29
Бірінші бөлім
АТАҚТЫ БАЛУАН ШОЛАҚ
МЕНІҢ АТЫМ...
Әндері, өлең-жырлары
30
Мен өзім он жасымнан...
Мен өзім он жасымнан зор-ақ едім,
Намаз бен оразаға олақ едім.
Барғанда о дүниеге кешір, құдай,
Оң қолым отқа күйген шолақ едім.
Əн салып тоғыз жастан...
Əн салып тоғыз жастан сайрап жүрмін,
Талай-талай балуанды жайлап жүрмін.
Жаманға жол білмейтін жол көрсетіп,
Арбаға бұзаудай қып байлап жүрмін.
Мен, Шолақ, он сегізде…
Мен, Шолақ, он сегізде өнер тапқан,
Үкілеп Ақбоз атқа тұмар таққан.
Басымда – пұшпақ бөрік, шекемде – үкі,
Үстіме кидім жібек шымқай ақтан.
Бұл күнде жиырмада...
Бұл күнде жиырмада менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
Күш берген, атақ берген, əлпештеген
Туысқан өздеріңсің, бауырласым!
31
Мен халқымның Балуан Шолағымын
Бөгеті жоқ маған жау қамалының,
Дүниенің бір ерке қонағымын.
Сүйіктім деп, ардақтап, еркелеткен,
Мен халқымның Балуан Шолағымын.
Жұртқа жағар ер жігіт...
Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан,
Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан;
Анталаған сан дұшпан қамаса да,
Сырдың суы келмейді жұлығымнан.
Мен өзім аққан судай...
Мен өзім аққан судай тасып жүрмін,
Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.
Атандым Нұрмағамбет...
Атандым Нұрмағамбет – Балуан Шолақ,
Бір қолым үсіп кетіп болды молақ.
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын –
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ!
Қожаның бір қызы бар...
Қожаның бір қызы бар, аты – Балқаш,
Лебізі кейде шекер, кейде орғаш.
Жігіттер, қатын алсаң, осындай ал,
Бота көз, оймақ ауыз, қиылған қас.
Ахау, Балқаш, əрида, қалқаш-ай!
Шын атым…
Шын атым – Нұрмұхамбет – Балуан Шолақ,
Бойымда толып жатыр күш пенен бақ.
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын –
Жалғыз-ақ тал бойымда мінім сол-ақ.
32
Абақты – азап орны
Абақты – азап орны, жайнаған шоқ,
Басқаным от сияқты, ішімде дерт.
Кіргізген камерына қарап тұрсам,
Ішінде менен басқа адам да жоқ.
Өнерсіз атқа мініп неге керек!
Тудым мен өнерпаз боп елден ерек.
Есікті шегіншектеп сүзгенімде,
Ұшырдым тақтайларын төртке бөлек.
Мен не қылдым
?!
Мен не қылдым, япыр-ай, жақыныма?!
Тұзым ащы жақынға татыды ма?
Абақтыда жатқанда бір келмеді,
Шолақ қол батқаны ма тақымына?
Жапырмау…
Жапырмау, мен не қылдым жақыныма,
Жақыным бір көнбеді ақылыма.
Жатқанда абақтыға бір келмеді,
Мұжық қол батты ма екен тақымына.
Мен, Шолақ, он жасымнан болдым баяу,
Қаңғырып Қараөткелде жүрдім жаяу.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Алдында жалғыз оқтың тұрдым таяу.
Қамалап орыс, қазақ тұрса-дағы,
Қайтпаған бір бетінен мені қой-ау.
Атадан ұл тумайды...
Атадан ұл тумайды мендей сабаз!
Түрмеде жатыр екен өңкей маңғаз.
Алты күн ақ түрмеге қамалған соң,
Түсірді мировойдан
1
маған қағаз.
Ақылым бір басыма емес арзан,
Тауалым шағылған жоқ бұл қағаздан.
1
Мировой судья – патша үкіметі сотының судьясы.
33
Қағаздың мен түріне қарап тұрсам,
Жеті жыл каторгаға мені жазған.
Мировой айдайтынын жаңа білдім,
Ішімнен шығарар деп ойлап жүрдім.
Айдайды деген хабар естіген соң,
Қажымас өзіме өзім қайрат бердім.
Бозбала, мықты болсаң қасты жемір,
Тісіңде қайрат болса, тасты кемір.
Жүрегі қамалғанның шайқалсын деп,
Сегіз көз қабат қылып қаққан темір.
Мен Шолақ осындай да көрдім жайды,
Туғалы көрдім бе мен осындайды?
Темірді тіземе сап қозғап көрсем,
Секілді қоғажайдай былқылдайды.
Бойыма күш біткенге еттім шүкір,
Қажысам абақтыға, бетке түкір.
Темірін екі итеріп тартқанымда,
Кірпіші жерге түсті күтір-күтір.
Асты ғой бұл арада менің айлам,
Құрғаным бала жастан бəрі сайран.
Япырым-ай, бұл не қылған зор дажал деп,
Сол жерде орыс, қазақ болды қайран.
Жігітпін тəңірі басқа жаққан шырақ,
Күшіме не тұрады менің шыдап!
Аяқ пен қолымдағы бұғаулардың
Шынжырын сол арада үздім бұрап.
Түрмені бұзғанымды етті ғажап,
Пендеге өзім өлмей болман мазақ.
Қиратып «терезеден шық» дегенде,
Шықпады қорғалақтап орыс-қазақ.
Сұрасаң, Қотыр-Шортан – біздің болыс,
Алты күн ақ түрмеде қылдым қоныс.
34
Қарғып кеп терезеден қақпа барсам,
Күзетші қалғып отыр екі орыс.
Қасқиып қалғығанға күліп тұрдым,
Оларға күш жетерін біліп тұрдым.
Екеуін екі қойып талдырдым да,
Ілгері одан əрі жүріп бердім.
Тəуекел алсын ерді панасына,
Ақылдың қараңдаршы данасына.
Қалдырып кетем бе деп Ақбоз атты,
Мировой келіп кірдім қорасына...
Ақбоз ат білінбейді біздің сорға,
Жануар түстің бе əлде, жайған торға!
Есігін конюшнаның
1
бұзып кіріп,
Шығардым бірі – рысак
2
, бірі – жорға.
Ашумен еріндерім күбірледі,
Тыңдаймын, басқа дыбыс білінбеді.
Бір қақпа қара тастан жымдасып тұр,
Ішінде бір зор қабан күрілдейді.
Ойласам мына дүние жалған екен,
Іздеген мақсатына барған екен.
Ақбоз ат келгенімді менің біліп,
Аузына шойын кілтті салған екен.
Оңдалған бала жастан менің жолым,
Білмедім дүниенің оңын-солын.
Бойыма осы күшім қалай сыйған,
Кілтті жұлып алды шолақ қолым.
Ақбоз ат алған атым топтан сайлап,
Көп дұшпан соңға түсті одағайлап.
Есігін тас сарайдың бұзып кірсем,
Ішіне қойған екен панар байлап.
1
Атқора.
2
Орыстың желіс жылқысы.
35
Ақбоз ат, айналайын менің қалқам!
Сен үшін талай тасты қылдым талқан.
Жетектеп шылбырынан шығарғанда,
Аяғын басты атым алшаң-алшаң.
Жылқыны неге керек босқа мақтап,
Атты айт, мінген ерін жүрген сақтап.
Тоғыз жыл топқа мінген жануарым,
Иегін салды иығыма екі жақтап.
Ақбоз ат, бұл өнерің болды басым,
Домалар өрге қарай тепкен тасым.
Жасыңнан тіл үйренген тұлпарым-ай!
Көзімнің тыя алмадым аққан жасын.
Атадан ұл тумайды мендей сабаз,
Түрмеде қалды шіркін талай маңғаз.
Мировой қорлығына шыдай алмай,
Түбіне панарының жаздым қағаз:
«Түрмеде алты күндей болдым қонақ,
Сөйлеуге мизамыңды
1
тілім олақ.
Жорға, рысак, Ақбозды алып кеткен,
Сұрасаң, менің атым – Балуан Шолақ!»
Ақыл жастан...
Ақыл жастан шығады, асыл – тастан,
Арнасына сарқады өзен тасқан.
Менің атым əйгілі Балуан Шолақ,
Ерегіскен дұшпанның көңілін басқан.
Жастықта ұрынбай ма…
Жастықта ұрынбай ма жігіт дауға?
Ол даудан аман қалса, басың сауға?
Жетісу, жемісің мол ағаш едің,
Бұтаңа келдім аз күн қонақтауға!
1
Заң деген мағынада.
36
Жастайымнан атандым…
Жастайымнан атандым «Шолақ дəу» деп,
Бұл дүниені кім ойлар шолақ-ау деп,
Мал-мүлік пен байлықты тəрк етпеймін,
«Ақыр бір күн артымда қалады-ау» деп.
Көкшетауым
Көкшетауым, күнде жауын,
Сексен көл айдын шалқар,
Қайран ауылым!
Өз атым…
Өз атым əкем қойған Нұрмағамбет,
Халқымнан көріп жүрмін қадір-құрмет.
Бас қосқан оязнайдың съезінде,
Көтердім кірдің тасын елу бір пұт!
Салайын «Жай қоңырға» жəйіменен,
Барады өтіп өмір айыменен.
Терме
Бір жасқа жеткенімше құндақтайсың,
Екіде тек былдырлап тіл қатпайсың.
Бес жаста безіп үйден, тал ат мініп,
Он жаста жарда ойнаған ылақтайсың.
Келгенде жиырмаға сазда өсетін,
Балауса бейне балғын құрақтайсың.
Отызда ор қояндай аспанға атып,
Қырқыңда мүшеленген құр аттайсың.
Елуде ақыл-ойың тегіс толып,
Төскейден сарқыраған бұлақтайсың.
Алпыста бар асылың түгел жайнап,
Маңыңа сəуле шашқан шырақтайсың.
Жетпісте тұра берсең жер таянып,
Жарыңнан құдай қосқан жырақтайсың.
Сексенде буындарың діріл қағып,
Болдырған арық аттай бұрақтайсың.
Тоқсанда өлсең де өлдің, өлмесең де,
Сұм дүние, енді кімге тұрақтайсың?..
37
Қынжыл
Айтуға мен бір өлең көңілім ауып,
Қыз бала, алдыңда тұр үлкен қауіп.
Əкеңнің оң жағында ойна да күл,
Бір жақсы жігітпенен теңің тауып.
Əкеңнің оң жағынан кеткеннен соң,
Жүресің бөтен елде сиыр сауып.
Егер де күйеуіңе жақпай қалсаң,
Басыңа кетер сонда қамшы жауып.
Жіберер əкең сені малға сатып,
Мал болса болғаны ғой тəңір атып.
Жігітпен көңілің сүйген ойна да күл,
Айтамын осы өлеңді таңырқатып.
Жігітке өзің сүйген бара алмасаң,
Өтерсің бір жаманмен сілең қатып,
Уай, сəулем, ұғып алшы бұл сөзімді,
Сендерге айтқан менің насихатым.
Ойланып түбінде бір білерсіңдер,
Сөзімнің шындығы мен хақиқатын.
Алайын, даусым келсе
Алайын, даусым келсе, желіп-желіп,
Гулесе басылмайтын мен бір көрік.
Ат жалын өзім тартып мінгеннен соң,
Сұлу қыз, келіншекке болдым жерік.
Сұрасаң, менің атым – Балуан Шолақ,
Денемде тəңірім берген күшім мол-ақ.
Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын –
Жалғыз-ақ тал бойымда кінəм сол-ақ.
Бұл күнде қырық тоғызда менің жасым,
Қамалдың бұзып жүрмін тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында,
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
38
Қалтамнан жетпіс бес сом залог алып,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын.
Жиылған орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Омбыға патша келді
Омбыға патша келді Руссия,
Əмірін айта келді халқын жия.
Сібірден
1
сонда күшім асып кетіп,
Мен болдым жан шықпайтын биік қия.
Алаштың алмаушы едім...
Бұл Шөкең қайдан білсін ұрлық жайын,
Алаштың алмаушы едім жалғыз тайын.
Семейден сексен мəстек айдап келіп,
Билерге шайнаттым ғой желін майын.
Мен Шөкең екі дайдан асып жүрген,
Елдегі құрбыласпен ашық жүрген.
Кеудеме құдай өнер бергеннен соң,
Дұшпанды қаудан шөптей басып жүрген.
Жаз мініп Кертөбелді жайлағаным,
Белдеуге үкі тағып байлағаным.
Саудамен Қараөткелден қайтқанымда,
Қырық өгіз Қайрақтыдан айдағаным.
Əуелі сиынғаным бір құдайға,
Одан соң таныс болдым меруайға
2
,
Соңыма қанша дұшпан түссе-дағы,
Үшінші, таныс болдым оязнайға.
Атбасар базарына түйе айдадым,
Біреуін қалдырмастан жия айдадым.
Түйенің он-он бесін бөліп алып,
Нəпсіні мол ашылған тыя алмадым.
1
Кейбір дереккөзде – Севрден.
2
Мировой судьяға дегені.
39
Нұрмұхамбет атандым Баймырзаұлы,
Жасымнан əрбір іске болдым қырлы.
Қыран құс қисық ұшып, түзу ілген,
Жақсының естен кетпес əр қылығы.
Кіреді, топшы көрсем, менің жаным,
Көрмесем сұлу қызды болмас сəнім.
Жаманға айтқан сөзің желге кетер,
Білмейді итке салсаң қанттың дəмін.
Жасымнан іске кірдім дамыл таппай,
Бір дуан соңға түсті түгел-жаппай.
Бүлдірген бүлдіргенге болғаннан соң,
Бетіме коя берді тағы қақпай.
Секірген жар басына мен бір құлан,
Байлардың асауындай жүрдім бұлаң.
Өгізді отыз алты айдаймын деп,
Өзіме өзім салдым үлкен ылаң.
Жасымнан атқа міндім оттай жайнап,
Көп дұшпан қамалады одағайлап.
Дұшпандар, аяғымнан алсаң-дағы,
Қаларсың ақырында дəңгіл
1
шайнап.
Атандым мен жасымнан...
Атандым мен жасымнан Балуан Шолақ,
Оң қолым отқа күйіп болдым олақ.
Бір өзім қырық өгізді айдап кетіп,
Соңымнан қуа алмады жалғыз дорақ
2
.
Айқайлап жылқы айдадым
Айқайлап жылқы айдадым Сыр жағынан,
Дұшпан ит аңдып жүр ғой бір жағымнан.
Жеті жыл Қайрақтымен дау дауласып,
Келмеді Сырдың суы сирағымнан.
1
Дəңгіл – шөптің бір түрі.
2
Дорақ – қазақыландырып айтылған орыс сөзі, ақымақ деген ұғым береді.
40
Əртүрлі ой ойлаймын пара-пара,
Мен сорлы елден шыққан жеке-дара.
Өшігіп сол қалаға алғаннан соң,
Көшеге қалдырмадым жалғыз қара.
Мен, Шолақ, атқа мініп жалындадым,
Орысқа, қазақ түгіл, жалынбадым.
Мəстекті мен отыздан айдасам да,
Бір тиын ақша салып жарымадым.
Қараса, жан тояр ма ажарыма,
Дұшпан ит, қарамайсың адалыма.
Бір қиял үйде жатып ойладым да,
Атбасар өзім келдім базарына.
Пəтер ап Атбасарда жатқаным-ай,
Дəл жиырма, қызығыңа батқаным-ай!
Сол кезде мəстек иттен картоп қымбат,
Тұяғын жеті сомнан сатқаным-ай.
Молданың оқығаны он екі албап,
Қасыма жетіп келді екі жəллап.
Бір ойран Қайрақтыға салайын деп,
Атымен екі Найман алдым жалдап...
Сол кезде оттай қаулап жайнап жүрмін,
Күшімді Қайрақтыға сайлап жүрмін.
Шылбырын Ақбоз аттың белге байлап,
Қақпадан ондап өгіз айдап жүрмін.
Жұлдыздың мен жаңылдым нешесінен,
Ақбоздың мен айналам мүшесінен.
Білмеймін хайуандардың мен нешеуін,
Түнде айдап əрең шықтым көшесінен.
Құдай-ау, құдіретіңе қайран қалам,
Ішінде жиырма бестің сайран салам.
Жолыққан асығысқа деген дейін,
Манағы кездеседі екі Найман.
41
Айдадым сексен өгіз, міне, қайдан,
«Тиіп тұр» Қайрақтыға менің пайдам.
Əкеліп бай-батшасы бергеннен соң,
Айдады жолға салып екі Найман.
Ер Шолақ өнер қылар осындайда,
Жігіттен өнер шықпас жүрген жайға.
Таң атып, ұлы сəске болған кезде,
Түсірдім əрең айдап терең сайға.
Алақтап жан-жағыма қарап жүрмін,
Күшімді Қайрақтыға балап жүрмін.
Бұл шіркін расходқа
1
жете ме деп,
Жинап ап сексен өгіз санап жүрмін.
Ақылым – бір басыма ұшан теңіз,
Көзі жоқ көкірекке мүше сегіз.
Аралап аттан түсіп санап тұрсам,
Кем де емес, артық та емес – сексен өгіз
Айдадым сексен өгіз əлде қайдан,
Нашарға ғаріп пенен тиген пайдам.
Өгізді алдына сап бергеннен соң,
Айдады жолға салып сорлы Найман.
Құдай, аһ, құдіретіңе қайран қалам,
Ішінде жиырма бестің сайран салам.
Найманды өгізбенен жолға салып,
Артынан түрлі-түрлі əнге салам.
Қарасам, жан танымас ажарыма,
Дүниенің көзім салдым назарына.
Екі күн, екі түндей суыт жүріп,
Тайыншаның кеп түсірдім базарына.
Айдаған сексен өгіз мен бір батыр,
Қасымнан талай керуен көшіп жатыр.
Екі күн, екі түндей айдау көрген,
Мамырлап сартабан боп өгіз жатыр.
1
Шығын.
42
Бейшара екі Найман сөз айтады,
Ақырын бір-біріне еп айтады:
– Екі күн əм екі түн ас ішпедік,
Бай-батша, қарын ашты, – деп айтады.
Қарайды қазақ байғұс тамашаға,
Кім түсер, жанжал болса, арашаға?
Қотанына бір ауылдың кіріп барсам,
Қой қуып ойнап жүрген бала-шаға.
Қария бір ақсақал сөз айтады,
Сөздерін ақырында еп айтады:
– Қойға қойың қосылса, жаяу қара,
Атың қойды баспасын, – деп айтады.
Сол шалдың айтқанына күле бердім,
Қазақтың аңқаулығын біле бердім.
Осы да үш кісіге мол жетер деп,
Көтеріп бір бағланды ап жүре бердім.
Ақбоз ат, айналайын менің қалқам,
Сен үшін талай қамал қылдым талқан.
Ауырды жеңіл менен елемейтін,
Аяғын басты сонда алшаң-алшаң.
Əкелдім осы қойды, міне, қайдан,
«Тиіп тұр» Қайрақтыға менің пайдам.
Əкеліп бай-батшасы бергеннен соң,
Тоқтыны сойып жатыр екі Найман.
Мен, Шолақ, ажал жетіп өлгенім жоқ,
Теңдікті дұшпаныма бергенім жоқ.
Əкеліп бір тоқтыны бергенменен,
Бұлардың асып жеуге қазаны жоқ.
Шолаққа өнер берген құдіретім,
Тыңдаңыз, жамағаттар, міне, керім:
Сыр бермей наймандарға жүрейін деп,
Сол елге қайта кеттім арсыз бетім.
43
Қасқиып күрек тісім күліп келдім,
Қазақтың аңқаулығын біліп келдім.
Жоғары оқшау тұрған ақбоз үйге,
Жатқан соң есік ашып кіріп келдім.
Сол үйге кіріп келіп сөз айтамын,
Сөзімді ақырындап еп айтамын:
– Мына үйде қонып жатқан мейман едік,
Болып тұр балта қажет, – деп айтамын.
Қария бір ақсақал сөз айтады,
Сөздерін ақырындап еп айтады:
– Астында кереуеттің балта жатыр,
Болған соң, орнына қой, – деп айтады.
Алмасын артық құдай ердің бағын,
Патшаның да мен көрдім алтын тағын.
Əйтсе де екі сөтке нəр татпаған,
Соғып жүр Балуан Шолақ қаймақ жағын.
Ішінде қараңғы үйдің күле бердім,
Қазақтың аңқаулығын біле бердім.
Іргеге құйған сүтін төге тастап,
Бір қазан, бір шелекті ап жүре бердім.
Ауылға Найман үшін барып келдім,
Қызығын сол жалғанның шалып келдім.
Тағы да ет асуға отын керек,
Төртаяқ, белге салып алып келдім.
Найманға Шолақ болды үлкен нəсіп,
Тоқтыны жатыр екен сойып асып.
Түгелдеп мен сайманын бергеннен соң,
От жағып жатыр сонда қазан асып.
Ісіме істеп жүрген қайран қалдым,
Ішінде дəл жиырманың сайран салдым.
Шаршаған аттай желіп ғазиз басым,
Тынығып алайын деп ұйықтап қалдым.
44
Бейшара екі Найман сөз айтады,
Сөздерін ақырындап еп айтады:
– Бай-батша, асың пісті, түрегел, – деп, –
Оятшы, – бір-біріне деп айтады.
Қой етін тауысқанға адам нанбас,
Адамнан туады екен талай қандас.
Екеуі тағы бір күн жесінші деп,
Қалдырдым байғұстарға жарты жамбас.
Қараса жан тояр ма ажарыма,
Дұшпан ит, қарамайсың адалыма.
Найманды көп өгізбен қосып алып,
Айдаттым енді Тайынша базарына.
Болғанда бойым қысқа, қасым көрік,
Ойласам, тұла бойға ақыл серік.
Сол кезде мен ешкімнен жасқанбаймын,
Ақ шапан, үкі таққан камшат бөрік.
Шөкеңдей алма, құдай, ердің бағын,
Патшаның көрдім талай алтын тағын.
Салып ап ер үстіне екі аяқты,
Ұшырдым жердің қолмен топырағын.
Жігітке атқа мініп неге керек,
Жігітке атқа мінсе өнер керек.
Ақбоз ат айналата шапқанымда,
Айналған бауырында – мен дөңгелек.
Сұрасаң, Қотыр-Шортан – біздің болыс,
Жайлауы Сарысуда қылған қоныс.
Аралап базарында қарап тұрсам,
Таңбалап мал алып жүр бір-екі орыс.
Орысқа жақын келіп еп айтамын,
Көңілден бір аз ғана кеп айтамын:
– Жинаған Қояндыдан біраз мал бар,
Алсаңыз көріп жібер, – деп айтамын.
45
Сұрасаң, Қотыр-Шортан – біздің болыс,
Жайлауы Сарысуда қылған қоныс.
Айтқанға, өтірікке нанады ғой,
Алуға келе жатыр ол екі орыс.
Сол жерде екі көпес сөз айтады,
Сөздерін ақырындап еп айтады:
– Қоянды малы болса, біз аламыз,
Малыңды бізге көрсет, – деп айтады.
Айдаған сексен өгіз біз бір батыр,
Қызық іс біздің бастан өтіп жатыр.
Қоянды малы болса, аламыз деп,
Екеуі пəуескемен келе жатыр.
Сол жерде екі көпес сөз айтады,
Сөздерін ақырындап еп айтады.
Жүрісін Ақбоз аттың көргеннен соң,
– Атыңды сатпаймысың? – деп айтады.
Ақбоз ат əрі жүйрік, жорға емес пе,
Ер Шолақ үстіндегі молда емес пе?
Пар ат пен қара сөмкең аман кетсе,
Ит көпес, о да саған олжа емес пе?
Айдаған сексен өгіз біз бір батыр,
Қызық іс біздің бастан өтіп жатыр.
Төрт сөтке күндіз-түні қуғын көрген,
Мамырлап сартабан боп өгіз жатыр.
Таниды мал ажарын сиығынан,
Бəйгеден қосса келер құла құнан.
Малымның ажарлысы сол емес пе?
Береді қырық бес сом тұяғынан.
Көпеске сонда тұрып сөз айтамын,
Сөзімді ақырындап еп айтамын.
– Елуден жалғыз тиын кем сатпаймын,
Сонда да зияным мол, – деп айтамын.
46
Тайыншада пəтер алып жатқаным-ай,
Өнердің қызығына батқаным-ай.
Қазақта ата малын мендей сатпас,
Тұяғын елу сомнан сатқаным-ай.
Ер Шолақ неден қорықсын енді сасып,
Тұрдым ғой, сүйтсе-дағы, түсім қашып.
Жинап ап қу тезекті от қып жағып,
Қызартып жатыр сонда таңба басып.
Келтірер Шөкең солай істің хотын
1
,
Көрмедім бит шаққандай болыс сотын.
Тайыншаға малымды айдап келгені үшін,
Найманның санап бердім расшотын
2
.
Бейшара екі Найман еп айтады,
Көңілде бір аз ғана кеп айтады.
Қолына елу сомнан алғаннан соң,
– Малыңыз енді жоқ па? – деп айтады.
Наймандар, көре алмадым сендей дорақ,
Тануға мендей ерді болдың олақ.
Бейшара, жаның барда қасымнан кет,
Білмесең, менің атым – Балуан Шолақ.
Мен, Шолақ, ажал жетіп өлгенім жоқ,
Теңдікті тірі жанға бергенім жоқ.
Аузымнан мен Шолақ деп сөз шыққан соң,
Кеткенін қайда кіріп білгенім жоқ.
Мен өзім аққан судай...
Мен өзім аққан судай тасып жүрмін,
Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін.
Жаласы сексен өгіз маған ауып,
Ұлықтан сол себепті қашып жүрмін.
Жұртқа жағар ер жігіт қылығынан,
Сілтегенім кеткен жоқ құрығымнан.
1
Хот – ход, жүру. Бұл жерде əдіс деген мағынада.
2
Расшот – расчет, есеп айырысу.
47
Анталаған сан дұшпан қамаса да,
Сырдың суы келмейді жұлығымнан.
Мен, ІІІолақ, он сегізде өнер тапқан,
Үкілеп Ақбоз атқа тұмар таққан.
Басымда, пұшпақ бөрік, шекемде – үкі,
Үстіме кидім жібек шымқай ақтан.
Мен жүрмін Қараөткелде...
Мен жүрмін Қараөткелде өгіз сатып,
Қызық пен мерекеге күнде батып.
Қап, бəлем, осыған болсын дегендерді,
Шығармыз бір-ақ күні таңырқатып.
Тау көрмедім...
Тау көрмедім Көкшенің биігіндей,
Бауырында ойнап ем киігіндей.
Кіндік кесіп, кір жуған қайран жерім,
Болмайды екен еш қайғы күйігіндей.
Жапалақ құс болғанмен...
Жапалақ құс болғанмен, неге
1
дəрі,
Жаманның кісілікке бар ма сəні?
Жаманға
2
айтқан сөзің еш қонбайды,
Ағады құлағынан сөздің
3
бəрі.
Жапалақ жарбаңдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында?
Сиыр-ау, өз тіліңнен болдың қотыр,
Сақина тілеп алып сау басыңа.
Жігіттің мейманасы асып кетсе,
Ақырда түспей қалмас тəубасына.
Жасымнан мен жақсыға жақын жүрмін,
Дария шалқар көлдей тасып жүрмін.
1
Кейбір дереккөзде – кімге.
2
Кейбір дереккөзде – мисызға.
3
Кейбір дереккөзде – қалмай.
|