Балалық және жастық шағы
Мартин Лютер 1483 жылдың 10 қазанында
Айслебен қаласында (Орталық Германия),
мыс өңдеу орындарының бірінің иесі Ганс
Лютердің отбасында дүниеге келді. Ол уақытта
бүкіл Батыс Еуропа римдік католиктер шіркеуі-
нің қарамағында болатын. Мектептердің бәрі
қауымдық мектептер болды. Онда сопылар
немесе діни қызметшілер сабақ берді. Кейбір
мектептерде Құдайға құлшылық ету мен
сабақтар бірдей дәрежеде оқытылатын.
Мартин мектепке барғанды жақсы көрді және қауымдық қызметке қуана қатысып
жүрді. неміс тілі ол кезде мүлде оқытылмайтын. Ал математикаға, тарих пен жағырапия-
ға аз көңіл бөлінетін. негізгі пән латын тілі болды. Барлық жерде латынша сөйлейтін,
кітаптар да латын тілінде жазылды. Құдайға құлшылық та латын тілінде өткізілді, Киелі
кітап та латын тілінде жазылған болатын. Латын тілін жақсы білмеу былай жазаланатын:
сабақ аяқталған соң қоңырау соғылады да, сопы-оқытушы қателері ең көп баланы
тақтаға шығарып, басына есектің бетпердесін кигізеді. Бала оны келесі сабаққа дейін
киіп жүреді, ал келесі күні оны сабағы нашар басқа бала киеді. Бірақ бетпердені
уақытынан бұрын басқаға өткізіп берудің де мүмкіндігі бар болатын. Мысалы,
егер ол балалардың бірінің көршісімен неміс тілінде сыбырласып сөйлесіп
отырғанын ести қалса, онда бұл туралы ұстазына айтып бере алатын,
сонда оның бетпердені әлгі балаға өткізіп беруіне болатын. Қателіктер
үшін дүре де соғатын. Мартин бірде өзінің 15 соққы дүре алғанын
өмір бақи есінен шығарған жоқ. Бірақ, соған қарамастан, Мартин
ынтамен оқыды және латын тілін сыныптағылардың бәрінен жақсы білді.
1505 жылы ол Эрфурт университетін аяқтап, өнер магистрі дәреже-
сіне ие болды. Ұлының табыстарына қуанған әкесі мақтанышпен былай
дейтін: «Менің ұлым алысқа барады. Ол Эрфурттегі ең атақты заңгер
болады... Ол бүкіл Германияға әйгілі болады!» Бірақ әкесі де, достары да
Мартиннің Германияны қойып бүкіл әлемге әйгілі болатынын білген жоқ.
Құдайға ұнамды өмір сүру үшін Мартин сопылар орденіне мүшелікке
өтіп, тақуалық өмір сүре бастады. 1507 жылы діни қызметкерлер қата-
рына қабылданып, Құдай Сөзін оқытатын мұғалім болып істеді, ал бір
жылдан кейін Виттенберг университетінде дәріс оқи бастады. 1512
жылы Құдай Сөзін оқытудың докторы деген атақ алды.
Ұлы
реформатор
Эльвира ҚАҺАРМАН
Шар
апа
т 1/2012
26
27
Шар
апа
т 1/2012
Шындықтың ашылуы
Мартинді Киелі кітапты оқытудың профессоры етіп тағайындауы алдымен оның өзі үшін тамаша
нәтижелер әкелді. Біріншіден, Киелі кітап оның ойлағанынан әлдеқайда қызықты болып шықты (ол
уақытта Киелі кітапты оқуға тек діни қызметкерлердің ғана құқы болатын). Екіншіден, Киелі кітапты
көбірек оқыған сайын, ол Құдайдың қаһарының соншалықты қорқынышты емес екенін, жағдайды
өзгертуге болатынын көбірек түсіне бастады. Киелі кітап кім Құдайды сүйіп, Оған сенім артса,
онда оның ештеңеден қорықпауына болатынын айтады. Мартин Лютер Киелі кітаптан көп сағатқа
созылатын үзіліссіз мінажаттар, әулиелерге табыну, өз күнәларын діни қызметкердің алдында
мойындау мен сол діни қызметкердің күнәдан арылуды сыйлау құқы туралы ештеңе таба алмады.
Киелі орындарға бару мен киелі заттарды көру үшін ақша төлеу жайлы да ештеңе оқи алған жоқ.
Онда тек Құдайдың бүкіл әлемді сүйетіні, Исаның соны іспен дәлелдеу үшін өлгені және бізден
тек соған сенім арту ғана талап етілетіні жайлы жазылыпты. Арада көп өтпей Мартин Лютер өзінің
бойындағы күмәндарының сейілгенін байқады. Ол Құдайдың өзін кешіргеніне нық сенімді болды.
Бұл туралы оның өзгелерге және бірінші кезекте өзінің оқушыларына әңгімелеп бергісі келді.
Көтеріліске шыққан сопы
Көп мінажат етуден кейін Мартин Лютер Виттенбургтегі
қауымның есігіне 95 тезистен тұратын қағазды бекітіп
қойды. Онда индульгенциялардың (күнәнің кешірілгендігі
туралы беретін рим папасының айрықша куәлік
қағазы) алдау екендігі жайлы айтылған болатын. Егер
де олар Құдайдың уақытша жазасынан азат ету үшін
қабылданатын «игі істер» есебіндегі құн болса, онда бұл
Киелі кітаптың ұстанымдарына қайшы келеді. рим папасы
мен шіркеудің істеп жатқандарының көпшілігі дұрыс емес.
Адамның жанын құтқарудың жалғыз жолы
– сенім.
рим Мартин Лютерді дін бұзушы деп айыптады.
Өзін қорғап сөйлегеннен кейін ол католик шіркеуінен
аласталды. Ол достары өзін Вартбург қамалына жасырып
қойғандықтан ғана өлім жазасынан аман қалды.
Осылайша Мартин Лютер реформация қозғалысына
алғаш жол салды. Ол 1546 жылы қайтыс болды.
Неміс тіліндегі Киелі кітап
Мартиннің Інжілді түсінуі мен сенімінің негізгі
ұстанымдары ол 1529 жылы құрастырған «Үлкен
катехизис» және «Кіші катехизис» еңбектерінде
көрсетілген. Бірақ та оның ең басты еңбегі Киелі
кітапты неміс тіліне аударуы болды. Мұнымен ол 20
жыл бойы айналысты. Мартин өзінің халқының
– әр
қала мен ауылдардағы сопылар мен етікшілердің,
ханымдар мен шаруа әйелдерінің және балалар-
дың бәрінің Киелі кітапты өз ана тілдерінде оқуға
мүмкіндік алғандарын қалады. Киелі кітаптың
бұл аудармасы Германияда қазір де ең
кеңінен таралғандардың бірі болып табылады.
Өзімді таныстыруға рұқсат етіңдер! Мен
–
кептермін.
Иә, иә, сендердің саябақтарыңда топ-тобымен
жүретін және ұясын үйлердің шатырына салатын
кәдімгі көк кептер. Аздап көңілдерің толмай қалды
ма? Әңгіме өздерің күнде көріп жүрген қанатты
көршілерің туралы болады деп ойлап тұрсыңдар
ғой? Онда қателесесіңдер. Десе де, сендердің
біздер
–
көк кептерлер туралы бәрін білетіндеріңе
сенімді емеспін. Бірақ бұл туралы басқа бір жолы
әңгімелесетін боламыз.
Мен сендерге өздері туралы енді ешқашан айта
алмайтын құстар туралы айтпақпын. Ешқашан! Олар
біздің туыстарымыз, жабайы кептерлер болатын.
Бірақ ХХ ғасырдың басында олар жойылып кетті.
Түгелдей. Ал бұған сендер, адамдар, кінәлісіңдер.
Біздің
жойылып
кеткен
туысымыз
орман
көгершініндеріне ұқсас болатын. Оның жүндері
жылтыр, денесінің ұзындығы 42 сантиметір төңірегін-
де болды, ал құйрығының ұшы сүйір болатын.
Арқасы сұрғылт, басы көгілдір, мойны қаракүлгін,
ал бауыры әппақ болып келетін. Қанаттарының
жиектері ақ түстермен көмкерілген. Оның Құдай
жаратылыстарының ішіндегі әдемісі болғанымен
келісесіңдер ғой!
Мұндай кептер Солтүстік Америкада, Гудзон шы-
ғанағынан Мексика шығанағына дейінгі Жартасты
таулардан Атлант мұхитына дейінгі аралықты мекен
етті. Үндістер оны «мускован» деп атады. Олардың
тілінде бұл кезбе дегенді білдіреді. Бұл атау оның
өмір салтына, оның бір жерден екінші жерге көшіп
қона
бергенді
ұнатататындығына
байланысты
қойылған. Ол кезіп жүре бергенді ұнатқан. Жалғыз не
жұптасып емес, үлкен, дәлірек айтқанда, өте үлкен
топ болып жүрген. Кейбір топтарының саны ондаған,
тіпті жүздеген миллионға дейін жеткен! Кейбір
ғалымдардың пікірі бойынша, бұл кептер Құрама
Штаттардағы барлық қанаттылардың 25-40 пайызын
құраған.
Американдық
алғашқы
құстарды
зерттеуші
ғалымдардың бірі Александр Уилсон 1810 жылы
төбесінен төрт сағат бойына ұшып өткен кептерлер
тобын бақылайды. Ол топтың ұзындығы шамамен
380 шақырымға созылған. Уилсон онда қанша
құстың барлығын шамамен есептеп, нәтижесінде
адам сенбес орасан зор санды шығарған
–
2 230
272 000 кептер!
Басқа бір американдық құстарды зерттеуші
ғалым Джон Одюбон өз еңбегінде 1813 жылдың
күзіндегі құстардың көшуін былай суреттейді:
«Түс ауған мезгіл еді, аспан кептерлерге толып,
күн тұтылғандай жер беті күңгірт тартты. Олар-
дың саңғырығы қар сияқты жауды».
Осыншама көп құстың көзін құрту мүмкін емес
қой дейтін боларсыңдар? Мен сендерге жауап
берейін. Мүмкін. Және аз-ақ уақыттың ішінде. Бар
жоғы бірнеше онжылдықта.
Адамдар оларды аулауға топ-тобымен, бүкіл
қала болып шықты. Қорғаушы, әкімдік қызметкерлері,
кәсіпкерлер, тіпті қала полициясының бастығы
секілді құрметті адамдардың өзі «кептер аулау»
секілді қызықтан бас тарта алмады. Құстарға тор
құрды, таспен атқылады, тапаншалармен, неше
түрлі мылтықтармен атты. Балықшылар ескекпен, ал
малшылар қой қырқатын қайшымен қаруланды...
1860-1870
жылдар
аралығында
миллиондаған
кептерлердің көзі жойылды, ал 1890 жылға таяу
–
барлық ірі топтары құрып бітті. Ең соңғы кептерді 1899
жылы өлтірді. Цинцинаттидегі хайуанаттар паркінде
торда ұсталған Марта есімді кептер 1914 жылдың
қыркүйегінде өлді.
Висконсин штатындағы мемориалдық тақтадан
мынандай жазуды оқуға болады: «1899 жылдың
қыркүйек айында өлтірілген вискондық соңғы кезбе
кептердің құрметіне қойылды. Кептердің бұл түрі
адамдардың ашкөздігі мен жеңілтектігінің кесірінен
жойылып кетті». Адамдар жойылып кеткен кезбе
кептерлерден осылай кешірім сұрады.
Бізді кешірші,
мускован!
Бізді кешірші,
мускован!
Ұлтуар МАРАТОВА
Шар
апа
т 1/2012
28
29
Шар
апа
т 1/2012
1.
Тікенді бұта жанып тұр,
Бірақ өртеніп кетпеді.
Сол жерде оған Құдай Ие,
Исраилдіктерді құлдықтан,
Мысырдан алып кет деді.
Тапшы осы қай пайғамбар
Уәделі жерге жетпеді?
Киелі кітаптан сұрақтар
3.
Иса оған қабірден шық деді,
Кебінмен қабірден шыға келді.
4.
Иса баласын тірілтіп берді,
Ол қай жесір әйел еді?
5.
Көрінбей елге тасаланды,
Күн ысығанда құдыққа барды.
Мәсіхті танып, шақырды елді.
Сол әйел қайсы жақтан келді?
6.
Мойынсұнғыш, ұнамды,
Сенімде нық, шыдамды.
Жас жетекшісі қауымның,
Шәкірті болды Пауылдың.
2.
ғибадатханада кездестірді,
Құтқарушыны сәби шақта.
Исаны көрмей өлмейсің деп,
Жаратушы айтты қайсы қартқа?
Шар
апа
т 1/2012
28
29
Шар
апа
т 1/2012
Суретін салған Инна КОЗИНА
1. Жазғы демалыс
Жазғы демалыста мен
«Сен XXI ғасырдасың»
атты демалыс орнына
бардым. Бұл дема-
лысты
өте
қызықты
өткіздім. Бұл жерде жақ-
сы адамдармен таныс-
тым. Құдайдың бар екені-
не сендім. Жүрегімде бір
жылылық пайда болды. Біздің жетекшіміз
Шұғыла апай. Ол кісі мейірімді болуды
түсінікті етіп жеткізетін. Әлия, Зарина,
назерке деген апайлар, Данияр, Сәбит,
Дәуіт деген ағайлар болды. Ол кісілер бізді
ойнатып күлдіртетін. Кеше тауға бардық,
шаршап қалдық. Алайда біз оған мойымай,
аяғына дейін күрестік. Жолда «Ақшақұмар»,
Жалқау», «Білімпаз», «Бақытсыз», «Ашқарақ»
деген станциялар болды. Аяғына дейін
жеттік, жұмаққа бардық, шөлімізді қандыр-
дық. Біз жеңдік. Құдайға рахмет, менің осы
демалыс орнына келгеніме.
Омархан Жадыра, Ақтас ауылы
2. Қызықты демалыс
Маған демалыс өте қатты
ұнады. Себебі көптеген қы-
зықты ойындар ойнадық,
әндер айттық. Әндердің
ішінде ең қатты ұнағаны
«нұрсың Сен». Содан кейін
тауға шыққанда өте қызықты
болды. Біз қатты шаршасақ
та жұмақ төріне жетуге, көптеген қиындық-
тардан өтуге тырыстық. Бізге көмектескен,
бірге болған барлық апайларға рахмет ай-
тамын. Мен қасыма өзімнің құрбымды да
алып келдім. Оған да бұл жердегі демалыс
қатты ұнады. Келесі жылы да осы жерде
қуанышпен кездесейік.
Арай Қасымжан, Алматы қаласы,
Шаңырақ ықшам ауданы.
3. Демалыста
Менің атым Торғын. Жасым
13 те. Бұл «Сен XXI ғасыр-
дасың» демалыс орнына
тамыздың 20-сында келдім.
Жол өте ұзақ болғанымен,
жеткенде өте қызықты болды
Біз тауға шықтық, бірақ тауға
шығу өте қиын болды. Әбден
шаршадық, бірақ көңіл күйі-
міз көтеріңкі болды. Күн сайын кешке лоте-
рея ойнатты, түрлі-түрлі сыйлықтар алдық.
Тағы да бұл жақта жемістер көп екен. Тәтті
алмұрт, алманы тойғанша жедік. Әндер
айттық, спорт ойындарын ойнадық. Шарша-
ғанда да бассейнге немесе душқа түсіп
демалдық. Баржоғы төрт күннің ішінде талай
қызық болды.
Болат Торғын, Бақбақты ауылы.
4. Қызықты демалыс
кезінде
«Сен XXI ғасырдасың» де-
малыс орны қатты ұнады
Ұнаған себебі неше түрлі
қызықты ойындар ойнадық,
тауға
шықтық.
Өте-өте
қызық болды. Өзіме көп
достар таптым.
С о л ж е р д е г і
әр күнім қызықты-
өтті.
Абдурахимова
Дамира,
Алматы қаласы
Шар
апа
т 1/2012
30
31
Шар
апа
т 1/2012
Жауаптар
Шарапат 1 /2012
Балаларға арналған
рухани-таныМдық журнал
Журнал 2005 жылдың
шілде айынан бастап шығады
Ақпан 1 (36) 2012
Меншік иесі
«
Литера-М
»
.
Бас редакторы Қызылбөрікова А.
Журнал Қазақстан
Республикасының Мәдениет,
ақпарат және келісім министрлігінде
10. 10. 2009 жылы тіркелген
№10445-ж куәлігі берілген.
Таралымы
–
5 000 дана
Жылына 6 рет шығады
Журнал материалдарын көшіріп басу үшін
міндетті түрде редакцияның рұқсаты керек.
МеКен-жаЙыМыз:
050031 Алматы қаласы
п/ж 68
«
Шығыс сәуЛесі
»
Ақсай 1, 1 үй, 40 пәтер
e-mail: Liokaz@capost.org
Тел.: +7 (727) 223 87 61 www.tabisu.kz
есеп шот нөмірі:
РНН 600200020998
ИИК KZ2560101310000118515
МФО 190551601
АОФ Нарбанка № 139900
БИК HSBKKZKX
Бин 920240001521
Қазақстан ГАЖ
Орталығы АҚ баспаханасында
басылады. Жароков көшесі, 210 а
Жауаптар
Күнәларымызды
кешіре гөр
Арна БАСЕнОВА
Ерік солқылдай жылап отыр. Жанына келген
анасы одан: «не болды?»
–
деп сұрады. Сәл
сабасына түсіп, өз-өзіне келген Ерік: «Қайрат
үнемі үздік оқитын. Ал бұл тоқсанды мен де
үздік бітіргендіктен, ол маған қатты ашуланды.
Мектептен қайтып келе жатқанда қолымнан
күнделігімді жұлып алып, ағаштың басына
лақтырып жіберді. Содан соң мазақтай күліп,
жүгіріп кетіп қалды. Бірақ мен одан кегімді
аламын!»
–
деді. Сонда анасы оған былай
деді: «Ұлым! Мәсіхтің не дегенін тыңдашы:
«Жауларыңды жақсы көріңдер! Өздеріңді
қудалағандар үшін Тәңір Иеге сиынып мінажат
етіңдер!»
–
«Мен де солай етуге тырысып
көремін»,
–
деді Ерік ақырын үнмен.
Арада
бірнеше
күн
өткенде
Ерік
балалармен доп ойнап жүрді. Қайрат та келген
еді, бірақ ол кешігіп келгендіктен ойынға қатыса
алмай, сырттан қарап тұрды. Сірә, бұл оны
қатты қынжылтса керек. «Қайрат!
–
деді Ерік
сүйіспеншілікпен,
–
менің добымды алып ойна».
Оған таңдана қараған Қайрат ұялғанынан
қызарып кетті. Ұзақ уақыт не айтарын білмей
тұрған ол ақыры төмен қарап: «Ерік, мені
кешірші!»
–
деді. Содан кейін олар бірге ойнап
кетті. Кешкісін ұйықтар алдында Ерік тізесін бү-
гіп: «Бізге күнә жасағандарды кешіргеніміздей,
Сен де күнәларымызды кешіре гөр...»
–
деп
мінажат етті.
30-бет:
2-бет: «Менің шәкірттерім екендіктеріңді елдің бәрі өзара
сүйіспеншіліктеріңнен білетін болады» (Жохан 13:25).
13-бет: 1. Манаса. 2. Мариам. 3. Мағдалалық Мәриям.
4. Марқа.
16-бет: 1. Ур. 2. ыбырам, Сарай және Лут. 3. Харан.
4. Қанахан. 5. ыбырайым
«Кешіріңдер сонда сендер де кешірілесіңдер»
(Лұқа 6:37б).
32-бет: Әкесі кездесуге қуанды және ұлын кешірді.
Шар
апа
т 1/2012
30
31
Шар
апа
т 1/2012
Шар
апа
т 1/2012
32
PB
Шар
апа
т 1/2012
Адасқан ұл өз байлығын басқа нәрсеге
пайдаланып тауысқаннан кейін үйге оралып, әкесінің
алдында өз күнәсін мойындағысы келді. Адасқан
ұлдың ізімен жүр, сонда сен әкесі оны қалай қарсы
алғанын білесің: ұрысты ма, одан бас тартты ма
немесе ұлымен кездескеніне қуанып, оны кешірді ме?
Достарыңызбен бөлісу: |