6
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың,
облыстық
маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына
берілетін олардың бөлінетін жер учаскесін бөлу туралы өтініштері негізінде
жүргізіледі. Ескерту. 12- тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика
министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
6. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асыру нәтижесінде не
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер
бойынша жер учаскесіне құқықтар ауысқан жағдайда
сәйкестендіру құжаты
оны алушыға немесе басқа құқық иесіне беріледі. Жер учаскесінің
сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда, Мемлекеттік
корпорация жаңа сәйкестендіру құжатын (жер-кадастр жоспары) бермейді, ал
жаңа құқық иеленуші туралы жазба жер-кадастр кітабына және жерлердің
бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. Жер учаскесінің есептік
деректеріне жер учаскесіне меншік құқығының немесе жер пайдалану
құқығының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу оларға жылжымайтын мүлік
құқықтарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган ұсынатын
материалдардың негізінде жүргізіледі.
7. Жеке немесе мемлекеттік емес
заңды тұлға бұрын өзіне жер
пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алған жағдайда
жаңа жер-кадастр ісі жүргізілмейді.
8. Азаматтардың және заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе
пайдалануындағы жерден мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жер учаскесін
қалыптастыру кезінде оған жүргізілген жер-кадастр ісіне жаңа учаскені құру
үшін негіз болып табылатын жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін
алып қою туралы атқарушы органның шешімі не соттың шешімі, сондай-ақ
жоспар (шекара сызбасы) және басқа құжаттар кіргізіледі.
9. Мемлекеттік мұқтаждықтар үшін жасалатын
жер учаскесінің бір
бөлігін алып қою жағдайында жаңа жер-кадастр ісі жүргізілмейді. Жер
учаскесін қайта ұйымдастыру процесімен бірге жүретін барлық құжаттар осы
учаскеге бұрын жүргізілген жер-кадастр ісіне кіргізіледі.
10. Бірнеше жер учаскелері бірге қосылған кезде жаңа кадастр ісі
ашылады, оған осы учаскелерге бұрын жүргізілген кадастр істері
жинақталады. Біріктіру нәтижесінде құрылған жер учаскесіне жаңа
сәйкестендіру құжаты дайындалады.
11. Азаматтар мен заңды тұлғалардан мәжбүрлеп алып қоюға не
тәркілеуге жататын жер учаскесінің жер-кадастр ісіне сот-атқарушылық іс
жүргізу құжаттары кіргізіледі.
12. Жер-кадастр кітабы
жер учаскелері есепке алынатын, жердің
кеңістік, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы дұрыс мәліметтер
қамтылатын құжат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: