Сынып сағатының тақырыбы: «Дос болайық бәріміз
Мақсаты:Балалардың ой-өрісін кеңейту.Балаларды бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету,бір-біріне жаны ашып көмектесуге бойына жақсы
қасиеттерді сіңіруге көмектесу Бірлесе жұмыс жасай алуға үйрету
Сыныбы-11 «А»
Барысы: І.Кіріспе бөлім «Жақсы дос пен жаман дос» тақырыбында бейнеролик көрсету және мағынасын талдау
Мақсаты: Бала бойындағы қысымды жоюға жағдай жасау. : Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету.
ІІ. Негізгі бөлім 1. «Достық» сөзіне ассоциация құру. Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту.
Дос деген - ол ең жақын, сені түсінетін, сенімен бірге қуанып, сенімен бірге қиналатын, кемшілігіңді түзеуге көмектесетін, қиындық туғанда көмек беруге әрқашан дайын тұратын адам.
2. «Достыққа қалай жетуге болады?» ойыны Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету. 1 жағдай. Екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп отырып, бір мезгілде сөйлейді.
2 жағдай. Екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп отырады. 1-еуі сөйлеп отырады, ал 2-шісі селқос тыңдайды.
3 жағдай. Екі ойыншы бір-біріне арқасын беріп отырады. 1-еуі сөйлеп отырады, ал 2-шісі мұқият тыңдайды.
Балалармен пікірлесу: Дос болу үшін адам өзін қалай ұстау керек екен?
Ойындағы қай жағдайда қолайлы жағдайды сезіндің ?
3. «Сенім» жаттығуы ойыны Мақсаты: Балаларды бір-біріне жаны ашып көмектесуге, бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету. 1 жағдай: 1-ші ойыншы көзін байлап, кедергілерден өтеді.
2 жағдай: 1-ші ойыншының көзін байланып, 2-ші ойыншы оған көмектесіп кедергілерден өтеді.
Балалармен пікірлесу: Қай жағдайда өзіңді қолайлы сезіндің?
Досыңа сенгеннен кейін кедергіден өту оңай болды ма ?
Ал көзі байланбаған бала өзін қалай сезінді?
Ой-түйін : Жақсылық, ізгілік жасаған адам өзін қолайлы, жайлы эмоцияда сезінеді.
4. «Достық» ойыны, допты бір-біріне лақтыру арқылы ойналады. Мақсаты: Баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге көмектесу. Маған досыңның кім екенін айт, мен саған кім екеніңді айтайын» деген мақал бар.Ендеше өзіңнің досыңның бойынан көргің келетін жақсы қасиеттерді айтып көрші.
ІІІ. Қорытынды бөлім Рефлексия: Мақал-мәтелдер Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
Досы жоқпен сырлас,