Байтұрсынов оқулары халықаралық Ғылыми-практикалық конференция материалдары


ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет5/56
Дата15.03.2017
өлшемі8,81 Mb.
#9866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
21 
 
ұйымды,  заңсыз  әскерилендірілген  кұралымды  қамтамасыз  ету  үшін  пайдаланатынын  көрінеу  білген 
адам жасаған, ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы 
беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушілік және қайы-
рымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі 
диспозицияларға сәйкес іс-әрекеттердің біреуінің нақты жүзеге асырылу кезеңінен бастап аяқталады 
деп есептеледі.  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өз-
ге  де  дем  берушіліктің  субъективті  белгілерін  аталған  қылмыстың  субъектісі  мен  субъективті  жағын 
анықтайтын кешенді белгілер құрайды.  
Қарастырылып  отырған  айып  субъективті  жағынан  террористік  немесе  экстремистік  әрекетті 
қаржыландыруды  және  терроризмге  не  экстремизмге  өзге  де  дем  берушілік  іс-әрекетінің  қоғамдық 
қауіптілігін  біле  тұра  жасау  ниеті  қасақана  жасалған  түрде  сипатталады.  Аталған  қылмыс  жасалған 
жағдайда оны жанама сипаттауға орын жоқ.  
Осы  бап  бойынша  тұлғаны  қылмыстық  жауапкершілікке  тарту  үшін,  айыпты  тұлғаның  жеке 
тұлғаға не адамдар тобына не заңды тұлғаға олардың қызметінің террористік немесе экстремистік си-
патын не берілген мүлік, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлері террористік 
немесе  экстремистік  әрекетті  жүзеге  асыру  не  террористік  немесе  экстремистік  топты,  террористік 
немесе  экстремистік  ұйымды,  заңсыз  әскерилендірілген  құралымды  қамтамасыз  ету  үшін,  ақшаны 
және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, 
сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдығы, демеушілік және қайырымдылық көмегі, ақпа-
раттық  және  өзге  де  қызмет  түрлерін  көрсетуі  не  қаржылық  қызметтер  көрсетуі  іс-әрекетінің  қоғамға 
қауіпті екендігін біле тұра жасағандығын дәлелдеу қажет.  
Он  төрт  жасқа  толған  өз  ісіне  жауаптылықты  сезіне  білетін,  ақыл  есі  дұрыс  тұлға  террористік 
немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де дем беруші 
қаржыландыру  субъектісі  болып  табылады.  Қылмыстық  жауаптылықты  террористік  немесе  экстре-
мистік  әрекетті  қаржыландыруды  және  терроризмге  не  экстремизмге  өзге  де  дем  берушілік  үшін  14 
жасты  бекітуде  заң  шығарушы  кәмелетке  толмағандардың  осы  жаста  өз  іс-әрекеттеріне  есеп  бере 
алатын, аталған іс- әрекеттердің қоғамға қауіптілігін түсіне алатынын есепке алған[8, б. 352]. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 258-бабы, 1-бөлімі мазмұнына қарай қоғамдық 
қауіптілік  дәрежесіне  байланысты  негізгі  құрам  болып  табылады.  Террористік  немесе  экстремистік 
әрекетті  қаржыландыру  және  терроризмге  не  экстремизмге  өзге  де  дем  берушілік  сол  сияқты 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 258-бабы, 2-бөлімінде іс- әрекетінде келесі:  
- бірнеше рет;  
- қызмет бабын пайдаланған тұлға;  
- коммерциялық немесе басқа ұйымдарда басқару функцияларын орындайтын тұлға;  
- қоғамдық бірлестік лидерімен бірге;  
- алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бірге;  
- ірі мөлшерде қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін қылмысты саралау құрамын 
қарастырады[4, б. 4].  
1997  жылғы  16  шілдедегі  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  233-3  бабының  2-
тармағы қылмысты саралаудың жалғыз белгісі ретінде бірнеше реттілікті анықтады[5, б. 4].  
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  12-бабына  сәйкес  осы  Кодекстің  Ерекше 
бөлігінің бір бабымен немесе бөлігімен қарастырылған қылмыстық іс-әрекетті екі немесе одан да көп 
рет  жасау  қылмыстық  құқық  бұзушылықтардың  бірнеше  рет  жасалуы  деп  танылады.  Қылмыс  және 
қылмыстық теріс қылық бірнеше рет жасалған қылмыс болып есептелмейді. Егер адам бұрын жасаған 
қылмыстық  құқық  бұзушылығы  үшін  сотталған  не  заңда  белгіленген  негіздер  бойынша  қылмыстық 
жауаптылықтан  босатылған  болса,  қылмыстық  құқық  бұзушылық  бірнеше  рет  жасалған  деп  таныл-
майды.  Жалғасатын  қылмыстық  құқық  бұзушылық,  яғни  бір  пиғылмен  және  бір  мақсатпен  ұштасып, 
тұтас  алғанда  бір  қылмыстық  құқық  бұзушылықты  құрайтын,  құқыққа  қарсы  бірқатар  бірдей  іс-
әрекеттерден тұратын қылмыстық құқық бұзушылық бірнеше рет жасалған қылмыстық құқық бұзушы-
лық деп танылмайды.  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге 
өзге  де  дем  берушілікті  бірнеше  рет  қаржыландыру  деп,  жеке  тұлғаға  не  адамдар  тобына  не  заңды 
тұлғаға  олардың  қызметінің  террористік  немесе  экстремистік  сипатын  не  берілген  мүлік,  көрсетілген 
ақпараттық, қаржылық және өзге  де қызмет түрлері террористік немесе  экстремистік әрекетті жүзеге 
асыру  не  террористік  немесе  экстремистік  топты,  террористік  немесе  экстремистік  ұйымды,  заңсыз 
әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу білген адам жасаған, 
ақшаны және (немесе) өзге мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе 
жинауы,  сондай-ақ  сыйға  тартуы,  айырбастауы,  қайырмалдығы,  демеушілік  және  қайырымдылық 
көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуімен қоғамға 
қауіпті сипаттағы іс-әрекеттердің бір немесе бірнеше рет жасалуын айтамыз.  

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
22 
 
Бұл сараланған қылмыс түрінің субъектісі қоғамға қарсы ұстанымымен, қоғамға қарсы қауіпті іс-
әрекеттердің қайталануымен сипатталады. Әдетте, бұрын қылмыс жасаған тұлға, қылмыс жасамаған 
тұлғаға қарағанда  қауіптірек саналады.  Қоғамға қауіптілігі қылмыстың міндетті белгісі болып табыла-
ды.  Бұрын  қылмыс  жасаған  тұлғаның  қоғамға  қауіптілігі  жасалған  қылмыстың  қауіптілігін  одан  да 
күшейте түседі, сот шешім шығарарда бұл жағдайды есепке алады.  
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабының 2- бөлімінің келесі саралық белгісі 
лауазым саласы мен ауқымды қызмет іс- әрекет аясын қамтитын лауазымды тұлғаның қызмет бабын 
пайдалана отырып қылмыс жасауын айтамыз.  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге 
өзге де дем берушіліктің, қызмет бабын пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер лауазымды 
адаммен жүзеге асырылуы мүмкін (лауазымды адам – тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк 
бойынша  билік  өкiлi  функцияларын  жүзеге  асыратын  не  мемлекеттiк  органдарда,  жергiлiктi  өзiн-
өзi  басқару  органдарында,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының  Қарулы  Күштерiнде,  Қазақстан 
Республикасының  басқа  да  әскерлерi  мен  әскери  құралымдарында  ұйымдастырушылық-өкiмдiк 
немесе  әкiмшiлiк-шаруашылық  функцияларды  орындайтын  адам)  сондай-ақ,  лауазымды  қызметтегі 
емес, меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме және ұйымдағы өзінің қызмет бабын пайдаланған 
тұлғамен де жүзеге асырылуы мүмкін.  
Осы  баптың  саралық  белгісі  ретінде  Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  258-
бабының  1-бөлімімен  қарастырылған  коммерциялық  немесе  өзге  ұйымда  басқару  функцияларын 
орындайтын  адам  –  мемлекеттік  емес  орган,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органы  не  мемлекеттің  үлесі 
елу пайыздан асатын мемлекеттік болып табылмайтын ұйымда тұрақты, уақытша не арнайы өкілеттік 
бойынша  ұйымдастырушылық-өкімдік  немесе  әкімшілік-шаруашылық  міндеттерді  орындайтын  адам 
жүзеге асырған іс-әрекетті айтамыз[4, б. 4].  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге 
өзге де дем берушіліктің келесі белгісі ретінде қылмыстың қоғамдық бірлестік лидерімен іске асыры-
луын айтамыз. Қоғамдық бірлестік лидері қылмыс жасауда өзінің қоғамдық жағдайын пайдаланады.  
Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық  кодексінің  3-бабының  21)  тармақшасына  сай,  қоғамдық 
бірлестік  лидері  деп  -  өзінің  ықпалы  мен  беделі  арқылы  осы  қоғамдық  бірлестіктің  қызметіне  жеке-
дара басқарушылық ықпал жасауға қабілетті қоғамдық бірлестіктің басшысы, сондай-ақ қоғамдық бір-
лестіктің өзге де қатысушысын айтады[4, б. 4].  
Қазақстан  Республикасының  1996  жылғы  31  мамырдағы  «Қоғамдық  бірлестіктер»  туралы 
Заңында  қоғамдық  бірлестіктер  деп  Қазақстан  Республикасында  саяси  партиялар,  кәсіптік  одақтар 
және  азаматтардың  ортақ  мақсаттарға  жету  үшін  ерікті  негізде  құрылған,  заңдарға  қайшы  келмейтін 
басқа  да  бірлестіктері  қоғамдық  бірлестіктер  деп  танылады.  Қоғамдық  бірлестіктер  коммерциялық 
емес ұйымдар болып табылады. 
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге 
өзге  де  дем  берушіліктің  субъектісіне  арнаулы  –  оған  қызмет  бабын  пайдаланған,  коммерциялық 
немесе өзге ұйымда басқару функцияларын жүзеге асыратын қоғамдық бірлестік лидері жатады. Олар 
қызмет бабын пайдаланған, коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару функцияларып орындайтын 
адамдар немесе қызмет бабын пайдаланған қоғамдық бірлестік лидерлері.  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге 
өзге де дем берушілік – қылмыстың ауыр түрі болып есептеледі, өйткені оған іс-әрекеттерді бірлесіп 
жасау  туралы  күні  бұрын  уағдаласқан  адамдар  қатысады.  Алдын  ала  сөз  байласу  арқылы  адамдар 
тобы  жасаған  қылмыстық  кұқық  бүзушылық  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексінің  31-
бабы 2-бөліміне сәйкес бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысқан, қылмыстық 
құқық бұзушылық деп танылады.  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге 
өзге де дем берушілік немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасаған қылмыстық 
құқық бұзушылық деп саралау үшін:  
-  біріншіден,  террористік  немесе  экстремистік  әрекетті  қаржыландыруды  және  терроризмге  не 
экстремизмге өзге де дем берушілік іс-әрекеттеріне кемінде екі адам қатысуы;  
-  екіншіден,  олардың  әр  қайсысы  террористік  немесе  экстремистік  әрекетті  қаржыландыруды 
және  терроризмге  не  экстремизмге  өзге  де  дем  беруші  субъектілерінің  барлық  белгілерінің  болуы, 
атап айтсақ, қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке тұлға болуы;  
-  үшіншіден,  қылмыс  алдын  ала  сөз  байласу  арқылы  адамдар  тобының  қатысуы  арқылы  іске 
асқан қылмыстың белгілері болуы қажет.  
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі  258-бабының  саралық  белгісі,  террористік 
немесе экстремистік әрекетті аса ірі мөлшерде қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өз-
ге де дем берушілік болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі  258-бабының  38)  тармақшасына  сай,  терро-
ристік  немесе  экстремистік  әрекетті  аса  ірі  мөлшерде  қаржыландыру  және  терроризмге  не  экстре-

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
23 
 
мизмге өзге де дем берушілік болып мүліктің, мүліктік сипаттағы пайданың, көрсетілген қызметтердің 
құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын ақша сомасы айтылады.  
Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі  260-бабында  тұлғаны  қылмыстық  жауап-
кершіліктен  босатуды  қарастыратын  ескерту  бар.  Аталған  ынталандыру  нормасына  сәйкес,  терро-
ристік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыруды және терроризмге не экстремизмге өзге де дем 
берушілікті  күш  қолдану  қатерін  төндіріп  жүзеге  асыратын  және  бұл  туралы  өз  еркімен  мәлімдеген, 
сондай-ақ  қылмыстарды  ашуға  немесе  оның  жолын  кесуге  белсенді  түрде  ықпал  еткен  адам,  егер 
оныңәрекеттерінде  өзге  қылмыс  құрамы  болмаса,  қылмыстық  жауаптылықтан  босатылатындығы  ай-
тылған.  
Аталған  бапқа  ескерту,  террористік  немесе  экстремистік  әрекетгі  қаржыландыру  және  терро-
ризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік жасаған қылмыс жағдайларына қатысты мәліметтерді 
өз  еркімен  беру  іс-  әрекеттерін  болжайды.  Бұл  іс-әрекеттердің  өз  еркімен  жасалғандығының  субъек-
тивті (тұлғаның аталған мүмкіндікпен пайдаланып қалғысы келетіні туралы) және объективті (қыл-
мыстық іс-әрекетін одан әрі жалғастыру немесе тергеу органдарынан жасырыну мүмкіндігін ойла-
са) жағдайлары көрсетілуі тиіс.  
Бұл  ескертудің  оң  әсері  террористік  немесе  экстремистік  әрекетті  қаржыландыру  және  терро-
ризмге  не  экстремизмге  өзге  де  дем  берушілік  іс-  әрекеттері  туралы  өз  еркімен  мемлекеттік  орган-
дарға уақытылы хабарлап, немесе қылмыстың алдын алып, оны ашуға белсенділік танытып, мүмкіндік 
туғызса, қазіргі кезде құқық қорғау органдары лауазымды тұлғалардың кінәлі тұлғаларды қылмыстық 
қуғындамауға уәде беруге заңды негіздеме бола алады.  
Террористік немесе экстремистік әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өз-
ге де дем берушілік іс-әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату келесі жағдайларда мүмкін 
болады, егер:  
- зорлық көрсету қаупі бар болса;  
-  террористік  немесе  экстремистік  әрекетті  қаржыландыру  және  терроризмге  не  экстремизмге 
өзге де дем берушілік жасаған қылмыс жағдайларына қатысты мәліметтерді өз еркімен берсе; 
- қылмыстың алдын алып оны ашуға мүмкіндік туғызса;  
- кінәлі тұлғаның іс-әрекеттерінде басқа да қылмыс кұрамы болмаған жағдайларда мүмкін бола-
ды. 
 
Әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-1 «Терроризмге қарсы іс-қимыл 
туралы» Заңы. – Алматы: Жеті жарғы, 2015. 
2.  Қазақстан  Республикасының  2009  жылғы  28  тамыздағы  «Қылмыстық  жолмен  алынған 
кірістерді  заңдастыруға  (жылыстатуға)  және  терроризмді  қаржыландыруға  қарсы  іс-қимыл  туралы» 
Заңы.– Алматы: Заңгер, 2015. 
3. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 18 ақпандағы «Экстремизмге қарсы іс-қимыл тура-
лы» Заңы.– Алматы: Норма-К, 2015. 
4.  2014  жылғы  3  шілдедегі  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексі.–  Алматы:  Жеті 
жарғы, 2016. 
5. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі.– Алматы: Заңгер, 
2015. 
6.  Қазақстан  Республикасының  2005  жылғы  8  шілдедегі  «Қазақстан  Республикасының  кейбір 
заңнамалық  актілеріне  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  то-
лықтырулар енгізу туралы» Заңы // http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000067. 
7. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының ұлттық 
қауіпсіздігі туралы» Заңы.– Алматы: Норма-К, 2015. 
8. Борчашвили И.Ш. Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. – Алматы: Жеті 
жарғы, 2007. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
24 
 
УДК 342.56 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДЫҢ  
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Жумабаева А.М. - аға оқытушы, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы,  А.Байтұрсынов 
атындағы Қостанай мемлекеттік университеті  
 
Мақалада  сот-құқықтық  реформа  –  жетілдіру  мен  дамытуды  қажет  ететін  кең  ауқымды 
және ұзақ мерзімді құбылыс екендігі қарастырылған.  
Негізгі ұғымдар: сот жүйесі, сот билігі, соттық реформа, сот принципі. 
 
Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Сот  жүйесі  мен  азаматтарды  құқықтық 
қорғау  реформасында:    Біз  демократиялық  қоғамдастықтағы  жалпыға  ортақ  стандарттарға  сәйкес 
келетін кең ауқымды сот жүйесі реформасының қарсаңында тұрмыз. Сот жүйесін жетілдіру жөніндегі 
ұсыныстар әзірлеу үшін және қоғамның қажеттіліктеріне сай келетін тиімді сот төрелегін жүргізу үшін 
алдағы уақытта мынадай мәселелермен: 
-  сот  өндірісін  оңайлату,  оның  объективтілігін,  сондай-ақ  сот  актілерінің  тұрақтылығы  мен 
уақтылы орындалуын қамтамасыз ету; 
-  сот  жүргізу  шеңберінде  және  сот  шешімдерін  атқару  кезеңінде  азаматтар  құқығына  берілетін 
кепілдіктерді күшейту; 
-  сот  корпусының  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету  заң  шеңберіндегі  әділетті  шешімнің  кепіліне 
айналуға тиіс; 
-  судьялардың  біліктілігін  арттыру  –  мұның  өзі  Қазақстанның  сот  жүйесін  21  ғасырдағы 
шаруашылық, инвестициялық және сауда проблемаларына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді; 
-  қылмыстық  сот  жүргізу  мен  сот  шешімдері  шеңберінде  адвокаттардың  рөлін  арттыруды 
қамтамасыз ету; 
- қылмыстық сот жүргізу тәжірибесіне алқа билер соты институтын енгізу қажет.  
Осы  мақсатта  2005  жылы  «Алқа  билер  туралы»  заң  қабылданып,  «Сот  жүйесі  мен  судьялар 
мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және алқа билер сотын енгізу мәселелері жөнінде басқа да 
заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізуге тиіс; 
-  сот  рәсімдерінің  ашықтығы  мен  анықтығын  барынша  қамтамасыз  ету  мәселелерімен 
шұғылдануымыз қажет. 
Соттардың тәуелсіздігі және әділеттілігі жөніндегі мәселеге арнайы назар аударғым келеді. Біз 
соттардың  жалақысын  көтердік,  сөйтіп  олар  бүгінде  табысы  ең  жоғары  мемлекеттік  қызметшілерге 
айналды.  Біз  судьялардың  зейнетақымен  қамтамасыз  етілуін  қоса  есептегенде,  оларға  берілетін 
барлық  әлеуметтік  кепілдіктер  пакеті  жайында  да  ойланғанымыз  жөн.  Судьяларды  лайығымен 
материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді қажырлы да адал еңбектерінің өтеуі деп қана емес, 
жемқорлықтан  сақтандыратын  өтімді  шараның  бірі  ретінде  қарастырған  жөн.  Судьялар  арасындағы 
парақорлықты  адамгершілік  тұрғыдан  алғанда  абыройсыздық  деп  бағалап  қоймай,  мұны  эконо-
микалық жағынан да тиімсіз етуіміз керек. Судья өз қызмет орнын қадірлеуге тиіс және заңды немесе 
кәсіби  этиканы  бұзған  жағдайда  өзінің  мемлекеттік  қызметте  болу  құқығынан  ғана  емес,  барлық 
әлеуметтік кепілдіктерден де айырылатынын білуі керек. 
Мұның  бәрі  де  қосымша  бюджеттік  шығындар  жасауға  мәжбүр  етеді,  бірақ  ол  өзін  ақтайды. 
«Арзан сот төрелігі тым қымбатқа түседі» дейтін ежелгі мәтел осыдан шықса керек» деп атап кеткен 
болатын [1]. 
Сот  билігі  –  мемлекеттік  саяси  жүйенің  құрамдас  бөлігі,  ажырамас  бөлшегі.  Еліміз  егемендік 
алып,  тәуелсіздікке  қол  жеткен  алғашқы  жылдардан  бастап  сот  жүйесі  қоғамдық  заңдылықтарға 
негізделген  іздену,  қалыптасу,  даму  жолдарынан  өтті.  Өткен  жылдар  ішінде  отандық  сот  жүйесін 
жалпы  танылған  стандарттар  мен  талаптарға  жауап  беретін  жаңа  деңгейге  көтеруге  ықпал  еткен 
тұжырымды құжаттар мен құқықтық актілер дайындалды. 
Мемлекеттік  биліктің  бірыңғай  жүйесінде  сот  билігі  өте  маңызды  орынды  алады.  Сот  билігі 
адамдар  мен  ұйымдардың  заңды  мүдделері  мен  еркіндіктерін,  Конституцияның,  заңдардың  орын-
далуын қамтамасыз етеді. Сот билігі жазалап қана қоймай, ең алдымен, адамдардың құқықтары мен 
еркіндіктерін қорғайды. 
Қазақстан Республикасының “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық 
заңы  2000  жылы  25  желтоқсанда  қабылданды  [2].  Заң  қабылдағаннан  бері  біршама  жыл  өтті,  ал 
әділеттілікті жүзеге асырушылардың қызметінде қандай өзгеріс болды? 
Реформаға сәйкес Әділет біліктілігі алқасы таратылып, Жоғарғы Сот Кеңесінің рөлі күшейтілді. 
Әр  деңгейдегі  судьяларды  тағайындау  тәртібі  ауысып,  енді  Жоғарғы  Сот  Кеңесі  барлық  деңгейдегі 
соттардың судьяларын тағайындауға ұсыным жасайды. Осылайша республикадағы барлық судьялар 

ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ ЮРИДИЧЕСКОЙ НАУКИ 
 
25 
 
бірдей  мәртебеге  ие  болып,  барлығы  бір  тәртіп  бойынша  тағайындалады.  Жоғарғы  Сот  Кеңесі 
консультативтік  ұйымнан  жеке,  тәуелсіз  органға  айналды.  Конституциядан  Жоғарғы  Сот  Кеңесінің 
құрамын  реттейтін  баптар  алынып  тасталып,  бұл  мәселелер  заңның  негізінде  анықталады.  Жоғарғы 
Сот  Кеңесі  соттардың  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ететін,  соттарды  конкурстық  негізде  іріктейтін,  сот 
жүйесін жетілдірумен айналысатын болды. 
Сонымен  қатар конституциялық өзгерістерге сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтарын 
қорғауға  кепілдік  беретін  маңызды  мәселенің  бірі  –  сот  жүйесіне  қамауға  алуға  санкция  беру  тетігі 
енгізілді. Бұл айыптаушы мен қорғаушының қатысумен жүзеге асырылады, әрі әділ шешім қабылдауға 
жол ашады. Мұны принциптік тұрғыда жаңашыл өзгеріс деуге болады. 
Тағы  бір  сот  жүйесіндегі  мәселелердің  бірі  –  кадрларды  дайындау  болып  табылады.  Қазіргі 
уақытта  кез  келген  ЖОО  (университет,  институт),  колледж  заңгерлерді  дайындайды.  Соның 
нәтижесінде  білімсіз,  кәсіпқойлық  деңгейі  төмен  жас  кадрлардың  саны  көбейіп  келеді.  Сондықтан 
мұндай жағдай болмас  үшін, Судьялыққа үміткердің жас мөлшеріне қатысты талапты 30 жасқа дейін 
көтеру  ұсынысы  қолдау  тапты.  Сондай-ақ  сот  жүйесінде  5  жылдан  астам  жұмыс  тәжірибесі  болуы 
шарт. Ал магистранттардың тәжірибеден өту мерзімі бір жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ жұмысқа 
жаңадан  қабылданған  судьяға  сот  жүйесінде  мол  тәжірибесі  бар  басқа  судьяның  кепілгерлік 
институты енгізіледі.  
Батыс елдерінде судья мәртебесі өте жоғары, себебі азаматтар ғасырлар бойы судьяны үлкен 
құзыретке  ие  тұлға  ретінде    құрметтеген.  Мысалы,  Эстонияда  судьялардың  кәсіпқойлығын  арттыру 
мақсатында  судьяларға  екі  жыл  бойы  жаңа  заңнаманы  толығымен  игеруге  мүмкіндік  беріп,  кейін 
емтихан  тапсырғызды.  Жеткілікті  балл  жинай  алмаған  судьяларды  қызметтен  босатты,  осылайша 
жаңадан судьялық корпус тек кәсіпқой судьялардан тұратын болды. Біздің  мемлекетте   де судьялар 
аттестациядан  өтеді,  олардың  біліктілігін  арттыратын  институт  құрылды,  осылайша  біздің 
мемлекеттегі кәсіпқой судьялардың саны артуда.  Өкінішке орай, сот жүйесінің теріс жақтары да бар. 
Мысалы,  2001  жылы  ҚР  Жоғарғы  Сот  Кеңесінің  тәртіптік-біліктілік  коллегиясымен  212  тәртіптік  іс 
қаралып,  80  судья  қызметтен  босатылды.  Себептері:заңдылықты  бұзу,  немқұрайлық  және  т.б.  Бірақ 
қазіргі    біздің  сот  жүйесінің  жылдан  жылға  дамуымен,  мұндай  жағдайлар  болашақта  болмайды  деп 
сенеміз. 
Реформаның  көзделген  мақсаттарының  бірі  –  мамандырылған  соттарды,  яғни  экономикалық, 
әкімшілік,  ювеналды  соттарды  құру  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта  экономикалық  және  әкімшілік 
соттар қызмет етуде және олар елеулі жетістіктерге жетті, ал ювеналды сот тәжірибе түрінде жүзеге 
асырылып жатыр. 
Қазақстан Республикасының судьялардың моральдық-этикалық  келбетін жақсарту мақсатында 
барлық облыстық соттар жанынан соттық этика бойынша коллегиялар құрылды. Олар соттардың заң 
шегінен шығатын, жұмыстан тыс уақытта әдепсіз мінез-құлық бойынша істерді қарастырады. Егер сот 
төрағасының  пікірі  бойынша  соттың  мінез-құлқы  сот  этикасы  шегінен  шықса,  төраға    тиісті  судьяның 
ісін  коллегия  қарауына  жібереді.  Егерде  этиканың  бұзылу  фактісі  анықталса  сот  төрағасы  судьяға 
қарсы қылмыстық іс қозғай алады немесе қызметтен босату туралы мәселені қарастырады. 
Жоғарғы  Сотпен  қылмыс  жасағандағы  сезіктілерді  қамауға  алуға  санкцияны  беру  функциясын 
судьяларға  беру  туралы  заң  жобасы  дайындалып  жатыр.  Бұл  жобаны  дайындауда  негізгі  проблема: 
сот  пен  прокуратура  құзыреті  мен  санкция  берілудің  процедурасын  анықтау.Бұл  жобаның  негізгі  3 
нұсқасы қарастырылады: 
1-нұсқа  парламент  депутаттарымен  ұсынылды.  Олардың  пікірі  бойынша  бұл  функцияны 
толықтай  судьяларға  беру  қажет.  Бұл  жағдайда  прокуратура  қамауға  талапты  білдіреді.  Бірақ  бұл 
нұсқа  Конституцияға  сәйкес  келмейді,  себебі  Конституцияда  жазылған:  “  Заңда  көзделген  реттерде 
ғана  және  тек  соттың  немесе  прокурордың  санкциясымен  тұтқындауға  және  қамауға  ұстауға 
болады…” 
2-нұсқа бойынша, прокурор азаматты қамауға алуға санкцияны 2-3 айға бере алады. Бұл мерзім 
аяқталғаннан кейін, егерде қамаудың мерзімін ұзарту қажет болса, бұл әрекетті судья атқарады.  
3-нұсқа бойынша, ереже бойынша санкцияны сот береді. Егер сот санкция беруден бас тартса, 
прокурор  жоғары  инстанциялы  сотта  оның  шешімін  шағымдауға  және  санкцияны  10-15  күнге  беруге 
сұрауға құқылы. Мұндай шешімді прокурор, егерде сезікті қоғамға қауіпті болғанда қабылдайды. 
И.Роговтың  пайымдауынша  бұл  функцияны  соттарға  беруде  ештеңе  жоқ.  Ресейдің 
тәжірибесінде  санкция  беруді  соттарға  бөлгеннен  кейін  мемлекетте  сот  пен  құқық  қорғау  органдары 
қираған жоқ, қайта 2-3 рет санкция беру қысқарды да, қамауға алынғандардың саны азайды. 
Менің  ойымша  тиімді  2-нұсқа  сияқты.  Себебі,  бұл  ұсыныстың  басымдығы  прокуратураның 
шешім қабылдауы – жеделірек болады және конституцияға қайшы емес. 
Сот-құқықтық реформа – жетілдіру мен дамытуды қажет ететін кең ауқымды және ұзақ мерзімді 
үрдіс.  Сондықтан  реформалардың  нәтижелерін  талдап,оның  ішкі  мазмұнын  толықтыруда  көптеген 
жұмыс атқарылуы қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет