ҰЛТ ТАРИХЫНА ҚАЖЕТТІ ДЕРЕКТЕР
Тарихымыздың белгісіз беттерін ашатын қаншама құ
жаттық материалдар жақын және алыс шетелдердегі мұ
рағат пен кітапхана қорларында сақтаулы. Мәселен, орта
ғасырдағы тайпалар мен мемлекеттер тарихына қатысты
жазба деректердің көбі қытай, парсы, араб тілдерінде жа
зылды, әрі деректердің басымы осы елдерде. Астанада ұлт
тық тарихты зерделеуге қатысты маусымда өткен отырыста
Мемлекеттік хатшымыз Марат Тәжин Отан тарихына қатысты
көтерген ұсыныстардың бірі Қазақстанға қатысты шетелдегі
материалдардың барлығын жинай отырып, елімізге қайтару
мәселесі болды. Осыдан кейін көш басталып, сең қозғалды.
Бұл құжаттар мен материалдарды жинақтауға тарихшы
лар дың жіберілуі біріншіден, рухани құндылықтарымызды
елімізге әкелуге, екіншіден, тарихтағы көптеген проблема
лық мәселелерді жаңа көзқараспен қарауға, жаңа тұжы рым
жасауға жол ашты.
Шетел мұрағаттары мен кітапхана, мұражай қорларында
сақталған деректерді жинастыруға Білім және ғылым ми
нистрлігінің тарапынан 23 ғалым Ресей, Өзбекстан, Ұлы
британия, Түркия, Иран, Моңғолия, Германия, Мысыр, Үн
дістан мемлекеттеріне жіберіліп, ғалымдардың алдыңғы тобы
олжалы нәтижелермен оралуда. Құжаттық материалдарды
жинауға сол жіберілген елдің тілін жақсы меңгерген, тарих
ғылымы саласының білікті мамандары тартылды. Іссапар
жұмысы ұлттық тарихқа қатысты деректік материалдарды
анықтау және оларды көшіріп алу бағытында жүргізілуде.
Бұл іссапарды Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және эт
нология институты үйлестіріп отыр. Ресей Федерациясына
барып қайтқан К. Райымхан, Б. Жанаев, И. Ерофеева сын
296
ды ғалымдарымыз мұрағат пен музей қорларында сақталған
деректік құжаттарды алып келді. СанктПетербордың Ресей
Федерациясының Мемлекеттік тарихи мұрағатынан әке
лінген ХІХХХ ғғ. басындағы қазақ басқару жүйесіне, отар
лау, орыстандыру саясатына, дінді шектеу, қазақтарды шо
қындыру мәселелеріне байланысты, сонымен қатар халық
ағарту мәселесі, мұсылмандардың діни басқармасының қыз
метіне, діни мейрам, жер мәселесі және де қазақ халқының
этнографиялық тұрмыстіршілігіне қатысты құжаттардың
деректік маңызы зор.
Ресей Федерациясының құрамындағы Қалмақстан Респуб
ликасының Элиста қаласынан Қазақстан тарихнамасында
аз зерттелген тақырыптардың бірі болған қазаққалмақ қа
тынасы мәселесіне арналған құжаттық материалдар
дың
анық талып, елімізге әкелінуі XVIIXVIII ғасырлардағы қа
зақ
тар мен қалмақтардың дипломатиялық қарымқатына
сын анықтауға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Әсіресе, қазақ
хан дары Әбілқайыр мен Әбілмәмбет хандардың қалмақ ханы
ДондықДашыға, Орта жүздің белгілі тарханы әрі батыры
Жәнібек Қошқарұлына жазған хаттары сол кезеңдегі тарихи
оқиғаларды айқындай түсер дейміз.
Ежелгі заманнан Қытай, Иран, Мысыр, Үндістан сияқты
елдерде тарихи оқиғалар мен тарихи құбылыстарды жазу
дәстүрі қалыптасты. Көршілес Қытай мемлекетінің жазба
деректерінің мыңжылдық тарихы бар. Қытайдың жиыр
ма төрт патшалық тарихы жазылған жылнамаларының
бір азында сақталған кейбір көне түркі тайпалары туралы
де
ректік мағлұматтарды шығыстанушы ғалымдардың ау
даруымен ғылыми айналымға енгізілгені де белгілі. Ежелгі
үйсін, ғұн, қаңлы сияқты мемлекеттердің саяси тарихы, не
мен айналысқандығы және қандай елдермен дипломатия
лық қарымқатынаста болғандығын осы қытай деректеріне
сүйеніп жазып жүрміз. Дегенмен, олардың теңдесі жоқ жазба
байлығын қазақ тарихы үшін толықтай қолдана алдық па?
Қытайдың жылнамаларында әлі де қандай тарихымыздың
беттерін ашатын құнды мағлұматтар бар? Қандай сырды әлі
бұғып жатыр? Биылғы маусым мен шілде аралығында Қытай
297
Халық Республикасының Бейжің қаласына іссапармен ба
рып қайтқан шығыстанушы ғалымдар, Б. Еженхан, Ж. Ошан
және Ә. Мансұрова Қытайдың мұрағат қорларынан қазақ
тарихына, мәдениетіне қатысты құжаттарды жинастыру
ды, көне түркі тайпаларынан шыққан тарихи тұлғаларға
қатысты эпитафиялық ескерткіштерді анықтау және әкелуді
жоспарлаған еді.
Ғылыми іссапарлар барысында ғалымдар Бейжің қа
ласындағы Бірінші мемлекеттік мұрағатында, Мемлекеттік
кітапханада, Бейжің университетінің, Орталық ұлттар кі
тапханасының қорларында жұмыс жүргізді және Қытай
ғылым академиясының этнология, Қытай шекара аймақтары
тарихи географиясын зерттеу, Қытай мәдени мұраларды
зерттеу, Орталық ұлттар және т.б. институттармен байла
ныс жасап, кеңестер алды. Бұл сапардан олжалап әкелінген
маңызды деректің бірі – 72812 құжаттан тұратын 283 томдық
Қытайдың бірінші тарихи мұрағаты мен Қытай шекара
аймақтардың тарихигеографиясын зерттеу орталығының
ғалымдары жинап, құрастырған «Цинь патшалығы дәуі
ріндегі Шыңжаңға қатысты мәнжу тілді мұрағат құжаттар»
жинағы. Ғалымдардың айтуынша, бұл жинаққа енген
құжаттар 1730 жылдың соңынан 1911 жылдың ортасына де
йінгі 181 жылды қамтиды және құжаттардың бір бөлігі Цин
патшалығының Қазақ, Бурут (қырғыз), Қоқан, Бадақшан,
сонымен бірге Орта Азияның елдерімен саяси қарымқаты
насын баяндайды. Әсіресе XVIIIХІХ ғасырлардағы қазақ
пен қырғыздардың тарихы мен мәдениетін, экономикасын,
саяси және әлеуметтік жағдайы жайында мол мәлімет бе
рері анық. Болашақта осы жинақтан зерттеуші ғалымдар
қазақтың рутайпалары, географиялық атауларына қатысты
мағлұматтар алатындығымызды сеніммен айта аламыз. Ға
лымдар жинақтың бірінші томының өзінде XVIII ғасырдың
30жылдарының басындағы Қазақ хандығының ішкісыртқы
саясатына қатысты құнды мәліметтер тарихымыздың біраз
сырын ашатыдығын да атап өтеді. Бұрындары ғылыми ай
налымға енгізілмеген Орта Жүздің Сәмеке ханының билігіне
қатысты құжаттық материал тарихи тұлғаны саяси қырынан
көрсетуге үлкен септігін тигізетіндігі сөзсіз.
298
Шығыстанушы ғалымдардың тағы бір қол жеткізген
жетістіктері – жоғарыда аталған жинаққа енгізілмеген, Қы
тайдың Бірінші тарихи мұрағатында сақтаулы қазақ ханда
ры, оның ішінде Абылай ханның Цин патшалығымен жазба
түріндегі байланысы жайындағы деректік құжаттарды көші
ріп әкелуі. «Цин патшалық әскери басқармасында сақтау
лы мәнжу тілінде хатталған ұлықтардың мәлімдемеле
рінің көшірмелері» деп аталған құжаттар қорынан Абылай
хан, Болат хан, Әбілпейіз сұлтан ұрпақтарының, Уәли
сұл танның Цин патшалығына жолдаған хаттарының алы
нуы олар өмір сүрген тұстағы қазақ халқының тұрмыс
тіршілігінен аз да болса хабар беретіндігінде күмән жоқ.
Мәселен, ғалымдардың айтуынша, Абылай хан мөрін басып
Цин патшалығына жолдаған хатында дәрідәрмектей көмек
сұраған. Ал Әбілпейіз сұлтанның ұрпақтарының бірі Цин
патшасы Цинь Лунға жолдаған хатында Әбілпейіз сұлтанның
қаза болғандығы және оның мұрагері жөнінде айтылады. Бұл
хаттар қазақ халқының көрнекті қайраткері Абылайдың не
месе Әбілпейіздің саяси портретін байыта түсері анық. 2004
2008 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама
шеңберінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты
Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты Қазақстан
тарихына қатысты қытай мұрағатында жинастырып, 700ге
жуық деректік материалдарды біріктірген 2 томдық құжаттар
жинағын шығарған еді. Биылғы жылы әкелініп отырған ма
териалдар болашақта жинақ ретінде шығарылса, деректа
ну саласын байыта түсері сөзсіз. Дегенмен, әкелінген дерек
тер мәнжу тілінде болғандықтан, оны түсінікті тілге аудару
біршама уақытты қажет етеді.
Аталған ғалымдар қазақ халқының этногенезі мен көне
тарихына аса қажетті тарихи жәдігерлер – көне ескерткіш
терді жинастыруды да қолға алды. Жанымхан Ошан бұл
көне ескерткіштердің қазақ тарихындағы маңыздылығын:
«Ескерткіштердің біраз бөлігі түрлі тарихи кезеңде қытай
жеріне барып, сол елде елеулі міндеттер атқарған түркі
халықтарынан шыққан тарихи тұлғалардың қабірі басына
қойылған эпитафиялық ескерткіштер болып, ол ескерткіш
299
тер көне түркі халықтарының тарихынан тың әрі нақты
мәліметтер беріп отыр. Бұл ескерткіштердің елеулі бөлігі
VIIX ғасырлардағы түркі халықтарының тарихынан сыр
шертеді. Ескерткіштердің негізгі мазмұнында аталған тарихи
тұлғаның атыжөні, туған және өлген жылы, айы мен күні,
қай елдің адамы екендігі, түркі тайпаларының қайсы руынан
шыққаны, әкесінің атабабаларының өз елінде кім болғаны,
қандай себептерге байланысты Қытайға келені, қытай еліне
қандай міндеттер атқарып, империя үшін нендей үлес қосқаны
және сол еңбектері үшін патшалық тарапынан қандай мара
паттау, атақшен берілгені жазылған. Бұл мәліметтер тарихи
тұлғаның жеке өміріне қатысты жазылғанына қарамастан,
бүкіл түркі халықтарының саяси, мәдени, рухани болмы
сын өз ішіне алған тұтас тарихын кешенді зерттеуге мүмкін
дік береді», – дейді. Табылған ескерткіштер Түркі, Түргеш
қағанаттарындағы тайпалары жайында мәліметтер берері
мол. Демек, бұл жәдігерлер еліміздің көне тарихын зерделеу
де аса құнды деуге болады.
Иран Ислам Республикасының ТегеранҚұм қалала
ры
на құжаттық материалдар мен қолжазбаларды жинау мақ
сатында ғылыми іссапарға барған Шығыстану институ ты
ның қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Ғ. Қам
барбекова 5 ірі кітапхана мен мұрағаттарда жұмыс істеп,
Түркістан, Орта Азияға қатысты, нақтылай айтсақ, Ташкент
те орын алған оқиғалар, Түркістан халқын Ресейдің отарлау
саясатына қатысты құжаттарды, сонымен қатар Иранда билік
құрған селжүк түріктері жайындағы «Шахнамаий Сәлжү
ки», қазақ хандығы туралы мәліметте қамтитын «Тарихи шах
Тахмасби аввал Сафави» және «Тарих шах Исмаил Сафави»
қолжазбасын, 19291931 жж. Иранға мұсылман елінен қоныс
аударған қазақтарға қатысты деректік материалдар әкелді.
Ғалымның Малек кітапханасынан, Тегерен университе ті нің
Орталық кітапханасынан, Құм қаласындағы Аятоллах Ма
раши кітапханасынан әкелген қолжазбалары ортағасырлық
түркі тарихын зерделеуге таптырмайтын дерек болары аб
зал. Моңғолияның БаянӨлгей, Увс, Ховд, Тов, Архангай,
БаянХонгор, Өвөрхангай, ГовьАлтай, Орхон аймақтарын
300
дағы іссапарда болған шығыстанушы ғалым Нәпіл Базыл
хан өлкетану музейлері мен мұрағаттарынан көне заманғы
петроглифтік таңбалардың, түркі, моңғол дәуіріндегі тас
мүсіндердің, балбалдардың фотосуреттерінің көшірмелерін
алып келді. Бұл дерек көздері де ғалымдар тарапынан зерт
теу нысанына алынып, болашақта заттық деректердің бірі
ретінде қолданылары айқын. Түркия Республикасының Стам
бұл және Египет Араб Республикасының Каир қаласының
мұрағат қорлары мен кітапханаларында іссапарда болған
П. Ықтияр қазақ халқының тарихына, мәдениеті мен та
рихи тұлғаларына қатысты құжаттар мен материалдарды
айқындау жұмысын жүргізіп, біршама көшірмелерге қол
жеткізсе, Түркия мұрағаттарында жұмыс істеп қайтқан
ғалым Ислам Жеменей де Сүлеймания, Стамбұл университеті
кітапханаларының қорларынан түркі халықтарына, оның
ішінде Орта Азия мемлекеттері, Түркістанға қатысты дерек
намаларды анықтай отырып, елімізге қайтаруда елеулі істерді
атқарды.
Бүгінде ұлт тарихына қатысты деректерді жинастыруда
Германия, Түркия, Моңғолия, Англия, Өзбекстан, Үндістан
елдерінде ғалымдарымыз жұмыс жүргізуде. Әрине, бұл
әкелінген және әлі де жинастырылып әкелінетін деректердің
маңыздылығын саралайтын уақыт алда. Бүгінде ұлттық тари
хымызды зерделеуге қатысты жүргізілген ісшара негізінде
жинақталған тарихи деректерді ғылыми айналымға енгізу
үшін бұл деректерді ғалымдарға түсінікті тілде аудару қа
жет. Сонымен қатар осы аударылған деректерді сұрыптаудан
өткізіп, деректер жинағын шығару маңызды. Қазақ тари
хында зерттеуді қажет ететін тақырыптар жеткілікті. Ұлт
тарихын әспеттейтін құжаттар мен қолжазбалардың елі
мізге әкеліне бастауы біріншіден, деректану және тарихна
ма саласын жаңа деректермен толықтырса, екіншіден, осы
әкелінген деректер бұрындары нақты бағасын ала алмаған
кейбір мәселелерді жаңа қырынан ашар еді, үшіншіден, осы
құжаттар мен материалдардың негізінде жаңа көзқарастар
мен пайымдаулардың туары айқын, төртіншіден, бұл дерек
тер ұлттық тарихымызды бағалауға үлкен септігін тигізеді.
301
Іссапарға барған ғалымдар шетелдерде тарихымызға қатыс
ты деректердің көптігін анықтады. Дегенмен, уақыттың
тарлығынан бұлардың барлығын елімізге әкелуге мүмкін
болмады. Сондықтан да бұл іссапар алдағы уақытта жалғасын
тауып, елімізге тарихи құндылықтарымыз қайтарылса, нұр
үстіне нұр болар еді.
302
Күлпәш ІЛИЯСОВА
ОҚУЛЫҚТАР ЖАЗУДА ОЛҚЫЛЫҚТАР БАР
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан тарихына» қатысты
тапсырмалары ені меңзейді? Осы сұрақтарға қатысты күрделі
мәлеселелер жақында Астана қаласында болған Ұлттық та
рихты зерделеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының
кеңейтілген отырысында (жалпыұлттық кеңес) көтерілді.
Отандық тарихшылардың басын біріктірген бұл кеңесте
негізгі баяндама жасаған Мемлекеттік хатшы М. Тәжин:
«Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өз көзқарасын
мемлекеттік басшы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында»
кітабында баян етіп берді. 2003 жылы Қазақстан халқына
Жолдауында Президент Н.Ә. Назарбаев бұрын соңды болып
көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын бастайтынын жа
риялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 20042011 жылдар
аралығында Қазақстанның тарихы, археологиясы мен этно
графиясы бойынша, 26 арнайы зерттеу жүргізілді. Дегенмен,
мұның бәрі тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына
келтіру жолындағы бастама ғана екенін атап өтті.
Ал «Тарих толқынында» атты кітаптың жазылуына
1995 жылғы «Қазақстан Республикасының тарихи сана
сын қалыптастыру» тұжырымдамасының қабылдануы, 1997
жылды «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғынсүргін
құрбандарын еске алу жылы», 1998 жылды «Халық бірлігі
мен Ұлттық тарих жылы» деп негіз қалағаны белгілі. Осы
кітапта еліміздің өткен тарихы жүйелі берілген және оның
жастарға тағылымы мол. Бұл еңбекте тарихи хронологиялық
қағида басшылыққа алынған және оқиғалар желісі ғылыми
көпшілік қауымға түсінікті. Жалпы, бұл кітапты отандық та
рих ғылымының биік бір белесі ретінде де бағалауға болады.
Бұл – бір.
303
Екінші жағынан, содан бергі уақытта ғылыми айналымға
қаншама тарихи деректер енді. Тарихтың негізі сол қал пын
да қалғанмен, жаңа тарихи тұжырымдар жасалуда. Мыса
лы, қазіргі археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтиже
сінде, «Алтын адам» ескерткішінің саны алтыға жетті. Сол
сияқты Астана аласының тарихындағы «Бозоқ» ескерткішін
жаңа қырынан зерттеу қолға алынды.Қыпшақтардың аста
насы атанған Бозоқ Астана қаласының өрлеу тарихында
ғы бір белесі болып табылады. Тарих ғылымының соңғы
жаңалықтарын мүмкіндігінше оқу құралдары мен оқулық
тарға енгізіп отырған абзал.
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы төл тарихы
мызды жаңа сипатта зерттеуге жол ашты. 19931994 жылда
ры аралығында екі тілде «Қазақстан тарихы» очерктері, 1996
2010 жылдар аралығында 5 томдық «Қазақстан тарихы»,
сондайақ жалпы білім беретін орта және жоғары меткептерге
арналған тарих оқулықтары баспадан шықты.
Солардың ішінде 2009 жылы «Атамұра» баспасынан шық
қан «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» деп аталатын жал
пы білім беретін мектептің 9сыныбына арналған оқулық пен
жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына
арналған 448 беттік «Қазіргі Қазақстан тарихы» оқулығының
жетістігі мен кемшіліктеріне тоқтала кетейік. Сол арқылы
қазіргі оқулықтардың проблемаларын анықтау көзделеді.
Алғашқы 9сынып оқулығын баспаға ұсынған – ҚР Білім
және Ғылым министрлігі. Бұл – өңделген екінші басылым.
Төрт бөлімнен тұратын оқулық мазмұнында бірінші (1914
1918 жж.), екінші дүниежүзілік (19391945 жж.) соғыстар,
«қырғи қабақ» соғыс аралығындағы Қазақстанның жағ дайы
мен тәуелсіздік тарихы толық қамтылған. Оқулықта құжат
тар мен материалдар, глоссарий, схемалар, шығармашы лық
тест тапсырмалары, мәтіндер беріліп, дәуір суреттерімен
көркемделген. Кітаптың көркемделуі өте жоғары. Оқулық
Болон декларациясын қабылдаған Қазақстанның білім және
ғылым модулдік және кредиттік оқыту жүйесіне сәйкес
тендіріліп жазылған.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тарихи сананы қалып
тастыру үшін, ең алдымен, тарихтың «ақтаңдақ беттерін»
304
ашуды одан әрі жетілдіру керек. Соған сәйкес жаңа кон
цепция лар жасалды. Қазіргі отандық тарихнаманың маз
мұны түбірі мен өзгерді, жаңа тұжырымдар пайда болды.
Мысалы, патша лық және кеңестік отарлау саясатына қар
сы ұлтазаттық күрес тарихындағы Алаш қозғалысы тақы
рыбы. Аталған мектеп оқулығында Алашорда тарихы толық
қамтылған.Қосымша материалдар, дәуір құжаттары мен су
реттер сәтті іріктелген.
Ал жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі Қазақ
стан тарихы» оқулығына келсек, ол «Тәуелсіздіктің тарихи
өркениеттік негіздері» және «Тәуелсіз Қазақстан» деп ата
латын екі көлемді бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде «Ежел
гі және орта ғасырлардағы Қазақстан (ХV ғасырдың басы на
дейін)», «Қазақ хандығы:орта ғасырлардан жаңа заман
ға
дейін (XVXVIII ғғ. басы)», «Отарлық және кеңестік Қазақ
стан (XVIIIXX ғғ.)» тақырыптары, екінші бөлімде «Тәуел сіз
дік қарсаңында», «Тәуелсіздік және Қазақстан мемлекеті нің
қалыптасуы», «Нарыққа өту және экономиканың қа
зақ
стандық үлгісі», «Тәуелсіздіктің әлеуметтікмәдени не
гізі», «Қазақстан және қазіргі әлем», «Н. Назарбаев – ҚР
Тұң
ғыш президенті» тақырыптары мейлінше толық қам
тылған. Бұл оқулықтың ерекшелігі хронологиялық тізбегі
өзгеше, соған сәйкес тақырыптардың берілуі үйлесімін тап
қан, екіншіден, тәуелсіздік тарихын кеңінен қамтылған.
Үшіншіден, тәуелсіздік жылдары жарияланған құжаттар
мен материалдар жүйелі түрде айналымға түскен. Қоғамның
сұранысына сәйкес бұл оқулықта тәуелсіздік шежіресі жүйелі
мазмұндалған.
Осыдан екі жыл бұрын болған Қазақстан тарихшыла ры
ның І Конгрессі мен жақында өткен ведомоствоаралық жұ мыс
тобының кеңейтілген отырысында Тәуелсіз Қазақстан ның
қалыптасу кезеңдерін дәйектеу және қалыптасқан мем
ле
кетіміздің тарихын зерделеудің уақыты келгені нақты ай
тылды. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, авторлар үшін әр
түрлі жанрда (оқулық, монография, құжаттар жинағы, т.б.)
шыққан кітаптар сапасы алдыңғы кезекке шығуы шарт.
Бұл – заман талабы, ал оған Міржақып Дулатовтың сөзімен
айтқанда, «Оң мен соңды айтып беруші тарих» жауап береді.
305
Бүгінге дейін жарық көрген «Қазақстан тарихы» оқу
лықтарында саяси оқиғалар мен даталарға байланысты қа
рамақайшылықтар, бірқатар тақырыптардың ашылмауы,
оқулық тілінің күрелілігі және т.б. кемшіліктердің то лып
жатқаны жасырын емес. Осы оқулықтардың басым бө
лігіне қатысты «Неге қоғам сұранысын қанағаттандыра
ал
май отыр?», «Нендей кедергілер бар?» «Не істеу ке
рек?» деген сауалдар туындайды. Біздің ойымызша, енді
та
рихшылардың бірінші жұмысы бүгінгі дейін баспадан
шыққан оқулықтарды талдаудан басталуы керек. Ол үшін
Қазақстан тарихшыларының І Конгрессі мен Ұлттық тарих
ты зерделеу бойынша ведомоствоаралық жұмыс тобының
кеңейтілген отырысының шешімдерін іске асыруы шарт.
Бізге Қазақстан тарихы оқулықтарын қайта жазудан пайда
жоқ, көшірмелер саны жетіп артылады. Бізге қолданыстағы
оқулықтарды жетілдіру жұмыстарын қолға алған тиімді.
Тарих пәнінен жаңадан жазуды талап ететін оқу құ
ралдары мен оқулықтар жеткілікті. Мысалы, Отан тарихын
әлем тарихының құрамдас бөлігі ретінде оқытсақ, ең алды
мен, қазақ тарихына қатысты мемлекеттердің, айталық, ерте
дүние тарихынан Парсы, Грек, орта ғасырдардың Қытай жә
не Араб елдері, Орталық Азия, Моңғолия, Осман империя
сы жаңа және қазіргі заман тарихынан Ресей, Оңтүстік
Шы ғыс Азия елдерінің тарихын шолу керек. Аталған мемле
кеттер тарихын Қазақстан таризымен байланыстыратын дер
бес оқу құралдары мен оқу құралдарын дайындау қажеттілігі
сезіледі. Бұл – Қазақстан тарихын оқыту мен зерттеуде күн
делікті кездесетін проблема.
Отан тарихын әлем халықтарының тарихынан бөлек тү
сіндіру мүмкін емес. Демек, бұл мәселеге сұраныс бар деген
сөз. Әрине, әлем тарихынан дайындалған қазақ тіліндегі
оқулықтар да жеткілікті. Солардың материалдарын пайда
лана отырып, соңғы ақпараттар мен толықтырылған жаңа
оқулықтар жазуға болады. Тек ескеретін жағдай – тақы
рыптың ашылуы, студенттің немесе оқушының оқулық мә
тінін тез игеруі, қысқа әрі нұсқа танымдық ақпараттардың мол
берілуі. Бұл жаңа үлгідегі оқу бағдарламаларын дайын даудан
200192
306
басталады. Өйткені соңғы өзгерістер типтік бағдарламада
көрініс беруі керек.
Келесі мәселе: жоғары сыныптарға арналған бағдарлы
оқулықтар сабақ барысында айтарлықтай пайдаланылмай
ды екен. Оның себептері неге анықталмайды? Қазіргі та
рих оқулықтарының олқы тұстарын түзету үшін мектеп
мұғалімдерінің шығармашылық жұмыстарымен айналысуы
на тура келеді. Бірақ оған мектептегі тәрбие жұмысы мен
қоғамдық тапсырмалар қосылып, мұғалімнің ізенуге уақыты
болмайды. Мұның бәрі оқулық дайындайтын мамандар мен
оларды жарыққа шығаратын баспаларға үлкен сын.
Ғылыми ортада тарих методологиясы мен тарих фило
софиясын жетік меңгерген мамандар көп емес. Тәуелсіздік
жылдарында тарих ғылымына жаңа серпін әкелген, та
рихты оқыту мен зерттеудің қыр сырларын әбден игерген,
өздерінің шәкірттерімен мақтана алатын, ресми емес, та
рих мектебін қалыптастырған Мәмбет Қойгелдиев, Талас
Омарбеков, Хангелді Әбжанов, т.б. мықты тарихшылар
бар. Аталған авторлардың еңбектерінен басқа, қазақ тілінде
жарық көрген кітаптар саусақпен санарлық, оның өзі – тарих
методологиясының бір тармағын ғана қамтитын дүниелер
(Д. Кішібекова, З. Алдамжар, Қ. Атабаев, О. Мұқатова, т.б).
Осыған орай болашақта жоғарыда аталған авторлардың
еңбектеріндегі тарих методологиясына қатысты мәселелердің
басын біріктіріп, «Тарих методологиясы» немесе «Отан тари
хы методологиясы», «Тарихи таным және тарихи процесс»,
«Тарих философиясы», т.б. атаулармен кітаптар көптеп даяр
ланса, оң іс болар еді.
Өкінішке қарай, жоғары оқу орындарында Қазақстан та
рихы кәсіби тұрғыда оқылмайды. Кадрлар біліксіздігі ме,
әлде басқа себептер бар ма, кейде бұқаралық ақпарат құ рал
дарынан жастарымыздың Қазақ тарихына қатысты қойы
латын сұрақтарға жауап бере алмайтынын көріп жүрміз.
Жалпыға міндетті білім беру стандарттарына Қазақстан
тарихы пәні 3 кредит деген жерге «Қазақстан тарихы (кәсі
би)» деген сөзді қосу керек. Тіл мамандықтары бойынша бі
лім беру стандарттарында «ағылшын тілі (кәсіби)» деп нақ
ты көрсетіледі. Сол сияқты кейбір кафедра меңгерушілеріне
307
арналған заңдық құжатта осылайша нақты көрсетіп берген
жөн, әйтпесе стандарт мазмұнына шығармашылық көзқарас
жоқтың қасы. Өкінішке қарай, мұндай келеңсіздік біздің
білім беру жүйемізде көп кездеседі. Сөз соңында мынандай
ұсыныс пікірлерді білдіреміз:
1. Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту
дың пішімі мен мазмұнын өзгерту мақсатында Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жаңа
Типтік оқу бағдарламаларын жасау;
2. Қазақстан тарихын әлем тарихының құрамдас бір бөлігі
ретінде оқытудың жаңа механизмдерін жасау;
3. Жарияланған тарих оқулықтарын негізге ала отырып,
олардың сапасын көтеру қажет.
Қорыта айтқанда, тарих оқулықтарын дайындауда бұрын
жіберілген олқылықтардың орнын толықтырып, олардың
сапасына күш жұмылдырсақ, қоғамға пайдалы іс болмақ.
Өйткені тарих оқулықтарының сапасы көтерілсе, елдің тари
хи санасы да жетілмек.
308
Еділ НОЯНОВ
Достарыңызбен бөлісу: |