30
Қазір көп аға-апаларымыз осы есірткіні табыс көзі ретінде де пайдаланады
екен. Онымен күресуді мүмкін осы көлеңкелі
бизнеске тосқауыл қоюдан
бастағанымыз дұрыс шығар. Өйткені осы дерт көп адамның өмірін құртуда.
Осыған байланысты Президент өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында есіртіні
жеткізіп таратқаны үшін қатаң жазаланатыны жайлы айтқан. Сол себепті
нашақорлыққа немқұрайлы қарамай, алдын алу керек.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді.
Зерттеулерге қарар
болсақ, олар мыналар:
-Ата-ананың баласына көңіл бөлмеуі, қадағаламауы;
-Әкесі мен анасының жиі жанжалдасуы;
-Отбасында түсініспеушіліктің орын алуы.
Осыдан
кейін бала өзінен де, өмірден де түңіліп, жаман жолға салынып кетуі
мүмкін. Сол себепті ата-ана да, туған-туыстары да балаға қарап, оның әр сәтін
қадағалап тұруы керек.
Осындай жайттар орын алмауы үшін есірткімен күресуге арналған көптеген
іс-шаралар ұйымдастыру керек. Есірткіні қабылдамас бұрын әрбір жас алдын
ала
осы туралы ойланса, бұл дерттен жазылуға болады. Ағайын, достар,
замандастар, есірткінің өзіңе де, қоғамға да зиян келтіретінін білейік, зардабы
мол болатынын ойланайық! Нашақорлықтың алдын алайық! Немқұрайлы
болмайық, келер ұрпаққа жақсы үлгі-өнегелер қалдыруға тырысайық!
Достарыңызбен бөлісу: