Ізденістер, №1 исследования, НƏтижелер 2015 результаты



Pdf көрінісі
бет10/66
Дата15.03.2017
өлшемі8,44 Mb.
#9299
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66

Выводы  

Вследствие  сокращения  пастбищной  нагрузки  основные  площади  земель 

восстановились – в настоящее время сильнодеградированы около 10%, среднедеградированы 

около 20%. Площадь  восстановленных  земель  составляет  около 70% всей  территории 

хозяйства.  На  тех  участках  пастбищ,  где  были  заросли  непоедаемых  трав,  увеличилось 

участие  зональной  растительности,  таких  как  полынь,  ковыль (Stipalessingiana) и 

эфемероиды, в связи с чем наличие скотосбойных участков стали минимальны. 

По  всей  исследуемой  территории  уменьшилось  участие  в  травостое  группировок 

сорнотравья - брунца,  адраспана,  кузинии,  однолетних  эфемеров  и  эбелека.  На  участках 

пастбищ,  прилегающих  к  населенному  пункту,  сохранилась  прежняя  нагрузка  за  счет 

концентрации  оставшегося  поголовья  скота,  что  препятствует  восстановлению  коренной 

растительности. 

 

Литература 

 

1.  Байтулин  И.О.,  Карибаева  К.Н.  Предпосылки  и  тенденции  опустынивания  в 

Казахстане. //Трансформация  природных  экосистем  и  их  компонентов  при  оустынивании 

(Научный сборник) – Алматы, 1999. С.7-11. 

2. Karnieli A., Gilad U., Ponzet M., Svoray T., Mirzadinov R., Fedorina O. Assessing land-

cover change and degradation in the Central Asian deserts using satellite image processing and 

geostatistical methods // Journal of Arid Environments, 72 (2008),  p. 2093-2105. 

3.  Подольский  Л.И.,  Мирзадинов  Р.А.,  Варенников  В.М.  и  др.  Научно-методические 

указания по мониторингу земель Республики Казахстан// Алматы: Государственный комитет 

Республики Казахстан по земельным отношениям и землеустройству, 1994. 108с.  

4. Курочкина Л.Я.,  Карибаева К.Н., Байжуманов А.Б., Мищенко А.Б., Тойлыбаев А.Ж., 

Масимов А.К., Исабаева А.Б., Усен К. Пособие для фермеров (руководство по пастбищам). 

Алматы, 2005.ОО «OST-XXI век». 

 

Бахадырұлы Ж., Сүлейменова А.Т., Үсен Қ. 



 

ДЕГРАДАЦИЯЛАНҒАН ЖАЙЫЛЫМ ӨСІМДІК  ЖАБЫНЫНЫҢ ДЕМУТАЦИЯСЫ 



          

         Түйіндеме    Деградацияланған  жайылым  экожүйелерін  зерттеу  нəтижелері  берілген. 

Бұрын  жүргізілген  зерттеу  нəтижелерін  талдау  мен  қайта  картографиялау  нəтижелерін 

салыстыру  негізінде  өсімдік  қауымдастықтарындағы  демутациялық  сукцессиялар  жолы 

талқыланады. 



         Кілт  сөздер:  Экожүйелер,  жайылымдар,  деградация,  картографиялау,  шөпқұрам, 

өсімдік қауымдастықтары, демутация, сукцессия. 

 

Bahadiruli Zh., Suleimenova A., Ussen K. 



 

DEМUTATION OF THE DEGRADED VEGETATION OF PASTURES 



 

Summary    Results of the researches conducted after pasture degeneracy of pasturable 

ecosystems are stated. On the basis of the analysis of the previous researches and results of repeated 

mapping the course by demutation of successions of vegetable communities is discussed. 

Keywords:  Ecosystems, pastures,degradation,  mapping,  herbage,  plant communities, 

demutation, succession. 



69 

 

УДК 633.15:633.863.2:954  



 

Бейсенбаева М.Е., Сыдық Д.А. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 

Оңтүстік-Батыс мал жəне өсiмдiк шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН АДАПТОГЕН ПРЕПАРАТЫН 

МАЙБҰРШАҚ ЕГIСIНДЕ  ҚОЛДАНҒАНДА СОРТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ 

БАЙЛАНЫСТЫ ӨСІП ДАМУЫ 



 

          Аңдатпа  

          Мақалада  суармалы  жерлерде  майбұршақ  дақылының  жаңа  сорт  үлгілерін  зерттеу 

нəтижесінде  Оңтүстік  Қазақстанның  топырақ-климаттық  ерекшелігіне  бейім  «Надежда», 

«Сабира» сорт үлгілерін жəне ГС-674 буданының биологиялық ерекшеліктері келтірілген. 

Осы  сорттардың  агротехнологиялық  өсіру  жүйесі,  суару  режимін  оңтайлы  кезде  жүргізу 

арқылы  қолданылған  минералды  тыңайтқыштардың  жəне  адаптоген  препаратының  өсіп 

дамуына əсері  зерттелініп баяндалған. 

          Кілт сөздер: майбұршақ, сорт үлгілері, экологиялық сортсынақ, адаптоген, өнімділік. 

          

         Кіріспе  

         Дүние жүзiлiк егiншiлiк жүйесiнде бұршақ тұқымдас дақылдардың iшiнде майбұршақ 

нарықтық сұранысқа ие, сол себептен eгic көлемi жағынан жəне жалпы өнiмдiлiк көрсеткiшi 

жағынан  бiрiншi  орында.  Майбұршақ  дақылы 2014-2015 жылдары  дүние  жүзiнде 117,8 

млн.гектарға  егiлу  болжамдалған  жəне  гектар  түсімі 26,0 ц/га  жеткiзу  жоспарланған. 

Қазақстанда  майбұршақ  алғаш  рет  ауыл  шаруашылығы  өндiрiсiнде 1975 жылдан  егiле 

бастады (2670 га).  Соңғы  жылдары  елiмiзде  жүргiзiлген  аграрлық  саладағы  өзгерiске 

байланысты  жəне  нарықтық  қатынас  жағдайында  қалыптасқан  сұранысқа  сəйкес 

майбұршақтың eгic көлемi артып 105-110 мың гектарға жетiп отыр. Өкiнiшке орай алынатын 

өнiмдiлiк гектарына 20 ц/га жетпей отыр. Майбұршақ Қазақстаннның оңтүстік-шығысында, 

Алматы облысында жəне Жамбыл облысының Қордай, Шу өңірінде өсіріліп келедi.  

Оңтүстік  Қазақстанның  суармалы  егіншілік  жүйесiнде  майбұршақ  дақылының 

нарықтық сұранысқа ие болып отырғанын ескере отырып жекеленген шаруа қожалықтары 

егiп,  өсiрiп  келедi.  Өкiнiшке  орай  оңтүстіктің  ауа  райының  ыстық (30-40

0

С)  жəне  ауа 



ылғалдылығының төмен (25-27%) қалыптасуына байланысты майбұршақтың отандық жəне 

шет елдiк сорттарының, будандарының қауашағы пiсiп қеле жатқаннан шатырлап жарылып 

майбұршақ  дəнінің  жер  бетiне  төгiлiп-шашылып  қалатынын  байқап  жүрмiз,  нəтижесінде 

жинақталған  өнім  гектарына 10-13 ц/га  артпай  отырғанын  анықтадық.  Демек,  оңтүстіктің 

табиғи-қлиматтық  ерекшелiгiне  бейiм  жерсiндiрiлген  отандық  жəне  шет  елдiқ  майбұршақ 

сорт үлгілерін зерттеп өндіріске ұсыну бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.  

 

         Материалдар мен əдістер  

         Зерттеу  жұмысы 2013-2014 жылдары  аралығында  Оңтүстік-Батыс  мал  жəне  өсiмдiк 

шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Тассай тірек бекетiндегi егiншiлiк бөлімінің 

суармалы eгic танабында жүргiзiлдi.  

Зерттеу аймағының топырағы сазды тегіс жазықтардың үстіңгі бетi алуан түрлi кəдімгі 

сұр топырақ. Кəдімгі сұр топырақтың жыртылатын қабатында қара шiрiк 1,2-1,36% жалпы 

азот 0,07-0,08, бұл  көрсеткiштер  топырақ  қабаты  төмендеген  сайын  азаятынын  көрсетедi. 

Корбанат мөлшерi топырақ қабаты тереңдеген сайын арта түседi. Сіңіру жиынтығы негiзiнен 

10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесi қальцидің мөлшерi көп болуы мен 

сипатталады.  Сiңiрiлген  натрий  мөлшерi  шамалы.  Сондықтан  топырақты  сiлтiлi 

реакциясына қарамастан РН-8,2-8,5 топырақ тұзданбаған.  


70 

 

Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екiншi топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. 



Дегенмен майбұршақтан мол өнім алу үшiн фосфор жəне калий тыңайтқыштарымен тыңайту 

қажет,  адаптоген  препаратын  қолдану  аграрлық  ғылымның  басым  бағытына  ие.  Бұл 

суармалы танаптарда өте маңызды. 

«Оңтүстік-Батыс  мал  жəне  өсiмдiк  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының» 

ғалымдары 2012

 

 жылдан бастап экологиялық селекция бағыты бойынша майбұршақтың 32



   

сорт үлгілерін сынақтан өткiзiп зерттеу арқылы Қазақстандық жəне шет елдiк сорт үлгілерін 

Оңтүстік  Қазақстанның  табиғи-климаттық  жағдайына  бейiм  сорт  үлгілерін  анықтап, 

мемлекеттiк сорт сынаққа берудi ұсынды.  

Көпжылдық  зерттеулер  нəтижесі  бойынша  отандық  сорт  үлгілерінің  өсiп  дамуы, 

қауашағының  орналасуының  ең  төменгі  биiктiгi,  қауашақтарының  пісіп  жетілген  кезде 

шытырлап  жарылып  төгілмеуіне  байланысты  төмендегіше  сорт  үлгілері  ерекшелiнедi: 

Надежда (Қазақстан), Сабира (Қазақстан), ГС-674 (Қазақстан) шет елдiк сорт үлгілерінен: 

Воеводжанка (Сербия), Sponsor (Франция). 

Зерттелiнген  жаңа  сорт  үлгілерінiң  шаруашылық  құнды  көрсеткiштерiн  жəне 

Оңтүстіктің  табиғи-климаттық  жағдайына  бейiмдiгiн  ескере  отырып  отандық  үш  сорт 

үлгілерін тəжірибе танабында минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын қолдану 

арқылы зерттеудi ұйғардық.  

 Бөлiнiп алынған жаңа сорт үлгiлерінің биологиялық ерекшелiгiне тоқтала кетейiк. 

          «Надежда»  сорты  «Қазақ  егіншілік  жəне  өсiмдiк  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 

институтының» селекционер ғалымдары  шығарған. Пiсiп жетiлу ұзақтығы 148

 

 тəулік – кеш 



пiсетiн сорт. Өсiмдiк  биiктiгi 90,3-104,4 см. Ең төменгі қауашағының орналасу биiктігi-10,0 

см. Дəн iрiлiгi орташа. 1000 дəннің массасы 124,0-132,8 г.  Жинар алдындағы қауашағының 

шатырлап жарылып дəннің шашылу көрсеткiшi 2-3 балл. 

          «Сабира»  сорты  Қазақ  егіншілік  жəне  өсiмдiк  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу 

институтының селекционер ғалымдары  шығарған. Пiсiп жетiлу ұзақтығы 138-141 тəулік – 

кеш пiсетiн сорт. Өсiмдiк  биiктiгi 79,6-82,6 см. Ең төменгі қауашағының орналасу биiктігi 

8,5-9,1  см.  Дəн  iрiлiгi  орташа. 1000 дəннің  массасы 118,4-133,6 г.  Жинар  алдындағы 

қауашағының шатырлап жарылып дəннің шашылу көрсеткiшi 2-3 балл. 

ГС-674  буданы  Буданды  «Қазақ  егіншілік  жəне  өсiмдiк  шаруашылығы  ғылыми-

зерттеу  институтының»  селекционер  ғалымдары    шығарған.  Вегетациялық  өсiп  даму 

ұзақтығы 134-137 тəулік – кеш  пiсетiн  сорт.  Өсiмдiк  биiктiгi 91,5-92,9 см.  Ең  төменгі 

қауашағының  орналасу  биiктігi 7,2-7,9 см  бұл  сорттың  дəні  ірілігімен  ерекшеленеді.  Дəн 

iрiлiгi  орташа. 1000 дəннің  массасы 132,7-171,2 г.  Жинар  алдындағы  қауашағының 

шатырлап жарылып дəннің шашылу көрсеткiшi 3 балл. Аталмыш сорт үлгілерінiң вегетация 

кезiндегi  өсiп  дамуы  басқа  сорт  үлгiлерiмен  салыстырғанда  онтүстіктің  ауа  райына 

бейiмдiлiгімен ерекшеленді, осы жағдайды ескере отырып зерттеу нысаны ретiнде аталмыш 

сорттармен тəжірибе жүргiздiк.  

Майбұршақ дақылы өзінің биологиялық ерекшелiктерiне сəйкес көктемгі соңғы суық 

бiтiп, тұқым енгiзу қабатындағы топырақ жылылығы 12-14

0

С болған кезде егілсе, алғашқы 



өскінін 7-10 тəулікте беретінін ғылыми зерттеулер нəтижесінде дəлелденген (Корягин Ю.Г., 

1978 ж.) Аталмыш зерттеушінің пiкiрi бойынша майбұршақ дақылынын режимі 21-24°С, ал 

температура көрсеткiшi 37°С жоғарғы болған кезде майбұршақтың өсiп дамуына кері əсер  

тигiзетiнi анықталған. Ал Оңтүстік Қазақстан өңірінде маусым айының үшiншi он күндiгiнен  

бастап  тамыз  айының  соңына  дейiн  күндiзгi  температуралық  көрсеткіштің 33-44

0

С 



деңгейінде аутқуын ескерсек майбұршақтан қалыпты өнім алу үшiн осы өңірге бейiм сортты 

таңдау аграрлық ғылымнын ең өзектi бағыты екені айқындала түседi. 

Жоғарыда  көрсетiлгендей  майбұршақ  дақылын  тəжірибе  танабында  сəуір  айынын 

үшiншi он күндiгiнде ектік. Егер алдында тəжірибе нобайына сəйкес майбұршақ адаптоген 

Па-2-1 (3 грамын 1

    литр  суға  араластырып 0,04

 

  ерітiндi  дайындап  бiр  гектарға  себiлетiн 



тұқымды ерітiндiмен бүркіп,  күрекпен мұқият араластырып бүркіп бұқтыру қажет ). 

Тұқымды өңдеу клубенкалық бактериялардың штаммасы мен бiр мезгiлде жүргiзiлдi. 



71 

 

Тұқымды өңдеу қүн сəулесі тiкелей түспейтiн көлеңкелі жерде атқарылып, егiлетiн тұқым 



бұқтырылып бүркелiп қоюды қамтамасыз ету керек. 

Зерттеу нəтижелері 

Зерттеулер  жүргiзiлген  жылдары  Надежда  сорты  алғашқы  өскiндi 8-9 тəулікте,  ал 

Сабира  мен  ГС

-

674



 

сорт  үлгiлерi 10-11-шi  күндерi  алғашқы  өскінін  бердi.  Аталмыш 

сорттардың биологиялық  ерекшеліктеріне байланысты гүлдеу кезеңі де əр мезетте болғанын 

байқадық. Мысалы үшiн,  ГС-674  буданынын жəне «Надежда» сорт үлгілерінiң алғашқы гүлi 

2013  жылы  маусым  айының 8-жұлдызында  «Сабира»  сорт  үлгісiнiң  алғашқы  гүлдеуі 

маусымнын 11-ші  жұлдызында  болғанын  анықтадық. 2014 жылы  майбұршақ  тұқымдары 

сəуір айының соңында (30.04.2013 ж.) егіліп, осы сорт үлгілерінің алғашқы гүлдеуі маусым 

айының 10-ы, 20-сы  жəне 17-ші  жұлдыздарында  болғанын  байқадық (1-ші  кесте).  Демек 

майбұршақ сорт үлгілерінің өсіп-дамуы вегетация кезеңінің алғашқы күндерінен бастап əр 

сорттың биологиялық өсіп-дамуына, ауа-райының қалыптасу ерекшелігіне, агротехникалық 

күтіп баптауына сəйкес вегетациялық өсіп-дамуы өзгеріске ұшырап отырады. 

 

Кесте 1 – Қолданылған  тыңайтқыштар  мен  адаптоген  препаратына  жəне  сорт  үлгілерінің 



биологиялық ерекшеліктеріне байланысты майбұршақтың өсіп-дамуы 

 

Тəжірибе 



нұсқасы 

Сорт 


үлгілері 

Егілген күні 

Өскін берген 

күні 


Гүлдеу кезеңі  Қауашақтану 

кезеңі 


Пісіп 

жетілу 


кезеңі 

2013 2014 2013 2014 2013 2014 2013 2014 

Бақылау 

«Надежда» 23.04 30.04 02.05 09.05 08.06 20.06 18.07 09.09  08.09 

«Сабира»  23.04 30.04 03.05 09.05 08.06 20.06 18.07 09.09  09.09 

ГС-674  23.04 30.04 02.05 10.05 08.06 20.06 15.07 09.09  07.09 

Адаптоген Па-

2-1 


«Надежда» 23.04 30.04 02.05 09.05 08.06 20.06 17.07 08.09  0909 

«Сабира»  23.04 30.04 03.05 09.05 08.06 19.06 18.07 09.09  08.09 

ГС-674  23.04 30.04 03.05 10.05 10.06 20.06 18.07 07.09  10.09 

Р

60



 

«Надежда» 23.04 30.04 02.05 09.05 10.06 20.06 14.07 09.09  08.09 

«Сабира»  23.04 30.04 03.05 09.05 09.06 18.06 17.07 07.09  09.09 

ГС-674  23.04 30.04 03.05 10.05 08.06 16.06 18.07 09.09  14.09 

Р

60

 К



40

 

«Надежда» 23.04 30.04 02.05 09.05 08.06 20.06 19.07 08.09  08.09 



«Сабира»  23.04 30.04 03.05 09.05  1006 20.06 18.07 09.09  14.09 

ГС-674  23.04 30.04 02.05 10.05 08.06 17.06 18.07 09.09  10.09 

Р

60

 К



40

 + 


адаптоген 

«Надежда» 23.04 30.04 03.05 10.05 09.06 20.06 18.07 07.09  9.09 

«Сабира»  23.04 30.04 02.05 09.05 10.06 19.06 18.07 09.09  07.09 

ГС-674  23.04 30.04 03.05 09.05 08.06 20.06 18.07 09.09  10.09 

Р

60

 К



40

 N

50



адаптоген 

«Надежда» 23.04 30.04 03.05 10.05 09.06 16.06 16.07 06.09  09.09 

«Сабира»  23.04 30.04 02.05 09.05 11.06 18.06 17.07 08.09  08.09 

ГС-674  23.04 30.04 03.05 10.05 08.06 17.06 13.07 06.09  08.09 

 

Айта кеткен жөн, осы жылдары адаптоген препараты, қолданған нұсқада гүлдеу мезгілі 



біркелкі  тегіс  болғанын  байқадық,  өсімдіктердің  өсіп  дамуы  бақылаумен  салыстырғанда 

қарқынды жүрді.  

Майбұршақтың  қауашақтанып  дəн  байлауда  сорттың  биологиялық  ерекшеліктеріне 

байланысты  болатынын  байқадық.  Алғашқы  қауашақ  ГС-674  буданында 2013 жылы 

шілденің 12 жұлдызында, ал 2014 жылы 8-шілдеде, «Сабира» сорт үлгісінде 16.07.2013 жыл 

жəне 08.07.2014 жыл, «Надежда» сорт үлгісінде сəйкесінше шілденің 15.07.2013 жыл жəне 

12.07.2014  жылы  қауашақ  байланғанын  анықтадық.  Майбұршақ  дақылының  биологиялық 

ерекшелігіне  сəйкес  қауашақ  байлау  өсімдіктің  төменгі  жағынан  басталып  жоғарылай 

жалғасып  жатады.  Қауашақ  байлауы  мен  дəннің  пайда  болуы  бір  келкі  тез  арада  өтсе 

өсімдіктің  физиологиялық  пісіп  жетілуі  де  бір  келкі  болып,  бір  мезетте  дəн  толық  піскен 



72 

 

болар еді. Ол  көп жағдайда əр сорттың биологиялық ерекшелігіне сəйкес əр жылғы вегетация 



кезіндегі ауа райының қалыптасуына, өсімдіктердің қоректендіру мен суару режиміне жəне 

де көптеген басқа да қоршаған ортаның əсер етуші факторларына байланысты болатынын 

байқадық.  Біздің  тəжірибемізде  зерттелген  сорт  үлгілерінің  ішіндегі  өсіп  дамуы  мен 

өнімділік  құрылымының  жəне  қауашақтағы  дəн  байлауының  бір  келкілігі,  пісіп  жетілу 

мезгілінің  қыркүйек  айының  орта  кезінде  болатын ««Надежда»»  сорт  үлгісінің  Оңтүстік 

Қазақстанның  топырақ-климаттық  жағдайына  бейімділігімен  ерекшеленді.  Бұл  сорттың 

қауашақтағы дəннің кешірек пісіп жетілуі қыркүйек айының салқын болған кезіне тұспа-тұс 

келуі,  дəнді  жинар  алдында  жəне  орған  кездегі  қауашағының  жарылып  дəннің  шатырлап 

төгілмеуі  ең  құнды  шаруашылық  көрсеткіш.  Осы  қажетті  көрсеткіштің  қалыптасуына 

топыраққа минералды тыңайтқыштың Р

60

 К

40



 жəне адаптоген препаратын қолданғанымызда 

қауашақтың жарылмауына, дəннің шашылмауына оң ықпал ететінін байқадық. 

Яғни, минералды тыңайтқыштар мен адаптоген препаратын қолдану майбұршақ сорт 

үлгілерінің  өнімділік құрылымына  елеулі  əсер  ететіні анықталды.  Зерттеулер  нəтижесінде 

тəжірибе  жүргізілетін  жылдары  ең  жоғарғы  өнім 40,5 ц/га  ГС-674  буданынан  алынды. 

«Надежда» сорт үлгісінен алынған өнім 38,7 ц/га құрады, ал «Сабира» сорт үлгісінен 37,4 

ц/га  өнім  жиналып,  алынған  өнімділіктің  бір  деңгейде  болғанын  анықтадық.  Тəжірибе 

танабындағы  майбұршақ  дəнінің  ең  жоғарғы  өнімі  минералды  тыңайтқышты  топырақты 

негізгі өңдеу алдында Р

60

К



40

 кг/га əсер етуші зат есебінде ендіріп, тұқымды егер алдында 

адаптоген  препаратымен  өңдемеген  бақылау  нұсқасында  зерттелген  сорт  үлгілерінің 

биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  небəрі 18,5-20,6 ц/га  майбұршақ  дəні  жиналды 

немесе өнімділік екі есеге төмендегенін айқындадық. 

Демек, зерттелiнген майбұршақ сорт үлгілерінің өнімділік құрылымына қолданылған 

минералды  тыңайтқыштар  мен  адаптген  препараты,  Оңтүстік  өңірінің  топырақ  жəне  ауа 

райының ерекшелiгiне байланысты шаруашылық құндылық қасиеттері жақсарып өсірілген  

өнімнің  жинау қезiнде ысырап болмауына, шашылып төгілмеуiне оң ықпал етіп, өнiмдiлiктi 

арттырады деп айтуға толық негiз бар.  

 

Бейсенбаева М.Е., Сыдык Д.А. 



 

ВЛИЯНИЕ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И ПРЕПАРАТА АДАПТОГЕН НА РОСТ И 

РАЗВИТИЕ НОВЫХ СОРТООБРАЗЦОВ СОИ В УСЛОВИЯХ ЮЖНОГО КАЗАХСТАНА 

 

         Резюме  В статье изложено результаты влияния минеральных удобрений и препарата 

адаптоген на рост и развитие сои в зависимости от биологической особенности изучаемых 

новых сортообразцов в условиях орошаемого земледелия южного Казахстана. 

 

Beysenbayeva M.,  Sydyk D. 



 

INFLUENCE OF MINERAL FERTILIZERS AND PREPARATION AN ADAPTOGEN ON 

GROWTH AND DEVELOPMENT NEW GRADES SAMPLES OF SOY IN THE 

CONDITIONS SOUTHERN KAZAKHSTAN  



 

         Summary  In article it is stated results of influence mineral fertilizers and a preparation an 

adaptogen on growth and development soy depending on biological feature of the studied new 

grades in the conditions of the irrigated farming Southern Kazakhstan. 

 

 



 

 

 

 

73 

 

УДК 633.31: 633.863.2.954 



 

Бейсенбаева М.Е. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университеті   

 

СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН АДАПТОГЕНДI 

ҚОЛДАНУДЫҢ МАЙБҰРШАҚ ӨНІМІНЕ ƏСЕРІ 

 

Аңдатпа  

Бұл мақалада Оңтүстік Қазақстанның сұр топырақты суармалы жерлерінде алғаш рет 

майбұршақ  дақылына  минералды  тыңайтқыштар  мен  адаптоген  препаратын  қолданудың 

өнімділік  құрылымына  жəне  өніміне  əсері  келтірілген.  Қалыптасқан  ауа  райының  жəне 

зерттелуге алынған майбұршақтың жаңа сорт үлгілерінің агротехнологиялық күтіп баптау, 

суару  ерекшеліктері,  нормасы,  саны,  суару  мезгілі,  əр  жылғы  қалыптасқан  ауа  райымен 

байланыстырылып атқарылғаны баяндалған.  

Кілт сөздер: майбұршақ, сорт, экологиялық сортсынақ, адаптоген, өнімділік. 

 

Кіріспе  

Майбұршақ  өте  құнды  ақуызды  майлы  дақыл.  Дүние  жүзiлiк  азық  түлiк 

бағдарламасына  сəйкес  майбұршақ  өте  маңызды  бұршақ  тұқымдас  дақылы  ретiнде  үш 

мыңыншы жылдың негiзгi басты ауыл шаруашылық дақылдарының бiрi болып қабылданды.  

Елiмiзде  нарықтық  қатынас  қалыптасқалы  майбұршақ  дəніне  iшкi  жəне  сыртқы 

нарықтық  сұраныс  жыл  сайын  артып  келедi.  Өкінішке  орай,  Қазақстанның  топырақ-

климаттық  ерекшелiгiне  бейiмделген  сорттардың  тұқымының  тапшылығы  жəне  егiлiп 

жүрген  майбұршақ  сорттарының  биологиялық  ерекшелiгiне  байланысты  қоректендірудің 

режимi  мен  агротехникалық  күтiп  баптауының  өнiмдiлiгі 200 ц/га  жетпей  отыр.  Оңтүстік 

Қазақстанда шаруа қожалықтары гектарынан не бəрі 11-13 ц/га майбұршақ дəнін алып eгic 

көлемінің жыл сайын азайып отырғанын байқаймыз (0,2-0,3 мың.га).  



Материалдар мен əдістер  

Зерттеу жұмысы 2013-2014 жылдары аралығында «Оңтүстік-Батыс мал жəне өсiмдiк 

шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» Тассай тірек бекетiндегi егiншiлiк бөлімінің 

суармалы eгic танабында жүргiзiлдi.  

Зерттеу  жүргізiлген  жылдардағы  ауа  райы  ерекшеліктерiн  (температуралық  режим, 

жауын-шашын мөлшерi жəне ауаның салыстырмалы ылғалдылығы) көп жылдық мөлшермен 

салыстырғанда  елеулi  айырмашылықтар  байқалады.  Дегенмен  де  суармалы  егіншіліктегi 

майбұршақ дақылының бірқалыпты өсiп-дамуы мен өнімнің ойдағыдай түзiлуi, өсiмдiктiң 

өсу кезiнде (наурыз-маусым айларының) ауа райының қалыптасуы едəуір ықпал етеді. 

Қазіргі  таңдағы  ғаламдық  ауа  райының  жылуын  осы  мерзім  аралығындағы 

көрсеткіштерді көп жылдық мəліметтермен салыстыру арқылы байқауға болады.  

Атап айтар болсақ, сəуір-маусым айларында үш жылдық ауаның орташа температурасы 

көп жылдық мөлшерден сəуірде 0,7

0

С, мамырда 2,1



0

С жəне маусымда 1,5

0

С жоғарылағаны 



байқалады. Ал, 2012 құрғақшылық жылы осы мерзiм аралығындағы ауа температурасының 

мəні үйлесiмдi мөлшерден айтарлықтай жоғары қалыптасты, яғни  сəйкесінше 5,0

0

С, 1,8


0

С 

жəне 1,6



0

С

 



 артық болды. 

Тəжірибе жүргізілген 2013 жыл жалпы ауыл шаруашылығы бойынша көктемгі-жазғы 

кезеңнің  ылғалдылығына  да  қарай  жауын-шашын  көлемі  төмендеп  құрғақшылық  жылға 

жатқызғанымен майбұршақтың өсіп-даму кезеңінде түскен жауын мөлшері 162 мм болып, 

көп жылдық көрсеткіштерден жоғары болды. 

Тəжірибе жүргізілген сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,20-1,36%, 

жалпы азот 0,07-0,08%, нитратта азот 16,6-19,1 мг/кг, жылжымалы фосфор 8,0-13,4 мг/кг, ка-

лий 145-190 мг/кг бұл көрсеткіштер топырақ қабаты тереңдеген сайын азаятынын көрсетеді. 



74 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет