ЖАНҰЯ
- 22 -
де бұл жағдайға ренжігеніңді білдіру керек.
5) Көп сөйлегендері үшін оларға ренжімеу.
Ренжісе де
ренішін оларға білдірмеу.
6) Сөгістеріне, ұрсуларына, жазғыруларына ашуланбау.
Ешнәрсе
болмағандай, сөздерін естімегендей жүру.
7) Олардан разы болу. Олардың разылығын алуға тырысу.
Хадис шәрифте былай делінген:
«Аллаһу та’аланың
разылығы ата-ананың разылығында.» (Р. Насихин)
8) Оларды ренжітуден қатты қорқу. Исра сүресінің 23-ші
аяти кәримасында ата-анаға жақсы мәміледе болу,
оларға
жылы және жұмсақ сөйлеу керектігі әмір етілген. Ғафылдыққа
салынып ата-ананыңды ренжітсең, дереу разылығын ал!
Жалын, жалбарын, қалай да болса
олардың көңілін табуға
тырыс!
9) Назданбау керек. Қайта олардың назын көтеру керек.
Өйткені кішкентай кезімізден біздің еркеліктерімізді,
назымызды көтеріп келді. Ендігі
олардың еркелейтін кезі
келді.
10) Олардан жәбір көрсе де, қиындық көрсе де, «осылар
өлсе екен, бұлардан ертерек құтылсақ екен» деп ойламау
керек, ұзақ өмір сүрулерін тілеу керек. Олар бізден көптеген
қиындықтар, машақаттар шексе де, біздің өмір сүруімізді
қалады. Өздері аш қалған күнде де, бізді тойғызды.
Достарыңызбен бөлісу: