Экономикалық егемендік – республика
әл-ауқатының негізі
Лениндік социалистік идеяны іске асыру көп ретте
экономикалық реформаның қаншалықты тез әрі тиімді
265
жүзеге асырылатынына байланысты. Бұл салада қоғам
өмірінің тереңде жатқан қатпарларын қозғайтын ең
қажырлы жұмыс өрістетілуде. Нақ сондықтан да бұл
проблема Қазақстан Компартиясы Орталық Коми
тетінің съезге арналған Тұғырнамасының жобасында
соншалықты айқын белгіленді.
Экономикада қалыптасып келе жатқан жағдай
қазір адамдарды жай ғана толғандырып отырған жоқ,
тіпті қатты мазасыздандыруда. Өндіріс қарқынының
басылып, тиімділігінің кемуіне шаруашылық саяса
тындағы қиғаштықтар себеп болды – инвестициялар
дың негізгі бөлігі ондаған жылдар бойы «А» тобының
қайтарымы баяу және төмен, қаржы мен қорды көп
қажет ететін салаларына жұмсалып келді. Респуб-
ликаға еліміздің шикізат шылауының рөлі, осыдан
туындайтын барлық зардаптарымен қоса, мақсатты
түрде беріліп келді. Біз жекелеген салаларға ғана назар
аударып, көпшілік қолды бұйымдар мен әлеуметтік
және мәдени-тұрмыстық «ұсақ-түйектерді» ойламауды
талап еткен орталықтың өзімшілдік бағыты үшін тым
қымбат құн төледік. Ал енді, республикааралық өнім
беру тәртібі бұзылған кезде, орталық атқарушы билік
бізге көмектесуге дәрменсіз болып шықты. Мұның өзі
біздің экономикамызды және тұтыну саласын өте ауыр
жағдайға душар етті.
Әлбетте, республикалық органдар іс үстінде түзету
лер енгізуге тырысты. Тіпті халық шаруашылығында
кейбір оң үрдістерге жете алдық. Олардың арасын
дағы бастысы – экономиканы әлеуметтік қажеттерге
қарай бұру. Бесжылдықтың өткен төрт жылы ішінде
тұтыну заттарын өндіретін өнеркәсіп 23,7 % өсім
берген болса, «А» тобы 14,2 % ғана өсім берді. Тауар
266
I ТОМ. – 1989–
–
1991
шығару 35,7 %-дай артты. Инвестициялық саясатта да
әлеуметтік саланың пайдасына қарай елеу лі өзгерістер
болды. Халық шаруашылығына бөлінген мемлекеттік
күрделі қаржы жалпы алғанда үштің біріндей өскен
жағдайда тұрғын үй құрылысындағы оның көлемі
1,5 есе дерлік артты. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқ
санында тұрғын үйлерді іске қосудың бесжылдық
жоспары орындалды.
Мектептер, емханалар, ауруханалар салудың
қарқыны едәуір артты. Ауыл шаруашылығы өнімін
өндіруді ұлғайтудың байқалған үрдісі арқасында азық-
түлікпен жабдықтау жақсара түсті. Өткен бесжыл
дықтың орташа жылдық деңгейімен салыстырғанда
ет өндіру 285 мың тоннадан астам, сүт 649 мың тонна
ұлғайды. Үстеме өнімнің үштен бір бөлігі жеке секторды
озық қарқынмен дамыту есебінен алынды. Республика
бұл саладағы шектеулерді елімізде алғашқылардың
бірі болып алып тастады, соның нәтижесінде халықта
ірі қараның саны 500 мыңға, қой мен ешкі – 1,5 млн-ға,
шошқа 100 мыңға көбейді. Халықты азық-түлікпен
қамтамасыз етуде белсенді түрде дамып келе жатқан
бау-бақша, үй маңы шаруашылығы жақсы демеу болып
отыр: баулы саяжай учаскелері бар отбасылардың саны
төрт жылдың ішінде 302 мыңға, үй маңы бақша учаске
лері барлар 82 мыңға көбейді. Кооперативтік қозғалыс
нығайып келеді: қазір осы саланың кәсіпорындары бір
жыл ішінде 1,5 млрд-тан астам сомның бұйымдарын
өндіріп, түрлі қызметтер көрсетуде.
Алайда бұл нәтижелер бізді ешқандай жайбарақат
тандыра алмайды, өйткені ол туып отырған қажет
тіктерге тіпті де сай келмейді. Әрі десе оларға әмір
шіл-әкімшіл және экономикалық әдістерді болашағы
267
жоқ, жасанды түрде ұштастыру тәртібімен қол жетті.
Тұрақты да теңдестірілген экономикадан біз әлі де
болса алыстамыз. Еліміздегі һәм республикадағы қазіргі
экономикалық және әлеуметтік-саяси жағдай жоғары
өнімді еңбек, бастамашылдық пен тапқырлық ынта
ландырыла, қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге
асыруға бағыттайтын шаруашылық орта қалыптастыру
жөніндегі батыл шараларды қажет етуде.
Оны қалай жүзеге асыруға болады? Қазақстан Ком
партиясының Орталық Комитеті дағдарысты жағдай
дан шығудың жолы республиканың экономикалық
егемендігі қағидаттарын орнықтыруда деп біледі. Бірақ
экономикада жаңа бағыттармен шұғылдану мүмкінді
гіне ие болу үшін саяси және құқықтық нормалардың
кешенін жүзеге асыру қажет. Олардың арасында КСР
Одағымен және басқа республикалармен өз қатынаста
рын шарттық негізде құратын егемен мемлекет ретінде
Қазақстанның мәртебесін заңды түрде баянды ету өзекті
орын алады. Біз федерациялық одақты жақтаймыз,
бірақ республика орталыққа өз құқықтарының бір
бөлігін ғана, әрі өзінің қалауы бойынша беруі керек
деп санаймыз. Мәселенің мәні осында. В. И. Лениннің
сөзімен айтқанда, «біз ұлттардың ерікті одағы болуын...
мейлінше толық сенімге, туысқандық бірлікті айқын
түсінушілікке, толық ерікті ынтымаққа негізделген одақ
болуын қалаймыз...».
Ал әзірше Қазақстан үшін сенім де, келісім де, сон
дай-ақ, айтпақшы, әрбір одақтас республика дербес
мемлекеттік құрылым болып табылады деп, еліміздің
Негізгі заңында жазылған декларация да – бос сөз.
Шынында да, өз аумағы мен жер қойнауының толық
иесі емес мемлекетті егемен деп атауға бола ма? Ал
268
I ТОМ. – 1989–
–
1991
бізде одақтық басқару Қазақстан индустриясының
93 %-ын қамтып отыр. Экономикаға бақылау болмаса,
егемендіктің де болмайтыны кез келген парасатты
адамға түсінікті.
Тоқырау кезеңінде Қазақстанның ұшан-теңіз бай
лықтары туралы лепірме сөздер кітаптан кітапқа, мақа
ладан мақалаға көшіп жүрді. Бірақ осыншалық орасан
зор әлеуеті бола тұрып, қыруар қазыналар өндіре
отырып, республика неліктен нашар дамыған мемле
кет жағдайында қалып қойғанын талдауға бірде-бір
мәрте әрекет жасалған емес. Ал оған жа уапты алыстан
іздеудің керегі жоқ, өйткені еңбек ұжымдары өз еңбе
гінің нәтижелерін өз еркімен жұмсай алмады, қолдағы
байлықтан республикаға, оның халқына ең мықтағанда
болар-болмас бірдеңе ғана қалды. Бәрі де көзге көрін
бейтін ведомстволық ұраларға тасып әкетілді.
Қазақстаннан жыл сайын 1,3–1,5 млрд доллардың
әртүрлі шикізат түрлері экспортқа шығарылады,
жалпы одақтық қорға 10–12 млн тонна астық, 300 мың
тоннадан астам ет, 270 мың тонна сүт беріледі. Бірақ
тамақ өнімдерін тұтыну жөнінен біз елімізде 9-шы
орын, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейі жөнінен
10-шы орын аламыз. Ал аса кедей жіктердің болуын
біздің құрылыстың табиғатымен қалайша үйлестірер
сіз? Бізде 2,5 млн-нан астам адам, яғни әрбір алтыншы
тұрғын айына 75 сомнан төмен табыс табады. Балтық
бойы республикаларында, мысалы, халықтың 4 %-ының
ғана осындай болымсыз табысы бар.
Міне, бізге қалған мұра осындай. Ал біз өзіміздің
күшіміз бен мүмкіндіктерімізді біле отырып, бұдан
әрі бұлайша өмір сүрмек емеспіз. Республикада пре
зиденттік билік идеясының соншалық қуатты қолдауға
269
ие болғаны тегін емес. Халықтың барлық жіктері дерлік
президенттік билікті тағайындауды жақтап шықты.
Бізден бұл қадамды жасауды өмір қисынының өзі талап
етті, өйткені басқарудың бұрынғы құрылымдарымен
ұлттық-мемлекеттік құрылыс саласындағы авторитар
лық әдістерге, экономикадағы ведомстволық өктемдікке
қарсы тұру мүмкін болмады. Атқарушылық және заң
шығарушылық негіздерді ұштастыратын президенттік
билік қана мемлекет тетігінің тиімді қызметін қамтама
сыз ете алады, экономиканың қатаң орталықтандыруын
жойып, республика мен оның азаматтарының мүдде
лерін қорғай алады.
КОКП Орталық Комитеті мен одақтық үкіметтің
кейбір басшылары ведомстволардың ықпалынан шыға
алмай, біздің осы принципті ұстанымымызды ешбір
түсінгісі келмейді. Байыпты дәлелдерге қарамастан,
республикаға егемендік беру ұзаққа созылуда. Ол ол ма,
соңғы кездері орталық органдар сыртқы экономикалық
байланыстар еркіндігіне тыйым сала отырып, өз «айба
рын» көрсететін болып жүр. Ал Одақты ыдыратуды көз
дейтін сепаратистік күштер мұндай шолақ ойлылықты
тура өз мүдделеріне пайдаланады да. Егемендік туралы
мәселені шешудің нақ осы ұзаққа созылуы жекелеген
республикалардың орталықтан безуге ұмтылу себеп
терінің бірі болды.
Қазір, экономикалық реформа өзінің шешуші
кезеңіне аяқ басып отырған кезде, біздің Одақтың
барлық республикаларының тығыз бірлесуі, берік
те тұрақты ұлттық келісімі ерекше қажет, онсыз ең
ғылыми, ең сенімді экономикалық тұжырымдама қағаз
үй сияқты жалп ете түседі. Барлық кеңес адамдары
ның РКФСР халық депутаттарының І съезінің бары
270
I ТОМ. – 1989–
–
1991
сын соншалықты үмітпен және алаңдаушылықпен
қадағалап отырғаны кездейсоқ емес. Өйткені бүкіл
еліміздің болашағы Ресейдің – біздің федерациямыздың
тұлғалы жотасының қай жаққа бет бұруына байла
ныс ты. Қазақстан коммунистері атынан, біздің съездің
атынан ресейліктердің өз егемендігі жолындағы бізге
таныс та жақын күресі сепаратизмге, ұлы орыс халқы
басын қосып, топтастырған халықтар жөніндегі жа -
уапсыздыққа апарып соқтырмайды деген қызу сенім
білдіремін. Қазақстан – кеңес халықтарының отбасын
дағы «кедей туысқан» болмаса да, оның жалпыодақтық
еңбек бөлісіндегі орны мен мәні жалпы жұртқа мәлім
болса да, біз республикалардың, коммуналдық ас үйде
ұрысқан көрші әйелдер сияқты, бірге тұрған кезінде кім
кімге және қанша қарыз болғанын есептей бастауына
жол берілмейді деп ойлаймыз.
Экономикалық дербестік – әлдебір сәндік жаңа леп
емес, қоғамдық дамудың сөзсіз қажеттілігі, шын мем
лекеттік егемендіктің құрамдас бөлігі. Сондықтан біз де
өзіміз тапқан нәрсені қазақстандықтар үшін дотация
деген жәбірлеушілік таңбамен алу үшін Мәскеу каби
неттерін «алақан жайып» аралағымыз келмейді.
Бірақ мұның мәні әсте оқшаулану мен томаға-
тұйық тыққа ұмтылу деген сөз емес. Экономикалық
дербестікті біз еліміздің ішінде де, шетелде де алуан
түрлі шаруашылық байланыстарды жолға қоюдың
құралы деп білеміз. Қазақстанда ұзақ мерзімді өзара
тиімді сыртқы экономикалық байланыстар орнату,
шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар ашу,
еркін экономикалық аймақтар құру үшін шын ғаламат
мүмкіндіктер бар. Мұның бәрі өмірлік қажеттілік, өйт
кені шетелдік капиталды тартпайынша, республиканың
271
экономикасын тез көтере алмайсың. Мәселе мұнда тек
жалаң прагматизмде ғана емес. Бүкпесіздік, халықара
лық байланыстарды кеңейту кезеңінде дүниежүзілік
тәжірибеден үйренуге болады және солай ету қажет.
Бұл бағытта қазірдің өзінде едәуір нәрселер тын
дырылды. Республика аумағында сыртқы экономи
калық үш қауымдастық және 19 бірлескен кәсіпорын,
«Казахинторг» сыртқы сауда бірлестігі жұмыс істейді.
Өздеріңіз білесіздер, осы таяуда ғана Вашингтонда
Батыс Қазақстан қойнауын бірлесіп игеру жөнінде
америкалық сауда консорциумымен келісімге қол қо -
йылды. Мұның өзі республиканың басым және тікелей
қатысуымен жүзеге асырылып, ең алдымен қазақстан
дықтардың әл-ауқатын арттыруға қызмет ететін болады.
Қазір өндіріс қалдықтарын ұқсату жөніндегі байланыс-
тарды нығайтып, кеңейту маңызды: біздің кәсіпорын
дарда жиналып қалған қайталама ресурстар миллиард
таған тонналармен есептеледі. Егер шетелдік технологи
яны жөнімен пайдалансақ, табиғи байлықты үнемдеп
қана қоймай, қомақты валюта қаржысын да аламыз.
Сондай-ақ электроника, күрделі тұрмыстық техника,
құрылыс материалдарын шығаратын бірлескен кәсіп-
орындар құру керек. Шекара өңірінде Қытаймен, Азия
құрлығының басқа да елдерімен сауда-экономикалық
қатынастарды кеңейту үшін қолайлы мүмкіндіктерді
барынша пайдалану керек. Болашақта республиканың
халық шаруашылығының барлық салалары түгелдей
сыртқы экономикалық-техникалық байланыстарға
тартылатындай жағдайға қол жеткізу қажет.
Бірақ біздің мүмкіндіктерімізді іске асыруымыз
тағы да орталық ведомстволар тарапынан тыйым салу
дың, үлестер мен лицензиялардың бітеу қорғанына
272
I ТОМ. – 1989–
–
1991
тірелуде. Олар қойып отырған төрешілдік кедергілер
тек біздің ғана емес, сонымен бірге, Батыстың көпте
ген іскер адамдарының да төзімін тоздыруда, олар
одақтық министрліктермен істес болғысы келмейді,
қайта республикалармен тікелей экономикалық және
сауда қатынас тарын жолға қойғысы келеді. Сыртқы
байланыстарды қатал орталықтандыру, айтпақшы, нақ
сол орталықтың өзі айналымға қосқан экономикалық
егемендік туралы қызыл сөзбен бүркемеленген орта
лықтандыру күлкілі архаизмге айналуда. Қазақстанның
еңбек ұжымдары мұндай жағдайға бұдан әрі төзгісі
келмейді.
Нарықтық қатынастарға көшуге келетін болсақ,
онда осынау түбегейлі экономикалық актінің өзектілі
гін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Алайда соңғы уақытта
«нарық» деген кәдімгі сөз мазасыздану мазмұнымен
толығып, адамдардың бойында көптеген қауіптенушілік
туғызуда. Қазақстан Компартиясының Орталық Коми
теті осы көкейкесті мәселе бойынша өз көзқарасын
айтуды қажет деп санайды.
Біріншіден, Кеңес мемлекетінің бүкіл тарихы
ішінде өндіріске және айналым саласына ықпал етудің
нарықтық қатынастарға тән бәсекелестік пен кәсіпкерлік
белсенділікке тең келерлік ынталандыру шараларын
табу мүмкін болмағаны айқын.
Екіншіден, экономиканы дамытудың идеологияға
бағынбайтын объективті заңдылықтары бар. Тау
ар-ақша қатынастарымен қоса, нарық солардың қата
рына жатады. В. И. Ленин де нақ осындай түсінікке
келген еді, бірақ мемлекеттік билік басында оның ісін
жалғастырушылар елді басқа, әміршіл-әкімшіл жол
мен бастап әкетті. Демек, белгіленген нарыққа көшу
экономиканың қазіргі дағдарысты жағда йынан ғана
273
емес, сондай-ақ оны дамытудың бүкіл объективті бары
сынан туындап отыр. Ерте ме, кеш пе, қандай жағдайда
болсын, біз сондай қадам жасауға мәжбүр болар едік.
Қазіргі кезең жағдайды тек қиындатып, қоғамнан шұғыл
таңдау жасауды талап етіп отыр.
Нарықтың басты заңы – сұраныс пен ұсыныс заңы.
Қай жерде сұраныс бар болса, күрделі қаржы, іскер
адамдардың күш-жігері, басшылардың назары сонда
жұмылдырылады. Әміршіл экономика ондай бет
бұрыс жасауға дәрменсіз. Халықта орасан көп бос ақша
жинақталды, ал әміршіл экономиканың ауыр, икемі аз,
төрешілденген құрамы қанағаттандырылмаған сұра
нысқа қарай ешбір бұрыла алмай отыр, ал ол нарықтық
қатынас кезінде өндірісте және қызмет көрсету сала
сында орасан зор дүрбелең туғызуға қабілетті. Бұдан
әрі бұлай болуы мүмкін емес. Сондықтан біз қазір не
нарықтық жүйеге бел буамыз, не ұзақ жылдар бойы
оған азапты қадамдар жасап жететін боламыз. Еліміз
әрбір адамнан таяу болашақтағы игілік үшін уақытша
шығындарға баруға азаматтық ерлік қажет етіліп отыр-
ған шепке жетті.
Елімізді және республиканы нарықтық экономика
арнасына көшіру зор әлеуметтік-экономикалық қана
емес, сондай-ақ идеологиялық қиыншылықтармен
ұштасуда. Тауарлы-ақша қатынастарының, көп сатылы
экономиканың зиянды екені туралы ой ондаған жыл
дар бойы біздің санамызға құйылып келді. Біз меншік
плюрализмінің қажет екенін түсінгенімізбен, казарма
лық социализм идеологиясы бізді қолымыздан мықтап
ұстап, артқа тартқылап отыр. Ал нарық өзінің аса
маңызды компоненті – ұсақ жеке меншіксіз толыққанды
бола ала ма деген сұраққа жауап қайтарудан біздің осы
274
I ТОМ. – 1989–
–
1991
кезге дейін түрлі желеулермен жалтарып келгеніміз,
сірә, сондықтан болар. Іс жүзінде біз оған дара меншік
түрінде қазірдің өзінде жол бердік, бірақ әр затты өз
атымен атаудан қорқамыз. Өкінішке қарай, мұндай
«кеш түсіну» елімізде идеологиялық, сондай-ақ басқару
органдарының айықпас ауруына айналса керек.
Шаруашылық есеп идеяларының қалай арсыздықпен
бұрмаланып жатқанын, жалгерліктің, шаруашылық
есептің басқа да озық әдістерінің енгізілуі қалай тежеліп
жүргенін біз көріп отырмыз. Жалгерлік деген сөз жұрт
тың бәрінің аузында жүрсе де, онымен өнеркәсіпте
кәсіпорындардың 3,9 %-ы, құрылыста – 9,7 %-ы, сау
дада және тұрмыс қажетін өтеу саласында 1 %-дан азы
қамтылып отыр. Республикада небәрі 1 концерн, бұйым
өндірушілердің 6 ерікті қауымдастығы құрылған. Орта
лық ведомстволардан оқта-текте: қандай да болсын
дербестік туралы ойларыңа кіріп те шықпасын дейтін
ескерту жасалады. Осының бәрі қайта құруға елеулі
тосқауыл болуға қабілетті өткен кездің белгілерінен
басқа ешнәрсе де емес. Міне, сондықтан да тоқтауға,
оның үстіне белгіленген жолдан тіпті де шығуға бол
майды. Нарықтық экономика толық күшімен жұмыс
істеп, қоғамда жаппай мүдделілік ахуалын орнықты
руға, жоғары өнімді еңбек, бастамашылық пен іскерлік
үшін ынталандыру қадамдарын жасауға тиіс. Өйтпеген
жағдайда біз өркениеттің дамуынан тысқары қалып
қоюымыз мүмкін.
Бағаның қымбаттауына да, сонымен байланысты
тұрмыс дәрежесінің уақытша төмендеуіне де, жұмыс
сыздыққа да әзір болу керек. Бұл құбылыстардың пайда
болу ықтималдығын айтпай өту қылмыс болар еді.
Бірақ біз экономиканы жаңғырту кезеңінде адамдар
275
дың, әсіресе, халықтың табысы аз топтарының әлеу
меттік қорғалуы жөнінде елеулі жұмыс жүргізілетінін
атап көрсеткіміз келеді. Осы мақсатта кең көлемді
шаралардың тұтас кешені әзірленді, олар нарыққа деген
келеңсіз көзқарасты жоюға көмектеседі. Олардың ара
сында бірқатар маңызды заңдар – монополияға қарсы,
кәсіпкерлік туралы, жұмыссыздық туралы, халыққа
бағаның өсуінің өтемін қайтару туралы заңдар бар.
Ақыр аяғында, біз осы түбегейлі қадамға бармай тұрып
халықтың келісімі мен қолдауына ие болуға тиіспіз.
Осыған байланысты экономиканы өрге бастырудың
нарықтық қатынастарды дамытудан басқа тиімді жолы
жоқ екенін адамдарға табанды түрде түсіндіру қажет.
Еңбекшілерді нарық жағдайындағы өмірге матери
алдық және психологиялық жағынан дайындау жөнін
дегі шаралар кешенінде еңбек тәртібін нығайту әсте де
соңғы орында болмауға тиіс. Жұмысты өзіміз қазіргідей
істей отырып, жаңа экономикалық тетіктен жоғары
қайтарым алудан дәмелену – бос қиял. Айтпақшы,
бұл тетіктің өзі жалқауларды, қыдырымпаздарды,
алыпсатарларды, басқа да әлеуметтік арамтамақтарды
қатаң жазалайтын болады. Сондықтан қазірдің өзінде
қатардағы қызметкерлердің де, басшылардың да еңбек
пен өндірістік тәртіптің деңгейі үшін жауапкершілі
гін едәуір күшейтуге бағытталған бірқатар құқықтық
актілер әзірленуде.
Съезд экономикалық реформаны түбегейлі етуге
бағытталған шараларды қолдайды, ал республика
коммунистері осы қауырт кезеңде барынша іскерлік,
жинақылық, байыпты әрекеттер мен іс-қимыл көрсетеді
деп үміттенеміз.
276
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Нарықтық қатынастар жағдайында республиканың
өзін-өзі басқару принципін берік қолдай отырып, біз
өзімізге аса зор жауапкершілік алып отырғанымызды
есте ұстау керек. Өйткені, жоғарыдан қандай да болсын
нұсқау күтпестен, біздің индустриямыздың шикізат
беруге бағдарлануын батыл өзгертуіміз, ғылымды көп
қажет ететін жоғары технологиялы өндірістерді жедел
қарқынмен дамытуымыз, жеңіл және тамақ өнер
кәсібінің деңгейін қажеттілікке сай келтіруіміз керек.
Аса маңызды әлеуметтік бағдарламаларды – тұрғын
үй, азық-түлік, халық тұтынатын бұйымдар өндіру,
экологиялық және басқа бағдарламаларды шешу басым
маңызы бар іс болып қала береді.
Егер нақты айтатын болсақ, үстіміздегі жылдың
өзінде 9 млн шаршы метрге таяу тұрғын үйді іске қосуы
мыз керек, оның үстіне бұл шеп тұрғын үй құрылысы
ның бұдан да гөрі қарқынды кезеңіне өту сәті болуға
тиіс. Кооперативтік және жеке құрылыстың көлемін
кем дегенде 40 %-ға жеткізу үшін оларды дәйекті түрде
дамыту қажет.
Экономиканы дамыту тұжырымдамасында елеулі
құрылымдық ілгерілеу белгіленіп отыр. Халық тұтына
тын бұйымдар өндіру күрт ұлғаяды. Биылғы жылдың
өзінде оларды әдеттегі орташа жылдық көрсеткіштен
бір жарым есеге жуық көп шығаруымыз, яғни тұтыну
рыногына жұмыс істейтін салалардың материал
дық-техникалық базасын қайта құруда елеулі секіріс
жасауымыз керек.
Кооперативтік және кәсіпкерлік қызметке кеңінен
сүйену, шағын кәсіпорындар, жұмыс қолы мол аудан
дарда ірі өндірістердің филиалдарын, сондай-ақ шетел
дік фирмалармен бірлескен өндірістер құруға ерекше
277
көңіл бөлу керек. Конверсия мен қорғаныс өнеркәсібін
қайта құрылымдау есебінен қысқа мерзім ішінде күр
делі тұрмыстық техника шығаруды жолға қою керек.
Қаржы жағдайын сауықтыру бүгін таңдағы кезек
күттірмейтін міндет болып отыр. Ақша басатын ста
ноктың қызу жұмысы әзірше өндіріс ауқымдарының
тиісінше өсуімен баянды етілмеуде. Мәселен, өткен
жылы орташа айлық жалақы – 8,9 %, ал жалпы қоғам
дық өнім небәрі 1,2 % өсті. Кәсіпорындар үшін респуб-
ликалық мақсатты заемдар шығару, облигациялар,
акциялар және басқа бағалы қағаздар сату қаржы
дағдарысынан шығу жөніндегі шұғыл шаралардың
қатарына жатады. Сомды нығайту үшін күрделі қаржы
ның көлемін күрт қысқарту қажет. Ал бізде аяқталмаған
құрылыста ғана 11 млрд сомға жуық қаржы игерілмей
жатыр. Бұдан былайғы жерде шаруашылықты бұлай
жүргізуге болмайды.
Халыққа ақылы қызмет көрсетуге байланысты
жағдай да түбегейлі өзгерістерді талап етуде. Өсімнің
қол жеткен қарқыны ешкімді де шатастырмауға тиіс,
өйткені осы кезге дейін біз бұл салада тұрпайы жай
лылық деңгейімен қанағаттанып келдік. Оның бер
жағында республиканың туризм мен экскурсиялық істі
дамытуда, мәдениет мекемелерінің, тұрмыс қажетін
өтеу кәсіпорындарының қызметінде іске асырылмаған
орасан зор мүмкіндіктері бар. Мұнда сондай-ақ кәсіп
керлік қызметтің әртүрлі пішіндерін дамыту үшін де
ұланғайыр өріс бар.
Нарықтық қатынастарға жеткізетін жол қаншалықты
күрделі болса да, саудада және жалпы тұрмыстық,
коммуналдық, көлік қызметі саласында тәртіпті жолға
қоюды батыл қолға алу қажет. Өйткені адамдардың
278
I ТОМ. – 1989–
–
1991
қайта құру мен социализмге көзқарасы нақ осында
қалыптасады. Бүгінгі таңда осы салаларда кінәратсыз
күштерді барынша қолдаудың, жоғары сапалы еңбек
тің, қызмет көрсетудің шынайы мәдениетінің сенімді
ынталандырылуына көмек көрсетудің соншалықты
қажет болып отырғаны да, міне, сондықтан.
Адамдардың денсаулығын сақтауға көзқарас пен
тәсілді түбірімен өзгерту, аурулардың әлеуметтік себеп
терін жоюға – теңгерімді тамақты, қалыпты ауыз суды,
жайлы тұрмысты қамтамасыз етуге баса назар аудару
қажет. Республикада туберкулезбен және бруцеллезбен
сырқаттану деңгейі жоғары, ана мен баланы қорғауда
шешілмеген мәселелер көп. Аурухана және емхана
мекемелерінің 65 %-дан астамы бейімделген не ескірген
үйлерде орналасқан, олардың үштен біріне жуығында
қажетті жағдай жоқ. Медициналық қызмет көрсетуді
жақсарту жөнінде соңғы уақытта қолданылған шаралар
дене шынықтырумен, спортпен айналысу мүмкіндік
терін кеңейтумен ұштастырылуға тиіс.
Қартайған және еңбекке жарамсыз адамдарға назар
аудармайынша, қоғамды ізгілендіру мұраттары ақылға
қонбайды. Республикада олардың тұрмыс жағдайын
жақсарту жөнінде маңызды қадамдар жасалды. Сон
дай-ақ кәсіпорындардың зейнетақыға үстеме белгілеу
жөніндегі мүмкіндіктерін толығырақ пайдалану, мүге
дектер мен зейнеткерлерді қолынан келетін еңбекке
және қоғамдық қызметке белсендірек тарту қажет.
Экологиялық проблемалар аса көкейкесті. Бұл про
блемалар бүгін таңда тек адамдардың көңіл күйін ғана
айқындап қоймайды, мұның маңыздылығы өзінен өзі
белгілі, сонымен бірге, болашақ жөніндегі, бізге де,
болашақ ұрпаққа да тұрмыс жағдайын қамтамасыз
279
ету жөніндегі қамқорлықты да білдіреді. Бүгінгі таңда
Аралдың, Балқаштың, Семей өңірінің, Шымкент, Жам
был, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Орал облыстары
ның бірқатар аудандарының қасіреті нағыз халықтық
қайғыға айналды. Біз қазақстандықтардың ядролық
сынақты дереу тоқтату жөніндегі талаптарын толық
қолдаймыз және Орталық Азия халықтарын Арал
теңізін құтқару жөніндегі игі іске қатысуға шақырамыз.
Бүгін таңда республика жұртшылығы Қазақстан
жерінің миллиондаған гектарының әртүрлі полигондар
мен әскери объектілерге берілуінің заңдылығы туралы
мәселені өте әділетті түрде көтеруде. Біздің державаның
қорғанысты нығайтудағы көкейкесті қажеттіліктеріне
ешқандай күмән келтірместен, біз КСРО үкіметінен,
әскери ведомстволардан алынған аумақтарды бізбен
бірге түбегейлі тексеруден өткізуді, олардың бір бөлігін
халықшаруашылық айналымына қайтаруды және, ең
бастысы, жердің қорғаныс мұқтаждарына пайдала
нылуына байланысты оған келтірілген барлық мате
риалдық, экологиялық және моральдық шығынның
республика халқына өтелуін талап етеміз.
Өндіріс мүдделерін бірінші орынға қойған кеселді
практика, табиғат ресурстарын жыртқыштықпен пай
даланған орталық ведомстволардың өресіз саясаты
республиканы ауыр экологиялық зардаптарға апарып
соқтырды. Партия ұйымдарының қазіргі міндеті кеңес
органдарының, қалың жұртшылықтың күш-жігерін
үйлестіре білуде, қоршаған ортаға жөнсіз ықпал
етуге қарсы біртұтас күрес майданын құруда, адамды
табиғатқа ұқыпты қарау рухында тәрбиелеу мақсатын
қоя білуде болып отыр.
280
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Күнделікті істерді шешу кезінде біз экономикада
стратегиялық сипаттағы шараларды жүргізу жайын
ешбір жағдайда ұмытпауға тиіспіз. Халық шару
ашылығын әлеуметтік басым бағыттарға барынша
бағдарлай отырып, өндірісті интенсивтендірудің және
оның тиімділігін арттырудың ең алдымен ғылыми-тех
никалық прогрестің жеделдетілуімен байланысты аса
маңызды мәселелерін назардан тыс қалдыруға бол
майды. Өнім сапасының төмен болуы, қор мен матери
алдың барған сайын көп қажет етілуі бұрынғысынша
шешілмеген түйін күйінде қалып отыр.
Өзін-өзі қаржыландыру интенсивті факторлардың
өсімін өздігінен қамтамасыз етуге қабілетті деп санап,
біз жаңа шаруашылық есеп қатынастарына нұқсан
келтіруіміз мүмкін. Алынатын пайданың өсімі қазіргі
кезде шаруашылық қызметінің қорытындылаушы көр
сеткіші болып отырғандықтан, республика Министрлер
Кеңесінің, Мемлекеттік жоспарлау комитетінің, өнер
кәсіп орындарының коммунистері бұл көрсеткіштің
жаңа техниканың енгізілуімен және өндіріс тиімділігінің
артуымен тығыз өзара байланысына қол жеткізуі керек.
Экономикада бірыңғай ғылыми-техникалық саясаттың,
жаңалықтарды өндіріске енгізу саласын басқарудың,
зияткерлік меншікті құқықтық тұрғыдан қорғаудың,
ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалану үшін жа -
уапкершілікті арттырудың түрлері мен әдістері айқын
белгіленіп, заңдандырылуға тиіс.
Басқару құрылымдары үнемі жаңару үстінде
болуы керек. Егер одақтық, сондай-ақ республикалық
министрліктер мен ведомстволар тек маңдайшала
рын ауыстырып, жұмыс сапасын өзгертпейтін болса,
онда жаңа жағдайда олардың болашағы айтарлықтай
281
күмәнді болмақшы, өйткені нарықтық экономика
әлдебір «саусақпен түртіп көрсетуді» қажет етпейді.
Ведомстволық бағыныстан тыс көп салалы, экономи
калық жағынан күшті концерндерді, қауымдастықтар
мен консорциумдарды құруға батылырақ бару керек.
Өндірісті шоғырландыру дәрежесі жоғары жерлерде
оны монополиялық және мемлекеттенген сипатынан
айыру, ғылыми-техникалық жаңалықтарға бейім шағын
кәсіпорындар жүйесінің жасалуы ерекше өзекті бола
түсуде.
Шаруашылықты нарық заңдары негізінде жүргізу
қалыптасқан басқару органдарының жүйесін бұзады,
«тігінен» жасалатын байланыстарды әлсіретеді және
көлбеу байланыстарды күшейтеді. Сондықтан респу
бликаның халықшаруашылық кешенінің ұйымдық-
экономикалық және технологиялық құрылымдары
ның қайта құрылуы сөзсіз. Бірақ бұл үдерісті бетімен
жіберіп, ол экономиканың принципті жаңа тұрпатына
өзінен өзі жеткізеді деп енжар күтіп отыра алмай
мыз. Озық экономикалық ақыл-ой мен дүниежүзілік
практика негізінде жаңа құрылымдарды күні бұрын
болжап отыру және олардың қалыптасуын жеделдету
керек. Орталық Комитеттің және республика үкіметінің
бастамасы бойынша құрылған, құрамына Мәскеудің де
жетекші ғалымдары енген арнаулы комиссия қазір осы
іспен шұғылдануда.
«Базалық» деп аталатын салалардың (айтпақшы,
термин ведомстволардың өктемдігін мәңгілік ету үшін
ойлап табылған) кәсіпорындарында жұмыс істейтін
коммунистер де осы үдеріске белсенді түрде қатысуға,
өз кәсіпорындарының шынайы дербестігіне қол жет
кізуге тиіс. Өйткені министрліктер бүгінде материалдық
282
I ТОМ. – 1989–
–
1991
ресурстар мен жабдықты бөлу ісін өз қолында ұстап
отыр ғандықтан ғана оларға билік жүргізіп келеді. Ал
егер тұрақты көлбеу байланыстар жолға қойылғанға
дейін сол міндеттерді республиканың Материал
дық-техникалық жабдықтау жөніндегі мемлекеттік
комитеті өзіне алатын болса, онда министрліктер
жөніндегі қажеттілік өзінен өзі болмай қалады да, олар
құрылған күнде де тек кәсіпорындар қоятын шарттар
негізінде құрылатын болады. Атап айтқанда, бүкіл
пайда, нақты салықтан басқалары, еңбек ұжымдары
ның қарамағында қалуға тиіс. Ал мұның өзі адамдар өз
еңбегінің саны мен сапасының және тұрмыс жағдайы
ның жақсаруы арасындағы байланысты нақты сезінеді
деген сөз.
Экономикада масылдық психологиядан, жұмыс
нәтижелерін өмір шындықтары бойынша емес,
әміршіл-әкімшіл жүйе бекіткен «қол жеткен деңгей»
өлшемдерімен бағалау әдетінен батыл арылу қажет.
Мұның, әсіресе, ауылшаруашылық өндірісі саласына
қатысы бар. Азық-түлік проблемаларының түйіні
барған сайын ширыға түсуде, ал жұрт күнделікті өмірде
бізде қазірдің өзінде әдет бойынша ептеп мақтан тұта
бастаған ілгерілеулерді нашар сезінуде. Дүкен сөрелері
молықпайынша, біз ауылшаруашылық өндірісінің өсуі
туралы ешқандай, тіпті ең көз жеткізер статистикалық
деректердің өзімен халықты табысқа жеттік деп сендіре
алмаймыз.
Алайда бізде ауылда жаңаның нышандары қазірдің
өзінде баршылық екенін байқамау мүмкін емес.
Адамдардың мүдделерін экономикалық өзгерістердің
өзегі ете отырып, біз көрнекі нәтижелерге қол жеткізе
алдық. Жалгерліктің өзін де елімізде алғашқылардың
бірі болып қазақстандықтар игере бастады. Сөйтіп,
283
ол өзінің тиімділігін жылдам дәлелдеді. Мәселен,
1987 жылдан бері жалгерлікті игере бастаған елуден
астам кеңшар мен ұжымдарда өндіріс рентабельділігі
19 %-дан 41 %-ға дейін өсті.
Бірақ біздің кемшілігіміз жекелеген табыстар барлық
ауылшаруашылық кәсіпорындарының игілігіне айнал
май отырғанында болса керек. Азық-түлік проблемасын
түбегейлі түрде шешуге, КОКП Орталық Комитетінің
1989 жылғы наурыз Пленумы белгілеген міндеттерді
жүзеге асыруға не кедергі болып отыр? – деген сұраққа
партиялық принциптілікпен анық жауап қайтаруымыз
керек.
Ең алдымен, селода жаңа шаруашылық тетігі, біздің
пікірімізше, әлі де тиісінше жұмыс істемей отыр. Көпте
ген партия комитеттері шаруашылықты жүргізудің ескі
әдістерінің шырмауында қалуда, күні өткен экономика
лық қатынастарды өзгерте алмай отыр, ал кейде тіпті
өзгерткісі келмейді. Шаруашылық басшылары жалгер
лікке, кооперацияға, интеграцияға кедергі жасау да, ал
кейбір жерде ойындағы нәрсені шындыққа балауда.
Тіпті жалгерлік мердігерлікке көшкен азын-аулақ ауыл
дық ұжымдардың өзі – 35 %-ы – істің шын жайына сай
келмейді. Кейбір басшылар жеке адамдардың кәдімгі
кесімді ақы алып істейтін жұмысын қулықпен жалгер
лік етіп көрсеткісі келеді немесе ескі мазмұнды жаңа
қалыпқа салуға тырысады.
Бұл орайда базбіреу шаруашылықты жүргізудің
дәстүрлі жүйесіне тыйым салғандай-ақ, соған сілтеме
жасайтыны, кеңшар-ұжымшар жүйесінің жақтастары
мен қарсыластарының таусылып бітпейтін таластары
таңқалдырады. Керісінше, ауыл шаруашылығында мен
шіктің барлық түрлері тең құқықты жағдайда дамуға
284
I ТОМ. – 1989–
–
1991
тиіс екені талай рет атап көрсетілді. Кеңшарлар мен
ұжымшарлар, сөз жоқ, бұл орайда агро өнеркәсіптік
өндірістің негізі болып қалады. Бірақ реттелетін
нарықтық экономика жағдайында шаруа қожалықта
рынсыз болмайды. Еңбекшілерді кәсіпорындар иелігіне
қатысуға белсенді тартуға мүмкіндік беретін акционер
лік меншік түрлері да ерекше назар аударуға тұрарлық.
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік
тапсырыс іс жүзінде болмайды. Көлемі қажетті мате
риалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілетін
және мемлекеттік бағалар бойынша, ал қалған өнім
нарықтық бағалар бойынша сатып алынатын азық-түлік
салығын енгізу шаруашылықтарға да, мердігерлерге де,
кооператорлар одақтарына да іс-қимылдың оңтайлы
нұсқаларын іздестіруге мүмкіндік береді. Қайтарыл
майтын қарыздар алу, сондай-ақ зиянмен жұмыс
істейтін шаруашылықтарды рентабельді жұмыс істей
тіндердің есебінен қолдау практикасын доғару қажет.
Бұл мәселелердің бәрі агроөнеркәсіптік кешен қыз
меткерлерінің республикалық кеңесінде егжей-тегжейлі
қаралды. Ауыл еңбеккерлері он үшінші бесжылдықтың
аяғына қарай шығуға тиіс бірінші кезектегі шептер де
сонда белгіленді. Оларды съезд мінберінен қайталап
айтқым келеді. Біз халықтың жан басына шаққанда ет
өнімдерін тұтынуды жылына 85–90 килограмға, сүтті –
358, ал көкөніс пен бақша дақылдарын 130 килограмға
жеткізуге тиіспіз.
Дегенмен, біз азық-түлік проблемасын шешудің
қандай жолын таңдап алсақ та, Қазақстан тауарлы
астық өндіретін аса ірі өңір болғанын және болып қала
беретінін ұмытуға болмайды. Республиканың жер
байлығын ұтымды пайдалануын осы міндеттердің
285
шешіміне бағындыру, интенсивті технологияларды иге
руге жұмсалатын ірі қаржының қайтарымын көбейту
қажет.
Ұқсатушы кәсіпорындардың қуаттарын еселей
түсу жөніндегі тұрақты жұмысты жалғастыру қажет.
Бұл проблеманың шиеленісті жайы баяу тарқатылып
келеді, оның ысырабы орасан зор күйінде қалып отыр.
Ұқсату салаларының артта қалуының салдарынан,
қолайлы табиғат-климат жағдайы бола тұрып, респу
блика жемісті, картопты, өсімдік майын, кондитер және
макарон тағамдарын, маргаринді және басқа өнімдерді
сырттан әкелуді жалғастыруда. Ал ысырапты барынша
азайтудың өзі ет тұтынуды жылына 6 килограмға, сүт
тұтынуды 26 килограмға, көкөніс және бақша дақыл
дарын тұтынуды 29 килограмға арттыруға мүмкіндік
берер еді.
Іс жүзінде ауылшаруашылық ғылымы көмегінің
сезілмеуі елеулі кемшілік болып отыр. Мұнда «зерттеу
– өндіріс – енгізу» циклы тым ұзаққа созылған, қаржы
ландыру ғылыми ізденіс бағыттары бойынша емес,
институттар бойынша жүргізіледі.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен қызметкерлеріне
азық-түлік өндіру көлемін баяу ұлғайтқаны үшін әділ
талап қоя отырып, біздің бүкіл қоғамымыз, әсіресе,
әлеу меттік мәселелерді шешуде ауылдың алдында
орасан зор қарыздар екенін ұмытуға болмайды. Бұл
жөнінде не істелінбекші? Он үшінші бесжылдықта
қазіргі бесжылдықпен салыстырғанда ауылдың
өндірістік емес саласына инвестицияны бір жарым есе
көбейту, газдандыру және сумен жабдықтауға 2,2 есе
көбейту көзделді. Құрылыс индустриясының базасы
286
I ТОМ. – 1989–
–
1991
едәуір нығайтылып, жергілікті құрылыс материалда
рын өндіру көлемі ұлғая түседі.
Әлеуметтік жағынан артта қалған аудандарды,
әсіресе, негізінен жергілікті халық тұратын шалғайдағы
ауылдарды дамыту бірінші кезектегі проблема болып
отыр.
Айтылған жәйттерді қорытындылай келіп, біз елеу-
лі өзгерістер табалдырығында тұрғанымызды атап
көрсеткім келеді. Реттелетін нарықтық экономикаға
көшу материалдық-қаржылық теңдестірілуге объек
тивті түрде қол жеткізеді. Алайда мұның өзі орасан
зор ұйымдастырушылық-практикалық жұмысты, күн
сайынғы практикалық міндеттерді іске асыруға деген
батыл көзқарастарды іздестіруді қажет етеді. Бұл
кезеңде партияға, коммунистерге қиын жауапкершілік
жүктеледі. Абыржуға жол бермей, реформаның әрбір
кезеңінде айқын бағдарламаның болуы, өзіңе, өзіңнің
әрбір іс-қимылыңа талап қоя білу маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |