Теориялар жинағы 7-сынып Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер – Табиғат құбылыстары



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата07.06.2023
өлшемі485,99 Kb.
#99339
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7-сынып теориялар жинағы(162) JUZ40 ONLINE

траекториясы 
32. Қозғалыс траекториясының ұзындығы – Жүрілген жол  
33. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын 
бағытталған кесінді – Орын ауыстыру векторы 
34. Галилейдің 
салыстырмалық принципі – бір-біріне қатысты 
түзусызықты бірқалыпты қозғалатын барлық санақ жүйелерінде 
кез келген дененің қозғалысы бірдей өтеді
35. Бір-біріне қатысты бірқалыпты түзусызықты қозғалатын барлық санақ 
жүйелері – инерциялық санақ жүйелері  
36. Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол 
жүретін қозғалыс – бірқалыпты қозғалыс 
37. Дене кез келген тең уақыт аралығында әртүрлі жол жүріп өтетін 
қозғалыс – бірқалыпсыз қозғалыс 
38. Бір өлшем уақытта жүрілген жол – жылдамдық
39. Бірқалыпты түзусызықты қозғалатын дененің координатасы уақыттың 
сызықтық функциясы болып табылады 
40. Жылдамдық векторы – берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыру 
векторының сол уақыт аралығына қатынасы 


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
41.  Кез келген дене егер оған басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың 
әрекеттері бірін-бірі теңгеріп тұрса, онда дене тыныштығын сақтайды 
немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалады.  
42. Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол Жер бетіне қатысты 
тыныштық күйінде тұра береді немесе түзусызықты бірқалыпты 
қозғалысын сақтайды.  
43.  Денеге басқа денелер әрекет етпеген кезде қалыптасқан жылдамдығын 
сақтау құбылысы – Инерция
44.  Дененің қалыптасқан қалпын (тыныштығын немесе түзусызықты 
қозғалысын) өзгертуге қарсылық жасай алатын қасиеті – Инерттілік
45. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама – Масса  
46. Екі дененің массаларының қатынасы олардың өзара әрекеттесуі 
кезінде алған жылдамдықтарының модульдерінің қатынасына кері 
пропорционал болады.  
47. Заттың тығыздығы деп сол заттың бір өлшем көлеміндегі массасын 
айтады 
48. Күш – дененің немесе оның бөліктерінің жылдамдығын өзгертетін 
себеп  
49. Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама
50.  Түсірілген күш дененің тыныштық күйін немесе бірқалыпты 
қозғалысын өзгертуге жасаған әрекет  
51.  Бағытталған кесіндінің бастау нүктесі күштің түсірілу нүктесі болып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет