№22 (5410) 30 мамыр 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата15.03.2017
өлшемі1,43 Mb.
#9934
1   2   3   4   5   6

Əкбар қажы Исай,

наиб имам

Иман айнасы

Жұмыр жерде жұмыр басты пенде

1929 жылдың басында Кеңес үкіметі билігіндегі əрбір

елді мекеннің басшылығына «Дінге қарсы күресті күшейту

шаралары туралы» құпия хат жіберілді. Бұл хатта дінге

қарсы күрес тап күресіне теңестіріліп, оған зор саяси мəн

берілді. 1918 жылы жарық көрген дінді мемлекеттен жəне

мектептен ажырату туралы  РКФР  ХКК (Совет народных

комиссаров РСФСР) декретіне сəйкес 1929 жылы 8

сəуірде «Діни бірлестіктер туралы» атты БОАК жəне ХКК

(ВЦИК и СНК) Қаулысы шықты. Бұл құжат бойынша дін

өкілдерінің құқы шектеліп, қасиетті орындарға сапар

шегіп, тəу етуге, тіпті қайырымдылық көмек көрсетуге

дейін тыйым салынды. Аурулар мен өлім халінде жатқан

адамдардың үйіне баруға жергілікті кеңестің арнайы

рұқсаты керек болды. 1929 жылы 1 қазанда жарияланған

РКФР Конституциясының 4 бабының жаңа редакциясы

дінге сенушілердің құқын мүлдем төмендетіп жіберді. 

1929 жылы 1 қазанда шыққан ХКК ІІБ қағидасы бойынша

дін өкілдері бас еркінен айрылғандар қатарына

жатқызылды. Сол жылдардағы КСРО ішкі істер мини-

стріне түскен хабарлама бойынша діни себептермен ара-

сында 657 молдасы бар 951 мұсылман дінін

уағыздаушылар жер аударылды. 1930 жылы 15 ақпанда

жарық көрген «Діни ұйымдардың басшылығы арасындағы

контрреволюциялық элементтермен күрес туралы» үкімет

Қаулысы жергілікті жерлерде дінге қарсы жұмыстарды

жандандырып, кеңес саясатына қарсы адамдарды

айғақтап, оларды жазалауға арналды. БСБ (ГПУ), кейіні-

рек ІІХК (НКВД) қызметкерлері дінге оң көзбен қарайтын

санасы ояу, ел ішінде беделді азаматтардың барлығын

іріктеп – тексеріп, əсіресе, ескіше оқыған, діни сауаты бар

азаматтардың түптамырына балта шабу жағдаятын ба-

стады.

ХVІІ партия конференциясының шешімдеріне сəйкес



Нұра жерінде де дінге қарсы күрес күшейтілді.

«Құдайсыздық  бесжылдығы» жарияланып, «құдайсыздар

ұйымына» тіркелген адамдардың саны көбейтілді. Олар

белсене жұмыс істеп, «бай менен молданы қойдай қу

қамшымен» деген саясатты жүзеге асырды.

Мұсылмандықтың шарттары мен қағидаларын берік

ұстанғандардың бір бөлігі «халық жаулары» болып табы-

лып, Қарлагта азап шекті немесе атылып кетті.

Жазалаушы органдардың мəліметтері бойынша 1923-

1924 жылдары бұрынғы КСРО көлемінде 2469 діни

қызметшілер тұтқындалса, 1931-1932 жылдары олардың

саны 19812 адамға жеткен. Қазақстанда 900-ден астам

дін өкілдері қамауға алынып, олардың ішінен 431 адам

(44%) ату жазасына кесілді. Репрессияға

ұшырағандардың 86,4%-ы 1930-1940 жылдары ұсталды.

Саяси қуғын-сүргін көргендердің 32,8%-ын қазақ қожа-

молдалары құрады.

Ондаған адамдар пікірі жат деп табылып, əртүрлі

жазаларға ұшырады. Жүздеген адамдар діндарлығы үшін

сайлау құқынан айырылды. Нұралық молда

Қошмағанбетов Мұхаметжанды 1931 жылы 6 қаңтарда

Қазақстандағы ББСБ (ОГПУ) қамауға алып, 1931 жылы

17 наурыз күні РКФСР ҚК 58-10 бабы бойынша 3 жылға

жер аударды. М.Қошмағанбетов 1989 жылы ғана 21

қыркүйектегі ҚКСРО прокуратурасының шешімімен

ақталды.


Нұра ауданының № 7 ауылының молдасы Молдабаев

Ақшанды 1931 жылы 6 қаңтарда Петропавл ББСБ

қамауға алып, 1931 жылы 17 наурызда РКФСР ҚК 58-10

бабы бойынша 3 жылға жер аударды. А.Молдабаев 1989

жылы 21 қыркүйекте ҚКСРО прокуратурасының шешімі-

мен ақталды.

Нұра өңірінің тумасы, Уфадағы «Ғалия» медресесін бі-

тіріп, діни жоғары білім алған, медресе ашып, бала

оқытқан Елеусізұлы Қабыл 10 жыл лагерьде жазасын

өтеді.


1937 – 1938 жылдары айыпталып, түрлі жазаларға

тартылған Нұра өңірінің кейбір дін өкілдері: 

1. Сүлейменов Пазыл, 1888 ж.т., қазақ, молда. Қосқопа

дейтін жерде туған. Тұтқындалғанға дейін «Қызыл

Жұлдыз» колхозын мекендеген. 1936 жылы 15 қарашада

ІІХК Ақмола аудандық бөлімі қамауға алып, 1937 жылы 30

мамырда Қарағанды облыстық сотының шешімімен

РКФСР ҚК 58-10 бабы бойынша 8 жылға сотталған. 1998

жылы 8 шілдеде ҚКСРО Бас прокуратурасының шешімі-

мен ақталған.

2.Тоқсамбаев Жармағанбет, 1860 ж.т., қазақ, молда.

Тұтқындалғанға дейін Қосқопа елді мекенінде тұрған.

1936 жылы 7 сəуірде ІІХК Ақмола аудандық бөлімі

қамауға алып, 1937 жылы 1 шілдеде Қарағанды облыстық

сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-10 бабы бойынша 10

жылға сотталған. 1998 жылы 6 шілдеде ҚКСРО Бас

прокуратурасының шешімімен ақталған.                       

3. Үдербаев Ысқақ, 1878 ж.т., қазақ, молда. Білімі баста-

уыш. Тұтқындалғанға дейін Еңбекшіл колхозында тұрған.

1936 жылы 29 шілдеде ІІХК Ақмола аудандық бөлімі

қамауға алып, 1937 жылы 21 шілдеде ҚКСР ІІХК

шекаралық жəне ішкі əскери трибуналы РКФСР ҚК 58-10

бабы бойынша ату жазасын берген. 1963 жылы 28

ақпанда КСРО Жоғарғы Сотының əскери алқасының ше-

шімімен ақталған.

4. Мақатаев Сыздық, 1882 ж.т., қазақ, молда. Қарағанды

облысы Қызыл жұлдыз мекенінің тұрғыны. Білімі баста-

уыш. 1938 жылы 19 қарашада Қарағанды облыстық

сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-9 бабы бойынша 25

жылға сотталған. 1998 жылы 20 сəуірде ҚКСРО Бас

прокуратурасының шешімімен ақталған.

Ал 1938 жылы дін мəселелері толығымен ІІХК (НКВД)

құзырына көшті. 

1937 жылы партияның ОК Пленумында Сталин социа-

лизмге қарай жылжыған сайын тап күресі шиеленісе бе-

реді деген тезис ұсынып, билік саясатына қарсы

болғандармен аяусыз күрес жүргізуге шақырды. Бұл тезис

жаппай қуғын-сүргін шараларын ұйымдастыруға негіз

болды. «Революцияға қарсы барлық істердің айыптау-

шысыз жəне қорғаушысыз қаралатыны» туралы құжат

жарық көрді. Айыбы жоқтық презумпциясы принципі елен-

бейтін болды. КСРО бас прокуроры А.Я.Вышинский

айыпталған адам қылмысын мойындаса, ешқандай

кінəсіздігі туралы дəлелдің керегі жоқ, деп мəлімдеді.

Сталиннің 1936 жылы шыққан жасырын нұсқауы

тұтқындады азаптауға жол ашты.  Нəтижесінде,

миллиондаған адамдар жазықсыз жазаланып, өлім жаза-

сына кесілді. Қазақстанда 1937-38 жж. 160 мың адам

репрессияға ұшырады. Қарағанды облысында 6288 адам

жазаланып, олардың ішінде 1495 адам атылды. 1930 -

1943 жылдары Қарлагта жəне Қарағандыда атылған 3026

адамның ішінде 588 қазақ фамилиялары ұшырасады.

Олардың басым көпшілігін, əрине, діндар адамдар

құрады.


Іслəмов Ібірахым Іслəмұлы,              

Қарағанды облысы «Долинка кентіндегі саяси

қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайы»

директорының орынбасары, халықаралық  жазу-

шылар одағының мүшесі, ҚР мəдениет қайраткері

31 мамыр – Саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған нұралық дін өкілдері 

5 бет

30 мамыр 2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Кез келген ұлттың өзгеден ерек-

шеленіп тұрар дүниесі бұл –

мəдениеті. Себебі, əр халықтың

дүниетанымы, рухани байлығы,

салт-дəстүрі осы мəдениет деген

асыл ұғыммен астасып жатады. Қай

елдің мəдениеті мықты болса, сол

елдің еңсесі биік, рухы да жоғары

болары анық. Ауданымыздың

еңсесін биіктетіп, рухын асқақтатып

жүрген мəдениет саласының май-

талмандарынан кенде емес. Бүгінгі

əңгімеміз солардың бірі, əрдайым

сахна төрінен табыла бермесе де,

сахнадағы əріптесінің əр

дыбысының музыкаға үйлесе

шығуына жауап беретін аудандық

мəдениет үйінің дыбыс режиссері

Тəжібеков Əсет Қасенұлы жайлы

болмақ.


Өнер адамына сай бар мінез-құлық

бір басынан табылатын Əсет

Қасенұлын барша аудан

тұрғындары сабырлылығымен,

төзімділігімен, ақ жарқын көркем мі-

незімен таниды. Қашан көрсең, езуі-

нен күлкі жиылмай, жан-жағына

көтеріңкі көңіл-күй сыйлап жүргені.

Бұған қылжақпастығын да қосып

қойыңыз. Əрдайым сахна төрінен

көріне бермесе де, анда-санда

қолына микрофон алып, сахнаға

шыққан жайы болса, дүйім жұртты

өзіне еріксіз үйіріп алар «магни-

тизмі» тағы бар. Жүрегі өнер деп

соққан жанды əңгімеге тартып,

жалпы осы жолды таңдауының се-

бебін сұраған едік. 

-«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны

ілерсің» демей ме халық

даналығында. Əкем өнер десе,

ішкен асын жерге қоятын жан еді.

Кезінде Ақмола қаласында ең

алғаш ашылған театрдың əртісі де

болған. Ол Ұлы Отан соғысы ба-

сталмай тұрып болған жағдай ғой.

Соғыс жылдары театр ыдырап жа-

былып қалды деп айтып отыратын.

Əкем өзі 1914 жылы дүниеге келген

жан. 1986 жылы елімізді дүр сілкін-

дірген желтоқсан көтерілісі болып

жатқан кезде дүниеден озды. Мен

ол кезде Отан алдындағы боры-

шымды өтеп, қазіргі Ресей

Федерациясының Саратов

қаласында əскер қатарында

жүргем, - деп сəл дауысын

бəсеңдетіп, кідіріс жасап барып:-

Домбырамен əн салған кезде дүйім

жұртты дауысымен үйіріп алады

екен. Қазірдің өзінде Ақмола

облысы мен Қорғалжын ауданына

қонаққа бара қалсам, жөн

сұрастыра келе, Қасеннің баласы

екенімді білген кезде əкемнің өнерін

айтып, ауыздарынан суы құрып

отырады. Сондай кезде бір

көтеріліп қалатыным бар,- деп өзінің

үйреншікті қылжақпастығына тағы

бір салып қойды.

Əсет Қасенұлы өзіміздің ауданның

Ахмет ауылының тумасы. Əкесі мен

анасы Қабыкен Шаймерденқызы

мəпелеп өсірген алты баланың бе-

сіншісі. Отбасында бəрі музыкаға

құмар болғаныме, өмірлік

мамандығы  ретінде өзі ғана таңдап

алған. Баласының əнге əуес, күйге

құмар болып өсіп келе жатқанын

байқаған əке көңілі бетін қақпай, ке-

рісінше белін буып,  Əл Фараби

атындағы Шымкент қаласындағы

педагогикалық институттың музыка

факультетіне жібереді. Үмітін ақтап,

баласы аталмыш оқу орнының сту-

денті атанады. Осы қалада жүріп,

болашақ жары Өмірова Сəуле

Еламанқызымен кездесіп, дəм-

тұздары жарасып, шаңырақ көтеріп,

отау құрады. Біріншіден, үйреніп

қалған қаласы, екіншіден, жұбайы

Сауле Алматының фармацевтік

институтының Шымкенттік

филиалының соңғы курс студенті

болғандықтан, жас отбасы Шымкент

қаласына қайра келіп, осы жерде

отбасылық өмірлері жалғаса береді. 

- Кім біледі? Тоқсаныншы

жылдардағы үлкен дағдарыс

болмағанда, сол қаланың

тұрғындары болып кете берер ме

едік. Мен жоғарғы оқу орнын

тəмамдап, қолыма дипломымды

алған кезде ата-анамды қуантып,

болашақ балаларымның анасы

Сəулені үйге əкелдім. Ол кезде

Шымкент қаласындағы

Республикалық əскери мектеп ин-

тернатында музыка пəнінен мұғалім

болып орналасқан едім. Екеуміз

қайра сол Шымкентке тарттық. Бірі-

міз оқуымызды жалғастыруға, ал

мен болсам, отбасымды жеткізу

үшін жұмысымды жалғастыруға.

Бұл 1994-1995 жылдар болатын.

Қиын заманның ең күшейген шағы.

Мектепте қысқарту басталды. Еңбек

өтілі ең аз ұстаздардың қатарында

қысқартылдық. Содан не керек,

Шымкенттің қорғасын зауытына

жұмысқа тұрдым. Жұмыс деген аты

ғана, жалақы жоқ. Күн көріс

қиындады. Сəуле бұл кезде оқуын

тəмамдап, қолына дипломын алған.

Екеуміз қайра кейін ауылға

қайттық,- деп əңгімесін

жалғастырды.

Ауылға келгеннен кейін де бірден

мамандығы бойынша жұмыс та-

была кетпеген. Алайда, араға алты

ай уақыт салып, осы аудандық

мəдениет үйіне жұмысқа тұруға

өтініш білдірген. Бірден өзіне осы

мəдениет үйінен, жұбайы Сəуле

Еламанқызына аудандық емхана-

дан жұмыс табылған. Содан, міне

21 жылдың жүзі болды, екеуі де

табан ауыстырмастан таңдаған

мамандықтарына адал еңбек етіп

жүргендеріне.

Ауданның өнегелі, өнерлі

отбасыларының бірі десем де артық

емес. Өткен 8 наурыз -

Халықаралық əйелдер мерекесіне

орай ұйымдастырылған салтанатты

шарада қос жұптың орындауындағы

дуэт көпшіліктің көңілінен шығып,

жиналған қауымды дүр сілкіндіріп

тастады.   Сұрастыра келе білдік,

Сəуле Еламанқызының да

музыкалық сауаты бар екен. Му-

зыка мектебінің түлегі.

Қазіргі кезде бұл отбасы - қызы

Ақботаны ұясына қондырып, Ла-

тифа есімді жиендерін əлдилеп,

шаңырақ иесі, атқамінерлері

Əмірланның тілеуін тілеп отырған

жандар. Ынтымағы мен бірлігі

жарасқан шаңыраққа берекелеріңіз

арта берсін деген ниет білдіріп,

шаңырақтарыңыз шаттықтан

жайқала берсін демекпіз.     



Тазагүл Пішенбаева

Жақсының жүзі жарқын

Өнері өмірге 

жетелеген

Бір отбасының тарихы арқылы елдің тарихын,

заман көрінісін айқындауға болады. Ел басынан

өткен жетпіс жыл тарихы бар КСРО дəуірін

сызып тастауға да болмайтынын түсінеміз. Ол

дəуір адам тағдыры, адамдардың жеке өмірімен

де өрілгенін естен шығаруға болмайды.

Қуандық əулетінің отбасы тарихы осы заман-

мен тұтасып, өріліп жатқаны да бір дəлел.

Əулеттің үлкені Əлмұқан  Нұра ауданының Но-

вопокровка ауылының тумасы, соғысқа аттанар

алдында өрімталдай жігіт елін жаудан қорғау

үшін 1942 жылы аттанған екен. Егер соғыстың

нағыз сын кезеңінде бірімізге əке, бірімізге аға,

көрмеген немере, шөберелеріне ата болған ізгі

жан, отбасының бас көтерері соңында қалған

інісі Балта, Үкен, қарындастары Раушандарды

тағдырдың өзіне тапсырып, соңында тілеуін

тілеп қалған ата-анасы Ішкен, Зинамен қимай

қоштасқан болар. Бірақ адамды алға жетелейтін

үміт оты ешқандай кедергіге қаратпаған. Тіпті, он

жетідегі жасын жиырма деп көрсеткені де

болашаққа сенген сенімінен болар. 

Əлмұқан атамыздың салған жолы, қазақтың

қайтпас рухы алған тəрбиеден болар,

соңындағы екі інісі де бейбіт өмірдің

сақшыларына айналып, оқыған, көзі ашық,

қызметін абыроймен атқарған адал

қалыптарында  осы өмірден өтті.

Он сегізінші Эмген атқыштар дивизиясының

минрота командирі көмекшісінің қызметін

атқарып, аға сержант сапер атағына дейін жетті.

1942-1944 жылдары Сталинград шайқасына

қатысып, Ленинградты қорғауда ерлік көрсетті.

Сталинград үшін шайқаста аяғынан жараланып,

«Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Елге

келген соң да абыроймен өз міндетін атқарды.

Артында қалған іні-қарындастарының өз

еңбектерімен оқып, тоқып адам қатарына

қосылғандарына сүйінді. Інісі Балтаның  бала-

лары да  Марат, Қанат, Қайрат сияқты ұлдары

ұяға қонып, Жанна қызы қияда қанаттанып, əке

аты, ата атын өрлетіп, ата баласы болып

қалмай, ел атағын төрлетіп, еліміздің абыройын

салмақпен көтеруде. Кіші інісі Үкен Жаңаарқада

МАИ басқарушысы болды. Қарындасы Раушан

бүгінде алдынан мыңдаған шəкірт тəлімін алған

ұлағатты ұстаз, зейнеткер. Халыққа танымал

Дəулет, Жомарт сынды ұлдардың, Зəуреш,

Гүлжан, Əсия, Əсемдей қыздарын ұяларына

қондырған алтын құрсақ ана. Ел тынышталып,

бейбіт заманға бет бұрған кезде туған, соңынан

ерген қарындасы Тыныштықты ерекше еркелет-

кен атамыз қарындасының атын елдің

тыныштығымен байланыстырған болар. 

Иə, бір үйдің бес баласының бес бұралаң

жолы, бес тағдыры, елге еселеп қосқан бес үлесі

бар. Қазақ  отбасын Отанымен, ошағымен бай-

ланыстыратыны да тегін болмас.

Атамыз Əлмұқан елге оралған соң табанына

тікенек болып қадалған жарқыншақ дегеніне

жетті. Армандарды аралап кескен соғыс ізі

атамның табанының астында қалғанымен,

əжемнің жүрегіне де сыз болып батпады дейсіз

бе? Елге ерлікпен оралған, көркімен көркейткен,

ерік-жігерімен таңдантқан жігіттің серісінің

таңдауына ие болған əжеміз Зейнеп дəп сол

кезде  отыз жеті жасында жесір қаларын,

күйеуімен емес, енесінің бетіне келмей, отыз бес

жыл отасарын білді дейсіз бе?

Заманының алды,

оқығандардың ізі болған

əжеміз Зейнеп атамыз

Əлмұқаннан бейбіт

өмірде 1960  жылы айы-

рылып, төрт баласын

өсірді. Кітапханашы

болып, сол жердің талай

адамының ыстық

ықыласына ие болды.

Мойымады, мойыса «Бір-

жан Сарадан» жатқа

үзінді оқитын, қажымады,

қажыса əн салып, жиын-

тойға көрік беретін. Əжем

Қуандықова Зейнеп өмір

бойы кітапханада жұмыс

істеді. Кітапқа деген

ықыласы ерекше еді. Өзі

ғана оқымай, қызығына

оқырмандарын да сусын-

датып, баурыа əкететін.

Өресі биік, өнегесі өрен

өскелең ұрпақты

тəрбиелей білді, саралап

жол салып берді.

Əке атын  жаман атқа

айырбастамай, бұғанасы

бекімей тұрып, тұңғышы

Жанайдар еңбекке араласты, кіші ұлы Ерайдар

əскери қызмет атқарып, абыроймен зейнетке

шықты. Əр адамның «орнында бар оңалар» сол

əулеттен бүгінде қара шаңырақ иесі Əнуар əке

атанған көк өрім гүлдеп, ертең көлеңкесі елге

сая бəйтерекке айналары анық. Аталар салған

жол, əкелер алған биік балалар бастар

болашаққа жетері хақ. Бір атаның шежіресіне

айналғалы отырған Əнуар үшін жаны елжірер

апалары Гүлбақыт пен Гүлбағдат балаларының

бақытын тілеген əжелер қатарына қосылды. 

Марқұм Жанайдар мен жеңгеміз Қарлығаштың

Зейнептей асыл анамызды қуандыртып, тілеуін

тілетіп, мейірімін түсірткен Мадина қазірде

Қарағанды қаласында еңбек етуде. Ағаларының

көзі болып қалған Əсел, Анар, Əнуар,

Мадинаның əр қадамы ағаларына нағыз

қарындас бола білген Гүлбақыт үшін ерекше

ыстық болатыны сондықтан. Аталған жандарды

ардақтай отырып тізгенде, атаның баласының

атын аспандатқаннан емес, елін қорғаған

Əлмұқан сынды атамыздың туған-туысы осы

атқа сай ел қорғар, ел атын аспандатар əлі

талай ұрпақ тəрбиелеріне күмəніміз жоқ. 

Қилы тағдыр, қиын да қызық бұралаңы көп

өмір. Ақиқаты біреу – қазақтың баласы шежіре-

сін шерте білгендіктен, тарихын қастерлейді,

өткенін білгендіктен, болашаққа қадамын нық ба-

сады.


Мендібаева Салтанат,

Назарбаев зияткерлік мектебінің

эксперт мұғалімі.  

Астана қаласы

Менің отбасымның

тарихы

Мен жеті жаста едім

Мен 1971


жылы əкем қайтыс

болғанда, 7 жаста

едім. Ол жылдары

əкем Ынтымақ

ауылында ұстаз еді. Анам 7 баламен жесір қалып,

көп қиыншылық көрді. Ағайын – жұрттың

көмегімен өмірдің соқпақтарынан өтіп, өсіп жетіл-

дік. Қазір өткен балалық шағымды есіме алсам,

өзегімді өрт шалғандай. Əсіресе, баспасөз бетте-

рінен əкелер туралы, олардың қажырлы еңбектері

туралы оқығанда, өз əкем туралы еш мəлімет тап-

пайтынмын. Алланың қолдауы шығар, мен

аудандық мұрағаттан əкем туралы мəлімет іздей

бастадым. Аудандық əскери комиссариатына да

бардым. Ізденістің арқасында облыстық

мұрағаттан əкем туралы Көкшетау облыстық

мұрағатынан жіберілген құжаттар табылып, арада

бірнеше жыл өтіп, ол құжаттар Нұра ауданының

мұрағатына 1991 жылы келіп түсті. Өте кеш кел-

ген құжаттардан менің əкемнің кім болғанын біл-

дім. Құжаттардың ішінде əкемнің 1951-54 ж.ж.

аралығында Абай атындағы Мемлекеттік

педагогикалық институтының география

мамандығы бойынша дипломы, мандат, əскери

билеті, медальдардың құжаттары жəне əкемнің

соғысқа қатысқаны туралы жазылған. 

Əкем Байсалов Мақажан 1913 жылы Қарағанды

облысы, Нұра ауданы, Казгородок ауылында

туылған. 1933 жылы партия мүшесіне алынған.

1937-1939 жылдары Петропавл қаласында екі

жылдық мұғалімдер институтын тəмамдаған.

1943 жылы Көкшетау аудандық əскери

комиссариатының шақыруымен соғысқа аттанған.

1943 жылдың тамызынан қарашасына дейін

Краснохальск училищесінің курсанты болған.

1943 жылдың қараша айы мен 1945 жылдың

қаңтар аралығында 2-ші Прибалтика фронтында

256-257 полкының командирі болған (полк ал-

дында əскери ант берген), ол кезде полк подпол-

ковнигі Кубарев болған. Прибалтика жері үшін

шайқаста 1945 жылы ақпан айының басында сол

қолынан қатты жарақат алып, госпитальге түскен.

1945 жылы жоғарғы президиумның қаулысы бо-

йынша соғысқа жарамсыз деп танылған.  

Көптеген медальдармен марапатталған.

Айталық, 1946 жылы 19 маусымда «За Победу

над Германией», 1957 жылы 29 мамырда «За

освоение целиных земель», 1965 жылы 7 ма-

мырда «20 лет Победы», 1969 жылы 8 қыркүйекте

«50 лет Вооруженных Сил СССР» медальдары.

Мен əкемнен жас қалсам да, көз алдыма асқар

таудай биік, кеудесі ізгілік пен марапатқа толы

адамды елестетемін. Суретіне қарасам,

мақтаныш сезімі пайда болады. Əкемнің бейнесі

əркез менің жадымда.  

Альшимбаева Рымтай Мақажанқызы,

Байтуған ауылы


6  бет

30  мамыр   2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Последний звонок - это самый трогательный,

самый незабываемый из всех школьных праздни-

ков.

Слово «последний» у всех без исключения вызывает



определенные ассоциации.

Это расставание, грусть, доб-

рые напутствия.

Последний звонок- это сим-

вол окончания прекрасной

школьной поры. И этот

праздник должен остаться в

памяти выпускников навсе-

гда.

А сегодня - только счастье от



того, что позади, и надежда

на то, что впереди. И грусть

от расставания с друзьями.

В нашей  школе  торже-

ственный праздник  начался

с исполнения гимна Респуб-

лики Казахстан. 

Под вальс «Школьные годы

чудесные» все встречали вы-

пускников, которые прошли

круг почета по школьной пло-

щади. 


С окончанием школы вы-

пускников поздравила руко-

водитель районного отдела

внутренней политики З.А

Даутова. Обращаясь к вы-

пускникам, она отметила, что

выпускникам 2015 год за-

помнится тем, что Республика

Казахстан отмечает четыре знаменательные даты.

Это 70-тилетие Победы в Великой Отечественной

войне, 20-тилетие Конституции РК, 20-тилетие Ас-

самблеи народа Казахстана и 550-тилетие образова-

ния казахского ханства. З.А. Даутова пожелала

выпускникам только побед и успехов во всех начи-

наниях, успешной сдачи экзаменов и ЕНТ. «Кем бы

в жизни вы не стали, куда бы вас судьба не забро-

сила, никогда не забывайте родную школу, давшую

вам старт во взрослую жизнь». Прозвучали  слова

благодарности и учителям: «От вас многое зависит в

формировании личности человека, его стремлений и

взглядов. Большое спасибо вам за ваш благородный

труд, за высокое служение избранной профессии».

Слово было предоставлено первоклассникам, кото-

рые поздравили выпускников и пожелали им счаст-

ливого пути и подарили им памятные

подарки.Затем было предоставлено слово замести-

телю директора по учебной части Ахметовой Сауле

Жанайдаровне, которая поздравила выпускников с

окончанием школы и пожелала успешно сдать все

экзамены, а учеников поздравила с окончанием

учебного года и пожелала хороших и счастливых ка-

никул, наградила отличников похвальными листами.

Методист районного отдела образования Блялова

Сандугаш  Енбековна также поздравила всех с

окончанием учебного года и вручила грамоты учи-

телю черчения и ИЗО Шевченко Наталье Геннадь-

евне, учителю предшкольного класса Войловой

Татьяне Андреевне за вклад в развитие образования

района. 

Группа дворового клуба «Шанырак» исполнила

танец под песню «Барыня-сударыня».

Слово для поздравления было предоставлено вете-

рану педагогического труда Жусуповой Ризагуль Ко-

беновне. Она поздравила всех с окончанием

учебного года и пожелала

всем дальнейших успе-

хов. 

Затем выпускников на-



путствовали те, кто зав-

тра сами станут

выпускниками - это наши

десятиклассники. Они на-

дели выпускникам ленты.

Выпускники же выра-

зили благодарность учите-

лям, которые все 11 лет

наставляли их на путь ис-

тинный и делились зна-

ниями, подарили им

памятные сувениры и

цветы.

Родители выпускников



выразили свою искрен-

нюю благодарность учи-

телям, которые все 11 лет

были им вторыми ма-

мами. Мама выпускника

Колчина Дениса- Чемери-

сова Оксана Анатольевна

- пожелала здоровья учи-

телям, а выпускникам

сказала  напутственные

слова.

Под символическую му-



зыку прощального школьного вальса выпускники

танцевали свой последний школьный вальс, после

которого все учащиеся танцевали флешмоб.

Затем выпускники оповестили последним звонком

окончание 2014-2015 учебного года и запустили в

небо голубей и воздушные шары.

Впереди выпускников ждут важные экзамены и

ЕНТ!


Мы очень надеемся, что наши ребята успешно сда-

дут ЕНТ и овладеют интересными профессиями, по-

строят успешную карьеру. Очень хочется, чтобы у

них все сложилось!

И. Рунге

Организатор творческих дел КСШ №1

Последний звонок

До свиданья, школа!

Балыќтыкǿл негізгі мекте-

бінде 25 мамыр кỳні соџѓы

ќоџырау соѓылып, жас

тỳлектерді сєтті ќадаммен

шыѓарып салу салтанаты ǿтті.

Кеше ѓана тўлымдары желбіреп,

жỳректері лỳпілдеп,   мектеп

ќабырѓасын аттаѓан оќушылар

бỳгінгі таџда жаџа ǿмір

баспалдаѓына жолдама алмаќ.

Тєрбие ісініџ орынбасары

С.Б. Аманжолованыџ

ўйымдастыруымен салтанатты

жиын еліміздіџ єнўранымен

ашылды. 

Мерекелік жиынѓа  ауыл єкімі

Б.И. Бексултанов, мектеп дирек-

торы Ќ.Е. Мўсабеков, зейнеткер

ўстаз Ж.Ынтыќбаева, Ỳміт апа,

А.Ш.Сейітќалиев ќатысты.

Ќўрметті ќонаќтар ǿз тарапта-

рынан еліміздіџ болашаѓы – жас

тỳлектерге  ќай кезде де тереџ

білім алу жолында жалыќпай,

талмай ізденіп, ел тізгінін

ўстайтын азамат болуларына ізгі

тілектерін арнады.    Сонымен

ќатар, ỳздік атанѓан оќушыларды жєне біліктіліктері-

мен, жауапкершіліктерімен кǿзге тỳсіп жỳрген

ўстаздар ќауымын маќтау ќаѓаздарымен марапат-

тады.

Жиында жас тỳлектердіџ ата-



аналары атынан А.Оспанова,

Е.Байболсын сынды аналары-

мыз сǿз сǿйлеп, балаларына са-

палы білім бергендері ỳшін

ў

с

т



а

з

д



а

р

ы



Т.Ǿ. Аманжоловаѓа, А.А.Альке-

новке, Ќ.Н.Сарсеноваѓа

алѓыстарын білдіріп,

сыйлыќтарын тарту етті.

Салтанатты жиын соџында

ќоџырау соѓу ќўрметі мектеп

тỳлегі Мўсабеков Єділет пен 1-

сынып оќушысы Ашенов

Нўрланѓа берілді. Салтанатты

жиын мектеп вальсімен

аяќталды.

Ќоштасады алтын ўя мектебіџ,

Маџдайыџнан сипап ǿтсін кǿкте

кỳн.


Сєт сапар деп ќол бўлѓайыќ

бєріміз,


Тілейік біз армандарѓа жеткенін,

- деп тỳлектерге аќ жол тілейміз!

Ќ.Н. Сарсенова,

Балыќтыкǿл негізгі мектебі

Ќош бол, мектебім!

Киров орта мектебініџ ўжымы  таѓы

да бір жылды артта тастап, білім орда-

сынан бỳлдіршіндер мен жас

тỳлектерді шыѓарып салды.

Бўл не деген уаќыт десеџізші,

кеше ѓана тўлымдары желбі-

реп, мектеп ќабырѓасын

имене аттаѓан ўл-

ќыздарымыз ойлары толы-

сып, бойлары ǿсіп, алтын ўя

мектептерімен ќоштасты. 

Бўл кỳн – алтын ўя мектебін

бітіріп, ќияѓа ќанат ќаѓатын

жас тỳлектер ỳшін еџ бір

ќымбат, еџ бір ќимас, еџ бір

ўмытылмас, жỳрек тебірен-

терлік сєт.  Осы кỳнді асыѓа

кỳткен ата-аналардыџ дєл

соџѓы сєтте балаларын

ќимай, кǿздеріне ыстыќ жас

алып, тебірене толќып тўрѓан

жайлары да байќалады. 

Салтанатты жиынныџ

ќўрметті ќонаѓы, Нўра

ауданы єкімініџ орынбасары

Бекмаѓамбетов Досбол

Боташўлы  арнайы келіп,  мектеп

тỳлектеріне ізгі тілегін жеткізсе, ауыл

єкімі Е.Е Абаев жỳрек жарды

ќуанышы мен тілегін  жас тỳлектерге

арнады. Мектеп директоры Ж.Ж.Сул-

танова да ыстыќ ыќыласын жеткізіп,

мектептіџ ỳздік оќушыларына

мадаќтау ќаѓаздарын  тапсырды.  

11-сынып оќушысы Дулатов Алмаз 11

жыл бойы озат оќушы болып, мектеп

атын шыѓарып жỳрген ỳлгілі, ǿнегелі,

талапты жас. Талай рет аудандыќ,

облыстыќ, республикалыќ

жарыстардыџ  жỳлдегері атанып, мек-

теп маќтанышына айналды. Сондай-

аќ, «Надежда Казахстана» кітабына

енді. Бўл бітіруші сыныпта озаттармен

ќатар ỳлгілі ісімен кǿзге тỳскен

Ильясов Айбек кǿктемгі су

тасќынында елеулі еџбек еткені

ỳшін ауыл єкімі Е.Е.  Абаевтыџ

алѓыс хатымен марапатталды.

Ќыздарымыз Ќабдісєлім

Айбўлаќ пен Табысбек Мейіргỳл

де ỳздік оќушылар ќатарында,

мектепішілік, аудандыќ

жарыстардыџ жỳлдегерлері

жєне Ахат Бỳрлен, Ескермесов

Жаслан, Ахметова Саламат,

Жакупов Ќайсар ќоѓамдыќ іс-

шараларѓа белсене ќатысып

жỳрген оќушылар. Жас

тỳлектер сан тỳлектіџ жỳрегіне

жол тапќан сынып жетекшілері

Г.М.Абаева мен А.Ш.Нукушеваѓа

шексіз алѓыстарын білдірді. 

Алдаѓы ЎБТ сынаѓынан

сỳрінбей ǿтіп, мектеп абыро-

йын асќаќтатса екен деген

тілек білдіреміз.

Тоќан Сєбира, 

Киров орта мектебі

Ќўлаќтан ỳніџ кетпестей,

Сыџѓырла, соџѓы ќоџырау!


7  бет

30 мамыр  2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

20 мамыр кỳні аудандыќ мєдениет

ỳйінде аудандыќ ішкі саясат бǿлімі мен

жастар ісі жǿніндегі орталыќтыџ

ўйымдастыруымен жєне мемлекеттік-

єлеуметтік тапсырыс шеџберінде «Мерей» ќоѓамдыќ

ўйымыныџ ќатысуымен елімізде тойланып жатќан

Ќазаќ халќы Ассамблеясы жылы, Конституцияныџ 20

жылдыѓы мен Ќазаќ хандыѓыныџ 550 жылдыѓына

орай „Miss Nura International" атты ќыз

сыны байќауы ǿткізілді. 

“Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады

дейтін даналыќтыџ шындыѓына бỳгінде

бєріміздіџ кǿзіміз жетіп отыр”,- деп Ел-

басы Нўрсўлтан Єбішўлы Назарбаев

айтќандай, бỳгінде мемлекетімізде

ўлттар достыѓы берік саќталып отыр.

Осыныџ айќын дєлелі – бỳгінгі байќауда

мєдениет ỳйі шаџыраѓыныџ астында єр

тỳрлі ўлт ǿкілдерініџ бас ќосуы.

Байќаудыџ маќсаты - ǿзге ўлттардыџ

даму тарихы мен мєдениетін, салт-

дєстỳрін кеџінен танып, ўлтаралыќ

достыќты одан єрі дамыту.

Байќауѓа аудандыќ мєслихат хат-

шысы Байдолла Шайжанов ќатысты.

Байќауѓа 3 ауыл бойынша 5 ỳміткер

ǿнерлерін кǿрсетті. 

Аталмыш шараныџ маќсаты - зама-

науи ќыздарымыздыџ ќазаќ халќыныџ

дєстỳр-салтын саќтай отырып, арулар

арасында жаџашылдыќты насихаттау,

шыѓармашылыќ мỳмкіншіліктерін арттыру басты

міндет болып табылды. Байќау ережесі бойынша

ỳміткерлер 6 кезеџде сынѓа тỳсті. 

1 кезеџ -  Таныстыру. Байќаудыџ бўл бǿлімінде ару-

лар ǿзін-ǿзі таныстырады. Бўл кезеџде арулардыџ

кǿркемдігі жєне сырт сымбаты, жỳріс - тўрысы сынѓа

тỳсті. 2 кезеџ - «Ќыздарѓа єсемдік жарасады». Сєн

ỳлгісін кǿрсету кезеџі болды. Байќаудыџ 3-ші кезеџі

«Дєм - думан». Бўл бǿлімде дайындап алып келген

таѓамды ќалай жасаѓанын айтып, ќорѓау ќажет

болды. 4 кезеџ  «Ǿнерлі ǿрге жỳзеді» деп аталды. Бўл

бǿлімде аруларымыз ǿз ǿнерлерін кǿрсетті.  5 кезеџ

аѓылшын жєне неміс тілдерінде мєнерлеп проза не-

месе ǿлеџ оќу болды.

«Халќын сỳйген - салтын сỳйер» демекші, 6 кезеџде

єр ўлт ǿкілі ǿзініџ салт-дєстỳрін бейнелейтін

театрландырылѓан кǿрініс кǿрсетті. Алдын ала

ойнатылѓан жеребе бойынша байќауѓа ќатысушылар

нǿмір кезегімен  ǿнер кǿрсетті. 

Байќау ќорытындысы бойынша, єділќазылар

алќасы єділ шешімін берді. Ішкі саясат бǿлімініџ бас-

шысы Зара Даутова байќауѓа ќатысушыларды аудан

єкімі Ќ.Бексўлтановтыџ атынан

ќўттыќтап, єділќазылар алќасыныџ

тǿрайымы Зульфина Сатеновамен

ќатысушыларды марапаттады.  Жỳзден

жỳйрік, мыџнан тўлпар атанып, топ

жарѓан Киевка №2 ќазаќ орта

мектебініџ аѓылшын тілі мўѓалімі Айгерім

Мадина бас жỳлде – сенсорлы ўялы теле-

фон иегері атанды. Екінші орынды Тас-

суат ауылыныџ орыс этно-мєдени

орталыѓыныџ мỳшесі Таргаева Анаста-

сия мен Киевка №3 орта мектебініџ пси-

холог-педагогы Жанна Аймаѓамбетова

ǿзара бǿлісіп, планшеттерін жеџіп алды.

Жỳлделі ỳшінші орын жєне сымсыз ỳй

телефоны Заречное ауылыныџ тўрѓыны,

ỳй шаруасындаѓы єйел Кролевская

Ирина мен Изенді ауылыныџ іс

жỳргізушісі Рамазанова Нўрсўлуѓа

бўйырды. 

Белсенділік танытып, байќауѓа

ќатысќан аруларымыз бен ауыл

єкімдеріне шексіз алѓыстарымызды біл-

діреміз.

Єділхан Сапар

«Miss Nura International» байќауы ǿтті

Соџѓы ќоџырау мерекесі кỳні Ќараќойын ауылыныџ

мектебінде ерекше ǿтті. Ерекшелігі сол -  осыдан 20

жыл, яѓни 1995 жылы жєне 30 жыл бўрынѓы 1985

жылы бітірген тỳлектері алтын ўя мектебімен,

ўстаздарымен саѓына ќауышты.  Бўл кỳн – мектеп та-

рихында, мектеп тỳлектері есінде, алтын бесік ауыл

азаматтарыныџ, ǿсіп келе жатќан ўрпаќтыџ есінде

ќалатындай болды. Оѓан негіз де бар.

Тỳлектер соџѓы ќоџырау басталмас бўрын ауыл ше-

тінде орналасќан бейіт басына барып, осы кỳнге жете

алмаѓан аяулы ўстаз Саѓымбай Тǿлеубайўлын, сы-

ныптастары Ибраев Серік, Бимолдин Сапар,

Кошмаѓанбетов Балаби жєне Аубакиров Саят

марќўмдарды еске алды, ата-баба рухтарына  ќўран

баѓыштады.

Соџѓы ќоџырауѓа арналѓан салтанатты жиынды

мектеп директоры Хабиба Раќымжанќызы ашып,

мектептіџ жетістіктері жайында, жыл бойѓы ата-

аналарыныџ ќолдауына алѓысын білдірді. Жаќсы

оќыѓан оќушыларды марапаттаумен, мектеп бітіруші

сегіз жас тỳлектіџ сапарларына сєттілік тіледі. «Мы-

надай заманда жоќты бардай, барды нардай етіп,

туѓан жерден ќол ỳзбей, артыѓын алтын ўям деп ен-

телеп келіп отырѓан бўрынѓы тỳлектерге шын

жỳректен барлыќ ата-аналар мен ўстаздар, оќушылар

атынан алѓыс айтамын» деп ризашылыѓын білдірді.  

30 жылдыќтардыџ атынан сǿз сǿйлеген

Ќайыржан Бимолдин мен

Гỳлжан Ќойшыманова ǿз

сǿздерінде алтын ўя мектепте-

ріне, алѓашќы білім нєрімен

сусындатќан мўѓалімдері Роза

Амантайќызы, Рахтай апай,

Мўхтар Ќазкенўлына

алѓыстарын білдірді, сондай-аќ

бỳгінгі кỳні ǿмірден ǿз жолда-

рын адаспай тапќандарына

асыл ўстаздарыныџ дўрыс жол

нўсќаѓандыќтары деп білетін-

діктерін атап, мектепке но-

утбук сыйлады 

20 жылдыќтардыџ

ўйымдастырушысы  Жангелді

Бимолдин ǿз сǿзінде алтын ўя

мектебіне, алѓашќы білім

нєрімен сусындатќан мўѓалімдері Сауле

Кенжебекќызы, Гỳлбаршын Ашуќызы, Тǿлеген

Жаќсыбайўлы, Ќайрат Сексенбайўлы сынды

ўстаздарыныџ еџбегін тілге тиек етті, барлыќ

ўстаздарѓа рахмет айта        отырып, 1995 жылы мек-

теп бітірген тỳлектердіџ атынан мектепке арнап за-

манауи екі радио микрофон табыстады. 

Салтанатты жиын мектеп вальсімен аяќталып,

бўдан кейін мерекелік шараны 1995 жылы бітірген

Жангелді Бимолдин, Калдыбеков Мўхамед,

Ќожабеков Азат, Саќтаѓанов Ардаќ, Копбаев Абай,

Тǿлегенов Тілек сынды тỳлектердіџ арнайы

ўйымдастырѓан 20 шаќырымдыќ бєйгесі

жалѓастырды. 

Бєйгеге жиырмаѓа тарта жỳйрік ќатысты. Бірінші

орын Мўсабеков Мергенніџ “Фристайл» атына

бўйырып, Копбаев Абай тіккен бір жылќыѓа ие болса,

екінші орында Оспанов Єміртайдыџ Торшолаќ аты

келіп, соџѓы ỳлгіде жасалѓан тỳрлі-тỳсті теледидар, ал

ỳшінші орында Копбаев Абайдыџ «Ќараторѓай» аты

келіп, «Отау ТВ» спутниктік ќондырѓысын иеленді.

Бўдан кейін мектеп бітіргендеріне 30 жыл болѓан

тỳлектері ўйымдастырѓан кǿкпар болды. Кǿкпарѓа

«Керей», «Тасмола», «Аќтỳбек» командалары ќатысып,

кǿрермендердіџ айызын ќандырды. Бірінші орынды

«Керей» сєйгỳлігі 100 000 теџге алса, екінші орынды

«Тасмола» сєйгỳлігі 60 000 теџге, ỳшінші орынды

«Аќтỳбек» 40 000 теџге жỳлдеге ие болды. Рас, мектеп

бітірушілердіџ соџѓы ќоџырауын ўлан-ѓайыр тойѓа

ўластырѓан жаны жомарт, мєрт жігіттердіџ кездесу-

лері ауыл тўрѓындарыныџ алѓысына кенелтті. Жан

жỳрегі елім деп соќќан мєрт жігіттердіџ жолдастары

ќыдыр болѓай!

Нўрыш Наќыпова

Соџѓы ќоџыраудаѓы кездесу

Бўл кỳн алтын ўя мектебін бітіріп, бала шаќтан

болашаќќа ќанат ќаќќалы отырѓан, жỳректері лỳпіл

ќаѓып, ќимастыќ пен ќуаныш, аџсау мен арман се-

зімдері араласќан жас тỳлектер ỳшін еџ бір ќымбат,

еџ бір ќимас, еџ бір ўмытылмас кỳн... Ǿзініџ

уаќытын аямай, ǿзгеніџ уаќытын аялай білетін, ǿз

шєкірттерін білім нєрімен сусындатудан талмайтын

аяулы ўстаздардыџ бір жылдыќ

еџбектерініџ жемісіне кує болатын кỳн -

соџѓы ќоџырау!

Ўстаздар да, оќушылар да, ата-аналар

да ерекше толќуда болды.  Сынып

оќушылары таѓы бір сатыѓа кǿтерілсе, ал

мектеп бітірушілерге ќоштасар кез де

келіп ќалыпты.

Бўл салтанатты жиынѓа арнайы

шаќырылѓан ќонаќтар, ауыл єкімі

Д.А.Тўяќов, «Отќанжар» шаруашылыѓы

директорыныџ орынбасары

А.Ќ.Отарбаев, ардагар ўстаздар

ќатысты. Салтанатты жиын

ЌР єнўранымен басталды. Мектеп ди-

ректоры Е.Е.Ќыдырѓанбеков мектеп

ўстаздары мен оќушылардыџ жетістік-

тері туралы айта келіп, жас тỳлектерге аќ

жол, алдаѓы ỳлкен сын ЎБТ-да жаќсы

білім кǿрсетулеріне тілек білдірді.

«Отќанжар» шаруашылыѓы директорыныџ орын-

басары А.Ќ.Отарбаев тỳлектерге ǿмірде ǿз орында-

рын адаспай тауып, жетістіктерге ќол жеткізе

берулерін тілеп, жỳрек жарды лебізін арнады. Жыл

сайынѓы дєстỳр бойынша «Отќанжар»

шаруашылыѓыныџ директоры Отарбаев Ќанат

Жариясўлыныџ демеушілігімен «Еџ ỳздік сынып»,

«Жыл оќушысы» байќауыныџ жеџімпаздары баѓалы

сыйлыќтармен марапатталды. «Еџ ỳздік сынып» но-

минациясына ие болѓан 9-сынып оќушыларыныџ

суреті ауылѓа кіре берістегі билбордќа ілінетін болса,

сынып жетекшісі Р.Ш. Жарова мен «Жыл оќушысы»

атаѓын жеџіп алѓан 5-сынып оќушысы Турдыбаев

Азамат пен 8-сынып оќушысы Карипбаева Мǿлдірге

баѓалы сыйлыќтар табысталды. Сол сияќты мектеп

оќушыларына ỳш тỳрлі арнайы спорттыќ форма (15

дана) сыйѓа тартылды. Мектеп ǿмірінен тыс ќалмай,

атсалысып, демеушілік кǿрсетіп жỳрген

Ќ.Ж.Отарбаевќа ỳлкен алѓыс айтамыз.

1-сынып оќушылары (сынып жетекшісі С.З.Кар-

жасова) тỳлектерге арналѓан ǿздерініџ ǿлеџдерін

оќып, єн салды. 

Сǿз кезегі мектеп тỳлектері мен олардыџ  сынып

жетекшісі Ж.Б.Искаковаѓа берілді. Сынып жетек-

шісі оќушыларына  ќўттыќтау сǿз айтып,

тỳлектердіџ єрќайсысына арнап шыѓарѓан ǿлеџ

шумаќтарын оќыды. Бўдан кейін тỳлектер аяулы

мектебі мен сỳйікті  ўстаздарына алѓыс-тілектерін

айтып, ǿлеџ-жырларын арнады, музыкалыќ

сєлемдерін жолдады. Мерекеніџ еџ толѓандыратын

сєті осы болды. Мектеп тỳлектері мектептіџ алтын

кілтін ізбасарларына, яѓни 10-сынып

оќушыларына табыстады. 

Бўдан кейін директордыџ оќу ісі

жǿніндегі орынбасары

М.А.Жалмаѓанбетова мектеп

бўйрыќтарымен таныстырып ǿтті. Озат

оќушыларѓа марапаттау ќаѓаздары табы-

сталды, ал оќу екпінділеріне алѓыс жа-

рияланды. 

Наѓыз жỳрек тебірентерлік сєт те келіп

жетті. 11 жыл бойы єр сабаќ   арасында

естіп,  біліп достасќан єдемі ќоџырау  ỳні

бітірушілер ỳшін     соџѓы   рет соѓылды.

Ќоџырау соѓу ќўрметіне жас тỳлектер

Ораќбаева Сєуле мен Єлібек Ємірхан

жєне 1-сынып озаттары  Ќахарман

Шыџѓыс пен Уахит Гỳлжаућар ие болды.

Мектеп бітіруші тỳлектер ỳшін бỳгінгі

соџѓы ќоџыраудыџ ỳні ерекше. Бўл ме-

реке - олардыџ мєџгі естерінде ќалатын,

ќайталанбайтын, саѓынышпен еске алып жỳретін,

балалыќ шаќпен ќоштасып, ỳлкен ǿмірдіџ алѓашќы

баспалдаѓына аяќ басар сєттері. Жиын соџында

ауыл имамы Балѓабай ќажы жас тỳлектерге Алланыџ

аќ жолын тілеп, бата берді.                             

Ж.Б. Искакова,

Нўра орта мектебі 

Изендідегі салтанат


8 бет

30  мамыр  2015 жыл

Н   Ў   Р   А  

Что такое прививки, знают практически все

современные родители, но не секрет, что у

многих их них, перед тем, как привить ре-

бенка, возникают сомнения. И это не удиви-

тельно, ведь сейчас мало кто встречался с

теми инфекциями, от которых мы защищаем

прививками.

Это лет 30-40 тому  назад  родителям не

надо было объяснять, чем страшна корь или

дифтерия, и коклюшный кашель был слышен

в любом дворе. Страх перед полиомиелитом

был связан с его последствиями, когда утром

ребенок не мог подняться на ноги из-за вне-

запно развившегося паралича.

В результате применения повсеместной и

всеобщей вакцинации некоторые болезни ис-

чезли совсем, а некоторые особо опасные ин-

фекции стали до того редкими, что про них

уже забыли и врачи, и пациенты.

Однако пренебрегать опасностью нельзя.

Ведь если отказаться от прививок совсем, то

ребёнок с раннего детства окажется совер-

шенно беззащитным перед такими грозными

заболеваниями как туберкулёз, полиомиелит,

дифтерия, столбняк и др. Ребёнку с этим

предстоит жить много лет, даже после того,

как он повзрослеет, а ведь никто не знает,

какая к тому времени сложится эпидемиоло-

гическая обстановка.  В последние годы в

средствах массовой информации разных

стран мира увеличилось количество публика-

ций, высказывающих сомнения в безопасно-

сти вакцинации. Такие обвинения

спровоцировали у людей необоснованные

страхи, что привело к снижению охвата насе-

ления прививками в ряде стран. Уважаемые

родители! Помните!  Ежегодно от инфекций,

которые можно предупредить при помощи

вакцинации, умирают и становятся инвали-

дами сотни тысяч людей.  Вакцинация -

самый надежный способ защиты детей и

всего населения от целого ряда инфекций,

таких как полиомиелит, корь, дифтерия,

столбняк, коклюш, тяжелые формы туберку-

леза, гепатит В, краснуха, эпидемический па-

ротит, «гемофильная инфекция». При

помощи вакцинации можно значительно со-

кратить число случаев заболеваний и смер-

тей от многих инфекционных заболеваний, а

некоторые полностью ликвидировать.

Прививки позволяют выработать иммунитет,

не переболев тем или иным заболеванием.

Вакцины представляют собой раствор, со-

держащий возбудителей заболеваний в пре-

дельно низкой концентрации. Вводятся они

обычно посредством инъекции. Прививки не

вызывают заболевание, но тем не менее в

нашем организме вырабатываются антитела

и формируется иммунитет.

Являясь чужеродным для организма веще-

ством, всякая вакцина может вызвать как

местную, так и общую реакцию. Однако не-

обходимо знать, что эти реакции встречаются

в тысячи раз реже, чем осложнения инфек-

ций, против которых делают прививки, и они

несоизмеримы с последствиями, к которым

приводит заболевание. Подавляющее боль-

шинство возникающих реакций на прививку

протекают легко и достаточно быстро прохо-

дят.


Каждая страна имеет свой утвержденный

Календарь прививок и перечень инфекцион-

ных заболеваний, против которых привива-

ется население. Казахстан также имеет свой

утвержденный постановлением Правитель-

ства РК Календарь прививок. Календарь при-

вивок может подвергаться изменениям, до-

полнениям, в связи   с эпидемиологической

ситуацией и возникшей необходимостью. 

В июле  2010 года правительство Казах-

стана подписало постановление, согласно ко-

торому в число обязательных прививок

населения от различных опасных инфекций

включена и вакцинация от пневмококковой

инфекции.

Пневмококковая инфекция – это целый ком-

плекс заболеваний, которые вызывает пнев-

мококк. Например, пневмония, острый

средний отит, гнойный менингит, плевриты,

артриты и другие серьезные болезни.

В Республике Казахстан удельный вес бо-

лезней органов дыхания в структуре заболе-

ваемости детей 0-14 лет составляет 48,4%.

Смертность детей до 5 лет, в основном, свя-

зана с респираторными (ОРВИ, пневмония) и

кишечными инфекциями. В структуре причин

детской смертности респираторные инфек-

ции занимают более 60%. При этом непо-

средственной причиной смерти ребенка, как

правило, является пневмония, осложняющая

течение респираторных вирусно-бактериаль-

ных инфекций.

Внедрение в календарь профилактических

прививок республики вакцинации против

пневмококковой инфекции детям с 2-х месяч-

ного возраста позволит добиться снижения

заболеваемости пневмонией детей до 5 лет

на 50%, смертности - на 20%. 

По данным Минздрава, вакцинация против

пневмококковой инфекции внедрена в 50 раз-

витых странах мира (США, Германия, Бель-

гия, Франция, Великобритания и др.). Из

стран СНГ Казахстан является первой стра-

ной, которая ввела вакцинацию против пнев-

мококковой инфекции в Национальный

календарь  профилактических прививок. Вак-

цина «Превенар 13», которая используется

для вакцинации в Казахстане,   включает 13

серотипов пневмококка, которые являются

наиболее распространенными на территории

РК, часто колонизируют слизистые носо-

глотки, обеспечивая при этом «здоровое» но-

сительство и, в совокупности, являющиеся

наиболее частными причинами возникнове-

ния пневмококковых инфекций у детей пер-

вых 5 лет жизни.

В Республике Казахстан все прививки, пред-

усмотренные Национальным календарем

профилактических прививок, проводятся бес-

платно и только в медицинских организациях

специально подготовленными медицинскими

работниками!     

Уважаемые родители! ЛЮБАЯ ПРИВИВКА

В СОТНИ РАЗ БЕЗОПАСНЕЕ, ЧЕМ ЗАБОЛЕ-

ВАНИЕ, ОТ КОТОРОГО ОНА ЗАЩИЩАЕТ.

Здоровье Вашего ребенка в Ваших руках. По-

могите Вашему ребенку  своевременно полу-

чить прививку и вырасти здоровым

гражданином нашей страны. 

Напоминание родителям: родителям также

необходимы профилактические прививки. По-

звонив по телефонам:  22-2-65; 22-6-78, Вы

можете узнать, когда и какие профилактиче-

ские прививки Вам и Вашему ребенку не-

обходимо получить.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет