зерделеп келе жатқан ғалым ретінде өз
ойларыңызды айтсаңыз?
– Ауыл шаруашылығында проблема-
лар аз емес. Бізде 2 млн 400 мың гектар
суармалы жер бар. Соның 1 млн гектары
пайдаланылмай жатыр. 1990 жылдардан
бері қарай сонша көлемдегі жерден өнім
алу мүмкіндігінен айырылдық. Ол жер-
лер батпақтанды, су жетпей шөлейттенді,
азып-тозды. Мысалы, бұрын Шудың суы
Мойынқұмға дейін жететін еді. Қазір
Шудың суы Аспараның төңірегінен аса
бере, таусылып қалып жатыр. Сол секілді
Сырдарияның суы Қырғызстанда баста-
лып, Тəжікстан мен Өзбекстан арқылы бізге
жетеді. Суаруға су зəрлі кезде олар бізді
шөміштен қысады, өздерінен артылғанын
ғана береді. Ол өзеннің суын пайдалануды
ретке келтіретін халықаралық келісім-шарт
жоқ.
Суармалы жерді сақтап қалуға барынша
тырысқанымыз жөн. Бір-ақ мысал. Суарма-
лы жердің бір гектары тиімді пайдаланса,
бір отбасын асырайды. Сонда 1 млн 400
мың гектар жер 1,4 млн отбасының өмір
сүруін қамтамасыз етеді. Ал 1,4 млн отбасы
дегеніміз 5,5-6 млн адамды құрайтыны анық.
Осы тұрғыда суармалы жерлерді қалпына
келтіруде мемлекет тарапынан қолдау əлі
Өзекті мəселе – орамды ой
№2 2015 А И АТ
60
60
де болса өз деңгейінде болмай тұр. Өйткені,
оның аса құнды екенін ешкім нақты сезіне
алмай келеді. 2020 жылға дейінгі кезеңді
қамтитын мемлекеттік бағдарламаның су-
ға қатысты бөлігінде «пəлен гектар суар-
малы жерді қалпына келтіру керек, оған
мынадай көлемде қаржы жұмсалады» де-
гендей бап не тармақ жазылмаған. Бұл өте
ескерілмеген жайт. Аталған салаға деген
көзқарастың жеткіліксіз екенін көрсетеді.
Біз мұнайымыз, астығымыз, көміріміз
бар деп мақтанайық, бірақ, халықты жұ-
мыспен қамту керек болса, суармалы
жерлерді қалпына келтіргеніміз жөн. Бұ-
рын ғы жерлерді толық қайта қалпына кел-
тіре алмаған күнде де, тың жерлерден,
өзен-көлдердің жағаларынан жаңа суар-
малы алқаптарды ашуымыз керек. Сондай
мүмкіндікті жасай алсақ, үлкен жетістікке
қол жеткіземіз жəне халқымыздың үлкен
бөлігін жұмыспен қамтамасыз етеміз.
Кеңес өкіметі кезінде мынадай бір сая-
сат болған еді. Қант қызылшасын егіп өсіру
сырттан сатып алғаннан тиімсіз екенін
көріп-біліп отырса да, халықты жұмыспен
қамту үшін қант қызылшасын еккен еді.
Ол кездегі өкімет те ақымақ болмаған ғой.
Көптеген өңірлерде суармалы жерлерді
қалпына келтіретін болсақ, ол ауылдардың
тұрғындары ірі қалаларға, əсіресе Астанаға
көшпейді, өздерінің ауылдары кентке,
кенттері қалаға айналады. Бүгінгі таңда
тұрғындардың толассыз көшіп келуі
Елордамызға үлкен қысым жасап отырғаны
жасырын емес. Осы жағының бəрін есеп-
теп, өмір сүруіміз керек.
– Сізді Мемлекет басшысының Жол-
дауларына терең мəн беріп жүрген ға-
лым ретінде білеміз. Қазір Қазақстан
алдындағы меже – дамыған отыз елдің
қа тарына қосылу. Осы орайда, Елба-
сы Мəңгілік Ел идеясын ұсынды. Іргесі
мықты, келешегі кемел мемлекетті
қа лыптастыру жолында қандай мəсе-
лелерді ескергеніміз жөн?
– Төңірегімізде алып мемлекеттер тұр-
ғанда, біз бəсекеге қабілетті болмасақ, ел
дамуында қиындықтар кездесе береді.
2004 жылғы Жолдауда бəсекелестікті да-
мыту жайлы айтқан Елбасы, 2006 жылғы
Жол дауында «Қазақстан өз дамуындағы
жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп Қа-
зақстанның əлемдегі бəсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру страте-
гиясын ұсынды. Бұл міндет 2012 жылдың
аяғында орындалды. Ол тамаша жетістік
болды. Негізінен макроэкономикалық көр-
сеткіштер мен əлеуметтік мəселелер нақты
жүзеге асты. Ол оңай болған жоқ. Ауыл
шаруа шылығына мемлекет тарапынан қан-
ша қаржы бөлінгенін жақсы білесіз. Жолда-
уларда атап көрсетілгендей, зейнетақы мен
жəрдемақы көлемі жыл сайын арта түсті.
Еңбекақы көлемі де бірнеше есе көбейді.
Соның бəрі 50 елдің қатарына кіруімізге
оң ықпал етті. Ендігі жерде, күрделі бо-
лып тұрған ауыл шаруашылығын одан əрі
дамыта түсу, ондағы еңбек өнімділігін арт-
тыру, əлеуметтік қорғауды жақсарту болып
тұр. Елдің деңгейін анықтағанда осы сала-
лар бойынша көрсеткіштер маңызды рөл
атқарады.
Жалпы, арман, мақсат биік болуы керек.
Сонау көкжиектен биік арманы шақырып
тұрғанда ғана адам алға ұмтылады. 50
елдің ішіне кірген соң, енді дамыған
отыздықтың қатарынан көрінуді мақсат етуі
– тəуелсіздігі тұғырлы мемлекеттің табанды
арман-мұраты. Жетістікке жетуіміз үшін
мемлекет те, Үкімет те, халық та бəсекеге
қабілетті болуы тиіс, Елбасы солай деп
нақты айтқан. Біздің еліміз – бəсекеге
қабілетті, өйткені, оның байлығы мол.
Үкімет те бəсекеге қабілетті, себебі,
кім басқарса да, қаржы жетіп тұрды.
Ен ді, халық бəсекеге қабілетті болуы
керек. Біздің халқымыз ептеп артта
қалып тұр. Кедей отбасылар көп, жұ-
мыссыздар саны да аз емес. Соңғы жыл-
дары өзін-өзі қамтамасыз етіп отыр-
ғандар деген ұғым қалыптасты. Бұл
көзді алдайтын көрсеткіш. Біздің елде
өзін-өзі қамтығандардың саны 2 млн 300
мыңдай. Бұл 17 млн халық үшін көп. Осы
категорияға жататындарды есігінің
алдында 10-15 сотық жері бар, бір-екі
ірілі-ұсақты малы бар, тауығы бар, яғни,
шығар-шықпас жаны бар деуге болады.
Суармалы жері болса жақсы, көкөнісін егіп,
тым болмағанда өз отбасының тамағын
табуға тырысады, кейбір икемділері, еңбек-
қорлары пайда да табады. Тұрған жері
таудың етегі болса, малын жаяды. Ал, қуаң
дала болса, қайтеді? Үй іргесіндегі жер-
ден табыс алып қана өмір сүріп жатқандар
ертеңгі күніне қажетті артық қаржы таба
бермейді. Ал, біз əлемдік қалыпқа (стан-
дартқа) қарасақ, тапқан табысымызды үшке
бөлуіміз керек. Біріншісі – бүгінгі күнге,
екінші бөлігі – адам жанының рахаты үшін,
Мырзагелді КЕМЕЛ. Бір палаталы Парламент қалыптастыратын уақыт жетті
№2 2015 А И АТ
61
61
яғни, демалысқа баруға, ел аралап қыдыруға
немесе жайлы үй салуға, жақсы автокөлік
алуға арналмақ. Ал, үшінші бөлігі – ертеңгі
күнге. Қазір бізде табыстың 80 пайызы
бүгінгі күнге кетіп жатыр. Əсіресе, ауыл
адамдарының табысы бір күндік деңгейде.
Біз бұл көрсеткішпен мақтана алмай
тұрмыз.
Кейде ауылдағы шаруалар: «Неге
бізге жəрдемқаржы мен несиені елді
ара лап жүріп таратып бермейді» деп
жа тады. Олай болмайды ғой, берген
қаражаттың қайтарымы бақыланбаса,
қайтпайтыны анық. Шет елдерде несие
алатын адамды жан-жақты зерттейді.
Оның ата-бабалары қанша жасқа жет-
кен? Тұқымында қандай созылмалы
кеселдер бар? Əулетінде қарыз алып,
қайтара алмай қалған жағдай болған жоқ
па? Өзін ғана емес, ата-бабаларына дейін
тексереді. Алдағы уақытта бізде де сондай
деректер базасы жинақталатын болады.
Бірақ, соған біз дайын емеспіз. Бəсекеге
халқымыз дайын емес дегенімнің бір
себебі – осы.
Елбасының Мəңгілік Ел идеясы халық-
ты бір мақсат жолына біріктіреді деп ой-
лаймын. Жалпы, қоғамда адамдарды алға
жетелейтін идеялар болуы керек. Сол идея-
лардың ішіндегі озығы осы – Мəңгілік Ел
идеясы. Айталық, 1997 жылы «Қазақстан
-2030» Стратегиясы қабылданғанда, оған
сенген адамдар көп болмады. «Мынадай
қиыншылық заманда не айтып жатыр?» де-
ген əңгімелерді өз құлағымызбен естігенбіз.
Ал, сол стратегиялық жоспарда белгіленген
меже 15 жылдың ішінде орындалды ғой.
Жан басына шаққанда ІЖӨ сол кезде 700
доллар болса, ол көрсеткіш 12 мың долларға
жетті. Макроэкономикалық көрсеткіште
проблема жоқ. Микроэкономикалық көрсет-
кіште түйінді мəселелер бар, оны жолға қою
үшін əрекеттер жасалып жатыр.
– Қазір ұстаздық қызметтесіз. Шығар-
машылық адамы жазбай отыра алмай-
ды. Халыққа қажетті ойларыңызды
қағазға түсіруге уақыт жетіп жатыр ма?
– Шын мəнінде жазбай отыра алмай-
тын болғанбыз. Менің жазатыным сюжет-
ке құрылған роман не əңгіме-хикаят емес.
Менің жазу тəсілім – ұлы адамдардың
ойын жетілдіріп, «Мына адамның айтқаны
көңілге қонымды екен, біле жүргеніміз аб-
зал» деген сияқты оқырманмен сырласа
отырып, ой тастау немесе өзімнің ойыма
түскен деректерді, оқиғаларды, қанатты
сөздерді қағазға түсіріп қою. Зейнеткерлік
демалысқа шыққалы жыл сайын 100-150
беттік кітапшалар шығарып жатырмын.
Уа қыты келгенде, көлемді кітап түрінде
шығарармыз. Қазір кітап оқитын адамдар
да аз. Менің мақсатым оқыған адам өзіне
пайдалы дүниені тапса екен деймін. Жал-
пы, кітапта ноқталы ойдың болғаны жөн.
Зер салған адам «Апыр-ай, мына сөзді
күнделігіме жазып алуым керек екен»
дейтіндей үлгілі болуы тиіс.
– Ғаламторда жеке сайтыңыз бар.
Оған да оқырмандар кіріп, туынды ла-
ры ңызды оқып тұратын шығар?
– Оқырмандар ашып тұрады, сайтты
жаң ғыртып жатырмын, «kemel.info» деп
аталады. Көшіріп алу – ақысыз. Жер жүзінің
қазақтары оқуына мүмкіндік бар. Төрт түрлі
əліпбимен берілген. Сайттағы дүниелерімді
оқырмандар қазақ, латын, төте жазу нұсқа-
ларында оқи алады. Жəне орыс тілінде
берілген. Тағы бір жаңалығым бар. Қытайда,
Үрімшідегі мемлекеттік баспадан «Ақыл
қалта» кітабымды төте жазумен шығарып
жатыр. Сол жақтағы азаматтар төте жазуға
түсіреміз деп алып кетіп еді. Кітаптағы
бізге түсінікті, бірақ, ол жақтағы қазақтарға
белгісіз шетелден енген (негізінен орысша)
ғылыми, саяси, экономикалық жəне əдеби
терминдердің мағынасын сұрап, хат жа-
зып жіберген екен. Мен ондай сөздердің
қазақша түсінігін жазып жауап жібердім.
Кітап шыққасын, шақырамыз, тұсаукесерін
өткіземіз деді. Оның мен үшін керегі жазған
дүниелерімді Қытайдағы қазақтар да оқыса,
сайтты ашып қараса, деген ниет. Соған
шүкіршілік етемін.
Басты тындырған ісімнің бірі – өзімнің
өмір бойы жинаған жеке кітапханамдағы үш
мың кітапты оңтүстік өңірдегі Мақтаарал
ауданының Қызылқұм елдімекеніндегі «Са -
ры арқа» орта мектебіне сыйға тартқа ным.
Оның ішінде шетел жəне қазақ əде бие-
тінің барлық дерлік классиктерінің ең бек-
тері қамтылған. Одан кейін тағы да жаңа
кітаптар жеткіздім. Қазір барлық саны 5
мың нан асты.
– Сіз Парламент Мəжілісінің үш сай-
ланымында депутат болдыңыз. Мəжі-
ліс пен Сенаттың Аппаратында қыз мет
жасадыңыз. Сіздің өміріңіздегі Пар-
ламенттің алатын рөлі қандай?
– Мен үшін Парламент аудандық дең-
гейден республикалық дəрежеге көте рілу-
Өзекті мəселе – орамды ой
№2 2015 А И АТ
62
62
дің мүмкіндігі болды. Алғаш жоғары заң
шығару органына келген кездегі деңгейім
аудан төңірегінде екен, сонан соң өзге
əріптестерден қалыспайын деп өзімді-өзім
сүйреп, кітапханадан, мұрағаттардан шық-
пай қызмет еттім. Қолымнан келгенінше
заңдар жаздым, қолданыстағы заңдарға
түзетулер енгізу үшін ұсыныстар бердім.
Жаңа заңдық нормаларды қамтитын баптар
жаздым. Парламентаризмнің мəселелерін
мұ қият зерттеп, ғылыммен айналыстым.
Ол кездегі Парламент еркіндеу болатын.
Халыққа танымалдығы да басым еді.
Бүгінгі Парламент жөнінде айтар бол-
сам, оның қызметіне мін таға алмаймын.
Кейбір азаматтардың «Парламент үнсіз
отыр, депутаттар неге былай істемейді,
неге олай істемейді?» дейтін пікірлерімен
қосылғым келмейді. Себебі, заң шығару
органындағы депутаттардың ең кемінде
үш тен екі пайызы озық ойлы, шынымен де
өрелі де лайықты азаматтар деп есептеймін.
Жəне олар жеке басының қамы үшін жүрген
жоқ, мемлекеттің мүддесін қоса қарастырып
жүр. Олардың депутаттық сауалдары, күнде
өтіп жатқан отырыстарда сөйлеген сөздері
елге жете бермейді. Телеарналар Парла-
мент тынысын көрсетіп жатады, алайда,
бір-екі минуттық жаңалықтарда барлық
депутаттың қызметін қамту мүмкін емес.
Олардың шын өмірі, парламентаризмді
дамытуға жасап жатқан қызметі көрініп
жатқан жоқ. Біздің кезімізде де солай болған.
Оларды жалпылай сынаудың, «қалтадағы
болды» деген əңгімелердің шығатыны сон-
дықтан. Өзім де соның ішінде жүріп, 11
жыл депутаттық қызметтің ыстық-суығына
төзіп, парламентаризмнің үлкен өмір
мектебінен өттім.
Ал, Парламент Мəжілісінің қазіргі құ-
рамында халықтық, мемлекеттік мəселе-
лерді көтеріп жүрген азаматтар аз емес.
Ай талық, Розақұл Халмұрадовтың қазақ
тілін қорғап айтатын сөздері, Рамазан Сəр-
пековтың заң жүйесін жетілдіру, оның
ішінде заң жобаларының мемлекеттік тіл-
дегі нұсқасының сапалы болуына қо сып
келе жатқан үлесі айтарлықтай. Ол Қыл-
мыс тық-процестік кодексі жобасы бойын-
ша құрылған жұмыс тобына жетекшілік
жасады. Қандай жұмыстар атқарылып жат-
қанын ішінде жүрген адам, бірге қызмет
жасағандар жақсы түсінеді.
«Де путат қандай болу керек?» деген
сұраққа бір ғасыр бұрын Міржақып Дула-
тов жауап беріп, негізгі қағиданы «Қазақ»
газетіне жазып кеткен. Міржақып ақын:
«Ресей Думасына қазақтан депутат сай-
лану мүмкіндігі болғанда, біз қазаққа шын
пайдалы депутат таңдауымыз керек. Ол
ақ жүрек, таза болса, жұртты я сатып,
я алдап кетпейтін болса. Халық үшін
ерінбей қызмет етерлік, екі талай жерде
жанын қиярлық ержүректі болса. Өз пай-
дасынан жұрт пайдасын артық көретін
болса. Саясат ісіне жетік болса. Білімді
шешен, оқыған көсем болса. Халықтың
қалпына, салтына, тұрмысына жете
таныс болса. Міне, депутат болуға осын-
дай адамдар лайық. Жақсы болу үшін
депутат болу шарт емес, депутат болу
үшін жақсы болу шарт. Депутат болған
кісі абыройлы, жақсы болса, жұрттың
алдына Алла бергендер түседі» деген. Ен-
деше, халық қалаулылары үшін осы аталған
парасат биігі өлшем болмақ.
Қоғам дамуы үшін Парламенттің рөлі
жоғары. Барлық саланың қызметі Парла-
мент қабылдаған заңдардың нəтижесінде
ал ға басады. Парламентаризм тұрақты да-
мып келеді. Əрине, кемшіліктері де бар
шығар. Менің жеке пікірім, бір Палаталы
Парламент қалыптастыратын уақыт
жетті. Оның құрамы жартысы пар-
тиялар арқылы, басым бөлігін (мысалы
– үштен екісін) бір мандатты округтен
халық сайлайтындай тəсілмен, басқасын
бізде бұрын қалыптасқандай облыстағы
барлық мəслихаттар депутаттары ар-
қылы сайлауға болады.
Соңғы Парламенттің ұйымдастыру
жұмысында бір мəселе дұрыс жасал-
мады деп ойлаймын. Айталық, бұрын
тұр ғындарының санына орай Оңтүстік
Қазақстан облысынан 9 депутат, Аты-
раудан екі депутат сайланушы еді. Қазір
барлық өңірден депутаттар саны бірдей
болды. Ал, жердің көлемі, халықтың саны
бірдей емес қой. Өңірлердің мəселесін се-
наторлар қарастырады десек, Сенаттың
екі депутаты Оңтүстік Қазақстандағы 2
млн халықтың қанша пайызымен кездесе
алады? Мəжілісте оңтүстіктен екі депу-
тат қана. Осындай сұрақ бар көкейімде,
бірақ, ол мəселені шешетін мен емес.
– Рақмет əңгімеңізге.
Əңгімелескен
Айбатыр СЕЙТАҚ
Мырзагелді КЕМЕЛ. Бір палаталы Парламент қалыптастыратын уақыт жетті
№2 2015 А И АТ
63
63
1979 жылдың көктемі. Маусымның
14-інші жұлдызы. Целиноград қаласын-
дағы Қазақ ауыл шаруашылық инс-
ти тутының Ветеринария жəне мал
ша руашылығы технологиясы факуль-
тетінің бесінші курс студенттері соңғы
сабақ болатын аудиторияға үздік-создық
кіріп, орындарына жайғасып жат-
ты. Дəл осы кезде он минуттық үзілістің
біткенін хабарлаған қоңыраудың сыңғыры
естілді. Арада сүт пісірімдей уақыт өте
шықты. Бірақ, оқытушының қарасы көріне
қоймады. Студенттер өзара күбір-сыбырға
көшіп, шуылдап-дуылдай бастады. Курс
старос тасы
Қазақбай
қолындағы
былғары сумкасын орындыққа қоя сал-
ды да, есік жаққа қарап:
– Шапров тағы қайда шапқылап
кетті екен? – деді дауысын созып. – Қып-
қызыл коммунистің кешіккені қалай?!
– Облыстық партия комитетінің біл-
дей бір лекторы қашан келіп-кететінін
сенен сұрайды дейсің бе? – деді Ерлік
миы ғынан күліп, – Қазір екі қолын қай-
шылап жететін шығар, қырдың қы зыл
түлкісіндей жылмаң қағып...
– Тап соны сағынып отырған ешкім
жоқ! Келмесе, келусіз қалсын, дəрісі дəру
деймісің! Партияның қаулы-қарарлары
туралы қақылдап, құр босқа құлақты
сарсытады. Ол лекция оқыса, қараптан
қарап ұйқым келеді-ей! – Қазақбай
қолдарын партаның үстіне қойып, басын
қисайта бергені сол еді, осы сəтті аңдып
тұрғандай үстіне жеңі шолақ ақ көйлек
киіп, қызыл галстук тағынған елулер
шамасындағы Целиноград облыстық
партия комитетінің лекторы Алексей
Ша пров алқын-жұлқын кіріп келді.
Думан РАМАЗАН,
журналист
АЛАҢ
хикаят
Алқынып тұр, ентігін баса алар емес,
таңқиған танауы пыс-пыс етеді. Сарғыш
шашының төбе тұсы тікірейіп кеткен, секпіл
бетінің ұшы қызарып тұр. Қалқиған құлағы
сопақ басына қолмен желімдей салғандай
көзге қораштау көрінеді. Бойы бір тұтам,
өзі сидиған арық. Қышымасы бардай, оң
қолымен бетін сипай береді. Жыпылық
қаққан көкшіл көздерімен студенттерді бір
шолып шықты да, қолындағы журналын
ашып жатып қайта жапты.
– Амансыңдар ма, балалар? Көңіл-
күйлерің қалай? – Дене-тұрқы қушиып
тұр ғанымен,
дауысы
зор,
күннің
күркіріндей күркіреп шығады, – Кəне,
төрт көздерің тү гелсіңдер-ау деймін,
бүгін қараларың көбірек екен, тізіммен
түгендемей-ақ қояйын! Обкомдағы бір
маңызды жиынға қа ты сып, кешігіп
қалғаным. Есесіне, құр кел ген жоқпын,
тосын сый ала келдім.
– Ол не сый? – Дауыс жан-жақтан жа-
мырай шықты.
– Бұл бір керемет жаңалық!
– Айтсаңызшы, енді! – Студенттер оқы-
тушының аузына қарай қалысты, – Қандай
жаңалық?
– Асықпаңдар, аптықпаңдар, балалар,
қазір өзім рет-ретімен бəрін баяндаймын.
Бүгінгі дəрісіміз «Кеңестік немістер»
тақырыбына арналмақ, – деп шəкірттерін
өзіне қаратып алған тəжірибелі ұстаз лек-
циясын бастап кетті.
Лектор Кеңес одағындағы немістер
туралы кеңінен көсілді. Алдымен Ре-
сейге, одан Қазақстанға қалай жəне
қашан келгендерін, қилы-қилы өмір
жолдарын, қақпақылға түскен тағдыр-
талайларын, екінші дүниежүзілік соғыс
кезіндегі көрген қиыншылықтарын,
жазықсыздан-жазықсыз қуғын-сүргінге
ұшырап, қиын-қыстау күндерді бастан
кешкендерін, Еділ жағалауындағы авто-
номиялық республикаларының заңсыз
Ащы да болса...
№2 2015 А И АТ
64
64
таратылып, ал, оны мекен еткен неміс
диаспорасының күштеп жер аудары-
лып, одақтас республикаларға тары-
дай шашырап кеткенін тіліне тиек етіп,
оларға бір бүйрегі бұратынын сынама-
лап жеткізді.
– Осы əділетсіздіктің орнын толты-
ру үшін КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік
комитетінің бастамасымен қазақ жерінде
неміс автономиялық облысын құру
туралы КОКП Орталық Комитетінің
қау лысы шықты. Біздіңше, өте дұрыс
шешім жəне дер кезінде қолға алы-
нып жатқан ауқымды шара. Бұл неміс
диаспорасының шатқаяқтаған тірлігін
түзеуге мол мүмкіндік туғызады, ұлттық
ерекшеліктерін сақтап, оны дамытуға де-
ген табиғи ұмтылыстарына тың серпін
береді, – Шапров сəл-пəл кідіріс жасап,
кеңірек тыныстап алды да, бетін сипап
қойып, – Осыған байланысты Қазақстан
Орталық Комитетінің екінші хатшы-
сы Коркин бастатқан республикалық
он үш министрлік пен облыстық ве-
домство жетекшілері Ерейментауға
барып, алқалы кеңес өткізіп, істің ба-
рысын жан-жақты пысықтап қайтты.
Онда Алматы-Ерейментау арасына
тікелей телефон байланысын орнату,
болашақтағы автономия мекемелерін
орналастыру, құрылыс жұмыстарын
Достарыңызбен бөлісу: |