Issn 1607-2782 Республикалық


МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ "КЕҢЕСТЕР БИЛІГІНДЕГІ ТҮРКІСТАН" ЕҢБЕГІ



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,83 Mb.
#9918
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

МҰСТАФА ШОҚАЙДЫҢ "КЕҢЕСТЕР БИЛІГІНДЕГІ ТҮРКІСТАН" ЕҢБЕГІ 
ТУРАЛЫ
 
 
И.А.АРЖАНЦЕВА, тарих ғылымдарының кандидаты, Миклухо
-Маклай атындағы 
этнология және антропология институты, Ресей Федерациясы, 
М.С.ҚАРАМАНОВА, С.ЖҮСІПОВ
, тарих ғылымдарының кандидаттары,  
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы  
 
Аңдатпа
 
Мақала Мұстафа Шоқайдың  "Кеңестер билігіндегі Түркістан"  атты  еңбегі жайлы. 
Мұстафа  Шоқай  кеңестік  деректерге  сүйене  отырып,  Кеңес  елінің  Түркістан 
республикасындағы жүргізіп отырған саясатын әшкерелейді. 
Ұлт  тәуелсіздігінің    жаршысы  болған  Мұстафа  Шоқай  -  Сыр  бойының  ұлы 
перзенттерінің  бірі,  жалпы  Түркістан  өлкесіне  қарасты,  Сырдария  округіндегі  Ақмешіт 
қаласына жақын орналасқан, Наршоқы ауылында дүниеге келген. 
Мұстафа Шоқайдың ХХ-ғасырдың басындағы алтынның сынығындай  асылдарымыз  
Әлейхан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек  Аймауытов, Шәкәрім  Құдайбердиев 
және тағы басқалардан айырмашылығы  Кеңестік коммунистік режимінің  түр-табиғатын, 
зымияндық  жаратылысын,  қазақ  халқына  нәубет  әкелер  тажалды  болмысын,  олардың 
бәрінен  бұрын  ертерек  сезгендігі.Сөйтіп,    1920  жылдың  өзінде  шетелге  кетуге  мәжбүр 
болғандығы.  Уақыт  көрсеткеніндей,  оның  шешімі  дұрыс  болып  шықты.  1920-1930 
жылдары оның көптеген идеялас қандастары кеңестік репрессияға ұшырап жатқанда, олар 
туралы  шындықты  Мұстафа  Батыс  Европада  жүріп  жазып,  шетелдік  қоғамдық  пікірде, 
кеңестердің шын саяси бейнесін әшкерелеуге үлкен үлес қосады. 
Халқымыздың  біртуар  перзенті,  түркі  халықтары  тәуелсіздігінің  жаршысы, 
Тұранның  алыбы  Мұстафа  Шоқай  шетелде  жүріп  те  күресін  тоқтатқан  емес.  Ол  "  Яш 
Түркістан"    журналының  редакторы  болды,  оның  117-ден  астам  санын  шығарды.  " 
Кеңестер  билігіндегі  Түркістан"  атты  еңбегінің  маңыздылығы    сонда  ол  ең  алғашқы 
кеңестанушылық еңбектің бірі болды. 
Кілт  сөздері:
  Мұстафа  Шоқай,  кеңестер  билігі,  Түркістан  Республикасы  ұлт 
тәуесіздігі, репресиия. 
 

67 
 
Аннотация
 
В  статье  "Туркестан  под  властью  советов"  по  труду  Мустафа  Шокая 
рассматриваются  и  анализируются  выше  названные  произведения  выдающегося 
общественного  и  политического  деятеля  первой  половины  двадцатого  века  Мустафы 
Шокая. 
Мустафа  Шокай-  один  из  великих  сынов  казахского  народа,  ставший  глашатаем 
независимости  страны,  родился  вселе  Наршокы  Сырдаринского  округа  Туркестанского 
региона недалеко от города Акмешит. 
Отличие  Мустафы  от  других  видных  деятелей  казахского  народа  начала  ХХ  века 
таких  как  Алихан  Бокейханов,  Ахмет  Байтурсынов,  Жусупбек  Аймауытов,  Шакарим 
Кудайбердиев каждый из которых равен слитку золота, в том, что Мустафа Шокай раньше 
их всех понял вероломную политику коммунистического режима Советов и их пагубную 
роль для казахского народа. Поэтому, он, уже 1920 году вынужден был покинуть Родину и 
эмигрировать.  Время  показало,  как  он  был  прав.  Когда  в  1920-1930-х  годах  его 
соотечественники, разделявшие его идеи, подвергались репрессии, Мустафа Шокай писал 
правду о них в изданиях стран Восточный  Европы и внес большой вклад в формирование 
стереотипа об истинный политике Советов. 
Один из выдающихся деятелей тюрского народа, глашатай независимости, исполин 
Турана,  Мустафа  Шокай    никогда  не  прекрашал  борьбу  за  пределами  страны.  Он  был 
редактором журнала "Яш Туркестан", выпустив более 117 номеров. Его фундаментальный 
труд  "Туркестан  под  властью  Советов"  явился  одним  из  первых  исследовании  в 
советоведении. 
Ключевые  слова:
  Мустафа  Шокай,  власть  советов,  Республика  Туркестан, 
независимость страны, репрессия. 
 
Annotation 
In  the  article  "Turkestan  under  Soviet  power"  for  labor  Mustafa  Shokai  reviewed  and 
analyzed  by  the   mentioned  works of  outstanding  public  and  political  figure  of the  first  half  of 
the twentieth century, Mustafa Shokai. 
Mustafa  Shokay-  one  of  the  great  sons  of  Kazakh  people,  become  the  herald  of  the 
country's  independence,  was  born  in   Narshoky  Syrdarinsky   District  Turkestan  region  near 
Akmeshit. 
Difference of  Mustafa from other prominent Kazakh people of the early twentieth century, 
such  as  Alihan  Bokeyhanov,  Ahmet  Baytursynov,  Zhusupbek  Aymauytov,  Shakarim 
Kudayberdiev  each  of  which  is  gold  bullion,  including  that  Mustafa  Shokai  before  they  all 
realized treacherous policy of the communist regime of the Soviets and their pernicious role of 
the  Kazakh  people.  Therefore,  he  had  in  1920  was  forced  to  leave  the  country  and  emigrate. 
Time has shown he was right. When  in 1920-1930-ies of his countrymen who shared his ideas 
were subjected to repression, Mustafa Shokai wrote the truth about them  in the publications of 
the Eastern European countries and made a great contribution to the stereotype of the true policy 
of the Council .. 
One  of  the  prominent  figures  of  the  Russian  peopleTuran  ,  the  herald  of  independence, 
pride of a Turan , Mustafa Shokai never stopped  fight from outside of the country. He was the 
editor of "Yash Turkestan", published  more than 117 issue of magazines. His fundamental work 
"Turkestan under Soviet power" was one of the first studies in conduction   of soviet union . 
Key  words:  Mustafa  Shokai,  a  Soviet  government,  the  Republic  of  Turkestan, 
independence of country, repression. 
 
Ұлт  тәуелсіздігінің  жаршысы  болған  Мұстафа  Шоқай-Сыр  бойының  ұлы 
перзенттерінің  бірі,  жалпы  Түркістан  өлкесіне  қарасты  Сырдария  округіндегі  Ақмешіт 
қаласына  жақын  орналасқан,  Наршоқы  ауылында  дүниеге  келген.  Қыпшақтың  шашты 
руының, бошай тармағынан, оның Торғай аталығынан шыққан. Мұстафаның әкесі Шоқай 

68 
 
орташа дәулетті, елге сыйлы адам болған. Мұстафа Петерборда оқып жүргенде жеті рулы 
шашты  артынан  қаражат  жіберіп  тұрған  деседі.  Мұстафа  Шоқайдың  ХХ-ғасырдың 
басындағы  алтынның  сынығындай  асылдарымыз:  Әлейхан  Бөкейханов,  Ахмет 
Байтұрсынов,  Жүсіпбек  Аймауытов,  Ш.Құдайбердиев  және  т.б  айырмашылығы  Кеңестік 
коммунистік  режимнің  түр-табиғатын,зымияндық  жаратылысын,қазақ  халқына  нәубет 
әкелер  тажалды  болмысын,  олардың  бәрінен  бұрын  ертерек  сезгендігі.  Сөйтіп,1920 
жылдың  өзінде  шетелге  кетуге  мәжбүр  болғандығы.  Уақыт  көрсеткеніндей,оның  шешімі 
дұрыс  болып  шықты.1920-1930  жылдары  оның  көптеген  идеялас  қандастары  кеңестік 
репрессияға  ұшырап  жатқанда,  олар  туралы  шындықты  Мұстафа  Батыс  Европада  жүріп 
жазып,  шетелдік  қоғамдық  пікірде,  кеңестердің  шын  саяси  бейнесін  әшкерелеуге  үлкен 
үлес қосады. 
Бүгінде  Мұстафа  Шоқайдың  шет  елде  жүріп,  шындықты  сол  кездің  өзінде  жазып 
қалдырған  тарихи-публицистикалық,  ғылыми,  философиялық  еңбектері,  журналистік  
қолжазбалары болмаса, көп жәйттердің беті ашылмай, уақыттың өтуімен ұмтылуы мүмкін 
еді.  Сондай  іргетасты  еңбектерінің  бірі  "Кеңестердің  қол  астындағы    Түркістан"  болып 
табылады. 
Мұстафа  Шоқай  бұл  еңбекті  жазғанда  алдына  нақты  мақсаттар  мен  міндеттерді 
қойды.  Атап  айтқанда,  Батыстағы  қоғамдық  пікірде,  КСРО-мен  оның  халыққа  қарсы, 
зұлмат  саясаты  жайлы  өте  аз  білетін.  Көп  жағдайларда  кеңес  елінің  бейнесі  жағымды 
жағынан  алынып,қаралған.  Оған  себеп  "тұңғыш  пролетарлық  диктатура  орнаған  ел", 
"езілген  халықтардың  сан  ғасырлық  арманы  орындалған  ел",  "тұңғыш  социалистік  ел" 
деген  сияқты,  идеологиялық  дақпырттарға  негізделген  үгіт-насихаттың,  науқанның 
нәтижелері  еді.  Сондықтан  Мұстафа  Батыстағы  қоғамдық  пікірдегі  адасушылыққа  қарсы 
бағытталған,жоғарыда  аталған  еңбегін  жарыққа  шығарды. Еңбекке  тікелей  түрткі  болған 
Мәскеуге  Қазан  төңкерісінің  10-жылдығына  барған  француз  жұмысшы  делегациясы 
мүшелерінің бір тобы Орта Азияда да болуы. Кеңестік идеологиялық ұйымдастырушылық 
дәстүр  бойынша  қайткен  күнде  де  қонақтарға  жақсы  көрінуі  үшін  "көзбояушылық" 
жұмыстар 
қарқынды  ұйымдастырылып,  нәтижесінде  француздардың  көзқарастары 
шындықтан  мүлде  алшақ  қалыптасады.  Осы  тұрғыда,  айта  кететін  жәйт,  Кеңес  елі  өз 
халқын  70  жылдан  астам  уақыт  шындықтан  алшақ  ұстағаны  мәлім.  Соны  ең 
алғашқылардың бірі болып, тани білгендердің қатарында ұлы жерлесіміз Мұстафа Шоқай 
болатын. 
Мұстафаның  алдында  оңай  міндет  тұрған  жоқ  еді.  Сондықтан,  ол  батыс 
оқырмандарына  алдын  ала  өзінің  тек  кеңестік  басылымдарға  жүгінетіндігін  ескертеді. 
Оның  негізгі  ескертуі:  "Мүлде  ойдан  шығарылған"!  Жалған!  Ондай  болған  емес... 
Түркістандағы Кеңес өкіметі  әуел бастан осындай. Түркістан кедейлердің  қанына бөккен 
большевиктік өтірік батпағы-біздің елімізде орныққан өкіметтің негізінде, міне, не жатыр. 
Ол  Түркістандық  кедейлердің,  Түркістандық  әйелдер  мен  балалардың  өлігінің  үстіне 
орныққан. 
Мұстафа 
Шоқайдың 
публицистикалық 
шеберлігі 
сонда, 
ол 
Кеңестердің 
Түркістандағы  саясатын  рет-ретімен  жүйелі  түрде  әшкерелейді,әрбір  республикаларға  
жеке-жеке тоқталып,өзінің дәлелдеріне  айрықша пәрмен береді. Мысалы, 1919 жылғы 5-
маусымда 
өткен 
Ташкенттегі 
Түркістан 
коммунистік 
партиясының 
3-өлкелік 
құрылтайының  мәжілісінде  сөйлеген  аңғал  кедей  мұсылманның  сөзін  келтіреді.  Онда:-
«Біздер,  кедей  мұсылмандар,  қанды  қол  Николайдың  кезінде  мал  сияқты  болсақ,  енді 
қазіргі  пролетарлық  үкімет  кезінде  де  сондаймыз.Одан  да  жаман,  тіптен  Кеңес  өкіметіне 
қарсыласпасақ та... өкімет өкілдері капиталистермен күресеміз.  - деп жариялайды да,соны 
желеу  етіп,  тартып  алуды  және  өз  қалталарын  қампитуды  бастайды.Бір  кедей  
пролетардың  аты  мен  арбасы  болатын,кісі  тасып  әулетін  асырайтын.Қызыл  әскер  келеді 
де    еш  ақысын  төлеместен,  атын  тартып  әкетеді.  Әлгі  кедей  әулетімен  аш  қалып,  тағдыр 
тәлкегіне  түседі.  Байлардан  (ауқаттылардан)  тартып  аламыз  дегенді  сылтауратып, 
жұрттың бәрін, қаланың (Наманганның) 84 мың тұрғынын тегіс тонады...» (73 бет.) 

69 
 
Мұстафа  Шоқай  одан  әрі  біздің  Қазақстанға,  оның  ішінде  туған  қаламыз 
Қызылордадағы  большевиктік    эксперименттерге    тоқталады.Түркістанда  пролетариат 
диктатурасын  орнатушы  тек  қана  орыстар  болуы  тиіс  дейтін  көзқарас  үстем  екенін 
ескертеді.«Мысалы,Перовскіде  (қазіргі  Қызылорда)өзі  би,  өзі  қожа  Гержот  отыр.Одан 
тұтастай  халық-қырғыздар  (қазақтар)  үдере  көшкен.Осы  басқыншылықта  бір  миллионға 
жуық  адам  өлген. (бұлда  сонда-75б)»  Бұдан  әрі  Мұстафа  Шоқай  Кеңестік  билеушілердің 
кадр  саясатына,    құқықтық  жағдайына  талдау  жасайды.Қылмыскерлердің    «жүгенсіздігі» 
(беспредел)  айрықша  зерттеу  объектісіне  айналады.  «Кеңес  өкіметі    миллиондаған  
түркістандық  бұратана  кедейлердің  қырылуына  тікелей  және  қаскөй  кінәлілерді    жазаға 
тартпағаны  былай  тұрсын  керісінше,тіпті  олардың  бәрі  бірдей  Ресейдің    ішкі 
губернияларына 
«партиялық 
тәртіп 
бойынша 
ауыстырылғанда» 
жоқ.Аштықты 
ұйымдастыруға 
кінәлі 
адамдар 
әлі 
күнге 
дейін 
 
Түркістанның 
«ұлттық 
республикаларында» отыр және жауапты қызметтер атқаруда.» (77бет). 
 
 
 
Қазақстанда жүрізілген «ұлы» эксперименттердің бірі «Кіші Қазан төңкерісі», оның 
бастаушысы  қазақ  халқының  белгілі  қанішері,  коммунист  Голошекин  болатын.Мұстафа 
Шоқай  Қазақстан  басшыларының  ішінде  айрықша  осы  "қайраткерді"  өткір  сынға 
алады.Голошекиннің  ойынша  қазақ  коммунистерінің  көпшілігі  сауатсыз,  сондықтан 
партияның  жоғарыдан  жіберілген  нұсқаулары  орындалмайды  дейтін  пікірі  шындыққа 
сәйкес 
келмейтін 
тұжырым. 
Қазақстандағы 
сталинизмге 
Мұстафа 
Шоқай 
«Голощекиншілдік»  деп  баға  береді.  Мұстафа  Шоқайдың  айрықша  назарында  болған 
кеңестік практиканың бірі кеңестік  «индустрияландыру» . 
 
 
 
Кеңестік  ресми  идеологиялық насихат  құралдарында  бұл  тарихи    жеңістер    ретінде 
суреттелетін.М.Шоқай  мұндай  кеңестік  аңызға  да  қатаң  шүйлігеді.Ол  қазақ  елінің  қақ 
ортасында  орналасқан  Риддер  заводының  тәжірибесін  алға  тартады.  Заводтың  барлық 
басқарушылары  орыс ұлтынан болса, бағынушылары қазақтар болды.Оның тізгінін Кеңес 
Одағының  орталық  органдары  ұстап  отырғандығы  жасырын  емес  еді.Заводтағы  барлық 
жұмысшылар  мен  қызметшілердің  саны  2800  адам,  оның  370-і  ғана  қазақ.Тек  қана  бір 
жұмысшы  қазақ  маманданғандар  қатарына  жатады,  қалғанының  барлығы  қазіргі  тілмен 
айтқанда  қара  жұмыскерлер.  Завод  жанында  маманданған  жұмысшылар  даярлайтын 
Фабрика  –  завод  мектебі  бар,  бірақ  оған  қазақтардың  түсуі  қиындатылған  немесе  тіптен 
мүмкін  емес,  өйткені  онда  қазақ  тілін  білетін  оқытушы  жоқ.  Мұстафа  Шоқай  барлық 
мәселелерге жан жақты, кешенді түрде қарады,айрықша өзіне назар аудартады.Еңбекте ол 
Қазақстан  мен  Өзбекстанда  болып  жатқан  кеңестік  тәжірибелеуге,  тек  саясатшы  көзбен 
қарамайды, оған  әлеуметтанушылық, мәдениеттанушылық, статистикалық талдаулар тән. 
Мұстафа 
Шоқайдың  анализдерінде бұлар бірін-бірі толықтырып отырады.Бұл орайда 
ол «Еңбекші  Қазақ» газетінің  1927  жылдың қараша айындағы материалдарына сүйенеді, 
ұлт-аралық  қатынастарға  қатысты  деректерді  келтіреді.Орыс  большевигі  Морозовтың 
айтуынша:  «Риддер  заводында  жұмысшылар  арасында  ұлтаралық  сенімсіздік  орныққан. 
Орыс  жұмысшылары  ұлы  державалық  пиғыл  танытады...Олар  жұмысшы    қазақтарды 
өздерімен бірге бір үйде тұруға жібермейді (82 бет). 
Алайда  келесі  жылыда  жағдай  оңалған  жоқ.Қазақ  жұмысшыларының  айтуынша 
«жұмысшылар,шахтада  істейтіндер,  жұмысшы  қазақтарды  үнемі  жәбірлейді.Завод 
комитетінде  бірде-бір  қазақ  жоқ.  Завкомда  отырған  орыстар  қазақ  тілін  білмейді  де, 
жұмысшы  қазақтар  олардың  алдында  өз  мұқтаждықтарын  жеткізіп  айта  алмайды. 
Денсаулық  сақтау  саласындағы  жағдай  да  дәл  осының  кебін  киген.  Дәрігер  қазақ  тілін 
білмейді,  ауырған  жұмысшы  қазақ  өз  сырқатын  дұрыс  түсіндіре  алмайды.Сондықтан  да 
жұмысшы  қазақтар  медициналық    жәрдем  сұрап,  дәрігерге  бармайды  (Еңбекші  Қазақ 
№1.1928ж қаңтар). 
Көріп  отырғанымыздай  кеңес  билеушілерінің  сөз  бен  ісінің  алшақтығына,қулық-
сұмдығына  құрық  бойламағандай.  Мұстафа  Шоқайдың  «Кеңестердің  қол  астындғы 
Түркістан»  еңбегінен,  оның  өзінің  әріптестері  А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейхан,  М.Дулатов 
және т.б. басқаларға деген көзқарастарын байқау  қиын емес. «Ол - А.Байтұрсынов-әйгілі 

70 
 
қазақ  жазушысы.  Ол  қандай  лагерді  жақтаса  да,  біздер  қазақ  зиялылары,оның 
көзқарастарының  мөлдір  екеніне  күмән  келтірмейміз»  (104  бет).  М.Шоқай,  әсіресе 
А.Байтұрсыновтың  «Қазақтардың  Ленинге  хатын»    айрықша  жоғары  бағалайды.  Одан 
оның ойынша, А.Байтұрсыновтың қолтаңбасы мен ой-өрнегі бар екенін айқын байқайды. 
Сол кездегі Мәскеуде тұрған қазақ большевиктері үшін, бұл хат  сауатты және мазмұнды 
жазылған.  Және  де  осы  хатты  Мәскеуге  әкелген  делегацияның  құрамында  да 
А.Байтұрсыновтың да болғанына дау жоқ. М.Шоқай, сондай-ақ, А.Байтұрсыновтың кейбір 
еңбектерінен  кеңестік  цензураның  белгілерін  байқаған  тұңғыш  авторлардың  бірі. 
Аталмыш еңбегінде, автор негізінен басқа да қазақ зиялылары туралы пікір білдіреді. 
Алайда  бізді  қызықтарған  бір  жәйт,  М.Шоқайдың  Тұрар  Рысқұловқа  деген 
көзқарасы.  Автор  оның  еңбектеріне    «мейлінше  көп  сілтеме  жасайды»  дегенмен  оның 
Тұрар  Рысқұловты  «Сталиннің  фавориті»  деуі  шындыққа  сәйкес  келмейтіндігі  бесенеден 
белгілі.  Біздің  ойымызша  бұл  Тұрар  Рысқұлов  туралы  мәліметтердің  Мұстафа  Шоқай 
үшін  жеткіліксіздігімен  түсіндірілсе  керек.  ХХ  ғасырдың  басындағы  «Алаш» 
қозғалысындағы  идеялық    ағымдар  туралы  мол  мәліметтер  алуға  болады.  «Шындықты 
жасырмаған  жөн.  Студент  кезімде  (1910-1914)  университет  пен  жалпы  орыс 
зиялыларының 
ревалюцияшыл-демократтары 
арасында 
жүргенде 
Петербургты 
ұнататынмын. Ол заманда орыс студенттер қауымының пейлі кең еді» (109 бет). 
Алайда,  көп  ұзамай  «демократтардың  да»  саяси  деңгейі  белгілі  болып  қалды. 
Демократ  Чхеидзенің,  бастаған  жұмысыңыздың  жайы  қалай  деген  сұрауына  Мұстафа 
Шоқай:  «Біз  Түркістанның  автономия  алғанын  қалаймыз».Сондықтан  «автономияға  
әзірлік  жасап  жатырмыз»  деп  жауап  қайтарады.Чхейдзе  оның  жауабынан  шошып  кетіп:-
Құдай  сақтасын,  Шоқайұлы  жолдас,  еліңіздегі  жерлестеріңіз  арасында  автономияны 
ауызға алмаңыз. Біріншіден, қазір бұл туралы сөз қозғауға ерте.Екіншіден,сіздің Түркістан 
сияқты  елде  автономия  дереу  дербестік  алып,бөліну  деген  мағынаны  аңғартады»-деп 
үрейленуі  көп  нәрседен  хабар  бергендей.Алайда,грузинЧхеидзенің  де  үміті    ақталмаған 
еді.Осы  оқиғалардан  кейін  Мұстафа  Шоқай  басқа  қазақтың  зиялыларынан  ертерек 
қимылдап, оған шетелге кету  туралы ойдың да бұрынырақ келуі де кездейсоқ емес. 
 
Халқымыздың  біртуар  перзенті,  түркі  халықтары  тәуелсіздігінің  жаршысы, 
Тұранның  алыбы  Мұстафа  Шоқай  шетелде  жүріп  те  күресін  тоқтатқан  жоқ.  Ол  «Яш 
Түркістан»  журналының  редакторы  болды,оның  117-ден  астам  санын  шығарды. 
Егемендігіміздің  24  жылдық  мерекесі  аталып  өтілейін  деп  жатқан    биылғы  жылда 
Мұстафаның есімі бұрынғыдан да бетер айшықтана түспек. 
 
Әдебиеттер: 
1. Бәкірұлы Ә. Түркістан Автономиясы. //Сыр бойы, 1999. - 5 қаңтар.  – 2 б. 
       2. Ибрашұлы С. Мұстафа Шоқайұлы. – Қызылорда, 1993. - 224 б.: 60х90: ISBN 5-7242-
6123-0: 500 дана. 
3.Панзабекұлы К. Жаңарған жас. Түркістан.// Қазақ елі, 2001. - №5. - 3-4 б. 
       4.Шоқай, М. Түркістанның қилы тағдыры [Мәтін]: Құрст.: Б.Серікбайұлы Қошым-
Ноғай / М. Шоқай.- Алматы: Жалын, 1992. - 184 б.: 70х90: ISBN 5-610-01128-0: 20 000 
дана.
 
 
 
 
 

71 
 
УДК 908 (574) 
                      
ИСТОРИЯ РАЗВИТИЯ КРАЕВЕДЕНИЯ КАЗАХСТАНА
 
 
Э.Д.ЗИЛИВИНСКАЯ
доктор исторических наук, институт этнологии и антропологии 
им.Миклухо-Маклая, Российская Федерация, 
Г.М.ИБРАЕВ, магистр педагогических наук

Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата,  
Республика Казахстан 
 
Аннотация
 
В  условиях  развития  независимого  Казахстана  актуальность  краеведческой 
проблематики  связана  с  воспитанием  у  молодежи  любви  к  Родине,  патриотических 
чувств.  Президент  РК  Н.А.Назарбаев  в  своей  программной  статье  «Социальная 
модернизация  Казахстана:  двадцать  шагов  к  Обществу  всеобщего  труда»  предложил 
ввести «Краеведение» наряду с другими дисциплинами, как обязательный учебный курс 
в  средних,  технических  профессиональных  и  высших  учебных  заведениях  Казахстана. 
Краеведение  это  и  научная  и  научно  -  популяризаторская  деятельность  определенной 
проблематики:  прошлое  и  настоящее  какого-либо  края,  определенной  местности.  Это  и 
метод  познания  от  частного  к  общему,  выявления  общего  и  особенного,  метод, 
опирающийся,  как  правило,  на  междисциплинарные  научные  связи.  Краеведение  -  это 
форма  общественной  деятельности,  причем  такой,  к  которой  причастны  не  только 
ученые  –  специалисты,  но  и  значительно  более  широкий  круг,  преимущественно 
местных жителей. В статье автор обращается к вопросу истории развития краеведения в 
Казахстане.  В  первоначальный  период  своего  развития  в  силу  своего  исторического 
развития  краеведение  носило  системного  характера  и  во  многом  определялось 
интересами  метрополии.  Но  даже,  несмотря  на  довольно  сложные  условия  развития,  в 
Казахстане  появились  свои  ученые  научная  деятельность  которых  дала  как  бы  старт 
началу развития краеведения в Казахстане,  в числе которых можно с гордостью назвать 
казахстанских  краеведов  –  это  Ч.Валиханов,  С.Бабаджанов,  Н.Коншин,  Е.Михаэлис, 
М.Тынышпаев и многие другие. На современном этапе изучения истории краеведческого 
движения  большое  значение  приобретает  изучение  архивных  источников  как  важного 
элемента в патриотическом воспитании современного общества. 
Как 
известно, 
в 
дореволюционном 
Казахстане, 
представлявшей 
собой 
колониальную окраину, наука, естественно, не была объектом и заботой государственной 
политики  метрополии.  Она  развивалась  благодаря  деятельности  небольшой  группы 
энтузиастов, объединенных в кружки,  отделы, комитеты или общества по интересам.  
Ключевые  слова:  История  развития  краеведения,  советскии  период,  общество 
изучения Казахстана, общество  охраны памятников, группа энтузиастов. 
 
Аңдатпа
 
Тәуелсіз  Қазақстан  жағдайында  өлкетану  проблемаларының  өзектілігі  жастарды 
отанға  деген  сүйіспеншілік  рухында  тәрбиелеумен  байланысты.  ҚР  Президенті 
Н.Назарбаев  «Қазақстанды әлеуметтік жаңарту: жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма 
қадам» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстанның орта мектептерінде,техникалық, 
кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында басқа пәндермен қатар «Өлкетануды» оқытуды 
ұсынған болатын .Өлкетану бұл белгілі бір проблемалар бойынша ғылыми және ғылыми 
–насиқаттық  қызмет:  белгілі  бір  өлкенің  немесе  жергіліті  жердің  өткені  мен  бүгіні.Бұл 
әдетте пәнаралық ғылыми байланыстарға сүйенетін танымның жалқыдан жалпыға көшу 
және  де,  жалпылық  пен  ерекшелікті  анықтау    әдісі.Өлкетану  бұл  -  ғалым  мамандар 
айналысатын  ғана  емес,  сондай-ақ  тұрғындардың  неғұрлым  көпшілігі  айналысатын 
қызмет  түрі.Осы  орайда,  Қазақстандағы  өлкетанудың  дамуы  тарихының  мәселелеріне 

72 
 
тоқталу  қажет.Өз  дамуының  алғашқы  уақыттарында  (мен  отарлық  кезеңдегі  біздің 
өлкеміздің  зерттелуін  айтып  отырмын),  тарихи  себептерменен  жүйелі  сипат  алған  жоқ 
және  метрополияның  мүдделерінен  туындады.Осындай  мейілінше  күрделі  жағдайларға 
қарамастан  Қазақстанда  өз  ғалымдары  пайда  болып,  олардың  ғылыми    қызметі 
Қазақстандағы  өлкетанудың  бағыттарын  айқындады.Олардың  қатарынан  ең  бірінші 
кезекте  Ш.Уалйханов,  С.Бабаджанов,  Н.Коншин,  Е.Михаэлис,  М.Тынышбаев  және 
басқалардың  есімдерін  мақтанышпен  атауға  болады.Қазіргі  таңда  өлкетанушылық 
қозғалыс  тарихын  зерттеуде  қазіргі  қоғамдағы  патриоттық  тәрбие  берудің  маңызды 
элементің  архив  деректері  құрайды.Отарлық  шет  аймақ  болғандықтан  революцияға 
дейінгі  Қазақстанда  ғылымның  метрополияның  мемлекеттік  саясаттың  обьектісі  және 
аясы  болмағаны  белгілі.Өлкетану  сан  жағынан  шағын  үйірмелерге,  бөлімшелерге, 
комитеттерге  және  мүдделес  қоғамдарға  біріккен  энтузиастық  топтардың  қызметінің 
арқасында дамыды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет