Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


«КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ»



Pdf көрінісі
бет21/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

«КӨШПЕЛІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ» 
ОРТАЛЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ
Әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 
тарих, археология және этнология факультетінің жаны­
нан Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерттеу орталы­
ғын құру жұмыстары қолға алынды. Білім және ғылым 
ми нистрлігінің тікелей қадағалауымен «Көшпелілер (номад­
тар) өркениетін зерттеу» орталығы 1 қыркүйектен бас­
тап жұмысқа кіріседі. Зерттеу орталығының жұмысымен 
танысу үшін тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
әл­Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедра­
сы меңгерушісінің орынбасары, «Көшпелілер (номадтар) 
өркениетін зерттеу» орталығы директорының орынбасары 
Еділ Ноянұлы Нояновпен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасы дер 
кезінде қолға алынып, болашақта тарих ғылымының жаңа 
деңгейге көтеріліп, ата­бабаларымыздың жүріп өткен жо­
лын айқындап қана қоймай, одан сабақ алып, алға қарай 
дамуға мол мүмкіндіктер берері сөзсіз. Осы тұста жаңадан 
құрылған «Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерттеу» 
орталығының жұмысы жайлы айта кетсеңіз.
– Елбасының тапсырмасына орай Білім және ғылым 
министрлігі жанындағы Ғылымкомитетінің тікелей бас­
шылығымен ғалымдар және жас зерттеушілермен бірлесе 
отырып біз орталықтың негізгі атқаратын жұмыстарын 
айқындап, соған сай қысқа мерзімде тақырыпқа сәйкес 18 
ғылыми жобаны дайындап, оны жүзеге асыру жолдарын 
белгіледік. Біз бұл орталықта жұмыс істеу үшін тәжірибелі 
мамандармен қатар, жастарды да көптеп жұмылдырып отыр­

309
мыз. Аталған бағдарламаны іске асыру үшін ҚазҰУ білікті 
профессорлары мен оқытушылары ғана емес, Л.Н. Гумилев 
атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ 
ұлттық педагогикалық университеті, Тарих, Шығыстану ин­
ституттары мен шетелден, атап айтсақ, АҚШ, Түркия, Жа­
пон, Қытай елдерінен және т.б. университеттерден мамандар 
тартылды.
– Зерттеу орталығының «Көшпелілер (номадтар) өрке­
ниеті» аталу себебі неде?
– «Көшпелі» деген сөзден қорқудың қажеті жоқ. Кезінде 
еуроцентристік көзқарастағы батыс ғалымдары көшпелілерді 
«номадтар», «жабайылар» деген ұғыммен байланыстырды. 
Сол сияқты Ресей империясы мен Кеңестер Одағы тұсында 
көшпелі тұрмысты «артта қалушылық», «мәдениеті төмен 
қоғам» ретінде түсіндіріп келді. Осы сөзге сүйеніп өзіміздің 
арамыздан шыққан жекеленген ғалымдар да «қазақ көшпелі 
болмаған» деген көзқарасты санамызға сіңдіруге тырысып 
жүр. Қазақтың отырықшы тұрмыс кешпегенін оның нақыл 
сөздерінен де аңғаруға болады. Мысалы, «шаңырағың биік 
бол сын, керегең кең болсын, босағаң берік болсын» деген 
сөзінен­ақ киіз үймен байланысты екенін аңғару қиын емес. 
Қазақ «Мұнараң биік болсын, іргетасың берік болсын, қа­
бырғаң қалың болсын» деп айтпайды ғой. Мен «көшпелі­
лік – өркениетті бүлдіруші емес, керісінше өркениеттерді 
байланыстырушы буын» ретінде қарастырар едім.
– Зерттеу орталығының негізгі мақсаты мен міндет­
тері жайлы айтып өтсеңіз…
– Бұл зерттеу бағытының жаңалығы көшпелі өркениет 
тарихы әлемдік озық ғылыми ойлардың жетістіктері мен 
инновациялық методологияның негізінде жаңаша зер де ле­
неді. Сонымен қатар жаңа тарихи жазба деректер, архео­
логиялық деректер мен арнайы зерттеулер ғылыми айналымға 
қосылады, көшпелілер тарихының тарихнамасы терең талда­
нады. Осыған байланысты Қазақ ұлттық университетінің та­
рихшы мамандары «Көшпелілер (номадтар) өркениетін зерт­
теу» орталығының мақсат­міндеттерін айқындап, қағидалары 
мен жұмыс істеу ережелері туралы бағдарламасын жасап, 
Білім және ғылым министрлігінің бекітуіне жіберді. 

310
Орталықтың бағдарламасында көрсетілгендей, оның не­
гізгі мақсаты әлемдік тарихтың шеңберінде Қазақстан мен 
Орталық Азия аумағында көшпеліліктің дамуын заманауи 
методологиялық парадигмалар мен жаңа теориялық ұста­
нымдар негізінде терең және жан­жақты зерттеу болып табы­
лады. Осыған сай бірнеше міндеттер де айқындалды:
– жинақталған материалдар мен зерттеулерге сүйене оты­
рып, өркениет феноменіне ғаламдық талдау жасауға кон­
цептуалдық негіз дайындау;
– Орталық Азияда көшпеліліктің (номадизм) пайда бо­
луының өзіне ғана тән ерекшеліктерін анықтау;
– номадтардың әлеуметтік ұйымы мен құрылысын зер­
делеу;
– Орталық Азия көшпелілерінің этникалық аумағының 
қалыптасу мен дәстүрлі шаруашылығының дамуы үрдісін 
зерттеу;
– көшпелілердегі мемлекеттіліктің, басқарудағы ұлыстық 
жүйе мен саяси­потестарлық  жүйелердің пайда болуына тал­
дау жасау;
– дала номадтарының шекаралас отырықшы халықтар­
мен қарым­қатынастарының саяси және мәдени аспектілерін 
анықтау;
– номадтардың әскери өнерін зерделеу мен оның маңызын 
айқындау;
– көшпелілердің рухани өміріндегі тарихи білімнің рөлі 
мен маңызын анықтау;
– ислам мен көшпелілердің дәстүрлі өркениетінің тұтас­
тығы мен сабақтастығын анықтау міндеттері жүктелді. Бұл 
міндеттер жоғарыда айтып өткен 18 жобаның тақырыптары 
арқылы ғылыми түрде негізделді.
– Көшпелілер мәдениетін зерттеудің ғылыми, халықара­
лық маңызы жөнінде не айтар едіңіз?
– Біз Орталық Азияның тұрғылықты халықтары және 
бұлармен ежелден аралас жатқан қазақ халқының дәстүрлі 
көшпелі тарихына, шаруашылық түрлеріне, мәдениеті мен ру­
хани құндылықтарына, олардың халықтың өміріндегі маңызы 
мен қызметіне тоқтала отырып, көшпелілердің өркениетінің 
жоғары деңгейде дамығандығын, оның өзіндік ерекшеліктері 

311
мен сабақтастығын жаңа бағытта, жаңа деректер мен зерт­
теу еңбектерін ғылыми айналымға қосу  арқылы, кешенді 
түрде зерттеуді қолға алмақпыз. Қазақтар мен Орталық Азия 
халықтарының шаруашылығы мен мәдени дәстүрлерінің 
біртұтастығы, кейбір ерекшеліктері мен оның себептері – 
зерттеушілердің назарына аса ілікпеген мәселе. Қазақстан 
аумағында өмір сүрген көшпелілердің шаруашылығы мен 
материалдық мәдениеті көрші халықтармен бірегей бол­
ға нымен, өзіндік ерекшеліктері де бар. Орталық Азия ай­
мағында сан ғасырлар бойы көршілес өмір сүріп, ортақ мәде  ни 
дәстүрлері қалыптасқан туысқан халықтардың шаруа 
шы­
лық түрлері, мәдениеті негізінен, ұқсас, ортақ. Сондық тан 
да жаһандану заманында бөгде мәдениеттердің экспансия­
сынан туыстас, тектес мәдениеттердің бірге тегеурін жасауы 
ар қылы да қорғану қажеттігі туындайды. Демек, көшпелілер 
өркениетін зерттеу мәселесінің ғылыми, халықаралық ма­
ңызы да аса зор. 
Әл­Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 
«Көш  пелілер (номадтар) өркениетін зерттеу» орталығының 
бағдарламасын жүзеге асыру үшін ғылыми жаңалықтары­
мен бөлісу мақсатында университет қабырғасында жыл са­
йын жүйелі түрде шығатын ғылыми жинақ ретінде еңбектер 
жариялауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар зерттеу 
орталығының барлық зерттеу нәтижелері мен жаңалықта ры 
орта және жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісіне, онда­
ғы оқу  жоспарлары мен бағдарламаларына, оқулықтар мен 
оқу құралдарына, оқу­әдістемелік құралдардың мазмұнына 
енгізу де алдағы уақыттың еншісінде.

312
ТҮСІНІКТЕМЕ
Назарбаев Нұрсұлтан – Қазақстан Республикасының Пре­
зи денті, экономика ғылымдарының докторы, Халық аралық, 
ТМД елдері және Қазақстан Ұлттық Ғылым Акаде миясының 
академигі.         
Тәжин  Марат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік 
хатшысы.
Сыдықов Ерлан – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 
университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, 
профессор, академик.
Әбжанов Хангелді – Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және 
этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент 
мүшесі.
Аяған Бүркіт – ҚР БжҒМ ҒК Мемлекет тарихы инсти­
тутының директоры, тарих ғылымдарының докторы, про­
фессор.
Дербісәлі Әбсаттар – Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану 
институтының директоры, филология ғылымдарының докто­
ры, профессор.
Байтанаев Бауыржан – Ә. Марғұлан атындағы Археология 
институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі.
Қойгелді Мәмбет – тарих ғылымдарының докторы, про­
фессор.
Әбусейітова Меруерт – тарих ғылымдарының докторы, 
профессор.
Жолдасбеков Мырзатай – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті Түріктану кафедрасының меңгерушісі, 
филология ғылымдарының докторы, профессор.
Смағұлов Оразақ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғы­
лым Академиясының  академигі, Болония Академиясының 
мүше­корреспонденті. 

313
Салғараұлы Қойшығара – Қазақстан Республикасы Мем­
лекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сі­
ңірген қайраткері.
Смайыл Алдан – Қазақстан Республикасы Парламент 
Мәжілісінің депутаты.
Нысанбаев Әбдімәлік – философия ғылымдарының докто­
ры, профессор.
Есім Ғарифолла – философия ғылымдарының докторы, 
профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Ака­
демиясының академигі.
Сартқожа Қаржаубай  – тарих ғылымдарының докторы, 
профессор.
Қасқабасов Сейіт – филология ғылымдарының докторы, 
профессор.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының 
академигі.
Елубай Смағұл – жазушы.
Ыбыраев Шәкір – филология ғылымдарының докторы, 
профессор.
Омарбеков Талас – тарих ғылымдарының докторы, про­
фессор.
Артықбаев Жамбыл – тарих ғылымдарының докторы, 
профессор.
Қамзабекұлы Дихан – филология ғылымдарының докто­
ры, профессор.
Жұртбай Тұрсын – филология ғылымдарының докторы, 
профессор.
Әлімбай Нұрсан – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 
музейінің директоры.
Аманжол Қалыш – әл­Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 
университетінің археология және этнология кафедрасы 
меңгерушісі, профессор.                                                                     
Бегманов Қасымхан – ақын, «Дәстүр» журналының бас 
редакторы.
Қойшыбай Бейбіт – жазушы.
Сәрсеке Қоғабай – жазушы.
Сәрсенбай Оразбек – жазушы.

314
Бораш Қуат – журналист.
Смағұлова Светлана – тарих ғылымдарының докторы.
Ілиясова Күләш – тарих ғылымдарының докторы.
Ноянұлы Еділ – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.

МАЗМҰНЫ
Бас редактордан ................................................................3
Бірінші тарау
Н. Назарбаев. Абылай аңсаған азаттық ..................................7
М. Тәжин. Ұлттық тарихи жадыны сақтап қалу – 
өз­өзіңді сақтап қалудың жалғыз жолы ............................... 11
Е. Сыдықов. Абылай хан – көрнекті мемлекет
қайраткері және дара тұлға ................................................ 22
Х. Әбжанов. Қазақтың тарихын көптомдық етіп
жазуымыз қажет .............................................................. 34
Б. Аяған. Жұмыла көтерген жүк жеңіл ................................ 43
Ә. Дербісәлі. Түркиядағы жазба жәдігерліктеріміз ................. 51
Б. Байтанаев. Археологиялық мұра – ел қазынасы ............... 62
М. Қойгелді. Тарихың түгенделмей, танымың түзелмейді ...... 69
М. Әбусейітова. Бай тарихымызды түгендеуіміз қажет .......... 73
Екінші тарау
М. Жолдасбеков. Жидебай батырдың 300 жылдығы атаусыз
қалуға тиіс емес ................................................................ 85
О. Смағұлов. Отан тарихын жазудың жаңа кезеңі басталды ..... 89
Қ. Салғараұлы. Өткеннің өнегесі – ертеңге үлгі ..................... 96
А. Смайыл. Отарлау ойраны алаш жұртын әлсіретіп кетті ..... 109
Ә. Нысанбаев. Қазақ философиясының рухани бастаулары ... 121
Ғ. Есім. Иоллығтегін ....................................................... 132
Қ. Сартқожа. «Қазақ заңының» толық нұсқасы моңғол 
жерінен табылды ............................................................ 136
С. Қасқабасов. Ту ұстап жауға шапқандар .......................... 142
С. Елубай. Құлдық санадан ұлтты қалай құтқарамыз? ......... 156
Ш. Ыбыраев. Жақсы болуға міндеттіміз, 
жаман болуға хақымыз жоқ!............................................. 168
Т. Омарбеков. Қазақтың тарихы дегеніміз – 
шын мәнінде қазақтың шежіресі ....................................... 177
Ж. Артықбаев. Абылай хан: аңыз бен ақиқат ...................... 187
Д. Қамзабекұлы. Омбының Алаш дәптері ........................... 208
Т. Жұртбай. Түркі тегінің бір суыртпағы ........................... 216
немесе жатбауыр тартқан етбауыр тек туралы ой ................. 216
Н. Әлімбай, А. Қалыш. Ғалым ғибраты ............................... 235

Үшінші тарау
Қ. Бегманов. Тарихымызға қатысты құжаттар 
шетел мұрағаттарында шашылып жатыр ........................... 243
Қ. Сәрсеке. Ұлт болмысы – ұлттық тарихта ......................... 268
О. Сәрсенбай. Айтылмай келген әңгіме немесе Қоқан 
хандығының езгісінде болған кезең неге зерттелмейді? ........ 273
Қ. Бораш. Жұмыр жердің жұмағы ..................................... 284
С. Смағұлова. Ұлт тарихына қажетті деректер ..................... 295
К. Ілиясова. Оқулықтар жазуда олқылықтар бар ................. 302
Е. Ноянов. «Көшпелілер өркениетін зерттеу» 
орталығы құрылды ......................................................... 308
Түсініктеме .................................................................... 312

Құрастырушылар: 
Тұрдықұл Шаңбай – ҚР Мәдениет қайраткері; 
Ақмарал Ибраева – тарих ғы лымдарының докторы, про­
фессор
Жинаққа енген авторлардың мақалалары мына ғылыми­
мерзімді басылымдардан алынды: «Егемен Қазақстан», 
«Мәңгі Ел», «Айқын газеті», «Дала мен қала», «Алаш айнасы», 
«Президент және халық», «Әлем әдебиеті», «Қазақ әдебиеті», 
«Астана ақшамы», «Ана тілі», «Қазақстан­Заман», 
«Қазақ газеті», «Түркістан», «Халық сөзі»  және т.б.
 
Сериялық ғылыми жинақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университетінің Тарих факультетінде дайындалды.

ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА 
Ғылыми серия 
Мақа лалар  жинағы
Бірінші том 
Жинақты басылымға дайындаған шығармашылық топ: 
М. Алпысбес – т.ғ.д.; Г.Т. Мұсабалина – т.ғ.д.; 
З.К. Сұрағанова – т.ғ.к.; Қ.О. Сейтқазина – т.ғ.к; 
Р.Ж. Екібаев – т.ғ.к.; З. Ибадуллаева – т.ғ.к.; 
Қ.К. Сәрсембина – т.ғ.к.; Д.М. Маратова;
 Қ.Қ. Рахымжанов 

Редакторы
 Назерке Рамазан
Техникалық редакторы 
Раушан Тұрлынова
Көркемдеуші редакторы 
Жеңіс Қазанқапов
Корректоры 
Ботагөз Мұхиден
Компьютерде беттеген
 Динара Канапинова

«Фолиант» баспасы
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
«Фолиант» баспасының баспаханасында басылды
010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13
Басуға 19.10.13 қол қойылды.
Пішімі 84х108 
1
/
32
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 
Шартты баспа табағы 16,80.
Тапсырыс №
0192
. Таралымы 1000 дана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет