Ма алала жи а ы халы а их л ы ы да І


ЖИДЕБАЙ БАТЫРДЫҢ 300 ЖЫЛДЫҒЫ АТАУСЫЗ



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата15.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#9900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ЖИДЕБАЙ БАТЫРДЫҢ 300 ЖЫЛДЫҒЫ АТАУСЫЗ 
ҚАЛУҒА ТИІС ЕМЕС
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деп хакім 
Абай айтқандай, жас ұлғайғандықтан ба, әлде елдің сөзін 
ұстаған, көптің көкейіндегісін тауып жүрген кісінің бірі дей 
ме, әйтеуір ел­елден, жер­жерден, шалғайдан маған әр түрлі 
тілек­өтініш хаттары келіп жатады. 
Қолымнан келгенше қолұшын беруге, қолғабыс тигізуге 
тырысамын. Ана бір жылы Ақтөбе облысынан елге қадірлі 
біраз ақсақалдар хат жолдап, атақты Мөңке бидің әкесі Ті леу 
батырдың атаусыз қалып бара жатқанына налып, көпшілік­
тің көңіл­күйін, өтінішін билікке жеткізуімді сұраған еді. Сөз 
болып отырған Тілеу батыр, жарықтық, сонау Ақтөбеден он 
жетімың қолжинап, баласы екеуі бастап Сайрамды қорғауға 
қатысқан екен.
Сол ұлы шайқаста Тілеу батырдың өзі де, баласы Жолды­
аяқ та мерт болып, сарбаздарының үштен бірі қырылған 
екен. Тілеу батыр баласы екеуі Түркістанда жерленген. Бұл 
жа йында кезінде мен «Егемен Қазақстанға» мақала жазып, 
Оң түстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов 
ініміз, Тәңір жарылқасын, біраз игілікті іс атқарды. 
Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ау­
данының он бірінші класс оқушысы Шахинұр Бақыт 
бек­
қызынан торғайдай шырылдаған екі хат келді. Ол хат­
тарды да қыркүйек айында «Егемен Қазақстан» газетінде 
жа рияладым. Шахинұр Абайдың «Ескендір» поэмасын, 170 
өлеңін, 45 қарасөзін, Шәкәрімнің «Қалқаман­Мамыр» по­
эмасын, 11 қарасөзін, 90 өлеңін жатқа біледі. Өткен жылы 
«Абай оқуларының» республикалық конкурсына қатысады. 
Абайдың кіндік қаны тамған, табаны тиген жерді көріп 

86
бақыт құшағына бөленеді. Бірақ өзіне­өзі сеніп, бас бәйгені 
аламын деп барған бала үшінші орын алғанда қатты нали­
ды. «Абай елінде де әділетсіздік бар екен, аға» деп торғайдай 
шырылдап, менен араша сұрап хат жазады. Әттеген­ай, бала – 
болашағымыз ғой, болашаққа бірдей қарау керек еді ғой, 
әділеттен аттамау керек еді­ау, балаға әділетсіздік жасағаны 
жөн болмаған екен деп мен де қиналдым. «Егемендегі» сол 
мақаламда: «Жаһандану заманында ұлттың келешегі, тілі, 
тарихы, өнері, салт­дәстүрі не болар екен деп уайымдаймын. 
Ұлттың ойлау жүйесін, халқымыздың тұтастығын сақтап 
қалу үшін, жас дарындарды ұлттық дәстүрде тәрбиелеп­өсіру 
үшін Астанада Абай мектебі ашылса, оған ылғи дарынды ба­
лалар қабылданса, ерекше жағдай жасалса, сөйтіп кісіліктің, 
даналықтың, шешендіктің, көсемдіктің, ойшылдықтың озық 
дәстүрін қайта қалыптастырсақ. Өйткені Абай – Ұлы Дала 
мектебі, Ұлы Дала университеті, Ұлы Дала Академиясы»,– 
деп жазған едім. Содан бері талай уақыт өтті, бірақ селт ет­
кен кісі болған жоқ. Елімізде Абай атындағы мектеп аз емес, 
өкініштісі – әлі Абай мектебі жоқ. «Құдайға даусым жет пейді, 
билікке сөзім өтпейді», – деп Ақселеу айтпақшы, бүгінде 
биліктегі інілеріміздің көбі естісе де естімегендей, көрсе де 
көрмейтіндей болды. Халықтан ешкім үлкен емес, көптің сө­
зіне құлақ түрген, халықтың тілегі аяқсыз қалмағаны жөн. 
Жақында Қарағанды облысы, Балқаш қаласының тұрғыны 
Тоқтамысов Әзірбайжанның көпшілік атынан жазған ха­
тын алдым. Хатта атақты Жидебай батырдың биыл үш жүз 
жылдығы екенін, әлікүнге атаусыз келе жатқанын айтып, 
осыған орай қозғау салуымды сұрапты. Айтса айтқандай­ақ, 
жан­тәнімен жерін қорғаған, ұлтты ұйыстырып, халқына 
пана, қорған болған ел тұтқалардың аруағын ардақтаудың ор­
нына бүгінде өзді­өзіміз мерейтойлардың, әр түрлі қызық тың 
бәсекесі мен әуестеніп кеткен тәріздіміз. 
Биыл Абылайдың үш жүз жылдығы, Төлебидің үш жүз 
елу жылдығы ойдағыдай өткізіледі деп үміт етіп жүрміз. 
Сондай ұлт мерекесінің бірі – Жидебай батырдың үш жүз 
жылдығы. Жидебай Қожаназарұлы (1713­1815) – қазақ хал­
қының даңқты әрі аруақты батыры, әбжіл шешен, аса ірі 
шежіреші, қазақ жерін жоңғар шапқыншыларынан азат ету­

87
де теңдесі жоқ ерлік көрсеткен қолбасшы, аса көрнекті мем­
лекет қайраткері, асқақ Абылайдың сенімді серігі, жауқарақ 
басы, пікірлес досы әрі биі. Абылайды ақ киізге отырғызып, 
хан көтеруге қатысқан кісі. Жидебай батыр Аңырақай шай­
қасына, Қаншеңгел, Ақсүйек соғысына қатысып ерлік көр­
сеткен, Баян тауын, Ертіс маңын, Нұрабойын, Қарқаралы, 
Ұлытау, Ақмола, Балқашты азат еткенде мыңбасы, Тарба­
ғатай, Аягөз, Талдықорған, Құлжа, Алатау, Талғарды азат 
еткенде әскербасы болған. 
Талғар қаласы маңындағы Жидебай асуы, Абай қыс­
тауындағы Жидебай қорығы осы батырдың атымен аталған. 
Жидебай батырды ақындар жырына қосып, жыраулар дас­
танқып жырлаған, бүгінгі жазушыларымыздың біразы ның 
романдарына басты арқау болған. Ертай Құлсариевтің «Жи­
дебай батыр» жыры, Нұршилан жыраудың «Нұршилан­
Бәйеш» жыры, Үмбетей жыраудың, Тәшен ақынның жыр­
лары, С. Сматевтың «Елім­ай» романы, Қ. Жүнісұлының 
«Құба белдер» трилогиясы, М. Баймұқановтың «Абылайза­
маны» романы, «Жидебай батыр» жинағы (2007) осы айт қан­
дарымыздың куәсі. Батыр бабамыз туралы «Бабалар сөзінде» 
(59 том), «Қазақ энциклопедиясында», Мәшһүр Жү 
сіптің 
«Қазақ шежіресінде» (7 том), Ә. Бөкейхановтың, Ә. Мар ғұ­
ланның, С. Дубиннің, Ю. Поповтың еңбектерінде кеңінен 
баян 
далған. Адольф Янушкевич Жидебай батыр туралы, 
Шың ғыстаудағы Жидебай қыстауы жөнінде Құнанбайдан мол 
мағ лұматалған. Қысқасы, Жидебай Қожаназарұлы – қазақ 
мемлекеттігін қалыптастыруда айрықша тер төккен, халқына 
қадірі асқан, туған жерін азат етуде ерлік көрсеткен, сөзімен 
елді аузына қаратқан, ісімен халқын ұйытқан өз заманының 
аса ірі тұлғасы, қазақ тарихының көрнекті қайраткері. Қаз 
дауысты Қазыбек бидің: «Замана өтпес болсайшы, Жидекем 
өлмес болсайшы» дейтіні де, халқымыздың: «Сарыарқадай 
жер қайда, Жидебайдай ер қайда?» дейтіні де сондықтан. 
Қасиетті жерімізге, қаладаламызға Петропавл, Павлодар деп 
қазаққа еш қатысы жоқ қайдағы аттарды қойып, әспеттей 
берудің енді еш жөні жоқ. Қазақты ел қылған, қазақ елі үшін, 
қасиетті жері үшін бүкіл өмірін арнап, жанын қиған ұлы 
тұлғалардың есімін ардақтауымыз керек.

88
Сондай ерлеріміз Абылай ханның, Жидебай батырдың 
биыл үш жүз жылдығы. Аруақ үшін, қазақ үшін, келешек 
үшін мораторий дегенді, болмашы тағы бірдеңелерді сылтау­
ратпай, бұл тойларды халық мерекесіне айналдырып, мемле­
кет атынан ұлы батырлардың есімін мәңгі есте сақтау шарала­
рын белгілеген жөн. Сонда ел де, аруақ та риза болады. 

89
Оразақ СМАҒҰЛОВ
ОТАН ТАРИХЫН ЖАЗУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 
БАСТАЛДЫ
Ағынан жарыла әділін айтар болсақ, қазақ тарихшы­
лары күні бүгінге дейін қазақ елінің егемендігіне лайықты 
Отан тарихын жазып бере алған жоқ. Оның толып жатқан 
объективті және субъективті себептері, кесапатты кедергілері 
болғандығы да баршамыздың есімізде. Бір сүйініштісі – осы 
жағдайларды байсалдылықпен сараптап, жан­жақтылы да­
йындық жасаған өкіметіміз бүкіл қазақ халқын оның зиялы 
қауымы мен маман тарихшыларын қазақ тарихын жаңа ша 
жазудың қажеттілігі мен зәрулігін зерттеп­зерделей отырып 
нақты іске кірісуге шақырды.
Астана қаласында 2013 жылдың 5 маусымында мем­
лекеттік хатшы Марат Тәжин тарихшылар мен тиісті мем­
лекеттік органдардың алдында жасаған аса байыпты баян­
дамасында бұл мәселенің бүге­шігесіне дейін тоқталып, 
нақ ты тапсырмалар бергеніне куә болдым. Көптен көңілімді 
күпті қылып жүрген түйткілдерге нақты жауап тапқандай 
қанаттанып, өткен­кеткенге және бүгінгі хал­жайымызға ой 
көзімен шолу жасадым. Сөйтіп, «өзім не бітірдім, замандаста­
рым мен әріптестерім не тындырды?» дегенге жауап іздедім.
Тарихшы әріптестерімнің соңғы жылдары баспадан шық­
қан зерттеу еңбектерін шола қарастыра келе, өзім бұ рыннан 
жақсы білетін танымал түрколог һәм синолог, тарихшы 
Әлімғазы Дәулетханның «Ежелгі және Орта ғасыр 
дағы 
түркілер: тарихи зерттеулер» (Алматы, 2011. – 301­б.) атты 
кітабын қолыма алып, шұқшия оқып шықтым. Жасыратын 
несі бар, Кеңес үкіметі кезіндегі Отан тарихы саласының тым 
артта қалғанын, әсіресе түркология ғылымының шет қақ пай 
көріп дамымай қалғанын мойындай отырып, Әлімғазының 

90
осы еңбегінің мән­маңызына арнайы тоқтала кетуді жөн са­
надым.
Бұл күндері баршаға мәлім болғанындай, қазақ тарихы 
мен түркология ғылымы орыстық және еуропацентристік 
астамшылықтың қыспағына түсіп, алға жылжудың орнына, 
басқан аяғы кері кетіп тоқырауға ұшырады.Осы салаға қалам 
тартқан ғалымдар қуғын­сүргінге ұшырап, кітаптары станок­
та туралып жатқаны кешегі күннің «қалыпты» жағдайы бо­
латын. Баспа бетін көріп насихатталған кеңестің түркология­
лық зерттеулері Ресей ғалымдарының қолымен тек қана орыс 
тілінде жазылған болатын. Ал осы зерттеусымақтардың бә­
рінде дерлік түрік халықтарын кемсітіп, олардың көне та­
рихы, мәдениеті жоқ, жартылай жабайы тобырлар ретінде 
көрсетіліп келгенін білеміз. 
Ресей түркологтарының арасынан бір ғана шығыстану шы 
С.Е. Малов түрік халықтарының ең байырғы халықтардың 
бірі екенін жан­жақтылы дәлелдейтін көптеген бағалы зерт­
теулер жазып жариялады. Ол былай деп ашық жазған бола­
тын: «Я не знаю, могу ли ответить, где впервые появились, 
образовались и жили тюрки: На Востоке Центральной или 
Средней Азии и Сибири или на западе – в Южнорусских сте­
пях или в Волжского – Уральской бассейне. Могу только ска­
зать, что и за пять веков до н.э. тюрки жили там же, где они 
живут тем же образом (с малыми исключениями) и теперь. 
(Малов С.Е. Древние и новые тюркские языки // Известия 
АН СССР. Отделение литературы и языка. Т. ХІ. 1952. Вып. 2 
(март­апрель). 136­б.).
С.Е. Маловтың бұл жазғандарына қарамастан өткен ға­
сырдың ортасына ала түркі халықтарының көне тарихын 
зерттеушілер алдына аттап өте алмас «шлагбаум» қойылған 
болатын. Сол бойынша шектеулі аймақтың шегі сызы­
лып, түркі халықтарының көне тарихы тек заманымыздың 
VІ­VІІ ғасырларынан басталады дегенді дәлелдеуге ба­
рын салды. С.Е. Маловтың аспиранты болған бүгінгі тарих 
ғылымдарының докторы С.Г. Кляшторный осы сыңаржақ 
пікірін кітаптан­кітапқа көшіріп, оқырмандарға тықпалап 
келе жатыр. Осының бәрі Отан тарихына үлкен қасірет бол­
ды, тек бұл күнде олар артта қалған, келмеске кеткен дәуір 

91
болып саналады. Осының нақты бір көрінісін аталмыш 
кітаптың атауынан­ақ және жарияланып отырған еңбектің 
мазмұнынан айқын көре аламыз. Бұл жерде баса айтып 
кететін жай, ол Ә. Дәулетханның түрколог­синолог болып 
қалыптасқан мамандығының арқасында әр тарихи дәуірлерде, 
әлемдік бірнеше тілде жазылған деректерді қаз­қалпында оқи 
алатындығы, яғни қазақша, қытайша, түрікше, ұйғырша, 
өзбекше, татарша, орысша, т.б. құжаттарды пайдаланғанда 
олардың тіл үндестіктеріне шейін аса мән беріліп, жан­жақты 
сараланып және салыстырмалы түрде қарастырылатыны өте 
ұтымды ізденіс болып саналады. 
Сонымен қатар менің аңғарғаным, Ә. Дәулетханның 
жеке басының рухани негізі мен ғылыми ынталылығы тек 
ұлттық­түркілік тұғырнама аясында қалыптасқанын бай­
қатады. Мұндай азаматтық сезім қазақ халқының сырлы 
да, қилы тарихын жанашырлықпен жазуға бағыттайды. 
Өйткені егеменді заманға дейін бұрын­соңды халқымыз дың 
көне тарихы мен этномәдениетін, шынтуайтына келгенде, 
ұлттық мамандардың тұрғысынан жазу мүмкіншілігі өте аз 
болғандығы және олардың бәрі опасыз кеңес дәуірінде орын­
сыз репрессияға ұшырап дүниеден озғандары барлығымыз­
ға мәлім. Осыншама қиыншылықтан кейін Ә. Дәулетхан­
ның аталмыш монографиясының ғылыми мән­мағынасына 
қарағанда бүгінде Қазақ елінің Отан тарихы тепе­теңдік 
дең гейінде бастау алып жазылған еңбектердің бірі деп баға­
лаймыз. Ал аталмыш еңбектің ғылыми құндылығына келе­
тін болсақ, онда кітапта Түркеш қағанатына толық ізденіс 
жасағанының өзінен­ақ байқауға болады. Мұнда түркі тай­
па ларының танымалы серпіліс алған кезеңнің бірі VІІІ ғ. 
болғандығы жазылған Түркеш қағанатының қауымдастық 
құрылымы мен оның әлеуметтік және экономикалық тір­
шілігі бұрын­соңды нақтылы сипатталмаған болатын. 
Алғаш рет өз заманында Түркеш қағанаты 75 жылдай 
өзіндік билігі мен қуаттылығын Таң патшалығының алдын­
да айқын көрсете білгендігі кітапта орынды жазылған. Сөй­
тіп, Түркеш қағанаты Көне Қазақ жұртында өзінің егемен­
дік талпынысының алғашқы үлгісін айтарлықтай көрсете 
білген және оны Ә. Дәулетхан алғаш рет бүгінгі оқырмандарға 

92
дәлелді түрде паш етіп жазған. Сөйтіп, Отан тарихында 
Түркеш қағанатының алатын орны айқындалып, айтарлық­
тай ғылыми жаңалық ретінде қабылданды. Өйткені кешегі 
кеңес дәуірінде б.з. І мыңжылдығында Батыс және Шығыс 
түрік қағанаттарынан басқа түркі тектес халықтарының 
ешбір мемлекеті болмаған деген ұғымның дәлелсіздігін, 
Көне Қазақ жұртында өмір сүрген Түркеш қағанатының 
қоғам 
дық құрылымы айқын дәлел бола алады. Түркеш 
қағанатының бұл тарихи белесін Ә. Дәулетхан барынша то­
лықтырып, ғылы 
ми айналымға кіргізіп отыр. Кітаптың 
бірінші бөліміндегі (8­135­бб.) Түркеш қағанатының тари­
хи анықтамалары егемен 
діктің арқасында болып жатқан 
Отандық тарихымыздағы алғашқы жемістерінің бірі болып 
саналады. Сондықтан келешекте халқымыздың ортаға сыр­
дағы этномәдениетін сипаттағанда Түркеш қағанаты өзі нің 
тиісті тарихи орнын таба алады деген үміттеміз.
Кітаптың екінші бөлімінде (148­301­бб.) Ежелгі және орта 
ғасырлардағы түркі тайпаларының бұрын­соңды ескеріл мей 
келе жатқан үлкенді­кішілі он бес шақты тарихи деректер 
мен сын пікірлерге орынды назар аударылған. Әрине, бұл 
арада олардың бәріне сипаттамалар беруге біздің мүмкінші­
лігі 
міз жоқ. Сондықтан олардың арасында тарихнамада 
көптен бері ғалымдардың назарынан тыс қалмай келе жатса 
да дұрыс шешімін таба алмай жүрген этнотерминнің бірі және 
оны сан­саққа жүгіртіп жазып келе жатқан хұн атты тайпаға 
назар аударғанды орынды көріп отырмыз. Өйткені бұл эт­
нотермин туралы күні бүгінге дейін талай атақты Еуразия 
ғалымдары нақтылы ештеңе айта алмағаны аян. Ал қытай 
жылнамаларына терең үңіліп, аталмыш этнотерминнің үн­
дестігіне шейін назар аударып, хұн атауына алғашқы қана­
ғаттанарлық этнотарихи түсінікті беріп отырған Ә. Дәу­
лет 
хан десек болар (165­183­бб.). Дәл осы автордай хұн 
тайпасының бүгі мен шігіне дейін ешкім айқындаған емес. 
Және атақты түркі елінің танымал тарихшысы Баһаддин 
Өгелдің «Ұлы Хұн империя сының тарихы» (1998 ж.) атты 
екі томдығын қазақшаға аударған да Ә. Дәулетхан болып 
саналады. Бұл аталмыш түркі ғалымының еңбектерінен 
оқып, олардан дұрыс түсінік алған авторымыздың ай­

93
туынша: «…көп томдықтарын зерделеп оқыған адам… Хұн­
дар ешқашан да моңғол текті, тұңғұс текті де, тіпті кейбір 
еуропалық зерттеушілер болжамдағандай фин, иран, угор 
текті емес, нағыз түркі нәсілді халық болға нына анық көз 
жеткізе алар еді», – деп жазады Ә. Дәулетхан. Автордың бұл 
тұжырымы, біздіңше өте орынды айтыл ған ұғым және та­
рихнамада ескерілетін жай.
Ә. Дәулетханның көптеген қытай жазба деректерінің ті­
келей түпнұсқасына сүйеніп, ғұн этнотерминіне орай оның 
тағы бір жазғандарына сүйенер болсақ, онда ол «Хұн» сөзінің 
айтылуы мен жазылуында үлкен мән берілгені оқырман­
дарды қатты қызықтырады. Өйткені әрбір зерттеушілер 
қытай иероглифін оқығанда осылай деп өзінің ыңғайына 
қа рай бұрмалап иероглиф түпнұсқасын жаза беретіні бар. 
Жал пы хұндарға байланысты аталмыш автордың мына бір 
жазғандары тарихнамада ескерілуі қажет. «Хұн сөзінің ай­
тылуы мен оның этимологиясы жөнінде, – деп жазады сино­
логымыз – ғасырлардан бері айтылған сөздер өте көп болса да 
соңғы кезде «Хұн» сөзінің түріктердің «Күн» сөзінен келіп 
шыққанына тоқтаушылар басым. Оған екі уәж келтіруге бо­
лады: біріншісі – Хұндар тәңірлік наным­сенімдері бойынша 
көкке табынушылар болғандықтан өздерін «Күндер», «Күн 
перзенттері» деп атауы табиғи нәрсе. Міне, сол «Күндер» 
басқа халықтардың дыбыстау, сөйлеу мәнерлері бойынша 
«һундер, ғұндар, гүндер, хоньюндер, хуннулар, сюннулар», 
т.б. деп атап жазуы әбден мүмкін» (166 б.) деген ескертуді ай­
тады авторымыз. Сонымен бірге оның жазғаны: «Хұндардың 
прототүрік тілінде сөйлегендігі бұл күндері онша талас ту­
дырмайтын ақиқатқа айналғандығын ескерсек, «Хұн» сөзінің 
әуелгі аталуы «Күн» екендігі де күмән тудырмайды», – (166­б.) 
дейді автор.
Қытай түркология ғылымының деңгейінде ізденіс жүр­
гізіп жүрген Ә. Дәулетханның хұндардың тілі мен жа­
зуына орай ғылымдағы талас­тартыстың дәлелсіздігінің 
се бебін де орынды көрсете білген. «Оның ең басты себебі, – 
дейді Ә. Дәулетхан – хұндардың бізге жеткен тілдік ма те­
риалдарының өте тапшы болуы. Қолда бар Хұн сөзі делін­
ген бірер жүз (кейде 20­30 деп те айтылады) атаудың өзі 

94
негізінен қытайша жазылған атау сөздер, ру­ұлыс атта­
ры, адам аттары, мансап аттары, ішінара қару­жарақ, мал 
өнімдері, музыка аспаптары атаулары ғана. Ал ол қытайша 
таңбаларды бүгінгі қытай тілінің оқу, дыбыс заңдылығы мен 
оқып түсіндірілуі де мүмкін емес. Өйткені хұн сөзі делінген 
атаулар қытайдың екі хан патшалығы (б.з.д. 220 – б.з. 25­
220 жж.) заманында қағазға түскен. Бір өкініштісі, сол 
заманға тән дыбыстық екпіндеу ережесі жазылған кітап 
бүгінге жетпеген немесе жазылмаған да болар», – деп жо­
рамалдайды авторымыз. Жалпы Хұн мәселесінің ғылыми 
шешу жолдарының қиыншылықтарын Ә. Дәулетхан былай 
тұжырымдайды: «Бір ғана «Хұн, Ху» атауының этимология­
сын ашу жолында әлі талай ұрпақ басын қатырар», – дейді.
Аталмыш кітаптың ІІ бөліміне топтастырылған зерттеу 
мақалалары қамтыған тақырыптардың әрқайсысына жеке­
жеке тоқталып жатуға мүмкіндік жоқ. Әйтсе де, ондағы 
«Қы тай жылнамаларындағы мәдениетімізге қатысты дерек­
тер», «Атлах­Талас шайқасы», «Үйсін­Дулат шежіресінің 
зерт телуі жөнінде», «Чигу қаласының тарихи орны тура­
лы» және «табғаш, чин­машин, қытай, қара қытай атаула­
ры жөнінде» атты зерттеу еңбектерінің танымдық, ғылыми 
мән­мағынасын ерекше атап өтуге тиіспіз. Әсіресе «Атлах­
Талас шайқасының» (751 жылғы) қалай болғаны: оның 
Орталық Азия мен қазақ елі аумағында жасап жатқан түрік 
халықтарының аумақтық, саяси, мәдени­рухани өрлеуіне ет­
кен орасан зор ықпал­әсерін өте нанымды тарихи жазба дерек­
тер арқылы тиянақты дәлелдеген.
Ал бір ғана «Табғаш» атауына қатысты шатасқан қанша­
ма атаулардың этимологиясы мен тарихи, саяси, еларалық 
қарым­қатынастарға байланысын ашып көрсете алғаны түр­
кологтар мен отандық тарихшылардың назарын аударуға тиіс 
деп қараймыз.
Қазақ елі тарихының арғы бастаулары мен қат­қабат­
тарында жасырынып жатқан дереккөздерін айналымға тү­
сірмей толық кемел тарих жазу мүмкін емес екенін ұғына тын 
уақыт болды ғой, ағайын! Ол үшін отандық тарихшы Әлім ғазы 
Дәулетханша бірқанша тілді меңгеріп, сол тілдерде жазылып 
қалдырылған мол деректерді салыстыра, салғастыра саралап 

95
барып өзіндік, дербес ой қорыту, тәуелсіз елдің тәуелсіз та­
рихшыларына қойылар басты талап болмақ.
Сонымен, ойымызды түйіндей келе айтарым, Ә. Дәу лет­
ханды қытай түркологиясы мен отандық түркологияның 
екі тізгін, бір шылбырын мықтап ұстаған халықаралық дең­
гейдегі ғалым болып қалыптасқандығын мақтаныш етуге 
тиіспіз. Осыған орай, әріптестеріме ұсыныс ретінде айтарым, 
ғалымның басты еңбектерін дәлме­дәл (адекватна) орыс және 
ағылшын тілдеріне аударып, республика баспасөзінде жария­
лануы өте қажет әрі орынды деп санаймын. Мұның бәрі алда 
жазылар Отан тарихының мүддесі мен талаптарына сай жаса­
латын ғылыми әрекет деп түсінген жөн.

96
Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ
ӨТКЕННІҢ ӨНЕГЕСІ – ЕРТЕҢГЕ ҮЛГІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының 
лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қой шы­
ғара Салғараұлын «Егемен Қазақстан» газетінің оқырман­
дарына таныстырып жатудың өзі артық. Журналистік 
ғұмырының он бес жылын осы басылымның қабырғасында 
өткізген Қойшекеңнің түрік халықтарының көне тарихын 
зерттеумен айналысып келе жатқанына да отыз жылдай 
болып қалыпты. Осы уақыт ішінде ол өзін білікті тарих­
шы, этнограф­ғалым ретінде танытып, ғылыми айналымға 
«Ұлы қағанат», Қытай дереккөздеріндегі түрік тарихы ту­
ралы материалдардың 10 томдығын, т.б. еңбектер қосты. 
Ал өткен жылдың аяғында оның Астана қаласындағы «Фо­
лиант» баспасы шығарған «Ежелгі түріктер», «Шығыс тағы 
түріктер» және «Ортағасырлық түріктер» деп атала тын 
үш кітабы оқырмандар қолына тиді. Біздің тілшіміз бел гілі 
жазушы­тарихшы ғалымға жолығып, әңгімелескен еді.
– Қойшығара аға, Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин­
нің қатысуымен Астанада өткен еліміздің ұлттық тари­
хын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 
кеңейтілген отырысына қатысқан боларсыз. Осы жиында 
айтылған әңгімеден қандай ой түйдіңіз?
– Бұл жиын осы төңіректе еңбектеніп жүргендердің қай­
қайсысына да біраз ой салды ғой. Бірақ ендігі мәселе ойда емес, 
сол жиыннан туындаған ойды қалай жүзеге асыруда болып 
тұр­ау. Шынын айту керек, қалай дегенде де, бұл өзі еліміздің 
рухани өмірінде елеулі оқиғаға айналған, әдеттегі өтіп жатқан 
жиындардардан ерекшелеу, бүгінгі тәуелсіздік жағдайында 
ұлттық тарихымызды зерделеуге жаңа бағыт беріп, қуатты 

97
серпіліс туғызған, мән­мағынасы батпан жиын болды. 
Мемлекеттік хатшының ұлт тарихын зерделеуге қатысты 
айтқан ойлары, нұсқаған бағыты тарих жанашырларының 
көңілінен шықты, көпшіліктен қолдау тапты. Сол жиыннан 
кейін іле жер­жерде төл тарихымызды зерделеуге арналған 
жиындардың өткізілуі, онда айтылған ой­пікірлерді ақпарат 
құралдарының жерге түсірмей, іліп әкетіп, көпшілік наза­
рына жедел ұсынуы – соның айғағы. Халық ақиқатты арқау 
еткен, шынайы жазылған төл тарихын танып­білуге шөлдеп 
отыр екен.
– Елбасының өзі төл тарихымызды түгендеу, оған жаңа­
ша мазмұн беру қажеттігі жайында сан мәрте айтқан бо­
латын. Ол үшін бәрін тізбелемей, 1995 жылы Президент тің 
тапсырмасымен «Қазақстанда тарихи сананы қалыптас­
тыру тұжырымдамасы» жасалып, мемлекеттік саясат 
жөніндегі Ұлттық кеңесте бекітілгенін, 1998 жылдың 
«Ұлт тарихы жылы» деп жарияланғанын айтсақ та жет­
кілікті. Оған «Мәдени мұра» бағдарламасын қосыңыз. Осын­
дай талпыныстардың нәтижесінде бұл бағытта қы  руар 
істер атқарылды десек, артық айтқандық болмас. Деген­
мен, еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін отан дық та­
рихты шынайы да жан­жақты зерттеу ісін де тарихшылар 
алдында жаңа мүмкіндіктер ашылды десек те, Президент­
тің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыр тылуы: Жалпыға 
Ортақ Еңбек Қоғамына қарай – 20 қа дам» деп аталатын 
бағдарламалық мақаласында, одан кейінгі «Қазақстан – 
2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 
саяси бағыты» Жолдауында осы мәселеге қайта айналып 
соққанына қарағанда, қатпары қалың де ректерді тиі сінше 
жаңа көзқараспен талдай алмай, қоры та алмай жатқан­
даймыз ба, қалай?
– Бұл сұрағыңызға бір сөзбен жауап бере қою қиын. 
Қысқа қайырсақ, мәселенің қалың қыртысы ашылмай, көп 
көңі лінде күдік қалады. Тарата айтсақ, оны газет беті көтер­
мейді. Сондықтан бұл арада бәрін талдап, тереңдеп жатпай­
ақ, тек мына бір мәселеге ғана тоқталғаным жөн болар. 
Жаңағы өзіңіз айтқандай, төл тарихымызды дамыту мә­
селесіне Елбасының үнемі көңіл бөліп отыратыны да, мем­
7­0192

98
лекет тарапынан үзбей қамқорлық жасалып келе жатқаны 
да, соған байланысты талай іс­шаралардың өткізілгені де 
шындық. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Бәрі дұрыс, 
бәрі өзіміздің көз алдымызда болған дүниелер. Бірақ соған 
қарамастан, осылардың бәрінен айтарлықтай нәтиженің 
болмағаны да жалған емес. Егер күткендегідей нәтиже бол­
са, Мемлекеттік хатшы кешегідей алқалы жиын өткізіп, та­
рих ғылымын дамытуды арнайы мәселе етіп, күн тәртібіне 
шығармас та еді. Демек, әлі бәрі ойдағыдай болмай жатқаны. 
Неге?
Бізде төл тарихымызды төл болмысында тануға деген 
құштарлық мол, қамқорлық пен қаржы да баршылық, тек 
осыны пайдаланып, шынайы төл тарихымызды төл болмы­
сында жазатын ғалым тарихшы болмады. Бәлкім, менің 
бұлай деуім кейбіреулерге ұнамас, бірақ шындық солай. Сіз 
де «мына кісі не деп отыр, кеңестік дәуірді былай қойғанда, 
тек еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылдың ішінде 
ғана қаншама адам тарихтан кандидаттық және докторлық 
дис сертация қорғады» деп ойлап отырған боларсыз. Бізде 
ғылы ми атақ қорғағандар жетіп артылатыны рас, бірақ олар­
дың бұрынғылары да, кейінгілері де, шынын айтсақ, ғалым 
тарихшылар емес, тарихқа қатысты белгілі бір тақырыпты 
зерттеп, соны меңгерген мамандар ғана. Олар сол қорғаған 
тақырыбын жетік білгенімен, халықтың тұтас тарихын зерт­
теп, зерделеген емес. Есіңізде болар, тәуелсіздіктің алғаш­
қы жылдарында біреудің тарих ғылымына кандидаттықты 
Шым кенттің цемент зауытының тарихынан қорғап, баспасөз 
бетінде біраз сөз болғаны. Сол секілді шопандар бригадасынан 
диссертация қорғап, ғалым болғандарды да білеміз. Ал осы бір 
зауыттың немесе шопандар бригадасының тарихынан қорғап 
кандидат болғандарды немесе осылар сияқтыларды қалай 
шын мәніндегі ғалым тарихшы дей аласыз?!. Кешегі Кеңес 
өкіметінің кезіндегі жағдай осылай еді ғой. Бастау тарихы­
мызды басқалар зерттеді, өзімізге зерттетпеді. Бір де бір қазақ 
туған халқының көне тарихын өзі зерттеп, не кандидаттық, 
не докторлық диссертация қорғай алмады, қорғатпады. Қазақ 
халқының тарихына қатысты «Қазақстан Октябрь револю­
ция сы қарсаңында» деген тақырыптан әріге баруға мүмкін­

99
дік болмағандықтан, олар амалсыздан тек компартия ның, 
ком сомолдың, кәсіподақтың, сол секілді бесжылдықтар мен 
екпінді құрылыстардың тарихынан қорғап, ғылыми атақ 
алуға мәжбүр болды. Ал, өзіңіз ойлаңызшы, осындай кан­
дидаттар мен докторларды қазақ тарихын түбегейлі зерт­
теп, түгел таныған ғалым, шын мәніндегі тарихшылар деу  ге 
бола ма? Бұлар қазіргі таңда ақиқатты тарихтың жазы луы 
қажеттігін жете түсінгенімен, соған барынша ынталы болға­
нымен, өздері толық зерттеп білмеген төл тарихымызды төл 
болмысында қалай жаза алмақ?! 
– Ел тәуелсіздік алып еркіндік туғалы олардың көбі қазақ 
тарихына ден қойып, табанды зерттеулер жүргізіп, тарих­
ты жаңаша пайымдап жатыр ғой.
– Дұрыс айтасыз. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін төл тари­
хымызды төл болмысында танып­білуге ұмтылған жұрт тың 
тарихқа ерекше ықыласпен лап бергені белгілі. Тарих шысы 
да, тарихшы емесі де халық тарихын жазуға өз үлесін қосуға 
ұмтылып бақты. Осылардың арасынан архив ақта рып тапқан 
нақты деректері арқылы тарих ақтаңдақта ры ның орнын тол­
тырып, бір кезеңнің ақиқатын ашып көрсете алатын деңгейге 
жеткен Х. Әбжанов, Ж. Артықбаев, М. Қойгелдиев, Т. Омар­
беков, Б. Кәрібаев секілді ондаған маман тарихшылар шықты. 
Есімдері елге танылды. Сондай­ақ, бұ лардың қатарында Қазақ 
мемлекетінің негізін құраған ру­тайпалардың әрқайсысына 
жеке­жеке зерттеу еңбек арнап, елуге жуық кітап шығарып, 
бір өзі бір институттың ша руасын тындырып жүрген Х. Ғаб­
жалилев, деректану ғылы мының жоқшысы болып, құнды 
зерттеулерімен таныл ған Қ. Атабаев секілді ғалымдардың 
есімдерін де ерекше атауға болар еді. Бірақ бұлардың бәрі 
қазақ тарихының бергі ке зеңін, атап айтқанда, қазақ­қалмақ 
соғысын, ұлт­азаттық көтерілістерін, кешегі отызыншы 
жылдардың нәубеттерін (ұжымдастыру, тәркілеу, аштық, 
қуғын­сүргін және т.б.), соғыс жылдарының ауыртпалығын 
зерттеген, соның мамандары. Ал қазақ халқының тарихы бір 
кезеңмен, бір дәуір мен шектелмейді ғой. Талай кезеңдерді, 
дәуірлерді бастан кешірді. 
Ежелгі дүние тарихы бар, ортағасырлық тарих бар, бүгінгі 
түрік тектес талай халықтың мемлекетінің негізі болған Ал­

100
тын Орда тарихы бар, бұлардың бәрі зерттеуші түрені тимей, 
әлі күнге тың жатыр. Оларды жазатын, осы дәуірлерді зерт­
теп танылған бізде білікті де білімді ғалым тарихшы жоқтың 
қасы. Бұл – біздің ғана басымыздағы қиындық емес, кешегі 
КСРО құрамында болған түрік тектес халықтардың бәріне 
ортақ жағдай. Бәрінің де бастау тарихы зерттелмеген. Жыл 
басында Әзірбайжан Ғылым академиясының Тарих институ­
ты бастау тарихымыздың дұрыс жазылмағанын алға тартып, 
бүкіл түрік тектес халықтарға «бастау тарихымызды бірге 
зерттеп, бірігіп жазайық» деп үндеу тастады. Бұл – сол ортақ 
жағдай туғызған қиындықтың салдарынан туындап отырған 
мәселе. 
– Алайда қазір зиялы қауым, әрине  оның ішінде кәсіби 
тарихшылар да бар, міндет айқындалды, ұлттық тарих­
ты нақтылауға, жаңғыртуға және дамытуға бел шеше 
кірісеміз, қордаланып қалған мәселелерді түбегейлі шеше­
міз деп алақандарына түкіріп отыр ғой. Меніңше, бұл ұран­
шылдыққа, әсіре белсенділікке бой алдыратын, оңай шешіле 
қалатын мәселе емес. Осы ретте неге арқа сүйеп, неге та­
бан тіреуіміз керек? Жалпы, бүгінгі таңда біздің елімізде 
ұлттық тарихты жаңа биік сатыға көтеруге, көкжиегін 
кеңейтуге жол ашатын негіз қаланды, алғышарттар жасал­
ды деп айта аламыз ба? 
– Көпшіліктің өзінің тарихын танып­білуге, оны дамы ту  ға 
құлшыныс танытуы қуанарлық та құптарлық жағдай. Бірақ 
ғылым, оның ішінде тарих ғылымы да науқаншылдық   ты, 
ұраншылдықты қаламайды. Ғылым қамалы «урамен» алын­
байды. Мұнда нақты жоспарланған тыңғылықты зерт теу­
лер арқылы жүйелі түрде сатылап жүзеге асырылар нақты 
іс керек. Ол, ең алдымен, мақсаткерлікті, табандылықты, 
ұзақ уақытты және білікті де білімді мамандардың ортақ 
мүд деге біріге жегілер ерік­жігерін тілейді. Осыны дұрыс 
түсін гендіктен де болар, Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің 
төр ағалығымен өткен Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері 
жө 
ніндегі ведомствоаралық комиссияның екінші отыры­
сы «Сөзден – іске» деген бағыт ұстанып, нақты шаралар 
белгі
 
лепті. Бұл жолы бүгінгі күн сұранысын өтеумен бірге 
алдағы уақытта Ежелгі дүние тарихын, Орта ғасырлар тари­

101
хын түбегейлі зерттеп, тәуелсіздік талабына сай халықты 
біріктіретін, ақиқатты арқау еткен тарихты жазатын 
өзіміздің төл ғалым тарихшыларымызды даярлау мәселесіне 
ерекше көңіл бөлінген тәрізді. Егер солай болса, оны жүзеге 
асыруға толық мүмкіндік бар. 
– Билік тарапынан жасалып отырған бұл қадам «Есі 
кірген ел ескісін іздейді» дегенді ғана білдірмесе керек. 
Мемлекеттік хатшы өзінің баяндамасында негізгі мақсат 
ұлттың тарихи санасын қалыптастыру екенін баса айт­
ты. Десек те ұлы ойшылдардың өздері айтып кеткендей, 
«бұл дүниедегі ең қиын нәрсенің бірі – адамның санасын 
өзгерту» екен. Олай болса, сан ғасырлық ғұмырында «мың 
өліп, мың тірілген», тарихи танымы талай өзгерістерге 
ұшыраған, санасы мәңгүрттік идеологиямен уланған қазақ 
үшін бұл жаңа әлемдегі жаңа Қазақстандықұру жолындағы 
ең күрделі міндеттердің бірі болып шықпай ма? 
– Бірнеше ғасыр бодандықта болып, билеуші елдің қас-
қабағына қарап тірлік етіп үйренген елдің халқының сана­
сын тәуелсіздік алғанмен бірден өзгерте қою оңай шаруа емес. 
Бодандықтан бостандыққа шыққан халыққа ендігі жерде 
елдің де, жердің де иесі өздері екенін және оның болашағына 
да өздері жауапты екенін жете сезіндіру үшін біраз уақыт 
керегі де аян. Бұл орайда халықтың ненің неден болғанын 
өзі ажыратып, толық түсінуі үшін төл тарихын жете танып, 
білуінің маңызы зор. Сана өзгермей ештеме де өзгермейтіні 
де шындық. Төл тарихымызды уақыт талабына сай зерделеу 
мәселесін Елбасының үнемі назарда ұстап, оған жыл аралатып 
қайыра оралып отыруы да сол мәселенің маңыздылығынан, 
аса күрделілігінен. Ұлт санасының негізі – тарихи сана. Та­
рихи сана дұрыс қалыптаспай ұлт санасын ояту мүмкін емес. 
Ал тарихи сананы ақиқатты арқау еткен шынайы тарих қана 
қалыптастыра алады. Тарих деген – ата­бабамыздың жанды 
өмірбаяны, басынан өткерген оқиғаларының, атқарған іс­
әрекеттерінің шежіресі. Өткеннің өнегесінен үлгі алып, тарих 
тағылымын бойына сіңіре білген ұрпақ қана келешегін көрікті 
ете алады. Елбасының: «ғылымның бір де бір саласы ұрпақты 
отансүйгіштікке, мемлекетшілікке, ұлтжандылыққа дәл та­
рихтай тәрбиелей алмайды», – деуі де содан болса керек. 

102
– Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоара­
лық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ендігі жерде 
тарихшы зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жі­
беретін, фактілерді жай зерттеп қана қоймай, нақты қо­
ғамның құндылықтарын, жөн­жосықтарын, моралін «тү­
сі  нуге» қол жеткізетін ғалымға айналуы тиіс екендігі баса 
айтылды. Сонда ғана ұлттық тарих формациялар мен өрке­
ниеттердің абстрактілі хронологиялық жылнамасы ретінде 
емес, халықтың бүкіл күрделілігі мен бөлек бітімін бойына 
сыйғызған жанды тарих ретінде бой көрсететін болады. Сіз 
қалай ойлайсыз, еліміздің тарихшылар қауымының сапалық 
құрамы осы талапқа жауап бере ме? 
– Бұл сұрағыңызға жаңа шет жағалап болса да ептеп жа­
уап бердім ғой деймін. Мәселенің мәні мынада. Әлем ха­
лықтары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі 
халықтар қауіпсіздігін сақтауда қырып­жоятын құдіретті 
қаруларды шығарудың да, халықаралық ұйымдар құру дың 
да ойлағандай нәтиже бермегеніне көз жеткізгеннен кейін 
басқа жол іздеп, жаңа мыңжылдықта адамзаттың эволюция­
лық дамуы негізінде «өзіңді өзің таны», «өзіңмен өзің бол» 
қағидаларын алға шығарды. Қарапайым түсінікті тілмен 
айтқанда, мұның «өзіңді өзің таны» дегені өзіңнің ұлттық 
табиғи болмысыңа бойлап, төл тарихыңның тағылымынан 
нәр алып, қалыптасқан салт­дәстүрің бойынша өмір сүр, сол 
арқылы ілгеріле, дамы; ал «өзіңмен өзің бол» дегені өзгені 
түзеймін деп әуре болма, алдымен өзіңді түзе дегенге саяды.
Адамзаттық мәдениеттің болмайтынына, мәдениеттің 
тек ұлттық болатынына, осы ұлттық мәдениеттердің бірі  гуі­
нен адамзат өркениетінің қалыптасатынына ден қой дыра ды. 
Қоғам санасының өсуі, ғылымның жетілуі қазір әр халықты өз 
тарихын жаңаша пайымдауға мәжбүрлеп отыр. Өйткені гене­
тика ғылымының соңғы жетістігі – ДНК (дезо к сирибо нук леин 
қышқылы) тәсілінің көмегімен гене тик ғалымдар молекула­
да жазылған адамзат баласының мұрагерлік ақпарат қазына­
сына еніп, жаратылыстың тылсым құпиясын ашуға мүмкін­
дік алғаннан бері сонау есте жоқ ескі замандардан бастап 
бүгінгі күнде өмір сүріп жатқан халықтардың қайсысының 
қай тектен шыққандығын, қайда барғанын жаңсақсыз ажыра­

103
тып, айырып беріп отыр. Соның нәтижесінде, мысалы, кешегі 
күнге дейін өздерін славяндармыз деп келген орыстардың түп­
тегі финдер болып шықты. Бұл енді орыс тарихы қайта жаңа­
ша пайымдалады деген сөз. Сол тәрізді Америка үндістері­
нің түпкі тегі түріктер екені анықталды. Олардың Алтайдан 
шығып, Беринг бұғазы арқылы жаңа құрлыққа өткеніне 30­
40 мың жылдай болыпты. Ал бұл дәстүрлі тарих ғылымы ның 
түрік халықтарын VI ғасырда пайда болған жас халық деген 
тұжырымының түбірлей қате және олардың ең кем деген­
де 30­40 мың жылдық тарихы бар ежелгі халықтардың бірі 
екенін айғақтайды.
Біз бүгінге дейін байырғы скиф­сақ халықтарының тү­
рік тектес халықтар екенін дәлелдей алмай келсек, осы ДНК 
тәсілімен зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, Гар вард 
университетінің профессоры, Дүниежүзілік ғылым және 
өнер академиясының мүшесі А. Клесов өзінің бес бөлімнен 
тұратын: «Үнді­еуропа және түрік тілдері отбасының өзара 
қатынасындағы негізгі жұмбақтар және оны генеалогия 
ДНК­сы арқылы шешуге талпыныс» деген ғылыми мақаласы 
арқылы ғылыми ортаға «Концепция о степях Евразии как 
«прародине индоевропейской общности» совершенно непро­
дуктивна и ложна. Во­первых, «праиндоевропейцы» не мог­
ли появиться ниоткуда, ни о какой языковой «прародине» 
там не может быть и речи. Они и не появились ниоткуда», – 
деген тұжырымын ұсынды. Мұның бәрі бастау тарихы тек 
еуропалық таным­түсінікпен жазылған, заманында түрлі 
эго 
центризмдердің ықпалымен бұрмалауларға ұшыраған 
адамзат тарихын жаңа мыңжылдық бастауында ғылым же­
тістіктері нәтижесіне сүйене отырып, қайта зерделеудің, ұр­
паққа ақиқатты өзек еткен шынайы тарихты ұсыну қа жет­
тілігін айқындайды. Ал «осы әлемдік үрдіске үлес қосуға, 
уақыт талабына сай өз тарихымызды төл болмысында танып­
білуге еліміздің тарихшылар қауымының сапалық деңгейі 
қандай» дегенге келсек, оны көп болып бірлесе зерделегеніміз 
жөн болар.
– Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сөздің 
ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих» десе, ақиық ақын Мағжан 
Жұмабаев: «Елдің елдігін сақтайтын – әдебиеті, тарихы, 

104
жол­жорасы», – деп тарихтың бар ғылымның төресі екенін 
айтып кеткен. Осы сөздердің астарына тереңірек үңілсек, 
тарих пен әдебиеттің табиғаты ортақ екенін де аңғарамыз. 
Демек, бұл сөздер ұлттық санамызды жаңғырту, төл та­
рихымызды зерделеу жазушылардың да абыройлы борышы 
дегенді де білдіреді ғой. Осыған орай, тарих тақырыбына 
қалам тербеп жүрген жазушылардың жауапкершілігі жайлы 
айта кетсеңіз.
– Жалпы, халықтық, елдік істің қай­қайсысы да біздің 
әрқайсымыздан үлкен жауапкершілікті талап ететіні сөзсіз. 
Соның ішінде адам санасына тікелей ықпал ететін қалам 
иелерінің жауапкершілігі өзгелерден гөрі ерекше мәнге ие. 
«Әдебиет – ардың ісі» деген сөз тегін айтылмаған. Қалам иесі, 
ең алдымен, өзінің Арының алдында жауапты. Сондықтан 
оның көркем шығарма жазсын, тарихи тақырыпқа қалам 
тартсын, бәрібір жалған сөйлеп, Ардан таюға хақы жоқ. 
Ал қаламгерлердің тарихқа араласуы, белгілі бір кезеңнің 
тарихи оқиғаларын өзінше зерттеп, сондағы тарихи тұлға­
лар жайында ой­пікірлерін білдіруіне келсек, бұл – уақыт 
талабынан, халық сұранысынан туған құбылыс. Егер тарих­
шыларымыз тарихымыздың жоғын тауып, төрт құбыласын 
түгендеп қойса, жазушылар да, басқалар да бұған алтын 
уақытын құрбан етпес еді ғой. Өзіңіз білесіз, біздің тари­
хымыз шын мәнінде керемет бай тарих болғанымен, төрт 
құбыласы түгенделіп, хатталып қағазға түспеген, шынайы 
болмысы толық айқындалып жазылмаған тарих. Белгілісінен 
белгісізі көп. Сондықтан да елінің ертеңгісінің, ұрпағының 
болашағының қамын ойлаған кез келген есті адамның қай­
қайсысының да сол белгісіз жайлардың бетін ашып, ұлттық 
тарихымыздың дұрыс жазылуына өзіндік үлесін қосуды 
азаматтық борышы санайтыны табиғи заңдылық. Ол үшін 
қаламгерлерді айыптау ағат тірлік. Өкінішке қарай, қазір 
бізде тарихшылар тарапынан жөн­жосықсыз жазушылар­
ды кінәлау әдетке айналып барады. Осыған байланысты 
қазір «кәсіби тарихшы», «әуесқой тарихшы» деген термин 
қалыптасты. Өздерін «кәсіби тарихшымыз» деп есептейтін 
тарихшылар кез келген жиында, өздерінің мақалаларында 
«әуесқойлар тарихты бүлдіріп жатыр» деп байбалам са­

105
лып келеді. Мемлекеттік хатшы өткізген жиыннан кейінгі 
баспасөз бетінде жарияланған материалдардан да осы са­
рынды естиміз. Бірақ «кәсіби тарихшымыз» дегендердің бір 
де біреуі қай әуесқойдың қандай еңбегінде нені бүлдіргенін 
ашып айтпайды, олардың атын атап, түсін түстемейді, оның 
қателігі неде екенін нақты дерекпен дәлелдеп көрсетпейді, 
тек «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген бопса, «тарихқа 
басқалар араласпасын» деген өзімшілдік. Егер олай болма­
са, тарих жанашырының игі ниетін құптап, қателігі болса, 
оны нақты деректер арқылы көрсетіп, жөн­жобасын айтып, 
кемшіліктің жолын дер кезінде кесу сол өзін «кәсіби тарих­
шымын» деп есептейтін адамның төл міндеті емес пе?
Осы арада сөз орайына қарай, «кәсіби тарихшы», «әуесқой 
тарихшы» деген терминдер жөнінде де ой бөліскеннің 
артықтығы жоқ сияқты. Қазіргі түсінікте: жоғары оқу ор­
нының тарих факультетін бітіргендер және солардың іші­
нен белгілі бір тақырыптан қорғап ғылыми атақ алғандар 
«кәсіби тарихшы» деп есептелінеді. Бұлардың алғашқысы 
шәкірттерге дәріс беріп, ұстаздық етеді. Бұлардың кеңестік 
кезеңде жоғары оқу орнында қазақ халқының тарихын 
қандай деңгейде оқығаны баршаға белгілі. Ал кейінгілерінің 
қандай тақырыпта қорғап, қалай ғалым атанғаны тағы аян. 
Оның шет жағасын жаңа ептеп айттық та. Рас, бұлардың 
ара сынан өз бетінше ізденіп, мол білім жинап, мағыналы 
өмірін төл тарихының төрт құбыласын түгендеуге арнап, ел­
ге танылған шын мәніндегі ғалым тарихшылар да шықты. 
Бірақ ол басқа әңгіме. Бұл арада мәселе кешегі кеңестік 
дәуірде бес жыл оқып, тарихшы мамандығы дипломын ал­
ғанымен, өз халқының тарихын түбегейлі зерттеп, түгел 
танымаған, бар түсінігі жазылған оқулықтардың деңгейіндегі 
тарихшылардың кәсіби білігі жайында, солардың өздерін 
«кәсіби тарихшымыз» деп оқшаулауында, халық тарихын 
жекеменшігіне айналдыруға ұмтылуында, өзгеге жол бергісі 
келмеуінде.
«Әуесқой тарихшы» дегенге негізінен тарихи тақырып­
қа қалам тартып жүрген әдебиетшілер, журналистер жат­
қызылады. Бірақ бұлар да көктен түспеген, сол тарихшылар 
оқыған оқу орнын бітірген, дәл олардай ежіктемегенмен, 

106
бұлар да тарих пәнінен дәріс алған, тіпті, көбінің ұстаздары 
да ортақ, жоғары білімді азаматтар. Бұлар да «білеміз, білген 
соң айтамыз ғой» деп, Әлкей Марғұлан айтқандай, «бірдеме 
білеміз, білген соң жазамыз» дейді.
Бұл «әуесқойлар» өз тарапынан «ескі сүрлеуден шық­
пайды, жаңаша пайымдауы жоқ, тарихымызды заман та­
лабына сай таныта алмай отыр» деп «кәсіпқойларды» кі­
нәлайды. Мұның бәрі түптеп келгенде ортақ іске орасан 
зиянын тигізеді. Мәселе тарихты кімнің жазғанында емес, 
еңбектің қалай жазылғанында; талдауының ғылыми негіз­
ділігінде; сүйенген дерегінің құжаттық құндылығында; жа­
саған тұжырымының тиянақтылығында болуға тиіс. Өйт кені 
айтар жаңалықты ойы, пайдаланар танымдық дерегі жоқ 
пайдасыз еңбектің авторы «кәсіпқой» не «әуесқой» болғаны­
нан не қайыр. Бұл ретте әлем халықтарының көне тарихын 
жазғандардың ешқайсысының бүгінгі түсініктегі кәсіби та­
рихшылар болмағанын да ескерген жөн сияқты. Мысалға 
орыстың Татищеві мен Карамзинін немесе өзіміздің Дулати 
мен Жалайыриді болмаса әлем мойындаған парсының Рашид 
Аддинін алыңыз. Бұлардың еңбегінің құндылығын бүгінгі 
ғылымның өзі мойындап отыр емес пе?!
– Кезінде өзіңіздің едәуір уақыт Қытай мұрағатта­
рында жұмыс істегеніңізді білеміз. Соңғы жылдары Ресей, 
Түркия, Египет, АҚШ және Еуропа, т.б. елдерінен еліміздің 
тарихы жөнінде 5 мыңға жуық қолжазбалар мен тарихи 
дереккөздерді олжалағанымыз жайында айтылып, жазы­
лып жүр. Дегенмен, ұлттық тарихымыз бен ұлт санасын 
қайта жандандыруға аталған шетелдік тарихи және 
этнографиялық дереккөздер өз септігін айтарлықтай тигізе 
алмайды, өйткені, бұл тарих бөтен көзқарас, өзге пайым 
тұрғысынан жазылған деушілер де жоқ емес. Бұл ретте олар 
көбіне Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатұлының: 
«Тарих ғылымында қанша тарих жазушылар шығып, қанша 
кітап жазып шығарды. Солардың арасында қазақтың асы­
лын анық қып айтқаны жоқ. Арабша, түрікше, орысша біз 
көрген кітаптарда қазақ турасында жазылған сөздердің бәрі 
де хақиқатқа харап, шіп­шикі өтірік. Қанағат табарлық 

107
ешбір сөз жазылған жоқ», – деген сөздерін алға тартады. 
Осыған сіздің көзқарасыңызды білсек деп едім.
– Мұныңыз өзекті бірнеше мәселенің басын құрайтын 
күрделі сұрақ екен. Тарата айтсақ, алысқа кетіп қалармыз, 
сондықтан мүмкіндігінше қысқа қайырып, нақты жауап беру­
ге тырысып көрейін. Алдымен «Мәдени мұра» бағдарламасы 
негізінде әр жақтан жиналған, жаңағы өзіңіз айтқан, бес 
мың қолжазбалар мен дереккөздері жайында. Бізде ізгі ниет, 
үлкен мақсатпен басталған жақсы істі науқаншылдыққа, 
ұраншылдыққа айналдырып, нәтижеге мән бермеушілік бар. 
Бұл – кешегі кеңестік кезеңнен қалған дерт. «Мәдени мұра» 
бағдарламасын жүзеге асыруда да сапаны қойып, сан қуып кет­
кен тәріздіміз. Соның салдарынан жаңағы бес мың қолжазба 
мен дереккөзінің кәдеге асары саусақпен санарлықтай ғана. 
Көбісі қайталау, өзімізге бұрыннан белгілі дүниелер. Басқаны 
қайдам, мысалы, өз басым сырттан әкелінген осыншама көп 
деректер негізінде ғалымдардың мынандай бір жаңалық 
аштық не тарихқа мынандай түзету енгіздік дегенін оқыған 
да, естіген де жоқпын.
Ал жаңағы Алаш арыстарының айтқанына келсек, ол – 
шындық. Бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптас тыр  ған 
қазіргі ресми тарих атаулының бәрі жазба деректер негі зін­
де жазылған. Көшпелі өмір салтын мұраланған халықтар­
дың көне тарихына қатысты өз перзенттерінің қолымен 
жазылған ешқандай жазба дерек сақталмаған. Барларының 
бәрі кезінде сол көшпелілермен соғысқан, оларды өздерінің 
ата жауы санаған халықтардың өкілдері қалдырған дерек­
тер. Бірыңғай дұшпандық көзқараспен жазылған дерек­
тің де, соған сүйеніп жазылған тарихтың да ақиқаттан 
алыстап, сыңаржақтылыққа жол беретіні кімге де болсын 
түсінікті ғой деймін. Сондықтан қазақ тарихшыларының 
жазба дерек дегеннің өзіне сын көзбен қарап, халықтың жа­
дында сақталған, ұрпақтан ұрпаққа аманаттап қалдырып 
келе жатқан өзінің ауызша тарихының деректеріне ерекше 
мән бергені абзал. Тек өкініштісі – ғылымда өз үстемдігін 
орнатқан еуропалық таным­түсінік ауызша тарих дерегін 
көшпелілердің өз таным­түсінігі бойынша талдап, тануы­
на әлі күнге ырық бермей, оларды баяғы «жабайылар» деп 

108
ұғатындардан қалған, шындығынан жалғандығы басым жаз­
балардың дерегіне тәуелді етіп келеді. Ауызша тарих  тың не­
гізгі өзегі әр кезеңде өздерінің бастарынан өткен тари хи оқи­
ғалар жөніндегі халықтың өзінің естелігі ғой. 
– Академик Манаш Қозыбаев: «Қоғамтану ғылым да ры, 
соның ішінде ең алдымен тарих ғылымы үшін тарих шын­
дығын қалпына келтіру – жауапты міндет, бірақ бұл өткенді 
зерттеумен ғана орындала қоймайды, ол бүгінгі болмысты 
да зерттеуді, ертеңгі ұстанар бағыт ты да айқындауды 
қажет етеді», – деген екен. Демек, тарихшылардың алдын­
да Қазақстанның қазіргі заман тарихын бүкіл адамзаттың 
дамуындағы жаңа белеспен сәйкестендіре зерттеу, жазу 
міндеті де тұр ғой. Бұл арада таяу болашақтағы тарихшы­
лар ізденісінің басымдықтары туралы сұрағым келіп отыр.
– Кешегі – бүгіннің, бүгінгің – ертеңгінің негізі, ілгерілеу 
сатысының төменгі баспалдағынсыз жоғары баспалдаққа 
көтеріле алмайсыз. Бұл – өмір шындығы. Бүгінгі болмыс
­
ты зерттеп тану да, ертеңгі ұстанар бағытты айқындау да сол 
өткеніңді зерделеп жете тануыңа байланысты. Егер біз қа­
зақ халқының өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар сәу­
лет ті Тарих Сарайын саламыз десек, соның қаланар іргета­
сы – Ежелгі дүние тарихы, қабырғасы – Орта ғасыр тарихы, 
төбесі – Жаңа заман тарихы, шатыры – Қазіргі заман тари хы 
болмақ. Мұның біреуінсіз сапалы Тарих Сарайы салынбай­
ды. Ал өзіңіз сұраған «болашақтағы тарихшылар ізденісінің 
басымдылықтары» дегенге келсек, ол барды бағамдай оты­
рып, жоқты іздеп табуға келіп тіреледі. Көне тарихымыздың 
әлі ізденіс түрені тимей, зерттеусіз тың жатқанын жаңа 
біршама айттық та. Оны қайталап жатудың қажеті болмас.
– Сізге қойсам деген сауалдарым көп еді. Қойсам, тиянақ­
ты жауап алатыныма сеніп отырмын. Алайда, жоғары­
да өзіңіз айтып кеткендей, газет беті ұзын­сонар әңгімені 
көтере бермейді. Осымен бүгінгі әңгімемізді тәмамдасақ. 
Сізге көп рақмет!

109
Алдан СМАЙЫЛ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет