ЖАНҰЯ
- 227 -
құралдарының басым бөлігі зорлық-зомбылық және
жыныстық тақырыптарға көбірек бағытталған... Адами
қасиет, әдептілік, ұяттылық сезімдерді жоятын, әр түрлі
жамандықтарды тартымды етіп жариялап жатқаны үшін
көруі, оқылуы қауіпті болған көптеген ақпарат құралдары
бар.
Бүкіл ата-аналардың ортақ дерті балаларын жақсылап
жетілдіру. Бұл тақырыпта бір өздерінің талпыныстары
жеткілікті емес. Балаларды жаман достардың және жаман
бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан
да қорғау керек. Оларға дінін, отанын, байрағын жақсы
көргізетін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін,
құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін,
патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен
қамтамасыз ету керек.
Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада,
жақсы адамдармен көрші болу керек.
Барлық нәрсе терісімен, қарама-қайшылығымен қай-
тарылады. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Сол
себепті өзімізді қинап болса да жақсы амалдар істеуге
дағдыландыруымыз керек, бұларды әдетке айналдыруымыз
керек. Бала әрекеттері және мінезі жақсы адамдармен дос
болса, жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады.
Балалар осы негіздер бойынша жетілетін болса дүние және
ахирет бақытына қол жеткізіледі.
Қиямет күні ата-аналар баласына үйретуі керек болған
ілімдерден жауапты болады, міндетін атқармаған болса
немесе салғырттық еткен болса, жазасын көреді. Балаларын
исламның мінез-құлқымен жетілдірмегендер дүние және
ахирет пәлекеттеріне ұшырайды. Балаларын Ислам мінезімен
тәрбиелегендер қандай бақытты адамдар...
Достарыңызбен бөлісу: