Кіріспе дипломдық жұмысының жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата07.06.2023
өлшемі0,71 Mb.
#99332
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Анель последний вариант

 
 
2.2 Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі жеке тектік 
қорлардың құрамындағы мемуарлық құжаттардың түрлері және жұмыс 
жүргізу тәжірибесі 
 
Қаншама ғасырлар бойғы тарихымыз жеке адамдардың бір – біріне оны 
мұра ретінде қалдыруымен, сақталып келгені мәлім. Тарихта маңызды деректер 
қатарына жеке адамдардың құжаттары кіреді. Жеке адамның ӛмірі мен қызметі 
барысында жиналған құжаттардың жиынтығы жеке тектік қорды құрайды. 
Яғни, жеке адамның немесе тұлғаның ӛміріне, қызметіне байланысты архивте 
жинақталып, тіркелген, тұрақты сақтауға берілетін құжаттар арқылы жеке 
тектік қорлар құрылады. Архивтерде жинақталған жеке тектік қорлар тізбесі 
мазмұны мен маңызы жағынан мейлінше әртүрлі және кӛп салалы болып 
келеді. Жеке архив қорларында ақындар, жазушылар, композиторлар, әртістер, 
әдебиеттанушылар, театрдың және де кино режиссерлары, суретшілер, 
ғалымдар, т.б. құжаттары сақталады. Жеке тектік қор құрамына қолжазбалар, 
хаттар, қор құрушының жеке және тұрмыстық құжаттары, ғылыми-
шығармашылық және қоғамдық қызметі барысында жинақталған құжаттық 
материалдары, қор құрушының еңбектеріне қажетті жинақталған материалдар, 
мүліктік-тұрмыстық сипаттағы заттары, жинаған коллекциялары, туыстарының 
және ӛзінің суреттері (фотолары) кіреді. Жеке архивтік қор құрамына белгілі 
бір тұлға жӛнінде кӛзі тірісінде немесе қайтыс болғаннан кейінгі арнап 
жазылған естеліктер, мақалалар, ӛлеңдер, еңбектеріне жазылған рецензиялар 
және есте қалдыру жӛніндегі материалдар, оның шығармашылығын насихат-
таған материалдар енгізіледі. Осы бағыттағы құжаттарды жинақтау арқылы 
архив ӛзінің қорларын молайтып қана қоймай, оны танымал ете түседі. 
Архивтердегі жеке қор құжаттары – тек дербес тұлға туралы ғана емес 
мемлекет пен қоғамның дамуы туралы құнды мәліметтер береді. Сондықтан да 
олар басқа архив құжаттарына қарағанда ӛзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. 
Жеке қор деректерін жете білу тарихтан тағылым алу дегенді білдіреді. Соның 
арқасында тарихтың тарам-тарам жолдары бүгінге сабақ, болашаққа бағдар 
бола алады. 
Жеке қор құжаттарын толықтыру мен пайдалану жұмыстарына елімізде 
Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві үлкен ден қояды. Архив 
қорлары әрдайым халқына еңбегі сіңген тұлғалардың, саяси қызметкерлердің 
құжаттарымен толығып отырады. 
Жеке қор құжаттары адамның немесе жанұя мүшелерінің ӛмірі мен еңбегі 
барысында қалыптасады. Жеке қорларды архивта қор құраушының ӛтініші 
бойынша сақтауға қабылдайды. Және олар отбасы мүшелерінің ӛздерімен 
тікелей қарым қатынаста болған адамдардың кӛмегімен құрылады. Жеке 
қордағы істер жазба деректер түріне енеді. Ондағы құжаттар тек адамның жеке 


29 
басына қатысты ғана емес, сонымен қатар оның қоғамның дамуына қосқан 
үлестерін де кӛрсетері хақ. Бұл тұрғыдан олардың арнайы мемлекеттік 
архивтерде тұрақты сақталуға қабылдану қажеттілігі де заңды. Мемлекеттік 
сақтауға берілген жеке қорлар қазіргі кезде кӛбею үстінде. Оларды қабылдау 
кезінде қор құрушылардың еліміздегі тұлға ретіндегі статусы және мемлекеттік 
сақтауға қабылданатын құжаттарының болуын, олардың физикалық жай-күйі, 
тарихилығы, толықтылығы мен жүйелілігін анықтау бойынша арнайы сыни 
жұмыстар жүргізіледі. Сыни жұмыстар жүргізіліп болғаннан кейін, жеке қор 
құжаттары мемлекеттік сақтауға қабылданып, оларды қорларға жіктеу процесі 
басталады. Жеке қорларды шартты түрде тӛмендегі топтар бойынша жіктеуге 
болады: 
1-кесте. 
2.2.1-кесте. Жеке тектік қорлар жіктемесі [31]. 
Жеке қорлармен жұмысты жүргізу архивтің Жинақтау және құжаттама 
басқармасының мойнында. Басқарма сарапшылары жеке қордағы істердің 
ғылыми-техникалық ӛңдеуін жасайды.
Жалпы, 
ғылыми-техникалық ӛңдеу –
аяқталған істерді алдымен ұйымның архивіне тапсырғанға дейін, одан кейін 
мемлекеттік сақтауға немесе Қазақстан Республикасының архив ісі бойынша 
нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жойылғанға дейін тәртіпке келтіру 
жӛніндегі жұмыстардың жиынтығы. Ғылыми-техникалық ӛңдеу дегеніміз есеп-
тер жүргізуді және белгілі бір құжаттардың жоқтығын анықтауды қамтамасыз 
етеді, сонымен қатар архив қорындағы аса қажетті құжаттарды жылдам іздеуге 
мүмкіндік береді.
Жеке қорды құрайтын құжаттардың әрбір тобына, атап айтқанда қор құру-
шының қоғамдық және ғылыми қызметтерін, оның хат-хабарларын, сондай-ақ 
құрамына кірген басқа да адамдардың еңбектерін кӛрсететін ғылыми еңбектер 
мен материалдарға сараптама жүргізудегі жұмыстың ӛзіндік қиындықтары мен 
ерекшеліктері бар. 
Жеке архив иелерімен жұмыс істеуге дайындық барысында жалпы сол 
мемлекеттік архив қызметкеріне: 
- қор құрушы туралы мәліметтерді, оның ӛмірбаяны мен кезеңдерін 
зерделеу; 
- жеке архивтің мемлекеттік архив бейініне тиесілігін белгілеу жайлы 
жұмысы (мемлекеттік архивта осы қор құрушының құжаттары бар ма); 
№ Жеке қор түрлері
1. Архив коллекциялары 

Біріктірілген архив қорлары (Отбасылық қорлар) 

Мемлекет, қоғам және саяси қайраткерлерінің жеке тектік қорлары 

Мәдениет және ӛнер қайраткерлерінің жеке қорлары

Ғалымдардың қорлары 

Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің жеке қорлары


30 
- осы қор құрушының құжаттары басқа да мемлекеттік қоймаларда сақтал-
ған ба; 
- жеке архив құжаттарының иесі кім екенін нақтылау; 
- осы қор құрушының нақты мекен-жайын, телефонын нақтылап жазады, 
егер архив иесі қор құрушының ӛзі болмаса, арнайы қор құрушыға қатысы бар 
туысының деректері жазылады. 
Келіссӛздер барысында мемлекеттік архив қызметкері жеке архив құжат-
тарының құрамымен және мазмұнымен танысуға тиіс, қор құрушыға немесе 
құжат иесіне тәртіпті түсіндіріп, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау 
және қор құрушының немесе құжат иесінің шарттарын нақтылау оларды 
мемлекеттік сақтауға беруге ниетті екеніне кӛз жеткізу қажет. 
Жеке текті құжаттарды қабылдау кезінде құжаттар мемлекеттік архивке 
тәртіпсіз келіп түседі және де құжаттардың иесіне қолхат беріледі, онда құжат-
тардың кімнен және қандай кӛлемде алынғаны тіркеледі. 
Жеке текті құжаттарды бастапқы бӛлшектеу процесінде оларды жүйелеу 
жүргізіледі. Құжаттар бӛлімдерінің ішінде олардың жіктелу белгілері бойынша 
номиналды, тақырыптық және басқа да топтарға біріктіріледі. 
Бастапқы бӛлшектеу кезінде анық ұсынылмайтын құжаттар ғылыми 
құндылығы, таза сауалнамалар, дублет даналары архив иесіне қайтарылады. 
Қор құрушының ӛзінің ӛмірбаянына қатысты материалдардың ӛздері аз 
мӛлшерде (20-30-ға дейін) бір топқа біріктірілуі мүмкін ал олардың кӛп 
мӛлшерін бірнеше топқа бӛлуге болады. 
Кӛркем шығармалардың қолжазбалары ӛз ішінде жүйеленеді оларда 
топтар жанр бойынша, ал топ ішінде әр шығарма жеке мұқабаға салынған 
болады. Кӛлемі бойынша үлкен қолжазба және оның нұсқалары жеке топтарды 
құрайды. 
Қор құрушының хаттары мен жеделхаттары корреспонденттің немесе 
адресаттың маңыздылығына байланысты топтарға біріктіріледі. 
Тапсыру тізімдемесі қорытынды жазбамен аяқталады, онда сандармен 
және де жазумен құжаттардың сандары қойылады, оларды қабылдаған қызмет-
керлердің лауазымы мен тегі және күні кӛрсетіліп, арнайы тізімдеме 
жасалынады. Құндылық сараптамасынан және ғылыми-техникалық ӛңдеуден 
кейін қор құрушының құжаттары тұрақты істердің тізімдемесін құрайды. 
Мемлекеттік архивтерде сақталатын жалпы жеке текті құжаттарда, 
авторлық құқық нормалары мен шарттарын сақтай отырып қолданылады. Жеке 
текті құжаттарды зерттеушілерге оларды архивқа берген адамның рұқсатымен 
ғана беріледі. 
Жеке текті құжаттарды арнайы анықтау және жинау жұмыстары бір 
мемлекеттік архивтерді жинақтау жӛніндегі жұмыстың маңызды тараптары. 
Республиканың дамуына белгілі бір үлес қосқан адамдардың құнды материал-
дарының тарих үшін сақталуы оның дұрыс ұйымдастырылуына байланысты 
болатындығын естен шығармағанымыз жӛн. 
Қазіргі таңдағы ҚР Президенті Архивіндегі мемлекеттік сақтаудағы жеке 
қор саны – 85, оның ішінде 3 отбасылық және 1 архивтік коллекция бар. Сақтау 


31 
бірліктері бойынша 126мыңнан аса құжат бар, оның 92852-сі қағаз жүзінде, ал 
20612-сі фотосурет, шамамен 50-і аудио және видео-құжаттар [31,30б]. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне мемлекеттік сақтауға 
берілген жеке тектік қорларға толығымен шолу жасауға арнайы әзірленген 
«Жеке тектік архив қорлары жӛніндегі анықтамалық» [31] мүмкіндік береді. 
Оның ішінде әр қорға қысқаша сипаттама, қор құрушы туралы мәліметтер, 
қордағы құжаттардың мазмұны мен құрамы берілген. Қорлардағы ӛмірбаяндық, 
қызметтік сипаттарындағы мәліметтер, қорларды құрушының шығармашылық, 
қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің 
фотосуреттері еліміздің ХХ – ХХI ғасыр тарихының түрлі қырларын аша 
түседі. 
Жоғарыда аталып ӛткен анықтамалықта ҚР Президенті Архивіндегі 85 
қордың алфавиттік тәртіппен жүйеленген тізімі, және қордағы құжаттардың 
сипаттамасы бар. Ол сипаттама қордың атауынан, анықтамалық деректерден, 
қор құрушы туралы қысқаша тарихи жазбадан, құжаттарға арналған қысқаша 
аннотациялардан тұрады. Жеке қор атауына қор құру-шының аты-жӛні жазыла-
ды. Ал отбасылық қорлардың атауларында отбасы мүшелерінің аты-жӛні мен 
инициалдары кӛрсетіледі. 
Қорға сипаттамалар, қорда жиналған құжаттардың қандай тілдерде 
жазылғандығына байланысты беріледі. Қор жайлы анықтамалық деректерде 
қордың номері, кӛлемі, істердің бар-жоғы, қабылданған құжаттардың соңғы 
мерзімдері жазылған. Жеке тектік қорлардың құжаттары оқу залына қор иесінің 
олардан бӛлек олардың мұрагерлерінің жазбаша рұқсатымен беріледі. 
Жеке тектік қор құжаттарының түрлері ӛте кӛп. Оларға қор құраушының 
ӛмірбаянына, шығармашылығына, атқарған қызметіне, қор құраушыны қызық-
тырған тақырыптары бойынша жиналған құжаттар, қор құраушы жайлы ӛзге 
тұлғалардың құжаттары, марапттар, хаттар, арнайы шақырту қағаздары, қор 
құраушының күнделіктері, қолжазбалары, естеліктері және мемуарлары т.б. 
кіреді. 
ҚР Президенті Архивінен қажетті әртүрлі мемуарлық құжаттарды табуға 
болады, соның ішінде: 
- Саяси және қоғам қайраткерлерінің ӛмірбаяндары – ӛмірбаян, еңбек 
жолы, жетістіктері, кӛзқарастары мен сенімдері туралы мәліметтерді де қамти-
тын тарих қаһармандарының ӛздері жазған мәтіндік құжаттар; 
- Күнделіктер мен қойын дәптерлер – белгілі бір уақыт аралығындағы 
оқиғаларды, басынан ӛткен сезімдерді, автордың ойларын, кӛзқарастарын, 
жоспарларын қамтитын құжаттар; 
- Сұхбат және әңгімелесу жазбалары - бұл әртүрлі оқиғалар мен адамдар 
туралы жеке оқиғалар мен естеліктерді айтатын аудио немесе бейне жазбалар; 
- Мемуарлар мен естеліктер – автордың ӛмірі мен шығармашылығы туралы 
әңгімелейтін, маңызды оқиғаларды суреттейтін, ӛткеннің қызықты оқиғалары 
туралы әдеби шығармалар. 
ҚР Президентінің Архивіндегі мемуарлық құжаттармен жұмыс істеу 
тәжірибесі мұндай құжаттардың зерттеушілер, тарихшылар, журналисттер үшін 


32 
ӛте құнды болатынын кӛрсетті. Олар әйгілі адамдардың кӛзқарастары мен 
сенімдері қандай болғанын, олардың тағдыры мен мансап жолын түсінуге 
мүмкіндік береді. Олар сондай-ақ білімді кеңейтіп, нақты оқиғалар мен тұлға-
лар туралы ақпарат кӛзі ретінде қызмет ете алады. Бір ғана мемуарлық құжат 
осыншама дерек кӛзі ретінде жұмыс жасай алады. Бұл оның ерекшелігінің тағы 
бір қыры десек қателеспесіміз анық. 
Дегенмен, архивтердегі кез-келген құжат сияқты мемуарлық құжаттар да 
сыни тұрғыдан талданып, қандай жағдайда жасалғанын ескеруді қажет етеді. 
Кӛптеген мемуарларда асыра сілтеу, ӛтірік, бұрмалау болуы мүмкін, сондықтан 
оларды тек ӛткеннің шынайы кӛрінісі деп қарауға болмайды. Сондықтан да 
оларды қолданбас бұрын зерттеушілер кӛптеген сыни талдау жұмыстарын 
жүргізеді. Бір ғана дереккӛзге сүйеніп қоймай, басқа да құжаттармен де салыс-
тыру арқылы шындық ізделінеді. Мемуарлық құжат кӛп сыннан ӛтіп барып 
қана, дерек ретінде қызмет атқара алады. Бұл айтылғандар тек мемуарлық 
құжаттарға ғана қатысты емес, кез-келген зерттеулерде қолданылатын құжат-
тарға сыни талдаулар жүргізіледі. Себебі, ол зерттеулердің нәтижесі ғылыми 
жаңалық ретінде жарияланып, кӛпшілікке ұсынылуы мүмкін, ондай жағдайда 
кӛпшілікке ұсынылатын ақпараттардың дәл болуы және де онда тек шындық-
тың кӛрініс табуын қажет етеді. 
ҚР Президенті Архивіндегі жеке тектік қорлардағы мемуарлық құжат-
тардың түрлері және олармен жұмыс жүргізу тәжірбиесіне тоқталатын болсақ. 
Бұл тарауда біз мемуарлық құжаттардың қандай тұлғалардың қорларында 
кездесетіндігін, істерде құжаттарды қалыптастыру барысында олардың арнайы 
қандай тарауға, қандай атаумен қалыптастырылатынын қарастырамыз. Мысал 
ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Архивіндегі бірнеше тұлғалардың 
жеке қорларын алуды жӛн кӛрдік. 
Ӛзденбаев Хасен Уахитұлының жеке қорындағы бар құжаттарды қарас-
тырсақ. Ӛзденбаев Хасен Уахитұлы – белгілі журналист, аудармашы, жазушы, 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет 
қызметкері. Құжаттары №223 қорда сақтауға алынған. 
Х.У. Ӛзденбаевтың құжаттарының қабылдануы екі кезеңнен тұрады. 
Алғаш рет 1990-жылдардың басында Қазақстан Коммунистік партиясы Орта-
лық комитеті жанындағы Партия тарихы институтының Партия архиві секторы-
ның басшысы Н.Р. Жағыпаровқа Х.У. Ӛзденбаев ӛзінің «Ӛткен ӛмір елестері» 
тақырыбымен жазылған естелік әңгімесін (№18-іс) әкеліп тапсырған. Аталған 
құжат архивке сақтауға «Записки репрессивного писателя на каз.яз.» деген 
атаумен қабылданып, 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті 
Архивінің Құжаттарды ғылыми жариялау бӛлімінің ұйымдастыруымен «Хасен 
Ӛзденбаев: Азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» тақырыбымен 
9,6 есепті баспа табағымен жарыққа шыққан. 
Қазақстан Республикасы Президенті Архивіне Х.У. Ӛзденбаевтың құжат-
тары (268 құжат, оның ішінде 72 фотосурет) жұбайы С. Самигуллинаның 
тапсыруымен арнайы түрде 2006 жылғы 31 наурызда жасалған келісімшарт 
негізінде мемлекеттік сақтауға қабылданды. 


33 
Жеке архив құжаттарының құндылығы арнайы сараптамадан ӛткізілген 
соң, ғылыми ұйымдастыру нәтижесінде 1920-2006 жылдардың аралығындағы 
57 істен тұратын тұрақты сақталатын істер тізімдемесі құрастырылды [32]. 
Құжаттар құрамы ескеріле отырып қордағы істер атауы тӛмендегідей 
жіктеледі: 
- Х.У. Ӛзденбаевтың ӛмірбаянына қатысты құжаттар; 
- Қызметтік және қоғамдық жұмыстарының құжаттары;
- Х.У. Ӛзденбаевқа мемлекеттік мекемелер, мерейтойлық комиссия-лар; 
және қоғамдық ұйымдар тарапынан берілген шақырулар; 
- Х.У. Ӛзденбаевтың мақалалары, рецензиялары; 
- Х.У. Ӛзденбаевтың аудармалары; 
- Х.У. Ӛзденбаев туралы құжаттар; 
- Х.У. Ӛзденбаевтың ӛзін қызықтырған мәселелер бойынша жинаған 
құжаттары; 
- Х.У. Ӛзденбаевтың суреттері. 
№1 істер тізімдемесінің бірінші тарауына Х.У. Ӛзденбаевтың ӛмір-
баянына қатысты құжаттар енгізілді. Олардың құрамында «Большевиктік жол», 
«Социалды Қазақстан» газеттерінің редакцияларындағы жұмысын айғақтайтын 
қызметтік куәліктері, КСРО Жазушылар одағының мүшелік билеті, ҚазКСР 
Жоғарғы Кеңесінің Тӛралқасының қоғамдық кеңесшісінің куәлігі және т.б. бар. 
«Х.У. Ӛзденбаевтың мақалалары, рецензиялары» тақырыбындағы екінші 
тараудың екінші тармақшасына «Атаман Дутов қалай ӛлтірілді», «Сегіз 
қырлы», «Ұстаз», «Аяулы азамат» атты М.Қожамияров пен оның жолдастары-
ның А. Дутовты ӛлтіру операциясына қатысқандығы, және О.Қ. Жандосовтың, 
Е. Алдоңғаровтың ӛмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, С. Қожамқұловпен 
танысу тарихы туралы естелік, мерейтойлық, сыни библиографиялық мақала-
лары енгізілді. Х.У. Ӛзденбаевтың Троицк, Орынбор қалаларындағы ӛзі білім 
алған оқу орындары, С.Қожамқұлов, С. Садуақасов, А. Байтұрсынов, және де 
М. Тӛлепов т. б. қазақ зиялыларымен кездесуі, саяси қуғын-сүргіндердің 
жүргізілуі туралы жазған ӛмірбаяндық естелігі «Ӛткен ӛмір елестері» деген 
тақырыбымен берілген. 
Істерді қалыптастыру тақырыптық және де атаулы белгілері негізінде жүр-
гізіліп, тараулардағы істер оқиға болған уақыт хронологиясы бойынша жүйе-
ленген. 
Істердің тақырыптары олардың құрамы мен мазмұнын толықтай түрде 
айқындайды, құжаттардың түпнұсқа немесе кӛшірме екендігі, дайындалу тілі 
кӛрсетілген. Істердегі құжаттардың дайындалу уақыты белгісіз болған 
жағдайында жанама деректер арқылы анықталып, сұрау белгісі қойыла отырып, 
тӛртбұрыш жақшаларда берілген. 
Тізімдеменің ғылыми-анықтамалық аппараты титулды парақтан және 
мазмұнынан, алғысӛзден, қысқарған сӛздер тізімінен, құжаттарда арнайы 
кӛрсетілген тұлғаның лауазымдық және қоғамдық мәртебесін белгілеу 
мақсатындағы қысқаша түсініктер жасалған атаулы кӛрсеткіштен тұрады. 


34 
Атаулы кӛрсеткішке істердің тақырыптарында кездесетін тұлғалардың аты-
жӛндері дұрысталып енгізілген. 
2-кесте. 
2.1.2-кесте. Х.У.Ӛзденбаев №223 қор №1 істер тізімдемесінің мазмұны [32] 
Тараулар мен 
тараушалардың 
тақырыптары
Сақтау бірліктерінің № 
Парақ № 
Алғысӛз 
3-8 
Қысқарған сӛздер 
тізімі 

1. Х.У. Ӛзденбаевтың 
ӛмірбаянына қатысты 
құжаттар 
1-5 
10,11 
2. Қызметтік және 
қоғамдық 
жұмыстарының 
құжаттары
6-35 
11-18 
2.1. Х.У. Ӛзденбаевқа 
мемлекеттік 
мекемелер, 
мерейтойлық 
комиссиялар және 
қоғамдық ұйымдар 
тарапынан берілген 
шақырулар 
6-16 
11-14 
2.2. Х.У. 
Ӛзденбаевтың 
мақалалары, 
рецензиялары 
17-20 
14,15 
2.3. Х.У.Ӛзденбаевтың 
аудармалары 
21-35 
15-18 
3. Х.У.Ӛзденбаев 
туралы құжаттар 
36-40 
18-20 
4. Х.У.Ӛзденбаевтың 
ӛзін қызықтырған 
мәселелер бойынша 
жинаған құжаттары
41-44 
20 
5. Х.У.Ӛзденбаевтың 
суреттері 
45-57 
20-22 


35 
Жоғарыда кӛрсетілген істер тізімдемесінің берілген арнайы мазмұнын 
қарастыра отырып. Біз ӛзімізге қажетті мемуарлық құжаттардың қай тарауға 
бӛлінгендігін анықтап алдық. Олар тізімдеменің екінші және де үшінші 
тарауларында орналастырылған. Екінші тарау «Қызметтік және қоғамдық 
жұмыстарының құжаттары» атты тақырыпта құрастырылған. Сол тараудың 
екінші тараушасында арнайы «Х.У. Ӛзденбаевтың мақалалары, рецензиялары» 
орналастырылған. Олардың қатарында 18-іске «Ӛткен ӛмір елестері», Х.У. 
Ӛзденбаевтың Троицк, Орынбор қалаларындағы ӛзі білім алған оқу орындары 
және С. Қожамқұлов, С. Садуақасов, А. Байтұрсынов, М. Тӛлепов секілді қазақ 
зиялыларымен кездесуі, саяси қуғын-сүргіндердің жүргізілуі туралы жазған 
ӛмірбаяндық естелігі. Жалпы 137 беттен тұратын машинажазба, авторлық 
машинажазба түрінде қалыптастырылған. 
Үшінші тарауда «Х.У. Ӛзденбаев туралы құжаттар» орналастырылған. 
Соның ішінде 39-істе арнайы түрде «Қадірменді ақсақалымыз еді», «Хасен аға 
Амангелді мен Әліби елінде». Ж.Ысмағұлов пен С.Әсіповтың Х.У. Ӛзденбаев 
туралы естелік әңгімелері бар. Жалпы құжаттардың уақыты 8 сәуір, 18маусым 
2006 жыл деген мерзімде, 27 беттен тұратын қолжазба, машинажазба түрінде 
қалыптастырылған. 
Тізімдемеде 1920–2006 жж. №1-ден №57 аралығындағы істер, оның ішінде 
72 суреттен тұратын 13 іс қамтылған. 
Келесі кезекте Сейтқасым Боранқұловтың жеке қорының арнайы істер 
тізімдемесін қарастырдық. Сейтқасым Боранқұловтың жеке құжаттары ҚР 
Президентінің Архивіне оның ӛтініші негізінде 1999 жылы мамырда № 68 
қорда қалыптастырылды. С. Боранқұловтың жеке архивінің құжаттарын 
ғылыми жүйелеу барысында олардың құндылығына сараптама жүргізіліп, 
қайталама құжаттар іріктеліп, 1949-1999 жылдарға арналған жалпы кӛлемі 64 
істен тұратын №1 тізімдеме жасалды [33]. 
3-кесте. 
2.1.3-кесте. С. Боранқұлов №68 қорының № 1 істер тізімдемесі [33]. 
№ Істер тізімі 

С. Боранқұловтың ӛмірбаянына арналған құжаттар 

С. Боранқұловтың шығармашылық құжаттары 

Лекциялар, әдістемелік әзірлемелер 

Жарияланған және баспаға дайындалған мақалалар 

Естеліктер, баяндамалар 

С. Боранқұловтың жұмысы үшін және оны қызықтыратын мәселелер 
бойынша жинаған құжаттары 

Қостанай және Торғай облыстарының дамуы туралы материалдар 

Қазақ халқының тарихы және Ұлы Отан соғысы туралы мақалалар 

Фотосуреттер 
Бірінші тарауында С. Боранқұловтың ӛмірбаяндық құжаттары.Оларға 
еңбек және бұйрық кітапшаларының кӛшірмелері, арнайы мінездемелері 


36 
енгізілген. Және де мазмұны жағынан С. Боранқұловтың ӛмірбаяндық 
құжаттары қызықтырады, онда ӛмір жасын суреттеумен қатар оның ата-ана, 
туған-туыстар, бауырларының 30-шы жылдарындағы ашаршылық жайлы 
естеліктері берілген. 
Екінші тараудың үшінші тараушасында – С. Боранқұловтың естеліктері 
мен баяндамаларының қолжазбалары арнайы құжат түрлерінде қалыптас-
тырылған. Және де С. Боранқұлов ауылында тікелей қатысушы болған Ұлы 
Отан соғысы, Курск бұлғасында және басқа да майдандардағы ұрыс 
қимылдарынан, оларға қатысушылар туралы, партизандық құрамалар туралы, 
астыртын партизандардың ерлігі жайлы естеліктері бар. Бұл тарауда «Ӛмір 
ӛткелдері» кітабы бар екендігін естен шығармауымыз қажет. Бұл құжаттың 
кейбір сәттері С. Боранқұловтың ӛмірбаянымен үндесіп, оның ата-анасының, 
аға-әпкелерінің ӛмірі, балалық шағы (жетімдер үйінде ӛткен), жастық шағы, 
соғыс жылдары, соғыстың бірінші күнінен соңғы күніне дейінгі, ұстаздық іс-
шаралар және т.б сипатталған. Бұл естеліктер бір кездері «тарихтың 
ақтаңдақтары» болған оқиғаларға байланысты әлі де қызықты. 
С. Боранқұловтың ӛзінің жеке тектік қорындағы екінші тарауында 
«С.Боранқұловтың шығармашылық құжаттары» деген атаумен арнайы 
сипатпен қалыптастырылған құжаттары бар. Үшінші тараушасында болса 
«Естеліктер, баяндамалар» деген тақырыпта, 1997 жылғы 203 беттен тұратын С. 
Боранқұлов «Ӛмір ӛткелдері» ӛмірі және де шығармашылығы туралы 
ӛмірбаяндық баяндау қолжазба түрінде, 1999 жылғы 2 беттен тұратын «Ӛзге 
емес, ӛзім айтам ӛз жайымда» Ұлы Отан соғысы туралы естеліктері газет 
қиындылары түрінде жиналған. 
Келесі қор құрушы, Ысмағұлов Жұмағали – ҚР Әлеуметтік ғылымдар 
академиясының академигі, Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас 
редакторы (1961-1965), Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» 
газетінің редакциясында әдеби қызметкер (1965-1969), Қазақстан КП ОК 
жанындағы Партия тарихы институтында марксизм-ленинизм классиктерінің 
шығармаларын аудару секторының меңгерушісі (1969-1973), және де 
Мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, сонымен 
қоса директоры (1973-1978), филология ғылымдарының докторы қызметтерін 
атқарған. 
Оның құжаттары ҚР Президентінің Архивіне арнайы 2013 жылы №179 
қорға қалыптастырылды. Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізіліп, 
оларды іріктеп 1950-2013 жылдарға арналған, кӛлемі 142 істен тұратын №1 
істер тізімдемесі жасалынды [34]. 
Қалыптасқан істер келесідей жүйеленген:
- Ж.Ы. Ысмағұловтың ӛмірбаянына арналған құжаттар; 
- Ж.Ы. Ысмағұлов туралы құжаттар; 
- Ж.Ы. Ысмағұловтың мемлекеттік, қоғамдық және ғылыми қызметіне 
қатысты құжаттар; 
- Ж.Ы. Ысмағұловқа ресми ұйымдар мен мекемелердің басшыларының 
ғылыми жиындарға, конференцияларға шақыру хаттары, баяндамалары; 


37 
- Ж.Ы. Ысмағұловтың ӛзін қызықтырған мәселелер бойынша жинаған 
құжаттары. 
Екінші «Ж.Ы. Ысмағұлов туралы құжаттар» атты тарауда 2012 жыл 
«Перзенті еді халқының» Ж.Ы. Ысмағұлов туралы естеліктер жинағының 
шимайжазба кӛшірмелері 5-іске қалыптастырылған. 
Қорытындылай келе, жоғарыдағы ҚР ПА жеке қорларын арнайы мысалға 
келтіре отырып, архивтің мемуарлық құжаттармен жұмыс жүргізу тәжірбиесін, 
мемуарлық құжаттардың қандай тұлғалардың қорында бар екендігін және де 
жеке қорларда қандай тарауларда, қандай тақырыптарда орналастырылатынын 
білдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет