Методика оценки икт- компетентности учителей методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата15.03.2017
өлшемі0,91 Mb.
#9553
1   2   3   4   5   6   7

білім, міндет, іс-әрекет.  

Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық барлық білім беру үдерісінде 

мына бағыттар арқылы орындалады:  

-

 

топтық және жеке консультацияларды ұйымдастыру;  



-

 

арнайы күндізгі және қашықтықтан курстар арқылы ұйымдастыру;  



-

 

АКТ-құзырлылық  деңгейі  төмен  мұғалімдерді  техникалық  және 

әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;  

-

 

мұғалімдердің желілік шығармашылық ортасын құру.  

Педагогтардың  АКТ-ны  пайдалану  жөніндегі  қызметін  оның  кәсіби 

біліктілігі  мен  шығармашылық  әлеуетін  дамытуға,  қарым-қатынастық 

әрекеттер жасау қабілеттерін арттыруға, оқу қызметі мәдениетін дамытуға, оқу-

тәрбие  үдерісінің  барлық  деңгейлерін  дамытуға,  оның  тиімділігі  мен  сапасын 

10 


 

арттыруға,  қазіргі  қоғамды  ақпараттандыруға  байланысты  туындаған 

әлеуметтік  тапсырысты  орындауға  бағытталған  қызмет  түрі  ретінде 

қарастырамыз.  

Олардың мазмұны ретінде келесі қызметтерді алуға болады:  

-

 

ынта – мұғалімдерді АКТ құралдарын қолдануға ынталандырады;  



-

 

мақсат  –  мұғалімдерді  АКТ  құралдарын  қолдану  барысында  сапаға 

жету жолдарына ықпал етеді;  

-

 

іс-әрекет құралдары – мұғалімдерге АКТ құралдарын қолдану қызметін 

атқаруға игі әсерін тигізеді.  

Қызметтің  тағы  бір  қосалқы  құрылымы  нақты  қызметті  атқаруға 

итермелейтін  ынта  болып  табылады.  Ынта  нақты  орындалатын  қызмет 

құрылымына әлі енбеген, яғни әлеуетті және аталған құрылымға сәйкес енген, 

яғни  көкейкесті  болуы  мүмкін.  Қызметтің  үшінші  құраушысы  оны  орындау 

тәсілі. Ол бір жағынан, қызмет субъектісінің мақсаттары мен ынтасына сәйкес 

болса,  екінші  жағынан,  оның  қызметті  орындау  үшін  қажетті  білімнің, 

дағдылардың болуын көздейді.  

Демек,  АКТ  пайдалану  жөніндегі  педагогтың  қызметі  үш  құрамды 

бөліктен, атап айтқанда, мақсат-ынта-іс-әрекет құралынан тұрады.  

АКТ  құралдарын  оқу-тәрбие  үдерісіне  пайдалану  жөніндегі  педагог 

қызметінің мақсаты:  

-

 

мұғалімнің  шығармашылық  әлеуетін,  қарым-қатынастық  әрекеттерге 

қабілетті болуды, сараптамалық-зерттеу қызметі дағдыларын және оқу қызметі 

мәдениетін дамыту;  



-

 

оқу-тәрбие  үдерісінің  барлық  деңгейлерін  дамыту,  оның  тиімділігі  мен 

сапасын арттыру;  

-

 

қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болған әлеуметтік 

тапсырысты орындау.  

АКТ-ны  оқу  үдерісіне  пайдалану  жөніндегі  қызметтің  ынтасы  –  типтік 

дағдыларды  бақылау,  түзету,  басқару,  жаттықтыру  сияқты  педагогикалық 

қызметтерді жеңілдету болып табылады, АКТ-ны пайдалану қызметінің құралы 

– 

ұтымды,  әрі  тиімді  пайдалана  білудің  дидактикалық  құралы.  Педагогтың 



АКТ-ны  пайдалану  жөніндегі  қызметі  табиғатының,  оның  мақсаттарының, 

ынтасының  өзінің  сапалық  өзгеруі  оқыту  мақсатында  дидактикалық  құрал 

ретінде  пайдалану  дағдысына  әсер  етуі  мүмкін.  Сонымен  бірге,  АКТ-ны 

пайдаланудың  қызметтік  бастауын  дамыту  «мұғалімнің  АКТ-ны  пайдалану 

қызметіне дайын болуын» көздейді. Бұл өз кезегінде мазмұны жағынан күрделі 

болып  келетін  оқу  еңбегінің  білімін,  еп-дағдыларын,  компьютерлік  сауатты 

тұлғаның  құндылық  бағдарларын,  жеке  адамның  танымдық,  зияткерлік, 

ұйымдастырушылық, эмоционалдық-жігерлілік қасиеттерін қамтиды.  

 

Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтың құрамды бөліктері:  

-

 

АКТ  арқылы  ақпараттарға  салыстырмалы  талдау  жасау  арқылы 

талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдау;  

-

 

АКТ  құралдарының  мүмкіндіктерін  және  электрондық  оқу 

материалдарын мектеп пәндерін оқытудың сапасын арттыруда қолдану;  

11 


 

-

 

ақпараттарды  талдау,  жинақтау,  қорыту,  құрылымдау,  тікелей  және 

жанама дәлелдеме жасау және оларды модельдеу барысында АКТ құралдарын 

қолдана отырып өңдеу;  



-

 

педагогтың  қызметін  АКТ  арқылы  жоспарлау  және  оны  практика 

жүзінде іске асыра алу мүмкіндігі.  

Біздің  ойымызша,  педагогтардың  ақпараттық  құзырлылығы  дегеніміз  - 

оқу-тәрбие  үдерісіне  ақпараттық  технологияның  мүмкіндіктерін  жан-жақты 

қолдану  қабілеті  болса,  ал  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылық 



дегеніміз 

мектеп 


пәндерін 

оқытуда 


ақпараттық-коммуникациялық 

технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін қолдану мен әлемдік-ақпараттық 

білімдік  кеңістікке  еркін  түрде  ену  арқылы  өздігінен  білімдерін  жетілдіру 

қабілеті.  

Сонымен  қатар  ақпараттық  технологияларды  мектеп  пәндерінде  сапалы 

деңгейде  қолданып,  оқыту  және  оларды  технология  әлеміне  ендіре  отырып, 

ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  үшін  мұғалімдерді  арнайы  дайындау 

қажет. Мұнда мұғалім АКТ құралдарын оқу үдерісіне енгізудің психологиясын 

жақсы  біліп,  пәндерді  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  жетік  меңгеріп,  ақпараттық 

технологиялар саласында құзырлылығы қалыптасқан маман болулары тиіс дей 

келе,  олардың  меңгеруге  тиісті  білімдері  мен  дағдыларын  келесі  мазмұнда 

көрсетуге болады:  



-

 

оқыту мен тәрбиелеуде компьютердің қолданылу мүмкіндіктерін білу;  



-

 

мектеп  пәндерін  оқытуды  ұйымдастыруда  компьютерді  қолданудың 

әдістерін меңгеру;  

-

 

өткен  материалды  меңгеру  деңгейін  бақылау,  өзіндік  бақылауларын 

ұйымдастыруда компьютерді қолдана білу білігі;  

-

 

оқытудың  дәстүрлі  және  компьютерлік  технологияларын  тиімді 

үйлестіре білу білігі;  

-

 

шығармашылық 

іс-әрекеттерін 

ұйымдастыруда 

АКТ-ның 

мүмкіндіктерін қолдана білу.  

Бүгінгі  күні  педагогтың  құзырлылығын  қалыптастыру  ақпарат  ағымымен 

және  әлемдік-ақпараттық  білімдік  кеңістік  арнасынан  оқушыға  сапалы  білім 

беру мүмкіндігімен түсіндіріледі.  

АКТ  құралдары  мен  интерактивтік  технологиялар  саласынан  теориялық 

білімдер  мен  практикалық  дағдылар  педагогтан  білімді  жаңарту  жағдайында 

шартты түрде бес топқа біріктірілетін кәсіби міндеттерді шешуді талап етеді. 

Олар:  

-

 

оқу  үдерісінің  мазмұнын  АКТ  құралдарының  мүмкіндіктерін  қолдану 

арқылы жаңарта білу;  

-

 

білім  сапасын  арттыруда  АКТ  құралдарының  мүмкіндіктерін 

зерттей білу;  

-

 

ақпараттық ортада желілік қарым-қатынас орната білуге дағдылану;  



-

 

ақпараттық білім ортасын жасау және оны қолдану;  



-

 

кәсіби бағытта өздігінен білім алуды жобалау және оны қолдану.  

Педагогтың құзырлылығына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдай 

келе,  бүгінгі  мектеп  пәндері  мазмұнының  жаңаруы,  соған  сәйкес  білімді 

12 


 

ақпараттандыру  жағдайында  оқушылардың  ақпараттық  сауаттылықтарын 

сапалы деңгейде қалыптастырудың басты шарты ретінде мұғалім ақпараттық-

коммуникациялық құзырлылыққа ие болу керек деген пікірді ұстануға болады.  

 

Педагогтарда 



ақпараттық-коммуникациялық 

құзырлылықты 

қалыптастырудың мақсатқа сәйкестігі оны екі аспектіде қарастыруға мүмкіндік 

берді:  

-

 

технологиялық  тұрғыдан  (АКТ  құралдарының  түрлері,  олардың 

құрылымы  және  әрекет  ету  ұстанымы,  олармен  негізгі  жұмыс  істеу  тәсілдері, 

техникалық қызмет көрсету ережелері және т.б.);  

-

 

біліми  тұрғыдан  (олардың  дидактикалық  негізі  мен  әдістемелік 

қызметтері,  құрылу  қағидалары,  АКТ  қолдану  арқылы  оқу  үдерісін 

ұйымдастыру ерекшелігі).  

Жоғарыда келтірілген түсіндірмелерге сүйене отырып, педагогқа қатысты 

біз  келесі  анықтаманы  тұжырымдадық:  «Ақпараттық-коммуникациялық 

құзырлылық  –  бұл  жеке  тұлғаның  ақпараттық  және  телекоммуникациялық 

технологиялардың  орасан  зор  мүмкіндіктерін  қолдана  отырып,  мектеп 

пәндерін  оқыту  үдерісінде  кәсіби  міндеттерді  сауатты  түрде  шешуге 

қабілеттілігі мен дайындығы».  

Соның негізінде жеке тұлғаның әлеуетінің жоғары деңгейдегі қажеттілігін, 

әріптестерімен  бірлесе  отырып,  жұмыс  жасауы  және  өзінің  жеке  мәнділігін 

сезінуін қамтамасыз ететін тұлғаға-бағдарланған болып келеді.  

 

Сөйтіп,  педагогтың  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылығы 



оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыруда және пәнді оқытудың сапасын 

арттыруда  АКТ-ның  мүмкіндіктерін  қолдана  білуін  және  пәннің  сапалы 

тұлғалық-бағдарлы парадигмасын жүзеге асыруда өз кәсіби әрекетінде оларды 

тиімді пайдалана білуді болжайды.  

Біліктілікті арттыру жүйесіндегі мұғалімдерді даярлау бағдарламасы елдің 

даму  стратегиясының  мақсаттары  мен  міндеттерін  және  оны  жүзеге  асыру 

жолдарын қанағаттандыра алмайды. Елдің экономикалық және әлеуметтік даму 

мақсаттарына  жетуге  қажетті  мұғалімдердің  кәсіби  шеберлігін  жетілдіру 

ЮНЕСКО стандартының алдына қойылған міндеттерінің бірі. Финляндия мен 

Корея  Египет  пен  Чилиге  қарағанда  экономикасы  дамыған  елдер  болып 

есептелсе,  ал  Кения  мен  Боливия  Египет  пен  Чилиге  қарағанда  экономикасы 

едәуір  төмен  елдердің  қатарына  жатады.  Олай  болса,  аталған  елдердегі 

педагогтардың  кәсіби  сапасы,  оқу  бағдарламаларының  мазмұны  мен  бағалау 

нәтижелері де әртүрлі болып келеді. Даму траекториясының қозғалысы білімді 

қалыптастыруда  педагогтардың  сапалық  жетістігімен  анықталады.  Ал 

техникалық  инфрақұрылым  жағынан  салыстыратын  болсақ,  онда 

педагогикалық әдістердің өзгеріс шамасымен ерекшеліктер айқындалады.  

Әлеуметтік-экономикалық  мақсатта  едәуір  дамыған  елдерде  ұзақмерзімді 

стратегиялық  бағдарламаларды  орындау  талап  етіледі.  Мұндай  стратегия 

негізіне  модель  нормасы  ұсынылады.  Бұл  модель  қосымша  құзырлылықты 

анықтау үшін қолданылады. Онда реформа бойынша жоспарланған жетістіктер 

13 


 

білім  беру  жүйесінің  компоненттерін  толық  қамтуы  керек.  Білім  беру 

саласында  болып  жатқан  өзгерістер  әлеуметтік-экономикалық  дамудың 

мақсатына  әсер  етеді.  Осы  тәсілмен  елдің  өзіндік  ерекшеліктеріне  сәйкес 

педагогтардың біліктілігін арттыру бағдарламасына өзгерістер енгізіледі. Ол 1-

суретте берілген. Суретте параметрлерге сәйкес педагогтардың АКТ бойынша 

құзырлылығын қалыптастыру белгілері келтірілген.  

 

 



 

 

 



Техникалық сауаттылық  

10 


Білімді тереңдету  

20 


Білімді қалыптастыру  

30 


 

 

1-



сурет – Педагогтың АКТ бойынша құзырлылығын қалыптастыру белгілері 

 

30



25

20

10



5

20

10



30

30

25



20

15

30



20

Құзырлылықты қалыптастыру нормалары

Білімді қалыптастыру 

Білімді тереңдету 

Техникалық сауаттылық 

14 


 

Бастапқы  кезеңде  АКТ  бойынша  педагогтардың  құзырлылық  нормасы 

техникалық  немесе  компьютерлік  сауаттылықтарды  дамытуда  сандық  білім 

ресурстарымен, 

электрондық 

оқу 


құралдарымен, 

жаттықтыру 

программаларымен,  Интернет  желісінің  ресурстарымен  немесе  қарапайым 

техникалық құралдармен жұмыс жасау дағдылары қарастырылады.  

Білімді  қалыптастыру  амалының  негізгі  мақсаты  мұғалімдер  алған 

білімдерін оқушылардың дамуына және олардың түрлі жаңалықтарды енгізуге, 

бүкіл  өмір  бойына  алатын  біліміне  қолдану  дағдысын  қалыптастыруға 

бағытталады.  

Білімді  қалыптастыру  бойынша  педагогтың  құзырлылық  нормасы  мына 

дағдыларды қалыптастырумен өрнектеледі:  



-

 

АКТ-ның мүмкіндіктерін оқу құралдарын жасау мен оны пән сабақтарын 

тиімді, әрі сапалы өткізуге пайдалану;  

-

 

педагогтың  білімін  қалыптастыру  мен  сыни  ойлау  қабілетін  дамытуда 

АКТ-ның мүмкіндіктерін қолдану;  

-

 

педагогтың  үздіксіз  дамуына  АКТ-ның  мүмкіндіктерін  қолдану  арқылы 

ықпал ету;  

-

 

оқытудың үздіксіз және инновациялық қағидаларын негізге ала отырып, 

мектепте желілік қоғамды құруға АКТ құралдарының мүмкіндіктерін қолдану.  

 

 



 

15 


 



мұғалімдердің  АКТ-  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  деңгейлерінің 

сипаттамалары және бағалау критерийлері  

 

Электрондық оқытуды білім беру ұйымдарына сапалы түрде енгізу үшін 

педагогтардың кәсіби дамуын квалиметриялық бағалау жүргізуді талап етеді. 

Онда педагогтардың электрондық оқыту жүйесін ұтымды қолдана алуы, оны 

қолдануда  кездесетін  түрлі  қиыншылықтар  мен  сауалдар  және  олардың 

сапалылығын  айқындайтын  өлшем  әдістері  мен  сапалы  түрде  бағалау 

қарастырылады. Нақты бағалау келесі ақпараттармен қамтамасыз етіледі:  

 



электрондық оқытудың үйрету мен сабақ беру нәтижелеріне әсері;  

 



білім  беру  ұйымдарына,  педагог  қызметкерлерге,  біліктілікті  арттыру 

институттарына,  басшыларға  және  т.б.  электрондық  оқытуды  сапалы  түрде 

қолдану  жетістіктеріне  жетуі,  оны  қолдануда  кездесетін  қиыншылықтарды 

жедел  түрде  бағалау  арқылы  шешу  немесе  олардың  электрондық  оқыту 

жүйесін енгізудегі теріс ықпалдарын айқындау сияқты мәліметтер.  

Қолданылатын  бағалау  формалары  электрондық  оқыту  жүйесін  сапалы 

түрде енгізу жетістіктерін анықтауға бағытталған белгілерге тәуелді болады. 

Киркпатриктің  (Kirkpatrick,  1994)  анықтамасына  сәйкес  2-суретте 

көрсетілгендей бағалаудың төрт деңгейі бар. Әрбір деңгейі келесі деңгеймен 

сабақтасып отырады.  

 

 

2-



сурет – Бағалаудың төрт деңгейі (Kirkpatrick)  

 

Бағалаудың төрт деңгейі:  



1-

деңгей:  Ықпал.  Білім  беру  ұйымдарына  электрондық  оқыту  жүйесін 

енгізудің  тиімді  және  тиімсіз  жақтарын  айқындай  отырып,  қажеттілігін 

анықтау  арқылы  педагогтардың  ықпалын  бағалау  маңызды.  Ол  әр  түрлі 

әдістермен 

жүргізілуі 

мүмкін: 


онлайн 

сауалнамалар, 

интервью, 

қауымдастықта, форумда топтасып талқылау.  



2-

деңгей: Үйрену. Педагогтардың білімі мен біліктілігінің даму деңгейін 

айқындайтын  бағалауды  жүргізу.  Онда  тесті  қолдану  арқылы  педагогтар 

жұмысының  нәтижелері  мен  даму  деңгейі  айқындалады.  Мұндай  бағалау 









Н

әтиже 

 

А



қпаратты беру мен 

қолдану 

 

Үйрену 

 

Ы

қпал 

 

16 



 

нәтижесі электрондық оқыту жүйесінің ортасында педагогтардың кәсіби даму 

траекториясын бағалауға ықпал етеді.  

3-

деңгей:  Ақпаратты  беру  мен  қолдану.  Егер  педагог  электрондық 

оқыту  технологиясын  оқыту  мен  тәжірибеде  қолдана  бастаса,  онда  педагог 

тәжірибесінде  оң  өзгерістер  болғандығын  білдіреді.  Сонымен  бірге 

педагогтың  кәсіби  дамуына  ықпал  еткендігін  байқауға  болады.  Техникалық 

қолдау  тұрғысынан  алғанда  педагог  қызметін  автоматтандыруға  мүмкіндік 

береді.  Педагогтың  кәсіби  деңгейіне  деген  ықпалын  оқу-тәрбие  үдерісінде 

электрондық оқытуды қолдану деңгейін бақылау жолымен бағалауға болады.  

4-

деңгей:  Нәтижелер.  Егер  педагог  электрондық  оқытуды  кәсіби 

деңгейіне тиімді түрде қолдана алса, онда мұғалімнің сабақты беру деңгейіне 

оң  ықпалын  тигізетіндігін  бақылауға  болады.  Бұл  үдерісті  оқушылардың 

білім сапасы туралы мәліметтер арқылы бағалауға болады.  

Жоғарыда  берілген  4  деңгейдің  әрқайсысына  деректер  жинауға  болады. 

Мұндай  деректерді  педагогтардың  біліктілігін  арттыру  институттарында 

бағалау құралы ретінде қолдануға болады.  

Оқытушылар  1,  2  және  3  деңгейге  назар  аударуы  қажет.  Ал  4-деңгей 

білім  беру  ұйымдарында  электрондық  оқыту  жүйесін  енгізудің  тиімділігін 

айқындауға негізделген зерттеулер жүргізу барысында қолданылады және ол 

негізгі деңгей ретінде қарастырылады.  

Педагогтардың АКТ-құзырлылық деңгейін анықтау барысында ақпараттық 

білім  ортасындағы  заманауи  құралдарды  қолдана  білуге  дайындығы  мен 

педагогтардың  қажеттілігін  айқындайтын  диагностика,  жеке  әңгімелесу,  білім 

беру  саласында,  басқаруда  өзекті  проблемалар  бойынша  жеке  сұраныстарын, 

айқындалған  сұраныстарын  талдап,  жүйелеу  сияқты  мәселелерді  қамтитын 

өтініштерін  зерттеу,  білім  берудегі  педагогтардың  «алға  жылжу» 

мүмкіндіктерін зерделейтін сауалнамалар жүргізіледі.  

Педагогтардың білімі мен қолдану дағдысы олардың қызметтерінде айқын 

көрінеді.  Сондықтан  1  кестеде  АКТ-ны  қолданудың  қызметтік  режимін 

анықтайтын  сұрақтар  берілген.  Мұғалім  барлық  нәрсені  жете  білуі  міндетті 

емес, бірақ білімді практикалық тұрғыдан қолдана алуы маңызды.  

 

1 кесте – «Педагог қызметкерлердің АКТ-құзырлылық деңгейі»  



 

№ 

Мен білемін  

Мен жасай аламын  



1.

 



 

Мәтінді теру 

Оқу  үдерісіне  қажетті  электрондық 

дидактикалық  материалдарды  енгіземін 

(

сынып, тақырыптар, материал түрлерін) 



2.

 

 



Мәтінді форматтау 

Компьютерлік 

презентацияларды 

орындаймын (қандай екендігін көрсету)  



 

3.

 



 

Мәтінге суреттер мен 

кестелер қою  

Программаны  қолданамын  (программа 

атауы мен сыныбын көрсету)  

 

17 


 

1-

кестенің жалғасы  





4.

 

 



Сабаққа дидактикалық 

материалдарды даярлау 

«Портфолио»  программасымен  жұмыс 

жасаймын  

5.

 

  «Power Point» 



программасында 

презентация құру  

Ақпарат 

көздерін 

Интернеттен 

қолданамын:  

 

Сабаққа байланысты;  



 

Сыныптан тыс жұмыстар;  



 

Кәсіби дамуға  



6.

 

 



Үйретуші программалармен 

жұмыс жасау  

Электрондық поштаны қолданамын  

7.

 



   

«Портфолио» 

программасымен жұмыс 

жасау  

Оқушылармен 

бірлесе 


отырып, 

компьютерлік  жобаны  орындаймын 

(

жобаның  тақырыбы  мен  қорғау  күнін 



көрсету)  

8.

 



 

Интернетте ақпараттарды 

іздеуді жүзеге асыру  

Мектеп  сайты  үшін  материалдарды 

қоямын (материалдар атауын көрсету)  

9.

 



 

Электрондық поштаны 

қолдану  

Сандық білім ресурстарын құрамын  

10.

 

 



Басқа да программа 

қосымшаларымен жұмыс 

жасау (қандай программа 

екендігін көрсету)  

Желілік қауымдастыққа қатысамын  

 

Педагогтарға  жүргізілген  сауалнама  мен  әңгімелесу  нәтижелеріне  талдау 



жасау арқылы педагогтардың 3 топқа жіктелетіндігі анықталды.  

1  топ  –  компьютерде  жұмыс  жасау  деңгейі  –  нөл,  ынтасы  жоқ. 

Мұндай топқа көбіне зейнет жасындағы, не зейнетке шығайын деп жүрген 

педагогтарды  жатқызуға  болады.  Олардың  компьютерде  жұмыс  жасау 

деңгейі  өте  төмен,  әрі  ынтасы  жоқ  деп  айта  аламыз.  Бірақ  мұндай 

мұғалімдердің  тәжірибесі  мол,  сонымен  бірге,  оқытудың  дәстүрлі  формасын 

қолдану арқылы ең жоғарғы оқыту сапасына жеткен алтын қордағы педагогтар 

болып табылады.  

Мұндай көрсеткіштерге қарамастан оларды компьютермен жұмыс жасауға 

мәжбүрлейміз.  Педагогтардың  АКТ-құзырлылығын  арттыруға  байланысты 

келесі педагогикалық міндеттерді шешу қажет:  

 

дидактикалық материалдарды жасауға кететін уақыттың үнемделуі;  



 

материалдарды  безендіруде  презентацияны  қолдануға  ерекше  мәннің 



берілуі;  

 



педагогикалық шеберліктің заманауи деңгейіне өтуі.  

Электрондық  оқыту  жүйесінде  мұғалімдердің  жұмысына  талдау  жасау 

барысында құзырлылығы жоғары деңгейге өткен мұғалімдерді де кездестірдік.  



топ – компьютерде жұмыс жасау деңгейі – базалық, ынтасы – төмен. 

Технологияның  динамикалық  түрде  өзгерісіне  байланысты  оны  меңгеруге 

18 


 

уақыттың  көп  жұмсалатындығы  оқытудың  дәстүрлі  формасымен  (дәріс, 

семинар және т.б.) салыстырғанда күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр. Сонымен 

бірге  педагогтардың  кітапханада  сабақ  үдерісіне  дайындалуына,  қосымша 

ақпараттар  іздеуге  уақытты  жоғалтуы  оқыту  сапасына  кері  әсерін  тигізеді. 

Аталған  кемшіліктерді  жою  үшін  педагогтарға  дер  кезінде  ақпараттық-

коммуникациялық  технологияның  мүмкіндіктерін  үйреніп  отыру  қажет  және 

оларға сәйкес өзгеріп жатқан программалық құралдарды меңгеруі талап етіледі.  





топ – компьютерде жұмыс жасау деңгейі – базалық, ынтасы – жоғары. 

Педагогикалық  қызмет  пен  педагогтың  АКТ-құзырлылық  деңгейі  арасындағы 

өзара  байланыстың  қажеттілігі  олардың  ақпараттық  мәдениетін  үздіксіз 

дамытып отыруына ықпал етеді.  

Аталған  топтар  пән  мұғалімдерінің  біліктілігін  кезең-кезеңмен 

ұйымдастыруды  қажеттігін  айқындап  отыр.  Біріншіден,  педагогтардың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет