Инструкция по эксплуатации 28 uk посудомийна машина



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата15.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#9550
түріИнструкция
1   2   3   4   5   6

• Заттарға жабысқан тағам қалдықтарын алыңыз.

• Заттарға күйіп жабысқан қалдықтарды жібітіңіз.

• Шұңғыл ыдыстардың (мысалы, кесе, стакан және кәстрөл) аузын төмен қаратып

салыңыз.


14

Мульти таб функциясы



• Сауыттарға немесе шыныаяқтарға су жиналып қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Ас құралдары мен ыдыс-аяқты араласып кетпейтін етіп салыңыз.

• Стакандарды бір-біріне тигізбей салыңыз.

• Кішкене заттарды ас құралдары себетіне салыңыз.

• Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа ас құралдарымен араластырып

салыңыз.


• Ыдыс-аяқтарды себеттерге салғанда, олардың барлық жеріне су тиетініне көз

жеткізіңіз.

• Жеңіл заттарды үстіңгі себетке салыңыз. Заттарды жылжып кетпейтін етіп салыңыз.

• Пластик заттар мен жабысқақ емес қаптамасы бар ыдыстарға су тамшылары тұрып

қалуы мүмкін.

Астыңғы себет

Кәстрөл, қақпақ, тәрелке, салат шаралары мен

ас үй құралдарын астыңғы себетке салыңыз. Ас

табақтар мен үлкен қақпақтарды себеттің

шетіне орналастырыңыз.

Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs

15


Астыңғы себеттегі қатар ілгектерді кәстрөлдер,

табалар мен шараларды салу үшін жиып қоюға

болады.

Ас құралдарына арналған қорапша



Шанышқылар мен қасықтардың сабын төмен қаратып салыңыз.

Пышақтардың сабын жоғары қаратып салыңыз.

Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас үшін басқа

ас құралдарымен араластырып салыңыз.

Ас құралдары торын пайдаланыңыз. Құралдың

үлкендігі ас құралдары торын пайдалануға

кедергі жасаса, оны оңай алып қоюға болады.

Үстіңгі себет

Үстіңгі себет тәрелке (диаметрі көп дегенде 24

см), шай табақ, салат шараларын, кесе, стакан,

кастрөл мен қақпақтарды салуға арналған.

Ыдыс-аяқты су барлық жеріне тиетін етіп

орналастырыңыз.

Табақтарды себеттің алдыңғы жағындағы үш

бөлікке салмаңыз. Табақтарды алға қарай

қисайтып қойыңыз.

16

Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs



Тұғыры ұзын стакандарды шыныаяқ сөрелеріне

тұғырын жоғары қаратып салыңыз. Ұзынырақ

заттарды салу үшін шыныаяқ сөрелерін жоғары

қайырыңыз.

Үстіңгі себеттің биіктігін лайықтау

Ыдыс-аяқ салуға ыңғайлы ету үшін үстіңгі себетті екі қалыпта салуға болады.

Сақтандыру туралы ескерту!

Үстіңгі себетке ыдыс салардың алдында биіктігін реттеп алыңыз.

Ыдыстардың ең үлкен биіктігі :

 

үстіңгі себеттің ішінде



астыңғы себеттің

ішінде


Жоғарырақ орналастыру

20 см


31 см

Төменірек орналастыру

24 см

27 см


Үстіңгі себеттерді жоғарырақ орналастыру үшін мына қадамдарды орындаңыз:

1. Сырғытпаның алдыңғы тежегіштерін (A)

тартып шығарыңыз.

2. Себетті тартып шығарыңыз.

3. Себетті үстіңгі орынға қойыңыз.

4. Сырғытпаның алдыңғы тежегіштерін (A)

бастапқы орындарына қойыңыз.

Сақтандыру туралы ескерту!

Егер себет жоғары орналасса, шыныаяқ

сөрелеріне шыныаяқтарды қоймаңыз.

Ас құралдары менен ыдыс-аяқты салуs

17


ЖУУ ПРОГРАММАЛАР

Бағдарлама

Ластану түрі

Ыдыс-аяқтың түрі

Бағдарлама сипаттамасы

Қатты ластанған Фарфор ыдыс, ас

құралдары,

кәстрөлдер мен

табалар

Алдын ала жуу



Жуу 70 °C

Шаю циклдері

Құрғату

1)

Барлығы



Фарфор ыдыс, ас

құралдары,

кәстрөлдер мен

табалар


Алдын ала жуу

Жуу 45 °C не 70 °C

Шаю циклдері

Құрғату


2)

Қалыпты


ластанған

Фарфор ыдыс-аяқ

пен ас құралдары

Алдын ала жуу

Жуу 50 °C

Шаю циклдері

Құрғату

3)

Жаңа ластанған Фарфор ыдыс-аяқ



пен ас құралдары

Жуу 60 °C

Шаю циклі

1) Құрылғы себеттердегі заттардағы ластықтың түрі мен заттардың мөлшерін анықтай алады. Ол

температураны, судың мөлшерін, қуат параметрі мен бағдарлама уақытын автоматты түрде реттейді.

2) Бұл сынақ мекемелеріне арналған стандартты бағдарлама. Осы бағдарламаны қолданып, қалыпты

кірлеген фарфор ыдыс-аяқ пен ас құралдарын жуғанда, су мен қуат барынша тиімді жұмсалады. Сынақ

деректерін ілеспе кітапшадан қараңыз.

3) Осы бағдарламамен жаңа ластанған ыдыстарды жууға болады. Бұл қысқа уақыт ішінде жақсы нәтиже береді.

Пайдалану көлемі

Бағдарлама

1)

Қуат (кВт/с)



Су (литр)

1,5-1,7


15-17

1,1-1,7


11-22

1,0-1,1


13-15

0,9


9

1) Бейнебетте бағдарлама уақыты көрсетіледі.

Бұл мәндерді судың қысымы мен температурасы, электр қуатының ауытқуы және ыдыс-

аяқтың мөлшері өзгертуі мүмкін.

ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ

Жуу бағдарламасын кешіктіріп бастау функциясынсыз бастау

1. Құрылғы есігін жабыңыз.

2. Жуу бағдарламасын (құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз

жеткізіңіз) орнатыңыз.

• Бейнебетте бағдарламаның уақыты жыпылықтайды

18

Жуу программалар



• Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикатор шамдары жанады.

3. Start түймешігін басыңыз, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.

• Жұмыс істеп тұрған цикл индикаторынан басқа циклдердің индикаторлары сөнеді.

Кешіктіріп бастау функциясы бар жуу бағдарламасын бастау

1. Құрылғы есігін жабыңыз.

2. Жуу бағдарламасын (құрылғы параметрлерді орнату режимінде тұрғанына көз

жеткізіңіз) орнатыңыз.

3. Delay түймешігін бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты көрсетілгенше қайта-қайта

басыңыз.

• Бейнебетте кешіктіріп бастау уақыты жыпылықтайды.

4. Start түймешігін басыңыз, кері санақ автоматты түрде басталады.

• Енді кешіктіріп бастау уақыты бейнебетте жыпылықтамайды

• Орнатылған жуу бағдарламасының циклдерінің индикатор шамдары сөнеді.

5. Кері санақ аяқталған кезде, жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.

• Орындалып тұрған циклдің индикаторы жанады.

Құрылғы есігін ашқанда, кері санақ тоқтайды. Есікті жапқаннан кейін, кері санақ

тоқтаған жерінен бастап жалғасады.

Кешіктіріп бастау функциясын біржола тоқтатыңыз

Start баспасаңыз, кері санақ функциясы қосылып тұрмаса

1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз:

• Бейнебетте орнатылған жуу бағдарламасының ұзақтығы көрсетіледі

• Цикл индикаторлары жанады.

2. Жуу бағдарламасын бастау үшін Start түймешігін басыңыз.

Start бассаңыз, кері санақ функциясы орындалып тұрса

1. Бейнебетте келесі көрсетілгенше Delay түймешігін қайта-қайта басыңыз:

• Бейнебетте орнатылған жуу бағдарламасының ұзақтығы көрсетіледі

• Цикл индикаторлары жанады.

Жуу бағдарламасы автоматты түрде басталады.

Жуу бағдарламасын кідірту

• Құрылғы есігін ашыңыз.

– Жуу бағдарламасы тоқтайды.

• Құрылғы есігін жабыңыз.

– Жуу бағдарламасы үзілген жерінен бастап жалғасады.

Жуу бағдарламасын біржола тоқтатыңыз

Егер жуу бағдарламасы басталмаса, параметрді өзгертуіңізге болады.

Жуу бағдарламасы орындалып тұрған кезде параметрді өзгерту үшін бағдарламаны

біржола тоқтату керек.

• Бейнебетте келесі көрсетілгенше Multitab және Delay түймешіктерін қатар басыңыз:

Жуу бағдарламасын таңдау және бастау

19


– Бейнебетте соңғы орнатылған бағдарламаның уақыты жыпылықтайды

– Жуу бағдарламасы циклдерінің индикаторлары жанады.

Жаңа жуу бағдарламасын бастар алдында, жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың бар

екеніне көз жеткізіңіз.

Жуу бағдарламасының соңы

Жуу бағдарламасы аяқталған кезде бейнебетте нөл көрсетіледі де, цикл

индикаторлары сөнеді.

1. Құрылғыны сөндіріңіз.

2. Құрылғы есігін ашыңыз.

3. Кұрғату нәтижесін жақсарту үшін есікті бірнеше минут ашып қойыңыз.

Жуу бағдарламасы аяқталған кезде құрылғыны сөндірмесеңіз, құрылғы күту режиміне

көшеді.


• Күту режимі кезінде қуатты үнемдеу үшін, жуу бағдарламасы аяқталғаннан кейін үш

минут өткен соң:

– Барлық индикаторлар сөнеді

– Бейнебетте бір көлденең жолақ пайда болады.

Түймешіктердің бірін басыңыз, бейнебет және индикаторлар қайта жанады.

Себеттердегі ыдыс-аяқтарды алыңыз

• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал

келеді.


• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі себеттегі ыдыстарды алыңыз.

• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-

аяққа қарағанда тез салқындайды.

КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ

Сүзгілерді алу және тазалау

Қоқыс тұрған сүзгілер жуу нәтижесін төмендетеді. Оларды уақытылы тексеріп, қажет

болса тазалаңыз.

Құрылғыда үш сүзгі бар:

• Ірі торлы сүзгі (A)

• Шағын торлы сүзгі (B)

20

Күту менен тазалау



• Ұсақ торлы сүзгі (C)

1. (A) және (B) сүзгілерін ағыту үшін,

шағын торлы сүзгідегі (B) тұтқаны

шамамен сағат бағытына қарсы 1/4

мөлшерде бұрап алыңыз.

2. Ірі торлы сүзгіні (A) тұтқасынан ұстап

тұрып шағын торлы сүзгіден (B) алыңыз.

3. Ұстақ торлы сүзгіні (C) құрылғының

түбінен алыңыз

4. Сүзгілерді таза сумен әбден жуыңыз.

5. Ұсақ торлы сүзгіні (C) әдепкі орнына

қойыңыз. Сүзгінің екі бағыттағыштың

(D) арасына дұрыс кірігіп

орналасқанына көз жеткізіңіз.

6. Ірі торлы сүзгіні (A) шағын торлы сүзгіге

(B) салып, екеуін қатар итеріңіз

7. (A) және (B) сүзгілерін орындарына

салыңыз. Шағын торлы сүзгінің (B)

тұтқасын сағат бағытымен сүзгі бекітілгенше бұраңыз.

Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса, қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

Құрылғының сыртын тазалау

Құрылғының сыртын және басқару панелін дымқыл, жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз.

Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені немесе еріткіштерді (мысалы, ацетон)

пайдаланбаңыз.

A

B



C

A

B



C

D

Күту менен тазалау



21

НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...

Құрылғы жұмыс істей бастамайды немесе жұмыс істеп тұрып тоқтап қалады.

Алдымен ақаулықты түзету жолын іздеңіз (кестеге қараңыз). Өзіңіз түзете алмасаңыз,

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Кей ақаулықтар орын алғанда, бейнебетте ескерту кодтары көрсетіледі:

 - Ыдыс жуғыш машинаға су құйылмай тұр



 - Құрылғының суы төгілмейді

 - Тасқынға қарсы құрал қосулы.



Назарыңызда болсын!

Тексеріп көру алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.

Дұрыс жұмыс істемеу

Ықтимал себебі

Ықтимал шешімі

Құрылғыға су құйылмай тұр.

Су құйылатын шүмек бітелген

немесе оған қақ тұрған.

Су құятын шүмекті тазалаңыз.

 

Судың қысымы тым төмен.



Жергілікті сумен жабдықтау

мекемесіне хабарласыңыз.

 

Су құятын шүмек жабық.



Су құятын шүмекті ашыңыз.

 

Су құятын түтіктегі сүзгі



бітеліп қалған.

Сүзгіні тазалаңыз.

 

Су құятын түтік дұрыс



жалғанбаған.

Түтіктің дұрыс жалғанғанын

тексеріңіз.

 

Су құятын түтік бүлінген.



Су құятын түтіктің еш жерінің

бүлінбегенін тексеріңіз.

Құрылғыдан су ақпай тұр.

Раковинаның түтікшесі

бітеліп қалған.

Раковинаның түтікшесін

тазалаңыз.

 

Су төгетін түтік дұрыс



жалғанбаған.

Түтіктің дұрыс жалғанғанын

тексеріңіз.

 

Су төгетін түтік бүлінген.



Су төгетін түтіктің еш жерінің

бүлінбегенін тексеріңіз.

Тасқынға қарсы құрал қосулы.  

Судың шүмегін жабыңыз да,

қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Жуу бағдарламасы

басталмайды.

Құрылғының есігі ашық тұр.

Құрылғы есігін жабыңыз.

 

Start батырмасын немесе



түймешігін басқан жоқсыз.

Start батырмасын немесе

түймешігін басыңыз.

 

Қуат ашасы розеткаға



сұғылмаған.

Ашаны розеткаға қосыңыз.

 

Сақтандырғыш блогындағы



сақтандырғышқа нұқсан

келген.


Сақтандырғышты

ауыстырыңыз.

22

Не істерсіңіз, егер...



Дұрыс жұмыс істемеу

Ықтимал себебі

Ықтимал шешімі

 

Кешіктіріп бастау функциясы



орнатылған.

• Кешіктіріп бастау

функциясын біржола

тоқтатыңыз.

• Кері санақ аяқталған кезде,

жуу бағдарламасы

автоматты түрде

басталады.

Тексеріп болғаннан кейін, бағдарлама таңдау тетігін ақаулық орын алғанға дейін

орнатылып тұрған бағдарламаға қойыңыз. Бағдарлама үзілген жерінен бастап

жалғасады.

Ақаулық қайта орын алса, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Бейнебетте белгісіз ақаулық кодтары пайда болса, қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Қызмет көрсету орталығына қажетті деректер техникалық ақпарат тақтайшасында

көрсетілген.

Мына деректі жазып қойыңыз:

– Үлгі (MOD.) ........................................................

– Құрылғының нөмірі (PNC) ..........................................

– Сериялық нөмірі (S.N.) ..............................................

Жуу мен құрғату нәтижелері қанағаттанарлықтай емес.

Ақаулық


Ықтимал себебі

Ықтимал шешімі

Ыдыс-аяқ таза емес.

Жуу бағдарламасы салынған

ыдыс-аяқтың түріне және

ластану дәрежесіне сай емес.

Салынған ыдыс-аяқтың түріне

және ластану дәрежесіне сай

жуу бағдарламасын таңдаңыз.

 

Себеттерге ыдыс-аяқтар



дұрыс салынбаған, су

олардың барлық жеріне

жетпейді.

Себеттерге ыдыс-аяқтарды

дұрыс салыңыз.

 

Бүріккіш түтіктер еркін айнала



алмайды. Заттар себеттерге

дұрыс салынбаған.

Ыдыс-аяқтар себеттерге

дұрыс салынбағандықтан,

бүріккіш түтіктердің дұрыс

айнала алмай тұрғанын

тексеріңіз.

 

Сүзгілер ластанған немесе



дұрыс құрастырылып,

орнатылмаған.

Сүзгілердің таза екеніне,

дұрыс құрастырылып,

орнатылғанына көз жеткізіңіз.

 

Жуғыш зат өте аз салынған



немесе мүлде салынбаған.

Жуғыш заттың жеткілікті

мөлшерде салынуын

қамтамасыз етіңіз.

Ыдыс-аяққа әк түйіршіктері

тұрып қалған.

Тұз сауыты босап қалған.

Тұз сауытына ыдыс жуғыш

машина тұзынан салыңыз.

 

Су жұмсартқыштың деңгейі



дұрыс орнатылмаған.

Су жұмсартқышты дұрыс

деңгейге қойыңыз.

Не істерсіңіз, егер...

23


Ақаулық

Ықтимал себебі

Ықтимал шешімі

 

Тұз сауытының қақпақшасы



дұрыс жабылмаған.

Тұз сауытының қақпақшасын

дұрыс жабыңыз.

Ыдыс-аяқ пен стакандар

айғыз-айғыз, оларға ақшыл

жолақтар түскен не беті

көкшіл тартқан.

Шайғыш зат тым көп

мөлшерде қолданылған.

Шайғыш зат мөлшерін

азайтыңыз.

Стакандар мен ыдыста

кепкен су тамшысының ізі

қалған.


Шайғыш зат тым аз

мөлшерде қолданылған.

Шайғыш зат мөлшерін

көбейтіңіз.

 

Бұның себебі жуғыш заттарға



байланысты болуы мүмкін.

Басқа фирманың жуғыш

затын қолданыңыз.

Ыдыс-аяқ кеппеген.

Жуу бағдарламасында

құрғату циклі болмаған

немесе құрғату циклі шамалы

орындалған.

Кұрғату нәтижесін жақсарту

үшін есікті бірнеше минут

ашып қойыңыз.

Ыдыс-аяқ кеппеген және түсі

ашылмаған.

Шайғыш зат үлестіргіші босап

қалған.

Шайғыш зат сауытына



шайғыш заттан салыңыз.

 

Multitab функциясы қосулы



(бұл функция шайғыш зат

үлестіргішін автоматты түрде

ажыратады).

Шайғыш зат үлестіргішін

белсенді күйге көшіріңіз.

Шайғыш зат үлестіргішін іске қосу үшін

Құрылғының сөндірулі тұрғанына көз жеткізіңіз.

1. Multitab түймешігін басып ұстап тұрыңыз.

2. Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші басқару панеліндегі ең бірінші жуу

бағдарламасына келгенше сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

3. Бейнебетте су жұмсартқыш орнатылған деңгей көрсетілгенде Multitab түймешігін

босатыңыз.

4. Бағдарлама тетігін бағдарлама көрсеткіші басқару панеліндегі екінші жуу

бағдарламасына келгенше сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

5. Бейнебетте шайғыш зат үлестіргішінің орнатылған параметрі көрсетіледі.

Шайғыш зат үлестіргіші ажыратулы

Шайғыш зат үлестіргіші қосулы

6. Multitab түймешігін басыңыз, бейнебетте жаңа параметр көрсетіледі.

7. Параметрді құптау үшін құрылғыны сөндіріңіз.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА

Өлшемдері

Ені


600 мм

24

Техникалық сиппатама



 

Биіктігі


850 мм

 

Тереңдігі



610 мм

Сумен жабдықтау қысымы

Ең азы

0,5 бар (0,05 MПa)



 

Ең көбі


8 бар (0,8 MПa)

Сумен жабдықтау 

1)

Суық су немесе ыстық су



ең көбі 60 °C

Сыйымдылығы

Орналастыру параметрлері

12

1) Су құятын түтікті 3/4'' бұрамасы бар су шүмегіне жалғаңыз.



Құрылғы есігінің ішкі жиегінде орналасқан тақтайшада электр қосылымы параметрлері

көрсетілген.

Егер ыстық су басқа қуат көздерінен (мысалы, күн батареясы, фотоэлектрлік батарея,

жел) алынса, тұтыну қуатын азайту үшін құрылғыны ыстық су жүйесіне жалғаңыз.

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Бұйымдағы немесе бұйым қорапшасындағы     белгісі осы бұйым кәдімгі үй қалдығы

емес екенін көрсетіп білдіреді. Сондықтан оны ескі электр және электроникалық

бұйымдарды жинап утилизация үшін арнайы контейнерлерге салуыңыз керек. Осы

бұйымды дұрыс түрде утилизация арқылы Сіз қоршаған орта менен адам

денсаулығына түсіп пайда бола алатын зиянын болдыртпауын үшін үлес қоса аласыз;

осы зиян бұл бұйымды дұрыс емес қолданғанда пайда болуы мүмкін. Осы бұйымның

утилизациясы туралы көбірек білуіңіз үшін жергілікті әкімшілігіңізбен, қалдықтарды

жинап әкететін мекемеңізбен немесе осы бұйымды Өзіңізге сатқан дүкенімен

хабарласыңыз.

Орам материалдарының қоршаған ортаға зияны жоқ әрі оларды қайта өңдеуден

өткізуге болады. Пластик элементтерге мысалы, >PE<, >PS<, т.с.с таңбаламалар

салынған. Орам материалдарын тұрмыстық қалдықтарды тастайтын жердегі тиісті

жәшіктерге салып тастаңыз.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тастау үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

• Розеткадағы ашаны суырып алыңыз.

• Сымы мен ашасын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.

• Есіктің бекітпесін қоқысқа салыңыз. Бұл балалардың құрылғы ішіне кіріп бекітіліп

қалып, өз өмірлеріне қауіп төндірмеуі үшін қажет.

ОРНАТУ

Ас үй қаптамасының астына орнату



Құрылғыны су ағатын шүмек пен су төгетін құбырға жақын орналастырыңыз.

Құрылғыны раковина астына немесе ас үй қаптамасының астына орнату үшін,

үстіндегі жұмыс алаңын алыңыз.

Қоршаған ортаға зиян келдірмеу туралы мағлұматтар

25


Құрылғы орнатылатын қаптаманың ішкі

өлшемі, суреттегі өлшемдерге сай екендігіне

көз жеткізіңіз.

Құрылғының үстіңгі бетін алу

1. Артқы бұрандаларды алыңыз (1).

2. Жұмыс алаңын құрылғының артқы

жағынан тартыңыз (2).

3. Жұмыс алаңын көтеріңіз де, алдыңғы

саңылаулардан шығарыңыз (3).

4. Құрылғыны реттемелі сирақтардың

көмегімен тіктеп орнатыңыз.

5. Құрылғыны ас үй қаптамасының астына

орнатыңыз. Орнатып жатқанда, су

жүйесіне қосылатын түтіктерін

майыстырып немесе жаншып алмаңыз.

Құрылғыны тіктеп орнату

Құрылғының деңгейін дұрыс ретке келтіріп орнатсаңыз, есік нығыз жабылады.

Құрылғыны дұрыс тіктеп орнатпасаңыз, есігі ас үй қаптамасының жақтауларына тиіп

қалады.

Құрылғының деңгейін реттеу үшін реттемелі сирақтарын босатыңыз немесе қатайтыңыз.



26

Орнату


Су төгетін жүйеге қосу

Су төгетін түтікті мына жерге жалғаңыз:

• раковина түтікшесіне жалғап, жұмыс алаңының астына орнықтырыңыз. Бұл

раковинадан ағатын лас судың құрылғыға қайта құйылуына жол бермейді.

• Желдеткіш саңылауы бар тік құбыр Ішкі

диаметрі минимум 4 см болуға тиіс.

Құрылғының суы төгіліп жатқан кезде, осы су

кері құйылып кетпес үшін раковинаның

тығынын алып қойыңыз.

Су төгетін түтікті ұзарту үшін қолданылатын

түтіктің ұзындығы 2 метрден артық болмауға

тиіс. Ішкі диаметрі түтіктің диаметрінен кем

болмауы керек.

Су төгетін түтікті раковина астындағы

қалқаншалы түтікке қоссаңыз, пластик (A)

қалқанды алыңыз. Қалқанды алмасаңыз, тағам

қалдықтары су төгетін түтіктің ішін бітеп

тастауы мүмкін.

Қауіпсіздік құралы лас судың құрылғыға қайта

барып құйылуына жол бермейді. Егер раковина

түтікшесі 'қайтармайтын клапанмен'

жабдықталса, құрылғы суының дұрыс

төгілмеуіне әкелуі мүмкін. Қайтармайтын

клапанды алыңыз.

max 85 cm

min 40 cm

max 400 cm

Орнату


27

ДЛЯ ОПТИМАЛЬНЫХ РЕЗУЛЬТАТОВ

Благодарим Вас за выбор данного продукта AEG.

Этот продукт будет безупречно служить Вам долгие

годы – ведь мы создали его с помощью

инновационных технологий, которые облегчат Вашу

жизнь и создадут качества, которые Вы не найдете в

привычных приборах. Потратьте немного времени на

чтение, чтобы получить максимальную пользу от

своей покупки.

АКСЕССУАРЫ И РАСХОДНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

В интернет-магазине AEG Вы сможете найти все

необходимое для того, чтобы все ваши приборы AEG

сверкали чистотой и радовали Вас безотказной

работой. Помимо этого, здесь Вы найдете широкий

выбор аксессуаров, разработанных и изготовленных

по самым высоким стандартам, какие только можно

представить – от профессиональной кухонной посуды

до лотков для хранения ножей, от держателей



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет