« Сөзсіз жеңіске ие болатын Біздің əскер » ( Саффат :173 )
«Аллаһ : Əлбетте, Мен жəне Менің елшілерім сөзсіз жеңіске жетеміз – деп
жазған». ( Мужəдала : 21 )
« Соңғы табыс тақуалардікі »( Əғраф :128 ),
-
Иə, бұл уəделердің бəріне мұсылмандар тек ақыретте ғана жетеді " – деп,
есептейді.
Ақиқаттан үлесі жоқ бұндай ойлар мен сөздер екі себептен туындайды.
Бірінші : Пенденің " Мен мойнымдағы жүктелген міндетімді орындап, қайтарылған
нəрселерден тиылып жатырмын. Ал, дұшпаным болса, ол бұйырылғандарды жасамай, тиым
етілген істерді атқарып жатыр. Жəне мен одан гөрі Аллаһқа, Оның елшісіне, дініне
жақынырақпын "- деп, ойлауы.
3. Хижрет – көшу.
13
Екінші : “ Аллаһ хақиқатпен жүрген, дін иесі болған пендесін қолдап - қуаттамайды, жəрдем
етпейді. Бұл дүниеде оларға ешқандай жетістік бермейді. Бəлки зұлымдық
көріп, азапқа ұшырап өмір сүреді "- деп ойлауы. Қандай өкінішті! Қаншама білімсіз ғибадат
етуші мұсылмандар, дінді парасатсыз ұстағандар осындай жалған ойлардан адасушылыққа
ұшырады. Осы көптеген бүліктің бастауы болған екі ой Аллаһтың əмірін, дінін, уəдесі мен
ескертулерін
1
білмегендіктен туындайды. Егер пенде расында өзін хақ діннің үстіндемін,
бүкіл əмірлерді іштей де, сырттай да атқарып жатырмын, тиымдардан жасырын да, жария да
қайтып жүрмін, деп есептесе, бірақ өзіндегі Аллаһтың хақын білмесе, бүкіл істеп жатқан іс -
əмірлерінің негізгі мақсатын білмесе, онда оның Аллаһтың хақысынан, ұстанған дінінің қадірі
мен сипатынан жəһілдікте болғаны. Жəне егер, Аллаһ ақиқаттан ұстанғандарға бұл дүниеде
жəрдем етпейді, керісінше жетістіктің бəрі мұсылмандар үстінен кəпір – мунафиқтерге
2
, игі
тақуалар үстінен залымдарға беріледі - деп, ойласа, онда оның Аллаһтың уəдесі мен
ескертулерінен жəһілдікте болғаны.
Бірінші себепке тоқтар болсақ ; пенделердің көпшілігі мойындарына жүктелген кейбір
парыз амалдарды атқармай жүреді. Бұл нəрсе олардың ол уəжіп амалдар жайында білімдерінің
аздығынан немесе жоқтығынан, əлде ол істің міндетті іс екенін білмегендіктерінен болуы
мүмкін. Ал кейбіреулердің осы айтылған нəрселердің бəрін біле тұрып атқармай жүргенін
көресің.Ол нəрсе олардың жалқауыққа берілулерінен, əлде оған жеңіл көз қараста
болуларынан, əлде ол жайында қате тұжырымға түскендіктерінен, əлде кейбір қалыптасқан
дəстүрлердің жиегінен шыға алмағандықтарынан, əлде одан маңызды істерді атқарып жүрмін,
сол маған жетерлі - деген қате пікірлерінен болуы мүмкін. Жүрекке парыз болып жүктелген
нəрселер, денеге парыз болып жүктелеген істерден күштірек жəне жауапкершілігі жоғарырақ..
Адамдардың көпшілігі осы істің маңыздылығына көңіл қоймайды. Жəне оны діннің негізгі
талабы емес, бəлки сауап үшін өз ықтиярыңмен орындайтын нəпіл амалдар - деп, есептейді.
Мысалға сол Аллаһқа ғибадат етушілердің шамалары келе тұрып " Жақсылыққа шақыру
жамандықтан тыю " - деген парыз амалды атқармауы. Жəне олар " Менің бар мақсатым
Аллаһқа жақындау, сол үшін бүкіл күш - жігерімді, ойымды Оның разылығына жеткізетін
істерге жұмылдырдым. Сондықтан мен үшін пайда бере қоймайтын істерді тəрк етуді абзал
тұттым " - деп, есептесе де, Аллаһ үшін жек көрінішті болған қауымдардан.
Аллаһ Тағала Өзінің жəрдемін дінді мардымсыз ұстағандарға емес, ілім жəне амалмен
хақ жолында нақ тұрған достарына уəде еткен. Жəне ізет пен мəртебені Өзінің елшісіне
түсірген Кітəбінде баян қылып, иман иелеріне уəде еткен. Ал, иман - ол ілім мен амал.
« Ізет - мəртебе Аллаһқа, Оның елшісіне жəне иман келтіргендерге тəн »
( Мунафиқун: 8)
Пенде өзінің иманының дəрежесіне қарай ізет - мəртебеге бөленеді. Ал кім ізет -
мəртебеден жырақ болса, онда бұл нəрсе оның хақиқи иманнан жырақтығын көрсетеді.
Сол сияқты толық жəрдем мен жеңіс кəміл иман иелеріне уəде етілген.
« Расында елшілерімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куəгерлер əзір болып
тұратын қиамет күнінде де жəрдем етеміз » ( Ғафир : 51 ).
Кімнің иман дəрежесі кеми бастаса , оның Аллаһтан көретін жəрдемі мен қолдауы кеми
бастайды. Сондықтан егер, пенденің өзіне немесе мал - мүлкіне бірер қайғы жетсе, əлде
дүшпаны одан үстем болса, бұл оның істеген күнəлəрынан, не парыз міндеттерінен бірін
атқармағандығынан болады. Жəне Аллаһ пендесіне көп нəрсені кешіріп қоюшы. Аллаһ
Құранда :
« Аллаһ кəпірлер үшін имандыларға қарсы мүлде жол қоймады » - деген.
( Ниса :141 ). Яғни шынайы иман келтіргендерге қарсы кəпірлерге ешқандай жол жоқ . Ал
мұсылманның иманының əлсіреуі мен тағат - ғибадаттарды тастап қоюы өздеріне қарсы
кəпірлерге жол ашып береді. Егер мұсылман кəміл иман егесі болса, сол иманның талаптарын
сырттай да, іштей де толық атқарса, онда бүкіл дұшпаны жиналып, бар тараптан қоршап келсе
1. Ескерту : бұл жердегі ескертудегі мақсат, Аллаһтың бұзақы қауымды дүние -
ақыретте қатты азаптарға душар ететіні жайындағы ескертулер.
2. Мунафиқ – екі жүзділер яғни, сырты мұсылман, іші кəпір болғандар
14
де, Аллаһтың панасы мен қорғауында болған ешқашан жеңілмейтін, ізет-мəртебеге ие, үстем
қауыма айналады. Себебі Аллаһ :
« Егер нағыз иман егелерінен болсаңдар сендер əркез үстемсіңдер» – деп,
айтқан. ( Əлі Ғимран :139 ) жəне де мұсылмандарға мына бір хадис пен аятты да санасында
сақтауына үгіт етеміз :
« Егер Аллаһ бір құлын сүйсе оны сынайды » ( хадис )
« Адамдар иман келтірдік – деп, айтсақ, сыналмай тасталып қойыламыз – деп,
есептей ме?» (Ғанкабут :2 ).
Расында кейде мұсылманға қиыншылықтар оның сабырлығына сынақ үшін беріледі.
Ал екінші себепке тоқталар болсақ, ол нəрсе Аллаһтың жіберетін жеңісі мен уəдесіне
болған сенімнің төмендігінен жəне Оның Кітəбін дұрыс түсінбеушіліктен. Ақиқатта Аллаһ
Құранда иман келтіргендерге жəрдем етуші екенін ашық баяндаған :
« Расында елшілерімізге, иман келтіргендерге бұл дүниеде де, куəгерлер əзір болып
тұратын қиамет күнінде де жəрдем етеміз » ( Ғафир :51 ).
« Аллаһқа жəне Оның елшісіне қарсы келушілер, міне солар сөзсіз қор болушылардың
қатарында болады »( Мужадала :20 ).
Екінші : Аллаһ тағаламен байланыс орындарының негіздері.
1 – Нəпсіні тазарту. Аллаһ Тағала "Шəмс" сүресінде сегіз нəрсеге ант етіп,
1
пенденің
түзелуі мен құтылуы нəпсісін тазалауға қатысты екенің айтқан.
« Расында нəпсісін тазартқан құтылады » ( Шəмс: 9 ).
Жубейр ибн Нафирдің риуаятымен бізге жеткен сахих хадисте Пайғамбарымыз ( Ол
кісіге Аллаһ игілігі мен сəлемін жолдасын ) былай - деген :
"Үш нəрсе бар. Кім оларды орындаса иманның дəмін татады: бір ғана Аллаһқа
серік қоспастан ғибадат жасаса; расында Одан өзге ғибадатқа лайықты ешбір тəңір жоқ.
Жəне жыл сайын малының зекетін жан ризашылығымен беріп тұрса; бергенде кəрі, лас
немесе тағы басқа айыптары барын емес, орташасынан алып берсін. Өйткені Аллаһ
сендерден мал - мүліктерінің ең жақсысын сұрамады, ең нашарын ұсынуды əмір етпеді.
Жəне нəпсін тазартса " - деді. Сонда бір кісі : " Нəпсіні тазарту " -дегеніміз, не?" – деп,
сұрады. Оған " Қайда болса да Аллаһтың өзімен бірге екенін білу " - деп жауап берді.
Нəпсіні тазарту жолдары:
1 – Шынайы таухид ( яғни Аллаһтан өзге ғибадатқа лайықты ешбір нəрсенің жоқ екенін білу. )
2 – Намаз
3 – Садақа
4 – Харам істерді тəрк ету.
5 – Ең бастысы, өз нəпісін бақылап, есепке алып тұру.
Соған байланысты Ибн Əл-Қайим өзінің " Иғасатул - лаһфан " атты кітəбінде былай -
дейді:
"Нəпсіні есепке алып бақылау екі түрлі жолмен болады. Бір жолы амал жасаудан
алдын, ал бір жолы амалдан соң. Бірінші жолға келетін болсақ, ол нəрсе амалды жасамастан
бұрын, оның ақырында беретін нəтижесін ой сүзгісінен өткізу. Оның орындалуы тасталуынан
артық болмайынша кіріспеу".Осы жайында Хасан Басридің мына сөзі бар:
" Амалға кіріспес бұрын оған ой жүгіртіп, егер ол іс Аллаһ үшін болса жасап, ал
Аллаһ үшін болмаса тоқтатқан адамды Аллаһ рахметіне бөлесін ".
1.
Егер Аллаһ сөзін антпен бастаса, ол нəрсе кейін келетін сөздің өте маңыздылығын
көрсетеді. Жəне сол нəрсеге қатты көңіл бұруды қажет етеді. Бір емес бірнеше анттардан
кейін келген Шəміс сүресінің 9 - ші аятына қаншалықты көңіл бұру қажет екенін осыдан
білсе болады.
15
Ал, амалдан соң нəпсіні есепке алуға байланысты екінші жол үш қысымнан тұрады :
а) Нəпсіні Аллаһтың хақтары кемсітіліп, керекті дəрежесінде орындалмаған амал үшін есепке
алу.
ə) Нəпсіні жасалғанынан жасалмағаны абзал болған амал үшін тергеп, есепке алу.
б) Нəпсі, істелуі рұқсат болған əдеттегі істерді Аллаһ үшін жасады ма, əлде дүние қызықтары
үшін жасады ма? - деп, есепке алу.
6. Дұға -зікірлер мен нəпіл ғибадаттарға көңіл болу.
Аллаһ Тағала құлдарының арасындағы Өзінің ең жақыны, əрі ең дəрежелі болған
Мухаммедке ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) :
« Расында, күндіз сенің көп тірлігің бар. Раббыңнің есімін зікір ет жəне Оған
барынша беріл » ( Муззаммил:7 – 8 )
«Жəне Раббыңды күн шығудан бұрын əрі күн батудан алдын мақтап пəкте.
Түннің бір бөлімінде , əрі намаздардан кейін де Оны пəктеп зікір ет » ( Қаф :39 – 40 )
«Күндіздің əуелінде жəне ақырында Раббыңның есімін зікір ет. Түн бөлімінде Ол
үшін сəждеге түсіп намаз оқы, əрі түн бойы Оны пəкте »(Инсан:25-26) – деп, айтқан.
Уақыттарды дұрыс бақылап, дауамды жасалатын зікірлермен толтыра білу - Аллаһқа
апаратын жол.
Белгілі ғалымдар Əт-Табарани жəне Əл-Хакимдердің келтіруі бойынша, сахих
жолдармен жеткен бір хадисте Ибн Əбу Ауфа былай деген : " Расында Аллаһтың елшісі ( Ол
кісіге Аллаһтың игілігі мне сəлемі болсын ) : "Құдайдың құлдарының арасында Раббысына
жақсырақ болғандары, Аллаһты [ең абзал уақыттарда] зікір ету үшін күннің, айдың жəне
жаңа туған айлардың кезеңдерін бақылап, есептен жүреді ".
Ибн Əл-Қайим өзінің " Мадарижул саликин" атты кітəбінде: " Зікірдің мысалы
үкіметтің шығаратын бұйрығына ұқсас. Егер үкімет: "Пəленше осы жоғары қызыметке
бекітілсін " - деп, бұйрық шығарса ол адам соған жетеді. Ал бұйрық берілмесе, ол жоғарғы
орын да жоқ. Сол сияқты, Аллаһ кімге зікірді берген болса, онда ол пендесін "Аллаһтың досы
" - деген, мəртебеге көтерген болады. Жəне зікір – жүрек азығы. Егер ол азықтан ажыраса,
жүрек өлікке, ал дене оның қабіріне айналады. Сол сияқты жүрек үйлердің тірегі, ал сол үй
тірегінен ажыраса ойран болады " - деп, келтірген.
Адам бойындағы дене мүшелерінің əрқайсысының белгіленген уақыттарда
орындайтын ғибадаттары бар. Ал жүрек пен тілдің ғибадаты зікір. Жəне бұл зікірдің
белгіленген уақыты жоқ. Адам ол екеуімен тұрса да, отырса да, жатса да өздерінің сүйікті
Раббыларын мақтап, пəктеп зікір ете береді. Жүрек негізінде бос жəне ұсқынсыз жайға
ұқсайды, ал зікір оны толтырушы əрі көркемдеуші нəрсе.
Құранда зікір он түрлі күйде келген.
а ) Барлық жағдайда, жəне белгілі уақыттарда зікір етіндер - деп əмір күйінде келген :
« Жəне Раббыңнан қорыққан күйде іштей жалбарына зікір ет » ( Əғрəф: 205 )
ə ) Зікірдің тескерісі болған ғапылдық пен ұмытудан қайтарған күйде келген:
« Ей, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар.... Сондай Аллаһты ұмытқан,
Аллаһ оларға өздерін ұмыттырған кісілер тəрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар»
( Хашр: 18 -19 )
б ) Аллаһты көп зікір етушілердің құтылатынын хабарлаған күйде келген : «Аллаһты
шынайы түрде көп зікір етіңдер. Əрине құтыласыңдар » ( Əнфал :45 ).
в ) Зікір етушілерді мақтап, оларға Аллаһтың қасында үлкен сыйлық барын хабарлаған
күйде келген :
"Аллаһты көп зікір етуші ерлер мен əйелдер үшін Аллаһ жарылқау жəне ұлы
сыйлық əзірледі " ( Ахзаб :35 ).
г ) Зікірді тастап, басқа нəрсемен алданып қалған адамның зиянға ұшырайтынын
ескерткен күйде келген :
" Ей, иман келтіргендер! Сендерді малдарың мен балаларың Аллаһты зікір етуден
тоспасын. Əлде кім бұны істесе, міне солар зиянға ұшыраушылар" ( Мунафиқун :9 ).
16
д ) Аллаһты зікір етіп еске алғандарды Аллаһ та еске алатынын хабарлап келген :
"... Мені зікір етіп еске алыңдыр, Мен де сендерді еске аламын...!" ( Бақара :152 ).
ж ) Зікірдің аса үлкен нəрсе екенін хабарлаған :
" Расында Аллаһты зікір етіп еске алу аса ұлы нəрсе " ( Ғанкабут : 45 ).
"з ) Əрбір игі амалдардың басы болған зікірдің, сол амалдардың соңы екенін білдіріп те
келген :
"... Аллаһ сендерге жеңілдікті қалайды, ауырлықты қаламайды. Ол жеңілдік
( ораза күндері ) санын толықтыруларың, əрі тура жолға салғандығы себепті, Аллаһты
ұлықтауларың үшін..." ( Бақара :185). Яғни , ораза əрбір мұсылманға парыз болған салихалы
амал, ол амал басы шүкір, зікірмен басталып, ақыры Аллаһты ұлықтаумен аяқталады. Сол
сияқты басқа амалдар да осы тəріздес келеді.
и ) Аллаһты зікір етушілердің, Оның құдыретін танытатын əрбір белгілерден өздеріне
пайдалы ғибрат ала білетін көреген қауым екендігін баяндаған халде де келген :
«Шəксіз көктер мен жердің жаратылысында, түн мен күндіздің ауысуында ақыл
егелері үшін ( Раббыларының хақтығы мен құдыретін танытатын )белгілер бар.
Олар тұрса да, отырса да, жатса да ( яғни барлық халде ) Аллаһты зікір етіп еске
алады...» ( Əлі Ғимран :190 ).
к ) Зікір əрбір ізгі амалдардың серігі, əрі рухы тəріздес екендігін хабарлап келген.
Онсыз амал жансыз дене іспеттес : мысалға зікір намазға серік етіліп келген.
"... Мені зікір етіп еске алу үшін намазды толық орында " ( Таһа :45 ).
Ал бұл аятта жиһатпен серік етіліп келген :
" Ей, иман келтіргендер! Қашан ( кəпір ) қауыммен жолықсаңдар, бекем болыңдар жəне
Аллаһты көп зікір етіндер..." ( Əнфал :45 ).
7 – Кедергілерді алып тастауға көңіл бөлу.
Раббысына жол тартқан адам мына нəрсені білсін! Расында нəпсі қалауы жүрек пен
Аллаһ арасындағаы байланысты үзуші нəрсе. Пенде өзінің нəпсісіне қарсы тұрып, оны
жеңбейінше ол байланысқа жете алмайды. Шынында адамдар екі топтан тұрады:
Бірінші топ : Оларға нəпсілері үстем келіп патшалық құрады жəне оларды əмірлеріне
бағындырып құрдымға сүйрейді.
Екінші топ : Олар керісінше нəпсілерінің үстінен патшалық құрып, оны өз əмірлеріне
бойұсындырғандар. Осыған байланысты Аллаһ Құранда былай – дейді :
« Ал енді кім шектен шыққан болса жəне дүние тіршілігін ақыреттен жоғары
қойған болса. Расында тозақ оның жайы болады. Ал кім Раббысының алдында тұрар
күннен қорқып, нəпсісін оның бұзушы қалауларынан тосқан болса, расында жаннат
оның жайы болады ». ( Назиғат :37 – 41 ).
Ибн Əл-Қайим өзінің " Иғасатул - лаһфан " (1/57 ) кітəбінде былай - деп айтқан:"
Бірде Шейхул - ислам Ибн Таймиядан, нəпсіні реттеп, ізгі іске жаттықтыру, ұстанған жолды
кедергілерден тазалап, апаттардан аман болу мəселесінде сұрадым. Ол кісі : " Нəпсі жөнінде
түйіндей айтар болсақ, ол бір нəжіс толған қапшыққа ұқсайды. Оның бетін қозғаған сайын
астынан жəне бір ластық шыға береді. Егер одан өтіп кету мүмкін болса, солай жаса. Себебі
оны тазалап та бітіре алмайсың, əрі барар жағыңнан да қалдырады"- деді. Мен ол кісіге " Осы
жайында кейбір білім егелеріне сұрап - едім, олар маған былай деп түсіндірме берді " - деп,
төмендегі сөзімді айттым :
" Бұл жол бойы кездесіп тұратын кедергілер - жолаушының жолында кездесіп
тұратын жылан, шаяндарға ұқсас зиянкестер сияқты. Егер жолаушы олардың əрқайсысын
өлтіруменен айналысса, онда сапар қиындап, барар жерге жету мумкін болмай қалады.
Сондықтан сенің мақсатың ондай кедергілерге мəн бермей айналып өтіп, жүрісіңді үзбей
жалғастыру болуы керек. Ал ол зианкестер жолыңды тосатын дəрежеде кездессе, оларды өлтір
де, жүрісіңді үзбей жалғастыр". Осы мысалды ол кісі де қуаттап, айтушысына мақтау айтты".
Кедергілердің тағы бір түрі – күнəлар. Ілгергі ғалымдар осы нəрсеге өте сақ болуды
айтып өткен. Осы тұрғыда Ибн Даххак былай - дейді : " Құранды жаттап кейін оны ұмытып
17
қойған көп адамдарды білеміз. Оның басты себебі жасалған күнəлар болған. Кейін мына аятты
оқыды : " Бастарыңа бір бейнет орнаса ол нəрсе өздеріңнің қолекі істеген күнəларыңның
себебінен. Жəне де Аллаһ ( күнəлəрыңның ) көбін кешіп жібереді " ( Шура :30 ).
Бір кісі Хасан Басридан : " Мен түн ортасында тұрып намаз оқу үшін дəрет алатын
суға дейін дайындап қоямын. Бірақ тура алмай қаламын. Неге? "- деп, сұрағанда. " Сені
күнəлəрің байлап қояды " - деп жауап берген. Жəне мəшһур ғалым Ас-Саури: " Бір жолы
жасаған күнəм үшін бес ай бойы түн ортасында тұрып оқылатын таһажжуд намазынан махрұм
қалдым " – деді . " Ол не күнə ? " - деп сұралғанда, ол : " Бір кісінің ғибадат үстінде жылап
жатқанын көрдім де, бұл пенде шынайы емес, ел көрсін үшін жылап жатыр - деп айтқан едім "
- депті. Тағы бір оқиға, бірде Карах ибн Уабра бір жылап жатқан кісінің үстінен түседі . Одан:
"Не жақындарыңнан біреу қайтыс болды - деген хабар естідің бе?" - деп сұраса : " Жоқ, бұл
нəрсе одан да ауырырақ " - дейді. " Бір жерін қатты ауырып жатыр ма? " - десе, " Жоқ, одан да
қиынырақ " - дейді. Сонда ол кісі " Ендеше сені қатты қинап жатқан не нəрсе ?" – дегенде :
«Өткен кеш есігім жабық, пердем түсірілген еді, ( яғни, кедергі болар ешкім жоқ болды ) ал
мен болсам күнделікті оқып жүрген Құран бөлігін оқи алмай қалдым. Ондай өкінішті
жоғалтуға жасап қойған бір күнəмнің кесірінен ұшырап отырмын» - депті. Сулайман Ад -
Дарани : «Қайсы бір адам жамағат намазынан қалып қойса, бұл оның жасаған күнəсінің
салдарынан !» - деген. Жəне бір ғалым былай - деп айтқан : "Қанша адамдар бар, істеген бір
күнəсі үшін, түннің соңғы бөлігінде оқылатын таһажжуд намазына тұру лəззатынан ажыраған,
жəне қанша көздер бар, харам нəрсеге қарауы себебінен егесі Құран оқудан тосылған. Расында
құл бір жеген харам тамағы үшін бір жылдық түнгі таһажжуд намазына тұрудан махрұм
болып жатады. Намаз егесін үлкен - кіші күнəлардан тосатыны сияқты күнəлар да намаз жəне
басқа ізгі істерден тосып қояды " .
Ибн Əл - Қайим өзінің " Əл - Жəуəбул Кафи " атты кітəбінде күнəлардың əсері туралы
былай - деп жазған :
" Күнəлар тағат - ғибадаттан тосады. Ғибадатқа апаратын жолды кескілейді. Адам
күнə əсерінен бір ғибадатын тастайды, кейін сол күнəнің қайталануы себепті екінші ғибадат
түрін де тастайды, одан соң үшіншісін тастауы ықтимал. Солай жалғаса берсе пенде бір күні
өзінің көптеген ғибадаттардан ажырап қалғанын көреді. Ал, сол ғибадаттардың əрқайсысы
дүние жəне сол дүниедегі барша заттардан артық екені рас. Бұның мысалы бұзылған бір
тамақты жегені себепті, ұзақ ауруға ұшырап көптеген көркем тамақтардан (дəмді тағамдардан)
тосылған пендеге ұқсайды.
. Кедергілердің тағы бір түрі : шариғат рұқсат еткен істерде шектен шығу. Мысалы :
жеп - ішу, киіну, көлікке міну сияқты тағы басқа істер. Осы нəрселерді керекті мөлшерінен
арттыру – Аллаһ пен пенде арасындағы байланыстың үзілуіне себеп болады.
Кедергілердің тағы бір түрі : Аллаһпен болатын байланыстың қажеттілігінен қаперсіз
болу жəне өлімді ұмыту.
Кедергілердің жəне бір түрі: өзін кəміл дəрежеге жеттім - деп, нəпсісін тəрбиелеуді
жəне оны есепке алып тұруды тастап қою.
Кедергілердің тағы бір түрі : адамның өз мойнына міндеттер мен жұмыстарды
көптеп жүктеп алуы. Дүние жұмыстарының көптігі, Аллаһпен болатын байланыстың уақытын
азайтып, оған дұрыстап көңіл бөлуден тосып қояды.
Кедергілердің тағы бір түрі : Істелуі тиіс амалдарды кейінге қалдыра беру. Ақырында
ол нəрсе ауыр соғуы мүмкін.
Кедергілердің тағы бір түрі : Дін тұрғысында өзгелерге үлгі болған бір адамнан бірер
кемшілікті көру. Кейбір жастар өздерінің үлгі тұтқан адамдарын басқалардан ерекше көріп,
оларда кемшілік кездесуі мүмкін емес - деген ойда жүреді. Ал егер олардан бірер кемшілікті
көрсе, оны да өздеріне үлгі етіп алып, соқыр ілесе бастайды.
18
2 – Аллаһпен болатын байланыстың тағы бір негізгі орыны – сабырлық.
Шейхул-ислам Ибн Таймия: " Ғибадаттарды орындаудағы сабырлық харам
нəрселерден аулақ болудағы сабырлықтан артығырақ. Аллаһ үшін тағат - ғибадатты жасауға
бағытталған əрекет, күнəні тастау үшін жасалатын əрекеттен сүйіктірек. Жəне тағат -
ғибадаттарды тастау, күнəлі істерді істеуден де жеккөрініштірек" – деген.
Сабырлық үш түрлі болады.
1 – Аллаһтың жəрдемімен сабыр ету.
2 – Аллаһ үшін сабыр ету.
3 – Алаһпен бірге сабыр ету.
Сабырлық түрлерінің біріншісіне тоқталар болсақ :
Аллаһтан сол іске жəрдем тілеу. Жəне пендеге сабырлық беруші Аллаһ екенін нақ білу.
Расында пенде Аллаһтың жəрдемінсіз өздігінен сабыр етуге шамасы жетпейді. Бұған "Нахл"
сүресінің 127 – ші аяты дəлел :
«Сабыр ет! Жəне сабыр етуің Аллаһтың ғана көмегімен»
Екінші түрі : Аллаһ үшін сабыр ету. Яғни Аллаһтың махаббаты мен ризашылығына
бөлініп, Оған жақын болуды мақсат етіп сабырлық көрсету. Ол сабырлық өзіңнің рухани
қуатыңды көрсетіп, адамдардан мақтау сөздерді есту үшін болмауы керек.
Үшінші түрі : Аллаһпен бірге сабыр ету. Бұл нəрсе құлдың Аллаһ бекіткен діни
үкімдерге сабырлық көрсету. Өмір атты жолдың бойына, əрбір бұрылыс - қиылысына қойылған
шариғат ережелерінің көрсетпелерімен біргелікте жүріп отыру. Бұл сабырлықтың ең ауыр түрі.
Бұл нағыз шыншылдардың сабырлығы.
Аллаһ Тағаламен байланыстың жемістері.
1 – Көкіректің кеңейуі.
2 – Жауапкершілікті сезіну.
Егер бір адам өзінен осы жауапкершілікті тапса, онда соның əсерімен өзін тəрбиелей
бастайды. Парыз-уəжіп амалдарға ықтияттылықты күшейтеді. Аллаһ разылығы үшін нəпіл
ғибадаттарын арттырады. Харам нəрселерден жолын тазалайды. Осының себептерінен ол адам
одан да үлкен жауапкершілікті көтеруге дайындық табады. Пайғамбарымыз ( Ол кісіге
Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) адамдарды осы Аллаһпен болатын байланыстың
жауапкершілігін сезінуге тəрбиелейтін. Ол кісі ( Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын ) Абдуллаһ
ибн Омар жайында былай, деген. “ Иə, ол ( яғни, Абдуллаһ Ибн Омар ) өте салихалы екен, егер
түннің соңғы бөлігінде таһажжуд намазына тұратын болса". Жəне ол кісі ( Аллаһтың игілігі мен
сəлемі болсын ) күйеу баласы Əлі мен қызы Фатиманы да ( Аллаһ ол екеуінен разы болсын )осы
намазға оятатын. Мұсылман үмбетінің басына көптеген қиын - қыстау кезеңдерде сахабаларын
да осы жуапкершілікті сезінуге тəрбиелейтін. Бадр соғысы кезеңінде сахабаларымен өткізген
кеңесі осыған мысал болады.
Жəне керісінше өз алдында жаупкершілікті сезінбейтін адам, мұсылман үмбетінің
алдында да жауапкершілікті сезінбейді. Сол кемшілігі үшін өз ойынан көптеген сылтауларды
ойлап таба береді. Мысалға, тағдырды сылтаурата салуы мүмкін. “ Бұл тағдыр ісі. Оны
өзгертуге кімнің шамасы жетеді ?" - деген сияқты. Оның мысалы емтиханнан құлаған студент
сияқты. Өзінің нашар үлгерімін тағдыр мен мұғалімдеріне тірей салатын. Кейбіреулері тіпті
өздерінің айыбына Аллаһтың елшісінің ( Ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сəлемі болсын) сөздерін
бетжапқыш етіп алады. Мысалға : " Раббыларыңа жолыққанша сендердің бастарына орнайтын
заманның екіншісі біріншісінен де жаман болып тұрады" - деген хадиске сүйеніп: " Келешекте
жақсылықтан үміт аз. Тілектер тілеп, Аллаһ жолына шақырғаннан ешбір пайда жоқ " - деп,
шешім шығарып, өздерінің мойнынан жауапкершілікті өзге ғалымдар мен басшыларға итере
салады.
3 - Өз ынтасымен амал жасау.
19
Аллаһпен болған байланыс адамды өз ынтасымен амал жасауға тəрбиелейді. Сырттан
болатын əмірлер мен қысымшылықты күтіп отырмайды. Алдындағы мақсатына ешкімнің
зорлығынсыз қадам басады.
4 – Талпынған мақсатының биік болуы.
Кім өз нəпісін тəтті ұйқы мен түрлі тамақтардан қалдырып, түнгі ғибадатқа тұрумен,
күндізгі оразаға сабыр етуге үйретсе, сонымен қатар оны шариғат шекарасынан бекем ұстануға
тəрбиелесе, онда ол расында өзіне жəрдем еткен болады. Талпынған мақсаттың биіктігі Аллаһ
жолындағы дағуат пен шариғат үкімдерінде бекем тұруға көмектеседі. Жəне ол нəрсе адамға
жолын дауам етуге қуат беретін азық болады. Егер адамның талпынған жоғарғы мақсаты
Аллаһтың разылығы үшін ғана болатын болса, онда ол мақсатына жету жолында өзіне тынығу
үшін үзіліс беруді қаламайды. Жəне сол мақсатына қатысты болмаған нəрселермен алаңдамайды.
Бұндай сипаттағы адам үлкен бір кедергіге тап болып қалмаса, өз мақсатына тезірек жетеді.
5 – Тепе - теңдікті ұстанатын, орташылықпен амал жасайтын тұлғаларды пайда
етеді.
6 - Өзгелермен жақсы қарым - қатынас жасай білуге жəне дүниеге дұрыс көзқараста
болуға мүмкіндік береді.
Аллаһ Тағала пайғамбарымыз Мухаммедті өз игілігі мен рахметіне бөлесін!
Достарыңызбен бөлісу: |