Марат ӘБДІХАЛЫҚ
АМЕРИКАДА АЛДА КЕЛГЕН АЛМАТЫЛЫЌ ƏЙЕЛ
немесе
спортшылар отбасы
Спорт – жан сергітеді
Спорт – жан сергітеді
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте бай.
Алайда бүгінгі жұртшылық соның бәрін біле бермей-
ді. Қазақ Ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясы
ұсынған ұлттық құндылықтарымыздың кейбір тұстарын
төменде оқырман назарына ұсынып отыр.
Айдар қою. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ ара-
ластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл-
көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі
Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі.
Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанда “Аллаһ
Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!” деп
құдайды айтатын болған. Мұндай жағдайда “Ақсарбас!” деп
үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында
әлгі адам аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа ша-
лынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-
қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны
құдайыға союға тиіс.
Ақ құйып шығару. Халқымызда: “Үйге кірген жыланға да
ақ құйып шығарады” деген мәтел бар. Қазақтың ақ деп айтаты-
ны: сүт, қымыз, шұбат, айран. Қалың өрт келіп қалғанында ал-
дынан ақ шашады, үйге жылан кіріп кеткенінде басына сүт не-
месе айран құйып үйден шығарады. Бұл қазақтың үйіне келген
жауына да жамандық жасамайтын ұлттық мінезінен шыққан
әдет.
Аттергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік
әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына,
қайнағасына, қайнысына, қайын-сіңілісіне атын атамау үшін
қосымша ат қояды. Мұны аттергеу деп атайды. Мұндайда
қойылатын аттардың кейбірі мынандай: “Мырза қайнаға”,
“бай атам”, “би аға”, “тентегім”, “еркежан”, “шебер шешей”,
“ақ әже”, “сырғалым”, “шашбаулым”. Жеңгелері қайныларына
әзілдеп, бойлары тапал болса “сұңғақтым”, жайбасар болса
“жүйрігім” деп те ат қояды. Ер адамдар да өзінен үлкендерді
Мәке, Сәке деп құрметтейді.
Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне де-
ген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау
үшін ант айтатын салт-дәтүр бар. Халық антын бұзған адамды
“Ант атқан” деп жек көріп, “Уа, айтылған ант, серттескен уәде,
алысқан қол қайда?” – деп, кінәласады.
Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу
айтып, ажырату, сабасына түсіру – араша түсу деп аталады.
Бұрындары мұндай жанжалда ауылдың, елдің абыройлы аза-
маты “Араша!” Араша! деп айқайлап, от шыққалы тұрған
ортаға барып, ағайынға араша түскен.
Арыздасу. Бұл фәнидегі (өмірдегі) тататын дәм-тұзы тау-
сылып, өмірден өтіп бара жатқан ғаріп отбасымен, туған-ту-
ыстарымен, көрші-көлем, дос-жарандарымен соңғы рет тіл-
десіп, бақұлдасады. Мұны арыздасу деп атайды. Арыздасуда
бақилық болғалы жатқан пенде біліп-білмей жасаған қателік,
күнә, кінәлары үшін жиналғандардан, олар ажал төсегінде
жатқаннан кешірім сұрайды.
Асар. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору,
шөп шабу тәрізді қаурыт жұмыстарды көптің күш-қайратымен,
көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдаста-
рын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар деп
атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге
келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға
келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.
Асату. Оны С.Мұқанов өзінің “Халық мұрасы” деген кі-
табында кең насихаттап жазған. Дастархан басында ет жеп
отырғандар тоғая бастағанында, төрде отырған ақсақал қалған
етті қолымен қонақтарға, жас балаларға асатқан.
Ат тұлдау. Қайтыс болған ер адамның мініп жүрген атының
жал-құйрығын күзеп, оны бос жібереді де, оның жылында сол
атты сояды. Бұл дәстүрлі ат тұлдау деп атайды.
Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен
құрметті адамдардың отырған, жатқан жеріне “баламыз осы
атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын”
деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сый-
лы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық,
туған-туыстары, дос-жарандары оны сол жердің топырағына
аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхтар Әуезов келге-
нінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Ауыз тию. Алыс сапарға аттанарда сол адам ауылындағы
немесе әулетіндегі үлкен үйге кіріп дәм татып, жолға шыққан.
Сонда ол “Осы қара шаңырақтың киесі қолдайды” деп сенген.
Отбасы тамақтанып отырғанда дастарқан үстіне келген адам
ондағы дәмнен ауыз тиюге тиіс. Әсіресе, таңғы астан ауыз
тимеуге болмайды. Астан ауыз тию – үй иелерінің қонаққа,
қонақтың дастарқандағы асқа деген ықыласының бір белгісі
болып саналады.
Аузына түкіру. Бұл – қазақтардың ертеден келе жатқан
ырымы. Олар батырлар мен билерге, ақындарға, тағы да басқа
атақты адамдарға баласының аузына түкіртіп алатын болған.
Түкіргенде оның ырымы ғана жасалады. Бұл ырым баламыз
сондай адамға ұқсап, өнегелі болсын дегеннен туған.
Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің
ең ауыр түрі – осы ғұрып. Оны орындағанда айыпты адам жа-
нына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тиісті адамның
үйіне рұқсат сұрап кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен бол-
са, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны
құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. “Аяғына
жығылу” – әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.
Таным
ЎЛТТЫЌ ЌЎНДЫЛЫЌТАР
Мобильные телефо-
ны звезд российского
шоу-бизнеса, таких как Валерия, Иван
Ургант, Наташа Королева, Аркадий
Укупник, Филипп Киркоров, Гарик
Мартиросян, Михаил Галустян, под-
верглись атаке хакеров.
Злоумышленники взломали но-
мера звезд и от их имени отправляли
коллегам оскорбительные сообщения.
“Негодяи вскрыли телефоны многих
публичных
людей.
Присылают от их
имени оскорбительные SMS друг
другу. Занимаемся выяснением об-
стоятельств. Коллеги, отзовитесь!
Кто еще получил шантажирующие
SMS? Несколько имен нам уже из-
вестно”, – написала певица Валерия
в своем микроблоге.
По материалам СМИ
ТЕЛЕФОНЫ ВЗЛОМАЛИ
9
Алпысыншы жылдары студент болған ағаларымыз
бен апаларымыздың өнерге құштар болғанын Шәмші
әндерін сүйіп, Әуезовтің лекциясынан қалмай, театр
мен концерт репертуарларын түгел білгенін үлгі ре-
тінде түсінеміз. Сол кісілердің жалғасындай біздер
де, 70-80 жылғы студенттер өнерге құштар болдық.
Соның дәлелі ретінде студент кездегі күнделігімнің бе-
тінен үзінділер ұсынғым келді.
Бәлкім, кітап оқымайтын, театрға бармайтын,
кино көрмейтін, тілін құрметтемейтін, халқының салт-
дәстүр, бай мәдени мұрасынан мақұрұм компьютер-
бас жастарға нарық заманы билеген уақытта барлық
мәселе ақшаға тірелмейтінін түсінуге жәрдемдесер де-
ген ойдамын.
Мылтықбай ЕРІМБЕТОВ,
Жазушылар одағының мүшесі.
РЕДАКЦИЯДАН:
Мылтықбай Ерімбетов – танымал ақын. Бір-
неше жыр кітаптарының авторы. Оның “Сту-
дент күнделігіндегі” аты аталған кейіпкерлері,
курстастарының көбісі бүгіндері есімі елге жақсы та-
нымал қаламгер, жазушы, ақын, журналист. Өкінішке
орай кейбірі өмірден озып та кетті.
Мылтықбай Ерімбетовтың КазГУ-дің журнали-
стика факультетіне оқуға түскен алғашқы күннен
бастап студенттік өмірден жазған күнделіктері
қызықты оқылады. Оқиға желісі алға жетелеп отыра-
ды. “Күнделікке” қарап сол кездегі студенттік өмірді
бастан кешкен, бүгінде арада қырық жыл өткен соң
өздері де ата-әже боп отырған қаламгер әріптестерім-
нің ой-тұжырымдары мен пәлсәфалық пайымдарына
қарап бүгінгі жастарға қарағанда болашағына деген
ерекше ынта-ұмтылысын, ерте есейген ерекшелікте-
рін де аңғару қиын емес. Газетіміздің бүгінгі санынан
бастап “Студент күнделігінен” үзіндіні үзбей беріп
отырмақпыз.
Марат ӘБДІХАЛЫҚ
ӘДЕБИ КЕШ
31 қазан, 1973 жыл, сәрсенбі.
Бүгінгі күн жап-жақсы, көңілді өтті. Көңілді болған
қандай жақсы. КазГУ-дің Мұхтар Әуезов атындағы әдеби
бірлестігі ұйымдастырған әдеби кеш – ақындармен кезде-
суге бардық. Кездесудің мақсаты жас ақындардың бүгінгі
аяқ алысы жайлы әңгіме – кеңес қозғау болды. Кездесуді
бірлестіктің басшысы, филология ғылымдарының канди-
даты, доцент Сұлтанғали Садырбаев ашты.
– Егер айдында жалғыз аққу жүзсе онда жарасымсыз
болар еді. Ал енді сол аққудың артынан тізіліп балапан-
дары еріп жүрсе онда мүлдем басқаша, яғни, көл беті
көріктеніп кетер еді. Сол сияқты Қадыр Мырзалиев сын-
ды ақын ағаларыңның соңынан ерген жас қанат ақындар
бар екен. Бүгінгі мақсатымыз да солар жайлы әңгімелеу,
өлеңдер оқып, бүгінгі жастар поэзиясы жайлы пікірлесу,
- деп құрметті қонақтарымызбен таныстырды.
– Қадыр Мырзалиев, Базарбай Исаев, Жарасқан
Әбдірашев, Рафаэль Ниязбеков, Дәуітәлі Стамбеков,
Сағат Әшімбаев, Абдул-Хамид Мархабаев, Бақыткерей
Ысқақов, КазПИ-дің оқытушысы, ғылым кандидаты Сей-
фолла Қоспанов, Шөмішбай Сариев. Сөз ақын Қ. Мырза-
лиевте:
– Мен осы жерге, президиумға шығып отыруымның
өзін үлкен қуаныш, маған деген сіздердің құрметтеріңіз
деп білемін. Осы университетте оқып жүргенде бізден
екі курс жоғары оқитын Еркеш Ибраһимді көру үшін ал-
дына басқа көшемен озып барып, кездесер жақтан келіп,
жүзін көруші едік... Кеше өздеріміз отырған, өздеріміз
өзгеге қол соққан орындардан бүгін бізге қол соқса бұл
біз үшін үлкен мәртебе, шексіз бақыт. Поэзия жүгі – ауыр
жүк. Поэзия жолы қиындығы мол, шырғалаңды жол.
Жолдың қиыншылығы жайлы айтсақ енді-енді қадам
басқан жастарды шошытып алуымыз мүмкін. Бүгінгі
таңда біз арқалаған ауыр жүкті арқаласып, өлеңнің суығы
мен ыстығына шыдап, ізімізді басып келе жатқан жастар
көп. Баршылық. Оларды көріп қуанасың. Поэзия – жастар
тақырыбы. Ойлап қарасаң, Гомерден бастап поэзия әлі
сол поэзия күйінде келеді, солай бола бермек. Аз ғұмыр
ішінде артында адал еңбек қалдыратын ақындар бар. Жа-
стардікі деуіміз де осыдан. 25-27 жасында өмірден кетіп,
өз елінің, туған әдебиетінің классигі, негізін қалаушы бо-
лып жүргендер аз емес.
Лермонтов жасына жақындап қалғандар да, асып кет-
кендер де бар. Одан жасына қарай тындырып тастасын
деген сөз шықпайды. Әдебиетке араласар екенсің, тек елің
үшін адал қызмет ет! Қағидаң осы болсын! (Қадырдың
қадыры асып, қол шапалақтанды). А. Мархабаев сөз
алып:
– Күніне бір ғана лекция болып, оны жақсы жатақханада
төсекте жатып, телевизордан көріп, көргің келмесе өшіріп
тастайтын, стипендиясы «повышенный» әлем болмасын,
поэзиясыз бұл өмір нәрсіз, әрсіз болар еді. Мен ол – по-
эзиясыз болса, жатақханадан бөлме алмаған болар едім,
- деп күлкілі ой айтып, мәселеге фантастика жағынан кел-
ді. Басқа да қызық пікірлер айтты. Ақын Ж. Әбдірашев
сөз алды:
– Қадыр аға жас жайлы көп айтты. Мына жасында бі-
реу мынанша тындырыпты, біз ол жастан өттік дегендей...
Дегенмен, біз өзімізді Абайымыз қырық жасында өлеңді
бастаған деп жұбатар едік. Бізде де Лермонтов жасында
өлмес мұра қалдырған Сұлтанмахмұт Торайғыров бар.
Қадыр аға тағы айтты: біздің кезімізде ақын жастар аз
еді, оларды, Е. Ибраһимді алдынан жүгіріп барып көруші
едік деп. Ал қазір жас ақындар қатары өсіп келеді. Бұл
– жақсылық нышаны.
(Әбдірашев жаңадан баспаға дайындап жүрген «Ма-
хаббат математикасы» деген кітабының «Менің ариф-
метикам» бөлімінен өлеңдер оқыды. Өлеңдері уыз
балқаймақтай. Махаббат жайлы, туған жер жайлы т. б.
басқалары ұнады.
– Жас сыншылар жайлы не айтасыз? – Ж. Әбдірашевқа
түскен сұрақ осы болды.
– Жас сыншылар, жақсы сыншылар қатары көбейіп
келеді. Мерзімді баспасөзде де оқып, көріп жүрсіздер.
Мен оларға – Қадыр ағаларың айтпақшы – «Маркс пен
Энгельстің сақалындай сақалды» сыйлаңдар, басқа
сақалдыны сыйламаңдар дер едім.... (Ду күлкі, ұзаққа
созылған шапалақтар әрине, көбі өлеңі үшін).
Сағат Әшімбаев:
– Ақындардың көбі КазГУ-ден шығады. Шығып қана
емес, бүгінгі туған әдебиетімізді ұстап отырғандар, ұстап
отыратындар КазГУ-дің түлектері. Мен бір кезде өзім
оқыған осы шаңыраққа үлкен бір мақтанышпен қараймын.
Университеттің әдебиет үйірмесі - үлкен әдеби орта, ол
барлық әдеби орталардың ішінде жап-жақсы, қомақты
орын алып отырғанын атап айту керек. Мен мұнда баянда-
ма жасайын деп емес, тыңдайын, көрейін, танысайын деп
келдім. Жастардың беталысын, тынысын, артықшылық,
кемшілігін аңғарайын деп келдім.
Бүгінгі жастарымыз жазған өлеңдерге қойылар талап,
20-шы, 40-шы, 50-ші жылдардағы өлеңдерге қойылар та-
лаптардан әлдеқайда биік жатыр. Ал енді Қадыр айтып
өтті, бастау – бәрінің қолынан келеді, ал аяқтау, аяғына
жету әркімнің қолынан келе бермейді. Ақын болар аза-
мат қиындықтан аттап өтеді. Кімнің қанша жерге барарын
уақыт, мезгіл көрсетеді, мойындатады, - деді белгілі сын-
шы.
Президиумда отырғаны бар, студенттерден бар, бі-
раз адам өлең оқыды. Қ. Мырзалиев өзіне қойылған
сұрақтарға жауап берді.
1. Қандай ақынды сүйіп оқисыз? Үлгі аласыз? Пір
тұтарыңыз кім?
- Мен «Жұлдыз» журналында «Сыйлайтыным көп,
сыйынатын жазушым жоқ» деп, шалдардан таяқ жеп қала
жаздағам. Сүйіп оқитындарым көп, бір елдің поэзиясының
алтын діңгегіне айналып отырған Пушкин, Лермонтов,
Петефиді, өз замандастарымнан Евтушенконы сүйіп
оқимын. Ақынның арда емер нәрсесі, азығы – бұл ауыз
әдебиеті. Мен ауыз әдебиетін жасымнан жаттап өстім.
Мақтымқұлын жасымда, университет қабырғасында
жүргенде қызығып оқыдым. Ауыз әдебиетінен үлгі ала-
мын.
2. Жастардан үміт күтетіндеріңіз?
- Маңғыстауда жұмысшы болып істейтін, өмірде
қиыншылықты көп көрген, ақын болар адамға қиындық
көп кездеседі деседі ғой, Темірхан Медетбековтің
өлеңдерін жақсы көріп оқығанмын. Сонсоң Әбдірашев,
Ниязбеков, Есдәулетовтерден үміттенем.
3. - Өлең оқысаңыз.
- Қазақ «дастарханнан үлкен жоқ» деп отыра кете-
ді ғой. Халықтан үлкен жоқ. Өзі оқығысы кеп отырған
адамға «өлең оқы» десеңдер, мен – дайын. «Домбырадан»,
«Көштен» өлеңдер оқыды. (Ду-ду – ұзақ қол соғу).
...Кеш бітті.... Автограф жаздырар кітабым болмады.
ҰЛЫҚБЕКПЕН ӨТКЕН БІР САҒАТ
20 қараша, 1973 жыл
...Кешке қарай араб тілді оқып, бөлмемде отырғанмын.
Сағат он екіден асып кеткен. Әлден уақытта Ұлықбек кел-
ді. Жанат та, Болат та, Қуаныш та ұйықтап жатыр. Кеште-
тіп келген Ұлықбекке:
– Жай ма? – дедім мен.
– Жай. Бір оқитын кітабың бар ма?
– Поэзия ма?
– Иә. Поэмасы болса.
– Қазір, - деп, мен кітаптарымды ақтарып жатырмын.
– Есенинді берейін бе?
– Керегі жоқ.
– Сырбайдың 3-томы.
– Әкелші!
Жұмекеннің «Мен туған күні» т. б. кітаптарды столға
қойдым.
– Михаил Светловтың өлеңдерін оқисың ба?
– Аударманы оқығым келмейді. – Ол кітаптарды қарап
оқып отыр.
– Шай ішерміз, Ұлаш, қара нан мен қант бар ғой.
– Ішсек ішейік, - Мен шай қойдым.
– Сырбайдың өлеңдері жақсы ма?
– Жақсы. Әсіресе, соғыстан кейін соғыс жайлы
жазғандары күшті.
– Үшінші курстың бір баласы Сырбай жайлы «Елу-
де болса да жас жігіттің өлеңі сияқты өлең жазады» деп
еді...
– Шынында да солай. Жастардан үйренеді. – Шайды
жасап, үстелге нан, қант қойдым.
Шай ішіп отырмыз.
– Қызық... Мынаны тыңда! – деп Ұлықбек Сырбайдың
бір өлеңін оқыды. - Әй, таппайтыны жоқ-ай! – Аздап
үнсіздіктен кейін мен:
– Өз өлеңіңді оқышы? - дедім.
– Онша есімде жоқ. Қазір серпіле алмай жүрмін.
– Әлгі бір «Батысқа жаным, қызықпа» деген өлеңің
бар еді ғой.
Ол махаббат жайлы, өзі жайлы өлеңдер оқыды. Тілі
де сондай әдемі, айтары мол, ойы да жақсы. Аз сөзге көп
мағына сыйғызуға құлшыныс бар. Ұнады маған.
– Есениннің сыршылдығы бар сияқты, - дедім мен,
Ұлықбек күлді.
Сонсоң:
– Есенині құрсын! – деп жымиып қойды.
– Енді мен өлең оқиын, - деп дәптерімді алып, бірнеше
өлең оқыдым.
– «Сағыныш» жайлы өлеңіңді «Жалынға» Жарасқанға
апарып көрші. Жап-жақсы екен. Сенде біраз серпіліс бар
екен. Былтырғыға қарағанда өзгеріс бар.
– Қайдам, өлеңдерімді оқып көріп, түк жоқ сияқты
болған соң, жүре беремін, - деп күлдім мен.
– Тілің бар екен. Соны дамыту керек. «Сағыныш»
сияқты өлеңдер жаз. «Тіл – 99 пайыз, ой – 1 пайыз» дейді
ғой.
– Кімнің тілі жақсы, ақындардан? Несіпбектікі қалай?
– Несіпбектікі 100 пайыз тіл болып кетті, ойға орын
қалмаған, - деп Ұлықбек тағы жымиды.
– «Несіпбек ақын болмайды, әкім болады» деген кім
еді?
– Кеңшілік қой! – Ұлықбек екеуміз біраз күлдік.
– Аудандық газеттегі «Қыз күлкісі» деген өлең-
очеркіңді қашан жазып едің? – Кітапханадан оқыдым.
– Кетерде жазып бергемін.
– Қазір жазып жүрсің бе? Поэма жазамын деп едің
ғой.
– Қазір ештеңе жазбай жүрмін. Аудандық газетке ке-
терде бір поэма бергенмін. Соған шықса, сонсоң, түзеймін
ғой деймін.
– Аты не еді, оқиғалы ма?
– «Замана перзенті» деген поэма, лирикалық поэма,
«Жалынға» шыққан соң, поэмамен бір-ақ шығу керек
қой.
Таңертең ауа райы күрт өзгерді де алдындағы костюм-
мен де жүрген үш күн жылылықты ұмыттырып қазір,
дәл таңертең қара жердің аспанның ақ ұлпасына деген
сағынышы оянғандай, меруерт тастарды шашып жібер-
гендей, ақ қағаздай ақ ұлпа қар көктен төгіліп тұр.
Иә, бүгін қар жауды. Мен жалаңбас едім, сабақтан
соң, аппақ нұрдың арасында жаяулатып жатақханаға кел-
дім. Сондай сұлу дүние. Терезеден далаға қарадым. Ірі-
ірі қар түйіршіктері жерге қонып жатыр, қонып жатыр...
Ақынның көңілі сияқты.
Студент күнделігінен
Студент күнделігінен
ҐТКЕН ЄАСЫРДЫЅ 80 ЖЫЛДАРЫНДАЄЫ АЛМАТЫ
– ТТемекі тартпаймын, ќалќам! Сеніѕ де тартпаєаныѕды ќалар едім.
емекі тартпаймын, ќалќам! Сеніѕ де тартпаєаныѕды ќалар едім.
емекі тартпаймын, ќалќам! Сеніѕ де тартпаєаныѕды ќалар едім.
1
1
0
0
Көзді ашып-жұмғанша жаз айы да зулап өте
шықты. Еңбек демалыстарын өткізгендер қызметіне
оралса, бір-екі ай көрмеген студенттер бір-бірімен
сағынысып қауышуда. Енді міне,
дуылдаған студенттік өмір қайта
жалғасын тапты.
Жаз айларын кім қалай өткізді?
Мұны әркімнің өзі біледі. Студент-
жастар жат қылықтан бойын
аулақ ұстасын, әзәзіл араққа жо-
ламасын деген ниетпен жазда өзім
көріп, куә болған мына бір жайт-
ты әркімге бір ой салар деген ниетпен жазып отыр-
мын.
ТАҢҒЫ ТІЛДЕСУ
ТАҢҒЫ ТІЛДЕСУ
Иә, жазда күн ұясынан ерте көтеріледі ғой. Таңғы сағат
төрттен кете күн сәулесі терезеден сығалап, шуағымен
“шымшылап”, бөлмеңе нұрын шаша бастасымен, жату
қайда, ұйқы қашады, ерте тұрып кетемін. Сыртқа шығып,
есесіне таңғы таза ауамен тыныстаған жақсы.
Сол күндегі әдетпен сыртқа өзен бойына шыққам.
Мұндайда спортты серік еткендерді, арасында жасы да
жасамысы да, кәрісі де бәрісі де бар, әйтеуір жасына
қарамай дене қимылын жасап, денсаулығының қамымен
шынығып жүргендерді Есентай маңынан жиі көруге бо-
лады. Анадайдан қарсы жүріп келе жатқан қарайған жан-
ды солардың бірі ме деп қалғам. Жақындағанында ғана
аңғардым, теңселіп келе жатқан қыз екен. Жасы жиырмаға
жетпеген-ау, сірә! Үріп ауызға салғандай-ақ қазақтың әп-
әдемі қызы. Сол әдемілік пен сұлулықты мына сүреңсіз
сұры қашырып тұр. Міні жоқ мүсіні қандай! Үстіне ки-
ген ақ үлпе кофтасы оң иығынан сырылып, жыртылған ба
деймін, сәл төмен түсіп тұр.
Иығына асқан қара түсті әдемі сөмкесі бар екен,
онысын ұзын бауынан ұстап, соңынан жерге сүйретіп
келеді. Бірақ оған қарап жатқан қыз жоқ. Теңселіп ке-
ліп тура алдыма тоқтады. Жақтырмай бетіне мен де тура
қарадым. Көзін бір қысып, бір жұмады. Арақ па, шарап
па, ішімдіктің жағымсыз иісі мүңкіп, бойымды тіктеп, бе-
тімді сыртқа бұра бергенім сол еді, қыз әзер тілге келді.
–А-ғ-ғ...ашка, соратын бірдеме бар ма?
–Немене!?
–Соратын деймін... Ол сұқ саусағын ерніне апарып
көрсетті. Енді түсіндім. Ішкені аздай, енді темекі сұрап
тұр.
–Темекі тартпаймын, қалқам! Сенің де тартпағаныңды
қалар едім.
–Кешіріңіз.
Өзен бойында бірнеше “беседка” бар, сонда ішіп,
түнеп келе жатқан беті болуы керек. Әрине, ол онда
жалғыз болған жоқ. Қыздың соңынан ұзақ қарап, оның
үміт күткен әкесі мен шешесін аяп кеттім.
Достарыңызбен бөлісу: |