ЖАНҰЯ
- 215 -
сауабының мөлшеріндей әкесіне де беріледі. Ал кімде
кім баласына дінді үйретпей, күнә болған нәрселерді
үйрететін болса, бұл перзент қаншалықты күнә істесе,
әкесіне де соншалықты күнә жазылады.» (С.Әбәдийа)
«Баланы жастан» және «Бала тәрбиесі бесіктен» деген
сияқты аталарымыздың даналық сөздері белгілі. Әр нәрсе
өз уақытында жасалады. Бір хадис шәрифте былай делінеді:
«Бала кезде үйренілген нәрсе, тас үстіне қашалған жазба
сияқты қалады. Ал қартайған кездегі үйрену болса, судың
үстіне жазылған жазуға ұқсайды.» (Хатиб)
Олай болса, ең алдымен бала-шағамызға дініміздің әмір
мен тыйымдарын және Құран кәрімді үйретуіміз керек.
Кейінге қалдыруға болмайды.
«Хәләкәл мусәууифун»
деген хадис шәриф бар. Мағынасы:
«Қайырлы істеріңді
Достарыңызбен бөлісу: