ЖАНҰЯ
- 11 -
мәнді ететін де осы емес пе, бөлісу... Ащыны да, тұщыны да,
жоқтықты да, молдықты да... Алайда бұл дәрежеге жету үшін
мол сабыр және ерен еңбек керек. Еңбексіз ешбір мәселе
өнбейді.
Ананың бала-шағасына жасаған
дұға-тілектері баланы
қорғаштап жүреді. Баланың ата-анасын разы етуі, қуантуы
оған Жаратқанның құт-береке есіктерін ашады. Үлкендерді
ренжіту жұмыстардың жүрмеуіне, келеңсіздіктерге себеп
болады. Біз мұсылман халықтары
ретінде мұны жақсы
білеміз. Осы негіздерді ұстанып, осы негіздерді сезініп өстік.
Соңғы кездері қоғам ретінде рухани құндылықтарымыздан
алыстап жатқандығымыз байқалуда. Есірткі тәуелділігі,
маскүнемдік, құмар ойындары, зорлық-зомбылық,
әйелді
жәбірлеу секілді озбырлықтар белең алуда. Бұрындары бұл
індет Еуропа елдерінде көп деп білуші едік. Қазір осы қауіп
бізге де төніп тұр. Бүгін Еуропа елдері күшті экономикалық
жағдайына қарамастан қоғамының егде жастағылары көбейіп,
жастарының үйленгісі, отбасы құрғысы келмейтіні, дүниеге
бала әкелуді қаламайтыны жиі аталып келеді. Мұның себебі
рухани құндылықтардан жұрдай, өзін жоғалтқан адамдар
қатарының артуында. Көбі рухани күйзеліс ішінде, өзіне
қол жұмсаудың қарсаңында, арақ немесе есірткі тәуелділігі
ішінде...
Біз де солар секілді болуымыз керек пе?! Бәріміз оянуымыз
қажет. Бүгін отбасы құндылықтарымыз үлкен қауіпте.
Жаһанданып жатқан дүниеде қоғам ретінде «заманауи» деген
ұранмен ұсынылып жатқан
әдепке жат қасиеттерді сіңіріп,
ақырын ақырын түп тамырымыздағы құндылықтарымызды
жоғалтып келеміз. Бұған жол бермейік! Маскүнемдік, есірткі,
ұрлық, зорлық-зомбылық секілді барлық жамандықтардың
түбі негізінде отбасылық құндылықтардың бұзылуынан
бастау алады. Бұл ақау дұрысталмайынша қаншама
шырылдасақ та, қаншама ұрандатсақ та нәтиже өзгере қой-
ЖАНҰЯ
- 12 -
майды. Ұмытпайық отбасы күшті болса, адам да,
қоғам
да күшті болады. Отбасылық құндылықтарымызға бекем
болмасақ, келеңсіздіктер шешілмейді. Шешім отбасылық
құндылықтарымызды сақтап қалу.
Достарыңызбен бөлісу: