References:
1.
Soviet Encyclopedia. 8 that. - Moscow: Publishing. TSB. 1972.
2.
Soviet Encyclopedia. 30 vol. - Moscow: Publishing. TSB. 1972.
3.
V.A. Tishkov The historical phenomenon of diaspora // EO. №2.S42-63. 2000.
4.
Zelenin A. Language Russian emigre press. (1919-1939) .- 2007.
5.
Aldabergenuly K. Nuskabay J., F. Orazay history of Kazakh journalism. - Almaty
Rauan. 1996.
6.
Shokai M. Complete Works. 12 volumes. 1 vol. – Almaty: LLP "Dyke-Press", 2012.
7.
Magazine "Milli Yul" (1928-1939gg.) In the system Tatar emigre press. " Abstract of
the thesis for the degree of philological candidate of sciences. Kazan, 2012.
8.
Nasyrov T. Tatar emigre press.
9.
Central State Archive of the Republic of Bashkortstan. F.4917. Inventory 1 A.44.L.8.
10.
Bromma 4917- fund. 1- list. 44- work. 8 pages.
11.
RSMA. f. 1358 to. Op.3.d, 45 b. l.44.
12.
RSMA. f. 1358 to. Op.3.d, 45 b. l. 45.
13.
RGVA.f.461k.op.1.d.431.l.174.
14.
Personal Archive M.Shokay Frantsii.- in Carton 5. Dossier 2. R. 36
15.
Turkiye Gumhuriyet Basbakanlik Gumhuriyet Arsivi. Arsiv 080. Dolap
16.
Goz 01. Klasor 1197. Dosya 50. Fihrist 57. S.6.
17.
Baymolda D. "Radio Azattyk. History and experience ".- Almaty, 2009.
18. Sharipkyzy R. Foreign radio stations in Kazakh language.- Almaty, 1997
.
97
ӘОЖ 82.09.512.122.
ҚАЗАҚ
ХАНДЫҚ ДӘУІРІ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДА
ХУЛИЯ КАСАПОГЛУ ЧЕНГЕЛ, доктор
Phd, профессор, Гази университеті,
Түрік Республикасы,
Ұ.Н.ЖАНБЕРШИЕВА, филология ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті,
Қазақстан Республикасы
Андатпа
Бұл мақалада хандық дәуір әдебиетінің ерекшеліктері жайында сөз болады. Сол
сияқты ұлттық әдебиетіміздің даму жолдары қарастырылған. Хандық дәуірдегі жыраулық
поэзия өз тыңдаушыларына философиялық, адамгершілік мазмұнымен рухани күш, жігер
беріп отырған. Жыраулар поэзиясында туған жердің тұтастығын, елдің бірлігі жырланып,
еркіндік пен егемендік мәселесі кеңінен көрініс тапқан. Мақалада хандық дәуір әдебиеті
туралы қазақ ғылымында жасалған зерттеулерге сүйене отырып, автор өзінің көзқарасын
нақты білдіреді.
Сол сияқты автор қазақтың белгілі жыраулары: Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет,
Ақтамберді, Бұқар тағы басқа жыраулар толғауларына әдеби талдау жасап бағасын
берген. Мақалада хандық дәуірдегі жыраулардың орны мен атқаратын қызметі
айқындалған.
Кілт сөздер:
жыр, жырау, хандық дәуір, ұлттық әдебиет, хандық мемлекет, толғау
жанры, дана, көсем, аңыз, намыс, рухты жыр.
Аннотация
В данной статье рассматриваются особенности литературы ханского периода. Так же
отмечается возрастание роли национальной литературы. Поэзия жырау ханского периода
духовно обогащает читателей своими глубокими философским и нравучительным
содержанием.
В поэзии жырау отражаются мотивы независимости родной земли и единства
народа. В статье автор делает обзор фундаментальных, научных исследований поэзии
жырау в казахской науке, а также высказывает свою точку зрение на данный вопрос.
Кроме того автор делает художественный анализ некоторых наиболее известных жырау:
Асан кайгы, Казтуган, Доспамбет, Актамберди, Бухар и дает оценку их творчеству.
В статье определено место и роль поэзии жырау ханского периода в казахской
литературе.
Ключевые слова:
поэзия, жырау, ханский период, национальная литература,
ханское государство, жанр толгау, великий мудрец, легенда, честь, духовная поэзия.
Annotation
In this article considered fetures literature of khanate period. Also, there is ascending role
of national literature.
Poetry zhyrau period of the khanate spiritually enriches reader with it’s deep philosophical
didactic content.
The motives of zhyrau poetry reflected the independence of the nativeland and people;s
unity.
In article the author provided an overview of basic research in the Kazakh poetry zhyrau
science, and also expressed their views on the matter. Furthermore the author made the artistic
analysis of some of the famous zhyrau: Asan kaigy, Kaztugan, Dospambet, Akhtamberdy,
Bukhar and assessed their creativity. The article defines the place and role of poetry zhyrau
Khan;s period in Kazakh literature.
98
Key words: poetry, zhyrau, periode of khanate, national literature, hanscom state, genre
tolgau, the great sage, legend, honor, spiritual poetry.
Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат десек, әдебиет –
қоғам өмірінің айнасы. Ұлт тағдырымен сол халықтың төл мәдениеті өзектес өріледі.
Ел тағдырын шешетін хандар мен дана көсемдер, өмір шындығын толғап жеткізетін
жыраулар мұрасы, ерлік пен еркіндікке құштар ел қорғаған батырлар тарихтың жарқын
бейнесі болып отыр.
ХV ғасырда Керей мен Жәнібек хан қазақ хандығының негізін қалады. Бүгінгі 550
жыл толып отырған күні қазақ осы кезде тарих сахнасынан көрінді деуге болмайды.
Алтын Орда дәуірінде қазақ руларының болғанын, одан бұрын түрік қағанаты
қазақтардың ежелден мемлекеті болғанын білеміз. ХV ғасырда қазақ дербес мемлекет
құрып, ұлт болып қалыптасты. Міне, осы кезеңнің әдебиетін хандық дәуір әдебиеті
дейміз. Ол жыраулар поэзиясымен басталды, негізгі жанры толғау болған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан ұлы өркениеттердің мұрагерлері, тарихтың сан-
салалық құз қияларынан өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиеттерін алып шыға алды.
Жай ғана алып шығып, жай ғана сақтай білген жоқ, сонымен бірге еселеп жаңғырта білді.
Қазақы төл тумалықты сақтай білу-біліктіліктің жолы және ондай жолдың тарихы тұғыры
биік», - деуі [1, 24-б.] қазақ елінің мемлекеттік тарихы мен әдебиетінің маңыздылығына
тікелей байланысты.
Ұлттық әдебиетіміздің дамуында жыраулық поэзияның орны ерекше. Жыраулық
поэзияда ауыз әдебиетіне тән ерекшеліктермен бірге жазба поэзияға тән өрнектер бар.
Ауыз әдебиетінде көп тараған толғау жыраулар поэзиясының жанры болды. Керей мен
Жәнібек құрған қазақ мемелекетінің жеріне сыртқы жаулар көз тіге бастаған тарихи сәтте
хан қасында Жиренше шешен, Сыпыра мен Асан қайғы сынды сөз ұстар абыз жыраулар
болып, келелі кеңесімен кесімді билігін айтып, демеу жасап отырған.
М.Әуезов: «Жырау демек, ақын деу емес. Жыраудың ақын атаулыдан, жыраушыдан
бөлек өз жанры бар. Бұның сөз үлгісі – толғау. Жыраудың мақсаты, міндеті «не болса сол
көңіл ашар нәрсені айту емес. Ол – заман сыны, мезгіл дәуір оқиғасының болжамын
тарихи оқиғаның мазмұнын бағасын сөз қылады. Көбінесе әрі жырау, әрі би болады», -
дей келе, [2, 25-б.] жыраулар заманның келелі мәселелеріне үн қосып, болжам жасап,
тарихтың бағасын берген деп ой түйеді.
Ш.Уәлиханов Асан қайғының толғауларына тоқталып, елді ілгері ел етпек болған
Керей мен Жәнібек хандарды қолдап, олардың ақылшысы болған дей келе, оны
«көшпенділер философы» деп атаған. Бұл түйінді сөз тек бір ғана жырауға емес, бүкіл
жыраулық мектепке берілген бағасы еді.
Жәнібек хан тұсында Асан қайғы қарт болса да оның құрған мемлекетінің мұңын
мұңдап, халық пен хан арасын байланыстырып отырған.
Оның «Әз Жәнібекке айтқаны», «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің», «Қырында киік
жайлаған» атты толғауларында сырттан келер қауіпті сезіп, күні бұрын болжап, өз
жырына арқау еткен. Жаңа құрылған мемлекетке көз тігетін жаулар көп екенін ханға
ескертіп, сақтандырып отырған.
Мысалы: Аққу құстың төресі,
Ел жағалап көлде жүреді.
Аңдып жүрген көп дұшпан,
Елге жау болып келеді, - деп ескертеді. Ұсынысын қабылдамаған ханға Асан
қайғыға сөзін өткізіп, мемлекеттік, елдік мәселелерге араласып отырған. Хан да
жыраудың пікірімен санасып отырған.
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің,- дейді.
99
Осы толғау арқылы хан назарын өзіне аударып, ел бірлігін сақтап, елді соңынан
ертуге үндеген. Ел тізгінін ұстаған жыраулар бір тудың астына бірігуді көздеген. Жәнібек
ханның адами қасиеттерін Асан қайғы мен халық жоғары бағалап, есіміне « әз» сөзін
қосып айтқан. «Әз» араб тілінде ғазиз, ардақты, қадірлі деген мағынаны білдіреді. Әз-
Жәнібек деп ерекше құрмет те жасалған.
Асан қайғы мен Әз-Жәнібек хан туралы қазақ, қырғыз, ноғай, қарақалпақ
халықтарында бірнеше аңыздар сақталған. Соның бірі Жәнібек Еділ мен Жайықты билеп
тұрған кезде Асан қайғы атты ақылшысы болыпты. Жәнібек Ресейден шебер алдырып
сарай салдырады. Қарашаш деген күңіне үйленіп, аққуды ілдіріп, той жасайды. Хан Асан
қайғыны шақыртып, бәл әрекетінің қалай екенін сұрайды. Сонда риза болмаған Асан
қайғы ханға: «Тұқымың хандықтан айырылады, күңді әйел еттің, сарайды орысқа
салдырдың, ол түбінде орысқа бұйырады, аққуды ілдің жеріңнен, көліңнен айырыласың»,
- деп болжам жасайды.
Уақыт өте келе бәрі Асан қайғы болжағандай болған екен. Тарихи деректерге
сүйенсек, бұл аңызды негізсіз деуге болмайды. Аңыз негізінде ақиқат бар. XV ғасырда
өмір сүрген Жәнібек ханның Асан қайғы өте ықпалды адамдарының бірі болған.
Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясы туған жердің тұтастығы, бүтіндігі, елдің
бірлігі сияқты мәселелерді қамтуымен құнды. Ғасырдан ғасырға дейін сақталып бізге
жетудің өзі ел мүддесіне бағытталуында еді. Эпостық жырлар, тарихи дастандар, аңыз-
әпсаналар, мақал-мәтелдер, жоқтаулар сияқты ауыз әдебиетінің мұраларын жыраулық
поэзияның алғашқы өкілдері шығарған. Аттары сақталмағандықтан ауызша жеткен.
Жәнібек пен Керей хан құрған қазақ хандығы мемлекет ретінде өмір сүрген XV
ғасырдан бұрын да жыраулар болғаны тарихтан мәлім.
Жазба ескерткіштегі жоқтаулар, XI ғасырдың ескерткіші М.Қашғаридың «Диуани
лұғат- ат түрік» атты сөздігінде батырлық – ерлік жырлары, Ер Тұңғаны жоқтау және
жыр-жырау деген сөздер кездеседі.
Сол сияқты Шыңғыс хан тұсында өмір сүрген Кетбұға ( ұлығ) жырау туралы бір
аңызда Шыңғыс ханның ұлы Жошы аң аулап жүріп қаза табады. Кімде-кім ханға суық
хабар естіртетін болса, хан көмейіне қорғасын құйып өлтіреді екен. Сол себепті ешкімнің
қаралы хабарды жеткізуге батылы жетпеген. Тек қана Кетбұға жырау «Ақсақ құлан»,
«Жошы хан» деген күйі мен толғауы арқылы естірткен екен.
XIV ғасырда өмір сүрген Сыпыра жырау есімі «Қырымның қырық батыры», «Ер
Тарғын», «Ер Едіге» сияқты эпостық жырларда және «Құбығұл» ертегісінде аталады.
Тоқтамыс пен Едіге ханға қызмет еткен Сыпыра жыраудың толғаулары өз атымен
жетсе де, эпостық жырларда, аңыз әңгімелерде сақталған. Ол ел тыныштығын ойлаған,
көреген, ақылшы қария бейнесінде сипатталған. Мысалы: «Ер Тарғын» жырында тоғыз
ханға қызмет жасаған Сыпыра Ханзада мен Ер Тарғын арасындағы келіспеушілікті
бітістіруші ретінде көрінеді. Ал, «Ер Едіге» жырында Тоқтамыс пен Едіге арасындағы
араздықты келістіруші, ақылгөй, дана ретінде суреттелген.
Әдебиет зерттеуші ғалымдар: Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Б.Кенжебаев,
Х.Сүйіншәлиев,
М.Мағауиндер
жыраулардың
сан
ғасырлық
тарихын
қазақ
хандықтарымен байланысты үш кезеңге бөліп қарастырады.
1.
XI-XIV ғасыр ( Қорқыт, Аталық , Кетбұға, Сыпыра)
2.
XV-XVI ғасыр ( Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет)
3.
XVII- XVIII ғасыр ( Үмбетей, Жиембет, Тәттіқара, Ақтамберді, Бұхар жыраулар)
Жыраулар поэзиясында ата-бабамыз аңсап өткен еркіндік пен егемендік мәселесі
кеңінен көрініс тапқан. Мәселен, Ақтамберді жыраудың «Күлдір-күлдір кісінетіп»,
«Жауға шаптым ту байлап», Доспамбеттің «Арғымаққа оқ тиді», «Дулыға кидім өкінбен»,
Қазтуғанның «Қазтуған сөзі», «Бұдырайған екі шекелі», Жиембеттің «Әмірің қатты Есім
хан», Марғасқаның «Ей, Қатағанның хан Тұрсын» тағы сол сияқты толғаулары елдің
намысын оятар қуат көзі болған.
100
Жыраулар хан ордасында болып, мемлекет басқару ісіне, яғни, билікке араласқан.
Хан мен қолбасшы батырлардың ерліктерін мадақ етіп жырлаған, намыс пен жігер оятар
рухты жырлар шығарған.
Жерін, елін қызғыштай қору – ер азаматқа тән екенін Доспамбет жырау:
Тобыршығы биік жай салып,
Дұшпан аттым өкінбен.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім өкінбен.
Ер Мамайдың алдында,
Шаһид кетсем өкінбен,- деп өзінің жүріп өткен жолдарын кейінгі ұрпаққа үлгі етеді.
Азамат ердің міндеті - елін, жерін қорғау, тыныштығын, халықтың бірлігін, тұтастығын
сақтау екенін ескертеді.
Жыраулар ұрыс кезінде сарбаздардың көңілін көтеріп, жігерін оятатын жырларымен
ойдан шығып отырған. Мысалы, Қазтуғанның:
Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шапсам дем тартар.
Сусыным қанға қанар деп,
Азамат ердің баласы,
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
Хандық дәуірде жаудан кек қайтарып, туған жерінің тұтастығын қорғаған қазақ
батырларына жігерлі рух беретін жырлар қажет-ақ болған.
Жорық жырауы Ақтамберді толғауларында көзсіз ерлікке жетелеу басым.
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап.
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап!
Жырау бұл толғауында тыңдаушысын «Ел-жұртты қорғайлап» деген арнаға бұра
келе:
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екенбіз, - деген жолдарда ел мен жер үшін болған қырғын ұрыс пен
ерлік көрсеткен батырлардың дүбірі жатыр. Толғаудан жүрекке жігер, бойға күш беретін
ұран тастап, төкпе жырды ағытқан жырау үні естіледі.
Ел шетіне жау келген кезде, ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда жыраулар
ақыл, кеңес айтып, жұртшылықты абыржымауға шақырып отырған.
Жыраулар қазақ батырларының теңдесі жоқ образын сомдай отырып, оны кейінгі
ұрпаққа үлгі етеді.
Бұхар жырау:
Қалданмен ұрысып,
Жеті күндей сүрісіп,
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай.
Шақшақұлы Жәнібек,- десе,
Үмбетей жырау:
Қара керей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай
101
Қырмақ па еді жауыңды,
Қуантпап па еді қауымды, -дейді.
Жырдағы жыраулар арманы, ел мүддесінен бөлек емес. Жыраулар елдікті, ерлікті
жырға косып, мадақтады. Ғибратқа толы жыр жолдарымен халыққа ықпал етіп, іргелі ел,
берекелі жұрт болуға шақырды.
Демек, жыраулар дүние сырын ашып, әр заманның тарихи оқиғаларына үн қосып,
хан мен халықтың елге әділ басшылық жасауына басалқа айтып отырған.
Толғаулар арқылы жыраулардың маңызды қоғамдық, әлеуметтік-саяси көзқарастары
анық аңғарылады. Қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов, Б.Әбілқасымов,
М.Мағауиндер қазақ поэзиясындағы толғау туралы тұшымды түйін жасаған.
А.Байтұрсынов: «Толғау – қысқасын айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта
шығатын жүректің лебі, көңіл құстың сайрауы, жанның тартатын күйі»,-дейді. Демек,
толғауда жыраулар әлеуметтік, елдік, ерлік мәні бар мәселелерге үн қосып отырған.
Жырау әр түрлі көңіл күй сәтінде ой қорытып, бірнеше мәселені көтереді, шешімі де
бірнешеу болады. Мысалы:
-
Сап толғауы – елге жау шапқанда сапқа тұрып, ерлік көрсетуге арналады;
-
Марқайыс толғауында – жауды жеңіп, елдің тыныштығына марқаю, бірлікке риза
болу;
-
Намыс – намыс үшін күресу, жігерді ояту;
-
Сұқтаныс – таңдану;
-
Айнамалдау – амалын табу сияқты толғауларда айтылатын ой ұшан теңіз, толғаныс
жатады.
Бүкіл адамзаттың даналық пікірі, толғамы, дүниетанымын, көзқарасын жыраулар
толғаулары арқыл жеткізе білген.
Белгілі ғалым Р.Бердібай: «Жыраудың ойшылдығы мен ғибраттылығы дүние сырын
кеңінен шолып, терең салыстырулар жасайтындығы толғауларынан айрықша көрініс
береді. Жыраулар тек жеке адамға немесе топтарға емес, биік мінбеден бүкіл халыққа
арнап сөйлегендей болады»,-дейді. Ғалымның осы пікірі жыраулардың бүкіл табиғатын
ашып тұрғандай.
Фольклортанушы Е.Тұрсынов: «Жыраулар хан мен халыққа ақыл, өсиет айтқан
билер кеңесінің мүшесі болған, қолбасшылардың әскери кеңесінде ханмен қатар
басшылық қызметін атқарған»,-деп ой түйеді. Мысалы: Бұхардың Абылай ханның
қабырғалы биі болғанын, Асан қайғының Әз Жәнібектің кеңесшісі болғаны ой үндестігі,
болжал сабақтастығы бар екендігін аңғартады. Екі кезеңде ел билеген Жәнібек пен
Абылайға айтылған толғаулар болғанмен, келешек ұрпақты ел мен жерді қорғауға
арналған даналық ойдың жемісі екенін байқаймыз.
Бұхар Абылайға:
Құбыладан келер бір кәпір,
Жаяулап келер жұртыңа.
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына,- десе,
Асан қайғы Жәнібекке:
Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы-қилы заман болмай ма,
Қарағай басын шортан шалмай ма,
Заман озып, заң тозбай ма?
Мұны неге білмейсің,- дейді.
Данагөй жыраудың болжауы бірнеше жылдан кейін дәл келеді.
Қорыта келгенде, Асан қайғының «Жәнібек ханға айтқаны», Қазтуғанның «Мадақ
жыры», Шалкиіздің «Би Темірге айтқаны», Жиембеттің «Еңсегей бойлы ер Есім»,
Бұхардың «Ей, Абылай, Абылай» , «Қазақтың ханы Абылай» тағы сол сияқты
102
толғауларында жыраулар ханды дәріптеу емес, хан мен халық арасында байланыс жасап,
қазақ хандары құрған мемлекеттің тұтастығын сақтап, заманның сыншысы, келешекті
болжайтын қырағысы болған. XY ғасырда құрылған хандық мемлекет қазақтың ұлттық
әдебиетінің қалыптасуына негіз болса, жыраулар поэзиясында көрініс тапқан. Қазақ
хандығы тұсында жарқырай көрінген жыраулар поэзиясы ұлт тағдыры мен тарихымен
өзектес. 550 жылдық тарихы бар хандық дәуір қазақ ұлтының қалыптасу, даму тарихын
айқындап берді. Ғасырдан-ғасырға дейін сақталып бізге жетудің өзі ел мүддесіне
бағытталуында еді. Хандық дәуірдегі жыраулар поэзиясы туған жердің тұтастығын, елдің
бірлігін, еркіндігін жырлауымен құнды. Әдеби дамуды ұрпақ игілігіне айналдыруда
жыраулар поэзиясының маңызды екені сөзсіз.
Әдебиеттер:
1.Әуезов, М. Жиырма томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 15-том. Мақалалар,
зерттеулер / Мұхтар Әуезов; Ред. коллегия: Ахметов З., Бердібаев Р., Тәжібаев Ә.-
Алматы: Жазушы, 1984.- 328 б.- (Қазақ ССР Ғылым Академиясы). ISBN көрсетілмеген:
Таралымы көрсетілмеген
.
2.Байтұрсынов, А. Әдебиет танытқыш [Мәтін]: Зерттеу мен өлеңдер / А.
Байтұрсынов.- Алматы: Атамұра, 2003.- 208 б.: 84х108.- ("Атамұра кітапханасы"
сериясы).; ISBN 9965-05-870-9: 3 000 дана.
3.Бердібай, Р. Бес томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 3-ші том. Тарихи роман.
Мұхтар шыңы / Р. Бердібай.- Алматы: Қазығұрт, 2005.- 448 б.: 84х108.; ISBN 9965-22-103-
0: 1000 дана.
4.Бес ғасыр жырлайды:XV ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-
жырауларының шығармалары [Мәтін]. 1-ші том / Құраст. М.Мағауин, М.Байділдаев.-
Алматы: Жазушы, 1984.- 256 б.: 60х84; ISBN көрсетілмеген: 25 000 дана.
5.Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін]. 2 томдық. 1-ші том. ХIV ғасырдан ХХ ғасырдың
бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Құраст.: Е.Дүйсенбайұлы;
Суретші: Т.Мұқатов. - Алматы: Жазушы, 2008.- 400 б.: 84х108; ISBN 9965-701-62-8: 5000
дана.
6.Жеті ғасыр жырлайды [Мәтін]. 2 томдық. 2-ші том. ХIV ғасырдан ХХ ғасырдың
бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / Құраст.: Е.Дүйсенбайұлы;
Суретші: Т.Мұқатов.- Алматы: Жазушы, 2008.- 528 б.: 84х108; ISBN 9965-701-63-6: 5000
дана.
7.Мағауин, М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (XV-XVIII ғасырлар) [Мәтін]. 3-ші
кітап: Жоғарғы оқу орын. студ. арн. оқулық / М. Мағауин.- Алматы: Ана тілі, 1992.- 176
бет: 84х108.- ("Қазақ әдебиетінің тарихы" сериясы); ISBN 5-630-00094-2: 8500 дана.
8.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында [Мәтін]. - Алматы: Атамұра, 1999.-295 б.
9.Тұрсынов, Е.Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері [Мәтін] /
Е.Д. Тұрсынов; Ред. Р.Бердібаев.- Алматы: Қазақ ССР-інің "Ғылым" баспасы, 1976.- 200
б.: (Қазақ ССР Ғылым акад. М.О. Әуезов атынд. әдебиет және өнер ин-ты); ISBN
көрсетілмеген.
10.
Уәлиханов, Ш. Көп томдық шығармалар жинағы [Мәтін]. 5-ші том / Ш. Уәлиханов.-
Алматы: Толағай групп", 2010.- 528 б.: 62х100. - ("Мәдени мұра" сериясы); (ҚР Мәдениет мин-гі);
ISBN 978-601-7066-10-9: 3000 дана.
103
ӘОЖ 894.342:7(574)
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ М.ДУЛАТҰЛЫНЫҢ ҚАЗАҚ
ӘДЕБИЕТІ
МЕН ӨНЕРІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
К.Т.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА, гуманитарлық ғылымдар магистрі.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
С.Ұ.ТӨЛЕГЕНОВ
,
Қызылорда гуманитарлық, заң және техникалық колледжі
Андатпа
Міржақып Дулатұлы ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ зиялыларымен бірлесіп қазақ
халқының азаттығы үшін күрескен, ұлттық баспасөзіміздің ұйытқысы болған ірі саяси
тұлға, көрнекті қоғам қайраткері, Алаш идеологиясын қалыптастырушылардың бірі.
Міржақып Дулатұлы қазақ жастарын қоғам ісіне тартуда, олардың ой-санасының
жетілуіне қажетті мәдени-ағарту саласында жүргізген қызметтері ұшан-теңіз. Міржақып
сол кезеңдегі үкіметтің жүргізіп отырған саясатын шенеп, қазақ елінің егемендігі, ел
болып жерге, суға иелік ету мәселесі, қазақ шаруаларының мұң-мұқтажы, қоныс
аударушылар жайлы газет бетіне мақала, сын, әңгіме, өлеңдер жазды.
Қорыта айтқанда, Міржақып Дулатұлының еңбектері, сол қоғамдағы атқарған сан-
салалы қызметтері өскелең ұрпаққа үлгі боларлық құнды дүниелер. Тәуелсіздігіміздің
тізгінін ұстайтын болашақ жастарымыз М.Дулатұлының шығармаларын оқи отырып,
өздерінің таным-түйсігін қалыптасырады, болашаққа деген сенімін нығайта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |