Методика оценки икт- компетентности учителей методические рекомендации



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата15.03.2017
өлшемі0,91 Mb.
#9553
  1   2   3   4   5   6   7

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  

 

Министерство образования и науки Республики Казахстан  



Национальная академия образования им. И. Алтынсарин  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АКТ-ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН  

БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ  

 

Әдістемелік ұсынымдар  

 

 

МЕТОДИКА ОЦЕНКИ ИКТ- КОМПЕТЕНТНОСТИ УЧИТЕЛЕЙ  

 

Методические рекомендации  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Астана  

2015  




 

Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы  Ғылыми  кеңесімен 

баспаға ұсынылды (2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 8 хаттамасы)  

 

Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 



образования им. И. Алтынсарина (протокол № 8 от 18 сентября 2015 года)  

 

 



Мұғалімдердің  АКТ-құзыреттіліктерін  бағалау  әдістемесі.  Әдістемелік 

ұсынымдар.–Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы, 

2015. – 40 

б.  


 

Методика  оценки  ИКТ-компетентности  учителей.  Методические 

рекомендации. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2015. – 40 с.  

 

 



Бұл  әдістемелік  ұсынымдарда  мұғалімдердің  АКТ-құзырлылығын 

қалыптастыру  деңгейі  мен  құрылымдық  бөлімдері  сипатталып  берілген. 

Сонымен  бірге  педагогтардың  АКТ-құзырлылығын  қалыптастыру  деңгейін 

бағалау мен оны анықтау әдістемесі ұсынылып отыр.  

Әдістемелік ұсыным облыстық (аудандық, қалалық) білім басқармаларына, 

мектеп пен колледж басшыларына арналған.  

 

В данных методических рекомендациях описаны структурные компоненты 



и  уровни  сформированности  ИКТ-компетентности  учителей,  предложена 

методика определения и оценки уровней ИКТ-компетентности учителей.  

Методические  рекомендации  адресованы  руководителям  областных 

(районных,  городских)  управлений  образования,  директорам  школ  и 

колледжей.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

© Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық 

білім академиясы, 2015  

© 

Национальная академия образования 



им. И. Алтынсарина, 2015  

 



 

Мазмұны  

 

 

Кіріспе ............................................................................................................ 



Мұғалімдердің АКТ-құзыреттіліктері және олардың құрылымдық 



компоненттерін сипаттау ............................................................................. 



Мұғалімдердің АКТ- құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейлерінің 

сипаттамалары және бағалау критерийлері ............................................... 

16 



Мұғалімдердің АКТ-құзыреттілік деңгейлер анықтау және бағалау 



әдістемесі ....................................................................................................... 

23 


 

Қорытынды ....................................................................................................  36 

 

Глоссарий .......................................................................................................  37 



 

Пайдаланылған дереккөздер тізімі ..............................................................  38 

 

Қосымша ........................................................................................................  39 



 

 

 





 

Кіріспе  

 

 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Қазақстан  халқына 

Жолдауында  «...  Біз  бүкіл  елімізде  әлемдік  стандарттар 

деңгейінде  сапалы білім беру  қызметіне қол жеткізуге  тиіспіз» - 

деп атап көрсетілді.  

Мұндағы  басты  мақсат  –  білім  берудің  сапасын  жоғарғы 

деңгейге  жеткізу,  Қазақстандағы  ІТ-саласын  дамыту,  әлемдік 

ақпараттандыру кеңістігіне  ену және білім берудің мазмұны мен 

құрылымын жаңарту болып табылады.  

Қазіргі  тарихи  кезең  үшін  аса  қажет  болған  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы  еліміздің  интеллектуалдық 

ұлт  қалыптастыру  идеясымен  сабақтасып  жатыр.  Осы  идеяны 

жүзеге  асырудың  логикалық  құрамдас  бөлігінің  бірі  - 

электрондық оқыту жүйесін білім беру ұйымдарына енгізу. Олай 

болса,  электрондық  оқыту  жүйесін  енгізудің  негізгі  индикаторы 

педагогтардың АКТ-құзырлылығын қалыптастыруға негізделеді.  

Электрондық оқыту жүйесі педагог мамандардың «өмір бойы 

білім  алу»  қағидасының  қолжетімділігін  арттырумен  қатар  ауыл 

мен  қала  мектептеріндегі  педагогтардың  білім  деңгейлерін 

теңестіру  үшін  өздігінен  кәсіби  шығармашылық  траекториясын 

дамытуына  мүмкіндік  туғызып,  әлемдік  кеңістікке  шығуына  жол 

ашады.  

Электрондық  оқыту  жүйесін  білім  беру  ұйымдарына  сапалы 

түрде  енгізу  үшін  педагогтардың  ақпараттық-коммуникациялық 

және  технологиялық  құзырлылығын  қалыптастыруды  бағалау 

әдістемесін 

анықтаймыз. 

Әдістеме 

ЮНЕСКО 


стандарты 

негізінде  анықтау  қарастырылған.  Онда  педагогтардың  АКТ-

құзырлылығы  базалық,  арнайы  және  кәсіби  деңгейлерге  бөліп, 

бағалау белгілері берілген.  

Сонымен  бірге  педагогтардың  ақпараттық-коммуникациялық 

құзырлылығын  қалыптастыру  үшін  Блум  таксономиясы  негізінде 

түсіну,  үлгі  бойынша  қолдану  және  шығармашылық  бағытта 

қолдану  деңгейлері  қолданылған.  АКТ-құзырлылығын  бағалау 

үшін педагогтарға берілетін тапсырмаларды құрастыруға ерекше 

мән беріледі.  

Ақпараттық  технология  құралдарының  динамикалық  түрде 

өзгерісіне 

байланысты 

педагогтардың 

базалық 

АКТ-


құзырлылығын  қалыптастыру  қажеттігі  туындайды.  Осы 

қажеттілікті  шешу  үшін  ең  алдымен  педагогтардың  ақпараттық-

коммуникациялық 

құзырлылығын 

қалыптастырудың 

психологиялық  мүмкіндіктері  қарастырылған.  Бұл  мүмкіндік 

педагогтардың  ақпараттық-коммуникациялық  құзырлылығын 



 

қалыптастыруды бағалау параметрлерінің бірі болып табылады.  

Сонымен 

бірге, 


педагогтардың 

АКТ-құзырлылығын 

қалыптастыру 

бойынша 


диагностикалық 

материалдар 

ұсынылған.  

 

 



 



 



Мұғалімдердің  АКТ-құзыреттіліктері  және  олардың  құрылымдық 

компоненттерін сипаттау  

 

Оқу  үдерісіне  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құрылғыларын 

енгізу  және  оның  мүмкіндіктерін  қолдануға  талдаулар  жүргізу  арқылы  білім 

беруді ақпараттандыруды шартты түрде 4 кезеңге бөлуге болады:  

-

 

білім беру үдерісін электроникаландыру;  



-

 

білім беруді компьютерлендіру;  



-

 

білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;  



-

 

білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізу.  



І-кезең  білім  беру  үдерісін  электроникаландырумен  сипатталады. 

Техникалық мамандықтағы студенттерді оқытуға электрондық және есептеуіш 

техника құрылғыларын енгізу 50-жылдардың аяғы мен 60 жылдардың басында 

жүргізілсе,  ал  гуманитарлық  мамандықтағы  студенттер  үшін  60-жылдардың 

аяғы  мен  70-жылдардың  басында  жүргізілді.  Мұнда  алгоритмдеу  мен 

программалау  негіздерін,  алгебра  логикасының  элементтері  мен  ЭЕМ-да 

математикалық  модельдеу  бөлімдерін  оқыту  қарастырылды.  Аталған  кезеңде 

алгоритмдік  ойлау  қабілетін  дамыту,  программалау  тілдерін  меңгерту  және 

есептегіш-логикалық  алгоритмдер  арқылы  ЭЕМ-да  жұмыс  жасау  дағдыларын 

игерту  сияқты  әрекеттер  студенттердің  білімі  мен  біліктілігін  дамытып, 

қалыптастыруға  игі  әсерін  тигізді.  Ал  педагогтардың  біліктілігін  арттыру 

саласында информатика мұғалімдерін қайта даярлау мәселелерін қамтумен ғана 

шектелді.  

ІІ-кезең білім беру үдерісін компьютерлендірумен сипатталады. Бұл кезең 

біліктілікті  арттыру  жүйесінде  педагогтардың  компьютерлік  сауаттылығын 

қалыптастырумен  айқындалды.  Сонымен  бірге  бұл  кезеңде  педагогтардың 

компьютерлік  сауаттылығын  қалыптастыру  мектептерде  орналасқан 

компьютерлер  мен  программалық  жабдықтарға  сәйкес  ұйымдастырылды. 

Педагогтарға  мультимедиялық  электрондық  оқулықтармен  жұмыс  жасау 

әдістері  бойынша  курстар  ұйымдастырылып,  өткізілді.  Білім  беру 

ұйымдарының  басшылары  үшін  автоматтандырылған  жұмыс  орнын  қалай 

ұйымдастыруға  болатындығы  және  оны  құру  жолдары  түсіндіріліп, 

мектептерге біртіндеп енгізіле бастады.  

ІІІ-кезең  білім  берудегі  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялармен 

сипатталады.  Бұл  кезең  педагогтардың  біліктілігін  арттыру  жүйесін 

ақпараттандырумен  байланысты  жүргізілді.  Педагогтардың  ақпараттандыру 

бойынша біліктілігін арттыру модульдік негізде ұйымдастырылып, сараланып, 

кезеңдерге бөлу арқылы өткізілді.  

ІV-кезең 2011 жылдан бастап білім беру ұйымдарына электрондық оқыту 

жүйесін  енгізумен  сипатталады.  Мұнда  білім  беру  қызметкерлерінің  барлық 

категориялары  үшін  электрондық  оқыту  ортасында  сандық  білім 

ресурстарымен жұмыс жасау әдістері берілген.  

Бұл  кезеңдер  білім  беру  саласына  ақпараттық-коммуникациялық 

технология  құралдарын  тиімді  қолданудың  әдіснамасымен,  теориясымен, 

практикасымен  қамтамасыз  ететін  психологиялық-педагогикалық,  әлеуметтік, 



 

физиологиялық-гигиеналық,  технологиялық,  ғылыми-практикалық  түрдегі 

зерттеулерді кіріктіреді.  

Білім  беруді  ақпараттандыру  қоршаған  орта  мен  пәндік  салалардың 

заңдылықтарын  танудың  кіріктірілген  үдерісін  ғаламдық  коммуникацияның 

қазіргі  ақпараттық  қоғам  сұранысы  мен  талаптарына  сәйкес  жеке  тұлғаның 

барабар  дамуына  жетелейтін  үйретуші  мен  үйренушінің  іс-әрекеттерін 

автоматтандыру үдерісі ретінде қарастырады.  

Бағдарламаны  жүзеге  асыру  нәтижесінде  халықтың  20%  компьютерлік 

сауаттылық деңгейін және 20% Интернет қызметін қолдана алуға қол жеткізу 

мен  халықтың  күнделікті  өмірінде  ақпараттық  ресурстардың  мәнін  арттыру 

көзделіп отыр.  

Педагогтардың  компьютерлік  сауаттылығын  қалыптастыру  бағытында  24 

сағаттық  оқу-тақырыптық  жоспары  жасалды.  Оқу-тақырыптық  жоспарының 

негізгі идеясы педагогтарды жаппай компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз 

етуге бағытталды. Ал оның мазмұны MICROSOFT офистік бағдарламаларымен 

жұмыс жасау технологияларына негізделді.  

Педагогтардың  біліктілігін  арттыруда  келесі  проблемаларды  шешу 

қажеттігін анықтап отырмыз:  

-

 

педагогтарды  даярлау  мен  олардың  біліктілігін  арттыру  жүйесі 

арасында байланыстың болмауы;  

-

 

педагогтардың  әдістемелік  даярлығын  қамтамасыз  ету  білім  беру 

ұйымдарында  ақпараттық-коммуникациялық  технология  құралдарының, 

программалық және ғылыми-әдістемелік жасақтамалардың жеткіліксіздігі;  



-

 

мектепте  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларын  қолдану 

бойынша пән мұғалімдерінің тәжірибесінің болмауы;  

-

 

біліктілікті  арттыру  жүйесінде  пән  мұғалімдерін  АКТ-ны  қолдану 

саласы бойынша даярлайтын дәріскерлердің жеткіліксіздігі;  

-

 

АКТ  құралдарын  қолдануға  бағытталған  оқу  курстарының 

практикалық түрде жүзеге аспауы;  

-

 

АКТ  бойынша  педагогтардың  біліктілігін  арттыратын  мемлекеттік 

стандарт  пен  модульдік  бағдарламалардың  жасақталмауы  және  олардың 

біліктілігінің сапасын айқындайтын мониторингтің болмауы;  



-

 

білім беру ұйымдарының барлық деңгейлері үшін педагогтардың АКТ 

бойынша  біліктілігін  арттыру  жүйесінің  болмауы  және  біртұтас  білім 

порталдарының жасақталмауы мен ақпараттық ортаның құрылмауы.  

Аталған  проблемаларды  шешу  үшін  білім  беруді  ақпараттандырудың 

мемлекеттік  саясаты  мен  ЮНЕСКО  көлемінде  ақпараттандырудың  келесі 

индикаторлары негізге алынды:  

-

 

білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісін  нормативтік-құқықтық  тұрғыдан 

қамтамасыз ету;  

-

 

оқытуды 


ұйымдастыруда 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялардың  (АКТ)  дамуын  ескере  отырып,  білім  беру  ұйымдарын 

материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету;  



-

 

оқытудың  мемлекеттік  стандарттарына  сәйкес  ақпараттық-ресурстық 

базамен қамтамасыз ету;  



 

-

 

педагог  мамандардың  біліктілігін  арттыруда  АКТ-ны  оқу-тәрбие 

үдерісіне қолдануға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету.  

Жоғарыдағы  айтылған  ойларды  негізге  ала  отырып,  біліктілікті  арттыру 

жүйесінде  педагогтарды  электрондық  оқытуға  (e-learning)  байланысты  келесі 

факторлар анықталды:  



-

 

бірінші фактор – біліктілікті арттыру жүйесін электрондық оқыту (e-

learning) 

бойынша нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз ету;  

-

 

екінші  фактор 

 



электрондық оқыту  (e-learning) бойынша біліктілікті 

арттыру жүйесін материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету;  



-

 

үшінші  фактор  –  электрондық  оқыту  (e-learning)  жүйесінің  әрбір 

элементімен жұмыс жасау әдістерін үйрету;  



-

 

төртінші  фактор  −  электрондық  оқыту  (e-learning)  ортасында 

педагогтардың 

ақпараттық-коммуникациялық 

және 


технологиялық 

құзырлылықтарын қалыптастыру;  



-

 

бесінші  фактор  –  педагогтардың  қызметін  сандық  форматқа 

ауыстыруды қамтамасыз ету.  

Жоғарыда 

аталған 


факторлар 

біліктілікті 

арттыру 

жүйесін 


ақпараттандырудың  тиімді  және  тиімсіз  жақтарын  қарастыруға  мүмкіндік 

береді.  

Білім  беруді  ақпараттандыру  үдерісі,  пәндік  салалар  мен  қоршаған 

ортаның заңдылықтарын танудың сабақтастылығын ескере отырып, оқушының 

жеке  тұлға  ретінде  дамуы  үшін  ақпараттық  технология  құралдарының 

мүмкіндіктерін  пайдалану  барысында  тиімді  әдіс-тәсілдерді  жасау  өте  өзекті 

мәселелердің  бірі.  Бұл  үдеріс  оқушының  белсенділігі  мен  пәрменділігінің 

деңгейін  арттырып,  балама  ойлау,  оқу  материалдарының,  сол  сияқты 

практикалық  есептердің  де  шешімін  іздеу  стратегиясын  жете  зерттеу 

дағдыларын  қалыптастыру  қабілеттіліктерін  дамытады.  Зерттеліп  отырған 

нысандарды, құбылыстарды, үдерістер мен олардың арасындағы әрекеттестікті 

моделдеу  негізінде  қабылданған  шешімдердің  жүзеге  асырылуы  нәтижелерін 

болжауға  мүмкіндік  береді.  Педагогтардың  қызметін  электрондық  форматқа 

аудару арқылы шығармашылықпен жұмыс жасауына жол ашады. Білім беруді 

ақпараттандырудың тиімді жақтары аталған мәселелермен шектеліп қалмайды. 

Ақпараттық  технология  құралдарын  оқу-тәрбие  үдерісінде  қолдану  арқылы 

білім  беруді  ақпараттандыруды  дамытудың  тиімді  жақтарын  анықтауға 

мүмкіндік береді.  

Біліктілікті арттыру жүйесін ақпараттандырудың тиімді жақтарымен бірге 

оның тиімсіз жақтары да бар. Атап айтқанда, оқытуды дараландыру, әлеуметтік 

байланыстардың  тежелуі,  ойдан  әрекетке  көшу  мәселесі,  ақпаратты  іздеу  мен 

пайдалануда  елеулі  еркіндік,  әлеуметтік  әрекеттестік  пен  қарым-қатынас 

практикасының  жеткілікті  деңгейде  ұйымдастырылмауы,  денсаулыққа  зиянды 

әсері  болып  табылады.  Математика  мен  гуманитарлық  пәндерге  АКТ 

құралдарын  жан-жақты  қолданудың  қажеті  жоқ  екендігін  күнделікті  практика 

дәлелдеп  отыр.  АКТ  құралдарын  аталған  пәндерде  қолдану  оқушылардың 

логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетіне тежеу болатындығы шетелдік 

тәжірибелерден  айқындалды.  Интернет  желісіне  ену  арқылы  оқушылардың 



 

психологиялық  және  физиологиялық  әрекеттеріне  зияндық  келтіретін 

ақпараттық  ағымдардың  бар  екендігі  анықталды.  Сондықтан  Интернет 

желісіндегі ақпараттарды сұрыптап, іріктеу мәселесі туындауда.  

Енді  педагогтың  ақпараттық  құзырлылық  деңгейін  қалыптастыру  мен 

оның  өсу  траекториясының  мүмкіндіктерін  кәсіби  құзырлылық  тұрғысынан 

қарастырайық.  Педагогтың  кәсіби  құзырлылығы  алға  қойылған  міндеттерді 

саналы  түрде  шешуді  және  құзырлылығы  дамыған  педагог  болып 

қалыптасудың  белгілерін  қамтамасыз  ететін  құрал  болып  табылады.  Кәсіби 

құзырлылық 

өзіне 

теориялық, 



әдіснамалық, 

мәдениеттанушылық, 

психологиялық,  педагогикалық,  әдістемелік,  технологиялық  дайындықты 

қамтитын  жалпыланған  өнімді  педагогикалық  іс-әрекетке  бағытталған  жеке 

тұлғалық  білім  болып  табылады.  Құзырлылығы  қалыптасқан  педагогты 

дайындауда  құзырлылықтың  үш  түрін  ерекшелеп  алуға  болады:  базалық, 



арнайы және кәсіби.  

Базалық  құзырлылық  −  бұл  өнімді  іс-әрекет  үшін  кез  келген  маманға 

қажетті әлеуметтік құзырлылық.  



Арнайы құзырлылық – бұл белгілі бір кәсіби сала бойынша қалыптасатын 

құзырлылық.  



Кәсіби  құзырлылық  –  бұл  нақты  мәселені  немесе  кәсіби  міндеттерді 

шешуге  қажетті  нақты  педагогикалық  әрекетті  орындауға  арналған 

құзырлылық.  

Аталған  түрлерге  сәйкес  компоненттерді  педагогтардың  ақпараттық 

құзырлылығын қалыптастыру мен меңгеру деңгейлері ретінде қарастырайық:  

-

 



АКТ-ны  пайдалануға  негізделген  адамның  ақпараттық  іс-әрекетінің 

жалпыланған түрлері;  

-

 

білім беру үдерісінде, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетіне АКТ құралдарын 



пайдалану тәсілдері, ақпараттық іс-әрекеттері;  

-

 



ақпараттық  іс-әрекеттің  барлық  түрлерін,  пәндік  әдістемеде  АКТ 

құралдарын пайдалану бойынша мұғалімнің дайындығын қамтамасыз ету.  

Ақпараттық  құзырлылықтың  барлық  үш  түрін  (негізгі,  базалық,  арнайы) 

бір  мезгілде  меңгеру  үдерісін  ұйымдастыру  өте  күрделі  екендігі  зерттеуші 

ғалымдардың  еңбектерінде  келтірілген.  Бұл  зерттелген  ғылыми  негіздер 

педагогтардың біліктілігін арттыру үдерісінде ерекше мәнге ие.  

Педагогтың  ақпараттық  құзырлылығының  қалыптасу  үдерісін  келесі 

деңгейлер арқылы ерекшелеп алуға болады:  



-

 

қарапайым (ақпараттық сауаттылық);  



-

 

қызметтік (ақпараттық білімділік);  



-

 

жүйелік (ақпараттық қабілеттілік).  

Педагогикалық  ақпараттарды  талдау  және  оны  қорыту  мұғалімдердің 

АКТ-ны  пайдалану  бойынша  ақпараттық  сауаттылығын,  білімділігін  және 

мұғалімнің ақпараттық қабілеттіліктерін жіктеуге мүмкіндік береді.  

Осыған  орай,  біз  педагогтардың  АКТ-ны  пайдалану  қызметінің 



қарапайым-бейімделушілік,  қызметтік-ізденушілік,  жүйелік-шығармашылық 

деңгейлерін  атаймыз.  Әрбір  келесі  деңгей  алдыңғы  деңгейді  қамтиды  және 

сонымен  бірге  қызмет  тәсілі  ретінде  АКТ-ны  пайдалану  дағдылары  мен  оны 



 

қолдану барысының сапалық өзгерістерімен сипатталады.  

Педагогтың  АКТ-ны  пайдалану  қызметіндегі  қарапайым-бейімделушілік 

деңгейі  жас  маманға  тән,  оның  мақсаты  АКТ-ға  қойылатын  талаптарға 

бейімделу,  яғни  пернетақтада,  түрлі  магниттік  тасымалдаушыларда  (CD-ROM 

дискілері  мен  иілгіш  диск,  флеш-карта  және  т.б.)  жеткілікті  дәрежеде  сенімді 

жұмыс  жасау,  компьютерлік  техниканың  мүмкіндіктерін  білу  және  оны 

қолдану арқылы оқыту үдерісін жеделдету, оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқару 

мақсатында қолданбалы программалық құралдарды пайдалана білу. Бұл деңгей 

педагогтардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастырумен сипатталады.  



Функционалдық-ізденушілік  деңгейі  2-санаттағы  мұғалімдер  үшін 

мультимедиялық  электрондық  оқу-әдістемелік  кешендерін  мектеп  пәндерін 

оқытуға  қолдану  және  оны  жасаудың  технологиясын  үйренумен  шектеледі, 

басқаша айтқанда, ақпараттық білімділігін қалыптастырумен өрнектеледі.  



Жүйелік-шығармашылық  деңгей  жоғарғы  санаттағы  мұғалімдер  үшін 

пәндерді  тереңдетіп  оқытуға  негізделген  ақпараттық  материалдарды  және 

Интернет-технологиямен  жұмыс  жасауды  қамтиды.  Бұл  деңгей  ақпараттық 

қабілеттілікті  дамытумен  ерекшеленеді.  Егер  ақпараттық-коммуникациялық 

технологияның  мүмкіндіктерін  меңгеру  бойынша  педагогтардың  ақпараттық 

сауаттылығы,  білімділігі  мен  қабілеттілігі  қалыптасса,  онда  олардың 

ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасады.  

Сонымен,  педагогтардың  АКТ-ны  пайдалану  қызметі  үздіксіз  білім  беру 

аясында шығармашылықпен жұмыс жасау қабілетін дамытуға, жеке тұлғаның 

компьютерлік  сауаттылығы  мен  ақпараттық  мәдениетін  қалыптастыруға 

бағытталған.  

Педагогтардың  АКТ  қызметін  пайдалануы  «ақпараттық  сауаттылық»



«ақпараттық  білімділік»,  «ақпараттық  қабілеттілік»,  «ақпараттық 

құзырлылық»  сияқты  маңызды  санаттардың  бірлігі  мен  сабақтастығына 

байланысты дамитындығы анық.  

Бұдан, АКТ құралдарының динамикалық даму өзгерісіне сәйкес білім беру 

үдерісінде  АКТ-ны  пайдалану  мәселелері  бір  деңгейден  басқа  деңгейге  көшу 

барысында қиындықтар келтіреді деген қорытынды шығады. Ақпараттық және 

коммуникациялық  құзырлылықтардың  АКТ  құралдары  бөліктерімен 

сабақтастығы келесі құзырлылық тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді: 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет