ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ
25
бірдей мәртебеге ие болып, барлығы бір тәртіп бойынша тағайындалады. Жоғарғы Сот Кеңесі
консультативтік ұйымнан жеке, тәуелсіз органға айналды. Конституциядан Жоғарғы Сот Кеңесінің
құрамын реттейтін баптар алынып тасталып, бұл мәселелер заңның негізінде анықталады. Жоғарғы
Сот Кеңесі соттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ететін, соттарды конкурстық негізде іріктейтін, сот
жүйесін жетілдірумен айналысатын болды.
Сонымен қатар конституциялық өзгерістерге сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтарын
қорғауға кепілдік беретін маңызды мәселенің бірі – сот жүйесіне қамауға алуға санкция беру тетігі
енгізілді. Бұл айыптаушы мен қорғаушының қатысумен жүзеге асырылады, әрі әділ шешім қабылдауға
жол ашады. Мұны принциптік тұрғыда жаңашыл өзгеріс деуге болады.
Тағы бір сот жүйесіндегі мәселелердің бірі – кадрларды дайындау болып табылады. Қазіргі
уақытта кез келген ЖОО (университет, институт), колледж заңгерлерді дайындайды. Соның
нәтижесінде білімсіз, кәсіпқойлық деңгейі төмен жас кадрлардың саны көбейіп келеді. Сондықтан
мұндай жағдай болмас үшін, Судьялыққа үміткердің жас мөлшеріне қатысты талапты 30 жасқа дейін
көтеру ұсынысы қолдау тапты. Сондай-ақ сот жүйесінде 5 жылдан астам жұмыс тәжірибесі болуы
шарт. Ал магистранттардың тәжірибеден өту мерзімі бір жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ жұмысқа
жаңадан қабылданған судьяға сот жүйесінде мол тәжірибесі бар басқа судьяның кепілгерлік
институты енгізіледі.
Батыс елдерінде судья мәртебесі өте жоғары, себебі азаматтар ғасырлар бойы судьяны үлкен
құзыретке ие тұлға ретінде құрметтеген. Мысалы, Эстонияда судьялардың кәсіпқойлығын арттыру
мақсатында судьяларға екі жыл бойы жаңа заңнаманы толығымен игеруге мүмкіндік беріп, кейін
емтихан тапсырғызды. Жеткілікті балл жинай алмаған судьяларды қызметтен босатты, осылайша
жаңадан судьялық корпус тек кәсіпқой судьялардан тұратын болды. Біздің мемлекетте де судьялар
аттестациядан өтеді, олардың біліктілігін арттыратын институт құрылды, осылайша біздің
мемлекеттегі кәсіпқой судьялардың саны артуда. Өкінішке орай, сот жүйесінің теріс жақтары да бар.
Мысалы, 2001 жылы ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің тәртіптік-біліктілік коллегиясымен 212 тәртіптік іс
қаралып, 80 судья қызметтен босатылды. Себептері:заңдылықты бұзу, немқұрайлық және т.б. Бірақ
қазіргі біздің сот жүйесінің жылдан жылға дамуымен, мұндай жағдайлар болашақта болмайды деп
сенеміз.
Реформаның көзделген мақсаттарының бірі – мамандырылған соттарды, яғни экономикалық,
әкімшілік, ювеналды соттарды құру болып табылады. Қазіргі уақытта экономикалық және әкімшілік
соттар қызмет етуде және олар елеулі жетістіктерге жетті, ал ювеналды сот тәжірибе түрінде жүзеге
асырылып жатыр.
Қазақстан Республикасының судьялардың моральдық-этикалық келбетін жақсарту мақсатында
барлық облыстық соттар жанынан соттық этика бойынша коллегиялар құрылды. Олар соттардың заң
шегінен шығатын, жұмыстан тыс уақытта әдепсіз мінез-құлық бойынша істерді қарастырады. Егер сот
төрағасының пікірі бойынша соттың мінез-құлқы сот этикасы шегінен шықса, төраға тиісті судьяның
ісін коллегия қарауына жібереді. Егерде этиканың бұзылу фактісі анықталса сот төрағасы судьяға
қарсы қылмыстық іс қозғай алады немесе қызметтен босату туралы мәселені қарастырады.
Жоғарғы Сотпен қылмыс жасағандағы сезіктілерді қамауға алуға санкцияны беру функциясын
судьяларға беру туралы заң жобасы дайындалып жатыр. Бұл жобаны дайындауда негізгі проблема:
сот пен прокуратура құзыреті мен санкция берілудің процедурасын анықтау.Бұл жобаның негізгі 3
нұсқасы қарастырылады:
1-нұсқа парламент депутаттарымен ұсынылды. Олардың пікірі бойынша бұл функцияны
толықтай судьяларға беру қажет. Бұл жағдайда прокуратура қамауға талапты білдіреді. Бірақ бұл
нұсқа Конституцияға сәйкес келмейді, себебі Конституцияда жазылған: “ Заңда көзделген реттерде
ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауға ұстауға
болады…”
2-нұсқа бойынша, прокурор азаматты қамауға алуға санкцияны 2-3 айға бере алады. Бұл мерзім
аяқталғаннан кейін, егерде қамаудың мерзімін ұзарту қажет болса, бұл әрекетті судья атқарады.
3-нұсқа бойынша, ереже бойынша санкцияны сот береді. Егер сот санкция беруден бас тартса,
прокурор жоғары инстанциялы сотта оның шешімін шағымдауға және санкцияны 10-15 күнге беруге
сұрауға құқылы. Мұндай шешімді прокурор, егерде сезікті қоғамға қауіпті болғанда қабылдайды.
И.Роговтың пайымдауынша бұл функцияны соттарға беруде ештеңе жоқ. Ресейдің
тәжірибесінде санкция беруді соттарға бөлгеннен кейін мемлекетте сот пен құқық қорғау органдары
қираған жоқ, қайта 2-3 рет санкция беру қысқарды да, қамауға алынғандардың саны азайды.
Менің ойымша тиімді 2-нұсқа сияқты. Себебі, бұл ұсыныстың басымдығы прокуратураның
шешім қабылдауы – жеделірек болады және конституцияға қайшы емес.
Сот-құқықтық реформа – жетілдіру мен дамытуды қажет ететін кең ауқымды және ұзақ мерзімді
үрдіс. Сондықтан реформалардың нәтижелерін талдап,оның ішкі мазмұнын толықтыруда көптеген
жұмыс атқарылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: