13
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
«Құдай берді, Құдай алды: Құдайдың еркі бола
берсін», – деді Мәсіх дүниеге келерден бұрынғы екінші
мыңжылдықта Аравияда өмір сүрген бұл діндар адам.
Ауыр науқастан азап шеккен ол бәріне өзі кінәлі деп
санаған достарымен таласқа түсті. Оның Құдай өзіне
болысып, сауықтырып шығарады деген берік сенімі
жемісін берді. Құдай оның оған дейінгі болған мал-
мүлкін, бала-шағасын екі есеге көбейтіп берді.
Оның есімі «Құдай жарық түсіреді» дегенді білдіреді. Ол
мәжілісхананың жетекшісі болды. Оның он екі жастағы
науқас қызы бар еді. Ол Исаға келіп, қызын сауықтыруын
өтінді. Тіпті, қызы өліп қалды деп естігеннен кейін де, егер
Иса қолын қызының басына қойса, оның тіріліп кететініне
күмәні болмады. Оның үйіне келген Иса адамдардың
бәрін сыртқа шығарып жіберді де, қыздың қолынан ұстап
тұрып: «Талифа куми!» – деді. Мұның мағынасы: «Қызым,
саған айтамын, тұра ғой!» дегенді білдіретін. Сол кезде
қыз орнынан тұрып, жүрді. Сонда тұрған адамдардың бәрі
қайран қалды.
Оның көзі көрмейтін. Ол көп жылдар бойы Иерихонға
апаратын жолдың бойында қайыр-садақа сұрап
отырды. Бірде Иса оның жанынан өтіп бара жатты,
сонда ол: «Дәуіттің Ұрпағы Иса, маған рақым ете
көріңіз», – деп айқайлай бастады. Исаның жанында
келе жатқан адамдар оған ұрсып, үндемеуін бұйырды.
Исаның оған жаны ашып, ауруынан айықтырды.
Құраған Елена БОШМАН
Суретін салған Лариса ГОРОШКО
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
14
Оның есімі «Яхве мейірімді» дегенді білдіреді. Құдай
шынында да оған мейірімді болып, оны ауыр науқасы-
нан айықтырды. Ол Иродтың сарай басқарушысының
әйелі болатын. Ауруынан айыққаннан кейін ол Құдайға
адал қызмет етті. Жексенбі күні таңертең ол өзге
әйелдермен бірге Исаның шәкірттеріне келіп,
қабірдің бос қалғаны туралы айтты.
Айман ҚЫЗЫЛБӨРІКОВА
Суретін салған Елена МИКУЛА
Жіберген елге бармай,
Басқа жаққа қашты.
Кесірінен теңізде,
Дауыл тұрды қатты.
Лақтырылды кемеден,
Күнәһар жанды тапты.
Үш күн киттің ішінде,
Дұға жасап жатты.
Кит шығарып тастағанда,
Жан тыныштық тапты.
Тапсырманы орындауға
Бөгелместен тартты.
Ақылды, әрі құрметті,
Тамаша жауынгер.
Бірақ та бір дерті бар,
Әрқашан жанын жер.
Сирия патшасының,
Әскер басы болады.
Дерті есіне түскенде,
Жүрекке уайым толады.
Жеті рет суға түскенде,
Алапестен жазылды.
Басын иіп Құдайға,
Өмір бойы табынды.
Қасында жүрмесе де,
Мәсіхке нық сенеді,
Иса жайлы кітабын ел,
Балаларға оқып береді.
Шын жүректен Құдайға,
Беріліп қызмет етеді.
Сол дәрігер адамда,
Құдайдың болды жетегі.
Өткен көне заманда,
Шығыс жақта тұрады.
Балалар күнә жасады ма деп,
Күнде шалып құрбандық,
Құдайдан кешірім сұрады.
Он баладан, бар байлықтан,
Бір-ақ күнде айрылды,
Ауруы жанын жесе де,
Құдайына қайрылды.
Өзі берді, Өзі алды деп,
Тәубешілік етеді.
Ісі жағып Құдайға,
Керемет сұлу ұл-қыздарға,
Одан да көп байлыққа,
Қайта қолы жетеді.
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
15
ХЕТТІКТЕР
ХЕТТІКТЕР
КИЕЛІ КІТАП ХАЛҚЫ
ШЫҒУ ТЕГІ
Киелі кітапта бұрынғы Исраилді қоршап
тұрған көптеген көне халықтар туралы
айтылады. Бірақ Құдайдың қолдауының
арқасында осы күндерге дейін жеткен
яһудилерден олардың айырмашылығы –
олар жер бетінен жойылып кеткен. Тіпті,
олардың кейбірінің тіршіліктерінің ізі де
қалмаған. Хеттер де жойылып кеткен
халықтар қатарына жатады. Киелі кітапта
әйелі Сараны жерлеу үшін Ыбырайымның
хеттерден жер танабын сатып алғаны
туралы айтылады. Кейіннен Ыбырайымның
өзі де сол жерге жерленді.
«Ыбырайым келісіп, хеттіктердің көзінше Ефрон
атаған құнды – төрт жүз мысқал күмісті оған сау-
дада қолданылатын өлшем бойынша таразыға са-
лып өлшеп берді. Осылай Мамренің шығысындағы
Махпелада орналасқан Ефронның танабы,
ондағы үңгір және сонда өсіп тұрған барлық
ағаштар Ыбырайымның меншігіне айналды. Қала
қақпасындағы алаңға жиналған хеттіктер бұған
куә болды» (Жар. баст. 23:16–18).
Киелі Жазбада хеттіктер алпыс реттен аса
аталады. Жазба бойынша, олардың арғы
аталары Хет Қанаханның баласы, Нұхтың
ұлы Хамның немересі болған.
АРХЕОЛОГИЯ АШҚАН ЖАҢАЛЫҚТАР
Хеттер туралы көп уақытқа дейін мардымды мәлімет
болған жоқ. Бірақ XIX ғасырдың аяғында Кіші Азия
аймағында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде
«
қыш
»
кесте табылды. Осы кестелерде бейнеленген
сына жазулар бойынша хеттердің шынында да қазіргі
Кіші Азия аймағында тіршілік еткені анықталды. Ол
кезде бұл аймақ Анатолия деп аталатын. 1906 жылы
Түркияның орталық аймақтарында жүргізілген қазба
жұмыстары кезінде «өлі хет тастары» деп аталатын тас
ғимараттың қалдығы табылды. Бұл тастардағы жазулар
хет патшалығы Ыбырайымның тұсында тіршілік
еткенін дәлелдейді (Мәсіх дүниеге келгеннен бұрынғы,
шамамен 1900 жыл).
Суретін салған МИХАЙЛОВА-РОДИНА
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
16
ХЕТ ПАТШАЛЫҒЫ
Хет тарихының алғашқы сатысы Мәсіх
дүниеге келгеннен бұрынғы 3000
жылдардан бастау алады. Ол кезде олар
көптеген ұсақ қала-мемлекеттерден
құралды. Оларды патшалар басқаратын.
Мәсіх дүниеге келгеннен бұрынғы 1800
жылдары олар бір мемлекетке бірікті.
Хет мемлекеті өзінің гүлденіп тұрған
шағында қазіргі Түркияның аймағындағы
орасан зор аймаққа иелік етті. Хеттердің
астанасы қазіргі Түркияның астанасы
Анкара қаласының маңында орналасқан
Хаттус (қазіргі Богаскей) қаласы болды.
Ол уақыттарда хет патшалығы Кіші
Азияға билігін жүргізу үшін қуатты
мемлекет Мысырмен бақталас болды.
Мемлекетті патша басқарып, әр аймаққа
басқарушылар тағайындады. Мемлекеттің
халқы: еркін адамдар, соғыс кезінде
тұтқынға алынып, кейіннен шағын жер
алқаптарына ие болғандар және құлдар
болып үш топқа бөлінді. Яғни, хет құл
иеленуші мемлекет болған. Қанаханда
тіршілік еткен хеттер солтүстіктен ауып
келгендер немесе олардың бөлек бір тобы
болып табылады.
ХЕТТЕРДІҢ ДІНІ
Хеттер көптеген көне халықтар секілді
– пұтқа табынушылар болды. Олар
көптеген құдайларға табынып, олардың
бейнелерін жасады және оларға
құрбандық шалып отырды. Олардың
арасында күн құдайы мен найзағай
құдайының дәрежесі жоғары болды.
Хеттер сиқыршылық пен дуалаумен де
айналысты.
ХЕТТЕРДІҢ ТІЛІ
Бабыл мұнарасының құрылысы кезінде
Құдай халықтардың тілін араластырып
жібергеннен кейін, олар бір-бірлерін
түсінуден қалды. Сөйтіп, әр халық өз
тілдерін қолдана бастады. Хеттердің тілі
үндіеуропалық тілдер тобына жатады.
Хеттер сына жазу мен иероглифтерді
қолданды.
Матвей ВЕНИАМИНОВ
МӘДЕНИЕТІ МЕН ӨНЕРІ
Хеттердің мәдениеті мен өнері біздің заманымызға
жартасқа салынған бедерлер, алтыннан жасалған
бойтұмарлар мен белгілер, қола және мыс, түрлі
жануарлардың мүсіндері, оюмен бедерленген қыш
ыдыстар бейнесінде жетті. Олар үй шаруашылығында
мойны жіңішке құмыралар мен шәйнектерді
пайдаланған. Хеттер тас іргетастың үстіне саз
балшықтан соғылған лашықтарда тұрды. Олардың
қамалдары мен сарайлары тастан қаланған іргетастың
үстіне салынып, оларға ағаштан және тастан тіреулер
қойды. Қамалдардың төбесі тас монолиттермен бекітілді.
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
17
ГАРРИЕТ БИЧЕР-СТОУ
(1811-1896)
X-ғасыр Солтүстік Америка тарихындағы ауыр ғасыр
болды. Оңтүстіктегі мақта алқаптарында қара нәсілді
құлдар жұмыс істеді. Олардың ешқандай адамдық
құқықтары болмады. Оларды ұрып-соғып, тауар ретінде
саудаға салды. Өздерінің қатігез қожайындарынан
қашып шыға алған құлдар құл иеленушілік болмаған
солтүстікке келіп, көптеген жылдар бойы сол жерді
паналаумен болды. 1850 жылы өкімет қашқын құлдарды
қожайындарына қайтару туралы үкім шығарды.
Сол кезде жеті баланың анасы,
кішкентай әйел қолына қалам алып,
«Том ағайдың лашығы» атты кітабын
жазды. Ол әйел – Гарриет Бичер-Стоу
болатын.
Су
ре
тін с
алған Ал
ек
сандр Б
АСС
Балалық және жастық шағы
Гарриет Элизабет Бичер 1811 жылы Жаңа Англиядағы (АҚШ-тың солтүстік-шығысында)
қауым бағушысының отбасында дүниеге келді. Олардың отбасында он екі бала болды. Гарриет
алты жасқа келгенде анасы қайтыс болып, оның тәрбиесін әкесі өз қолына алды. Ол өте қатал
адам болды, балаларынан тәртіп пен мойынсұнушылықты қатаң талап ететін.
Гарриет басқа балалардан өзгеше болды. Ол өте мазасыз еді, ең бір қолайсыз деген
сәттерде бет-аузын қисаңдата беретін және ұзақ уақыт бойына төңірегіндегі еш нәрсеге назар
аудармай қиялданып отыратын. Әкесінің жалғыз қуанышы – Гарриеттің Киелі кітапқа деген
сүйіспеншілігі болды. Гарриет сағаттар бойына Киелі Жазбаны бас алмай оқитын және оның
бүтін бір бетін жатқа айтып бере алатын.
Гарриет өзін онша әдемі емеспін деп есептейтін: ұзын мұрны мен өте үлкен басы оны
күйеуге шығудан үміттендірмейтін. Бұған қоса, ол көп сөйлемейтін, ал егер сөйлей қалса, оның
қатты дауысы маңайындағыларды шошытып жіберетін. Сондықтан да ол өзінің өмірінің
мағынасын жұмыста деп білді.
Ол 15 жасынан бастап қыздарға арнап мектеп ашқан әпкесіне көмектесе бастады. Он сегіз
жасында сол мектепке мұғалім болды. Гарриет балаларға арнап кітап жазуды жас кезінен-
ақ бастады. Ол өте байқампаз болатын. Гарриет төңірегіндегілерге айналасындағы ештеңені
байқамайтындай болып көрінгенімен, керісінше, бәрін ойына тоқып отыратын. Жадында жақсы
сақтау қабілеті оның өз жүрегінде із қалдырған оқиғаларды бүге-шігесіне дейін тәптіштей
жазуына мүмкіндік берді.
1834 жылы әңгімелер байқауында оның әңгімелерінің бірі бірінші орынды жеңіп алды.
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
18
Отбасылық өмірі
Арада екі жыл өткенде ол қауым бағушысы, семинария профессоры Кельвин Стоуға
күйеуге шықты. Содан бастап оның кітап жазуға мұршасы болмады: ол өзінің бар уақыты
мен күшін отбасына арнады. Олардың тұрмысы өте нашар болды. Ауыр үй жұмысы мен
жоқшылық оның денсаулығына зиянын келтірді. Гарриет бесінші баласын туғаннан кейін су
процедурасын қабылдауға мәжбүр болды. Ол әйелдің денсаулығын аз уақытқа болса да
қалпына келтіретін. Оның алтыншы баласы тырысқақ ауруынан қайтыс болды. 1850 жылы
отбасында жетінші бала дүниеге келді. Қаражат мәселесі барған сайын қиындай бергеннен
кейін, Гарриет қайтадан қолына қаламын алды.
«Том ағайдың лашығы»
Дәл сол уақыттарда солтүстік штаттарда қашқын құлдарды оңтүстіктегі өз қожайындарына
қайтару туралы заң қабылданды. Гарриет күйеуімен бірге Кентуккиден қашып келген бір
күң әйелді үйлерінде тығып ұстады. Жеті баланың анасы бейшара қара нәсілділерге қалай
көмектесуді ойлай бастады. Саясат – еркектердің ісі. Ал әйелдің қолынан не келеді?
Сол кезде ол «Том ағайдың лашығы» атты повесін жаза бастады. Оның жеке тараула-
ры жорналдардың бірінде жыл бойы жарияланып тұрды. Повесть үлкен сұранысқа ие бо-
лып, арада көп өтпей жеке кітап болып басылып шықты. Қазір оны бүкіл әлем біледі.
Алғашқы сегіз айда кітаптың 50 000, ал бір жылдан кейін – 200 000 данасы сатылды.
Кітап әлемнің өзге тілдеріне аударылды.
1853 жылы Гарриет Бичер-Стоу алғаш рет Еуропаға келді. Англия мен Шотландияның
ханзадалары мен ханшайымдары жазушы әйелді өз сарайларында салтанатпен қабылдады.
Оны мақтан етіп, құрмет көрсетті, бірақ, оны сынаушылар да болды. Кейбіреулер оның
кітабын ертегі деп атады.
1860 жылы Америкаға Авраам Линкольн президент болып сайланды. Ол батыл әйелді
Ақ үйге шақырып: «Міне, осы бір кішкентай әйел үлкен соғыс
ашты!» – деді. Оның кітабы тек Солтүстік Америкада
ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемді құл иеленушілік пен
барлық нәсілдегі адамдарды алып-сату мәселесі ту-
ралы ойлануға мәжбүр етті.
Жазушының мұралары
Гарриет Бичер-Стоу өзінің ұзақ өмірінде
(ол 85 жыл өмір сүрді) 30-дан аса
кітап жазды. Бірақ олардың ешқайсысы
адам жанын дәл «Том ағайды лашығы»
повесіндей тебірентпейді. Өміріндегі
қиындықтардың бәрін ол өзі өте жақсы
көрген Құдайдың көмегі арқылы ғана
жеңе алды.
Елена БОШМАН
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
19
Африк
адан
хайу
андар
ды әк
еле
жа
тқан т
ор
дан сытылып
шығып
ке
ткен б
ала м
айм
ыл
Еу
роп
аның б
айт
аныс орм
анына т
ап
бо
лады. М
ейірім
ді Қарға оны өзім
ен бірг
е
Үлк
ен Ш
ыршаға ап
ар
ды. Бұғы өзін қ
ұтқ
арған
бала м
айм
ылды үйіне шақ
ыр
ды. К
өп
тег
ен оқ
иғалар
дан
кейін о
л к
ірп
інің үйінен п
ана т
ап
ты. Алыс жақ
тан ұшып
ке
лген
Қарға орм
анның б
ар
лық
тұрғындарына өзі к
өрг
ен б
ейт
аныс х
ай
уан
туралы әңгім
еле
ді. Бала м
айм
ыл Фип
и м
ен е
лік
тің б
атылдығының
арқ
асында жыр
тқыш өлтірілді...
Вернер ЛУТЦ
(Жалғасы.
Басы өткен сандарында 1–6/07, 1–6/08, 1–6/09)
Суретін салған
Юлия ПРАВДОХИНА
Шығыста алғашқы таң шапағы
жаңа күннің басталуын білдірген
кезде, әнші құстар қайтадан әнге
басты – алдымен батылсыз, содан
кейін қаттырақ, ақыры бүкіл орман
шаттық әнге салды.
Қиындық артта қалды. Эриней
кірпі өзінің бүкіл отбасымен інінен
шықты. Көжек Кнопс қуаныштан
дөңгелене секірді. Елік Аттила да
өз отбасын Жасыл алаңға алып
шықты, онда олар емін-еркін жай-
ылды, ал төлдері ойнақтаумен
болды.
Тек Қарға ғана қарағайдың басын-
да қанатының астында ұйықтап
отырған маймыл Фипиді оятып ал-
мау үшін тыныш отыр. Балақан
демалуға лайықты іс істеді.
Асығудың да жөні жоқ. Орманда
бейбітшілік салтанат құрды.
Фипи көзін уқалай оянып, Қарғаның
қанатының астынан шыққан кез-
де, қанатын жан-дәрмен серме-
ген қалақайшының қызы Роза
бұтаққа келіп қонды. Тұмсығымен
ауыр жасыл нәрсені тістеп алып-
ты – ауырлығы сондай, оны әрең
көтеріп жеткізді.
Роза оны қалың тікенекпен
көмкерілген бұтаққа қойды. «Не
болды, өсекші! – деп сұрады
Қарға. – Сен бізге не әкелдің?»
«Бұл – алғашқы орман жаңғағы! –
деп жауап қатты Роза. – Ол Фипиге
арналған, өйткені ол батыр».
Фипи денесін тіктеді. Роза оны
батыр деп атады ғой! «Қабығын
тісіңмен шақ, сонда дәні түседі
– бұл әлемдегі тағамдардың ең
жақсысы». Фипи қабығын шақты
да, қоңыр дәнді аузына салды.
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
20
«Шын екен»! – деді ол аузын толты-
ра шайнап отырып. – Өте дәмді!»
«Жаңғақ күш береді. Орман
жаңғағы пісіп қойғанына таңғалып
отырмын, – деді Қарға. – Бұл
қыстың ерте түсетінін білдіреді.
Сен жаңғақты қайдан таптың,
өсекші?» «Мен осы дәнді тапқан-
ша, жаңғақ ағашының барлық бұ-
тақтарын қарап шықтым. Бірақ
өтінем, мені өсекші демеңдерші!»
– деп жалынды Роза.
«Егер сен маған піскен дәндері
бар жаңғақ ағашын көрсетсең,
онда мен сені қайтадан Роза деп
атауым мүмкін, – деді Қарға.
– Бірақ есіңде болсын, біреу аузы-
на сөз тоқтамай басқаларға айтып
қойса, содан кейін оған сенбейді.
Мұны жақсы біліп ал, өсекші!»
Жаңғақтар ғана емес, жабайы
шие, шетен жемісі, жабайы алма,
қожақат және ит бүлдірген де пісіп
қойған.
Маймыл қай жерде дөңгеленіп
ойнақтаса да, дәмді жемістер ілініп
тұр. Тек алып жеу ғана қалды.
Қарға оған шамшаттың жаңғақта-
рын жарып, жөкенің дәндерін аршу-
ды үйретті. Қарағайдың бүрлерін
тазалап, дәндерін таңдауды және
үлкен еменнің жемісін қалай жеуді
көрсетті.
Бұл молшылықтың тамаша кезеңі
еді! Достар жыртқыш аңды жа-
сыл киімді адамның атып түсіретін
оқпанына алдап апарғаннан бері
ұсақ жыртқыштардың ешқайсысы
Фипи мен Кнопстың өміріне қауіп
төндіруге батылдары бармады.
Олар сағаттап Қарғаның қырағы
бақылауымен орманда уайым-
сыз ойнап, секіріп, күш-қуат жинай
берді. Қарға оларға қарап бақытты
еді. Дегенмен ол ағаштардың
жапырақтары мерекелік түрге еніп,
өмірдің бұдан да жақсы,
алуан түсті, әдемі болып бара
жатқанын көрсеткендей-ақ құлпы-
рып орманға алдамшы сән бергенін
де байқады. Қайырымды Қарға
ала жапырақтар жерге түсе
бастағанын көрді, алғашында
бірен-саран еді, кейін көбейе
бастады.
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
21
Ақыры ормандағы күллі жер
сәнді қызыл-сары жамылғымен
көмкерілді. Қарға өзін ауыр сезінді.
Қарға отырған ағаштың түбінде
Фипи мен Кнопс сыбдырлаған
жапырақтардың үстінде тағы да
ойнап жүрген.
Бәлкім ол қара қоянды өзінің
құлағымен де шақырған бо-
лар. Қалай болғанда да Кнопс
оған қарай секіре беттеді де, ба-
сын төмен иді. «Ей, Кнопс! –
деп шақырды оны Фипи. – Жүр,
ойнайық!» Бірақ қоян ештеңе
естімеді.
Сен мені бұлайша қалдырып кете
алмайсың! Сен менің жалғыз
төрт аяқты досымсың ғой!»
Бірақ қоян ештеңе естімеді.
Ол ағаштардың салбыраған
бұтақтарының астына жоғалып
кетті.
Кенет қоян тіктене қалды. Оның
көздері күмістей жылтыраған
қоңырқай жүнді әдемі қыз қоян
отырған өздерінің ойын алаңына
қарама-қарсы бетке тігілді.
Мұндай әдемі қоянды бұған
дейін ешқашан көрмеген. Қара
қоян Кнопс бойын тіктеп, жалғыз
құлағын едірейте жоғары көтерді.
Осы кезде қыз қоян өзінің алдыңғы
аяқтарын қусырды.
Оның бар назары тек осынау әсем
жаратылыста ғана болды. «Кнопс»
– деп тағы шақырды Фипи. Ал ұл
қоян тұмсығын қыз қоянның нәзік
тұмсығына тигізді.
Ол өзінің құлағын сырбаз түрде
ұсынып, оның бір құлағымен бай-
лады да, оны жаңа өмірге алып
кетті. «Кнопс! – Фипи жанұшыра
айғайлап. – Сен не істеп барасың?
Кнопс! Қалсайшы!
Біраз уақытқа дейін жапырақ-
тардың сыбдыры естіліп тұрды.
Содан соң бәрі тынды. «Бері кел!»
– деп шақырды Қарға. Маймылда
қарағайдың басына шығуға күші
болмады десе де болады.
Қатты мұңайған ол Қарғаның қана-
тының астына кірді. «Ол кетіп
қалды! Мені тастап кетіп қалды! –
деп жылады балақан. – Мен ешкім
емес сияқтымын! Бәрі де ана
ақымақтың кесірінен!»
ШАР
А
ПА
Т 1/2010
22
«Бұл оның қандасы, – деді Қарға
салмақты үнмен. – Жер бетіндегі
өмір осылай құрылған». «Ал менің
қандастарым жоқ! – балақан рен-
жи қыңқылдады. – Сенде тек қатты
қауырсындар, ал кірпіде – инелер.
Мен үшін өз қандастарым жоқ».
«Үніңді өшір! – деп бұрқылдады
Қарға. – Мен де жалғызбын». «Сен
кәрісің, – деп қарсыласты маймыл,
– ал мен жаспын». «Сен дұрыс
айтасың», – деп келісті Қарға.
Қарға күңкілдеген балақанды
құшақтады, біраздан кейін ол
дірілдегенін қойды. Біраз уақыттан
соң қанаттың астынан әлсіз дауыс
естілді: «Қыс жақында келе ме?
Эриней жапырақтар түсе бастаған
кезде қыс келеді деп айтқан».
«Иә», – деп жауап қайтарды Қарға.
«Сол кезде мен өлем бе?» «Жоқ»
– деді Қарға.
«Эриней менің інде оның тарлы-
ғынан өлетінімді, далаға шықсам
суықтан өлетінімді және маған
сенің қауырсындарың жеткілікті
жылу бере алмайтынын айтқан».
«Бұл рас, – деді
Қарға. – Бірақ сен
өлмейсің». «Сен не істейін деп
едің?» – деп сұрады Фипи. «Ертең
мен саған ол туралы айтып
берем».
(Жалғасы бар)
Достарыңызбен бөлісу: |