Қазақ тілінен эссе жазудың ҚҰрылымы


  Табиғаттың тұнып тұрған сырлары



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата06.06.2023
өлшемі0,61 Mb.
#99028
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38
Байланысты:
эссе жинағы

 


34 
Табиғаттың тұнып тұрған сырлары 
Қыс,аяқ астынан қаталдық орната алатын ең қатыгез әрі ең аяусыз 
қыс...Қалың қарға көміп тастағаны аздай, күні -түні бір тынбайтын 
бораны мен ызғырық желін айтсаңшы. Адам төзгісіз жайсыз мезгілдің 
жыл ретін жаңартатыны болмаса, сірә, бір пайдасы жоқ сияқты. Суықтан 
қорғанған жұрт қалың киініп, бір- біріне де суық тарта бастайтындай 
көрінеді маған.Үй ішіне пеш жағылып,тоңып бүріскеннің бәрі жұмысқа 
да көңілсіз қарайтын секілді. Табиғаттың қаталдығы бұл ғана ма? Отын 
алуға шамасы келмейтін жер бетінде қаншама жазықсыз жанның жүрегін 
жаралады екен бұл қатал қыс?.. 
Ұлттық валюта- мемлекеттіліктің нышандарының бірі 
Жоспар: 
І Кіріспе 
Теңге – еліміздің салмақты нышаны 
ІІ Негізгі бөлім 
1. Ұлттың валюта тарихы 
2.Жаңа келбеттегі теңгеміз 
ІІІ Қорытынды 
Әлем нарығында жарқырап жүрші, төл теңгем! 
 
Ақшаны жақсы көрмейтін адам жоқ шығар, бірақ сол ақшаның тарихын білеміз 
бе? Ұлттық валюта, яғни теңгеміздің пайда болуы Қазақстан Республикасының 
тәуелсіз екендігінің бір дәлелі болып табылады. Теңге – Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік нышаны. Қазақстан үшін өзінің ұлттық 
валютасын енгізудің экономикалық қана емес, үлкен саяси да мәні бар еді. 
Ұлттық валютаға өту Қазақстанға әлеуметтік жағынан үлес қосады. Қазақстан 
теңгесі – ҚР-ның ұлттық валютасы, ол Қазақстан Республикасы Президентінің 
1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. 1992 
жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. 
1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда 
басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 
«Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол 
қойды. 2006 жылы 15 қарашада ҚР-ның Ұлттық банкі 200, 500, 1000, 2000, 
5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. 
Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын, қорғаныс 
қабілетінің жоғары болуын көздейді. Меніңше, бұл дұрыс та, себебі қолда 


35 
жүретін олардағы адамдар еліміздің ұлы тұлғалары болатын. Мемлекет болу 
үшін оның өз валютасы болғаны дұрыс. Меніңше, бірнеше жылдық тарихы бар 
доллардан да, Ресей рублінен де біздің теңгеміз өте ыстық, өте қымбат. Оның 
құны да тұрақты. Сондықтан төл теңгеммен мен де мақтанамын! Жерде жатқан 
теңгені көтеремін, себебі онда елтаңба бейнеленген. Елімнің болашағының 
жарқын болатынына сенгенім сияқты, мемлекет нышаны теңгенің де әлем 
нарығында жарқырап жүреріне үмітім мол. Бірақ теңгенің оңай жолмен 
келмейтінін және біздің білім алып, еңбек етуімізді ынталандыратын бағалы әрі 
құнды қағаз екенін естен шығармасақ екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет