Әсет мұҚашбеков


Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның бірінші толғауы



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#9523
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
 
Кәсіпкер Жұматай Нұртазаұлы Абылханның бірінші толғауы 
Тақырыбы:  Табиғаттың  (пәндік,  материалдық  әлемнің)  –  ізгілік,  құмарлық, 
надандық байлауларына қалай байланамыз? 
 
Арақ-шараптан  ақыл  да,  пайда  да,  абырой  да,  қайырымды  мінез-құлық  та, 
адамгершілік те күтпе!  Мүлде ішпейтін адам – нағыз қадырлы адам.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шыңғыс хан 
 
Сұрақ: – Жұматай Нұртазаұлы, адам баласының жаратқан Жаратушысын 
ұмытып, пәндік дүниеге байланып қалуын қалай түсіндіресің? 
 
Жауап:  –  Әсет  аға,  ол  ойлау  жүйемізге,  пәндік  дүниеге  (материалдық) 
байлануымызға байланысты жағымды не жағымсыз болады. 
 
 
Табиғат бірде былай, бірде олай, 
 
Кетері мәлім емес әлдеқалай. 
 
Әкесі жан, шешесі дене болып, 
 
Көңіліміз сол себептен екіталай.   Шәкәрім 
 

 
49 
Адам осы әлемде  ізгілік, құмарлық, надандық деп аталатын үш арқанға 
байланған, себебі пәндік әлемді басқаратын осы үшеуі. Осының барлық жанды 
және  жансыз  заттарға  да  қатысы  бар.  Біз  туған  кезде  ақыл-ойымыздың 
қалыпына  байланысты  не  ізгіліктің,  не  құмарлықтың,  не  надандықтың 
шырмауына  түсіп  байланамыз.  Біз  осы  үшеуінің  де  әсерінде  боламыз,  бірақ 
ішінде біреуі белең алып тұрады. Шөппен қоректенетін жануарлар: жылқы, қой-
ешкі  т.б.  ізгіліктің,  жыртқыш  хайуандар  құмарлықтың,  ал  есек,  қашар  сияқты 
жануарлар надандықтың шырмауына байланған. Сондай-ақ өсімдік әлемі: хош 
исті  гүлдер,  шөптер,  көкөністер  –  ізгілік,  кесіп  кететін,  шаншып  алатын, 
қышытатындар – құмарлық, ал улы, жабысқақ тікен тәріздестер және жаман иіс 
шығаратын өсімдіктер – надандық шырмауына маталған.  
Адамдар  да  осылай  бөлінеді:    ізгілік  аясындағылар  –  білім  мен  ілімге 
ұмтылып  үнемі  ізденетіндер  және  Жаратушының  бар  екенін  мойындайтын, 
сенетіндер.  Мұндай  адамдардың  денесі  дөрекі,  қолапайсыз  емес.  Олар 
қайырымды,  адамдармен  араласуы  сыпайы,  ауруларға  бой  алдырмайды, 
жүрістері  мен  дене  қозғалыстары  жеңіл,  көңіл  күйлері  көтеріңкі  болғаннан 
кейін үнемі күліп бірқалыпта жүреді. Құмарлық шылауына оралған адамдар – 
қайырымдылығы аздау, Жаратушыны мойындап қайыр-садақа беріп жүрсе де, 
барлық іс-әрекеттерін өзінің сезімдерін қанағаттандыруға бағыштайды. Оларға 
– 
көре  алмаушылық,  қызғаныш,  ызалану,  кекшілдік,  шырт  етпе  т.б.  сезімдер 
тән.  Олар  –  табанды,  тәуекелшіл,  жылдам,  пікірлерін  кесіп  айтатын,  ішкі 
жалыны  тепе-теңдікте  болған  кезде  адамдармен  жақсы  қарым-қатынас 
жасайтын,  көңілді  адамдар  болады.  Надандық  құрсауындағы  адамдарда 
көптеген жаман қылық пен қасиеттер болады. Олар Құдайға сенбейді, сенгісі де 
келмейді. Қылықтары маңайындағы адамдарға бақытсыздық пен зардап әкеледі. 
Мұндай  адамдар  жалқау,  жұмысқа  құлқы  жоқ  маубас  болады.  Денелері  ауыр 
элементтерден құралып аурушаң, санасы мен ақылы жануарлар деңгейінде ғана 
қалыптасады. 
 
Жалқау тірі болғанмен өлгенге есеп, 
 
 
Білімнің кеселі жоқ мұнан кесек. 
 
 
Білімсіз, әрекетсіз еріншекті, 
 
 
Күнәкер де болмаспыз өлді десек. 
 
 
 
Жан талпынар талайды көрмек үшін, 
 
 
Әр сырын дүниенің білмек үшін. 
 
 
Дене байғұс салмақ боп баса берер, 
 
 
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.   
 
Шәкәрім 
 
Сұрақ: – Жұматай Нұртазаұлы, пендеге адам денесі не үшін беріледі? 
 
Жауап: – Әсет Ризаұлы, сіз өте маңызды сұрақ қойып отырсыз. Тірі жан 
иесіне Жаратушымен жоғалтып алған байланысын қайта қалпына келтіру және 

 
50 
өзін-өзі  тану  үшін  адам  денесі  беріледі.  Қазіргі  қауымның  санасы  –  Құдай 
туралы  ілімнің  жоқтығынан  жануарлардың  деңгейінде  тұр.  Хайуан  да 
ұйықтайды,  ішіп-жейді,  қосылады,  қорғанады,  ұрпақ  әкеледі,  ауырады, 
жазылады,  дәретке  отырып  өз  денелерінен  қалдықтарды  шығарады. 
Адамдардың артықшылығы жақсы жағдайда тұрады. Хайуандар мен жануарлар 
күнәға батпай табиғаттың заңдылығымен өмір сүреді. Олардың шамасы жеткені 
әлсізін жесе де даму сатысына әсерін тигізбейді, тек нашарлары мен ауруларын 
сұрыптайды.  Біз  саналы  түрде  ағаштарды  кесіп,  хайуандарды  аяусыз  жойып 
қырудамыз.  Осындай  іс-әрекетімізбен  сананың  эволюциялық  сатылап  даму 
ағымын  тоқтатамыз.  Сондықтан  да  осы  тірі  жан  иелері  осы  денесімен  қайта 
тууға  мәжбүр  болады.  Бұл  туралы  1001-ші  хадисінде  Пайғамбарымыз 
Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Адамды ниетіне қарай тірілтеді». 
Қарымта  қайтару  заңы  бойынша  –  осы  істеген  күнәларымыздың  жазасын 
тартпай  қоймаймыз.  Бұл  күнәлардан  бір  өмірімізде  құтыла  алмаймыз,  бұның 
өтемін талай-талай өмірлерді өткізіп барып қана өтейміз. 
57. Мы сотворили вас, – 

 
Так что ж не веруете вы? 
58. Ужель не зрите вы, как ваше семя 
Извержено (во чрево ваших жен)? 
59. Вы или Мы – творцы сего? 
60. Назначили Мы смерть для вас 
 
 
 
уделом равным, 
И в этом – планов нашей воли 
Никто расстроить не способен, 
61. Коль Мы одну из ваших форм 
Решим сменить другою 
И снова воссоздать вас в виде, 
Кой вам доселе был неведом. 
62. Поистине, известно вам о первой 
 
 
 
форме сотворенья, – 
Так что ж об этом вам 
 
 
 
Не поразмыслить? 
63. Вы видите посев семян (на пашне), – 
64. Так в вас иль в Нас 
Лежит причина их произрастанья? 
 
КОРАН перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. 
Рипол классик Москва 2005, Сура 56 Неотвратимое событие, стр. 566 
 
57. Біз сіздерді жараттық 
Осыған сіздер сенбейсіздер ме? 
58.Шаһуаттарыңыздың (әйелдеріңіздің жатырына) 

 
51 
Құйылғанын қалай көрмейсіздер? 
59. Осының жаратушысы – сіз бе әлде Біз бе? 
60. Біз сіздерге өлімді біркелкі тағайындадық, 
Бұл – біздің мақсатты еркіміз 
Ешкімде осыны өзгертуге қабілетсіз, 
61. Біз сіздердің  бейнелеріңіздің бірін 
Басқа бейнеге өзгертуге ниет етсек, 
Осы уақытқа шейін өзіңізге белгісіз, 
Басқа бейнеде жаңадан жаратамыз. 
62. Ақиқатында, сізге алғашқы 
 
 
 
жаратылған тұлға белгілі, – 
Онда неге осы жайды сізге 
 
 
 
Ой елегінен өткізбеске? 
63. Сіз тұқымның себілгенін көресіз (егістікте), – 
64. Онда барлық өсіп-өрбудің себептері 
сізде ме әлде Бізде ме? 
(орысшадан аударған Әсет Мұқашбеков) 
 
Сұрақ:  –  Адам  баласының  осы  өмірге  келгеннен  кейінгі  түпкі  мақсаты 
неде? 
     
Жауап: – Адам баласының түп мақсаты – Құдайға қайту екендігі мұсылман 
қауымының киелі кітабы  Құран Кәрімде бүкпесіз ашық көрсетілген. 
 
Табиғаттың заңы мүлтіксіз. Адамдар ойлайды, сәбилер пәк, таза туады  – 
себебі, әлі күнә жасап үлгерген жоқ деп. Өкінішке орай сәбилер пәк емес, олар – 
өткен өмірлерінің салдарын өсе келе көретін болады.  
 
Сұрақ:  –  Адамның  жаны  табиғаттың  үш    байлауының  біреуіне  қалай 
шырмалады? 
 
Жауап: – Адамның жаны тәнде болғанда пәндік табиғаттың байлауының 
біреуіне  шырмалады,  ал  жан  өзі  бөлек  болғанда  табиғаттың  байлауы  әсер  ете 
алмайды,  себебі  ол  фәни  пәндік  әлемде  емес,  бақилық  рухани  әлемде  болады.  
Кей  кездерде  ізгілік  аясында  жүрген  адамға  керемет  жаман  ойлар  келеді,  ол 
адамның  өзі  осы  ойдан  шошып  кетіп:  «адамға  неше  түрлі  сұмдық  ойлар  келе 
береді екен-ау», – деп таңырқайды. Немесе надандық, не құмарлық байлауына 
шырмалып жүрген адамға керемет тамаша жақсы ойлар келеді. Бірақ осы ойлар 
біздің  санамызды  өзгерте  алмайды,  себебі  бұл  жерде  рухани  ілім  жоқ.    Адам 
толықтай рухани ілім алмаса сезімнің жетегінен шыға алмай, әре-сәре күй кешіп 
өмірін өткізе береді. Материалдық білімнің өзі екі түрлі болады: академиялық 
және пәндік. Біздің жоғарғы оқу орындарында алған біліміміз академиялық, ал 
өмірден алған сабағымыз пәндік. Академиялық білім жетілмеген, себебі пәндік 
үш байлаудың (ізгілік, құмарлық, надандық) ықпалынан шыға алмайды. 
 
Сұрақ: – Біздің денеміз неден құралады? 

 
52 
 
Жауап:  –  Біздің  денеміз  Жаратушының  барлық  пәндік  (материалдық) 
әлемді жаратқаны сияқты 24 элементтен құралады. Оның бесеуі көзге көрінетін, 
сыртқы  қабығымызды  құрайтын  тұрпайы  элементтер.  Бұны  тамақтың  қабы 
дейді,  себебі  осы  қабық  ішкен  тамақ  арқылы  құралады.  Адам  өлгеннен  кейін 
осы  қабық  бастапқы    қалпына  айналып  қайта  бес  бөлікке  ыдырап  кетеді.  Бұл 
қабық – топырақтан, судан, оттан, ауадан және эфирден тұрады. 
 
Адам тәнінің өзі үш дененің: көрінетін физикалық, көрінбейтін нәзік және 
көрінбейтін жоғары денелердің жиынтығы. Топырақ – біздің денеміздің қатты 
да ауыр бөлігі: бұл біздің қаңқа сүйегіміз, бұлшық етіміз, сіңіріміз, шашымыз, 
тырнағымыз, тісіміз; Су – біздің денеміздің сұйық бөлігі: бұл қанымыз, шырыш, 
ет  арасындағы  сұйықтық,  қан  түйіршіктері  лимфа  және  микрофлорамыз.  От  – 
біздің  денеміздің  газ  түріндегі  бөлшектері:  ол  біздің  асқазанымызда, 
бауырымызда, етімізде болады. Адам денесінде оттың 13 (он үш) түрі бар. Ауа – 
біздің денеміздегі айланып жүретін  қуат бөлігі.  
 
Ауа  сүйектің,  бастың,  мүшелердің  бос  қуыстарын  толтырып,  өкпеде, 
ішек-қарын  жүйесінде  болады.  Эфир  –  біздің  денемізде:  мұрын  мен  құлақ 
қуыстарын толтырады. Эфир қозғалғанда кәдімгі ауа. Біздің денемізді құрайтын 
бөлшектер  әр  адамда  әр  түрлі  мөлшерде  болады.  Ізгілік  аясына  байланған 
адамдарда – жеңіл элементтер басым. Оларда ауа мен эфир көбірек те, топырақ 
пен су азырақ болады. Құмарлық байлауындағы адамдарда – от, су көбірек те, 
ауа,  эфир,  топырақ  азырақ  болады.  Надандық  шырмауына  байланған 
адамдардың денесінің бөлігінде топырақ пен су белең алады.  
 
Біз  өз  денеміздің  құрлысшысымыз.  Біз  өзіміздің  ойлау  жүйемізбен, 
қалауымызбен  өзіміздің  болашақ  тәніміздің  негізін  қалаймыз.  Егер  де  өз 
денемізді  жақсылап  жасай  алсақ,  онда  осы  денеміздің  артықшылығын 
ойдағыдай пайдалана аламыз. Егер де жасаған денеміз жаман болса – осының 
зардабын өзіміз шегетін боламыз. 
 
Сұрақ:  –  Біздің  денеміздің  табиғаттың  үш  байлауына  шырмалып  өзгеруі 
мүмкін бе? 
 
Жауап:  –  Біздің  денеміздің  бөлшектері  тіршілік  кешкен  уақытымызда 
өзгеріп  отыруы  мүмкін.  Егер  адам  құмарлық  пен  надандықтың  байлауымен 
туса, онда ол осы байлаудың жетегінде кетеді деген түсінік емес. Осыны өткен 
өміріндегі  ақыл-ойының  қалыптасуының  нәтижесі  деп  түсінуіміз  керек.  Егер 
адам  қазіргі  өмірінде  рухани  білім  ала  бастаса,  ол  рухани  дамып  денесінің 
бөлшектерінің  сапасы  өзгере  бастайды.  Төменгі  ауыр  бөлшектердің  орнын 
жеңіл бөлшектер алмастыра бастап – өзінің пәндік байлауын да өзгерте алады. 
Керісінше:  ізгілік  байлауындағы  адам  төмен  құлдырап  маскүнем  не  бәңгіші 
(наркоман) болып кетуі және рухани дамытпайтын істермен, не қылмыстық іс-
әрекетпен  шұғылданып  азып-тозуы  мүмкін.  Осындай  адамның  дене 
бөлшектерінің  құрылымы  да  өзгеріп  сала  береді.  Жеңіл  бөлшектердің  орнын 
ауыр  бөлшектер  алмастырады.  Біз  қазіргі  өмірімізден  де:  маскүнемнің, 
бәңгішінің, қанішердің түрлерінің қорқынышты болып кететінін  көзіміз көріп, 

 
53 
құлағымыз  естіп  жүр.  Адам  қартайғанда  да  түрінің  өзгеруінің  куәсіміз. 
Көптеген қариялардың бет әлпеті әлем-жәлем, ұсқынсыз маймылға айналады – 
бұл оның ниетінің, ақыл-ойы деңгейінің тура көрсеткіші. Ақыл-ой – маңдайды, 
бет  сүйектің  пішінін  жасайды.  Адамның  өңіне  қарап-ақ  оның:  ниетін,  мінезін 
және ізгілік жолымен, әлде құмарлық жолымен жүретінін, немесе  хас наданның 
дәл өзі екенін дөп басып айырып, не ойлап тұрғанын да түрінен, бет әлпетінен 
оқи аламыз.  Ол адамның өлгеннен кейін де, о дүниеге қай байлаумен кеткенін 
анықтауға  болады.  Адамның  санасы  қандай  білім  алғанына  қарамастан  да 
әрқашанда  айқын  болып  тұрады.  Академиялық  білім  адамның  көзқарасын, 
ойлау жүйесі мен пәндік әлемге байлануын  өзгерте алмайды. Адам өзінің ойлау 
жүйесі  мен  ақыл-ойына  байланыста  келешектегі  іс-әрекетін  анықтай  алады. 
Немесе  Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.)  айтпақшы:  «Әр  адам  не  үшін 
жаралса, соған ғана ылайықты  өмір сүред»і. 
 
Академик Оразалиевтің үшінші  толғауы.  
Тақырыбы: Гендікқордың маңызы. Тұқым қуалаушылық пен қарымта аурулары 
деген  не?  Адам  ауруға  шалдыққанда  ағза  мүшелері  қандай  белгілер  береді? 
Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ме?  
 
Басы ауырып, балтыры сыздамағанның, Құдаймен ісі жоқ. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Көз  алдыңызға  елестетіңіз:  Белгілі  бір  себептермен  сіз  ұзақ  уақыт  тамақ 
ішпесеңіз әлсіздіктен мүлдем қозғала да алмай қаласыз. Тіпті сіз қанша білімді, 
бай  болсаңыз  да,  сіздің  байлығыңыз  бен  біліміңіз  әлдекімнің  әкеп  берген  бір 
үзім нанына татымай қалады. Бір шайнап жұтқаннан кейін-ақ тәніңізге қуаттың 
құйылып жатқанын байқайсыз. Бұл керемет емес пе? Осы бір тілім нанның өзі 
сіздің  ішіңіздегі  неше  түрлі  қуатты,  іс  әрекеттерді  қайта  іске  қосып  жіберді. 
Сенсеңіз де, сенбесеңіз де бір тілім нанның қуаты мен күші, 70 жүк вагоны бар 
пойыз құрамасын жер шарын бір қабат айналдырып шыға алады. Осы бір үзім 
нанның құрамындағы элементтердің қуаты сіздің ойыңыз, сезіміңіз, еркіңізден 
де  жоғары  тұрғанын  бір  сәтте  болмасын  ойланып  көрдіңіз  бе?  Осы  бір  тілім 
нанды  тек  қарның  ашқанда  ғана  жеп  күш  қуатыңды  қалпына  келтіресің. 
Осының  нәтижесінде  іс  әрекетіңді,  сөзіңді  сөйлеуіңді,  ойлауыңды,  сезінуіңді 
ары қарай жалғастыра бересің. 
 
Әрине,  қазір  де,  бұрын  да  бүкіл  әлемде  тамақ  мәселесі  бірінші  орында 
болған,  әлі  де  бола  береді.  Осыны  шешу  үшін  тіршілік  иелерінің  бәрі  де 
тырбанып жұмыс істейді, осы үшін талай төңкерістер мен соғыстар да болды, 
болып та жатыр.  
Сұрақ:  –  Рақым  Алмабекұлы,  сіздің  өсімдіктердің  гендік  қорын  жасау 
туралы  мәселені  жан  жақты  көтеріп,  осы  мәселемен  тікелей  президентіміз 
Нұрсұлтан Әбішұлының қабылдауында академик Медеубеков екеуіңіз 1 сағат 5 

 
54 
минут  болып,  ауызба-ауыз  сөйлесіп,  ол  кісіге  істің  маңыздылығын,  болашақ 
ұрпақтың  қамы,  еліміздің  қазынасының  қайнар  көзі  екенін,  дәйекті  түрде 
дәлелдеп, осыған Нұрекеңнің қолдау көрсетіп, қаражат бөлгенін, біреу білсе – 
біреу  білмес.  Өзіңіздің  қазақтың  академик  Вавиловы  екеніңізді  тағы  бір 
дәлелдеп бердіңіз. Осы туралы не айтар едіңіз? 
Жауап: – Әсет бауырым, одақтың күйреуі ғылымды да күйзеліске түсірді. 
Республикалар  арасындағы  жылдар  бойы  қалыптасқан  байланыстың  үзілуі 
ғалымдардың  жағдайын  қиындатты.  Селекционерлерді  әлемдік  коллекция 
үлгілерімен қамтамасыз етіп отыратын Бүкілодақтық өсімдіктер шаруашылығы 
институтымен  (ВИР)  байланысы  жоғалды.  Осы  жағдайлар  түрткі  болып 
өсімдіктердің  гендік  қорын  жасау  туралы  ұлттық  бағдарламаны  негіздеп, 
әлемдік  флораның  табиғи  алуан  түрлілігін  сақтау,  Ұлттық  ген  қорын  құру.  
Менің  мектебім  астық  тұқымдастардың  ауқымды  коллекциясын  жинақтап, 
жүйеледі, сонымен қатар түрлі елдер арасында ұрықтық плазма материалымен 
алыс-беріс  жасау  мәселесіне  ерекше  көңіл  бөлдім.  Жақында  президентіміз 
Нұрсұлтан  Әбішұлымен  кездесіп,  сөйлескенімде  ол  кісі  бар  ықыласымен 
тыңдап,  бұндай  игі  іске  көмегін  де,  қаржысын  да  аямайтынын  айтты.  10...12 
миллион доллар қаржы бөлді. Алла қолдаса келесі жылдан бастап Қазақстанда 
бар 400 мың түрлі өсімдік пен жан-жануарлардың т.б. қалпын сақтайтын қойма 
құрылысы  басталмақшы.  Үкімет  Ел  басымыздан  осы  жөнінде  нұсқау  алып 
қаулы  қабылдады.  Бұл  да  болса  менің  еліме,  халқыма  деп  атқарып  жатқан 
борышымның  бір  ұшығы,  ұсынысымның  ескерусіз  қалмағанына  тәубә  деймін. 
Бұған  дейін  болған  қаншама  сорттарымыз  жоғалып  кетті.  Әлгіндей  қордың 
жоқтығынан жоғалды. Әрбір сорт – қайталанбайтын үлгі. Бір жоғалған соң оны 
қалпына келтіру қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан да гендікқор аса қажет. 
 
Сұрақ:  –  Рақым  Алмабекұлы,  осы  тұқым  қуалаушылық  пен  қарымта 
қайтару ауруларын қалай түсінесіз?  
Жауап: – Әсет Ризаұлы, сен өте келелі де, тылсым сұрақ қойып отырсың. 
Барлық  аурулар  екі  түрге  жіктеледі:  қарымта  қайтару,  тұқым    қуалаушылық 
ауруы  және  өзіміздің  надандығымыздан  болатын  ауру.  Пәндік  әлемде  бәрі  де 
туады,  өседі,  өрбиді,  қартаяды,  өледі.  Ауру  да  сол  сияқты  туады,  асқынады, 
шегіне  жеткен  кезде  созылмалы  түрге  ауысады.  Өлгеннен  кейін  ауру  нәзік 
денеде басқа түрде сақталып келесі өмірде қайта пайда болады. Адам пешенеңе 
жазған  тағдырды  өзгертуге  болмайды  деп  ойлайды,  бірақта  өзіміз  шектеулі 
еркіндігімізбен өзімізге ауру тауып аламыз, сондықтан бұдан құтылатын жол – 
рухани  ілім  ғана.  Менің  айтып  отырған  ілімім  дәрігерлік-метофизика.    Бұл 
дегеніңіз  ертедегі  философтар  қолданған  дәрігерлік  ілім  немесе  дәрігерлік 
ілімнің  бастауы.  «Мета»  деген  сөз  нәзік  дене  деген  мағынаны  білдіреді. 
Шаштың  түсуі,  тістің  мүжілуіне  сыртқы  ем  қонбайды,  себебі  аурудың  себебі 
сүйектерде жатыр.  
Барлық  аурулардың  себебі  –  қанға  қосылып  алып  бірге  айланып  жүрген 
уларда, олардың ағзаның осал бөлігінде шоғырлануында.  

 
55 
Ауру асқазанда «туады»-да бес даму сатысынан өтеді. Бірақ біз басталған 
мезетте  аурудан  құтылу  жолын  білмегендіктен,  ол  тән  ішіне  терең  бойлап 
тұрақтап, созылмалы түрге ауысады.  
Барлық  аурулар  ойлау  жүйеміздің  бұрыстығынан,  ал  осыны  дәрімен  
емдеу  мүмкін  емес.  Дәрілер  керісінше  жүйке  жүйесін  жаныштап,  ағзаның 
қарсыласу-имундық  әрекетін  әлсіретеді.  Онымен  қоймай  көптеген  дәрілер 
тәннің  тінін  терең  жаралайды.  Көптеген  антибиотиктардан  асқазан  мен  ішек 
жолдары  ғана  емес  есту  мен  көруіңізді  де  нашарлатады,  өстіп  ағзаңыздың 
қорғану қабілетінің быт-шытын шығарады.  
Тұқым  қуалаушылық  немесе  қарымта  аурулары  біздің  ойлау  жүйеміздің 
нәтижесі және өткен кезеңдегі өмірімізбен байланысты. Біз өткен өмірлерімізде 
өзіміздің  іс-әрекетімізбен,  ойымызбен  тұқымды  келесі  өмірімізге  сеуіп 
кеткенбіз, енді сол тұқымдар өсіп-өнуде. Себепсіз тымау да тимейді. Көптеген 
қарымталық  тұқым  қуалайтын  ауруларға  алған  жарақаттарымыз  себепкер. 
Мысалы,  жүрек  талмасы  –  өткен  өмірдегі  жүрек  қызметінің  бұзылуынан,  ол 
мүмкін апаттан, пышақтан жарақат алғаннан т.б. Осы жағдай ақылға жазылып 
қалады,  ал  ақыл  да  нәзік  денелеріміздің  біреуі,  ол  осы  деректі  келесі  денеңе 
ауыстырады. Ананың жатырында жаңадан дене құралып жатқанда ол ақылдағы 
жазылып қалған деректер бойынша құралады.  
 
Ауыр  дерттердің  әрқашанда  себебі  болады.  Мысылы,  өкпе  аурулары  – 
көкжөтел,  туберкулез,  баспа  –  өткен  өміріндегі  салауатты  өмір  сүрмеуінің 
салдары. Бәңгі шегу, темекі тарту, маскүнемдік т.б.  
 
Ағашта  көптеген  бұталар  бар,  олар  ағаштың  діңі  арқылы  қоректенеді. 
Осы бұтақтың жапырақтары күз сайын жерге түседі, ал көктемде қайта шығады. 
Бірақ,  бұл  әлгі  түсіп  қалған  жапырақтардың  өздері  қайта  өсті  деген  емес  қой. 
Бұтақ  ауру  болуы  мүмкін,  қорек  жетіспегендіктен  жаңадан  өсіп  шыққан 
жапырақтар да ауруға шалдығады. Біз де өзіміздің қарымтамыз біткеннен кейін 
сау бұтақта пайда боламыз. Қарымта аурулары адамның өткен өмірімен тығыз 
байланыста. Егер ол зиянды жерде жұмыс істесе, содан ауырса, келесі өмірінде 
осы мүшесі әлсіз болады. Бала көтермеу, белсіздік, бездердің ауруы адам өткен 
өмірінде  нәпсісіне  ие  болмауының  салдары.  Ол    өзінің:  тіліне,  асқазанына, 
жыныс  мүшесіне  ие  бола  алмаған.  Сондай-ақ  көздің  көрмеу  мен  саңыраулық, 
мылқаулық  та  осыған  жатады.  Неге  жаңа  туған  сәбилер  осындай  кемшілікпен 
туады,  олар  әлі  күнәға  батып  үлгерген  жоқ  қой?  Осының  салдары  өткен 
өмірінде  бұғып  жатыр.  Адам  ашуланғанда  көзі  қанталап,  көздің  жүйке  жүйесі 
бұзылады, осы жиі қайталана берсе көз әлсіреп көруі нашарлай бастайды, көздің 
қарашығын  суқараңғылыққа  апаратын  шел  басады.  Мылқау  мен  саңыраулар 
өткен  өмірлерінде  басынан  қатты  жарақаттанған,  миға  зақым  келген.  Мидың 
шайқалуы,  бастың  жаралануы  келесі  өмірінде  қояншық,  талма  ауруына 
ұшыратады.  
Өмірінің  соңындағы  адамның  созылмалы  ауруы  болашақ  ауруының 
себебі,  себебі  әлсіз  мүшенің  қуат  арнасы  туғаннан  бітеліп  қалады.  Тәндік 

 
56 
кемшілік  те,  құмарлық  пен  надандық  байлауының  әсерінен  болған  біздің 
қалауымыз,  іс-әрекетіміз,  өмір  сүру  қағидамыз.  Біздің  тәніміз  білімсіздіктен 
ауырады,  егер  өмірінің  соңына  таман  рухани  білім  алмаса,  келесі  өмірінде  де 
аурудан  зарлап  шегеді.  Сол  сияқты  біздің  жақсы  от  басында,  бай  отбасында, 
білімді отбасында, нашар отбасында т.б. жерлерде өмірге келуімізде де белгілі 
бір заңдылық бар. Ол – бүкіләлемдік әділет заңы немесе қарымта қайтару заңы. 
Әрбір  тірі  жан  иесінде  өмірлік  бағдарлама  мен  өлшеніп  берген  өмір  бар.  Жан 
өзінің  мерзімі  біткен  уақытта  тәнді  тастап  кетеді.  Егер  де  біздің  өміріміз 
Жаратушының  еркінде  болмаса,  дәрігерлер  барлық  науқастарды  емдеп  жазар 
еді.  Бізге  Жаратушы  көмекке  Ғазиз  жанды  жіберген.  Ол  сізді  белгілі  бір  іс-
әрекетке  итермелейді,  сол  кезде  ауруыңыздан  жазылып  аяғыңыздан  тік  тұрып 
кетесіз.  Барлық  қарымталық  аурулар  құмарлық  пен  надандық  байлауының 
басқаруымен болады, егер де адам рухани ілімді оқып үйреніп ізгілік байлауына 
қол жеткізсе, онда оның қарымтасы жеңілдейді. 
Сұрақ: – Адам баласы басқа жан иелеріне әсер ете ала ма?  
Жауап: – Барлық қасиетті кітаптарда тірі жан иелерін қорлауға, қинауға, 
зорлауға болмайтыны туралы жазылған. Ешкімге, ешбір жан иесіне зияныңды 
тигізбесең,  саған  да  сондай  қарым-қатынас  орнайды.  Сіздің  іс-әрекет  пен 
қылығыңыз  ғана  емес,  ойыңыз  бен  сөзіңіз  де  тірі  жан  иелеріне  әсер  ететінін 
біліңіз.  Өзінің  ақылын  басқара  алмайтын  адам,  өзіне  жан-жақтан  жау  тауып 
алады, сөйтіп оның өмірдегі мақсаты орындалмайды.  
 
Экономикалық  география  ғылымдарының  докторы,  доцент  Қастер 
Сарқытқанұлының бірінші толғауы  
Тақырыбы:  Қысқаша  өмірбаяны.  Тағдыр  деген  не?  Тағдырды  қалай  өзгертуге 
болады? Пәндік әлемде қандай білім аламыз? Тәнді қалай бағындыруға болады? 
Адамда неше жан болады және қай жерде орналасқан? Ұшатын тәлеңкелер. 
Басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма? 
 
Жұрттың сөзі: тағдырға адам көнбек, 
 
 
 
Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек. 
 
 
 
Осы сенің қызығың, қуанышың 
 
 
 
Сағымша жоқ боп кетіп түгесілмек.   Абай 
 
Сұрақ: – Қастер бауырым сенің тағдырың біздің жергілікті азаматтардан 
өзгеше.  Оның  себебі  сен  басқа  елде  туып-өскен  азаматсың.  Осы  туралы 
оқырмандарға  толықтай  және  кеңінен  баяндап  берсең,  себебі  біздің  елдің  де 
қазақтарын  Қытай  еліндегі  қандастарының  тағдырлары  алаңдатуда,  көбірек 
білгісі келеді. Қытай еліндегі қазақтар біздер сияқты емес – ұлттық салт-дәстүр 
мен  пайымдауды  қаз-қалпында  сақтап  қалған.  Біз  де  еліміз  егемендік  алғалы 
ғана  өз  ата-бабаларымыздың,  ұлтымыздың  тарихын  зерттеуге,  бұрынғы  салт 
дәстүрлерімізді  жаңғыртуға  мүмкіншілік  алып  отырмыз.  Сондықтан  да  біздің 

 
57 
елдің  қазақтарының  Қытай  еліндегі  бауырларынан  үйренерлері  көп  пе  деп 
ойлаймын. Осыған не дейсің? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  сұрағыңызға  толықтай  жауап  беруге  тырысып 
көрейін.  Ол  үшін  сөз  басын  тарихтан  таратуға  тура  келеді.  Ата-шежіреге 
жүгінгенде  арғы  бабаларымыздан  бақ  қонып,  дәулеті  өскен  әулет  көрінеміз. 
Алысқа бармағанда өз атам Құйғанбай да іргелі, ауқатты адам болыпты, Кеңес 
үкіметі  орнаған  алғашқы  үркін-қорқын  жылдары  Шығыс  Қазақстаннан  Қытай 
асып  кетіпті.  Қара  Ертістің  әлде  бір  жерінде  «Құйғанбай  өткелі»  аталған  мал 
өтетін  өткел  бар  деседі.  Атам  тек  малға  бай  емес,  басқа  да  кенде  болмапты. 
Атпал-атпал  ұлдары  мен  гүлдей  көркем  қыздары  да  болыпты.  Әкем  үйдің 
кенжесі екен.  Атам оның өмірге келгенін көрмей өмірден озыпты. Сондықтан 
әжем ұлының атын әкесінің сарқыты деп Сарқытқан қойған. Әжем Кален Алтай 
қазақтарына  аты  кеңінен  мәлім  бақсы  болған  адам  екен.  Әкемнің  ағалары  ер 
тұлғалы,  жаужүректі,  еңбекқор  болған  адамдар  екен.  Әкемнің  Байшуақ  деген 
ағасы дүрбелең жылдары қол бастап моңғол жеріне өтіп кетсе, Күншуақ деген 
ағасы  Көктоғай  кенінде  жұмысшылыр  көтерілісіне  басшылық  еткен.  Ал,  енді 
бір ағасы Жаншуақ сері, әрі өз заманының кәсіпкері болған. Әкемнің өз басы он 
бес  жасында  Шынжаңдағы  «Үш  аймақ  көтерілісі»  аталған  ұлт-азаттық 
төңкеріске  қатысып  Шынжаңда  бейбітшілік  орнаған  соң  Үрімжіде  кадрлар 
дайындайтын «Партия мектебінде» оқып бітіргеннен кейін  Қаба ауданында 21 
жасында әкім болған.   
 
Экономикалық  география  ғылымдарының  докторы,  доцент  Қастер 
Сарқытқанұлы  –  атасы  Құйғанбай  ақсақал  мен  әкесі  Сарқытқан  сияқты  терең 
ойлайтын,  сөзді  түйдек-түйдегімен  лақтыратын,  жаны  жайсаң,  көңілі  жомарт, 
қытай,  жапон,  ағылшын  тілдерін  өзінің  ана  тілінен  кем  білмейтін  текті 
тұқымнан шыққан аптал азамат.    Өзінің  аққұбаша  өңі  мен  сұңғақ  бойына 
ерекше  жарасып  тұрған    қайратты  қара  шашы,  күлімдеген  жанарлары 
бірқалыпты шуақ шашып, жүзінен иманды адамдарға ғана тән мейірімділік пен 
жоғары  саналылық,    ширақ  жүріс  тұрысынан,  дене  бітімінен  жастық  жалыны 
лапылдап тұрған, маңдайы кере қарыс, парасатты, адамгершілігі мол, оқығаны 
мен  тоқығаны  көп,  Қытай    қазақтары  мен  Қазақстандағы  қандастарының  тілі 
мен  ғұрып  дәстүрлерін,  ауыз  және  жазба  әдебиетін  жетік  білетін,  қаламының 
ұшының желісі бар, орда бұзар отызды аралаған, сирек кездесетін – санасы мен 
жеке басының мәдениеті өте жоғары, талантты да, зиялы ғалым.  
Қастердің  адаммен  тіл  табысуы,  инабаттылығы  мен  жанының 
жомарттығы өзіне ғана жарасқан  ерекше бір жан. Арғы  бет елінен өз бетінше 
ата жұртқа келіп ғылми атақ дәрежесін Қазақстанда қорғаған білікті де, білімді, 
бірнеше шығыс елдерінің тілдерін еркін меңгеруі өз алдына, сол елдердің әдет 
ғұрпын да жетік білетін – болашағынан көп үміт күттіретін ұлтмыздың санаулы 
бір  туар    азаматтарының  бірі.  Өзінің  табиғат  берген  қабілетінің  арқасында 
биіктен биікке самғай білді, әлі де самғауда.  Қазіргі уақытта Алматы қаласында 
Қазақтың мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. 

 
58 
  
Қастер бала күнінен оқуға ынталы болып, түрлі тақырыптағы кітаптарды 
көп оқитын. Ол 9 класқа түскен жылы бақытқа қарсы әкесі Сарқытқан мезгілсіз 
қайтыс  болып,  отбасына  түскен  ауыртпалықты  анасы  және  ағаларымен 
иықтасып  бірге  көтеру  үшін  17  жасында  Іледегі  Талды  көмір  кенінде  бала 
жұмысшы  атанып  түпсіз  терең  көмір  шахталарынан  алғашқы  қоғамдық  өмір 
жолын  бастайды.  Алайда,  білімге  ынтық  жас  анасының  талабы  мен  өзінің 
қалауы  бойынша  қайтадан  талапкер  атанып  19  жасында    Үрімжінің  Шынжаң 
университетіне түсіп 23 жасында бітіріп шықты.  
  
Қастердің  әжесі  Қален  апа  Алтай  қазақтарына  аты  кеңінен  мәлім 
қолының шипасы бар бақсы болған, қасиетті адам. 
 
Ал  нағашы  атасы  Қылышбай  қажы  Қытай  қазақтарына  танымал 
тарихшы-шежіре адам болып, дін және саяси билікте бірдей ұстап ел басқарған 
өз заманында озық ойлы, дана ақсақалы болған.  
Қастердің  шыққан  биіктері,  алған  асулары,  адамгершілігі  мен 
парасаттылығы, ата-баба, әке өсиетінің, аманатының абыроймен ақталғанының 
дәлелі емес пе!      
Қастер  Сарқытқанұлының  тағы  бір  қайталанбас  ерекшелігі  –  өмірге 
философиялық  (даналық)  көзқараспен  қарайтынында,  өмір  ағымын  осы 
тұрғыдан  бағалап,  өз  ойлары  мен  пайымдауын  іс  жүзінде  дәлелдеп, 
имандылыққа,  табысқа  жету  жолдарының  бұралаңы  мен  қалтарыстарының 
құпияларын  көпшілікке,  әсіресе  оралман  ағайындарға  түсіндіру  мен 
насихаттауды  өзіне  парыз  деп  санайды.  Осы  қасиеттерінің  өзі-ақ  Қастердің 
рухани  байлығы  терең,  санасы  жоғары,  адамгершілігі  мен  парасаты  мол 
екенінің дәлелі емес пе?  
Сұрақ:  –  Қастер  Сарқытқанұлы,  сұрағымды  мынадай  философиялық 
ойлармен бастағым келіп отыр. Алма ішіндегі дәнді санау қиын емес. Бірақта, 
бір дәнде қанша алма барын кім айта алады? 
Жауап: – Әсет аға, бұл сұрағыңызға қысқа да нұсқа жауап берейінде, ар 
жағын өз ойыммен жалғастырып отырайын.   Бір дәнде қанша алма барын айта 
алмаудың жауабы – шексіздік! Міне осы фәни өмірдегі қуаныш пен қасіреттің 
шарты – шексіздікте бұғып жатыр. 
 
– 
Пенде болған соң белгілі уақытта фәни өмірге келіп, белгілі бір уақытта 
бақи  әлемге  кетеміз,  шексіздіктің  бізге  әсері  жоқ  сияқты.  Өйткені,  ғарыштың 
шекарасы барын көз алдымызға елестету мүмкін емес. Қысқасы, ғарыш шексіз 
болғандықтан  да,  сіздің  де  мүмкіншілігіңіз  шексіз,  осыны  өміріңіздің  бір 
бөлшегі немесе басты шарты етіп алыңыз. 
 
Біз  байқаймыз,  адамның  болмысының  басым  бөлігінің  белгілі  бір  қалпы 
жоқ,  неге  десеңіз,  адам  ойының,  қиялының  шегі-шекарасы  жоқ.  Осыдан 
өзіміздің де шексіз екенімізге көзім жетті. 
Бізді өмір бойы жұмыс істеуге үйретті, бірақта ешкімде, ешқашанда жақсы 
тұрмыс  жағдайы  мен  ақша  табудың  жолдары  мен  әдістеріне  үйреткен  жоқ. 
Жаратушы  бізді  деніміз  сау,  бақытты  және  молшылықта  ғұмыр  сүру  үшін 

 
59 
жаратқан – бұл жерге шыр етіп түскендегі әр пенденің туа салғандағы құқы мен 
еркі!  
Сен  ең  алдымен  мыңдаған  кедергілерді  жеңе  отырып,  ақша  табу  мен 
молшылықта  тұруды  үйрен,  сонан  кейін  осы  бар  байлығыңнан  бас  тарт.  Өз 
маңдай теріңмен тапқан байлықтан бас тарта білу – рухани күш пен тазалықтың 
шыңы!  Сен  байлығың  мен  дүниең  болғанда  ғана  басқаларға  қамқорлық  жасай 
аласың, ал түгің жоқ кедей болып «мен құдай жолындамын, рухани тазамын», – 
деп, не өзіңе, не елге пайдаң тимей, құр кеуде қаққаныңның кімге қажеті бар?! 
Кедейлік пен жоқшылық – күнә! 
Демек,  молшылық  пен  байлықтың  да    ғарыштағы  басқа  заттар  сияқты 
шекарасы жоқ. Бұл біздің шектеліп қалған санамызға берген ғарыштың жауабы. 
Біз  өмір  сүру  қағидасын  жоқшылыққа  негіздемей,  керісінше  гүлдену  мен 
молшылықты өмір сүруіміздің шарты етіп қабылдауымыз қажет. 
 
Егер  біздің  ақыл-есіміз,  өреміз  белгілі  бір  шеңбер  мен  қағидадан 
аумағынан  шыға  алмаса,  жоқшылықтың  барына  ғана  сенсек,  біз  бүкіл 
ғұмырымызды  осылай  ғана  бағалаймыз.  Егер  біз  жоқшылықта  өмір  сүрсек, 
бүкіл  қуатымызды,  қалауымызды  осыған  ғана  бағыштап,  өмірімізді 
жоқшылықпен  өткіземіз.  Адамдардың  басым  бөлігі  жоқшылықты  ғана 
ойлағандықтан  «Менің  мұнан  артыққа  мүмкіншілігім  жоқ»,  «Менің 
балаларымда киетін киім де жоқ, мен қалай ғана молшылыққа сенемін» немесе 
«Менде біраз ғана қаржы болса, бұдан жақсырақ тұрар едім...». т.б. 
 
Осы  Қазақстанға  келгелі  он  жылдың  ішінде  бір  байқағаным,  тәуелсіз 
еліміздің тұнып жатқан шексіз байлығының ішінде шомылып жүрсе де – өмірде 
жолы болмаған қандастарымыздың басым бөлігі нашар тұрамыз деген сенімді 
жүректеріне  ұялатып  алған,  себебі  олардың  ойлаулары  мен  пайымдаулары  да 
кедей,  жұтаң,  таяз.  Осындай  жоқшылықты  ғана  ойлағандықтан  олар  жоғары 
әлемдерден  –  ойымен,  қалауымен,  сөзімен  өздеріне  тек  жоқшылықты  ғана 
тартады,  өздері  Жаратушыдан  осыны  ғана  тілейтіндерін  білмейді,  аңдамайды. 
Жаратушы осы ниет-қалауларын қабылдап сұрағанын беруде. Қытай халқының 
саны,  жер  көлемі  мен  Қазақстан  халқының  саны  мен  жер  көлемін,  әр  адам 
басына шаққанда келетін үлесін салыстыруға келе ме?!  
 
Осы  жоқшылықтан  құтылу  жағдайлары  қайсы?  Мұның  жауабын  осы 
күнделікті тіршілігіміз өтіп жатқан әлемнен табамыз. Біз осы әлемде өмір сүріп 
жүрміз, сондықтан, оларды басқа әлемде табуымыз мүмкін бе? Нақ шындық – 
осындағы байлық пен молшылық бәрімізге де артығымен жетеді. Осыны бүгінгі 
таңда  1,3  миллиард  халқы  бар  Қытай  елі  дәлелдей  білуде.  Біз  де  ғарыштың 
шексіздігінің  бір  бөлшегіміз,  осыны  нақтылы  түсінсек,  жоқшылықтан 
құтылудың  мыңдаған  жолдары  мен  әдістері  бар.  Мен  осы  жоқшылықтан 
құтылған адамдарды көптеп кездестіремін.  Олардың барлығы да, соның ішінде 
өзім де осы шексіздіктің біз де бір бөлшегі екенімізді өмір сүруіміздің шарты 
етіп қабылдап алдық, осыны жүрегімізбен түсіндік.  

 
60 
Сұрақ:  –  Қастер  Сарқытқанұлы,  тағдыр  деген  не?  Тағдырды  қалай 
өзгертуге болады? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  біз  тағдырымыздың  соққысын  тұрпайы 
денемізбен  және  нәзік  денелерімізбен  де  аламыз.  Болашақта  болатын 
оқиғалардың  тұқымы  және  ауыратын  ауруларымыз  нәзік  денелерімізде: 
ауруларымыз  төменгі  есте,  ал  болашақтағы  оқиғалар  –  жоғарғы  нәзік  әлемде 
бұғып  жатыр.  Дененің,  жердің,  ғарыштың  қабықтары  көзге  көрінетін  және 
көрінбейтін  болып  екіге  бөлінеді.  Адам  өміріндегі  барлық  болатын  оқиғалар 
алдын  ала  белгіленіп  қойылған,  тек  уақытын  ғана  тосуда,  сондықтан  да 
қарапайым  адам  өз  еркімен  мұны  өзгерте  алмайды.  Кей  кездерде  болашақта 
болатын  оқиғаларды  түсімізде  көреміз,  біз  өзгерте  алмаймыз,  болатын  нәрсе 
қайтсе  де  іске  асады.  Қазақ  осыны  тағдыр  немесе:  «пешенеңе  не  жазса  соны 
көресің», – дейді. Егер адам фәни дүниенің шырмауынан шыға алмаса, Құдайға 
сенбесе  қарымта  қайтару  заңы  мүлтіксіз  жұмыс  істейді,  оған  күмәныңыз 
болмасын, ал егер Құдайға сеніп, имандылық жолына түсіп ораза ұстаса, онда 
оның күнәлары кешіріліп жеңілдей бастайды. Осыған  сәйкес  адамның тұрмыс 
жағдайы  да  түзеліп,  бақытты  өмір  сүре  бастайды.  Осы  кезде  Жаратушы 
адамның  тағдырына  араласып  қарымтасын  өзгертіп  жібереді.  Осы  ойды  атам 
қазақ  «Алланың  жаққан  отын  адам  үрлеп  сөндіре  алмас»  деп  қысқада  нұсқа 
түйіндеген. 
Біз  өзіміздің  ақымақтығымыздан  қорғаушыны  жерден  іздейміз.  Кейбір 
күшті  тұлға  өмірімізде  жарылқаушы  болады  деп  ойлаймыз,  оның  да  осы 
өмірдегі  уақытша  пенде  екенін  ұмытып  кетеміз.  Өмірде  бәрі  де  өзгеріске 
ұшырауы  мүмкін:  сізге  қамқоршы  болып  жүрген  адамыңыз  қас  жауыңызға 
айналуы,  жан досыңыз дұшпаныңызға, ерлі  зайыптылар арасындағы бірін бірі 
алдау  т.б.  сезім  тұрақсыз  болғандықтан:  сүйіспеншіліктен  өшпенділікке, 
достықтан қастыққа, сондай-ақ өмірдегі араласып жүрген жора-жолдастарыңыз 
да  тұрақсыз.  Сондықтан  да,  адамды  толық  қанағаттандыратын  және  толық 
бақытқа  жеткізетін  жалғыз  тұрағы  –  Аллаға  деген  махаббаты,  сүйіспеншілігі. 
Ол  үшін  біз  рухани  іліммен  дами  беруіміз  қажет.  Бұл  дегеніңіз  –  мәңгілік 
ақиқат, бақыт. 
 
 
 
Алланың өзі де рас, сөзі де рас, 
 
 
 
Рас сөз ешуақытта жалған болмас. 
 
 
 
Көп кітап келді алладан, оның төрті 
 
 
 
Алланы танытуға сөз айырмас. 
 
 
Махаббатпен жаратқан адамзатты, 
 
 
 
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. 
 
 
 
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, 
 
 
Және хақ жолы осы деп әділетті.   
Абай 
 

 
61 
Сұрақ:  –  Қастер  бауырым,  пәндік  әлемде  қандай  білім  аламыз?  Оның 
қандай кемшіліктері бар? Алланы қай уақытта есімізге аламыз? 
Жауап:  –  Әсет  Ризаұлы,  өзіңіз  де  жақсы  білесіз  –  адам  пәндік  әлемде 
академиялық білім ғана алады, оның өзінің төрт кемшілігі бар. Пенде әрқашанда 
қателеседі,  дүниенің  түбін  қуады,  біреуді  алдауға  бейім  тұрады  және  сезім 
мүшелері  жетілмеген.  Біз  қартайғанда  Алланы  есімізге  аламыз  да,  қиналғанда 
Одан: «Не үшін азапқа салдың», – деп сұраймыз. Біз ойлаймыз, барлық тартып 
жүрген  бейнетімізге  басқалар  кінәлы,  тіпті  Жаратушыны  да  кінәлаймыз,  тек 
қана  өзімізді  ғана  кінәламаймыз.  Әлемде  бәрі  де  Жаратушының  еркімен 
істелінеді,  қурай  басы  да  Құдайсыз  қимылдамайды.  Біздің  қалауымыз  көп, 
бірақта  біздің  ойлағанымыз  орындала  бермейді.  Егер  де  осыған  лайық  болсақ 
қана  қалауымыз  орындалады.  Мысалы,  біз  баламызды  жақсы  көреміз,  бірақта 
оның  айтқанының  бәрін  орындай  бермейміз,  шамамыз  жеткенін  немесе  ол 
осыған лайықты деп санағанымызда ғана қалағанын тауып береміз. Барлық тірі 
жан иелері Алланың жаратқан, сондықтан да Ол бәрін бірдей сүйеді. 
Сұрақ: – Тәнді қалай бағындыруға болады? 
Жауап:  –  Есіңізде  болсын,  тән  өз  ықтиярымен  сізге  бағынбайды,  тәнді 
бағындыру үшін оның істегісі келетініне санаңыз арқылы әрекет етіп, тәнді ерік 
күшіңіздің  көмегімен  ауыздықтап,  айтқаныңа  көніп,  айдағаныңа  жүретін  етіп 
бағындырып  алыңыз.  Осы  жерде  өзіңіздің  қандай  адам  екеніңізге,  өзіңіздің 
көзіңіз  анық  жетеді  –  бос  белбеу  ынжықсыз  ба,  әлде  ерік,  күш  жігері  мықты, 
алған  бетінен  қайтпайтын  қайсар  да  қайратты  жансыз  ба.  Бұл  жан  мен  тәннің 
айқасы.  Тәннің  тілін  алсаң  нәпсің  билеп:  ауруың,  іштарлығың, 
дүниеқоңыздығың,  көре  алмаушылығың,  нәпсіқұмарлығың,  қызғаншақтығың, 
жексұрындығың,  надандығың,  жауыздығың,  қомағайлығың,  көрсеқызарлығың, 
суайттығың, сұғанақтығың, жымқырмалығың т.б. келеңсіздіктер жинала, өрши 
келе  жарға  жығады.  Сорлы,  мүсәпір,  бейшара,  созылмалы  науқастан 
жазылмайтын, ешкімге сүйкімің жоқ пенде болып шыға келіп, екі дүниенің де 
қызығын көрмей, аяғы ит өліммен өліп тынасың.  
Сұрақ: – Адамның  жаны қайда болады және қай жерде орналасқан?  
  
Жауап: – Адамда болжам бойынша  ғазиз жан болады. Ғазиз жан Алланың 
қуатының  (энергиясының)  жүректе  орналасқан  кішкентай  бір  бөлшегі. 
Сондықтан, «Құдай – жүректе» (Орысша, «Бог – в сердце») деген сөз бар.  Ғазиз 
жан  адамның  іс-әрекетіне  араласпайды,  тек  бақылайды  және  рұқсат  беріп 
отырады.  Абайдың  айтуынша:  «Алла  тағала  ғаламның  ішінде,  ғалам  Алла 
тағаланың ішінде». Алла тағала ғаламның ішінде деген ұғым,  Оның ғаламның 
әрбір бөлшегінің ішінде екенін көрсетеді. Ол әлемнің барлық бөлшегінде, әрбір 
атомның  ішінде,  әрбір  жан  иесінің  жүрегінде.  Ал  «Ғалам  Алла  тағаланың 
ішінде»  деген  тұжырым  Оның  ғарыштық,  әлемдік  бейнесін  көрсетеді,  яғни 
бүкіл ғалам оның ішінде. 
 
Парсылық ұлы сопылардың бірі Айн әл-Кудата әл-Хамадани (1048 – 1138) 
жүректе Алланың орны барын былай деп ашық жазады: 

 
62 
 
«Алла сіздің түріңіз бен бейнеңізге,  сіздің іс-әрекетіңізге қарамайды, Ол 
сіздің  жүрегіңізге  қарайды.  О,  достым,  жүрек  бәрін  көріп  отыратын  Алланың 
орны болып табылады». 
 
Мәшһүр Жүсіптің енді атағы шыға бастаған кезі екен. Біреу Абайға келіп, 
мен Мәшһүр Жүсіппін депті. Сонда Абай: «Алла қайда, құбыла қайда?», – деп 
сұрапты. Анау: «Алла аспанда, құбыла Мекеде», – деп жауап беріпті. «Жоқ сен 
Мәшһүр Жүсіп емессің», – деп әлгі кісіні қуып жіберіпті. Күндердің бір күнінде 
Абайға  сәлем  берем  деп  Мәшһүр  Жүсіптің  өзі  келіпті.  Сонда  Абай  өткендегі 
сұрақтарын қайта қойыпты. Сонда Мәшһүр Жүсіп: «Алла адамның жүрегінде, 
құбыла  өзің  туып  өскен  жерің  –  отаныңда»,  –  деп  жауап  беріпті.  Сонда  Абай 
разы  болып:  «Сен  нақ  Мәшһүр  Жүсіптің  өзі  екенсің  ғой»,  –  деп  құшағына 
басыпты. 
Сұрақ: – Жаратушы пендесіне қаншалықты ерік берген? 
 
Жауап:  –  Алланың  адам  баласына  ерік  бергені  соншалық  –  Ол  өз 
тағдырыңды өзіңе берген, жаман болуың да, жақсы болуың да өз қолыңда. Алла 
айтады  ғой:  «Сен  маған  бір  табан  жақындасаң  мен  саған  қырық  табан 
жақындаймын».    Мәйітті  шығарар  алдында  молдалар  сұрайды:  «Мына  кісінің 
қарызы бар ма?», – деп. Егер адам кешірмесе Алла да кешірмейді. Сондықтан да 
біз  үнемі  Жаратушының  бақылауында  болғандықтан  да  жаман  қылық  түгіл, 
жаман ой ойлаудан да аулақ болуымыз керек. «Адамнан жасырсаң да, Алладан 
жасыра алмайсың» деген қазекеңнің терең толғаулы, кең мағыналы сөзінің түп 
төркіні, Алла әр пенденің жүрегінде екенінің тағы бір дәлелі. 
Сұрақ:  –  Өлгелі  жатқан  науқастың  кей  кезде  аяқ  астынан  тәуір  болып 
кетуінің себебі неде? 
 
Жауап:  –  Кейбір  кезде  жүгірумен,  шынығумен  немесе  біреудің  ақыл 
кеңесімен  ауруымыздан  тез  жазылып  кетеміз,  осының  бәрі  өзімнің  жетістігім 
деп санаймыз, бағалаймыз. Негізінде бұл жүрегімізде орналасқан Ғазиз жан ол 
бізді  іс-әрекетке  итерді,  бізді  рухани  кітаптар  оқуға,  немесе  дұрыс  жолға 
түсуіміз үшін бір адамды жіберді, ақыл-кеңеспен көмектеседі. Егер де сіз қатты 
науқастанып  жатқанда,  ауруыңыздың  шипасы  Алладан  келмесе  дүниедегі  ең 
білгір  дәрігер  емдесе  де  көмектеспейді.  Сондықтан  да  біз  Алланың  еркімен 
тәуір боламыз, ауруымыздан жазыламыз.  Біз Аллаға сенгенде ғана табиғи өмір 
сүре аламыз.  
 
Сұрақ: – Қастер Сарқытқанұлы, басқа ғаламшарларда жан иелері бар ма? 
 
Жауап: – Әсет Ризаұлы,  
әр ғаламшардағы материалдық жағдайлар әр 
түрлі, сондықтан ондағы тірі жандардың дамулары да түрлі деңгейде болатыны 
даусыз.  Бұның  өзі  қазіргі  кезде  көп  айтылып-жазылып  жүрген  Танылмаған 
Ұшатын Объектілер (Неопознанные Летаюшие Объекты) туралы түсінік береді. 
Олар  материалдық  жағынан  бізден  жоғары  даму  сатысында  болғандықтан, 
көптеген қасиеттерін көрсете алады. Соңғы кездердегі жер бетіндегі жарамсыз 
өзгерістер  мен  құбылыстарға  байланысты  олардың  бізге  деген  ынталары  өсіп, 
тыныс-тіршілігімізді  бақылау  жасап  жүрулері  мүмкін.  Себебі,  олар  әлемнің 

 
63 
біртұтастығын бізден гөрі анығырақ сезінеді. Жер бетіндегі үлкен өзгерістердің 
бүкіл материалдық әлемге әсері болуы мүмкін. Олай болса олардың өміріне де 
әсері  бар.  Олардың  біздің  өмірімізді  бақылауға  мәжбүр  болуын  түсіну  қиын 
емес.  Олар  материяны  бізден  гөрі  жақсы  басқарады,  сондықтан  олар  өте 
жылдам  ұшақты  меңгерген,  материяны  бір  түрден  екінші  түрге  қалауынша 
өзгерте  алады,  көзге  көрінбейтін  күйге  түсіп,  жоғалып  кете  баратын 
мүмкіндіктері де бар. Оған көптеген көріністер, адамдарының кездесулері дәлел 
бола алады. 
 
– 
Қастер  бауырым,  сөзіңіз  аузыңызда.  Рұхсат  болса  өз  басымнан  өткен, 
көзім  көрген,  естіген  нақты  дәйектерге  негізделген    оқиғаларды  айтып  берсем 
қалай қарайсыз? 
 
– 
Әп  бәрәкелді,  онда  жақсы  болды  ғой,  жаңағы  айтқан  тақырыбымызға 
дәлелді дәйек болып, менің болжауымды бекіте түсер еді. Ал тыңдайын. 
 
 
Ұшатын тәлеңкелер. Әсет Мұқашбековтың көріп-естігендері 
 
– 
Менің  туып  өскен  жерім  бұрынғы  Семей  обылысы,  Үржар  ауданы, 
Науалы  ауылы.  Біздің  ауыл  Қытаймен  іргелес,  Тарбағатай  бауырының 
шұрайлы,  шалқып  жатқан  суы,  жасыл-желекті  нуы,  жемісі  мол,  жанға  жайлы, 
қары қалың болса да қысы жылы болады.   
 
Неге  екенін  білмеймін,  мүмкін  біз  Семей  полигоны  мен  Қытай 
полигонының ортасында тұрғаннан ба, тап осы біздің өңірде ұшатын тәлеңкені 
көрушілер  өте  көп,  ұшып  келіп  Тарбағатай  тауының  ішіне  кіріп  жоқ  болып 
кетеді,  өзі  көбінесе  таң  алдында  көрінеді,  кей  кездерде  ел  жатар  кезде  де 
ауылдың  үстінде  ойқастап  ұшып  жүреді.  Өз  басым  бірнеше  қабат  көрдім, 
ұмытпасам  1989  жылдары  30  шақты  комбайн  «Балатөбе»  деген  алқапта  егін 
шауып  жатқан.  Ол  кезде  жұмыс  түнгі  бірге  дейін,  мен  қырманда  күнделікті 
түскен  астықтың  мәліметін  қортындылап  отырғанмын.  Бір  уақытта  қырманда 
жұмыс  істеп  жүрген  40-50  әйел  шу  ете  түсті:  «ұшатын  тәлеңке,  ұшатын 
тәлеңке!»,  –деп.  Мен  де  шыдай  алмай  далаға  атып  шықтым,  қарасам  дәл 
қырманның төбесінде асылып тұр екен, жап жарық шамын жағып 5 минуттай 
тұрып  зу  етіп  комбайн  жаққа  қарай  кетті,  ешқандай  дыбыс  жоқ,  ал 
жылдамдығына  көз  ілеспейді.  Сол  тәлеңке  комбайндарға  барыпты,  ал  түнде 
шауып жүрген 30 комбайынның жарығы қандай! Шамдарын жағып әрлі берлі 
ойқастап  жүргендері  бейне  бір  майдан  даласын  елестетеді,  жұмыс  аяғы 
болатын,  комайнерлер  комбайндарын  реттеп  қатарға  қойып  біткенше  бақылап 
тұрыпты. Осыны сол күні алқапта болған 60-70 адам түгел көрді. Бірер сағаттан 
соң  әлгі  ұшатын  тәлеңке  қайта  айналып  қырманға  келді.  Сол  кезде 
комбайндардың  қасында  жүрген  біздің  бас  инженер  Овчинников  Михаил 
рациямен:  «Әсет,  тәлеңке  сендерге  барды»,  –  деп  айтқанда  100-150  метрдей 
биіктікте  тұрған  тәлеңке  шамын  өшіре  қойды,  бірақ  болар  болмас  көрінетін 

 
64 
жарығын  жағып  ұзақ  тұрды.  Сонда  біздің  рациямен  сөйлесіп  жатқанымызды 
олар  естіп тұрды.  
 
Енді  бірде  мені  таситын  Әсет  деген  жүргізушім,  екеуміз  аттаспыз:  «Әс-
аға,  мен  кеше  таң  алдында,  кезекшілікте  жүргенде  ұшатын  тәлеңкенін  қонған 
жерін  көрдім,  жақындап  баруға  қорықтым»,  –  деді.  Біздің  шаруашылық  
күнбағысты  көп  егетін,  соны  мамандар,  көбінесе  өзім  машинамен  түні  бойы 
айланып жүріп күзететінбіз. «Олай болса қонған жерін көрсет», – дедім. Біздің 
ауылдан  10  км  қашықтықта  Жидебай  өзенінің  екі  айырығында  меншік  қой 
отыратын үлкен алқап бар, сонда қоныпты. Күз кезі, дәнді масақ алқабын жинап 
алғанбыз,  енді  қалғаны  күнбағыс  қана  болатын.  Алаңқайға  бара  сала  бір 
шетінен  өрт  қойдым.  Себебі  шөбі  тізеден  асады,  ешқандай  із  көре  алмадым. 
Ертеңіне сол жерге барып мұқият тексеріп аралап шықтым, көргеніме таң қалып 
жағамды  ұстадым.  Тәлеңке  қонған  жердің  аумағы  футбол  алаңының 
аумағындай дөп дөңгелек, ортасы күймеген, ал шеті  саусақтың жуандығындай  
ғана толық шеңбер боп қап қара күйіп кетіпті. 
 
Енді  марқұм  болып  кеткен  Науалы  ауылының  тұрғыны  Мурсалимова 
Қымбат апайдан естігенімді айтып берейін. «Менің Аякөз маңында бір совхозда 
жанұясымен  бірігіп  шопан  боп  істейтін  құдағиым  бар.  Олар  Тарбағатай 
бауырының  бер  жағына  жайлауға  шығады  екен.  Жаз  кезінде  құдағиым  90-ға 
келген  шешесі  екеуі  ғана  үйде  қалады.  Күндізгі  12  тапа  тал  түс.  Бір  уақытта 
құдағиымның  көзіне  шағылысқан  айна  сәулесі  түседі.  «Мына  айдалада  маған 
айна  түсіріп  қалжыңдап  жүрген  қай  жүгермек?»,  –  деп  жан-жағына  қарайды 
ешкім көрінбейді, сонан соң аспанға қараса тура киіз үйдің төбесінде жалт-жұлт 
етіп  50-60  м  биіктікте  ұшатын  тәлеңке  асылып  қалықтап  тұр.  Қорыққанынан 
еңбектей қашып екінші ас ішетін киіз үйіне кіріп кетеді, ал далада күн шуақтап 
отырған шешесі бетін жаулығымен жауып алып, үні шықпай отыра береді. Киіз 
үйге  кіріп  сабасына  түскеннен  кейін  үйдегі  дүрбіні  алып,  жабықтан  сығалап 
қарайды.  Қараса  үлкендігі  сұмдық,  аумағы  футбол  алаңындай,  дөп-дөңгелек, 
біріне-бірін жауып қойға тәлеңкеге ұқсайды, қаптаған терезелеріне перде тағып 
қойған,  сыртқы  қабығы  жалт-жұлт  еткен  аппақ  шәй  қағазы  (фольга)  сияқты 
бірдемеден жасалған. Осы ұшатын тәлеңке тұрған орнында тапжылмай 2 сағат 
киіз  үйдің  төбесіне  төніп,  қалықтап  тұрады.    Құдағыйым  тірі  жан  көрінер  ме 
екен деп екі сағат бойы дүрбімен қызықтап қарап отырады, өкінішке орай жан 
иесін көре алмапты. Тура түстен кейінгі сағат екіде ұшып кетіпті». 
 
Келесі әңгімем 1987 жылдары болған, бір күні комбайнер болып жүрген 
Қасабаев  Өндірхан  деген  ағамыз  келіп:  «Менің  ұлым  Саяуышты  ұшатын 
тәлеңке қуыпты», – деп айтып келді. Ол кезде оқушы Саяуыш әкесіне көмекші 
болып  жүрген.  Таңертең  Саяуышты  жұмыс  арасында  шақырып  алып:  «ал 
бауырым, ана әкең не айтып жүр?», – деп сұрадым. «Ой аға, кеше сағат таңғы 4-
те  Семейдің  автобусынан  келетін  шешемді  қарсы  алайын  деп,  велосипедіме 
мініп Малақ аялдамасына бардым. Бір уақытта аспаннан бір жарық көрінді де, 
жайылып жүрген екі сиырдың үстіне біраз қалықтап тұрып, тура менің төбеме 

 
65 
келді.  Жарығы  күндізгі  жарыққа  ұқсайды,  қорыққанымнан  ауылдың  шетіндегі 
Мұқаметқазының үйіне қарай велосипедіме міне салып тұра қаштым, даласында 
тұрған комбайнге жете бергенде мұрттай ұшып түстім. Сонда да аяғыма оралып 
жүрген велосипедімді сүйрей-мүйрей комбайннің астына кіріп кеттім».  
Осы  ұшатын  тәлеңкені  Саяуыштың  бауыры  Жақсылық  та  көрген:  «Қыс 
кезі  болатын,  қар  қалың.  Түн  күндізгідей  жап  жарық.  Біздің  үй  ауылдың  ең 
шетінде,  бір  шақырымдай  жерде  ескі  жүзімдік  алқап  бар.  Таңғы  сағат  3 
мөлшерінде кіші дәретке шығайын деп далаға шықтым. Бір ыңылдаған токтың 
даусы  естіледі,  бұл  не  деп  жан  жағыма  қарасам  тура  жүзімдік  алқаптың 
ортасында қызыл жарығы жалтылдап ұшатын тәлеңке қонып отыр екен. Көлемі 
недәуір үлкен, бір біріне жауып қойған тәлеңкеге ұқсайды. Даусы ерекше, ток 
жүретін  сым  темірлерде  естілетін  ыңылдаған  дыбыстан  әлдеқайда  күшті,  қыс 
кезінде  дауыс  жақсы  шығады  ғой.  Сол  дауыс  әлі  күнге  дейін  құлағымнан 
кетпейді.  Біраз  қарап  тұрғаннан  кейін  тоңып  үйге  кіріп  кеттім,  ол  кезде 
мектепке енді барып жүргенмін». 
 
Бұл  1999  жылы  күзде  болған  жағдай.  Колхоз  тарап  аласапыран  заман 
болып  жатқанда  мен  140  жанұямен  жеке  бөлініп  1000  га  егістік  алқап  бөліп 
алып  «Қусақ»    өндірістік  кооперативін  құрғанмын.  Сол  жылы  100  га  алқапқа 
агротехникалық талаптарға сай күнбағыс ектім, керемет бітік шықты. Күнбағыс 
алқабы ауылдың іргесінде,  бірақ ел ұрлап маза бермейді. Сонан кейін 16 жігітті 
күнбағыс алқабын күндіз-түні күзету  және алма-кезек ауысып отыру үшін – үш 
кезекпен  күзетке  қойдым.  Кей  кездерде  «Байқоңырдан»  ұшқан  жер  серіктері 
біздің ауылдың тұсынан Тарбағатай тауына қарай көлбей ұшады, жәй көзге де 
анық  көрініп  тұрады.  Түнде  күзетте  болған  жігіттер  Әділов  Азат  т.б.  айтып 
келді:  «аға,  ұшқан  жер  серігімен  бірге  біраз  уақыт  бойы  ұшатын  тәлеңке  де 
жанамалай  қатарласа  ұшып  біраздан  кейін  бұрылып  алып  басқа  жаққа  ұшып 
кетті», – деп. Сол күні түнгі күзетшінің біреуі Оспанов Бекен кезектен ұйықтап 
қалып  таңғы  3-тен  асқанда  ұйқылы-ояу  жұмысқа  келе  жатады.  Күнбағыс 
алқабының шетінде демалу, тамақтарын ішу үшін киіз үй тігіп қойғанбыз. «Киіз 
үйге  жете  бергенімде  кенеттен  аяқ  астымдағы  бір  метрдей  жер  дөп-дөңгелек, 
жап-жарық  болып  кетті,  түсінбей  қалдым.  Сонан  кейін  төбеме  қарасам  дәл 
төбемде  70-80  метрдей  биіктікте  ұшатын  тәлеңке  қалықтап  тұр,  ешқандай 
дыбыс  жоқ.  Жарығы  кәдімгі  жарыққа  ұқсамайды.  Жарығы  көзіме  ұрғаннан 
кейін  түр-түсін  анықтап  көре  алмадым.  Бір  уақытта  басымды  біреу 
тұқыртқандай  болып  төбем  шымырлап  қатты  ауырып  кетті.  Миым  солқылдап 
кеткендей болды. Жалма-жан киіз үйдің ішіне кіріп кетіп жатып қалдым, басым 
ауырып жұмысқа шыға алған жоқпын». 
 
Біз жақта әсіресе күз кезінде аспан шайдай ашық болып, түнде жұлдыздар 
ап-анық,  аспан  әлемінің  мөлдірлігі  мен  тұнықтығы,  тым  тырыс  тыныштығы 
қайталанбас көрініс беріп тұрады.  Мен күнбағыс алқабын күзеткенде түні бойы 
жігіттермен бірге боламын. Трактордың үлкен тіркемесіне жұмсақ қылып шөп 
салып  аламыз  да  шалқамыздан  жатып  соғыс  дүрбісімен  аспан  әлемін 

 
66 
бақылаймыз. Алматының көшелеріндегі көліктер сияқты жосылып жатқан жер 
серіктері, бірақ олардың ішінен ұшатын тәлеңкелерді қолма қол  айырып алатын 
болдық,  себебі  олар  да  жер  серіктеріне  ұқсайды,  бірақта  ұшып  келе  жатып 
кенеттен тоқтап жұлдызға ұқсап тұрады да ытып ала немесе жоғары не төмен 
құлдилап ала жөнеледі.  
Осы  әңгімелердің  бәрі  болған  оқиғалар,  бір  ауылдың  өзінен  жүздеген 
адамдар куә болып көздерімен көрген. Мен осыны біреулерге айтсам сенбейді, 
мүмкін емес деп. Өздері білсін. Енді осыдан кейін қайтіп басқа ғаламшарда жан 
иелері жоқ деп айта аламыз? 
 
 
Экономикалық  география  ғылымдарының  докторы,  доцент  Қастер 
Сарқытқанұлының екінші толғауы.  
 
Тақырыбы:  Пәндік  әлемді  қабылдайтын  сезім  мүшелері.  Адамда  қанша  дене 
бар? Нәзік денелер дегеніміз не? Ашыққан уақытта қалай жазылып кетеміз? 
Қарымта  қайтару  немесе  бүкіл  әлемдік  әділеттік  заңын  қалай  түсінуге 
болады? Адамның имансыз, иманды болуы неге байланысты?  
 
Дене құрлысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз – тағам мен сусынды 
талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен 
рух бірлігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.   
Ибн-Сина 
 
Сұрақ:  –  Қастер  бауырым,  пәндік  әлемді  қандай  сезім  мүшелері  арқылы 
қабылдаймыз? 
Жауап: – Әсет Ризаұлы, пәндік әлемді бес сезу мүшесімен қабылдаймыз. 
Бұлар:  құлақ  –  есту,  көз  –  көру,  мұрын  –  иіскеу,  тіл  –  дәм,  тері  –  сезу 
жұмыстарын атқарады. 
 
 
 
 
Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, 
 
 
 
Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек. 
 
 
 
Біреуінен мидағы ой хабар алып, 
 
 
 
Жақсы, жаман әр істі сол тексермек. 
Шәкәрім   
 
Адам  табиғаттың  тек  үш  жағдайын  ғана  көре  алады:  қатты,  сұйық,  бу 
тәріздес. Мысалы: мұз, су және бу. Осыған қарап табиғатта басқа қалыптар жоқ 
екен деп ойлап қалуға болмайды. 
Адам көбінесе физикадан жоғары жағдайды және түнде көрмейді. Құлақ 
әр  түрлі  жиіліктегі  толқындарды,  тербелістерді  нәзік  деңгейде  –  ал  сөзді, 
әртүрлі  дыбыстарды  тұрпайы  физикалық  деңгейде  қабылдай  алады.  Сөз  де 
дыбыстар  сияқты  нәзік,  ерке,  жайма  шуақ,  жылы,  жағымды,  сергек  т.б. 
сапаларға  ие.  Олар  біздің  ақылымызды  мамыражай  қалыпқа  әкеліп  сабасына 
түсіреді.  Осыған қарама-қарсы сапасы бар сөздер мен дыбыстар: дөрекі, шалт, 

 
67 
мазақтайтын,  жаралайтын,  шаншатын,  кемсітетін,  тұқыртатын  т.б.  – 
мазасыздыққа,  үрейленуге,  толқуға,  тіпті  адамды  өлтіріп  жіберетін  де  сөздер 
болады.  Қазақ:  «сөз  сүйектен,  таяқ  еттен  өтеді»,  –  дейтіні  осыдан.  Біздің 
санамызға байланысты – нәзік денелеріміз құлақ арқылы жақсыны да, жаманды 
да ақылды қобалжытпай қабылдай береді. 
 
Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос.  
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Біздің көзіміз тұлғаны көріп қабылдауға байланысты бірқалыпты немесе 
мазасызданып  қабылдауы  мүмкін.  Біздің  сезімдеріміз  таңсық  затты  –  ұстап, 
тістеп, сипап, ие болып немесе сатып алу қалауын тудырады. Немесе керісінше: 
қызғанышты,  құмарлықты,  ызаны,  көре  алмаушылықты  тудырады.  Ақыл 
мазасызданып,  саралау  қабілетінен  айрылып,  адам  ақыл  дың  емес  сезімнің 
жетегіне еріп кетеді. Қысқаша: «адамды жан емес тән билейді». 
  
 
 
 
Ашу жеңсе, адамда ақыл қалмас, 
  
 
 
Ой ойланып, орынды іс қыла алмас. 
  
 
 
Болмай соған бойыңды тоқтатып ал, 
  
 
 
Ыза менен мастықтың түбі жалғас.     Шәкәрім 
 
Тері  арқылы  қоршаған  ортадан  хабардар  боламыз:  ауа  райының 
суықтығы,  жылылығы,  құрғақтығы,  ылғалдығы  т.б.  Бізді  сипағанда, 
еркелеткенде  жадырап  қаламыз,  егер  піскілесе,  кессе,  ұрса  –  керісінше.  Біздің 
ақылымыз  қолма-қол  қарсы  әрекетке  көшіп  қан  құрамымыздың  химиялық 
қоспалары өзгеріп кетеді. 
Танауымыз  арқылы  жердің,  гүлдердің,  өсімдіктердің,  тамақтың  т.б. 
иістерді сеземіз. Хош иістер ақылымызды сабасына түсіріп, жақсы әсер береді. 
Иіс мұрындағы шырыш қабығы арқылы беріліп жүйке жүйесі қанымызға әрекет 
етеді.  Осы  әрекеттің  нәтижесінде  дене  мамыражайлық  қалыпқа  еніп  сауығып 
кетуі  мүмкін.  Неше  түрлі  бояулардың,  химиялық  қарулардың  әсерінен  көзден 
жас парлап, ішкі мүшелерге жара түсуі де мүмкін. 
Тіл  бізге  өсек  соғып,  біреуді  сыртынан  ғайбаттау  үшін  берілген  жоқ. 
Тілдің  қызметі  дәмді  ажырату.  Тілдің  үнемі  ылғалды  болуы  –  ол  сусыз  дәм 
ажырата алмайды. Иістеніп, ескіріп кеткен тамақ тілдің тазалығын жояды. Таза 
емес  тіл  ақылды  алжастырады.  Өз  тіліне  ие  болмайтын  адам  –  асқазаны  мен 
жыныс нәпсісіне де ие бола алмайды, себебі тіл, асқазан және нәпсі мүшелері 
бір түзудің бойына орналасқан. 
Осы    сезім  мүшелері  сырттан  келген  хабарды  тек  тәнге  ғана  беріп  қоймайды, 
сондай-ақ  осы  хабарлар  нәзік  денелерге  де  әсер  етеді.  Егер  таяқ  жеп  денеміз 
көгеріп  қалса,  осыған  сәйкес  нәзік  дене  де  көгереді.  Жиі  айтамыз  не  естиміз: 

 
68 
«құлағым қызарып, екі бетім дуылдап барады – мені біреу сөз қылып жатыр», – 
деп. Бұл сөздің нәзік денеге әсер етуі. Бұл – біз өмір сүретін қоршаған орта.   
Сұрақ:  –  Қастер  бауырым,  нәзік  денелер  дегеніміз  не?  Олардың  бір  бірімен 
айырмашылықтарын қалай білеміз? 
Жауап:  –  Әсет  аға,  адамда  көзге  көрінетін  тәнінен  басқа  көзге  көрінбейтін 
нәзік  алты  денелері  бар,  өзінің  денесімен  жетеу.  Қазақтың  «жан  жеті  қабат» 
деген ұғымы осыдан шығады. Олар эфирлік дене немесе адамның өміршеңдік 
нәзік денесі, ол денеде адамның өміршеңдігі мен қуаты орналасқан, екінші дене 
сезім  мен  әсер  денесі,  үшінші  ақыл  денесі  бұнда  адамның  ойлауы  мен 
пайымдауы  орналасқан,  төртінші  дене  ес  денесі  немесе  өре,    (интеллект), 
мұнда адамның есі мен қабілеті орналасқан, бесінші дене рух, алтыншы дене 
жан, жетінші дене – өзінің тәні. 
Сұрақ:  –  Ашыққан  уақытта  адам  тәні  қалай  жазылып  кетеді?  Ашыққан 
уақытта осы нәзік денелер қандай қызметтер атқарады? 
Жауап:  –  Адам  ашыққан  уақытта  осылардың  алдыңғы  төрт  нәзік  денелері 
ғарыш  арқылы  тамақтана  бастайды.  Тәнге  сырттан  қорек  келмегендіктен  2-3 
тәуліктен кейін буындардағы тұз, қан тамырларының ішіне арам ет болып өсіп 
алған  –  холестерин,  маңқа,  шырыш,  т.б.  қалдықтармен  тамақтануға  мәжбүр 
болып, ішіндегі қоқыстар мен улардан арылып, өзін-өзі тазалай бастайды. Адам 
өзінің  тәндік  ауруынан  осылай  жазылып  кетеді.  Осы  кезде  адамның  нәзік 
арналары ашылып,  эфирлік – өміршеңдік немесе қуат денесі, сезім мен әсер 
денесі,  ақыл  –  ойлау  мен  пайымдау  денесі,  ес  пен  өре  –  қабілет  денелері 
жанның  рух  денесін  тамақтандырып  ғарыштан,  ауадан  қуат  алып  олар  да 
тазаланып  адамның  жүрегінің  кірі  аршылып,  рухани  ілімді  өзінен-өзі  түсініп, 
қабылдау мүмкіншілігіне ие болады, осылай тазаланған әрі тамақтанған жанның 
рух денесі немесе таза ақылы жоғарғы әлеммен байланысқа түседі. Сол уақытта 
адамға  өмірдің құпия, тылсым дүниесінің сыры түсінікті болып, адамға  Алла 
Тағала да ашылады. Адам имандылық жолға түсіп, дұрыс өмір сүре бастайды.  
Сұрақ:  –  Қарымта  қайтару  немесе  бүкіл  әлемдік  әділеттік  заңын  қалай 
түсінуге болады? 
Есіңізде болсын: – Жаратушының жасаған қарымта қайыру заңы бойынша 
«не  ексең  –  соны  орасың»,  істеген  қайырымдылық  пен  жақсылығың  да, 
жауыздық пен жамандығың да тек қана осы өмірде өзіңе қайта қайтып келеді. 
Бұл – әлемнің әділет заңы. Әр пенде жаны бөлек болғаннан кейін, өзі де бөлек. 
Осы  фәни  өмірде  жасаған  жақсылығы  да,  жамандығы  да  тек  өзіне  белгілі  бір 
мерзімнен  кейін  қайтып  оралады.  Ашығып  ораза  тұтқан  уақытта  –  істеген 
күналарының  белгілі  бір  мөлшері  жанып  кетеді,  яғни  кешіріледі,  қалған 
күнәләрі  көп  болса  о  дүниеге  бірге  алып  кетеді.  Ал  істеген  жақсылығы  мен 
қайырымды  істерің,  тұтқан  оразаң  өзіңе  еселеп,  жақсылық  боп  оралады,  міне 
ораза  тұтып  ашығудың  бір  құпиясы  осында.  Адам  рухани  да,  материалдық  та 
байып дәулеті асып жақсы жолға түседі және осы өмірде шексіз бақытқа, ұзақ 
ғұмырға,  дәулетті  тұрмысқа  қолы  жетіп,  сыңғырлаған  денсаулық  иесіне 

 
69 
айналып, салауатты өмір мақсатына жете алады. Тыныштық пен алаңсыздыққа 
қолы жетеді, осы жақсылығы оның жанұясына және балаларына да керемет әсер 
етіп, олар да осы жолға еріксіз түсетін болады. 
 
Пайғамбарлар  мен  адамзаттың  ұлы  ұстаздары  осы  деңгейге  жету  үшін 
далаға  кетіп  қалып  40  тәулік  ашығуды  ұстанған,  сол  кезде  оларға  әлемнің 
тылсым  дүниелері  ашылып,  жоғарғы әлеммен  байланысқа  шыққан.  Мұхаммед 
пайғамбарымыздан  сақабалары  сұрапты:  «Сіз  қалай  40  күн  аштыққа 
шыдайсыз?»,  –  деп,  сонда  пайғамбарымыз:  «Мені  Алла  асырайды»,  –  депті. 
Жаратушы  осындай  жолмен  күнәләріңнен  құтыла  отырып  тәніңді,  жаныңды, 
рухыңды  тазалау  арқылы  жақсылыққа  жетуге  жол  ашып  қойған.  Ерікті  өз 
қолыңызға ғана берген, таңдау құқы өзіңізде. Осыны қарымта заңы дейді. Бұл 
туралы  Құранда  былай  дейді:  «Кім  имандылықпен  қандай  болмасын 
қайрымдылық жасаса, ол оның өзіне қайырымдылық болады». 
 
Бұл дүниедегі жасаған зұлымдығы – о дүниеде өзіне жасаған зұлымдығы. 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с..) 
 
Сұрақ:  –  Қастер  Сарқытқанұлы,  адамның  имансыз,  иманды  болуы  неге 
байланысты?  
Жауап: – Әсет Ризаұлы, адамның иманды немесе имансыз болуы, оның іс-
әрекетінің  барысы,  көбінесе  «меніне»  байланысты.  Жан  мұқтажы  үшін  әрекет 
етсе, адам тазарады, ал тән мұқтаждары үшін әрекет етсе, ол осы фәни өмірге 
байланып, ішкі дүниесі кірлене береді. 
 
Неге  адам  қайтыс  болғанда  әлемнің  барлық  халқы  діни  сеніміне 
байланыссыз  –  үшін,  жетісін,  тоғыз  күнін,  кырқын,  жылын  береді.  Себебі, 
алдында айтылған адамның нәзік денелері бақи әлемге бір жылдың аралығында 
біртіндеп-біртіндеп,  кезекпен  кетеді.  Ол  адамның  қарымта  қайтару  заңына 
сәйкес  осы  дүниеде  істеген  күнәсі  мен  қайырымдылық  істеріне  байланысты. 
Күнәсі көп адамның рухы жоғары әлемдерге тез арада кете қоймайды, ал жақсы 
адамдікі  тез  кетеді.  Мұсылман  дінінің  шарты  бойынша  өзіне  өзі  қол  салған 
адамға  жаназа  шығарылмайды,  Неге?  Оның  жаны  мен  нәзік  денелері  бақи 
өмірге  бара  алмай,  ғаламшарды  кезіп  қиналады,  себебі  ол  Жаратушының, 
табиғаттың  заңына  қарсы  шығып,  өзінің  пешенесіне  жазылған  фәни  өмірдегі 
табиғи  жасын  жасамай,  өзіне-өзі  қол  жұмсады.  Осы  жағдайдың  толықтай 
болмаса да, салауатты өмір сүрмеудің нәтижесінде, табиғат берген денсаулықты 
бағаламай,  тәнін  де,  жанын  да,  рухын  да  ауық-ауық  тазаламай,  мезгілсіз 
ажалдың  құрбаны  болған  пенделерге  де  қатысы  бар.  Оларға  арақтан,  бәңгіден 
(наркотик),  артық  тамақтану  мен  семіздіктен,  тазалық  сақтамай  неше  түрлі 
жұқпалы ауру жұқтырған т.б. толып жатқан келеңсіздіктерден  күйіп, жарылып 
т.б  себептермен  мезгілсіз  ерте  өлгендер  де  жатады.  Қарымта  заңына  сәйкес 
жазықсыз  кісі  өлтіргендер  көп  ұзамай  өздері  де  ит  өліммен  өледі,  не  қалған 

 
70 
өмірі  азаппен,  қиналумен  т.б.  жайсыздықтармен  өтеді.  Бұған  нақақтан  кісі 
қанын мойнына жүктегендер, кісі ақысын жегендер, ұрылар т.б. жатады. 
 
Ашығу ілімін ұстанушы Әсет Мұқашбековтың екінші  толғауы.  
Тақырыбы:  Рухани  білім  алуымның  бастауы.  Дін  дегеніміз  не?  Діни 
жанкештілік (фанатизм) қалай пайда болады? 
 
Орташа  өмір  сүріңдер.  Дін  жолына  қатты  беріліп  кеткен  адам  да  кейін 
өкініште қалады.  
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Сұрақ: –  Әсет Ризаұлы, жалпы қысқаша айтқанда дін дегеніміз не? 
 
Жауап:  Рақым  Алмабекұлы,  дін  Жаратушыны  танитын  құрал,  оған 
апаратын жол. Сондықтан да Жаратушы жалғыз, оған баратын жолдар әртүрлі. 
Бір  дінге  сенетіндердің  өздерінің  ішінде  де  бірімен-бірі  таласып,  тіпті 
қырылысып  жататындарының  басты  себебі  де  осында  жатыр,  әркім  өз  жолын 
ғана  дұрыс  деп  есептейді,  басқа  дін  ағымындағыларға  осыны  дәлелдемекші 
болады.  Мысалы: өзіңіз киіз үйді көз алдыңызға елестетіңізші, шаңырақ біреу-
ақ, ал қаншама уық осы шаңыраққа ғана барып кигізіледі. 
 
Сұрақ:  –  Дін  мен  даналық  ілімінің  (философия)  екеуінің  арасында 
байланыс бар ма? 
Жауап: – Дін ілімі өте терең даналық ілімі (философия) екенін түсінбейді, 
не оқытқан кезде оны қабылдауға, игеруге өрелері жетпейді. Дін мен даналық  
ілімі (философия) бір бірінен ажырамайтын егіз ұғым, егер дін даналық ілімінен 
ажырап  кетсе  онда  тек  адамның  сезімін  білдіріп,  соңы  жанкештілікке 
(фанатизм)  айналады,  ал  даналық  ілімі  діннен  ажырап  кетсе  бос  мылжыңға 
айналып кетеді.  
 
14.  Арабы  говорять:  «мы  въруем!»  Скажи:  вы  не  увъровали;  а  говорите:  «мы 
приняли исламъ»; въра еще не вошла въ сердца ваши. Если будете повиноваться 
Богу и Его посланнику, то Онъ ни на  одну долю не уменьшить дълъ вашихъ. 
Потому что Богъ прощающій, милосердъ.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет