaragdina Chevr. туысы – Қазақстанда оның 8
түрі кездеседі, соның 2 түрі S. cyanea F, S. discolor viridiceps Wse. – Тарбағатай
қыратында таралған. Coptocephala Lac. туысы - 30 түрі бар, Қазақстанда 4 түр,
оның 3 түрі Шығыс Қазақстан аймағында кездеседі. C. chalybaea apicalis Lac. –
Қалбы қыратында кездеседі. C. rubicunda rossica L. Medv, C. unifasciata unifasciata
Scop. – Катон-Қарағай және Сарымсақты қыратында кең таралған. Clytra Laich.
туысы – 50 түрді біріктіреді, Қазақстанда 6 түрі кездеседі, оның 3 түрі Шығыс
Қазақстанда таралған. C. atraphaxidis punctatа Wse, C. quadripunctata L. Орман-
ды, далалы аймақтарда, өзен жағалауларында мамыр, маусым айларында қайың,
терек ағаштарынан кездестіруге болады. C. arida Wse.– Нарым қыратында
таралған.
Шығыс Қазақстан аймағында кездесетін келесі тұқымдас тармағының
бірі – Cryptocephalinae тұқымдас тармағы кең таралған, түрлері өте көп.
Қазақстанда 39 туысы кездессе, 4 туысы Шығыс Қазақстан аймағына тиесілі.
Cryptocephalus Geoffr. туысы жер шарында кең таралған, Қазақстанда 89 түрді
біріктіреді, олардың 29 түрі Шығыс Қазақстанда таралған. C. schaefferi Schrk.,
C. macrodactylus Gebl. Қалбы қыратында кездеседі. C. Laetus F., C. aureolus Sufrr.
– Шыңғыстау, Нарым қыратында кең таралған. C. Hypocoeridis L., C. virens Suffr.
– Иванов қыратында, Азутау аймақтарынан кездестіруге болады. C. tataricus
Gebl, C. coryli L. – қоңыздар құмды жерлерде, таулы, тал-бұтақты аймақтарды
мекендейді. C. octopunctatus Scop. – Қалбы, Нарым қыраттарында жиі таралған.
C. quadriguttatus Richt. – Үлкен Нарымда кездеседі. C. krutovskii gebleri Jcbs,
C.modestus Suffr., C. janthinus Germ., C. biguttatus Scop. далалы аймақтар мен өзен
аңғарларындағы өсімдіктерде, Қалбы, Уба
қыратында кезедеседі. Қоңыздар мау-
сым, шілде айларында итмұрын сияқты бұталарда және шөптесін өсімдіктерде
тіршілік етеді. С. punctiger Payk. Бұқтырмада, С. pallidifrons Gyll., C. bilineatus
L., C. frontalis Mull., C. ocellatus Drap., C. labiatus L. – орманды, дала аймақтарда
мекендейді. Маусым, шілде айларында тал, терек, қайың ағаштарының
жапырақтарымен қоректенеді. C. chrysopus Gmel. – мезофил, Қалбы қыратында
кезедеседі. дала, жартылай далалы аймақтарда тіршілік етеді. Маусым айын-
да қайың, тал, итмұрыннан кездестіруге болады. C. eregenensis Mor. – құрғақ,
тұздылау өзен аңғарларындағы шалғындықтарда кездеседі. C. sareptanus Mor.,
C. apicalis Gebl. – ксерофил, Зайсан ойпатында жиі ұшырасады. Маусым айында
қайың, тал, теректен кездестіруге болады. C. sarafschanensis grumi Lop. далалы
аймақтарда таралған. С. pseudolateralis L. Medv., C. beckeri Mor., C. impressipygus
Ogl. Шығыс Қазақстанда кездеседі. C. bohemius Drap., C. stackelbergi Lop. – ксе-
рофил, құмды далалы жерлерде Зайсан ойпатында кең таралған. Pachybrachys
Redtb. туысы кең таралған, 21 түр Қазақстанда таралса, Шығыс Қазақстанда
ЖАРАТылыСТАНУ ҒылыМдАРы ЖӘНе МедИЦИНА
159
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
екі түрі кездеседі. P. mitjaevi Lop. Et Kul. – Зайсан тау жоталарында жиі
кездестіруге болады. P. hieroglyphicus Laich. - маусым, шілде айларында тал,
қайың бұтақтарында мекендейді. Thelyterotarsus Wse. туысы 50 түрді біріктіреді,
оның 11 түрі Қазақстанда, 1 түрі Шығыс Қазақстанда таралған. T. zaissanicus
Lop. – Зайсан көлінің маңында, Жеменей өзенінің жағажайларында кең таралған.
Stylosomus Suffr. туысы – 30 түрді біріктіреді, Қазақстанда 6 түрі кездесcе, оның
2 түрі Шығыс Қазақстанда мекендейді. S. weberi Reitt Зайсан көлі маңында.,
S. cylindricus Mor. – ксерофил, Шығыс Қазақстанда тұзды жерді өсімдіктерде
жиі кездеседі.
Eumolpinae тұқымдас тармағы 2 туысты қамтиды: Chrysochus Redt. Туысы,
Қазақстанда 2 түрі тіршілік етеді, олигофаг. Ch. аsclepiadeus Pall. мезоксерофил,
Зайсан ойпатында дала, шалғындықтарда маусым, шілде айларында кездеседі.
Ch. Goniostoma Wse. – ксерофил. Құмды далада тіршілік етеді. Bromius Chevr.
туысы 1 түрді біріктіреді, B. оbscurus L. – орман, орманды далалы жерлерде
кездеседі.
Chrysomelinae тұқымдас тармағы кең таралған, 22 туысты біріктіреді.
Chrysolina Motsch. туысы кең таралған, Қазақстанда 40 түр, соның 15 түрі Шығыс
Қазақстан аймағында кездеседі. Ch. exanthematica Wied. Тарбағатай қыратында
жиі кездеседі. Ch. gramminis artemisae Motsh., Ch. рedestris Gebl – мезофил,
Қазақстан Алтайы өңірінде жиі таралған. Ch. cerealis L., Ch. staphylea L. орман,
орманды дала өсімдіктерімен қоректенеді. Сh. diversipes Bed. Қалбы қыратында
таралған. Ch. alatavica Jcbs. Тарбағатай өңірінде кездеседі. Ch. aurichalcea
Mannh. Cаур тауларын мекендейді. Сh. morio Kryn. – далалы аймақ жәндігі.
Ch. balloni Lop. Шығыс Қазақстан эндемигі, Тарбағатай қыратында кездеседі.
Ch. saurica Jcbs. Саур тауында таралған. Сh. aerugonisa Fald. – Алтай таулы
аймағында кездеседі. Ch. purpurata Fald. – далалы аймақ жәндігі. Ch. unicolor
Gebl. – Зайсан ойпатына дейін таралған. Ch. cinctipennis Har. – далалы аймақты
мекендейді. Dlochrysa Motsch. туысы 1 түрді қамтиды. D. fastuosa Scop. – ме-
зофил. дала, жартылай далалы аймақтарда мекен етеді. Oreina Chevr. туы-
сы – Қазақстанда тек 1 түрі кездеседі. O. basilea Gebl. – Алтайлық түр. Алтай
өңірінде Иванов, Убa, Катунь қыраттарында кең таралған. Neophaedon Jcbs.
туысы – 1 түрді біріктіреді. N. pyritosus Rossi. – мезоксерофил, құрғақ далалы
аймақтарда кездеседі. Gastrophysa Chevr. туысы – 1 түрді біріктіреді. G. viridula
Deg. – мезофил, орман, орманды далаларда кездеседі. Hydrothassa Thoms. – 1
түрді біріктіреді. H. marginella L. – Алтай таулы өңірінің Иванов қыратында жиі
кездеседі, мезофил. Apterocuris Jcbs. туысы A. sibirica Gebl. – Иванов қыратында
жиі кездеседі, мезофил. Oreothassa Jcbs. туысы O. martjanovi Jcbs. – Алтайлық
мезофил. Уба қыратында кең таралған. Chrysomela туысы –Қазақстанда 7 түрі,
соның 4 түрі Шығыс Қазақстан аймағында таралған. Ch. vigintipunctata L. –
Г.Қ. ҚУАНыШБеКОВА, М.Т. БАлПАНБАеВА, Қ.К. БУРУНБеТОВА. 1 (65) 2015. Б. 156-162 iSSN 1683-1667
160
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
орман мезофилі. Қалбы қыратында жиі кездеседі, тал, терекпен қореқтенеді.
Ch. Cuprea L. – орман мезофилі, Қалбы қыратында жиі таралған. Ch. Lapponica
L. – Алтай өңірінде Үлбі қыратында жиі ұшырасады. Ch. Tremulae F. – мезофил.
Linaeidea Motsch. туысынан Қазақстанда 1 түрі кездеседі. L. aenea L. – орман
мезофилі. Phratora Chevr. туысы Қазақстанда 3 түрі кездессе, оның 2 түрі Шығыс
Қазақстанда таралған. PH. vulgatissima L., Ph. vitellinae L – орман мезофилдері.
Gonioctena Chevr. туысы 4 түрді қамтиды. G. pallidus L., G. rufipes Deg. – ор-
ман мезофилдері. G. viminalis L. – Өскемен қаласының маңында кездеседі. G.
linnaeanus Schrk. – өзен аңғарларындағы талдарда кездеседі. Cystocnemis Motsch.
туысы – Қазақстанда 2 түрі кездеседі. C. Discoidea Gebl. – Алтайлық мезофил,
Өскемен қаласы, Көкпекті аудандары аумағында кездеседі. C. сoncolor Kraatz.
– Тарбағатай-Алтайлық мезофил. Oreomela Jcbs. туысы Қазақстанда 10 түрі
кездеседі, оның бір түрі Шығыс Қазақстан аймағында кездесетіндігі анықталды.
O. tarbagataica Lop. – Тарбағатай қыратында жиі кездеседі.
Galerucinae тұқымдас тармағы 13 туысты қамтиды. Соның бірі – Galeruca
Geoffr. туысы, Қазақстанда 7 түрі кездеседі. 7 түрдің 5 түрі Шығыс Қазақстан
аймағында кездесетіндігі анықталды. G. pomonae Scop. – мезофил. G. nigrolineata
Mannh. – мамыр, қырқүйек айларында кездестіруге болады. G. weisei Reitt. – ме-
зофил. Қалбы қыратында кездеседі. G. laticollis Sahlb. –мезофил. G. interrupta
circumdata Duft.– мезоксерофил. Pallasiola Jcsbs. туысы – Қазақстанда 1 түрі
кездеседі. P. absinthii Pall. – мезофил. Theone Gistl. туысына бір түр жатады. T.
silphoides scrobiculata Madl. – Тарбағатай қыратында жиі кездеседі. Nyctiphantus
Sem туысы бір түрді қамтиды. N. hirtus Wse. – мезофил. Lochmaea Wse. туысы
– Шығыс Қазақстанда 2 түрі кездеседі. L. capreae L. – орман мезофилі. Маусым,
шілде айларында терек, қайың ағаштарынан кездестіруге болады. L. crataegi
Forst. – алма жапырақтарымен қоректенді. Pyrrhalta Joann туысының Қазақстанда
7 түрі кездеседі. Соның бірі Шығыс Қазақстанға тиесілі. P. pusilla Duft. – ме-
зофил. Маусым, тамыз айларында өзен жағалауларында кездестіруге болады.
Phyllobrotica Chevr. – Шығыс Қазақстанда 1 түрі кездеседі. Ph. quadrimaculata L.
– мезогигрофил. Exosoma Jac. – Шығыс Қазақстанда 1 түрі кездеседі. E. collare
Humm. – мезоксерофил. Agelastica Chevr. – Шығыс Қазақстанда 1 түрі кездеседі.
A. alni orientalis Baly.– мезофил. Luperus Geoffr. – Қазақстанда 8 түрі таралған,
бір түрі Шығыс Қазақстанда. L. Altaicus Mannh. – мезофил. Sermylassa Reitt. туы-
сынан S. halensis L. – мезофил, Үлбі қыратында кездеседі.
Alticinae тұқымдас тармағы кең таралған, жиі кездеседі. Бұл тұқымдас
тармағының 8 туысы Шығыс Қазақстанда таралған. Солардың бірі Phyllotreta
Chevr туысы, Қазақстанда 20 түрі, оның бір түрі Шығыс Қазақстанда жиі кезде-
седі. Көпшілігі бау-бақша крестгүлділерінің зиянкестері. Ph. undulate Kutsch. –
мезоксерофил. Крестгүлділер зиянкестері. Aphthona Chevr туысынан Қазақстан-
да 20 түрі кездеседі. A. nigriscutis Foudr. – ксерофил,. A. semicyanea All. – ірілеу
ЖАРАТылыСТАНУ ҒылыМдАРы ЖӘНе МедИЦИНА
161
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
келген. A. hammarstroemi Jcbs. – мезофил түр. Longitarsus Latr туысы. Қазақстанда
40 түрі кездеседі. L. Suturalis rubenticollis All., L. melanosephalus Deg. – таулы
аймақтарда, L. scutellaris Rey. – Зайсан қыратында, L. tabidus, L. succineus Fourd.
– орман және орманды далаларда кездесетін түрлер, L. pellucidus Foudr. – ме-
зофилдер, шалғындықтарда өзен жағалауларынан кездестіруге болады. Altica
F. туысы Қазақстанда 10-нан артық түрлері кездеседі. A. рusilla Duft. – мезофил,
шалғындықтардан, далалы аймақтардан, өзен жағалауларынан кездестіруге бо-
лады. A. oleracea L. – мезофил, орманды алқаптар мен альпі шалғындықтарына
дейін таралған. Crepidodera Chevr. туысынан Қазақстанда 4 түрі тіршілік етеді.
C. аurata Marsh,. C. aurea Geoffr. – мезофил түрлер. Chaetochema Steph. туысы-
нан Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Ch. Semicoerulea Koch. – мезофил, Нарым
қыратында жиі кездеседі. Сh. concinna Marsh. өзен, көл жағаларында кездессе,
Ch. compressa Letzn. құрғақ дала мен өзен маңы өсімдіктерін мекендейді. Dibola
Lattr. туысынан Қазақстанда 4 түрі кездеседі. D. Depressiuscula Letzn. – мезо-
фил, Үлбі, Убa қыраттарында жиі кездеседі. Psylliodes Latr. Қазақстанда 18 түрі
кездеседі. P. macella macella Wse. – ксерофил. Тарбағатай, Саур қыраттарында
жиі кездеседі. P. cucullata iii – мезофил. P. аttenuate Koch. – мезофил. Қалбы
қыратында жиі кездеседі. P. affinis Pauk. – өзен аңғарлары шалғындықтарында
кездеседі. Р. atriplicis Jcbs. ксерофил болса, P. chalcomera iіі. – күрделігүлділермен
қоректенеді. P. sophiae Heik., P. isatidis Heik. – орман, орманды далаларды
мекeндейді.
Cassidinae тұқымдас тармағы бірнеше түрлерді қамтиды. Солаpдың бірі
Chiridula Wse. туысы 1 түрді біріктіреді. Ch. semenovi Wse. – ксерофил, құрғақ-
далалы шалғындықтарда кездеседі. ischyronota Wse. – 6 түрді біріктіреді,
Қазақстанда тек 5 түрі кездеседі. i. conicicollis Wse. – ксерофил. далалы
аймақтардан сәуір, маусым айларында сексеуілден байқауға болады. Cassida L. –
Қазақстанда 30 түрі кездеседі. Соның ішінде 9 түрі Шығыс Қазақстан аймағында
кең таралған. C. subreticulata Suffr. – мезофил, C. murraea L. – орман мезофилі.
C. stigmatica Suffr. – мезоксерофил. C. sanguinosa Suffr. – мезофил. C. denticollis
Suffr. – мезоксерофил. Қоңыздар маусым, шілде айларында күрделігүлділермен
қоректенеді. C. sanguinolenta Mull.– Қалбы қыратында кездеседі. C. prasina iii
– далалы аймақтарда күрделігүлділерде тіршілік етеді. C. parvula Boh.– мезок-
серофил. C. vittata vill. – мезофил. Маусым, шілде айларында қалайқайдың
жапырақтарынан байқауға болады [3, 4].
Шығыс Қазақстан жапырақ жемірлері көпшілік жағдайда, қосжар-
нақтылармен (тал, терек, қайың, қарақұмық, шегіршін, алабұталар тұқымдасы,
тұңғиық, крестгүлділер, бұршақ тұқымдастары, жыңғыл, ерінгүлділер,
күрделігүлділер), даражарнақтылармен (елекшөптәрізділер, қияқ тұқымдастары,
дәнді өсімдіктермен) қоректенеді. Қазіргі таңда, Қазақстанда жапырақ
жегіш қаттықанатылар фаунасы 562 түрімен сипатталады. Шығыс Қазақстан
аумағында біздің зерттеулеріміз бен әдеби деректердің мәліметтері бойынша
Г.Қ. ҚУАНыШБеКОВА, М.Т. БАлПАНБАеВА, Қ.К. БУРУНБеТОВА. 1 (65) 2015. Б. 156-162 iSSN 1683-1667
162
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
Chrysomelidae тұқымдасынан 160 түр анықталды, дегенмен де түрлер қатары әлі
де толықтырылуы мүмкін.
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Агибаева А.Ж. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестермен аурудан қорғау /
А.Ж. Агибаева, А.К. Тулеева, З.Ж. Сулейменова. – Алматы, 2010. – 163 б.
2. Уалиева Қ. Бау-бақша зиянкестері / Қ. Уалиева. – Алматы, 1976. – 188 б.
3. Куленова К.З. Жапырақ жегіш қоңыздар / К.З. Куленова.- Алматы, 1978.
–175 б.
4. лопатин И.К. Жуки-листоеды Казахстана / И.К. лопатин, К.З. Куленова. – Ал-
маты, 1969. – 197 с.
REFERENCES
1. Аgibaeva А.J., Тuleeva А.К., Sukeimenova Z.J., Аuуlsharuashlyq daqyldaryn
ziankestermen aurudan qorgau. Аlmaty, 2010, 163 (in Kaz).
2. Ualieva K., Bau bаqshа ziankestery. Аlmaty, 1976, 188 (in Kaz).
3. Кulenova К.Z., Zhаpyrak zhegush konuzdar. Аlmaty, 1978, 175 (in Kaz).
4. Lоpatin i.К., Кulenova К.Z., Zhuki listoedy Каzakhstan. Аlmaty, 1969, 197 (in Kaz).
УдК 373.21: 811.512.122
м.Ж. муХАмАДиев, А.в. еГОРиНА
Восточно-Казахстанский государственный университет
имени С. Аманжолова, г. Усть-Каменогорск, Казахстан
ОСНОВНые ИСТОЧНИКИ АНТРОПОГеННОГО ЗАГРЯЗНеНИЯ
АТМОСФеРы, ТеХНИЧеСКИе СРедСТВА
И МеТОды ЗАЩИТы АТМОСФеРы
В данной статье описывается антропогенное загрязнение атмосферы, вклад в за-
грязнение различных отраслей, материальные балансы, схемы использования средств
защиты атмосферы, основные типы оборудования для борьбы с атмосферными загряз-
нениями и технические средства и методы защиты атмосферы. Приведена схема рас-
положения населенных пунктов наблюдения за состоянием атмосферного воздуха на
территории Республики Казахстан.
Ключевые слова: атмосфера, загрязнение, промышленность, схема, рисунок, за-
щита, среда, борьба, выброс.
АТМОСФеРАНың АНТРОПОГеНдіК лАСТАНУыНың
НеГіЗГі КӨЗі, АТМОСФеРАНы ҚОРҒАУдың ТӘСілдеРі
МеН ТеХНИКАлыҚ ҚҰРАлдАРы
Мақалада атмосфераның антропогендік ластануы, әртүрлі салаларда ласта-
нуына қосқан үлесі, материалдық баланстар, атмосфераны қорғау тәсілдерін пайда-
лану жүйесі, атмосфералық ластанулармен күресетін құралдардың негізгі түрлері,
ЖАРАТылыСТАНУ ҒылыМдАРы ЖӘНе МедИЦИНА
163
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
техникалық құралдары және атмосфераны қорғау әдістері сипатталған. Қазақстан
Республикасындағы елді мекендердегі атмосфералық ауаның жағдайын қадағалайтын
кесте ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |