Газет 1917 жылдың 28 шілдесінен бастап шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата15.03.2017
өлшемі5,01 Mb.
#9296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жәңгір хан 

қай жылы туған?

Қарабай  тұқымы  Атан  ханым­

нан дүниеге келген Жәңгір Бөкей­

ұлының  туған  жылы  туралы  да 

бірыңғай  пікір  жоқ.  1826  жылы 

қазан  айында  Жәңгірді  көрген 

Қазан  университетінің  профессо­

ры  Фукстің  сөзінше,  хан  24  жаста 

болған.  1834  жылы  ханға  барған 

Гебель  сол  кезде  Жәңгірдің  30 

жас  шамасында  болғанын  айта­

ды. 1837 жылы Ордада болған Ка­

занцев  ханды  40  жас  шамасында 

деп анықтаған. Ханыков пікірінше, 

Жәңгір  немере  ағасы  Шығайдың 

1822  жылдың  соңында  өзіне  тақ­

қан  жаласынан  ақтала  отырып,  өзі­

нің  кәмелеттік  жасқа  жеткендігін 

алға  тартып,  Орданы  басқаруға 

рұқсат  сұраған.  Осы  деректерді 

жан­жақты  саралаған  зерттеуші 

И.  Иванов  хан  замандастарының 

мәліметтері  1815  жылы  шілде 

айында  Жәңгірді  14  жаста  деген 

анасы  Атан  ханымның  мәліметі­

мен  айтарлықтай  сәйкес  келмей­

тінін  айтып,  Бөкей  ханның  ұлы 

Жәңгірдің  туған  уақытын  нақты 

анықтау  қиын  деп  жазды  [Иванов 

И.  Джангер,  хан  внутренней  Кир­

гизской  орды.  –  Астрахань,  1895.  

В  сб.  Букеевской  Орде  200  лет. 

Книга  2.  –  Алматы:  «Өлке»,  2001. 

8­9  бб.].  Тәуелсіздік  жылдары 

да  Жәңгір  хан  тарихына  қалам 

тартқан  тарихшылар  ортақ  пікір­

ге  келе  алмады.  «Жангир  хан 

(1801­1845  гг.)»  атты  еңбегінде 

тарихшы  Ж.  Қасымбаев  1801  жы­

лы  туғандығын  жазса,  Б.  Жанаев 

1803/1804  жылы,  И.  Ерофеева  

1804  жылы  дүниеге  келген  дей­

ді.  Бүгінде  басына  қойылған  құл­

пытастағы  арабша  жазуды  оқып, 

талдаған  Жаңақала  аудандық  ме­ 

 шітінің  имамы  Мұратбек  қажы 

Жахатов  1845  жылы  11  тамызда  

42  жасында  фәниден  озған  Жәң­ 

гір  ханның  1803  жылы  дүниеге 

келгенін  анықтап  берді  [Т.  Кен­

жеғалиев  Құлпытастың  құпиясы  

// Алаш айнасы. – 2012. – 21 сәуір. 

–  №68  (750).  5­б.].  Мұны  мұрағат  

деректері  де  қуаттайды.  1837  жы­

лы  3  сәуірдегі  қызметтік  тізімінде 

Жәңгір  хан  34  жаста  делінген.  Ал 

келесі  1843  жылы  31  қаңтардағы 

қызметі  туралы  жазбада  39  жаста 

деп  берілуінің  өзі  дұрыс  болатын 

[ҚРОММ.  4­қ.,  1­т.,  1607­іс,  6­п.,;  

78­қ.,  4­т.,  178­іс,  131­п.].  Себебі, 

ол  кезде  қазақтар  жыл  басы  нау­

рыз  айынан  соң  өздеріне  бір  жас 

қосатын.  Егер  наурыздан  кейін 

сұраса,  хан  өзін  40  жастамын 

деп  көрсетер  еді.  И.  Казанцевтің 

анықтауынша,  Жәңгір  хан  1845 

жылы 11 тамызда кешкі сағат 6 ½ 

шамасында  42  жасында  Торғын 

бойындағы  жаз  жайлауында  жүй­

ке  қызбасынан  бақилық  болған 

[Казанцев  И.  Описание  киргиз­

кайсак.  –  СПб.:  Типография  Това­

рищества  «Общественная  поль­

за»,  1867.  220­б.].  Осыған  орай 

алдағы  уақытта  Жәңгір  хан  1803­

1845  жылдары  өмір  сүрді  деген 

тоқтамға келу керек.  Ал Жәңгірдің 

әкесі  Бөкейдің  басына  орнатыл­

ған  құлпытастың  бүгінге  жетпеуі 

ханның 1815 жылы неше жасында 

өмірден  озғанын  және  нақты  қай 

жылы  туғанын  анықтауға  мүм­ 

 кіндік бермей отыр. Міне, сондық­

тан  да  қолымызда  қандай  да  бір 

құжаттық  деректің  болмауына 

байланысты  Бөкейдің  туған  жы­

лын  тұспалдап  айтуға  асығыстық 

жасамаған  жөн.  Себебі  келешек­

те  мұрағат  құжаттары  арасынан 

ол  жайлы  мәліметтердің  табылуы 

ғажап емес. Оның үстіне Ә. Сарай, 

Ө.  Әлімгереев  секілді  жазушылар 

Бөкей ханның шикі судан жұғатын 

бөсір  дертіне  шалдығып,  санаулы 

күн  ғана  ауырып,  көз  жұмғанын 

жазады.  Бұл  арада  Бөкей  хан 

өлімін  Орынбор  әскери  губерна­

торы  Г.  Волконскийге  хабарлаған 

Астрахан  казак  полкінің  коман­

дирі  В.  Скворцовтың  1815  жылы 

26  мамырдағы  рапортында  келті­

рілген  «будучи  одержим  водя­

ною  болезнью»  деген  сөзі  негіз­

ге  алынған  [ОрОММ.  6­қ.,  10­т., 

1286­іс,  1­п.].  Шын  мәнінде,  бөсір 

ауруының  орысша  мағынасы  ас­

каридоз  болса,  «водяная  болезнь 

(водянка)»  деген  аурудың  қазақ 

тіліндегі  аудармасы  шемен  деп 

берілген.  Шемен  –  денеге  ұйыма 

сұйықтық,  яғни  сарысу  пайда  бо­

лудан болатын ауру. Анықтамасын 

келтірсек,  шемен  –  қан  мен  лим­

фа  сұйығының  қалыптан  тыс  көп  

бөлініп,  ағза  тініне  қайта  сіңуінің 

нашарлауынан  тері  асты  май  қа­ 

баттарына,  тіндерге,  буынға,  ор­ 

гандарға  сұйықтықтың  (транссу­

даттың)  жиналуы  [https://kk.wiki­

pedia.org/wiki/Шемен].  Сондықтан 

Бөкей хан денеге сарысу жиналу­

дан пайда болатын шемен ауруы­

нан дүниеден озған.



Тобықтай түйін

Түйіндеп  айтқанда,  бұл  Бөкей 

хан  тарихындағы  таңдақтардың 

басы ғана. Өйткені оның өмірі мен 

қызметіне  тереңірек  үңіле  түскен 

сайын  ашылмаған  ақтаңдақ  бет­

тер алдыңнан шыға береді. Мұның 

өзі  «Халқына  шекер  шайнатып, 

бал ішкізген» Бөкей хан бітім­бол­

мысының  бүгінге  дейін  арнайы 

зерттелмеуімен  байланысты.  Ел 

жадында  сауатты,  ақылды,  ұстам­ 

ды адам кейпінде әдіптелген, қан­ 

 шама жерді кейінгі ұрпағына ама­

наттап  қалдырған,  өз  қаржысы­

на  Астраханнан  астық  пен  түрлі 

жарма  алдыртып,  халқына  тарат­

қан,  заманында  «Байларға  құба 

жайлатқан, Жарлыға мыңдап жыл­

қы айдатқан», яғни жұртының ме­

рейіне  бөленген  Бөкей  ханның 

ел  алдындағы  еңбегін  бүгінгі  ұр­

пақтың толық танып, одан тағылым 

алуы  үшін  әлі  де  айтылмай  һәм 

ашылмай  жатқан  тұстарына  сәу­

ле  жүгіртіп,  кеңірек  насихаттау 

қажет. 

Жәнібек АЛЛАяРҰЛЫ, 

М. Өтемісов атындағы 

БҚМУ-дың 

аға оқытушысы,

тарих ғылымдарының 

кандидаты

P.S. 

Демек, қаламыздың іргесіндегі Бөкейді хан көтеру 

салтанатына орай «Хан тоғайы» аталған тарихи орынға белгі 

қойып, шаһарымыздың көрнекті жерінде ескерткіш тұрғызып, 

Ресей мұрағаттарына ғылыми экспедиция жіберіп, тарихи 

зерттеулер жүргізіп, монографиялық еңбектерді жарыққа 

шығару, мектеп, көше атауларына есімін бергізу, т.б. іргелі істерді 

ұйымдастырып, жүзеге асыруды қолға алу ел тізгінін ұстаған 

игі жақсылардың туған елі мен жерінің, ата­баба тарихының 

алдындағы азаматтық парызы болмақ. Себебі, биыл 2016 жылы 

Бөкей ордасының құрылғанына 215 жыл толды. Ал тарих дөңгелегі 

болса, өз ырғағымен тоқтаусыз жүре бермек.

ақтаңдақтар

Майдангердің  

мерейжасы


16

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4 тамыз 2016 жыл

есТелік


М

ерейлі  жетпіс  жасына 

жарты  жылдай  қал­

ғанда  Серікқали  інім 

қайтпас  сапарға  аттанып  кетті. 

Тамыздың  басында  70  жылдығын 

атап  өтетін  едік.  Ауыр  науқаспен 

жыл  жарымдай  айқасып  көрді. 

Еш  қайран  жоғын  білсе  де, 

мойымады.  Жұмысын  тастаған  

жоқ,  шәкірттеріне,  әріптес  ініле­

ріне  айтар  сөзін  айтып  кетті.  Ба­

руға  тиісті,  барғысы  келген  жері­

не  –  Алматыға  да,  Ақтөбеге  де, 

Маңғыстауға да барды. Бұрынғыша 

Оралда  болып  жатқан  мәдени­

әдеби  шараларға  қатысты,  қазы­ 

лық  қылды,  көкейкесті  ойларын  

ортаға  салды.  Өткен  жазда  әдет­

тегінше  Жайыққа  барып  шомыл­

ды,  сары  бала  күнге  қыздырынып 

қап­қара  болып  шықты.  Қонақ  та  

шақырды,  қонаққа  да,  тойға  да 

барды.  Бұрынғыдай  әдемі  қалжы­

ңымен,  өнегелі  сөздерімен,  әңгі­

мелерімен бәрімізді қуантты. Осы­

ның  бәрі  ініміздің  қатал  ауруға 

қарсылығы  болды.  Серікқалидың 

кімге  болса  да  айтажағын  айтып 

қалатын  батылдығы,  өткірлігі,  қай­ 

 сарлығы ауырған кезде де көрінді.  

Қиналғанын,  арып­талып  қажыға­

нын басқаларға көрсеткісі келмеді.  

Көңілін  сұрап  келгісі  келгендерге  

«Пейіліне  рақмет»  деп  қабылдама­

ды. Жұбайы Әспетке де, бала­келін­

деріне де салмақ салғысы келмеді. 

Бірақ  бәріне  де  риза  болып  өтті 

дүниеден.  Ештеңеден  өкінуді  біл­

мейтін  ақжарқын,  оптимист  адам 

өлерінде де ештеңеден өкінген жоқ.

Ініміздің  жоқтығы  іле­шала  біліне 

бастады.  Анда­санда  жинала  қалған 

кезде тиісіп жүретін Рашид, Наурыз 

сияқты  балдыздардан  мені  Серік 

үнемі  қорғап  жүретін  еді.  Алпыс 

жылдай  бұрын  ауылдан  ауданға, 

Жаңа  Қазанға  сегізінші  сыныпқа 

оқуға  келгенде  қаланың  балалары 

(Казанка  біздердей  құмшықтарға 

қала болып көрінетін) тиісіп, ұрына 

бергенде, мені қорғайтын Серіктің 

ағасы  Нариман  болып  еді.  Сол 

жылы  Нариманның  сыныбы  біздің 

ауылға  барып,  бір  айдай  жұмыс 

істеген  болатын,  пішен  шауып,  пі­

шен үйіп дегендей. Сонда танысқан 

болатынбыз. Содан Нариман екеу­

міз достасып кеттік.

Нариман  өзі  институтта  оқи 

алмаса  да,  Серіктің  оқып,  адам 

болғанын,  қатарынан  қалмағанын 

қалады,  қолынан  келген  көмегін 

аяған жоқ. Кейін мен Киев универ­

ситетінде оқып жүргенде, Нариман 

Серікке  досын  үлгі  етіп  «Тілекжан 

ағаңдай  бол!»  деп  айтып  жүреді 

екен.  Алматыда  аспирантурада 

оқып  жүргенімде,  Серік  мені  із­

деп  тапты.  Сол  кезден  танысып, 

табысып  кеттік.  Маған  «давление» 

деген пәле жабысып мазалап жүр­

генде, «Елге қайт!» деп үгіттеп, ақы­ 

ры Оралға алып келген Исатай де­

ген досым мен осы Серікқали еді.

Серікқали, шынында да, қай­қай 

жағынан  да  мен  үшін  тым  қымбат 

іні  әрі  дос  еді.  Қонақтарымды 

басқарып,  тойларымды  атқарып 

жүрді.  Бірге  жүрген  ұзақ  жыл­

дар  бойы  мен  оның  пейіліне  де, 

қызметіне  де,  қалжыңына  да,  әң­

гімелеріне  де  тоймай­ақ  қойдым. 

Өне  бойы  көргім  келетін,  тыңда­

ғым келетін еді. Өмірде кездесетін 

келеңсіз  жайттарға  байланысты 

қиналған,  күйзелген  сәттерде  ма­

ған  келіп  көңіл  күйін  білдіретін. 

Сөйтіп,  бір  тоқтамға  келіп  сер­

піліп  қалатын.  Ол  менен  бірдеңе 

үйренсе,  мен  де  одан  оқу­тәрбие 

ісіне  байланысты  көп  нәрселер 

үйрендім  деп  айта  аламын.  Ұстаз, 

тәрбиеші  ретінде  оған  тең  келетін 

адамдар  сирек  шығар  деп  ойлай­

мын.  Жұмыс,  сабақ  десе  немесе 

институт,  кафедра,  студенттер  де­

се,  Серік  бар  зыбынын  салатын, 

білімін де, уақытын да, күш­жігерін 

де  сарп  етуге  әзір  болатын.  Әр 

түрлі  қоғамдық  жұмыстарға  да, 

осы  өңірде  болып  жатқан  тілге, 

әдебиетке  қатысты  іс­шараларға 

да  сондай  жауапкершілікпен  қа­

рады.  Бұл  жағынан  да  оның  жоқ­

тығы білініп қалған шығар.

Тіл,  әдебиет  саласында  оның 

білімі де, пікірі де, түсінігі де нағыз 

мамандарға тән мол әрі терең еді. 

Серіктің  кандидаттық  жұмысына 

жетекшілік  еткен  марқұм  акаде­

мик  Зейнолла  Қабдолов  кез  кел­

ген  адамға  келісім  бере  бермей­

тін.  Серіктің  дарынын  байқап,  

«Бұл  балаға  мен  жетекші  бола­

йын»  деп  кафедрада  өзі  сұрап  ал­

ған  екен.  Кандидаттық  жұмысына 

қатысты  «Қазақ  әдебиетінде»  екі 

бет  болып  басылған  мақаласы 

кезінде газеттің жыл аяғында үздік 

мақалаларға  берілетін  сыйлығын 

жеңіп алған болатын.

Серік  қажет  материалды  көп 

оқып  қайталап  жатпаушы  еді,  ден 

қойып  бір  оқығаны  жетіп  жата­

тын.  Өз  ойын  ауызша  да,  жазбаша 

да  кімге  болса  да,  түсінікті  түрде 

жеткізе білді. Қай мәселе болса да, 

кімнің  алдында  болса  да,  өз  ойын 

мәймөңкелемей  тура  ашық  ай­

татын.  Жалғандыққа,  арамдыққа, 

көлгірсуге жаны қас болды.

Кандидаттық  жұмысын  қорға­

ғанда  ол  оқудан,  жазудан,  іздену­

ден  шаршаған  жоқ,  тек  Шерхан 

Мұртаза айтатын бір кем дүниенің 

кесірінен  қиналды.  Докторлық 

диссертациясын  да,  біткен  жұмыс­

ты  кезінде  қорғауына  осы  кем 

дүниенің  мехнаты  кесел  болды. 

Біреулер  біздерді,  оқытушыларды, 

студенттерден  пара  алып  шалқып 

жүр  деп  ойлайтын  шығар.  Мұн­

дай  пендешіліктен  бәрі  де  аулақ 

деп  айта  алмаймын.  Бірақ  Серікке 

мұның  ешқандай  қатысы  жоқ.  Ол 

үшін  ұстаздық  деген,  жастарды 

тәрбиелеу  деген  –  сауда­саттыққа 

ешқандай  қатысы  жоқ  ардың  ісі. 

Талай адамға жақсылық жасаса да, 

ешкімнен ештеңе дәметкен емес.

Қазір,  Құдайға  шүкір,  ғылымда 

докторлар  көбейді  ғой,  бірақ  Тө­

регелді  Шарманов  ағамыз  жаз­

ғандай,  көбінің  сапасы  атағына 

сай  келмейді.  Мен  бір  мақаламда 

осыған  байланысты  доктор,  про­

фессор  деген  ресми  атақ­дәреже­

сі  болмаса  да,  білімі,  түсінігі,  тә­

жірибесі  жағынан  атақ­дәрежесі 

бар докторлардан, профессорлар­

дан  асып  түспесе,  кем  түспейтін 

ғалымдар,  ұстаздар  бар  деп  жаз­

ғанмын. Солардың қатарына Серік­

қали Шарабасовты қосқан едім.

Шынында  да,  Серіктің  өз  са­

ласында  білмейтіні  жоқ  болды. 

Аңғарғыштығы,  сезімталдығы,  тап­ 

 қырлығы,  шешендігі  тағы  бар.  Бі­

лімпаздығы  болар  –  талай  жиын­

дарда әр түрлі тақырыпта сөйлеген 

кезде  Серік  қағазға  қарауды  біл­

мейтін,  айтайын  дегені  өздігінен 

құйылып  жататын.  Серікті  тыңдау 

бір ғанибет еді.

Абайды  жатқа  білетін,  жиі­жиі 

оған  жүгінетін.  Орысша  аударма­

сына  риза  болмаса  да,  орыс  тілді 

аудиторияда  Абайды  орысша  да 

жатқа айтатын. Серіктің Абай әлемі 

туралы  түсінігі  философ  ағасын  да 

талай тәнті еткені бар­ды.

Зымырап  уақыт  өтіп  жатыр.  Біз 

енді Серік туралы өткен шақта ай­

татын  болдық.  «Қатар  жүрген  күн­

дерді  сыйлайықшы,  біреу  ерте,  бі­ 

реу  кеш  бір  құлайды»  дегендей, 

Серік  арамыздан  тым  ерте  кетіп 

қалды.

Қасымызда  күн  сайын  көріп 



жүрген адамның қадірі біліне ме.

Қазақта  «Ағайынға  қадірім  жоқ, 

бетімді көреді» деген сөз бар екен. 

Шынында  да,  бірге  жүрген  адам­ 

ның қадіріне баға бере қоймаймыз.

Біз  үшін  Серік  өзіміздің  сары 

бала  еді.  Енді  келіп  Серіксіз  де 

өмір  сүрудің  қандай  екенін  біле 

бастадық.  Ұзақ  жылдар  Серікпен 

араласып  бірге  жүрудің,  ойнап 

күлудің  бұйырғаны  енді  бізге  сол 

сүйеніш  болатын  шығар.  Студент­

тер  үшін  шыбын  жаны  шығып 

жүрген Серіктің қандай ұстаз, тәр­

биеші болғанын олар да біле қойды 

ма екен. Ұстаз деген тап солай бо­

луы  керек  қой  деп  ойлайтын  бо­

лар. Бірақ екінің бірі Шарабасовтай 

ұстаз болмағаны анық.

Тек  ұстазымен  қоштасар  сәтте 

қыздардың  да,  ұлдардың  да  қо­

сылып  жылағаны  Серіктің  қандай 

ұстаз  болғанынан  хабар  берген 

сияқты болды.

Серікті  білген,  онымен  аралас­

қан  адам,  оның  әріптестері  және 

мыңдаған  шәкірттері  ешқашанда 

ұмытпайды.  Серіктің  аты,  сөзі, 

жолы  бәріміздің  есімізде  мәңгі­

бақи қалады.

«Әке  ұрпағымен  мың  жасайды» 

деген сөз бар. Серіктің Жайық, Еділ  

есімді екі ұлы әке үмітін ақтай бас­

тады, алда да ақтай береді деп се­

неміз.  Топырағың  торқа,  жатқан 

жерің жәннат болсын, Серік інім.



Тілекжан РЫСҚАЛИЕВ, 

профессор

Жоқтығың  білініп  тұр-ау,    

іНім-Ай...

Жарқылдаған  азамат  еді...



Өз ісіне деген құлшынысы бойындағы қайра­

тымен ұштасып жататын Қайыржан Сұлтанұлы 

қызметін жан­тәнімен беріліп атқара білетін.

Қ

ай  салада  еңбек  етсе  де, 

қатарының алды, асқан бел­ 

 сенділігімен  ұжымға  үлгі  бола  біл­ 

ді. Арыстай тұлғаның өмірі шарық­

тау  шегінде  аяқ  асты  үзілгені  қын­

жылтады, әрине. Талай қиындықты 

еңсеріп,  биіктен  көрініп,  бойында 

қуаты тасыған азаматты 60 жастың 

асуын  алқымдаған  кезінде  сұм 

ажал  арамыздан  алып  кетті.  Көзін 

көріп,  бірге  жүрген,  қызметтес 

болған  жандар  оның  іскерлігін, 

кәсіби  шеберлігін  жақсы  біледі. 

Олар  еріксіз  «Әттең!»  десіп,  асыл 

жанмен  қимастықпен  қоштасты, 

жазмышқа бағынды.

Қайыржан  Сұлтанұлының  өз  ден­ 

 саулығына  шағымданып  не  шар­

шап­шалдығып,  мұқалғанын  көр­

гендер кемде­кем шығар. Көпшілік 

алдында  өзін  тік  ұстап,  үнемі  кү­

лімдеп,  шаршы  топта  сөз  бастап 

жүретін  көшбасшы  болатын.  Бұл 

оның  рухының  биіктігі  болса  ке­

рек.  «Әр  күнін  жұмыс  жоспарына 

сай  өткізуді  әдетке  айналдырған 

жігіт  ағасының  бойындағы  күш­

қуаты,  қарқыны  жалындаған  жас­

тармен пара­пар», ­ деп әзілдейтін 

үзеңгілестері.  Қайыржан  Сұлтан­

ұлы  өмірінің  соңғы  жылдары  «Ақ 

жол»  ҚДП  БҚОФ  төрағасының  бі­ 

рінші орынбасары қызметін атқар­

ды.  Оған  қоса  Қазақстан  халқы  

ассамблеясының  мүшесі  ретінде 

өңірдегі түрлі ұлт пен ұлыс арасын­

дағы татулықты, ауызбіршілікті ны­

ғайтуға өлшеусіз үлес қосты.

Қайыржан  Идиятов  –  Сырым 

ауданы  Жымпиты  ауылының  тума­

сы.  Тарихы  шежіреге  толы  өлкеде 

1956  жылы  6  тамызда  дүние  есігін 

ашқан  екен.  Жоғары  білімді.  Пар­

тия  жұмысы,  құрылыс,  экономика 

саласында  абыройлы  істер  атқар­ 

ған.  Оның  негізгі  мамандығы  ин­

женер­құрылысшы  болатын.  Со­ 

 нау  1978  жылы  22  жастағы  бозба­

ла  Қайыржан  Целиноград  инже­ 

нерлік­құрылыс  институтын  атал­ 

мыш  мамандық  бойынша  тәмам­

даған.  Өмір  бойы  ізденуден  жа­

лықпайтын,  тынымсыз  еңбекке 

дағдыланған  азамат  білім  алудың, 

таным  көкжиегін  кеңейтудің  еш­

қашан  кеш  болмайтындығын  түсі­

нетін.  Сөйтіп,  ол  2003  жылы  тағы 

бір  мамандықтың  иесі  атанды. 

Мемлекеттік  жергілікті  басқару 

мамандығы  бойынша  БҚО  «Еура­

зия» менеджмент және тілдер инс­

титутын бітіріп шығады.

Қайыржан Сұлтанов өмірінің 42 

жылдай  уақытын  үздіксіз  еңбекке 

арнап,  қоғамдық  жұмысқа  бел­

сене  араласса,  оның  37  жылын­

да  мемлекеттік  саясатты  жүзеге 

асыруға үлес қосып, атқарушы ор­

ганда,  партиялық  қызметте  жүрді. 

Еңбек  жолы  1978  жылдан  бастау 

алады.  Дипломын  қолға  алған 

бойда  жас  маман  «Уральскпромс­

трой»  құрылыс  тресінде  шебер 

болып  жұмыс  жасайды.  Ұжымда 

еңбекқорлығымен, алғырлығымен, 

жауапкершілігімен  танылған  ма­

манға  үлкен  сенім  артылады.  Сол 

артылған  сенімді  ақтап,  кейін  аға 

инженер,  бас  инженер,  облыстық 

студенттердің құрылыс жасағының 

командирі  қызметтеріне  дейін 

көтерілген.  Ал  1985  жылдан  бас­

тап «Культбытстрой» құрылыс бас­

қармасына  бас  инженер  болып 

тағайындалады.  1986  жылы  Орал 

ет консерві комбинатының партия 

комитетінің  хатшысы,  1991  жыл­

дан бастап Қазақстан социалисттік 

партиясы  Орал  облыстық  саяси 

партиясының  үйлестірушісі  болса, 

1992  жылдан  Орал  ет  консерві  ком­

бинаты  бас  директорының  орын­

басары,  1994  жылдан  Орал  «БҚО 

ет  өнеркәсібі  БҚО  бірлестігінің» 

вице­президенті лауазымын атқар­

ған. 1999 жылдан бастап Қазақстан 

азаматтық  партиясы  облыстық  ко­ 

митетінің  төрағасы,  2001  жылдан  

БҚО әкімдігіндегі сыртқы экономи­

калық  байланыстар  мемлекеттік 

мекемесінің басшысы, ал 2004 жыл­

дан  аталмыш  мекеменің  бөлімін 

басқарып,  кейін  бір  жылдан  соң 

облыс  әкімі  аппаратында  бас  ин­

спектор  болған.  2005­2007  жыл­

дар  аралығында  БҚО  кәсіпкерлік 

және  өнеркәсіп  департаментінің 

директорының  орынбасары,  ал 

2007­2008  жылдары  «Серік  ӨЖК» 

ЖШС  бас  директорының  орынба­

сары болып жұмыс атқарады. Білім­

білігі  мол,  тәжірибесі  бай  қызмет­

кер  қай  салада  да  ұжымды  үйіріп 

әкететін  ерекше  басқарушылық 

қасиетке  ие  еді.  2009­2013  жылда­ 

ры  БҚО  кәсіпкерлер  ассоциация­

сының атқарушы директоры, вице­

президенті, «БРИТ q partner» ЖШС 

директоры  болса,  2014  жылдың 

ақпанынан  «Ақ  жол»  ҚДП  БҚОФ 

төрағасының  бірінші  орынбасары 

лауазымдарын  атқарған.  Оны  қашан 

көрсең  де,  түрлі  қайырымдылық 

шараларын  ұйымдастырып,  игілік­ 

ті  істің  басы­қасынан  табылатын  еді. 

Тың идеяларымен жас мамандарға 

да  үлгі­өнеге  көрсете  білді.  Соның 

ішінде  кәсіпкерлік  саласында  жи­ 

наған мол білік­дағдысын жас бас­ 

тамашыларға  жеткізіп,  көмек  қо­ 

 лын  созудан  ешқашан  аянып  қал­

ған емес. Шағын және орта бизнес 

өкілдерінің,  жергілікті  кәсіпкер­

лердің  талап­тілектерін  билік  ор­

гандарына жеткізуге де үн қосты.

Қайыржан Сұлтанұлы арамызда, 

тамыз  айының  8­інде  60  деген  ке­

мел  жасқа  толып,  мерейтойын 

атап  өтер  ме  еді?!  Оның  қым­қуыт 

тірліктің  ауыр  жүгін  жайдары  жүз, 

жарқын  келбет,  өр  рухпен  абы­

ройлы  арқалап  жүріп,  қас­қағым 

сәтте  ағып  түскен  жарық  жұл­

дыздай  бейнесі  жадымызда  мәң­

гілік  сақталмақ.  Артында  қалған 

отбасына,  ұрпағына  қазаның  арты 

қайырлы  болсын  дегеннен  басқа 

амал қанша. Елім деген ердің есімі 

ешқашан ұмыт қалмайды...



Эльмира РАХМЕШЕВА,

"ТДК-42" телеарнасының 

тілшісі

17

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  4  тамыз 2016 жыл

ҚАулы-ҚАРАР



Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі №252 «Батыс Қазақстан 

облысы бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін 

қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Батыс  Қазақстан  облысы  әкімдігінің  қаулысы

2016 жыл 7 маусым                    №174               Орал қаласы

БҚО әділет департаментінде  

14.07.2016 жылы №4474 болып тіркелді

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару 

және  өзін­өзі  басқару  туралы»  2001  жылғы  23  қаңтардағы,  «Мем­

лекеттік  көрсетілетін  қызметтер  туралы»  2013  жылғы  15  сәуірдегі 

Қазақстан  Республикасының  Заңдарын  басшылыққа  ала  отырып, 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет